Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың теориялық негіздері

1. 1. Шағын жинақталған мектептерде бастауыш сынып оқушыларына тәрбие мен білім беру мәселелері . . . 6

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық - психологиялық негіздері . . . 14

1. 3. Оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда жанұя тәрбиесінің педагогикалық мәні . . . 27

ІІ - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда шағын мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының әдіс - тәсілдері.

2. 1. Шағын мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының бүгінгі ерекшеліктері . . . 35

2. 2. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда шағын мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының мазмұны мен әдіс - тәсілдері . . . 44

Қорытынды . . . 54

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 56

Қосымша

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі . Білім беру проблемаларына байланысты шағын жинақталған мектептердің бастауыш сынып оқушыларын оқу жұмыстарын дұрыс жолға қою әр уақытта шешімін табуды керек ететін мәселе. Бүгінгі күннің талабы - білімді ұрпақ тәрбиелеу. Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі, ал шағын мектептер ерекше мән беретін білім ордалары. Шағын мектептерге көңіл бөлу, оларға жәрдем беру арқылы болашағымды бәсекелестікке лайықты тәрбиелеп, білім беріп дамытамыз, «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деп ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы орынды айтқанын қазір қазақ зиялылары ғана емес, бізбен отандас өзге ұлт өкілдері, солардың озық ойлы, білімді азаматтары да толық мақұлдайды. Халқымызда ұлы мұраты жастарға халықаралық деңгейде білім беру, ол мұратқа жетудің алғашқы баспалдағы мектеп, соның бәрі шағын мектепте өркен жаяды.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында шағын комплектілі мектеп оқушыларының саны аз, біріктірілген сынып - комплектісі бар, оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін мектеп деп көрсетілген. Сапалы білім беру жүйесі еліміздің экономикасын тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі және мемлекеттің дамуының өзегі болып есептеледі. Сондықтан сапалы білім беру және бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның рөлі үлкен шағын мектептердің мұғалімдеріне қойылатын талаптар:

  • өздігінен білім көтерудің тиімді әдістерін таңдай білу;
  • шағын жинақталған мектеп жағдайына қарай бейімдеу, оқу үрдісін сапаландыру;
  • әртүрлі жастағы оқушылар ұжымын басқара білу;
  • оқушылардың бірін-бірі өзара білім алуды сапаландыру бағытын дамыту;
  • оқушылардың бір отбасы балалары сияқты болып, өзін-өзі басқара білуін ұйымдастыру;
  • оқушылар арасындағы бір-біріне деген сенімділігін және сыйластықтарын арттыру;
  • оқушылардың ата-аналарын қоғамдық-педагогикалық жұмыстарға қатыстыру;
  • бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның рөлін орынды пайдалану.

Шағын мектепте бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролі үлкен, сондықтан, ата-ана - мектеп - оқушы ынтымағын арттыру, бірліктегі еңбектердің басты мақсатқа жұмылдыру тақырыбы көкейтестілігін түсіну өзі сұранып тұрғандығы белгілі.

Зерттеу мақсаты : шағын мектепте бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролінің технологиясына талдама жасау.

Зерттеу міндеттері:

  • Оқу-тәрбие жұмыстарын бастауышта жетілдірудің мәнін және бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның қазіргі кезеңдегі ролін анықтау;
  • Педагогикалық шарттарын іздестіру, табу;
  • Технологиясына талдама жасау.

Зерттеу нысаны: Шағын мектептегі оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: шағын мектепте бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролі.

Зерттеу технологиясы :

  • педагогикалық бақылау;
  • мұғалімдермен әңгімелесу;
  • оқушылармен оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу;
  • жанұямен пікірлесу;
  • педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және қорытындылау;
  • педагогикалық эксперимент.

Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың теориялық негіздері.

1. 1. Шағын жинақталған мектептерде бастауыш сынып оқушыларына тәрбие және білім беру мәселелері.

Қазіргі заманғы мектеп көпнұсқалы және өзін-өзі басқару тәсілімен жұмыс жасауда. Білім беру жүйесінде ізгілендіру процесі жүруде, мұнда оқушы тұлғасын алдыңғы қатарға шығару, оның талаптарын қанағаттандыру, жеке қабілеті мен дарынын, тұлғалық сапалық қасиеттерін дамыту үрдісі болып саналады. Қазақстанда 1930 жылғы тамыз айының 7-жұлдызында жаппай міндетті бастауыш білім беру туралы заң қабылданды.

Институт құрылған кезде белгілі лингвист, әдіскер - ғалым Қ. Жұбанов бастауыш мектепке арналған тіл мен әдебиет пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарын (“Әліппе” оқулығы) және С. Жиенбаев, С. Кеңесбаев, Л. С. Воскресенская, З. Т. Позднуховтар басқа пәндерден оқулықтар жасады.

Бастауыш мектептегі тілді оқыту мәселесімен қазақ тілі мен әдебиет секторының қызметкерлері А. Садуақасов, С. Жиенбаев т. б. шұғылданады.

1993-2003 жылдары бастауыш білім бойынша жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары педагогика жүйесінде ғылыми және практикалық тұрғыдан дәйектелген, ал 1993-2003 жылдар егемен еліміздің жаңа білім мазмұны мен әдістемелік жүйесін жаңа сатыға көтерген тарихи маңызы зор кезең болып табылады. Бүгінде ауыл мектептерінде де реформа жүруде. Бұрынғыдай оқу үрдісін ұйымдастырудағы дидактикалық жаңалық енгізуде бір сарындылық байқалуда.

Оңтайланған педагогикалық жүйе мәнін көрсететін білім беру үрдісінің ұйымдастырылуы ынтымақтасу педагогикасы идеясын жүзеге асырады. Бұл ауылдық жердегі шағын комплектілі мектептегі басты қиындықтың бірі - мұғалім мен оқушы қарым-қатынасында кездесетін қиыншылықты жояды. Оқыту үрдісі тек психологиялық жағынан ғана емес, сыныптағы дәстүрлі сабақ жүйесін айрықшалап ұйымдастырылуы да өзгеріске ұшырады. Оқыту үрдісін өзгертуде ғылыми көзқарастарға ерекше мән беріледі. Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері пайдаланатын техналогиялар негізіне ақыл-ойдың дамуын сатылы қалыптастыру, проблемалық оқыту, дамыта оқыту сияқты психологиялық - дидактикалық теориялар т. б. жатады.

Шағын комплектілі мектеп жағдайын ескеріп, ғалымдар оқу үрдісіне айырмаланған оқыту, бейімдеп оқыту, ойын технологиялары, белсенді ізденіс оқыту технологияларын шығарып, оқыту үрдісіне енгізуде шағын комплектілі мектеп жағдайында қалыптасқан әлеуметтік ортаның ерекшелігі, демографиялық, материалдық-техникалық, мәдени т. б. айғақтар ерекшелігі бейімдеп оқыту жүйесін құру мәселесін қойды. Бейімделу ішкі - сыртқы орта жағдайына икемделу үрдісі болып табылады. Жеке адамның жаңа әлеуметтік орта жағдайына белсенді бейімделуін, топ пен оған кіретін жеке адам мақсаты мен құндылық бағдарының жақындасуын білдіреді.

Ауылда қалыптасқан озық дәстүрлердің тәрбиелік және білім беру мүмкіндігін пайдалану, оқушыны ауылдағы әлеуметтік - оқу ортасын өзгертуге қатысушы ретінде дамыту, оның жеке тұлғасының парасаттылығының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламасын жасаудағы жасампаз бейімдеу қимылдары - кәсібиліктің маңызды көрсеткіші. Мұғалім жергілікті жер мен өндірістің ерекшелігіне қарай, өз оқушыларының жеке ерекшеліктері мен мүдделеріне сай бағдарламаны түзетіп, икемдеп отырады. Оқыту мазмұнын өзгерте отырып, түрлі пәндер бойынша практикалық жұмыстар енгізе отырып, нақты жергілікті материалды, ауыл балаларының икемділігін шеберлікпен ұйымдастыра отырып, ол оқушыларды өз танымдық тәжірибесін пысықтауға итермелейді. Ауылдық жердегі шағын комплектілі мектептегі кең тараған сабақ тұрпатына біріккен, яғни жасы аралас балалардың тізе біріктіріп қызметтесуі, топтасып және ұйымдасып жұмыс жасаулары балаларды ортақ танымдық қимылға біріктіреді, олардың ой-өрісін кеңейтеді, мұғалімге тақырып өтудегі сабақтастыққа және пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ал, жалпы алғанда шағын комплектілі мектептердегі балалардың өзара қарым-қатынастарының шектеулігі мен олардың аздығы сабақ түрлерін байытуды, оқыту әдістерін түрлендіруді талап етеді.

Оқушы дамуына әсер ететін негізгі әдістер ішінара іздеу, оқу диалогы, проблемелық оқыту әдістері т. б. болып табылады.

Ішінара іздеу сабағында мұғалім баланың әр қадамын назарға алып, оның жас ерекшеліктерін ескеріп отырады. Ішінара іздеу эвристикалық әңгімеде жүзеге асады, мұғалім проблемалық сұрақ қояды, оқушы талқыланатын сұрақтарды ой елегінен енгізіп, жауап береді. Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері оқу диалогын өз тәжірибелерінде сәтті қолданады.

Диалог - оқу материалының мазмұнына негізделеді. Бірақ мұндай диалог сөздерін жоспарлау сабақ басталмастан бұрын өтеді де, ол оқушының тапсырманы игеру дәрежесіне немесе дайындығына бағытталуы керек. Себебі, жоспарланған диалог мәтіні мұғалімге белгілі болғанымен, оқушыларға белгісіз болады. Диалог сабақтарда оқушылар мұғаліммен тең дәрежеде әңгімелесе алады. Сондықтан оқу мазмұны ол үшін маңызды, ол өзіне керекті сұрақты өзі қояды, іштей өзімен - өзі диалог құрады.

Проблемалық оқыту әдісі де маңызды. Сабақты түсіндіру проблема қоюға алмастырылады. Мұғалім басты проблеманы қояды, оны шешуде балалар алдына жеке проблемалар қою арқылы қарама - қарсы шешу жолдарын көрсетеді, көзқарас күресін тәжірибе көмегімен дәлелдемелер арқылы көрсетеді.

Шағын комплектілі мектепте сондай-ақ ойын әдістері амалдары мен түрлері (рөлдік ойындар, іскерлік ойындар), қалыпты емес сабақтар (саяхат сабақ, аукцион сабақ, театр сабақ) өткізіледі. Ойын кезінде бала қимыл субъектісі. Демек, ол ойын нәтижесін көздейді. Бастауыш сынып оқушылары рөлдік ойындар ойнағанды ұнатады. Костюм мен модельдері бар рөлдік ойындар оқу үрдісін белсенді ететін маңызды дидактикалық құрал болып табылады.

Сонымен қатар, “Ертегі” әдістемелік амалын мұғалімдер бастауыш сыныпта кеңінен қолданады. Яғни ертегіден үзінділер, кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынастарды пайдалану балалардың тілдік қорын молайтуға, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Ал, ойын үлгілерін жаңа білімді меңгерту, білімін пысықтау, білігі мен дағдысын бақылау үшін қолдануға болады. Бастауыш сынып балаларының қиялы мен ойлауы ұшқыр болады. Қиын тақырыптарды олар ойын арқылы да игереді. Оқу мақсаты мұндай сабақтарда сәтті жүзеге асады.

Сөйтіп, шағын комплектілі ауыл мектебі үшін өзекті мәселені шешудің бір нұсқасы - оқушыларды олардың жеке таным қабілетіне және мүмкіндігіне сәйкес оқыту, ал бұл - айырмалап оқыту технологиясы жүйесіне жатады. Бұл бағдарламалар оқушы қабілетіне қарай бейімделген.

Біз оқыту үрдісін ауыл мектебі оқушысын бейімдеп оқыту жүйесі деп қараймыз, ол оқушының жеке тәжірибе мен танымдық күшін қамтамасыз етуге арналған.

Ауылдағы шағын комплектілі мектепте бала тұлғасының қалыптасуына ықпал ететін негізгі әлеуметтік - экономикалық және мәдени - тұрмыстық ахуалы. Осыған байланысты ауыл мектебі мұғалімінің негізгі мақсаты - өмір сүру қажеттілігіне сенімділігі бар баланың жеке тұлғасын қалыптастыру. Оқушының туған жеріне адалдығын сақтап, қоршаған ортаға белсенді араласып, жалпы мәдени дамытып, білімге деген ынтасын арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, болашақта үлкен ортаға бейімделуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Бүгінде Қазақстанның ауыл мектептерінде көбі шағын жинақталған мектептерге айналуда. Республикада әлеуметтік - экономикалық жағдайдың қалыптасуы, қала халқының өсуі, көшіп-қонудың артуы, туудың төмендеуі шағын жинақталған мектептердің өсуіне әсерін тигізеді.

Республикада шағын жинақталған мектептің үш түрі (типі) бар:

-бастауыш шағын жинақталған мектеп - (1-4 сынып) ;

-негізгі шағын жинақталған мектеп - (5-9 сынып) ;

-орта шағын жинақталған мектеп - (10-11 сынып) .

Өз кезегінде шағын жинақталған мектептер тек сынып - комплектілерден (мұндай жағдай бастауыш мектепте байқалады) ; сынып комплектілер және оқушылар саны аз сыныптары бар мектептер (бастауыш, негізгі және орта мектеп), сыныпта оқушылар саны аз мектептер (негізгі және орта мектеп) тұрады.

Білім және ғылым министрлігінің стастикасына сүйенсек - 1996 жылы бастауыш шағын жинақталған мектептер - 1362 болса, 2000 жылы олардың саны - 1200 болды. Сонымен қатар орта шағын жинақталған мектептердің саны 49, 3 % - ға дейін өсті. Бұл мәлімет қазіргі кезде негізгі және орта мектептердің санының өскендігін көрсетеді. Сонымен, қазіргі жағдайда толық жинақталған мектептердегі оқушылар санының азаюының салдарынан шағын жинақталған мектептер саны көбейді.

ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің статистикалық мәліметі бойынша жалпы білім беретін 8005 мектептің 4039 (51%) шағын жинақталған мектептерді құрады. Оның ішінде бастауыш шағын жинақталған мектеп 29, 7 % - ын, негізгі шағын жинақталған мектеп 25 % және орта шағын жинақталған мектеп 45, 3 % - ын құрайды. Ауылдық жерде 3872 шағын жинақталған мектеп орналасқан (олар - 95, 5 % құрайды), қалғаны - 167 мектеп (4, 1 % ) - қалалық мектептердің қатарына жатады.

1200 бастауыш шағын жинақталған мектептің 1179-ы ауылдық, 21-і қалалық; негізгі шағын жинақталған мектептің 1008-нің 987-і ауылдық, 21-і қалалық; орта шағын жинақталған мектептің саны - 1831 (оның 1706 - сы ауылдық, 125-і қалалық) .

Ауылдық мектептердің қызметі халықтың дамуына және сол жерде орнығып қалуына, халықтың мәдени дәрежесінің көтерілуіне, демографиялық проблеманың шешілуіне мүмкіндік береді. Осыған байланысты, шағын жинақталған мектептің жұмысы және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру - қазіргі заманның әлеуметтік - экономикалық және педагогикалық проблемасы болып саналады. Республикада шағын жинақталған мектептерде - 379319 оқушы білім алады және 51796 мұғалім жұмыс істейді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің “ҚР шағын жинақталған мектептердің жұмысын ұйымдастыру” атты әдістемелік хатына сәйкес шағын жинақталған мектептердің негізгі белгісі оқушылар контингентінің сәйкес болуы. Бастауыш шағын жинақталған мектепке - 40 оқушысы бар мектеп жатады; негізгі мектеп контингентінде - 100 оқушысы бар мектеп; 280 оқушысы бар мектеп болып есептелінеді.

Теория мен тәжірибеде шағын жинақталған мектептің айрықша ерекшелігі айқындалды.

Олар:

-мектепте және сыныпта оқушылар санының аздығы;

-мұғалімдер санының аздығы;

-бір мұғалімнің жетекшілігімен бір кабинетте екі (үш, төрт) сынып оқушыларымен бір уақытта сабақ өткізілуі, басқаша айтқанда, комплектінің бар болуы;

-материалдық базаның нашарлығы;

-негізгі және орта мектептегі көппәнділік.

Сонымен қатар, сыныптардың жинақталуы, сабақ кестелерінің құрылуы және олардың әртүрлілігі, оқушылардың бір пәндік және әртүрлі сабақтарда біріктірілуі, түрлі жастағы балаларды біріктіріп оқыту ерекшеліктері және т. б.

Көптеген бастауыш шағын жинақталған мектептер қазіргі талапқа сай келмейтін орындарда (жайларда) орналасқан. Оларда кітапхана, спорт залы, кабинеттер, әдетте, болмайды.

Бастауыш шағын жинақталған мектеп оқушыларының даярлығы нашар. Олардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттері қалыптаспаған. Шағын жинақталған мектептерде педагогикалық кадрлардың тұрақталмауы байқалады, ал орнығып жұмыс істеп жүрген мұғалімдердің біліктілігі (квалификациясы) төмен болып келеді. Бұның барлығы мәдени орталықтармен байланыстың қалыптасуына, мұғалімдердің білімдерін жетілдіретін жүйелердің аздығына, материалдық құралдардың жетіспеушілігіне байланысты.

Сонымен бірге шағын жинақталған мектептерде кездесетін қиыншылықтарға мыналарды да жатқызамыз:

- ШЖМ - ке арналған ғылыми - әдістемелік әдебиеттердің жетіспеушілігі;

  • әртүрлі жастағы оқушылармен жұмыс істеудің қиындығы;
  • оқушы мен мұғалімге түсетін психо-эмоциональдық жүктеменің ауырлығы;
  • мұғалімнің кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі;
  • шағын жинақталған мектептердің тірек мектептерден алға орналасуына байланысты мұғалімдердің тәжірибе алмасуының жеткіліксіздігі;
  • балабақшаларының жабылуына байланысты балаларды мектепке даярлау жұмысының жүргізілмеуі.

Шағын жинақталған мектеп проблемалары халықаралық мәнге ие болуымен қатар көптеген мәселелер ЮНЕСКО-ның дәрежесінде қарастырылуда. Еуропа елдері, Австралия, АҚШ, Канада, Қытай, Жапония, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдердің педагогикалық ұйымдарының мақсатына шағын жинақталған мектептердің проблемаларын зерттеу кіреді.

Зерттеулер нәтижесінде шағын жинақталған мектеп проблемаларының келесі аспектілері дәлелденді. Олар:

  • шағын жинақталған мектептің білім мазмұнын жаңарту;

- ШМЖ оқу процесінің ерекшелігін ескеру және оқушылардың оқу іс - әрекеттерін өз бетімен жұмыс істеу бағытында ұйымдастыру;

- оқушылардың білімі мен білігін тексеру;

- сынып комплектілерін қосу ерекшеліктерін айқындау;

- шағын жинақталған мектептердің жаңа модельдерін құрастыруды ұсыну.

Бастауыш шағын жинақталған мектеп проблемаларын шешу - құқықтық - нормативтік базамен, қаржыландыру, ұйымдастыру, басқару, кадр және материалдық проблемаларды шешумен байланысты. Көптеген педагогтардың зертхана зерттеулерінің нәтижесінде жоғарыда айтылған проблемаларды шешуге мынадай шаралар қолдану қажет деп есептейміз:

1. “Мектеп - балабақша”, “мектеп - спорт орталығы”, “мектеп - мәдени орталық”, мектеп - ауылшаруашылық кешен”, “мектеп - студия - парк” т. б. жаңа моделдерден ұсыну.

2. Оқу жоспарында аймақтық компонентті күшейту (мысалы, тарихи-өлкетану оқу материалдары, мәдени және ауылшаруашылық оқу пәндерін енгізу т. б. )

3. Оқыту процесінде тиімді технологияларды пайдалану (блок - модульді оқыту, ұжымдық оқыту (КСО), ТРИЗ-педагогика элементтерін пайдалану, саралап оқыту, жүйелеп оқыту, дистанционалды оқыту мүмкіндіктерін пайдалану, т. б. ) .

4. Жоғарғы педагогикалық оқу орындарында шағын жинақталған мектептерге мамандар дайындауды жетілдіру.

5. Мұғалімдердің қайта даярлығын жетілдіру.

6. Шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің жалақысын көтеру.


1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық - психологиялық негізі.

Психология ғылымының соңғы жетістіктері тұрғысынан қарағанда, бастауыш мектеп оқушысы жеке тұлғасын, қалыптастыру өзекті мәселенің біріне айналды.

Баланың жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде мектепке ең күрделі міндеттер артылады. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады.

Соңғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер осы күрделі міндетті шешу мектепте, ең алдымен, оның бастауыш буынында, оқу мазмұны мен әдістерін түбегейлі өзгертумен байланысты екендігіне көз жеткізеді. (Ш. Амонашвили, В. Давыдов, Л. 3анков, В. Репкин, Д. Эльконин және т. б. )

Бастауыш мектептегі оқытудың жаңа экспериментгік жүйелері шеңберінді мектеп оқушысы жеке тұлғасының мотивациялық қажеттілік саласында елеулі өзгерістерді айқындайтын фактілер жинақтала бастады. Сөйтіп оқу және тәрбие арасындағы байланысты айқындайтын педагогикалық тәжірибе пайда болды. Бұл оқушының жеке тұлғасы дамуының заңдылықтарын зерттеу міндетін толық мөлшерінде қоюға мүмкіндік туғызды, Осы міндетті шешумен 70-90 жылдары ғалымдар ұжымы айналысты. Ол оқу материалы мазмұнын талдау және жинақтау ұстанымы негізінде бастауыш мектепте оқу қызметін, қалыптастыру шеңберінде жүзеге асты (Д. Эльконин, В. Давыдов тұжырымдамасы) .

Бұл эксперимент, біріншіден, зерттеудің тұтастығын талап етті. Сол себептен оқушы тұлғасының дамуын, сынып ұжымын және оларды біріктіретін оқу қызметін зерттеу міндеті бірге қамтылды. Екіншіден зерттеу эксперименттік-генетикалық болды. Баланың жеке тұлғасы мектепте болған кезең бойы оқу қызметіне кіріскен сәттен аяқталған дейін зерттелді. Бұл дамудың психологиялық механизмдерін, бір жастан келесіге ауысу кезіндегі өзгерістерді айқындап баяндауға мүмкіндік берді.

Жеке тұлғаның оқудың екі амалындағы даму нұсқаларын салыстырып талдау көзделді: біріншісі, білім берудің бұқаралық жүйесінде қалыптасқан және қарапайым дағдылар мен ептіліктерді қалыптастыруға (бағытталады; екіншісі, оқу пәндерінің мазмұны теориялық ұғымдар жүйесіне негізделеді. Мектеп оқушылары ұғымдардың пайда болуын оқу үрдісінің орталық буынын құрайтын ортақ ұжымдық жұмыс барысында оқып үйренеді.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бастауыш мектепте бала тұлғасының мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды. Олар балалардың танымдық мүдделерінің жедел қалыптасуы негізінде оқу қызметі мотивтерінің қайта құрылуынан басталады. Олар бастауыш мектеп жасының аяғына таман жинақталып қалыптасады да, баланың әр түрлі оқу материалына көзқарасы, арқылы айқындалып қызығуын қанағаттандыратын көздерді өз бетімен іздеуге жетелейді. Яғни, оқу-танымдық мотивтер оқуда ғана емес, оқушы тіршілігінің бүкіл жүйесінде жетекші орын алады. Өйткені, осы мүдделер ортақ ұжымдық қызмет барысында пайда болады, оларды бала толық қоғамдық форма-сы - топтық құндылық бағдары ретінде ұғынады.

Дамыта оқыту теориясы шеңберінде де әр түрлі мәселелер бойынша қатар зерттеулер жүргізілді. Олар - бастауыш сыныптарда дамыта оқытуды теориялық және әдістемелік қамтамасыз ету (В. Репкин), оқу барысында жеке тұлғаның дамуы (А. Дусавицкий), оқу барысындағы қатынас түрлері (Г. Цукерман), оқу қызметінің қалыптасу деңгейіне баға беру (Г. Репкина, Е. Заика) және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру тәжірибесінен
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері
Педагогикалық бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру
Оқушы тұлғасын қалыптастыруда, тәрбие үрдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz