Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы ақпарат



1. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
2. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
• Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
• шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;
• шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлер үшiн қол жеткiзерлiк болуы;
• шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
ҚР 26.07.99 ж. № 458-1; 10.07.02 ж. № 341-II Заңымен 5-бап өзгерді
5-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi бағыттары
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
• шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
• шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық талдамалар мен технологияларды пайдалануына жеңiлдiктi жағдайлар жасау;
• шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың, олардың өнiмдерiн сертификаттаудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу;
• шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн салық салудың, кеден бажын төлеудiң жеңiлдiктi режимiн қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимiн белгiлеу;
• шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;
• шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
• қаржы көздерiн анықтай отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын қабылдау;
• өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру;

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім беру министрлігі
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

СӨЖ №4

Тақырыбы: Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң


Орындаған: Ануарбеков
Группа: ОП - 413
Тексерген: Есенбекова З. Ж.

Семей қаласы, 2015 жыл
Мазмұны:
1. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
2. Жеке кәсіпкерлік туралы заң

Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
* Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
* шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;
* шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлер үшiн қол жеткiзерлiк болуы;
* шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
ҚР 26.07.99 ж. № 458-1; 10.07.02 ж. № 341-II Заңымен 5-бап өзгерді
5-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi бағыттары
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
* шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
* шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық талдамалар мен технологияларды пайдалануына жеңiлдiктi жағдайлар жасау;
* шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың, олардың өнiмдерiн сертификаттаудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу;
* шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн салық салудың, кеден бажын төлеудiң жеңiлдiктi режимiн қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимiн белгiлеу;
* шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;
* шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
* қаржы көздерiн анықтай отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын қабылдау;
* өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру;
* Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру.
ҚР 26.07.99 ж. № 458-1; 10.07.02 ж. № 341-II Заңдарымен 6-бап өзгерді
6-бап. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламалары
1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешені болып табылады.
1-1. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламалары мынадай ережелерді қамтиды:
* шағын кәсіпкерлік қызметінің басым түрлері;
* кәсіпкерлік қызметке халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарын тартуға бағытталған шаралар;
* шағын кәсiпкерліктi қолдау мен қорғаудың инфрақұрылымын қалыптастыру жөнiндегi шаралар;
* шағын кәсiпкерлiкке кредит-қаржылық және мүлiктiк қолдау көрсетiп, оны қорғау жөнiндегi шаралар;
* шағын кәсiпкерлiктiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар;
* шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттау жөнiндегi шаралар;
* шағын кәсiпкерлiктi қолдауға, дамытуға және қорғауға бағытталған мемлекеттiк саясатты iске асыруға байланысты басқа да мәселелер.
1-2. Экономиканың басым салаларын дамытудың салалық бағдарламаларында:
* саланың негiзгi өнеркәсiп орындары инфрақұрылымының объектiлерi ретiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi - өнеркәсiп орындарын дамытуды ынталандыру;
* операциялардың бiр бөлiгiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң орындауын көздейтiн саланың негiзгi кәсiпорындарының өндiрiстiктехнологиялық процестерiн әзiрлеу;
* шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн - өнеркәсiп орындарын саланың iрi өнеркәсiп орындарына инвестицияланатын қаражат шеңберiнде қаржыландыру жөнiндегi шаралар көзделедi.
2. Мүдделi мемлекеттiк органдар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар шағын кәсiпкерлiктi қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламаларға жекелеген жобаларды енгiзу туралы дербес ұсыныс жасауға хақылы.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк және салалық бағдарламаларын iске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында жыл қорытындысы бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен есеп берiп отырады.
ҚР 26.07.99 ж. № 458-1; 10.07.02 ж. № 341-II Заңдарымен 7-бап толықтырылды
7-бап. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын iске асыру
1. Қазақстан Республикасының шағын кәсiпкерлiктi қолдауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органы:
* шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiрiп отырады;
* шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп Үкiметке табыс етедi;
* шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
* республика аймақтарында шағын кәсiпкерлiктi қалыптастыру мен оның инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседi;
* шағын кәсiпкерлiк саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн дамытуды қамтамасыз етедi;
* кәсiпкерлердiң құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
* мемлекеттiк органдарды шағын кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты мәселелер жөнiнде аталған органдардың лауазымды адамдарын тыңдай отырып тексеруді жүзеге асырады;
* Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiн шағын кәсiпкерлiктi қорғау және мемлекеттiк қолдау мәселелерi жөнiндегi заңдарды бұзуға итермелеген себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабардар етедi.
2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялармен бiрлесе отырып:
1) жергiлiктi өкiлдi органдар:
* шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламаларын бекiтедi;
* жергiлiктi бюджеттердiң шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуға арналған шығыстарын бекiтедi;
* Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдардың шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы есептерiн тыңдайды;
* Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне арналған салықтар мен алымдар жөнiнде жеңiлдiктер белгiлейдi;
2) жергiлiктi атқарушы органдар:
* шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың аймақтық бағдарламаларын әзiрлейдi және оларды қаржымен қамтамасыз етудi iске асырады;
* жергiлiктi жерлерде мемлекеттiк бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады;
* шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен инновациялық қызметтiң аймақтық инфрақұрылымын дамытуды жүзеге асырады;
* шағын кәсiпкерлiк саласында кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырып, бұл шараларды осы Заңның 9 және 12-баптарына сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етедi.
3. Табиғи монополия субъектiлерi саладағы бәсекенi дамыту стратегиясын қалыптастыру ерекшелiктерiн ескере отырып, өндiрiс саласына шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн интеграциялау мәселелерi көзделетiн салалық бағдарламалар әзiрлейдi, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тиiмдiлiгi аз iрi өндiрiстердi бөлшектеудi жүзеге асырады.
ҚР 26.07.99 ж. № 458-1; 10.07.02 ж. № 341-II Заңымен 7-1-бап өзгерді
7-1-бап. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар
1. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен бағыттары:
* осы Заңды iске асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
* мемлекеттiк органдарда шешiмдер қабылдаған кезде кәсiпкерлердiң мүдделерiне өкiлдiк ету, заңды құқықтарын қорғау және олардың пiкiрлерiн ескерiп отыру;
* кәсіпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң сындарлы бастамаларын қолдау, экономикалық жағынан дамыған мемлекет құру және Республика азаматтарының әл-ауқатын арттыру iсiнде әрбiр кәсiпкердiң белсендi өмiрлiк айқындамасын насихаттау;
* Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың кәсiпкерлiк қызмет мәселелерi бойынша қаулылары мен басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын бастамашылықпен әзiрлеу және қоғамдық сараптамадан өткiзу;
* шағын кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау жөнiнде нысаналы бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге, үйлестiруге және iске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
2. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссияның құрамы қоғамдық бiрлестiктердiң, сауда-өнеркәсiп палаталарының, шағын бизнес одақтары мен қауымдастықтарының, шағын кәсiпкерлiктi қолдау құрылымдарының өкiлдерiнен, ғалымдардан, мүдделi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнен, кәсiпкерлерден құралады.
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссиялар туралы ереженi - Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы комиссиялар туралы ереженi жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi.
ҚР 26.07.99 ж. № 458-1 ; 10.07.02 ж. № 341-II Заңдарымен 8-бап өзгерді
8-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк мұқтаждар үшiн өнiм өндiруге (жұмыс атқаруға, қызмет көрсетуге) қатысуы
1. алып тасталды
2. алып тасталды
2-1. алып тасталды
2-2. Мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурс ұйымдастырған кезде оны ұйымдастырушы - тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алуды жүзеге асыруға мiндеттi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын және олардың көлемiн (процентпен көрсетiлгенде) Қазақстан Республикасының Yкiметi жыл сайын айқындап отырады.
3. Конкурстар өткiзу шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгiленедi.
ҚР 26.07.99 ж. № 458-1; 24.12.01 ж. № 276-II ; 10.07.02 ж. № 341-II Заңдарымен 9-бап өзгерді
9-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау
шаралары
1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қаржымен қолдау шеңберiнде тиiстi жылға арналған мемлекеттiк бюджетте көзделген қаражат шегiнде жеңiлдiктi жағдайларда статистикалық және ақпараттық қызмет (құралдар), сондай-ақ ғылыми-техникалық талдамалар мен технологиялар берiледi.
2. Шағын кәсiпкерлiк үшiн кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларында көзделген қаражат есебiнен жаңа оқу және зерттеу орталықтарын, мамандандырылған консалтингiлiк ұйымдар және шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерiн құру және жұмыс iстеп тұрғандарын дамыту арқылы жүргiзiледi.
3. алып тасталды
4. Өндiрiстiк қызметпен және кадрларды оқытумен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскелерiн беру (сату, жалға беру) олардың жергiлiктi атқарушы органдарға жазбаша өтiнiшi бойынша жердi сатып алғаны немесе оны жалға алғаны үшiн сома төлей отырып, Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
5. Өндiрiстiк қызметпен және кадрларды оқытумен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi электр энергиясы, жылумен, сумен жабдықтау және канализация бойынша бiрiктiрiлетiн қуат үшiн ақы төлеуден босатылады.
6. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн екiншi деңгейдегi банктерде шоттар ашу ақы алынбай жүргiзiлуi мүмкiн.
7. Сауда-саттық (делдалдық) қызметiн қоспағанда, өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшiн коммуналдық меншiктiң бiр жылдан астам пайдаланылмаған объектiлерi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiледi.
8. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi шартта көзделген талаптарды орындаған жағдайда, өздерiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету салаларын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген объектiлерге меншiк құқығын шарт жасалған кезден бастап бiр жыл өткеннен кейiн тегiн алады. Бұл талаптар сауда-саттық (делдалдық) қызметiн жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылмайды. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалға алу немесе сенiмгерлiкпен басқару шартының талаптарын орындауын бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
9. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне объектiлердiң меншiк иесi құқығының құжаттарын ресiмдеу заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледі.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-II 10.07.02 ж. № 341-II; 13.03.03 ж. № 395-II Заңдарымен 10-бап өзгерді
10-бап. Есеп беру тәртiбi
1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бухгалтерлiк есебi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есеп берудiң оңайлатылған рәсiмдерi мен нысандарын көздейтiн тәртiппен табыс етiлуi мүмкін.
2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi - заңды тұлғалардың статистикалық есебi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен табыс етiледi.

2. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық құралдар - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарға немесе өзге де тұлғаларға ақпарат ұсыну тетіктері;
1-1) бизнес-инкубатор - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы кезеңiнде өндiрiстiк үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингтiк және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшiн құрылатын заңды тұлға;
2) бизнестің әлеуметтік жауаптылығы - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерікті үлесі;
3) дара кәсіпкер - дара кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын және осы Заңның 6-бабының 3 және 7-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сай келетін Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман;
4) дара кәсіпкерлік - жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелі үшін және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі;
5) жеке кәсіпкерлік - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі;
6) алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау - Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені;
8) жеке кәсіпкерліктің инфрақұрылымы - өз ісін ұйымдастыруға жәрдемдесуді, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етуді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететін, құрылатын немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдар кешені;
9) жеке кәсіпкерлік субъектілері - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
10) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі - жеке кәсіпкерлік субъектілері өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, заңды мүдделерін білдіру және қорғау қорғау үшін құратын коммерциялық емес ұйым;
11) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу - кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген критерийлерге жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің сәйкестігін тиісті мемлекеттік органдардың тануы;
11-1) жылдық орташа табыс - соңғы үш жылдағы жиынтық жылдық табыстардың немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлік субъектілері табыстарының үшке бөлінген сомасы;
12) индустриялық аймақ - коммуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер;
13) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган - жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
14) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - сараптамалық кеңес) - орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдар жанынан:
* жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу;
* жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды талдап-әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
15) алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16) коммерциялық құпия - жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайтын және қорғайтын, заңды негізде еркін қол жеткізуге адамдардың шектеулі тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделеріне залал келтіруі мүмкін ақпарат;
16-1) реттегіш құралдар - жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әсер ету тәсілдері, оның ішінде Рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын рұқсаттар мен хабарламалар; Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпараттық құралдар;
16-2) реттеуді қатаңдату - реттегіш құралдардың енгізілуіне немесе пайдаланылуына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптар, міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзгеше ұлғайту;
16-3) реттеушілік әсерді талдау - кейіннен мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін реттегіш құралдың және онымен байланысты талаптардың пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі;
16-4) реттеуші мемлекеттік органдар - реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
17) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары - оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етуді, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсетуді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк
туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Жеке кәсiпкерлiктiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
4. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-бап. Жеке кәсiпкерлiктi құқықтық реттеу шектерi
1. Жеке кәсiпкерлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген негiздер бойынша ғана шектелуi мүмкiн.
2. Жеке кәсiпкерлiктi шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкiн.
3. Мемлекеттiк органдардың жекелеген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң артықшылық жағдайын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауына тыйым салынады.
4-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi
мақсаты мен принциптерi
1. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттiң мүдделерi мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
2. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi:
* жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнің кепiлдiгі (Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсат берілген) және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;
* кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң теңдiгi;
* жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепiлдiгi;
* Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
* жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама жасауға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қатысуы;
* жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қатысуы болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш
o құралдарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды
o көздейтін нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу
o және қабылдау ерекшеліктерi
1. Егер реттеуші мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды жоспарлаған жағдайда, реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Шағын кәсіпорындарға қаржылай және қолдау көрсету
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әрекет етуші жүйесі
Қазақстан Республикасында кәсіпорындарды колдау
Мемлекет пен бизнес
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы
КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
ОҚО-ның кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің Қазақстан \Республикасына индустриалық-инновациялық 2003-2015 жж даму стратегиясы
Оңүтістік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәліметтер
Банктік реформа және теңге жүйесі
Пәндер