ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер



1. Лингвистикалық мектептер .
2. Социялогиялық мектеп .
3. Структуралық Лингвистикалық мектеп .
4. Логикалық бағыт
5. Психологиялық бағыт
6. Мәскеу лингвистикалық мектебі, оның негізгі бағыты.
7. Қазан лингвистикалық мектебі, оның негізгі бағыты.
Лингвистикалық мектептер . Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты . ХІХ ғасырдың соңғы оң жылы мен ХІХ ғасырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік , бағыт қатты сынға алынды , зерттеудің жаңа әдісі ,бұрынғыдан өзгеше амалтәсілдері іздестіріледі . Әр елде ,әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды . Олардын қатарына «Сөздер мен заттар» , «Эстетизм» , «Социологизм» деп аталатын мектептерді жатқызуға болады . Жас грамматизм бағытын сынауда бұлардын өкілдері бірауызды болғандықтармен , тілдің өзіндік сипатын, мәнін айқындауға келгенде әрқайсынының өзіңдік көз қарастары , ұстаған жолдары болды . Енді соған келейік .
Бұл -тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан бір жола және үзілді –кесілді бас тарту ұрнын тұнғыш көтерген мектеп . Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф Мерингердің (1859-1931) басқарумен шыға бастаған (Австрияда) «Сөздер мен заттар» деп аталатын журнал төңірегінде топтасқандықтан , соның атымен аталған (журнал ХХ ғасырдың 40 жылдарына дейін шығып тұрды). Бұл мектептің ең көрнекті өкілі –роман тілдері жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гуго Шухардт (1842-1927) .
Г.Шухардт тек роман тілдерін ғана емес, басқа да көптеген тілдерді зерттеген, жан-жақты, терең білімді адам болған. Ол тіл білімде бірталай тың да қиын проблемаларды батыл көтеріп, өз көзқарасын білдіріп отырған. Бұл мектептің өкілдері зат пен оның атауы арасындаға қарым-қатынасқа ерекше мән берді. Г.Шухардт «Заттар мен сөздер» деген еңбегінде: сөз затты білдіреді, зат-алғашқы, ол ешнәрсеге тәуелсіз, өзі үшін өмір сүреді, ал сөз затқа қарағанда соңғы, кейінгі, ол-затқа тәуелді, оның өмірі затқа байланысты, зат жоқ болса, оған қойылатын атау да жоқ, тілдегі әр сөздің өзіндік тарихы бар оны тек лингвистикалық талдау арқылы ғана емес, заттар тарихы арқылы да зерттеуге болады, заттар тарихы мен сөздер тарихы арасында толық параллелизм де, сондай-ақ күрделі және нәзік қарым –қатынастар да бар, тіл білімінің міндеті –соны ашу дейді.
Осы талаптарға орай бұл ағым ғалымдары (Г.Шухардт, Р. Мерингер, В. Мейер –Любке,т.б.) сөздер тарихын сол сөздер атау болған заттар тарихына байланыстыра отырып, ұқып тылықпен, көп жағдайда өте шебер зерттелген. ХХ ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі – эстетизм немесе эстетикалық лингвистика.Оны қалыптастырушы-неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949).
Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К.Фосслердің «Тіл білімдегі позитивизм мен идеализм» (1904), «Тіл-творчество және даму» (1906) дген еңбектерінде баяндалған.
Мектептің эстетизм депаталу себебі –оның тілдері тілді эстетикалық тұлға, эстетикалық көрсеткіш дейді де, оны зерттейтін тіл ғылымы –эстетиканың бір саласы, эстетика –оның негізгі қайнар бұлағы. Тіл жөніндегі зерттеу эстетикадан басталып, эстетикамен аяқталады деп санайды.
1. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар / Б. Сағындықұлы, Ш. Омарбеков; Әл-Фараби атынд. Қазақ Ұлттық университеті. - Алматы: Қазақ университеті, 2011
2. Шаяхметұлы.Қ. Қазіргі қазақ тілі. Сөзжасам-дериватология, сөзөзгерім-морфология. Семей; Новосібір: Талер-Пресс, 2007
3. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука., 2009
4. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад, 2007
5. Шалабай, Б. Қазіргі қазақ тілі синтаксис. – Алматы, 2012

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Өздік жұмысы
Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер.

Орындаған: Байғазина Ә.Ж. Қ-213
Тексерген : Cәмекбаева Э.М.

Семей қаласы, 2015 жыл.

ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МЕКТЕПТЕР.

1. Лингвистикалық мектептер .
2. Социялогиялық мектеп .
3. Структуралық Лингвистикалық мектеп .
4. Логикалық бағыт
5. Психологиялық бағыт
6. Мәскеу лингвистикалық мектебі, оның негізгі бағыты.
7. Қазан лингвистикалық мектебі, оның негізгі бағыты.
 
Лингвистикалық мектептер . Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге
қарсы күресте туып қалыптасты . ХІХ ғасырдың соңғы оң жылы мен ХІХ ғасырдың
бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік , бағыт
қатты сынға алынды , зерттеудің жаңа әдісі ,бұрынғыдан өзгеше амалтәсілдері
іздестіріледі . Әр елде ,әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық
мектептер пайда болды . Олардын қатарына Сөздер мен заттар , Эстетизм ,
Социологизм деп аталатын мектептерді жатқызуға болады . Жас грамматизм
бағытын сынауда бұлардын өкілдері бірауызды болғандықтармен , тілдің
өзіндік сипатын, мәнін айқындауға келгенде әрқайсынының өзіңдік көз
қарастары , ұстаған жолдары болды . Енді соған келейік .
Бұл -тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан бір жола және
үзілді –кесілді бас тарту ұрнын тұнғыш көтерген мектеп . Оның өкілдері 1909
жылдан бастап Рудольф Мерингердің (1859-1931) басқарумен шыға бастаған
(Австрияда) Сөздер мен заттар деп аталатын журнал төңірегінде
топтасқандықтан , соның атымен аталған (журнал ХХ ғасырдың 40 жылдарына
дейін шығып тұрды). Бұл мектептің ең көрнекті өкілі –роман тілдері жалпы
тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гуго Шухардт (1842-1927) .
Г.Шухардт тек роман тілдерін ғана емес, басқа да көптеген тілдерді
зерттеген, жан-жақты, терең білімді адам болған. Ол тіл білімде бірталай
тың да қиын проблемаларды батыл көтеріп, өз көзқарасын білдіріп отырған.
Бұл мектептің өкілдері зат пен оның атауы арасындаға қарым-қатынасқа ерекше
мән берді. Г.Шухардт Заттар мен сөздер деген еңбегінде: сөз затты
білдіреді, зат-алғашқы, ол ешнәрсеге тәуелсіз, өзі үшін өмір сүреді, ал сөз
затқа қарағанда соңғы, кейінгі, ол-затқа тәуелді, оның өмірі затқа
байланысты, зат жоқ болса, оған қойылатын атау да жоқ, тілдегі әр сөздің
өзіндік тарихы бар оны тек лингвистикалық талдау арқылы ғана емес, заттар
тарихы арқылы да зерттеуге болады, заттар тарихы мен сөздер тарихы арасында
толық параллелизм де, сондай-ақ күрделі және нәзік қарым –қатынастар да
бар, тіл білімінің міндеті –соны ашу дейді.
Осы талаптарға орай бұл ағым ғалымдары (Г.Шухардт, Р. Мерингер, В.
Мейер –Любке,т.б.) сөздер тарихын сол сөздер атау болған заттар тарихына
байланыстыра отырып, ұқып тылықпен, көп жағдайда өте шебер зерттелген. ХХ
ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта
пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі – эстетизм немесе
эстетикалық лингвистика.Оны қалыптастырушы-неміс ғалымы, роман тілінің
маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-
1949).
Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К.Фосслердің Тіл білімдегі
позитивизм мен идеализм (1904), Тіл-творчество және даму (1906) дген
еңбектерінде баяндалған.
Мектептің эстетизм депаталу себебі –оның тілдері тілді эстетикалық
тұлға, эстетикалық көрсеткіш дейді де, оны зерттейтін тіл ғылымы
–эстетиканың бір саласы, эстетика –оның негізгі қайнар бұлағы. Тіл
жөніндегі зерттеу эстетикадан басталып, эстетикамен аяқталады деп санайды.
Неолингвизм де жас грамматизм бағытына қарсы ХХ ғасырдын бас кезінде
қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Неолингвистика деген атауды бұл мектеп
өкілдері өздерін жас грамматизм бағытынан мейлінше бөлек лингвист етіп
көрсету үшін қолданған. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін
салушыларМаттео Джулно Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфанте, (1904ж),
В.Пизани(1899ж)т.б.
Неолингвистер жас грамматистерді сынаған, өз принциптерін баяндаған
көтеген еңбектер жазды. Содай еңбектердің бірі-1925 жылы М.Д.Бартоли жазған
Неолингвистиканың қосымша очеркі атты кітап. Онда лингвистикалық жаңа
мектептің істері мен принциптері қысқаша баяндалды. Неолингвизм бір-біріне
үйлесе қоймайтын әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың –В.Гумбольдттың,
Г.Шухардттың, К.Фосслердің, кейбір мәселеде Г.Паульдің принциптеріне
сүйенеді. Сондықтан бұл мектеп кейде эклетикалық неолингвизм деп те
аталады.
Социологиялық мектеп . Бұл мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік
мәні барлығын мойындаудан туған. Тілде әлеуметтік сипаттың барлығн, қайта
өркендеу дәуірі мен ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірсыпыра ойшылдары да басқа айтқан.
Дегенмен , бұл мәселе ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін жүйелі
зерттелмеді.
Тіл қоғаммен байланысты, тіл-қоғамдық құбылыс дегендердің тезис ретінде
алынып, тіл білімінің күрделі бір проблемасы ретінде арнайы сөз болуы өткен
ғасырдың екінші жартысынан басталады. Социологиялық зерттеу тіл біліміндегі
натуралистік, индивидуалдық көзқарастарға қарсы бағытта туып қалыптасты.
ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХ баскезінде тілдің әлеуметтік сырын ашумен
көбірек шұғылданғандар француз ғалымдары болды. Осы себептен тіл білімі
тарихында тіл зерттеудегі социологиялық бағыттың отаны Франция деп санап,
оны Франция социологиялық мектебі деп атаушылық бар. Ал социологиялық
лингвистикадген термин 1952 жылдан бері қарай қолданылып жүр.
Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері-Поль Лафарг (1842-
1911), Ф.де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-
1960),Э.Бенвенист (1902).
Мектептің социологиялықдеп аталған себебі бұл бағыттағылар
индивидуалистік, натуралистік бағыттағыларға қарама-қарсы тіл –қоғамдық ,
әлеуметтік құбылыс, ол тек адам қоғамыбар жерде ғана өмір сүре алады. Тілді
дүниеге келтірген де, оны ілгері дамытатын да қоғамдасқан адамдар. Тіл
әлеуметтік құбылыс болғандықтан, ол басқа әлеуметтік құбылыстармен
байланысты қаралу керек деп санайды.
Социологиялық мектеп көтерген және шешкен проблемаларды байқау үшін,
оның кейбір қайраткерлеріне өте қысқа болса да тоқтатылып өтейік .
Поль Лафарг. Ол өзінің 1894 жылы шыққан Революцияға дейінгі және одан
кейінгі француз тілі деп аталатын еңбегінде қоғам мүшелерінің әлеуметтік,
таптық жіктерінің тілге, әсіресе оның лексикасына қандай әсер ететіндігі
терең де жан –жақты зерттелген. Француз тілінің ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы
даму сипаттарын, жеке сөздер мағынасында болған құбылыстарды зерттеп
отырып, Лафарг ұғымының, әдеби тіл нормасының көп жағдайда қоғамдық
қатынастарға тәуелді болатындығындәлелдейді. Ол –тілді өзінің әлеуметтік
ортасынан бөліп алуға болмайды деп есептейді.
Фердинант де Соссюр Швейцар тіл ғалымы, Париж, кейін Женева
университеттерінің пофессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған.
Ф. Де Соссюрді, әдетте , тіл біліміндегі циологиялық мектептің негізгі
салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір ғана
мектеп я көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі өте
кең, жан–жақты. Ол өзінің еңбектері арқылы тіл ғылымының дамуының жаңа
дәуірін ашқан, қазіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын
айқындап, оған бағыт-бағдар сілтеген, жан-жақты ойланған біртұтас жүйелі
лингвистикалық концепцияжасаған адам. Ғылымның көптеген теориялық
тұжырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына күні
бүгінге дейін күшті әсерін тигізуде.
Ф.Де Соссюрдің тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен
өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі Жалпы лингвистикалық курс деген
кітабы. Бұл еңбек Ф. Де Соссюр қайтыс болғаннан кейін 1916жылы басылып
шықты.
Структуралық лингвистика. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген
лингвистикалық мектептердің ең көрнекті және кең тарағандарының бірі-
структуралық лингвистика деп аталатын бағыт. Бұл мектеп салыстырмалы-тарихи
тіл біліміне оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып
қалыптасты.
Структуралық лингвистиканың немесе структуралық әдістің дүниеге
келуінің ішкі-сыртқы себептері бар. Ең негізгі-ХХғасыр ғалымы дамуында
пайда болған жаңа бағыт. ХІХғасыр ғалымының негізгі сипаты тәжірибие арқылы
бақылаудан туған фактілерді есепке алу, сипаттау болса, ХХ ғасыр ғылымы
олардың өзіндік мәнін, ішкі заңдылықтарын, зерттеліп отырған обьектінің
құрылым ерекшелігін, оны құрайтын элементтердің ара қатынасын, бір-бірімен
байланысын, бір-біріне тигізетін әсерлерін ашуға тырысады.
Үстіміздегі ғасырдың бас кезінен бастап филасофия, жаратылыстану,
әдебиеттану, тарих, эстетика, психология, социология, этнография сияқты
бірсыпыра ғылымдарда өз пәнін өзара шарттас, біріне-бірі тәуелді
элементтерден тұратын күрделі біртұтас құрылым деп санап, оны осы тұрғыдан
зерттеу талабы күшейді. Бұл тіл біліміне де әсер етті. Сонымен бірге, жалпы
ғылымның, оның жаңа түрлері-кибернетиканың, математикалық логиканың дамуы,
электрондық машиналардың пайда болуы, оны тіл біліміне қолдану талабының
өсуі, тілдің практикалық қызметінің бірден- бірге күрделене түсуі
структурализм бағытының тууына себепші болады.
Структурализмнің тууының ішкі, таза лингвистикалық себептері де жоқ
емес. ХІХ ғасырда дүниеге келген салыстырмалы- тарихи тіл білімі басты
назарды тіл туыстастықтарын, тілдің түп төркінін, шыққан тегін ашу сиақты
мәселелерге аударды да, нормативтікграмматикаға жеткілікті мән бермеді, оны
тек мектеп оқулығы дәрежесінде ғана қалдырды. Тілдің өзіндік сипаты, ішкі
құрылыс қандай ? Тілдік элементтер бір-бірімен қалай байланысады? Олардың
байланысында қандай заңдылықтар бар? Деген тәріздес сұрауларға тұжырымды
жауап болмады.
Структурализм бірден пайда болған жоқ. Оның алғашқы соқпағы В.
Гумбольдт, Ф.де Соссюр, И.А. Бодуэн де Куртенэ еңбектерінде салынды.
Структуралистер өз зерттеулерінде осы ғылымдардың, әсіресе Ф.де Соссюрдің
еңбегіне сүйенеді.
Структуралдық бағыттың көпшілікке танылған үш мектебі болды: Прага
Чехославакияда, Копенган Данияда мектептері және дескриптивтік мектеп
Америкада . Кеиін келе бұл бағыт басқа елдерге де тарады. Структурализм
мектептерін біріктіретін ортақ бағыт, проблемалар мыналар:
1. Структурализм мектептерінің барлығы да тілді ішкі элементтері бір-
бірімен байланысты, тұтас жүие, бір бүтін құрылым деп санайды. Тіл
білімінің міндеті- тілдің құрылымын-структурасын зерттеу дейді. Бұл
бағыттың структуралық лингвистика деп аталуы да осыдан.
2. Жас грамматистер тілді зерттеуде тек дифференциалық принципті
қолданса, тілдік элементтерді бір-біріне байланыссыз жеке зерттесе,
структуралистер тілдік элементтерді бір-біріне байланыста, тұтастықта
қарайтын интеграциялық принципті қолданады. Тілдің құрылымдық элементтерін
зерттеуде лингвистикалық сипаттау әдістемесін қолдануға шешуші мән береді.
Прага мектебі. Бұл мектеп өзіндік бағыты бар лингвистикалық үйірме
ретінде 1926 жылы қалыптасқан. Оны қалыптастырушы чех ғалымы профессор
В.Матезиус (1882-1945). Үйірме құрамында Б.Гавранек, Б.Трнка,
В.Скаличка,орыс эмигранттары С.Карцевский, Р. Якобсон, Н.Трубецкой, т.б.
болған.
Үйірме 1929 жылдан бастап Прага лингвистикалық үйірмесінің еңбектері
деген жинақ шығарып тұрды. Мектептің теориялық бағдарламасының мазмұны
Прага лингвистикалық үйірмесінің тезисі деген атпен осы жинақтын бірінші
томында жарияланады.
Бұлар тіл білімінің негізгі обьектісі –тілдің құрылым жүйесі мен тілдік
элементтердің қызметін зерттеу дегенді баса айтты.Әрбір элемент өзінің
тілдік жүйеде атқаратын қызметіне қарай бағалану керек , тіл дегеніміз
–функционалды жүйе , белгілі бір мақсат үшін қолданылатын тілдік
таңбалардың жүйесі , тіл білімінің міндеті осы жүйені тілдің барлық
қабатынан – фонологиядан, морфологиядан, синтаксистен, лексикадан да табу
және олардың әрқайсысыныңөзіндік сипаттарын айқындау деп санайды. Тілдік
элементтердің қызметін бірінші орынға қоятындықтарына қарап бұл мектепті
Прагалық функцияналды лингвистика деп те атайды.
Көптеген структуралық мектебі.Бұл мектеп өкілдері өздерін
компаративистикалық бағыттағылардан бөлектеу үшін гректің глосса деген сөзі
негізінде глоссематиктер деп атады.
Осы атау арқылы олар өздерінің тек тіл біліміне ғана тән мәселелермен
айналысатын, тілдің ғылымдараралық обьектілеріне жуымайтын зерттеушілер
екендіктеріне байқатқысы келді.
Глоссематикалық бағытты қалыптастырушы және оған дем беруші Дания тіл
ғалымы профессор Луи Ельмслев (1899-1965) . Бұл мектептің теориялық негізін
белгілеген алғашқы еңбек- Ельмслевтің 1928жылы жарияланған Жалпы
грамматиканың негіздері атты кітабы. Глоссематиктер 1933жылдан бастап
Прага мектебімен бірлесіп Тіл білімі жөніндегі еңбектер атты журнал
шығарып тұрған. Журнал структуралистердің халықаралық органы деп
жарияланды. Осы журналдың бірінші санында жарияланған глоссематик Вигго
Брендальдің Структуралды лингвистика деген мақаласы мен Ельмслевтің
кейініректе жарияланған Лингвистикадағы структуралық талдау әдісі, Тіл
теорияларының негіздері, Тіл теориясына кіріспе деген мақалаларында
глоссематиканың негізгі ұстанған бағыттары кең баяндалған.
Дескриптивтік мектеп үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарында Америкада
қалыптасқан. Мектепті қалыптастырушылар және АҚШ тіл білімінің классиктері
профессорларЭдурад Сепир (1884-1939), Леонард Блумфилд (1887-1949). Бірақ
структурализмді қалыптастыруда екеунің атқарған ролі мен ұстанған
принциптері бір емес. Сондықтан бұл екеуі қазіргі АҚШ тіл біліміндегі-
этнографиялық, структуралық деп аталатын екі мектептің дем берушілері болып
саналады.
Америка структурализмі дескриптивтік мектеп немесе дескриптивтік әдіс
деп аталады. Бұл әдіс бойынша тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі, статикалық
қалпы эмпирикалық тәсіл бойынша сипатталады, ондағы өзгеріс-құбылыстар,
даму, тарихы дегендер ескерілмейді.
Дескриптивтік мектеп-тілдік текстерді талдаудың әдіс-тәсілдерін
қалыптастыру, жетілдіру, лингвистикалық терминдерді айқындау мәселелеріне
ерекше мән береді.
Америка структуралистеріне бірден-бір материал болған және сол әдісті
дүниеге келуіне себепші болған индеецтер тілдерін ең алғаш зерттеген адам
–Американың көрнекті тіл ғалымы белгілі антрополог Франц Боас (1858-1942).
Л. Блумфилд өз зерттеулерінде бихевиоризмдік психалогияның
концепцияларын басшылыққа алды. Бұларша, психология тек мінез -құлықты ғана
зерттеу керек, ал мінез-құлық дегеніміз-организмнің сыртқы реакциясының
жиынтығы, реакция қоршаған орта туғызатын стимулдар арқылы механистік
жолмен пайда болады.
Дескриптивистер тіл –ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі
дейді де, тіл білімін металингвистика, микролингвистика деп екі салаға
бөледі.
Металингвистика сөздік мінез-құлықтың сыртқы жағын зерттейді. Ол
этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, менталингвистика,
фонетика, паралингвистика,деп аталатын салаларды қамтиды.
Микролингвистика сөздік сигналдарды сипаттайды, бірақ оны сипаттағанда
металингвистикалық жайттарға, яғни сыртқы өмірмен байланысқа, тарих
мәселелеріне, тілдің семантикалық жағына көңіл аудармайды, оның материалдық
жағын ғана зерттейді.
Логикалық бағыт – тілді ойлауға және логика мен философиядағы әр
түрлі ағымдар мен концепцияларға қатысты зерттейтін көзқарастар жиынтығы.
19 ғасырдың 1 жартысындағы философиялық тіл білімі логикалық және
психологиялық бағыттардың қарама-қарсы дамуынан көрінеді. Бұл екі бағыттың
екеуі де грамматиканың формалдық және семантикалық жағына көңіл аударды.
Бірақ ол жайындағы көзқарастары қарама-қайшы болджы. Логикалық бағыттын
негізгі мақсаты – ойлаудың танытқыштық қызметін, логикалық категориялар мен
тілдік категориялар арасындағы қарым-қатысты зерттеу, тілдік
категориялардың логикалық сипатын айқындау. Бұлардың пікірінше, логикалық
категорияларға жататын ұғым, байымдау, субъект, предикат пен тілдік
категорияларға жататын сөз, сөйлем, бастауыш, баяндауыш сияқтылар арасында
үндестік, бірлік бар. Алдыңғы логикалық категориялар соңғы тілдік
категориялар арқылы жарыққа шығады: ұғым – сөз, байымдау - сөйлем, субъект
- бастауыш, предикат - баяндауыш арқылы т.б.
Психологиялық бағыт. Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге
келген бағыт психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі психологизм 19
ғасырдың орта кездерінен бастап қалыптаса бастады. 19 ғасырдың екінші
жатысындағы көрнекті тіл ғалымдарының көбі осы бағытты жақтады. Тіл
психологиясының нысаны – адамдардың сөйлеу әрекетінде болатын психикалық
процестер. Тіл психологиясын қалыптастырушылардың ең бастылары қатарына
Берлин университетінің прфессоры Гейман Штейнтальды (1823-1899) жатқызуға
болады. Кейініректе Штейнтальдың көзқарасын Харьков университетінің
прфессоры Александр Потебня (1835-1891), неміс ғалымдары Вильгельм Макс
Вундт (1832-1920), Герман Пауль (1846-1921), тағы басқалар қолдады. Тілдік
құбылыстарды психологиялық тұрғыдан сөз ету – 19 ғасырдағы лингвистердің
көпшілігінде болды және бұл бағыт тілдік философия ретінде әр түрлі
көзқарастағы ғалымдардың, мектептердің басын біріктірді.
Психологиялық бағыттағылар өз ішінен индивидуалистік
психологизм, әлеуметтік психологизм деп аталатын екі бағытқа жіктеледі.
Индивидуалистік психологизмнің ең көрнекті өкілі Герман Пауль.
Бұл бағыт тіл біліміндегі натуралистік және логикалық бағыттарға қарсы
күресе отырып, тілдік құбылыстардың барлығын жеке адамдардың сөйлеу және
психикалық ерекшеліктеріне, олардың ой-санасындағы өзгеріс-құбылыстарына
тәуелді етеді. Жалпы халық тілі, біртұтас ұлт тілі деген – жалған сөз. Тіл
жеке индивидуумдікі. Сондықтан тіл білімінің міндеті – индивидуумның тілін
зерттеу. Индивидуумның тілін, психикалық құбылысын зерттеу арқылы тұтас
халықтың, ұлттың рухани өмірінің заңдылығын ашуға болады деп қарайды.
Әлеуметтік психологизм теориясын негіздеуші, оның ең көрнекті
өкілі Гейман Штейнталь. Оның тіл мәселелерін психологиялның заң-ережелеріне
негіздеп шешетін концепциялары Грамматика, логика, психология және
бұлардың принциптері мен өзара қарым-қатынастары (1855), Психология мен
тіл біліміне кіріспе (1881), Тілдің шығуы (1851) деп аталатын т.б.
еңбектерінде баяндалған.
Натуралистік немесе биологиялық бағыт. Натурализм латынның
натура (жаратылыс) деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде
көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда 19 ғасырдың екінші жартысында Дарвин
ілімінің әсерінен пайда болды.
Ғылымда натуралистер деп аталатындар – қоғамдық құбылыстарды
зерттеуде жаратылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп
шешуге ұмтылушылар. Тіл біліміндегі натурализм көрнекті неміс ғалымы,
Россия Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Август Шлейхер (1821-1869)
есімімен байланысты. Август Шлейхер - салыстырмалы-тарихи тіл білімінде тіл
философиясын қалыптастырушылардың, тіл фактілерін салыстыруда дыбыс
құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап етушілердің,
үндіеуропалық ататілді мүсіндеушілердің, тілдердің типологиялық ұқсастығы
мен генеалогиялық бірліктерін жан-жаұқты талдаушылардың ең көрнектілерінің
бірі. Ол славян, балтық, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикаларын
жазудағы зерттеулері арқылы тіл білімін теориялық жағынан дамытты, оның
бағыт-бағдарына едәуір ықпал жасады. Салыстырмалы-тарихи әдісті жетілдіре,
оның нысанын айқындай түсумен бірге, Август Шлейхер 19 ғасырда туған тіл
философиясының да көрнекті өкілі болды. Көптеген пайдалы істерімен қатар ол
тіл біліміне бірсыпыра концепциялар да енгізді. Ол тіл білімінде
натуралистік көзқарасты қалыптастырды. Оның натуралистік көзқарасы
Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу, Неміс тілі, Дарвин теориясы және
тіл білімі дейтін еңбектерінен толық көрінеді.
Жас грамматикалық бағыт. Жас грамматикалық бағыт
(младограмматизм) 19ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш
Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден
табылып, өте тез өркен жайды. Францияда М.Бреаль, Швейцарияда Ф.де Соссюр,
Америкада Уитни, Италияда Г.И.Асколи, Россияда Ф.Ф. Фортунатов бастаған
Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан
лингвистикалық мектептері болды.
Бұл ағым өкілдері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өздеріне
дейінгі өкілдерін бұлар – жорамалға толы қапырық шеберханада үнді-
еуропалық ататілді мүсіндеушілер деп кекетіп, тіл ғалымдарын сол сасық
шеберхананы тастап, жаңа жол табуға шақырған болатын. Олардың осы
қызбалықтарына, албырттықтарына қарап, неміс лингвисі Ф.Царнке оларды жас
грамматистер деп әжуалаған еді. Осы әжуа ат бірте-біртелингвистикалық
мектептің аты болып қалыптасты.
Жас грамматистік көзқарасты қалыптастырушылар Бругман, Остгоф,
Дельбрюк, Пауль, т.б. Лейпциг университетінің тіл ғалымдары болғандықтан,
кейін ол Лейпциг лингвистикалық мектебі деп аталады.
Жас грамматистер мектебі өз зерттеулеріне екі түрлі принципті
негіз етті. Оның бірі – тарихи принцип те, екіншісі – психологизм принципі.
Осы себептен де жас грамматикалық бағытты кейде психологиялық салыстырмалы-
тарихи тіл білімі деп те атайды.
Мәскеу лингвистикалық мектебі. Мәскеу лингвистикалық мектебін
19ғасырдың 70-80жылдарында Мәскеу университетінің ғалымдары қалыптастырды.
Оны басқарған сол кездегі орыс тілі білімінің көрнекті ғалымдарының бірі –
академик Филипп Федорович Фортунатов (1848-1914). Ол Германияда, Францияда,
Англияда болып, жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын
тыңдаған, өзі де осы бағытты қуаттаған, компаративистиканың Россиядағы
көрнекті өкілі болған, Үндіеуропа тілдерінің фонетикасын, морфологиясын
зерттеп, бұл салада біраз еңбектер берген.
Бұл мектеп құрамында орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері
академик Алексей Александрович Шахматов (1864-1920), Александр Матвеевич
Пешковский (1878-1933), т.б. болды.
Мәскеу лингвистикалық мектебі, негізінде Лейпциг жас
грамматистерінің Россиядағы қолдаушылары болды. Бұлар да индивидуалдық
психолингвизмді өздерінің методологиялық негізгі принципі деп санады.
Лейпциг мектебі сияқты бұлар да тілдің фонетикалық заңын өз зерттеулеріне
әрдайым есепке алып отыруға ерекше мән берді. Бұлардың концепциялары, көп
жағдайда психологизм принципіне негізделді.
Мәскеу лингвистикалық мектебі лингвистикалық бағыт ретінде 20
ғасырдың 30-жылдарына дейін, Н.Я. Маррдың Тіл туралы жаңа ілім деп
аталатын мектебі үстемдік алғанға дейін өмір сүрді.
4. Қазан лингвистикалық мектебі. Бұл Қазан қаласындағы
университетте 19 ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған дем беруші – поляк-
орыс тіл ғалымы, Қазан университетінің профессоры Иван Александрович
Бодуэн де Куртенэ (1845-1929). Ол жалпы тілдік теориялық мәселелермен
көбірек айналысқан.
Структуралық тіл білімі.
20 ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген тілдік мектептердің ең
көрнекті және кең тарағандарының бірі – структуралық тіл білімі деп
аталатын бағыт.Бұл мектеп салыстырмалы – тарихи тіл біліміне, оның бір
бұтағы жас грамматикалық мектепте қарсы бағытта туып қалыптасты.
Структуралық тіл білімінің немесе структуралық әдістің
дүниеге келуінің ішкі – сыртқы себептері бар.Ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Хіх ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар
ХХ ғ тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар
XIX ғасырдағы тіл білімі
Аударма ісі
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Тарихи грамматика мен салыстырмалы тарихи тіл білімінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері. Салыстырмалы тарихи тіл білімінің қалыптасу тарихы
Тіл білімі тарихындағы негізгі кезендер
Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде
Пәндер