Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау. Инфекциялық ауру анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар.
Орындаған: Кайратов М. К.
Тексерген: Доцент Оразалиева С. Б.
Тобы: ВС-203
Семей қ. - 2015ж.
ЖОСПАР:
I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау.
- Инфекциялық аурулар табылған жағдайда қолданылатын іс-шаралар.
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
I КІРІСПЕ
Жануарларды көлікпен тіпті ұшақпен де тасымалдауға бола ма?! Қазіргі таңда асыл тұқымды жануарларды шетелден елімізге әкелуде. Осыған орай сәйкесінше жануарларды тасымалдаудың да өзіндік бір талаптары болады. Яғни жануарларды тасымалдау барысы ветеринариялық-санитариялық сонымен қатар гигиеналық белгіленген талаптарға нормаға сәйкес жүргізілуі шарт.
Жануарларды тасымалданбас бұрын оларды арнайы дайындықтан өткіземіз. Тасымалдау барысында жануарлар күйзеліске ұшырауы мүмкін. Сонымен қатар әртүрлі жарақаттар алуы мүмкін, және де ауру малды немесе әлсіз малды тасымалдауға болмайды. Сол себепті жануарларды тасымалданбас бұрын арнайы дайындықтан өткізген дұрыс.
Қазақстан Республикасының ветеринария заңы бойынша темір жол, әуе, су, автокөлік арқылы тасымалдау тек қана жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтан алынған, клиникалық тексерістен өткен жануарлар ғана, ал табындық және қолданылатын жануарлар, диагностикалық зерттеулерден өңдеуден өткен соң жіберіледі. Басқа аудандарға сатылуға жіберілетін табындық жануарларды профилактикалық оқшауға қояды, ол мерзімде диспансеризация өткізіледі, 3 күннен кем емес аралықта жануарлар тасымалдау кезіндегі азықтандыру режиміне бейімделу қажет, ал союға дайындалатын жануарларды 4-5 күннен кем емес аралықта транспорттық режимге ауыстыру керек.
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау.
Әрбір жануар ұсталынатын мемлекеттік мемекемелерде жануарларды тасымалдау жағдайы қарастырылған. Қандайда бір тасымалдау шарты белгіленген шартқа сәйкес яғни мемлекеттік стандартқа, нормаға, тәртіпке сондай-ақ гигиеналық іс шаралардың қатысуымен іске асырылады.
Жануаларды тасымалдау көліктері:
- Автокөлік арқылы;
- Теміржол арқылы;
- Кеме және әуе жолы арқылы тасымалдауға болады .
Әрбір тасымалдың өзінің жақсы жақтары сонымен қатар өмір заңына сәйкес кемшіліктері де болып жатады. Жануарларды айдағаннан көлік арқылы тасымалдау анағұрлым тиімді әрі уақыт үнемі болып табылады.
Жануарларды тасымалдауға дайындау барысы
Ет кәсіпорындарына малдарды тасымалдау үшін, оларды шаруашылықта алдын-ала арнайы дайындықтан өткізеді. Әр топты тасымалдау көлігіне тиелеуге тиісті мал басының санына қарай топтайды және оларды кемінде 10-14 күн бойы бөлек күтеді. Азықтандырылуы көлікте берілетін рационға сәйкес болуы керек. Малдарды тасымалдау әр мал тобына арналған тиісті ресми құжаттар дайын болғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Ветеринариялық куәлікті белгіленген тәртіп пен нұсқа бойынша жергілікті малдәрігерлік орын береді. Ауданның бас мал дәрігері бұл құжатты беруге құқы бар адамдарды анықтайды. Ветеринариялық куәлік берілген күннен бастап 3 тәулік бойы жөнелту орнынан құжатта көрсетілген ет өңдеу кәсіпорындарына дейіңгі аралықта ғана күшін сақтайды. Өнім - көлік жолдамасы 3 дана жасалады. Құжатты бірі шаруашылықта, ал қалған екеуі жолбасшыға беріледі. Оның біреуі жабық конвертке салынып сыртынан мөр соғылады да, ет өңдейтін кәсіпорнына тапсырылады.
Транспорттық ветеринариялық қадағалау тасымалдауға дейін жануарларды тексеріп қараудан өткізіп, келесі ауруға зерттеулер өткізілуін қадағалау керек:
- ірі қара малды- бруцеллез, туберкулез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, хламидиоз, паратуберкулез, трихомоноз ауруына;
- қойларды-бруцеллез, листериоз, вирустық іш тастау;
- ешкілерді- бруцеллез, лептоспироз, инфекциондық эпидидимит, туберкулез, меди-висна, аденоматоз, энцефалит-артрит, листериоз, блутанг, паратуберкулез, хламидиоз;
- шошқаларда- классикалық шошқа обасы, репродуктивті-респираторлы синдром, бруцеллез, туберкулез, лептоспироз, Ауески ауруы, хламидиоз, вирусты трансмиссивтік гастроэнтерит, шошқа тұмауы, атрофиялық ринит, парвовирусты инфекция, шошқаның везикулярлы ауруы;
- жылқыларды-маңқа, киеңкі, сурру, бруцелез, инфекциондық метрит, инфекциялық анемия, туберкулез, стоматит, вирусты артерит.
Малды тасымалдауға қажетті теміржол вагондарын сұраныс бойынша алады. Малдарды тиеуге кем дегенде тәулік бұрын, тиелетін жүктің сипаты мен қажетті вагон саны көрсетілген сұранысты тиеу станциясының кеңсесіне береді. Вагондарға сұраныс әр түрлі малдардың тиеу мөлшеріне байланысты беріледі.
Көліктерге ережелерде көрсетілген деңгейден артық мал тиеуге болмайды, ал аз мал тиеу экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып саналады. Малдарды тасымалдауға арнайы 2 және 4 білікті вагондар немесе автокөліктер бөлінуге тиісті.
Кесте 1. Малдардың өлшемі.
Жануарларды тасымалдауға арнайы 2 және 4 білікті вагондар бөлінеді, олар көлікке қойылатын барлық зоогигиеналық, ветеринариялық - санитариялық талаптарға сәйкес болуы керек.
Малдарды тасымалдау әр мал тобына арналған тиісті ресми құжаттар дайын болғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Ветеринариялық куәлікті белгіленген тәртіп пен нұсқа бойынша жергілікті малдәрігерлік орын береді. Ауданның бас мал дәрігері бұл құжатты беруге құқы бар адамдарды анықтайды. Олардың аты - жөндері бар ауылшаруашылығы департаменті бекіткен бұйрық транспорттық малдәрігерлік-санитариялық бөлімдерде және ет өңдейтін кәсіпорындарында болуға тиісті. Малдәрігерлік куәлік берілген күннен бастап 3 тәулік бойы және жөнелту орнынан құжатта көрсетілген ет өңдеу кәсіпорындарына дейінгі аралықта ғана күшін сақтайды.
Темір жол, су, автокөлік, әуе жолдары арқылы жұқпалы аурулар кездескен шаруашылықтан әкелінген жануарларды тек клиникалық тексерістен өткізген соң тасымалдауға болады.
Тасымалдау кезінде болатын ақаулықтар немесе туындайтын аурулар:
Ірі қара малының вагондық ауруы.
Оның этиологиясы: ұзақ жолдың салдарынан, нашар вентиляциядан, жоғары температурадан, вагондардың малға нық толып кетуінің салдарынан спецификалық көліктік (вагондық) ауру туындайды.
Аурудың салдарынан организмде болатын өзгерістер:
- Кілегей қабықтарындағы гиперимия байқалады;
- Тыныс алудың және тамыр соғысының тежелуі байқалады;
- Ауыр жағдайда әлсіздік туылған кездегідей парез белгілері де байқалады;
- Қалыпты дене температурасында әлсіздік туындайды.
Белгіленген жерге жеткізіліп, вагондардан түсірілгеннен кейін 2-3 сағаттан соң жоғарыда айтылған белгілер тоқталады немесе жойылып кетеді.
Ірі қара малының көліктік лихарадкасы
Этиологиясыя: ірі қара малын суық мезгілде малды тасымалдағанда туындайды.
Қоздырушысы: фильтрациялық вирус.
Организмде болатын процесс: мұрынның кілегей қабығының гиперимиясы және конъюнктивтер байқалады, жөтел және сілекей ағуы байқалады, дене температурасынің жоғарылуы байқалады.
Аурудың жүру уақыты: 7-10 күн.
Жануарларды тасымалдау кезінде мемлекеттік бақылау жүргізу шарты
Тасымалдау барысында ветеринариялық паспорт болуы керек - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;
Тасымалданатын объектіні Қазақстан Республикасының ішінде орнын ауыстыру кезінде иесі инспекторға, тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторға өтінініш берген күні ветеринариялық сертификат беріледі не жазбаша түрде дәлелді бас тартылады.
Иесі ветеринариялық сертификатты алу үшін инспекторға, тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға орны аустырылатын (тасымалданатын) объектінің орнын ауыстыруды (тасымалдауды) болжамды бастау күніне дейін мыналарды көрсете отырып, жазбаша өтінішпен (еркін нысанда) өтінеді:
- жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, мекен жайы, жануардың (балықтардан, аралардан, қосмекенділерден, жәндіктерден басқа) және жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың орнын ауыстыру кезінде -жануардың жеке нөмірі;
- заңды тұлғалар үшін - атауы, БСН, мекен жайы, ведомство берген өндіріс объектісінің есептік нөмірі, жануардың (балықтардан, аралардан, қосмекенділерден, жәндіктерден басқа) және жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың орнын ауыстыру кезінде - жануардың жеке нөмірі;
- орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы;
- орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оның өлшем бірлігі;
- орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті тасымалдау кезінде пайдалануы болжанған көлік түрі;
- орны ауыстырылатын (тасымалданатын) обьектінің жүріс маршруты;
- орнын ауыстыру мақсаттары (тірі жануарлар үшін - өсіру және күтіп бағу, сату, етке сою; өнім мен шикізат үшін - өткізуге, қайта өңдеуге; жемшөп және жемшөп қоспалары үшін - ол арналған жануарлардың түрі) ;
- орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (қайта өңдеуді, өткізуді) жүзеге асыратын өндірістік объектілерді және олардың есептік нөмірін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы межелі пункті.
- Инфекциялық аурулар табылған жағдайда қолданылатын іс-шаралар.
«Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шар
аларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу, обаның және тырысқақтың эпидемиялық ошақтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
Ауруға және жұқпалы ауруға күдікті жануарларды тасымалдау кезінде арасынан ауру жануарлар табылған кезде, ветеринариялық инспекторлар міндетті түрде тез арада ауру жануарларды басқа малдардан бөлектеп, ауру малдар табылғаны туралы ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабар беріп, ветеринария саласындақолданылатын нормативті құқық актілеріне сәйкес шара қолданылады.
Ауру сипатына қарай жекелеген малдар немесе барлық тасымалдаудағы жануарлар, карантинге, алдын алу шараларына, емдеуге жататын болса, ветеринариялық инспекторлары, ауданның, облыстың, республиканың бас ветеринариялық инспекторларының нұсқауларымен, бөлектеп ұстау және емдеу, аурудың алдын алу шараларын ұйымдастырады. Ауру сипатына қарай жануарлар сойылатын болса, оны ветеринариялық инспекторларының бақылауымен, жақын жерде орналасқан ет комбинатының санитарлық сойыс орнына жеткізеді. Ауруға ұшыраған жануарларды ұстайтын немесе сойылатын жерге жеткізілуі, қоршаған ортаға жұқпалы аурулардың таралмауын, жоғарыда көрсетілген ветеринария саласында қолданылатын нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.
Ауру жануарлар тасымалданған вагондарға, кемелерге, қайықтарға, ұшақтарға, автокөліктерге, алаңдарға, платформаларға, қораларға, сонымен қатар ауру жануарлармен жанасқан аспаптарға, қызмет етушілердің киім, аяқ киімдеріне, ветеринария саласында қолданылатын нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, міндетті түрде дезинфекция жүргізіледі.
Ауру, жұқпалы ауруға күмәнді жануарлар табылған сәтте, ветеринариялық инспектор міндетті түрде мыналарға хабарлау керек:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz