Табиғи фонды сәулелену мөлшері жайлы ақпарат



Кіріспе 3
Табиғи радиациялық фон (ТРФ) туралы түсінік 4
Табиғи радиациялық фонның деңгейлері 5
Адамның сәулеленуін регламенттеу 7
Радиациялық гигиена 13
Қорытынды 19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 20
Осы өздік жұмыста табиғи фонда сәулелену мөлшері туралы қарастыратын боламын, қысқаша айта кетсем: Радиацияға күнің сәулесі, ғарыштық сәуле, Жердің табиғи радиактивтік заттарының сәуле шығаруы және жасанды радиоактивті изотоптар жатады.
Ғарыштықсәулелері және Жердің радиактивтік заттарының сәулеленуі табиғи радиациялық фон құрады. Табиғи радиациялық фон Жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктерге, жануарларға, адамға және өсімдіктерге әсерін тигізеді. Оны зерттейтін ғылым саласын гелиобиология дейді.
Жердің табиғи радиактивтік заттарының сәуле шағаруы барлық химиялық заттарға байланысты болмайды. Әр түрлі элементтердің табиғи 50 радиоактивті изотобы бар. Көпшілік элементтердің тек біразы ғана радиоактивті. Кейбір химиялық элементтерде тұрақты изотроптар жоқ, олар түгелдей радиоактивті, мысалы, уран, торий, радий, полоний және т.б. Бұлардың атомдарының ядросы өздігінен ыдырап, гамма- кванттың және корпускулярлық сәуленеді. Табиғи радиациялық фон – бұл, қоршаған ортаның ажыратылмайтын бір бөлігі (фактор).
1«РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК»: Оқу құралы/Жилгильдинов Ж.С., Дьячков В.В., Рахимжанова Л.А., Турысбекова Б.Ш., Рахимбердина А.Т. – Семей, 2012. – 70 б
2 «Радиация және өмір» З.Ж.Асқарова, Алматы, 2000.
3 Жаханов А. Радиациялық экология: оқулық / А. Жаханов. — Алматы: Эверо, 2011. —292 б.

ҚАЗАҚСТЫН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультеті
Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы

СОӨЖ

Тақырыбы: Табиғи фонды сәулелену мөлшері

Орындаған: Серікқан Е.Е.
Топ: ТФ-205
Тексерген: Нургалиев Д.Н.

Семей 2015
Мазмұны

Кіріспе 3
Табиғи радиациялық фон (ТРФ) туралы түсінік 4
Табиғи радиациялық фонның деңгейлері 5
Адамның сәулеленуін регламенттеу 7
Радиациялық гигиена 13
Қорытынды 19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 20

Кіріспе

Осы өздік жұмыста табиғи фонда сәулелену мөлшері туралы қарастыратын боламын, қысқаша айта кетсем: Радиацияға күнің сәулесі, ғарыштық сәуле, Жердің табиғи радиактивтік заттарының сәуле шығаруы және жасанды радиоактивті изотоптар жатады.
Ғарыштық сәулелері және Жердің радиактивтік заттарының сәулеленуі табиғи радиациялық фон құрады. Табиғи радиациялық фон Жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктерге, жануарларға, адамға және өсімдіктерге әсерін тигізеді. Оны зерттейтін ғылым саласын гелиобиология дейді.
Жердің табиғи радиактивтік заттарының сәуле шағаруы барлық химиялық заттарға байланысты болмайды. Әр түрлі элементтердің табиғи 50 радиоактивті изотобы бар. Көпшілік элементтердің тек біразы ғана радиоактивті. Кейбір химиялық элементтерде тұрақты изотроптар жоқ, олар түгелдей радиоактивті, мысалы, уран, торий, радий, полоний және т.б. Бұлардың атомдарының ядросы өздігінен ыдырап, гамма- кванттың және корпускулярлық сәуленеді. Табиғи радиациялық фон - бұл, қоршаған ортаның ажыратылмайтын бір бөлігі (фактор).

Табиғи радиациялық фон (ТРФ) туралы түсінік

Иондаушы сәулелену (ИС), бұл адам синтездеген көптеген химиялық заттар сияқты, бұрын табиғатта болмаған, адамға әсер ететін қандай да бір жаңа фактор емес. Адамды қоса есептегенде, әрбір тірі ағза, жеке өмір сүруі кезінде (онтогенез) және бүкіл тірі табиғаттың дамуы барысында (яғни филогенез үрдісі) табиғи радиациялық фон деп аталатын, ИС әр түрлі табиғи көздерінен сәулеленуге ұшырайды. Табиғи радиациялық фон - бұл, қоршаған ортаның ажыратылмайтын бір бөлігі (фактор). Табиғи радиациялық фонды зерттейтін ғылым гелиобиология деп аталады.
Гелиобиология (грек. Helіos -- Күн және биология) -- Күн әсерінен Жер биосферасында болатын табиғи құбылыстарды зерттейтін биофизиканың бір саласы.
Ғалымдардың ТРФ-ға қызығушылығының пайда болуына салыстырмалы түрде көп уақыт өткен жоқ, негізінен, адам атом энергиясын басқаруды үйренгеннен кейін пайда болды және ол кездейсоқ болған жоқ. Атом энергиясын пайдаланудың ауқымы кеңіген сайын, ИС-тің әр түрлі көздерінен сәулелену әсеріне ұшырайтын адамдар саны көбеюде. Сондықтан, ИС-тің қауіптілігін бағалау және сәулеленудің әсер ету шегін орнату кезінде, сәулеленудің әр түрлі табиғи көздерінен сәулеленуге ұшырау деңгейін және сипатын білу өте маңызды. Бірақ, ТРФ тірі ағзалар тіршілігіндегі ролі әлі соңына дейін анықталған жоқ. Кейбір зерттеушілер, аз дозаларда сәулеленуге ұшыраудың пайдалы рөлі туралы айтады, яғни оның өмір үшін маңызды үрдістерді ынталандыратын әсері (гормезис құбылысы) туралы айтады. Эксперименттік бақылауда әлі де жеткілікті дәрежеде дәлелденбеген бұл көзқарас, радиациялық фактордың адам денсаулығына да, басқа да жануарлар мен өсімдіктердің ағзасына да ешбір қолайлы әсері жоқ деген қазіргі кездегі көзқарасқа сәйкес келмейді. БҰҰ атом радиациясының әсері жөніндегі ғылыми комитеттің (АРӘҒК) және ХРҚК мәліметтері бойынша, радиациялық фактордың, тіпті фон деңгейінің өзінде, адам денсаулығы үшін азда болса, қауіп-қатері бар екені көрсетілген. В.А. Книжниковтың айтуы бойынша, ТРФ есебінен қатерлі ісіктен өліммен аяқталу қауіп-қатері, шамамен 1 % құрайды. Сол сияқты, обырдың спонтанды пайда болуы мен тұқым қуалайтын аурулардың бір бөлігі осы табиғи көздерден сәулеленуге ұшыраумен байланысты болуы мүмкін. Бұлардың барлығы оларды жете зерттеуді қажет ететіндігінің айғағы. ТРФ ерекше айырмашылығы-жер бетіндегі барлық халыққа түгел әсер етуі және ұзақ уақыт бойына оның деңгейінің салыстырмалы түрде тұрақты болуы. Сонымен бірге, табиғи сәулеленудің әсер ету деңгейлерінің әр түрлі аймақтарда және теңіз деңгейінен әр түрлі биіктікте, бір-бірінен едәуір айырмашылығы бар.

Табиғи радиациялық фонның деңгейлері
Жер шарында табиғи радтоактивтік заттар әр түрлі деңгейде болады. Жазық далада табиғи радиациялық фонның деңгейі төмен, таулы жерде - жоғары, уран рудасы бар жерде және уран рудниктерінде -- өте жоғары.
Космос сәулелері және Жердің табиғи радиоактивтік заттары - радиация фонын құрады.
Галактикалық ғарыш сәулелерінің, құрамында протон ағымдары 85%, альфа-бөлшегі, яғни гелий 13-14%, электрондар және гамма -- кванттары бар. Сол сәуле бөлшектерінде энергия өте жоғары. Жердің радиациялық белдеуі сыртқы және ішкі зоналардан тұрады. Ішкі зонасында 40 Мэвтен астам энергиясы бар электрондардан тұрады. Бұл энергия атмосфера қабатынан өткеннен соң Жер бетінде байқалады.
Күннің ғарыштық сәулелерінің құрамында протондар және альфа- бөлшегі бар.
Ғарыштық сәулелері және жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәулеленуі табиғи радиациялық фон құрады. Табиғи радиациялық фон Жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктерге, жануарларға, адамға және өсімдіктерге әсерін тигізеді.Оны зерттейтін ғылым саласын гелиобиология дейді.
Жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы барлық химиялық заттарға байланысты болмайды. Әр түрлі элементтердің табиғи 50 радиоактивті изотобы бар. Көпшілік элементтердің тек біразы ғана радиоактивті. Кейбір химиялық элементтерде тұрақты изотоптар жоқ, олар түгелдей радиоактивті, мысалы, уран, торий, радий, полоний және т.б. Бүлардың атомдарының ядросы өздігінен ыдырап, гамма - кванттық және корпускулярлық сәулеленеді.
Изотоптар деп бірдей қасиеттерімен, бірақ атомдық салмақтары әр түрлі химиялық элементтерді айтады грекше - изос - бірдей, тең; топос - орын. Мысалы, уран 235 және уран 238 - изотоптар.
Изотоптар ядрода нейтрондар санының әр түрлі болуына байланысты өзара айырмашылығы бар атомдар. Оларда пратондардың саны бірдей. Мысалы, темір атомының ядросында 26 протон бар, ал нейтрондар саны 54 және 61. Изотоптарда 28-54\26-ге\ден 35\61\26-ге дейін болуы мүмкін.
Атомның және атом ядросысының құрылысын анықтап, зерттеу ядролық құбылыстар заңын ашып, ядролық реакцияларды жүргізіп, жасанды радиоактивтік изотоптар алуға мүмкіндік берді.
Ядродағы құбылыстық айналымды зерттеу атом ядросының тау-сылмас энергия бұлағы екенін көрсетті. Бұл энергия ядролық реакция кезінде ядролық сәлелену бөлініп отырады.
Ең алғаш 1942 жылдың желтоқсан айының 2 күні өту құбылысын басқаруға мүмкіндігі бар тізбектелген реакция алынды. Бұл күні атақты физик Энрико Ферми жасап шығарған бірінші ядролық реактор өзінің жұ-мысын бастады. Осы күннен атом энергиясын бейбітшілік және соғыс мақсатында практикалық қолдану басталды.
Физика оқымыстылары және инженерлер атом энергиясын пайдалануды зерттеп ұсынғандығы мақсатты -- қазба отын түрімен бәсекелесуге қабілетті қауіпсіз және сенімді энергия көзін жасау болды.
Ядролық реакторды қолдану арқылы кез келген химиялық элементтің және Жер қабатында жоқ элементтердің изотобын жасау мүмкін болды.
Жасанды радиоактивтік изотоп биологияда және медицинада жиі қол-данылады. Оны қолдану тәсілдерін изотоптық тәсіл \изотопный метод\ және таңбаланған атомдар тәсілі \метод меченых атомов\деп атайды.

Адамның сәулеленуін регламенттеу
Радиациялық қауіпсіздік ретінде адамдардың қазіргі және болашақтағы ұрпағы, материалдық құралдар және қоршаған ортаның иондаушы сәуле шығарудың зиянды әсерінен қорғалған күйі түсіндіріледі. Кестеде эффекттің адамның қысқа уақыттағы сәулелену дозасынан тәуелділігі берілген.
Радиациялық қауіпсіздік Радиациялық қауіпсіздік туралы Заңынан басқа НРБ-99 регламенттеледі.

1-кесте. Эффекттің адамның біреселі (қысқа уақыттағы) сәулелену дозасынан тәуелділігі.

Доза
Әсері
Грей
Рад

50
5000
Орталық жүйке жүйесінің зақымдануының табалдырық дозасы (электрондық өлім)
6,0
600
Минимал абсолютті-өлім дозасы
4,0
400
Орташа-өлім дозасы (50% тірілу дозасы)
1,5
150
Бірінші сәуле реакциясының пайда болу дозасы (сәулелену дозасына байланысты өткір сәуле ауруының төрт дәрежесіне бөлеміз: 100-200 рад - 1дәр., 200-400 рад - 2 дәр., 400-600 рад - 3 дәр., 600 рад астам - 4 дәр)
1,0
100
Клиникалық эффекттердің табалдырығы
0,1
10
Гендік мутацияның екі еселену деңгейі

НРБ-99 негізгі бөлімдері келесіге келтірілген.
НРБ-99 талаптары иондаушы сәуле шығарудың адамға әсерінің келесі түрлеріне таралады:
а) радиациялық апат кезінде халық пен жұмыскерлердің сәулеленуі;
б) иондаушы сәуле шығарудың техногендік көздерін қалыпты эксплуатациялау жағдайында халық пен жұмыскерлердің сәулеленуі;
в) иондаушы сәуле шығарудың табиғи көздерінен өндіріс орындарының жұмысшылары мен халықтың сәулеленуі;
г) тұрғындарды медициналық сәулелену.

НРБ талаптары сәулеленудің әрбір түріне жасалған.
НРБ талаптары жылдық эффективті дозасы 10 мкЗв (1 мбэр) және ұжымдық жылдық дозасы 1 адам - Зв аспайтын иондаушы сәуле шығару көздеріне, және осы көздердің кез-келген жағдайдағы қолданылуына, сонымен қатар жер бетіндегі космостық сәуле шығаруға, алам ағзасында кездесетін калий-40 туатын сәулеленуге таралмайды. Автоматты түрде келесі көздер регламенттеуден босатылады: қалыпты эксплуатация жағдайында аппарат бетінен 0,1 м ара-қашықтағы кез-келген нүктеде эквивалентті доза қуаты 1 мкЗвсағ (0,1 мбэрсағ) аспайтын генераторлар; максимал энергиясы 5 кэВ аспайтын сәуле шығару генераторлары; меншікті және жиынтық активтілігі орнатылған нормадан аз радиоактивті заттар (НРБ арнайы бөлімдерінде берілген).
Терминдер мен анықтамалар қатары орнатылған. Олардың негізгі дозиметрлік шамалары мен бірліктері кестеде келтірілген.
Радиоактивті ластанудың төменгі шегі орнатылған.
Ол дегеніміз материалдың беті немесе ішінде немесе адам денесінде, ауада немесе т.б. жерлерде жеке дозасы 10 мкЗвжыл (1 мбэржыл) асатын сәулеленуге әкелетін техногенді радиоактивті заттардың бар болуын көрсетеді.
Сәулеленетін адамдардың келесі категориялары берілген:
а) қызметшілер (техногенді көздермен жұмыс істейтін адамдар - А тобы, немесе жұмыс жағдайы бойынша олардың әсеріндегі ортада болатындар - Б тобы);
ә) бүкіл халық, ортадан және өндірісі қызметінен тыс қызметшілердің ішіндегі адамдарды қосқанда);
сәулеленетін адамдардың барлық категориясына орнатылған нормативтердің үш класы бар:
а) негізгі дозалық шектер;
ә) негізгі дозалық шектердің туындысы болып табылатын монофакторлық (бір радионуклид немесе сәуле шығарудың бір түріне, түсу жолына) әсердің мүмкін деңгейлері: жылдық түсу шектері, мүмкін жарты жылдық көлемдік активтіліктер (ДОА) және меншікті активтіліктер (ДУА) және т.с.с.
Сонымен қатар, дозиметрлік өлшеулер приктикасында:
эффективті - ұжымдық, жарты ғасырлық және басқа дозалар;
көрсетілген бірліктердің ондаған бөліктері - дека, гекто, кило, мега, деци, санти, милли, микро және басқалары;
активтілік - меншікті (Бккг), көлемдік (мкКилитр), беттік (мкКисм2) немесе Кикм2 және басқалары.
б) бақылау деңгейлері (дозалар және деңгейлер) - Госсанэпиднадзор органдармен келісілген түрде ұйым (орган) әкімшілігімен орнатылады.
Сәулеленудің негізгі дозалық шектері. Негізгі дозалық шектер иондаушы сәуле шығарудың медициналық, табиғи және апаттық дозаларды қоспайды (2 кесте).

2-кесте. Негізгі дозалық шектер

Нормаланатын шамалар
Дозалық шектер

Қызметшілер тобы (А тобы)
Халық тобы
Эффективті доза
Жылына 20 мЗв (2 бэр) орташа кез-келген тізбекті 5 жыл үшін, бірақ жылына 50 мЗв (5 бэр) аспайтын
Жылына 1 мЗв (0,1 бэр) орташа кез-келген тізбекті 5 жыл үшін, бірақ жылына 5 млЗв (0,5 бэр) аспайтын
Жылына эквивалентті доза
Көз жанарында
Теріде
Алақан мен табанда

150 мЗв(15 бэр)
500 мЗв (50 бэр)
500 мЗв

15 мЗв(1,5 бэр)
50 мЗв(5 бэр)
50 мЗв

Адамдарға арналған сәулелену шектеулері:
техногенді көздерден - негізгі дозалық шектерден аспауы керек - 1 мЗвжыл;
тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жобалау кезінде бөлме ауасындағы радон мен торон изотоптарының жарты жылдық көлемдік эквивалентті дозасы А Rnэкв +Tnэкв 100 Бкм3, ал ашық жердегі -сәуле шығару дозасының қуаты 0,3мкЗвсағ аспауы керектігі ескерілуі қажет. Үлкен көрсеткіштер кезінде қорғаныс шаралары ұйымдастырылуы керек. Егер көрсеткіштер нормативтен жоғары болса, онда тұрғындарды көшіру (олардың келісімдерімен) және бөлмелерді қайта профильдеу немесе бұзу туралы сұрақ қойылады.
құрылыс материалдарындағы (шағыл, қиыршық тас, құм) табиғи радионуклидтердің меншікті эффективті активтілігі (Аэфф): 1 кластағы тұрғын және қоғамдық ғимараттар үшін - 370 Бккг; 2 кластағы халық қоныстанған жерлер мен құрылыстармен шектелген жолдарды салуда колданылатын материалдар үшін - 740 Бккг; 3 кластағы халық қоныстанған жерлерден тыс жерлерде жол құрылысында қолданылатын материалдар үшін - 2,8 кБккг;
ауыз суындағы табиғи радтонуклидтердің эффективті дозасы 0,2 мЗв аспауы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи фонды сәулелену мөлшері жайлы
Радиацияның тірі ағзаларға әсері және радиациялық қауіп
Сәулелі ауру және радиацияның адам ағзасына әсер етуінің басқа да салдары
Радиациялық экологияның теориялық негіздері
Зымыран тасымалдаушының ұшырулуынын қоршаған отаға әсері
Мәліметтерді жіберу желісінің классификациясы
Табиғи фонды сәулелену мөлшері
Сандық бейнебақылау жүйелеріннің жіктелуі
Радиотехникалық құрылғылардың электромагнитті сәйкестігін талдау
GSM стандартының жиілік жоспары
Пәндер