Ұжымдық қауіпсіздік жүйесіндегі Қазақстан Республикасы мен еқыұ байланысы


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . 3

  1. ЕҚЫҰ: ЕУРОПАҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ҚАУІПСІЗДІК АРХИТЕКТУРАСЫ. . 11ЕҚЫҰ құрылу тарихы мен қызметінің негізгі бағыттары. 11ЕҚЫҰ құрылымы 24
  2. ЕҚЫҰ жӘне ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС. . 35ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы қатынастардың орнау мен кезеңдері. 35ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы байланыстың негізгі бағыттары. 42Ұжымдық қауіпсіздік жүйесіндегі Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ байланысы 52

ҚОРЫТЫНДЫ . 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . 65


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының1 жаңа жеке халықаралық қатынастар субъектісі ретінде әлемдік аренаға шыққанына 10 жылдан астам уақыт өтті. Жас мемлекеттің құрылуы, әлемдегі өз орнын табуы үшін өткен жылдар маңызды және жемісті болды деп атап айтуға болады. Соғыстың аяқталғанына да біраз жыл өтті. Сол кездері мемлекеттер жаңа әлемді құра бастады, дәл сол жылдары БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқалар секілді жаңа халықаралық ұйымдар құрылды. Бірақ та бітімгершілік күштерді толығымен іске асыруға екі жүйенің қарама-қарсылығы мен жауығуы кедергі болды. Енді міне әлемдік қоғамдастық алдында іс жүзінде сол, тек біраз жаңартылған және неғұрлым гуманды міндеттер тұр. Қарама-қарсы тұру кезеңінен кейін сенім мен қауіпсіздікті сақтау, дамыған, дамушы, мемлекет ретінде тұрақталған, не жас елдер арасындағы қаныққан қатынастар негізінде құрылған жаңа әлемдік тәртіп орнату мүмкіндігі туындады. Біз үшін осы процестердің соңғы жылдары Қазақстанның тікелей қатысуымен болып жатқаны өте маңызды.

КСРО тарағаннан кейін оның құрамындағы одақтас республикалары, суверенді, тәуелсіз мемлекеттер бола отырып, Кеңестер Одағы қалаған жолдан тайқып, барлық адамзаттың жолымен жүруге бел буды. Қазақстан да, бұрынғы КСРО 15 одақтас республикасының бірі ретінде, шеттеп қалған жоқ, керісінше мемлекеттердің әлемдік қоғамдастығына кіруде бастамашылардың бірі болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан КСР Одағының тәуелсіз республикасынан суверенді, тәуелсіз мемлекет болды. Осы күннен бастап Қазақстан Республикасының жаңа мазмұнды, халықаралық құқықты субъектілігі басталады.

Интеграциялық процестер және интеграцияға ұстанымдар қазіргі кездегі әлем дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. “Бүкіл әлем интеграцияға, күштерді біріктіруге, қатынастарды дұрыс реттеуге ұмтылуда. Біздің алдымызда Еуропалық Қоғамдастық, араб мемлекеттерінің Лигасы, Австралиялық Одақ, оңтүстік америкалық мемлекеттер және тынық мұхиты аймағының бірлестіктері, басқа да көптеген қоғамдастықтар тәжірибесі тұр”- деп Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қоғам трнасформациялы стратегиясы және еуроазиялық қоғамның өркендеуі” атты кітабында атап өткен.

Осы жолға 50 жыл бұрын түсіп, еуропалық мемлекеттер күшті ұлттық бірлестіктерге айнала отырып, қалыптасқан “европеизм” идеологиясы құрылымымен экономикалық және саяси реттелетін жаңа түрге ие, тікелей әлеуметтік … алшақтау мүмкіндігі бар өз дамуы бағытын анықтаған.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық Қазақстан үшін стратегиялық сыртқы саяси бағыт болып табылады.

ЕҚЫҰ - әрекет етуші ұйымдардың ішіндегі қауіпсіздікті қолдау бойынша ең ірісі, тұрақтылықты қолдау саласында үлкен әулетке ие ең жас ұйым болып табылады. ЕҚЫҰ - ресми түрде тек 1995 жылы ресімделген, бірақ өзінің құрылуын Хельсинки келісіміне қол қойылғаннан кейін 1975 жылы бастаған жаңа ұйым.

Қазіргі кезде, жаңа мыңжылдықтың табалдырығында тұрған әлемде қауіпсіздік мәселесі маңызды болып отыр. Ол, менің көзқарасым бойынша, экология, халықаралық қылмыспен күрес және экономикалық мәселелермен қатар алдағы жүзжылдықта өзекті болады. Әлемдік қоғамдастық қауіпсіздікті бірігіп сақтау үшін біртұтас механизм жасауға бірнеше рет талпынған. Бұл процесс өз бастамасын Ұлттар Лигасы құрылған кезден алады және қазіргі күнге дейін өзекті мәселенің бірі болып отыр. Әрине, мемлекеттер топтары арасындағы көптеген қарама-қайшылықтар, әлеуметтік және саяси айырмашылықтар, сыртқы саяси концепциялар аспектілері бәрі үшін біртұтас механизмді жасауда әрқашанда дестабилизациялаушы болып табылады. Құрылған құрылымдар жиі қабілетсіз немесе маңызды болып табылатын бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдаумен байланысты шешімдерді қабылдауда жеткіліксіз беделді болып келеді. Қазіргі жағдай бұдан тыс емес. Тікелей себебі ЕҚЫҰ құру болып табылатын бәсеңдету процесі, белгісіз мерзімге дейін тоқтатылғанға ұқсайды, бұл жалпы бейбітшілшік пен ашықтылыққа көмектесуге шақырған халықаралық механизмдердің әрекеттілігіне сенімсіздік тудырады. Халықаралық қауіпсіздікті сақтау бойынша ең негізгі орган болып табылатын - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі - әлемді “суық соғыс” уақытына қайта әкелу қаупі бар соғыстың алдын алуда жеткіліксіз беделді болып отырған жағдайда, ортасында ЕҚЫҰ бар басқа бейбітшілікті қолдайтын аймақтық ұйымдардың рөлі туралы айту қиын. Бірақ та бұл ұйымның әлеуеті өте үлкен, оны практикада өзінің мақсаты мен ұстанымдарын іске асыруда өзінің бар мүмкіншілігін пайдалану күтіп тұр. Міне осы себепті менің жұмысымның басты бағыты, ең алдымен, неғұрлым келешекті аймақтық қауіпсіздік ұйым ретінде ЕҚЫҰ әлеуетті мүмкіндіктерін ашу болып отыр. Югославиялық оқиғалар ЕҚЫҰ бітімгерлік әрекеттерінің тиімсіздігін көрсетсе де, ол Еуропа мен Азияның басқа аймақтарында конструктивті рөл ойнап келді және әлі де ойнауда. Жұмыста ұйыммен қабылданған шешімдерді іске асыруда нақты механизм ретіндегі ЕҚЫҰ арнайы уәкілдігі қызметін сипаттауға көп көңіл бөлінген.

Суық соғыс жағдайында құрылған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша Ұйымы (ЕҚЫҰ) сол кезде әрекет еткен жүйенің жемісі болды және сол уақыттың талаптарына сай келді. Қазіргі кезде түрлі фаткорлардың қысымымен оның рөлі мен қызметі өзгеруде. Мәселе жаңартылған ЕҚЫҰ қызметінің жаңа тәуелсіз республикалардың саяси шындығына, олардың мемлекеттік мүдделеріне, сыртқы және ішкі қауіпсіздігіне қаншалықты сай келетіндігінде болып отыр.

1975 жылы Хельсинкиде қабылданған қорытынды акт, биоөрісті жүйе жағдайында социалистік және капиталистік блоктар мемлекеттерінің бейбіт қатар өмір сүруін ұйымдастыруға шақырған ЕҚЫҰ құрылуына жол ашты. Соғыстың аяқталуымен ескіні тарату мен әлемдік тәртіптің жаңа (көп-және бірөрісті) нұсқасын ресімдеу қажеттілігі, Орталық-Азия аймағы үшін жетекші мемлекеттер арасындағы тарихи қарсы тұрудың қалпына келуі ЕҚЫҰ қызметіне басқаша тұрғыдан қарауға мәжбүр етті. Бүгінгі күні ол көбіне адам құқығы, демократиялық даму мен ұлтаралық және діни қақтығыстардың алдын алумен шектеледі. Мұнда ЕҚЫҰ мемлекеттердің ішкі істеріне араласу кері беталысы күшеюде. Бұл Құрама Штаттар және басқалар ұйымды өзінің геосаяси мақсатына жету құралына айналдырғысы келетіндігімен түсіндіріледі: кез келген басқа күштер әсерін әлсірету және “геосаяси сұйқытық” бай қорларына ие аймақта басым болу.

Бұндай саясат, әрине, бұл жерде өздерінің қауіпсіздігіне қауіп төнуді көретін суверенді мемлекеттердің наразылығын, сонымен қатар жаңа мемлдекеттер мәртебесінен үміті бар мүдделі елдердің қарсылығын тудырады. Осылайша, Орталық Азия аумағы әлемнің ықпалды мемлекеттерінің қақтығысу алаңына айналып отыр, және ЕҚЫҰ құрлықтағы қазіргі кездегі өзгерістердің негізгі институтына айналуда. Жағымсызыдығы, бұл басынан бізге пассивті рөл берілгендігі, бізге ешкім де және ешнәрсе де тәуелді емес. АҚШ және Еуроодақ елдері Орталық Азиядағы жағдайды бақылауды күшейту үшін ЕҚЫҰ мүмкіндіктері мен институттарын жан-жақты жұмылдыру жолын жалғастыруда. 90-шы жылдардың басында ақ, Вашингтон мол көмірсутек және басқа стратегиялық ресурстары бар және тұрақсыздықтың жоғары әлуетін сақтаған аймақты Құрама Штаттар үшін өмірлік маңызы бар деп жариялаған. Ал, 1999 жылы Стамбул саммитінде қабылданған еуропалық қауіпсіздік Хартиясында ЕҚЫҰ үшін Орталық Азия жалпы үдеуші мәнге ие екендігі аталған.

Осы мүдде саласында, АҚШ мен ЕО елдерімен тығыз байланыста аймақтағы, бірінші кезекте Қазақстандағы, ұйымның қатысуын кеңейту қадам басқан ЕҚЫҰ төрағалығы қызметін қарастыруға болады.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Тақырыптың зерттелу дәрежесі туралы сөз еткенде, ЕҚЫҰ тарихына арналған орыс тілінде тек бір фундаменталды зерттеуді атап өтуге болады: “Хельсинкиден Будапештке дейін. ЕҚЫМ/ЕҚЫҰ тарихы құжаттарда. 1973-1994”. РҒА Еуропа Институ мен Стокгольм әлем мәселелерін зерттеу халықаралық институтымен бірігіп дайындалған бұл жұмыс ЕҚЫҰ даму тарихын, және де оның қызметін қарастыруда зор көмегін тигізді.

Ресей тарихнамасы. Ұйымның жеке аспектілері төмендегі ресейлік халықаралық-заңгерлер еңбектерінде қарастырылған: Ю. М. Колосов, О. Н. Быков, И. И. Лукашук, Т. Пархалина, А. Н. Талалаев, М. Х. Фарукшин.

Кеңестік халықаралық-құқықтық әдебиеттерде бір бөлігі ұжымдық қауіпсіздік жүйесі болып табылатын халықаралық қауіпсіздік концепциясы жасалынған. Диплом жұмысын дайындауда автор В. И. Кузнецов, Н. А. Ушаков, Г. И. Тункин еңбектерінде жасалынған теориялық және практикалық қағидалар мен тұжырымдарға сүйенген.

Отандық тарихнама. Жұмысты жазуда Н. А. Назарбаев, К. К. Тоқаев, С. Д. Прімбетов, Ж. О. Құлжабаев секілді саяси қайраткерлердің еңбектері зор көмегін тигізді. Осы мәселені зерттеу процесінде зерттеуші үшін ресейлік және қазақстандық саясаттанушылар ұстанымдары қызығушылық туғызды, мысалы, А. Д. Богатуров, М. А. Хрусталев, М. М. Наринский, А. В. Мальгин, М. И. Рыхтих, В. Н. Матяш, К. С. Гаджиев, У. Т. Касенов, Д. Елеукенов, М. Лаумулин, Е. Карин, Д. А. Калиев еңбектері. Сонымен қатар, орыс тілінде жарияланған, Ся Ишань, Пан Гуан және Син Гуанчэн секілді қытай саясаттанушыларының мақалалары да қызығушылық тудыруда.

Батыстық тарихнама. Я. Броунли, Г. Кельзен, Р. Ульман, А. Уолферс, Г. Шварценьерг және т. б. секілді шетелдік заңгерлер мен саясаттанушылардың еңбектері да аса қызығушылықты тудырады.

Дереккөздері. Негізгі дерек көздер ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) ресми құжаттары мен жарияланымдары алынды.

Тақырыпты зерттеуде маңызды алғашқы дереккөздері ретінде келесі саяси құжаттарды атап өтуге болады: Еуропадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Мәслихаты Қорытынды актісі 1975 ж. 2; ЕҚЫҰ институттары мен құрылымдарының ары қарай дамуы туралы Париж құжаты3; 1986 жылғы Вена кездесуінің қорытынды құжаты4; 1990 ж. 5-29 маусымдағы Копенгаген маслихаты Құжаты5; 1992 ж. дауды бейбітшілік жолмен реттеу бойынша ЕҚЫҰ мәслихатының нәтижелері6; 1992 жылғы Хельсинки құжаты7.

Дереккөздердің екінші тобын саяси және мемлекет қайраткерлерінің сөздері, сұхбаттары, конференция материсладры құрайды: Н. Ә. Назарбаев8, Қ. Қ. Тоқаев9; ЕҚЫҰ мүше-елдері мемлекет және үкімет басшылары кездесулерінің материалдары10.

Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығын қарастыру. Қойылған мақсат келесі міндеттерді шешу жолымен іске асырылады:

- ЕҚЫҰ қызметінің негізгі бағыттары мен құрылу тарихын қарастыру;

- ЕҚЫҰ құрылымын зерттеу;

-ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы қатынастардың қалыптасуы мен даму кезеңдеріне және ынтымақтастығының негізгі бағыттарына талдау жасау;

- ұжымдық қауіпсіздік жүйесінде ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасының ынтымақтастығын зерттеу;

- қатысушы-мемлекеттер талаптары контексінде ЕҚЫҰ реформалау мәселелерін анықтау.

Жұмыстың методологиялық негізі. Диплом жұмысын жазуда автор жалпығылыми зерттеу әдістерін пайдаланған: құрылымдық-логикалық, тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, және де жүйелік талдау әдісі.

Зерттеудің методологиялық негізі кеңестік, ресейлік, отандық және шетелдік авторлар еңбектері болып табылады. Сонымен қатар жұмыс барысында белгілі саясаттанушылар, дипломаттар, философтар, саяси қайраткерлердің ғылыми еңбектері мен жарияланымдары зертелген.

Хронологиялық шектер. Зерттеу кең көлемді мәселелі-хронологиялық контексте ашылған, ЕҚЫҰ құрылуы 1973 жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі кезеңді қамтиды. Мұнда ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасының ынтымақтастығының даму беталысы мен қазіргі заманғы құбылысын талдау, осы шақты түсінуге және болашақты болжауға көмектесетін өткеннің мәнді саяси процестерін есепке ала отырып құрылған.

Диплом жұмысының құрылысы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ЕҚЫҰ: ЕУРОПАҒА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ЖАҢА АРХИТЕКТУРАСЫ

1. 1. ЕҚЫҰ құрылу тарихы мен қызметінің негізгі бағыттары

Алғашында ЕҚЫҰ КСРО және басқа онымен одақтас мемлекеттердің бастамасымен 33 еуропалық мемлекеттер, және де АҚШ пен Канада өкілдерінің халықаралық мәслихаты ретінде Еуропадағы қауіпсіздікді бекіту мен әскери қарсы тұруды азайту шараларын жасау үшін құрылған. Бірнеше кезеңдерден өткен:

Бірінші кезең - 1973 ж. шілденің 3-нен 7-сіне дейін Хельсинкиде мемлекеттердің сыртқы істер министрлері деңгейінде.

Екінші кезең - 1973 жылдың 18 қыркүйегінен 1975 жылдың 21 шілдесіне дейін Женевада (үзілістермен), онда мәслихан күн тәртібінің барлық бөлімдері бойынша 200 ұсыныстар енгізілген және Қорытынды актісінің мәтіні келісілген.

Үшінші кезең - 1975 жылдың 30 шілдесінен 1 тамызына дейін Хельсинкиде мемлекеттер басшылары деңгейінде. Осының барысында 1 тамызда Еуропадағы қауіпсіздік және нытымақтастық Мәслихатының Қорытынды актісіне қол қойылды. Жалпы еуропалық процесс - Еуропа елдері, АҚШ және Канада көпжоспарлы әрекеттері бастама алды.

ЕҚЫҰ құрылу тарихы өз бастамасын 1975 ж. 1 тамызда Еуропаның 33 мемлекеті, және де АҚШ мен Канаданың Хельсинкиде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Мәслихатының Қорытынды актісіне қол қойылғаннан бастап алады. Үшжылдық қарқынды кеңес беру негізінде жасалынған бұл құжат “10 бәсеңдету уағызы”11 атанды. “Уағыздар” құрамына суверенитеті, шекара тұтастығы туралы, жанжалдарды шешуде күш қолданудан бас тарту, халықтардың аймақтық тұтастығы және құқықтарын мойындау, бір елдің басқа елдің ішкі істеріне араласпау, адамның құқығы мен еркіндігін сыйлау, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық және халықаралық заңдарды сақтау қағидалары кіреді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Мәслихатының Қорытынды Актісінде келесі қатысушы-мемлекеттер әрекеттерінің өз ара қатынастары мен ұкіметтің өзінің азаматтарына қатынасының негізгі ұстанымдары жазылған:

  1. Суверендік теңдік, суверенитетке тән құқықты мойындау.
  2. Күшті қолданбау және күштеп қорқыту.
  3. Шекараның тұтастығы.
  4. Мемлекеттің аумақтық тұтастығы.
  5. Дауларды бейбіт реттеу.
  6. Ішкі істеріне араласпау.
  7. Адам құқығын және негізгі бостандықты, ой, сөз, дін және наным-сенімді сыйлау.
  8. Өз тағдырын билеудегі халықтар құқығы мен теңқұқылығы.
  9. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық.
  10. Халықаралық құқық бойынша міндеттемелерді адал орындау.

Хельсинки Қорытынды Актісімен ЕҚЫМ процесінің ары қарай даму процесіне негіз салынған. Бұл құжат келісім емес, саяси міндеттейтін уәделестікті боылп табылады. Онда шарттардың орындалуына шолу жасау мақсатында келесі қадамдар шегінде тұрақты кездесулер өткізу, жаңа стандарттар мен нормаларды жасау, ынтымақтастықты кеңейту мен саяси диалогты қолдау қарастырылған.

Қорытынды акт құрамына келесі негізгі уәделестіктер кіреді:

- халықаралық-құқық саласында - Екінші дүниежүзілік соғыстың саяси және аумақтық қорытындыларын бекіту, арасында шекере тұрақтылығы ұстанымы нақты түрде белгіленген қатысушы-мемлекеттер арасындағы өзара қатынастардың он ұстанымын қабылдау;

- экономикалық салада - экономика, ғылым мен техника және қоршаған ортаны қорғау салаларында жанжақты ынтымақтастықтың негізгі саласын келісімге келтіру;

- қоғамдық салада - адамдардың құқығы мен негізгі еркіндігі бойынша міндеттемелер қатарын келісі, соның ішінде, қозғалыс, байланыс, ақпарақ, мәдениет және білім бостандығы мәселелері бойынша12.

Содан бері құрылық мәселесін шешуге арналған жалпы бағыттарды жасау мен бәсеңдету процесі баяу дамыды, ол хельсинки мәслихатының қатысушы-мемлекеттері өкілдерінің кездесулері қатарын өткізуде берілген. “10 уағыз” негізіде жасалынған, елдер қол қойған механизм бұл үшін әскери блоктарға қараған жақын болды. Германияның бірігуінен, КСРО құлауынан және Варшава Келісімі Ұйымы елдерінің таратылуынан кейін Еуропа мен АҚШ жаңа қауіпсіздік жүйесін құру мәселесі бойынша кең көлемді таластар дамыды. Оның дамуының, әскери-саяси категориялар жетекші рөлді ойнамай, бірінші кезекте экономика, экология, демократия, мәдениет, ақпарат мәселелері тұруын есепке алынған түрлі сценарилері жасалынды13.

Жалпыеуропалық процесс саласындағы уәделестік заңды міндетті сипатқа ие емес, алайда үлкен саяси мағынаға ие. Оларды қабылдауда консенсус ережесі әрекет етеді.

Осы уәделестіктердің дамуы Белградтық (1977-1978 ж. ), Мадридтық (1980-1983 жж. ), Стокгольмдік (1984 ж. ), Веналық (1986 ж. ) және Қорытынды Актінің орындалу процессі туралы және еуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қосымша әрекеттерді өндірудегі ой бөлісу үшін басқа да еуропалық елдер өкілдерінің кездесуінен тұрды.

ЕҚЫМ эволюциясы үшін ЕҚЫҰ қатысушы-елдерінің мемлекет пен үкімет басшыларының Париж мәслихаты маңызды мәнге ие болды (19-21 қараша 1990 ж. ) . Онда “суық соғыс” дәуірінің аяқталғанын білдіретін жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына қол қойылды, Еуропадағы жай қарулы күштер туралы Келісім (ЕЖҚКК) жасалынды және 22 мемлекеттің (НАТО мен ВКҰ мүшелері) бірікке декларациясы қабылданды. Сонымен қатар 1990 ж. Еуропадағы қауіпсіздік пен сенімділікті бекіту шаралары бойынша Вена құжаты мақұлданды.

Париж маслихатының басқа маңызды нәтижесі ЕҚЫМ процесінің туралы шешімдер болды. Саяси кеңестердің үш сатылы механизмі құрылды: жоғары дәрежедегі кездесулер, Шетел істері министрлерінің Кеңесі (ШІМК), жоғарғы лауазымды тұлғалар Комитеті (ЖЛТК) .

1991 жылы 10 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Москвада үшінші ЕҚЫМ адамдар өлшемі бойынша Конференцияның қорытынды мәжілісі өтті (біріншісі 1998 жылы Парижде, екіншісі - 1990 ж. Копенгагенде өткен) . Москвалық мәжілісте қабылданған құжатта алғаш рет, адам құқығына, негізгі бостандық, демократия және заңның үстемдігіне қатысты мәселелр халықаралық сипатта екендігін аталған, ал ЕҚЫҰ адамды өлшеу саласында сәйкес мемлекеттің ішкі істеріне жатпайды.

Жалпы еуропалық процестің дамуы үшін кезеңді оқиға 1992 ж. жоғары деңгейдегі Хельсинки кездесуі болды.

Хельсинкиде қабылданған құжат - “Ауыспалы уақыт талабы” - ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттер арасындағы саяси диалог форумынан “Вакуверден Владивостокка дейін” әскери-саяси тұрақтылықты сақтау және ынтымақтастықты дамыту бойынша трансаймақтық ұйымға өзгеруінің бастамасы болды. ЕҚЫҰ локальды және аймақтық жанжалдарды реттеу мен алдын алу саласында практикалық сипатта шаралар қолданудың түрлі мүмкіндіктері мен кең көлемді өкілеттелігіне ие болды.

1992 жылы шілдеде қабылданған жаңа Хельсинки құжатында мынадай міндет қойылды, ЕҚЫҰ шегінде біріккен іс-әрекеттерге қосымша импульс беру және осындай әрекеттердің ары қарайғы мүмкіншіліктері белгіленген. Осы құжатқа сәйкес, ЕҚЫҰ, негізінен, жанжалдардың алдын алу мен тоқырауларды реттеуді ертерек ескерту саласында маңызды рөл ойнайды. Ұлт азшылығы істері бойынша Жоғары комиссар лауазымы бекітілді, оның алдына аймақтық жанжалға айналу мүмкіндігі бар ұлттық ала ауыздықтың пайда болуының ерте кезеңінде әрекет ету міндеті қойылды.

ШІМК Стокгольм кездесуі (14-15 желтоқсан 1992 ж. ) осы процесті жалғастырды. ЕҚЫҰ Бас хатшысының орны бекітілді, КСДЛ веналық тобының жұмысы басталды, оның шегінде ЕҚЫҰ қызметінің барлық ағымды мәселелерін талқылаулар жүргізілді.

1993 ж. желтоқсанында Венада жаңа орган - Тұрақты комитет (1994 жылдың желтоқсанынан бастап - Тұрақты Кеңес) құрылды. ЕҚЫҰ шұғыл әлуеті нақты және әлуетті жанжалдар ауданында тоқырауды реттеу және жанжалдардың алдын алу бойынша бағытталған бірқатар істерінің арқасында одан да жақсы нығайды.

ЕҚЫҰ тиімділігін арттыру міндеттеріне, оның әлуетін бітімгерлікке және тоқырауларды реттеуге жаңадан өзгертуге Римдегі ЕҚЫҰ ШІМК кездесуі арналды (30 қараша - 1 желтоқсан 1993 ж. ) .

Рим ШІМК басқыншылық ұлтшылдық бойынша Декларация қабылдады, ол хельсинки процесін қазіргі кездегі жанжалдардың осы қауіпті көзіне қарсы тұруға бағыттайды.

ЕҚЫҰ құрылымдық қатайту бойынша бірқатар шешімдер келісілді, соның ішінде ЕҚЫҰ Тұрақты комитеті - қатысушы-мемлекеттер өкілдерінің тұрақты институтын құру туралы.

1994 ж. желтоқсанында Будапештте жоғары деңгейдегі кезекті кездесу болды. 1995 ж. 1 қаңтарынан бастап ЕҚЫМ-ды ЕҚЫҰ- Еуропадағы қауіпсізді және ынтымақтастық ұйымы деп өзгерту туралы шешім қабылданды.

Саммит құжаттарында - “Жаңа дәуірдегі шынайы серіктестік жолында” Саяси декларациясы мен басқа шешімдерде қауіпсіз, біртұтас және ерікті Еуропаны құрудағы ЕҚЫҰ негізгі орнының әлуетті қағидалары өз көрінісін тапты. Екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталғанына 50 жыл толуымен байланысты Декларация қабылдау маңызды саяси оқиға болды.

Саммиттің ірі қорытындысы ХХІ ғасырдағы Еуропа үшін жалпы және тегіс қамтитын қауіпсіздігі үлгісін жасауды бастау туралы уәделестік болды. Әскери-саяси уәделестіктер (“Қауіпсіздіктің әскери-саяси аспектілеріне қатысты әрекет кодексі”, “Таратылмауды реттейтін ұстанымдар” және т. б. ) сенімділіктің біртұтас кеңістігінің негізін салды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеграция
ҚР мен ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық саладағы ынтымақтастығы
Халықаралық қауіпсіздік мәселесі
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым құрылуы және даму эволюциясы
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ МЕХАНИЗМІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘМБЕБАП ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Қазақстан Республикасы және халықаралық аймақтық ұйымдар -ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері
Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
Қазақстан және ЕҚЫҰ
Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролі
Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz