Анатомия терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы ақпарат



I.Анатомия ұғымы жане олардың салалары
II.Анатомия ғылымының дамуына улес қосқан ғалымдар
III. .Латын тілі терминологиясының негізгі үш жүйесі
Анатомия (гр. ἀνα - үстінен + гр. τέμνω- кесем — бөлшектеу, кесу, іреу) — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін қүрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия — зертгеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді:
жүйелі анатомия — адам мен жануарлар дене мүшелерінің құрылысын, олардың атқаратын қызметтерімен байланыстырып, мүшелер жүйелері ретінде (тері жабыны, сүйектер , бұлшық еттер, ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею, тамырлар, эндокринді бездер, жүйке жүйелері) зерттейді;
мүсіндік (пластикалық) анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған италиян ғалымы Леонардо да Винчи;
топографиялық анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің белгілі аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;
салыстырмалы анатомия — әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын салыстырып зерттейді;
түр анатомиясы — жануарлардың түрлеріне байланысты, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;
түқым анатомиясы — мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;
жас анатомиясы — жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;
А.Рақышев,А.Х. Латинский язык и основы научной терминологии.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім жане Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі

Орындаған:Айтмуратова Н.Н
Тексерген: Билялов.Е.Е
Тобы:ВС-505

Семей 2015ж

Кіріспе:
Жоспар:
I.Анатомия ұғымы жане олардың салалары
II.Анатомия ғылымының дамуына улес қосқан ғалымдар
III. .Латын тілі терминологиясының негізгі үш жүйесі
Анатомия (гр. ἀνα - үстінен + гр. τέμνω- кесем -- бөлшектеу, кесу, іреу) -- тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін қүрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия -- зертгеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді:
жүйелі анатомия -- адам мен жануарлар дене мүшелерінің құрылысын, олардың атқаратын қызметтерімен байланыстырып, мүшелер жүйелері ретінде (тері жабыны, сүйектер , бұлшық еттер, ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею, тамырлар, эндокринді бездер, жүйке жүйелері) зерттейді;
мүсіндік (пластикалық) анатомия -- адам мен жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған италиян ғалымы Леонардо да Винчи;
топографиялық анатомия -- адам мен жануарлар организмдерінің белгілі аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;
салыстырмалы анатомия -- әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын салыстырып зерттейді;
түр анатомиясы -- жануарлардың түрлеріне байланысты, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;
түқым анатомиясы -- мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;
жас анатомиясы -- жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;
қалыпты анатомия -- ересек адам мен жануарлар организмдерінің дертсіз қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді;
сырқаттық (патологиялық) анатомия -- ауырған организм дене мүшелерінің құрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;
микроскопиялық анатомия -- жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен ғана көрінетін құрылысын зерттейді.
Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:
остеология -- сүйектер жүйесі туралы ілім
синдесмология -- сүйектер байланыстары туралы ілім
миология - бұлшықеттер туралы ілім
дермотология тері жабыны және онын туындылары туралы ілім
спланхнология -- ішкі ағзалар туралы ілім
эндокринология -- ішкі секреция бездері туралы ілім
ангиология -- тамырлар жүйесі (қанайналым, лимфаайналым, қантүзу мүшелері) туралы ілім
неврология -- жүйке жүйесі туралы ілім
эстезиология -- сезім мүшелері туралы ілім.
Анатомия ғылымының негізін көне грек ғұламалары: Алкмеон Кротонский, Гиппократ, Аристотель, Герофил, Эразистрат, ертедегі Рим ғалымдары: А.К. Цельс, К.Гален, орта ғасыр шығыс ғүламасы Әбу Әли ибн Сина, қайта орлеу дәуірінің ғалымдары: Леонардо да Винчи, А.Везалий және т.б. ғалымдар қалады
Анатомиялық атаулардың ең алғаш шығуы. Кейінгі дамуы ертеден, көне замандардан басталады. Анатомия терминдерінің а лғашқы латын тіліндегі тізімі 1887 жылы Германияда шет елдердің көрнекті ғалымдардың қатысуымен құрастырылды. Бұл тізім Германия анатомиялық қоғамының 1895 жылы Базельде өткен конгресінде бекітілді.(B.N.A)
1935 жылы Германия анатомиялық қоғамының Иенде өткен съезі анатомиялық терминдердің жаңа тізімін қабылдады.
Тұңғыш қазақтың анатомиядағы атау-терминдерді ғылыми жолмен тексеріп,бір жүйеге келтіру мәселелері 1963,1966 жылы баспадан шыққан А.Р.Рақышевтің Анатомиялық терминдердің қазақша-орысша-латынша сөздігіненбасталады.
Терминдердің байлығын академик В.В.Радлов қазақтардың өмір сүру салт-тұрмысымен байланыстырады. Алайда нерв, қан тамыр - лары жүйелері мен сезім мүшелері құрылымдарына қатысты кейбір баламаларда орыс анатомиялық терминологиясын құру кезінде қолданғанындай, терминдерді латыншадан транскрипциялауды және
транслитерациялауды пайдаланған. Мәселен: орыс анатомиялық термині Гипофиз (латынша hypophysis) -- қазақ терминологиясы бойынша -- гипофиз; және т.б. Көптеген ғылым салаларында және оның ішіндегі анатомия пәніндегі ғылыми ойдың біртіндеп дамуына орай, анатомиялық терминология да біртіндеп, баяу және кейде ретсіз түрде дамып, құрастырылды, сол себепті де ол жан-жақты бола алмады. Біз жамбас астауы қуысындағы вегетативті нерв жүйесін (симпатикалық, парасимпатикалық бөлім өрімдерін) арнаулы мақсатпен тексергенде(А.Рақышев, кандидаттық диссертация, Қарағанды, 1960), ондағы атау-терминдердің әртүрлі аталып бір жүйеге келмегендігін көрсеткен едік. Мәселен, латын тіліндегі "п.epigens:п.pelvicis.n.splanchnicu s saralis "деген терминдер бір ғана мәні бар нерв талшықтарын әр түрлі атайды. Біз ең алғаш оларды "n.n.splanchnici pelvini" деп атауды ұсынған еді. Бұл ұсыныс тек 1980 жылы ғана іске асты. Оны С.С.Михайловтың "Международная анатомическая номенклатура" кітабынан көруге болады. Анатомиялық терминдерді жасауда әр елдің өз дәстүрлері пайдаланылды, сондықтан да, кейбір мүшелер әр жерде әр түрлі аталып жүрді. Көптеген анатомиялық құрылымдар, соларды алғаш рет зерттеген ғалымдардың есімдерімен аталды. Халықаралық анатомиялық номенклатураны құрудың жауапты редакторы, белгілі кеңес анатомы С.С.Михайлов (1987): "қазір орыс анатомия номенклатурасын жасау кезеңінде транскрипция және транслитерация әдісін пайдаланбау мүмкін емес. Тіл дамытудағы мүмкін жолдарының бірі осы тәсілдер" -- деп жазды. Ал В.Даль өзінің атақты сөздігін Тірі ұлы орыс тілінің түсіндірме сөздігі деп кездейсоқ атамағанын ескертеді де: "Тіл әрқашан да дами береді,ол шындығында да тірі" -- деп есептейді. Орыс анатомиялық номенклатурасында латын терминдерінің орысша баламалары бола тұра, латыңданған түрін жиі беру кездеседі: Diafragma -- грудобрюшная переграда -- диафрагма; Тгасһеа -- дыха-тельное горло -- кеңірдек. Осыған сәйкес қазақ терминдері келеді, мысалы: Арonevrosis -- жалпақ сіңір, апоневроз. Diafragma -- көкет, диафрагма. Голландиялық хирург және анатом Г. Бидлооның 1685 жылы латын тілінде шыққан Адам денесінің анатомиясы атты кітабын белгісіз бір оқымысты орыс тіліне аударған. Бұл еңбекті Белгісіз ғылыми ерлік деген мақалада Н.А.Оборин мен А.Н.Оборин, орыс анатомиялық терминологиясы - ның негізін салды деп атап көрсетті. Көптеген авторлар, әсіресе клиницистер орынсыз, жүйесіз жаңа сөздер жасауға жол берді. Сондықтан, КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық Ғылыми Кеңесі 311, 1959 жылғы қаулысында Р.Ы.А. терминдеріне сәйкес тек орыс анатомиялық номенклатурасы қолданылсын деп тапты. Алғаш рет Р.ИА. терминдеріне сәйкес келетін орыс анатомиялық терминдерінің ресми тізімін ДЛ.Жданов пен профессор Ю.Н. Копаев жасады (Халықаралық анатомиялық номенклатура, М., Медицина, 1970). Д.А. Жданов: Бұл ғылым тарихында бірінші рет халықаралық дәрежеде ресми түрде мойындалған латын анатомиялық терминдерінің тізімі. Өйткені ғылымның әр түрлі салаларында латын тілі бұрынғыдай халықаралық тіл болып қала береді. Сөз жоқ, кеңес анатомдарының жақын арадағы міндеті ұлттық анатомиялық терминологияны құрастыру болып табылады. Бүл салада Н.А. Шейн, Н.М. Максимович-Амбодик, Е.О.Мухин, Г.А. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомия терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы ақпарат
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы мәлімет
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы ақпарат
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы мәлімет
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Пәндер