Жасушалық теория


Қазақстан Республиккасының Білім және ғылым минмистрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:
1. Жасушалық теория.
2. Гуморалдық иммундық жүйе
Орындаған: Әбілда Н. Ғ
Топ: ВС-403
Тексерген: Нуркенова М. К
Семей 2015
1. Жасуша теориясы -
- тіршіліктің негізін құрайтын жасушалардың құрылымы, көбеюі және көпжасушалы организмдерді қалыптастырудағы қызметі туралы жинақталған ұғым. Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды. Оны зерттеуде әртүрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуіне негізделді.
Жасуша - өздігінен жаңаруға, өздігінен үздіксіз көбеюге және дамуға қабілетті элементарлық биожүйе. Жануарлар мен өсімдіктердің қазіргі алуан түрлілігі, дегенмен де олардың құрылымының негізінде жасушалары жатады. Органикалық әлемнің эволюция процесінде жасушалар прокариоттардан эукариоттарға дейін дамыды және алғашқыда бір жасушалық формалар тіршілік етті.
Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі
Роберт Гук
(1635-1703ж. ) жасаған. Ол микроскоппен 1662 жылдан бастап түрлі объектілерді:тығын шұрықтарын (пораларын), қымыздық, қамыс және басқалардың ішкі қуыстарын көрді. Жасушаны зерттеу алғашқы микраскоп пайда болғаннан бастап дамыды. 1665 жылы ағылшын ғалымы Г. Гук микраскоппен ағаштың пропкасын қарап, оның көптеген тор тәрізді бөліктерден тұратынын анықтады. Оны ол бірінші болып «жасуша» деп атады. Тағы басқа ғалымдар: М. Мальпигий, Н. Грю, А. Ливенгук т. б. еңбектерінен көруге болады.
Роберт Гуктың алғашғы микроскоптан көрген бейне
Гуктің микроскопы қаралатын затты жүз еседен астам ғана үлкейтіп көрсететін болған. Роберт Гук өсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып, олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты тапқан. Ол осы ұяларды грек сөзімен “целлюлла“- “жасуша” деп атады. Бұл жерде Роберт Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген еді.
17 ғасырдың 70-жылдарынан бастап голландық Антони Ван Левенгук объектіні үш есе үлкейтетін микроскоп жасап, оның көмегімен судағы біржасушалы организм-кірпікшелі кебісшені тұңғыш рет көрді. Тірі жасушаны алғаш рет 1839 жылы чех ғалымы Ян Пуркинье көрген еді. Ол жасушаның ішіндегі сұйықты протоплазма немесе алғышқы плазма деп атады. Қазір протоплазма тек тарихи дерек ретінде ғана пайдаланылады, оны ғылыми тілде цитоплазма дейді. Протоплазма дегеніміз-жасуша ішіндегі сұйықтық пен ядро. Роберт Броун жасуша протоплазмасының тұрақты бөлігі-ядроны ашты.
19 ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктердің жасушалары кеңінен зерттеліп, олардан алынған мағлұматтар 1838-1939 жж. ботаник Маттиас Шлейден мен зоолог Теодор Шваннға жасушалардың құрылысы туралы ортақ қортынды жасауға мүмкіндік берді. Олардың тұжырымдауы бойынша, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылыстары өте ұқсас және тіршіліктің дербес иесі екендігі, тірі организмнің ең ұсақ бірлігі, сонымен қатар жасушасыз тіршілік болмайтындығы туралы ғылымға дұрыс түсінік берді. Осыдан кейін жасушаның тіршілік үшін маңыздылығы терең және жан-жақты зерттеле бастады. Мәселен, 1858 жылы Рудольф Вирхов әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі арқылы пайда болатынын анықтады.
Карл Бэр сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасын ашып, көп жасушалардың дамуы бір жасушадан басталатынын және аталық сперматозоид пен аналық жұмыртқа қосылғанда, зигота түзетінін анықтады. К. Бэрдің бұл жаңалығы жасушалардың организм дамуындағы маңызын дәлелдеді. Тірі ағзалар жасушаларының химиялық құрамы мен зат алмасуының ұқсастығының ашылуы жасуша теориясын дамытып, барлық органикалық әлемнің шығу тегі мен эволюциялық дамуының бірыңғай екенін дәлелдей түсті. Сонымен жасуша теориясының негізгі қағидалары төмендегідей:
Жасушалық теорияның негізін қалаушы неміс ғалымы Т. Шванн мен М. Шлейден болып есептеледі, ол, 1839 жылы «Жануарлар мен өсімдіктердің құрылымы мен өсуіндегі сәйкестік туралы микроскоптық зерттеулер» еңбегін жариялады. Оның ережелері:
1) жасуша - барлық тірі ағзалардың (жануарлардың да, өсімдіктердің де) басты құрылымдық бірлігі;
2) егер микроскоппен көрінетін, қандай да болмасын түзілімнің ядросы болса, онда оны жасуша деп есептеуге болады;
3) жаңа жасушалардың пайда болу процесі өсімдік және жануар
жасушаларының өсуін, дамуын, саралануын білдіреді.
4) жасушалар біртұтас ағзаның бір бөлігі. Организм ұлпаларында жасушалардан басқа жасуша туындылары - бейжасушалық құрылымдар (симпласт, синцитий) және оның өнімдері - жасушааралық зат болады
Жасушалық теорияға қосымшаны неміс ғалымы Р. Вирхов 1858
жылы өзінің «Целлюлярлық патология» атты еңбегін жариялады. Ол, еншілес
жасушалар аналық жасушалардың бөліну жолымен пайда болатынын
дәлелдеді: өсімдік жасушаларындағы Гольджий жиынтығы, пластидтер.
Бөлінетін жасушалар арнаулы бояулармен боялғаннан кейін хромосомалар
табылды.
1-ережесі: Жасуша- тіршіліктің ең кіші өлшем бірлігі.
Жасушаның диаметрі 0, 1 - 0, 25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер Жасушасының диаметрі 10 - 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде - 2×1012 Жасуша, ал ересек адамның организмінде - 1014 Жасуша болса, организмнің кейбір тіндерінде Жасуша саны өмір бойына тұрақты болады. Жасушаның тірі заты - протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері - цитоплазма және ядродан тұрады.
2 - ережесі: Жасушалардың химиялық құрамдары бірдей немесе үқсас болуы
Барлық ағзалардың клеткаларының химиялық құрамдарынның ұқсастығы олардың шығу тектерінің бір екендігін дәлелдейді. Сонымен қатар, тірі ағзаларда кездесетін барлық химиялық элементтерді тірі емес табиғаттан табуға болады. Бұл - материя бір деген пікірді растайды.
Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінің барлық элементтерінің 86- сы адам ағзасында тұрақты кездеседі, оның 25- і адамның жалпы тіршілігіне қажетті, 18 -і абсолютті қажетті, ал 7- і пайдалы. Клетканың тіршілігі кезінде жүретін әр түрлі реакцияларға қатысатын заттардың құрамына шамамен барлық белгілі химиялық элементтер кіреді.
Барлық элементтердің ішінен клетка көлемінің 98% түзетіндері: оттегі, көміртегі, сутегі және азот (1-кесте) . Қалған элементтер макроэлементтер мен микроэлементтер деп екі топқа бөлінеді. Макроэлементтерге пайыздың ондық және жүздік бөлшектермен берілген 8 элемент жатады, олардың ортақ мөлшері шамамен 1, 9%. Микроэлементтердің клеткадағы үлесі өте аз болғанымен, олар тіршілік үшін өте маңызды роль атқарады. Микроэлементтерге мырыш, мыс, йод, фтор, марганец, селен және т. б. жатады (1-кесте) .
Клетканың құрамына кіретін химиялық элементтер :
Оттегі - 65-75; Көміртегі - 15-8 Темір - 0, 01-0, 015 Калий - 0, 15-0, 40 Күкірт - 0, 15-0, 20 Фосфор - 0, 20-1, 00 Хлор - 0, 05-0, 10 Магний - 0, 02-0, 03 Мырыш - 0, 0003 Натрий - 0, 02-0, 03 Мыс - 0, 0002 Азот - 1, 5-3, Кальций - 0, 04-2, 00 Йод - 0, 0001 Фтор - 0, 0001
Осы аталған барлық элементтер тірі ағзалардың органикалық және бейорганикалық қосылыстарының құрамына кіреді. Органикалық және бейорганикалық қосылыстар тірі материяны құрайды. Тірі ағзалардың клеткалары негізінен органикалық заттардан түзілген.
Клеткалардың құрамына бейорганикалық заттар да енеді. Органикалық заттарға қарағанда бейорганикалық заттар (судан басқасы) клетканың шамалы ғана бөлігін құрайды.
Бейорганикалық заттар. Клетка тіршілігінде маңызды қызмет атқаратын бейорганикалық заттардың бірі - су. Су - әмбебап еріткіш, барлық зат алмасу үрдістері тек ерітінділерде жүреді. Суда клетканың барлық биохимиялық реакциялары жүреді, судың қатысуымен клетканың жылу регуляциясы қамтамасыз етіледі. Су - фотосинтез үрдісі кезінде оттегі мен сутегінің көзі болып келеді.
Басқа бейорганикалық заттар (тұздар, қышқылдар, негіздер, оң және теріс зарядты иондар) клетканың 1, 0-1, 5%-ын құрайды. Ағзаларда тұздар ерітінділеріндегі аниондар мен катиондар түрінде және органикалық заттардың құрамында кездеседі. Клетканың қалыпты тіршілік етуіне K+, Na+, Ca2+ катиондары және HPO42-, H2 PO4-, HCO3-, Cl- аниондарының маңызы зор.
3. Жасуша тек ғана анаылық бастапқы жасушадан көбейеді.
Жасушаның көбеюі әр уақытта ядроның бөлінуінен басталады. Мұның мынадай үш түрі бар: амитоз, митоз және мейоз.
Жасушаның өмір сүру циклі дегеніміз жасушаның бөлінуге дайындалуы, бөліну процестерінің нәтижесінде аналық жасушаның екі жас жасушаға бөлінуі, осы циклде екі кезең болады: автосинтетикалық немесе интерфаза және жасушаның бөліну фазасы митоз. Интерфазада ең маңызды болып ДНК-ның матрицалық синтезі және хромосомалардың екі еселенуі табылады.
Митозды шартты түрде - профаза, метафаза, анафаза және телофаза деп бөледі.
Жынысты жолмен көбейетін ағзаларда жасушалардың диплоидты және гаплоидты деген екі түрі болады. Диплоидты жасушаларға соматикалық (дене) жасушалар мен жыныс жасушаларының бастама жасушалары жатады, ал гаплоидты жасушаларға жетілген жыныс жасушалары - гаметалар жатады. Хромосома сандарының екі есе азаюын қамтамасыз ететін мейоз үрдісі. Оның құрамына бірінен кейін бірі жүретін екі бөліну кіреді. Гаметалар қосылғаннан кейін жаңа бір жасушалы диплоидты ағза зигота пайда болады.
4 ережесі. Организм ұлпаларында жасушалардан басқа жасуша туындылары - бейжасушалық құрылымдар (симпласт, синцитий) және оның өнімдері - жасушааралық зат болады
Жасушааралық зат - белгілі бір жасушалар топтары тіршілік әрекеттерінің өнімінен пайда болып, жасушалар аралықтарында орын тепкен тірі құрылым. Адам мен жануарлар организмдерінде жасушааралық затқа коллаген, эластин, ретикулин талшықтары, негізгі (аморфты) зат, қан плазмасы, шеміршек, сүйек жасушааралық заттары жатады. Дәнекер ұлпасының барлық өкілдерінде дерлік жасушааралық зат болады. Жасушааралық зат - дәнекер ұлпаларында беріктік, серпімділік және механикалық қызметтер атқарумен қатар, зат алмасу процесіне де белсенді қатысады.
Жасушалық теорияның қазіргі кездегі жағдайы.
Жасуша - барлық тірі ағзалардың құрылымы мен дамуының негізгі бірлігі, тірі тіршіліктің барынша кіші құрылымдық бірлігі болып табылады. Барлық ағзалардың (бір-, және көп жасушалы) жасушалары химиялық құрамы, құрылымы, зат алмасу және тіршілік әрекетінің негізгі пайда болуы бойынша бір - біріне ұқсас. Жасушалардың көбеюі олардың бөліну жолымен жүреді ( әрбір жаңа жасуша аналық жасушаның бөлінуі кезінде пайда болады) ; күрделі көп жасушалы ағзаларда жасушалардың формалары әртүрлі болады және атқаратын қызметіне сәйкес мамандандырылады. Ұқсас жасушалар ұлпалар түзеді; ұлпалардан мүшелер пайда болады, олар мүшелер жүйелерін кұрайды, олар өзара тығыз байланысқан және реттеудің жүйке және гуморальды механизмдеріне бағынады (жоғары сатылы ағзаларда) .
Жасушалық теорияның маңызы .
Жасушалар - тірі ағзалардың маңызды құрамдас бөліктері, олардың басты морфофизиологиялық компоненті. Жасуша - ол, көп жасушалы ағзаның негізі, ағзадағы биохимиялық және физиологиялық процестердің өтетін орны. Жасушалық деңгейде ең ақырында барлық биологиялық процестер жүреді. Жасушалық теория барлық жасушалардың олардың құрылымының жалпы көрінісінде химиялық құрамының ұқсастығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік жасады, оны барлық тірі әлемнің филогенетикалық бірлігі дәлелдейді.
2. Иммундық жүйе мүшелері
- организмнің бөгде заттарға (бактериялар, вирустар, түрлі протеиндер) қарсы түру қабілеттілігін жоғарылататын жүйе мүшелері. Иммундық жүйе мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі, тимус (айырша без), көкбауыр, лимфа түйіндері, әртүрлі ішкі мүшелердегі лимфоидты ұлпа жиынтықтары жатады. Иммундық қорғанысқа иммундық жүйе мүшелерінде түзілетін иммуноциттер (Т-және В-лимфоциттер, плазмоциттер) қатысады. Т-лимфоциттер жануарлар организміндегі жасушалық иммунитетті, В- лимфоциттер және олардың туындыларды плазмоциттер денеге енген бөгде заттарға қарсы - денелер түзу арқылы гуморальдық иммунитетті қалыптастырады. барлық лимфоидты ағзалар мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты. Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі - антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.
Иммундық жүйе мүшелері - организмнің бөгде заттарға (бактериялар, вирустар, түрлі протеиндер) қарсы түру қабілеттілігін жоғарылататын жүйе мүшелері. Иммундық жүйе мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі, тимус (айырша без), көкбауыр, лимфа түйіндері, әртүрлі ішкі мүшелердегі лимфоидты ұлпа жиынтықтары жатады. Иммундық қорғанысқа иммундық жүйе мүшелерінде түзілетін иммуноциттер (Т-және В-лимфоциттер, плазмоциттер) қатысады. Т-лимфоциттер жануарлар организміндегі жасушалық иммунитетті, В- лимфоциттер және олардың туындыларды плазмоциттер денеге енген бөгде заттарга қарсы - денелер түзу арқылы гуморальдық иммунитетті қалыптастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz