Орман шаруашылығын жоспарлау жайлы ақпарат


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Орман шаруашылығын жоспарлауТексерген: Тойкин С. Х
Дайындаған: Серікқанова А. Д
Семей
2014 жылы
Жоспар
Кіріспе
1. Орман шаруашылығының жоспарлаудың рөлі
2. Орман - саябақ шаруашылығының даму жоспары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Біздің жалпы негізгі мақсатымыз Қазақстан орман екпелерін дайындап, ормандарында питомниктерді аудандастыру жұмыстарының өткізілуі, маңызы болып таныладын тұқымдарға сараптама жасап, қорытындылау. «Семей орманы» МОТР РММ аумағында орман екпелерін жас ерекшеліктеріне және тұқымына байланысты орналастыру жұмыстарын стандартқа сай және қоршаған ортаға зиянын тигізбейтіндей орындау жұмыстарын орындау. Қала аумағын жасыл желектендіру және таза ауамен қамтамасыз етіп көркейту. Жыл сайын орман ағаштарының санын ұлғайтып, көлемін арттыру. Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін зерттеу кезінде заң әдебиеттерін, нормативтік-құқықтық актілерді, бұқаралық ақпараттық құралдарды пайдалана отырып тақырыпты толық ашу және меңгеру. Ағашты өсiруге, оны қорғауға жұмсалатын шығын мен оның өнiмдерiн пайдалану процестерi үздiксiз қайталанып отырады.
Қазіргі кезде орман шаруашылығы сұрақтары туындап, мақсаттары кеңеюде, өндірістік және тығыз орналасқан аудандарда екпелердің құрамы өзгеруде, біртіндеп кесу алдында орманнның маңызын, экологиясын көтеру мәселелері тұр. Табиғи жолмен жаңартуды ашу жұмыстары сақталуда. Орман құрамы құндылығының жоғарылауында, өнімділігі, табиғи жолмен жапырақты - қылқанды және қылқанды - жапырақты ағаштардың қолданылуы үлкен рөл атқарады. Кесу жұмыстарының биологиялық негіздерінің бірі болып келесі басты жағдайлар есептеледі: а) қолайлы өнімділікті орман бітімін құрастыруда, ағаш бөрікбастарының физиологиялық белсенділігі көп мөлшерде пайдаланылуы; б) өз кезегінде егіліп өсіп тұрған екпелердің көлемін ағаштармен толықтыру; в) ағаштарды олардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты және орман өсіру талаптарына сай келетіндей етіп орналастыру; г) төзімді, көп жылдық, жоғары сапалы қарқынды дамитын ағаштардан құралған екпелер өсіру; д) орман фаунасына пайдалы және орманға көп пайда әкелетін микроорганизмдерге қолайлы жағдай жасау.
1. Орман шаруашылығының жоспарлаудың роліОрман шаруашылығының дамуын жоспарлау. Орман секторын дамыту басымдықтарының бірі ормандарды қалпына келтіру болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында және Қазақстан халқына барлық жыл сайынғы жолдауларында Президент осы бағытты мемлекет аумағын экологиялық сауықтыруға жәрдемдесетін басым бағыттардың бірі ретінде бөліп көрсетеді. Осылай, республика бойынша орман иеленушілер 2011-2014 жылдары республика аумағында 243, 7 мың га алаңда ормандарды молықтыру және орман өсіру жұмыстары жүргізілді.
2007 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту» жобасы шеңберінде Арал теңізінің құрғап қалған табанында 56, 5 мың га, соның ішінде: отырғызу әдісімен 47, 1 мың га, және тұқым себу әдісімен 9, 3 га алаңда сексеуілден тұратын орман мелиоративтік екпелерді құру бойынша жұмыстар жүргізілді. Айрықша назар Ертіс өңірінің жалды ормандарын қалпына келтіруге бөлінуде, оның аумағында 2011-2014 жылдары 22, 8 мың га, соның ішінде «Семей орманы» МОТР ММ-де 13, 1 мың га және «Ертіс орманы» МОТР ММ-де 9, 7 мың га құрылды. Астана қаласының аймағын құру жөніндегі жұмыстар жалғасуда, олардың көлемі 2011-2014 жылдары 20 мың га құрады. 1997 жылдан бастап, жасыл екпелердің 70 мың га құрылды (1-кесте) .
Орман шаруашылығын дамыту үшін жүргізілетін жұмыстардың жыл сайынға көрсеткіші Кесте-1 Орман шаруашылығын дамыту үшін жүргізілетін жұмыстардың жыл сайынға көрсеткішіОрман қорын дамыту, күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адамға және мемлекеттiк органдар жүйесiне Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өз құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жатады.
Жалпы орман шаруашылығының дамуы ағаштардың өсу процесіне байланысты. Өсу процесінде ағаш сүрегінің көлемі мен массасының үлкеюі, дамуы оған тән қалыптасуы мен құрамының өзгеруі де болады (2-кесте) .
Кесте-2
Г. Крафт ұсынған орман ағаштарының дамуы бойынша өсу
классификациясы
Аағаштардың жалпы
сипаттамасы
Қарағай ормандарындағы
үлесі (%)
Орман шаруашылығын дамыту күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау барлық жеке және заңды тұлғалардың орман қорын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн, орман шаруашы-лығын жүргiзу, оның ішінде ормандарды күзету, қорғау, ормандарды молық- тыру және орман өсіру, олардың есебiн жүргiзу ережелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарында, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарында көзделген өзге де ережелер мен нормаларды сақтауы мақсатында жүзеге асырылады. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері, өзге мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау тексерулер және байқаулар арқылы жүзеге асырылады. Тексерулер мен байқаулар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
2. Орман-парк шаруашылығының даму жоспары.
Ұлттық табиғи парктердің қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі.
Қазақстанда 5 ұлттық парк ұйымдастырылған.
Еліміздегі алғашқы ұлттық парк - Баянауыл ұлттық табиғи паркі. Ол 1985 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл орман шаруашылығының негізінде құрылған, ауданы 50, 7 мың га. Парк аумағына енетін таулы-орманды ландшафтылары тамаша табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі. Қарағай, қайың ормандары өскен, гранитті, үгіліп мүжілген Баянауыл таулары Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан. Мұнда құстардың 54 түрі, сүтқоректілердің 54, балықтың 8, өсімдіктің 438 түрі бар. Биік жері- Ақбет тауы , биіктігі 1026 м. Табиғатының қолайлы жағдайына байланысты Баянауыл тауларын «шөлді даладағы таулы-орманды шұрат» деп атайды. Бұл аймақ жаппай демалыс пен туризмнің дамыған жері. Мұнда көптеген демалыс үйлері, емдеу мекемелері, туристік базарлар орналасқан. Паркте ұзақ уақыт үгілу әрекетінен қайталанбас жартас, шоқылар қалыптасқан. Олар сыртқы түріне орай « Жалауыз кемпір», «Найзатас», «Тас және Ат басы», т. б деп аталады.
Іле Алатауы ұлтық парк 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 181, 6 мың га. Іле Алатауының солтүстік беткейінде Түрген шатқалынан бастап, батыста Қаскелең асуына дейінгі ерекше Ландшафтыларды қорғау және деалыс, тынығу мақсатынла пайдаланылады. Мұндақорғауғааңның 43 түрі, құстың 138 түрі, балықтың 8 түрі, өсімдіктің 1282 түріалынды.
Қарқаралыұлттықпаркі 1998 жылықұрылған. Ауданы 90, 3 мың га. . Қарқаралыжәне Кент тау жүйелерінқамтиды. . Мұндааңның 39 түрі, құстың 55 түрі, балықтың 11 түрі, өсімдіктің 68 түріқорғалады.
Алтынемел табиғи ұлттық паркі 1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Ауданы 212, 1 мың га. Алтынемел тауын қамтиды. Мұнда аңның 6 түрі (таутеке, қарақұйрық, құлан, қызыл қасқыр және т. б. ) сонымен бірге құстың 231 түрі, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған.
Көкшетау паркі 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 135, 8 мың га. Мұнда аңның 305 түрі, құстың 223, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған.
Орман-парктері - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қорытынды
Қазақстан Республикасында орман шаруашылығы саласы енді ғана белең алуда. Қазақстан орман қорына бай болмасада оны басқару, құру, ұйымдастыру жұмыстары қазіргі таңда атқарылуда. Орман алқаптарын молайту басты назарда екенін елбасының жолдауларында айқындалады. Қазақстанның бұрынғы өртенген жерлерге қайта ормандандыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны өзіміз өткен өңдірістік тәжірибе уақытында көріп, сол жұмыстарға өзімізде ат салыстық. Орман шаруашылығын жүргізу жұмыстары халық шаруашылығының сұраныстарын толық қанағаттандыруы керек, орманнан алынатын ағаштарды тиімді пайдалану және жанжақты қолдану, сақтау, орманның көптеген ерекшеліктерін үлкейту: орта түзуші қорғаныстық, суды сақтау, санитарлы-гигиеналық, эстетикалық және басқа да орманның табиғи қасиеттері орман шаруашылық жұмыстарын жүргізудің басты шарттары болып табылады. Сонымен қатар, ормандағы тұқым құрамдарының жақсаруы, жалпы экологиялық жағдайын көтерудегі жаңа технологияны қолдану негізінде өнімділігін арттыру да маңызды орын алады. Орман шаруашылығында өндіріс еңбектерінің жоғарлауы әрдайым экологиялық талаптарға сәйкес қолданылатын машиналар және механизмдер комплекстерімен байланысты болуы керек. Сонымен бірге, басты қолданыстағы кесу жұмыстарында көбінесе ұжымдасқан кесу жұмыстарында ағаш сүректерін дайындау, шығару кезінде орманның экологиялық жағдайына қауіп төнеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz