Таяу Шығыс мәселелерін реттеудегі Египеттің ұстанымы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы: ТАЯУ ШЫҒЫС МӘСЕЛЕЛЕРІН РЕТТЕУДЕГІ ЕГИПЕТТІҢ ҰСТАНЫМЫ

Мазмұны

Кіріспе . . . 3 1 насерден кейінгі Египет: ішкі және сыртқы саясаттағы өзгерістер . . . 6

  1. Анвар Садаттың билікке келуі және Египеттегі сыртқы саяси жағдайдың өзгеруі . . . 6
  2. Кэмп - Дэвид үрдісі және нәтижелері . . . 14

2 1980 жылдардағы Таяу Шығысты реттеу негізінде Египеттің позициясының эволюциясы . . . 22

2. 1 Х. Мүбәрактың билікке келген соң Египеттің сыртқы саясатындағы негізгі тенденциялар. Араб - израиль шеленістерін реттеудегі Египет . . . 22

3 ХХ және ХХІ ғасырлардағы Таяу Шығыстағы келіссөз үрдісі мен Египет позициясы . . . 31

3. 1. Парсы шығанағындағы дағдарыс: Таяушығыстық үрдістің жағдайына ықпалы және Египеттің аймақтағы рөлі . . . 31

3. 2 Қазіргі заманғы кезеңдегі таяушығыстық реттеу бойынша Египет позициясы . . . 40

Қорытынды . . . 51

Әдебиеттер тізімі . . . 54

Кіріспе

Бұл тақырыптың өзектілігі. Әрбір елдің, қоғамның, мемлекеттің дербестігі мен тәуелсіздігі оның жүргізіп отырған халықаралық қатынастары және сыртқы саясаты арқылы көрініп, бағаланады.

Ал мемлекеттің сыртқы ортаға қатысты саяси мүдделердің жиынтығы ретінде көрініс табатын ұлттық мүдделері болса, елдің геосаяси көрсеткіштері, ресурстық мүмкіндіктері, әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық - саяси даму деңгейі, салт - дәстүрлері, халықаралық қауымдастықтағы орны мен салмағы сияқты маңызды факторлардан құрылады. Ұлттық мүддені жүзеге асыруда мемлекет өзінің барлық мүмкіндіктерін: саяси, идеологиялық, экономикалық, дипломатиялық және әскери әлеуетін пайдаланады.

Мемлекеттің сыртқы саясатының табыстылығы көп ретте оның ұлттық мүдделерінің, сондай - ақ оларды жүзеге асыру жолдары мен құралдарының қаншалықты дәл анықталуына байланысты. Нақты анықталған және дұрыс түсінілген ұлттық мүдделер мемлкеттің өз сыртқы саясатын табысты жүреге асырудың бірден бір кепілі болып табылады.

Осы орайда Египеттің Таяу Шығыс мәселелерін реттеудегі маңызы мен ұстанған ұстанымы ерекше. Оған дәлел елдер арасындағы оңтайлы көптеген келісім - шарттардың жүргізілуі. Олардың кейбірі Египет мүддесіне шешілсе кейбірі кері әсерін тигізіпте жатты. Бұл жайттар халықаралық қатынастарда маңызы зор, әлем елдерінің назарын аударған оқиғалардың өрбуіне сәбепкер болғандығына ешкім күмән туғыза алмайды. Сол себепті бұл тақырыптың өзектілігі қай күнде де болмасын маңызды болары сөзсіз.

Тақырыптың тарихнамалық зерттелуі. Жұмысты қарастыру барысында Абу Мазеннің (Махмуд Аббас) «Путь в Осло» [1] атты ғылыми монографиясы негізге алынды. Мұнда Таяу Шығыс мәселесін шешу тарихы, ондағы араб және еуропалық мемлекеттерінің негізгі позициялары көрсетілген. Соның ішінде Египеттің араб әлеміндегі негізгі делдал ел ретінде суреттеледі.

Р. С. Абдулмаджидов «Основные тенденции внешней политики Египта в эпоху Хосни Мубарака» [2] еңбегі де ерекше қолдауға тұрады. Ғалым Хосни Мүбарактың сыртқы саяси бағытын тек Таяу Шығыс мәселесімен байланыстырып қоймай, сондай - ақ, оны халықаралық деңгейде қарастырған.

Сонымен қатар, жұмыстың негізіне А. Агарышевтің «От Кэмп-Дэвида к трагедии Ливана» [10], «Региональные конфликты в Азии и Северной Африке» [27] атты еңбектер негізге алынды.

Жұмыстың мақсаты. Египеттің Таяу Шығыс мәселелерін реттеудегі ұстанымдары мен оның барысы және салдарына жан-жақты талдай отырып, халықаралық қатынастарды реттеудегі маңызын тереңірек ашу. Бұл мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер қойдық:

  • Анвар Садаттың билікке келуі және оның сыртқы саясатының ерекшелігін анықтау;
  • Хосни Мүбәрактың сыртқы саясаты және оның басты ерекшеліктерімен, жетістіктерін жүйелеу;
  • Араб - израиль қақтығыстарының мәні мен оны реттеудегі державалардың позициясымен танысу;
  • Қазіргі таңдағы Египет және оның сыртқы саясатты жүргізудагі негізгі бағыттарымен бағамдарына талдау жасау болып табылыды.

Алға қойған мақсат - міндеттерге қол жеткізу үшін төмендегі түпдерек көздерімен жұмыс жасалынды.

Деректер тобын мерзімді басылымдар топтамасы құрады. Оларға: «Независимая газета», «Заман Қазақстан», «Международная жизнь», «Эхо планеты», «США. Канада. Экономика - политика - культура», «Новая и новейшая история», «Наш современник», «Мировая экономика и международные отношение», «Наш современник», «Содружество», «Дружба народов» және тағы да басқаларын жатқызуға болады.

Бұл мерзімдік басылымдарда Египеттің Таяу шығыс мәселесіне қатысты жүргізген келіссөздерінің құжаттық материалдары, келіссөздердің қорытындылары және көптеген таяу шығыстық деректер кездеседі.

Хронологиялық шеңбері 1970 жылдардан 2003 жылға дейінгі аралық қамтылады.

Жұмыстың нысаны: Г. А. дің орнына билік басына келген Анвар Садаттың сыртқы саясаттағы позицияның түбегейлі өзгеру кезеңінен 2003 жылға дейінгі негізгі принциптер пен бағамдар болып табылады.

Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Жұмыс барысында кейіңгі жылдары отандық тарихи ғалымда болып жатқан зерттеудің жаңа әдістемелік және теориялық өзгерістерін негізге алдық. Сондай-ақ, соңғы уақыттарда қалыптасып келе жатқан жаңа бағыттағы ғылыми ой - пікірлер мен тұжырымдар, жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды. Көптеген ғалымдар, саясаттанушылардың еңбектері мен мақалаларымен танысып сараптама жасалынды. Жұмысқа өркениеттік тұрғыдан баға беріліп, талдау, салыстыру және саралау әдістері қолданылды.

Ғылыми жаңалығы. Бітіру жұмысы 1952 жылғы революциядан кейінгі Египеттің сыртқы саясатына жан-жақты талдау жасай отырып қарастырған бірден бір жұмыс. Тақырыпқа байланысты деректер, материалдар бір жүйеге келтірілді.

Қолданыстық маңызы. Бітіру жұмысында көрсетілген дәлелдер қорытындылар және талдауларды «Жалпы тарих» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарында арнаулы курстар мен семинар жұмыстарына пайдалануға болады.

Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, үш тараудан, алты бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Насерден кейінгі Египет: ішкі және сыртқы саясаттағы өзгерістер

1. 1 Анвар Садаттың билікке келуі және Египеттегі сыртқы саяси жағдайдың өзгеруі

Араб әлеміндегі Египеттің алар орны ерекше. Ол осы аймақтың экономикалық, саяси және географиялық орталығы.

ХХ ғасырда египет тарихы бірнеше маңызды кезеңдерді басынан өткізді. Соның ішінде ең маңыздысы 1952 жылғы революциядан соң орнады.

Билікке Гамал Абдель бастаған «Ерікті офицерлер» («Свободные офицеры») ұйымы келісімен жекелей Египет мемлкеттерінде ғана емес барлық Таяу Шығыс Аймағында түбегейлі өзгерістер жүргізілді. Г. А. Насердің ішкі және сыртқы саясатындағы келесі негізгі бағыттарды бөліп көрсетуге болады: жоспарлы экономика, КСРО - мен белсенді қатынас, ірі жеке меншік иелерінің мүлкін мемлекеттендіру, жеделдетілген индустилизация, панарабизм идеологиясы. Алайда қарастырып отырған кезеңде Египет саясаты мемлекетті басқарушы адамның жеке қасиеттерімен анықталатын. Бірақ Насер өз курсын жалғастыратын қоғамдық - саяси институттарды қалыптастыра алмады [2, 55 б. ] . Отандық және шетелдік ірі капитал иелерін қаншама рет шектегенмен мемлекеттік аппарат басындағылар буржуазия өкілдері еді. Бұл үрдіске президенттің жеке шектеуімен басқа еш кедергі жоқ болатын. Осылай 1970 жылдарың басында Египетке контрреволюция жүргізуге алғышарттар пісіп жетілген еді. Сондықтан да билікке келген Анвар Садатқа дамудың дұрыс жолына түсуге еш қиындық болмады. Әрине, елде Гамал Абдель Насер ісін жалғастыру керек дегендер болды, бірақ олар саяси жағдайда еш әсер ете алмады.

Садат Гамал Абдель Насер өлімі кезінде вице - президент қызметін атқарса да, режимі жүйесі елеулі қызмет атқармаған. Ол ешбір ағымды, әлде топты басқармаған, ол билікке келді деп ешкім ойламаған да . . . Садат «Аль - Гумхурия» газетінің бірінші редакторы, Ислам конгресінің бас хатшысы, Ұлттық одақтың бас хатшысы, халық жиының президенті қызметтерінде істеген. Насырдың жақын адамдары бұл тағайындалуды өз орталарында басқа ру өкілін енгізу деп біліп, Садатты тек хаттамалық қызметті жүзеге асырушы деп білді. Алайда Анвар Садат Египеттің саяси аренасында кездейсоқ тұлға емес. Ол билікке египет қоғамының нақтырай айтсақ ауыл буржуазиясының мүддесін қорғаушы өкіл ретінде келген.

Вице - президентке тағайындалған Садат билікте өзіне тірек жасай бастады. 1970жылдырдың басында ол АЭО ЖО - ның шетел істерінің саяси комиссиясын басқарды, нәтижесінде түрлі губернаторлыққа оның қатысуымен кеңестер өткізілді[3, 125 б. ] . Жақын аралықта оның басшылығыменАраб әлеуметтік одағы (АӘО) шеңберіндегі саяси клуб құрылды. Клубқа АӘО - тың басшылығына әсіресе, А. Сабирға наразылар жинала бастады. Клуб жиналыстарын өткізе отырып, Садат секвестр саястына наразы АӘО басшыларын, яғни ауыл буржуазияөкілдерін өзіне тарта біліп беделі жоғарылады. Ол мемлекеттік аппарат деңгейінде Насырдың саясатына қарсы топтардың қолдауына ие болды. Халық жиналысында Садаттың орны ерекше еді. Сондықтан Насыр өлген соң билік үшін күресте Египет қоғамының көп бөлігі қолдаған Садат жеңіп шықты. Буржуазиы оның саяси көзқарастары өздеріне үндес деп шешті. Марқұм президенттің жақтастарының да билікте тірегі бола тұра саяси ұйымдастықтытары нашар болды.

1970 жылдың басында алғашқы лидер саясатын жалғастырушы ретінде көрінді. Әр түрлі саяси сұрақтар туралы сөзінде Насыр ісін жалғастырушы екенін атап өткен. Египет қоғамындағы күштердің қатынасының орналасуы, реформа жақтастарының нық ұстаған саясаты, 1952 жылы революция лидерінің Насырдың беделді саясаты осылай етуге мәжбүр болды.

Кейін Садат сөздеріне «өткен кезең қателіктерін жөндеу керек» деген сөздер айтылатын болды. Бұл сөздер біраз уақыттан соң нақты қадамдармен нақтылана түсті. 1976 жылы секвестерлер туралы жаңа заң қабылданды. Ол жеке меншік иелерінің сатқан бағамен жылдық салықтың 160 - тан бір бір бөлігі арасындағы айырмашылықты кәмпескелеуді құптаған заң еді. Өз алдына қойған мақсаттарына жету үшін Садат ең бірінші Насыр жақтастарынан құтылуы керек еді. Сондықтан Садат үшін бірінші міндет сол болды. Жақын арада марқұм президенттің ең жақын жақтастары орындарынан алынды. 1971 жылы 1 мамырда Садат үшін оппазиция лидері Араб әлеуметтік одағының жоғары орындаушы билігінің мүшесі Әли Сабри барлық қызметтен алынды. Содан біріннен соң бірі мемлекеттегі маңызды орында тұрған адамдар: Шарави Гоома ішкі істер министірі және вице - президент қызметінен, АӘО - ның бірінші хатшылығы қызметінен - Әбу Нұра, Хатшылық жиналыс төрағалығынан - Лабиба Шукейри, АӘО ЖОК - ның мүшелігінен Дия ад - Дин Дауда, әскери министрліктен - Мұхаммед Фавзи, президент кабинет директорлығынан - Соми Шараф алынды.

1974 жылы үкімет елдің дамуның негізгі бағыттарын анықтаған «қазандық жұмыс құжаты» деп аталатын бағдарламаны қабылдады. Онда «ашық есіктер» саясаты жарияланды.

Жаңа бағдарламаның негізгі бағыттары былай көрінді:

  • әскери мұқтаждық қажеттілігне орай өндіріс өсіміне қойылған шектеулерді алу;
  • әскери қимыл барысында шығынға ұшыраған аудандардың іскерлік әркетін қалпына келтіру;
  • ұлттық экономикалық дамуына жаңа капитал салымдарын тарту;
  • араб елдерімен экономикалық интеграцияға қол жеткізу;
  • қолда бар ресурстарды барынша игеру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін әлемдік тәжірибелі және қазіргі даму технолгияларын пайдалану.

Египетке инвестиция тарту үшін араб және шетелдерге қолайлы жағдай жасау.

Анвар Садат және оның үкіметінің сөзіне сүйенсек «ашық есіктер» саясаты бүкіл египет экономикасын біртіндеп нарықтық жолға түсіру керек еді. «Инфитахтың» негізгі нақты мақсаты - Заманға сай батыстық технология мен арабтардың қаржылық көмегін қолдана отырып, маманданған және арзан жұмыс күшін пайдаланып, экономикалық кірісті салаларына тауар экспортынан түскен, пайдалы ресурстарды пайдаланудан түскен қаржына салу те дамуға қол жеткізу.

1974 жылдың маусымынан 1975 жылдың соңына дейін Египеттің экономикасына шетелдік және жалпы капитал салумен жеделдеткен жүздеген заңдар мен жарлықтар шықты. 1970 жылы Египет дамушы елдердің ішінде қаржы ресурстарын алуда бірінші орынға шықты. «Инфатах» саясатына өту кезеіңде шетел капиталына кең жол ашылды. АҚШ бастаған батыстық державалар, сонымен қатар Парсы шығанағының мұнай экспорттаушы елдер Египеттің билеу режимі белсенді несиелендірді. 1970 жылдары Египетте 20 млрд доллар кредит берді. Бұл іс Египет экономикасына оң әсерін тигізді, бірақ толық жағдайды жақсартты. Шетелдік жеке меншік капитал салымы өте аз болды. Оны тоқтатқан - елдегі тұрақсыздық, қажетті инфроқұрылымның болмауы еді.

Египет экономикасына ақша қаражаты келсе де ол тұрақты әлеуметтік - экономикалық құлдырау жағдайында қала берді, бұл халықтың елеулібөлігінің қайрылануына алып келді. Пайда египет қоғамы мен шетелдік капитал саласынмен байланыстағы буржуазия арасында бөлінетін.

Садат тұсындағы Египетте халық массасымен қатар буржуазиялық - бюракратиялық қабат арасында антогонизм қалыптасты. Буржуазиялық - бюракратиялық топ халықтың тек 5 пайызын құраса да елдегі материалдық меншіктің 30пайызы өздеріне алған топ блды. Жергілікті жердегі іскерлердің Египеттің монархия болған кезеңдегі билеушілерден де байлығы асып түсетін. Мысалы, 1952 революцияға дейін елде 4 миллионер болса, Садат билігінің соңында олардың саны 900- ге жетті.

Мұның барлығы қоғамға исламның рөлінің күшеюіне алып келді. Садат билікке 1967 жылы соғыста арабтар жеңілген соң ислам фундементі қаланған кезде келді. Осы жағдай кезінде әр саяси күш өз бағдарламасын дінен қасиеттендіргісі келді. Сол Садаттың өзі «Мұсылман - бауырлар» ассоциясына заңсызәркет етуге рұхсат бере отырып, онынасырлықтармен, коммустермен күресте пайданланды. Египеттегі ұйымдасқан заманға сай күш армия исламдандырылды. Егер Насыр тұсында 1952 жылғы революция мәні, КСРО мен әркеет ету кең айтылса, Садат тұсында діни фанатизм және антикоммунизм солдаттар арасында көптеп айтылады. Исламның кең етек алып дамуына сонымен қатар халықтың сауатсыздығы және діни институттардың әсіресе Аль - Азхар университетінің ағарту жұмыстарын өз септігін тигізді. Ислам әскерінің өсуіне Иранды ислам социализімін құрудағы тиімді тәжірибе де елеулі рөл атқарды.

«Инфитах» саясатының жүргізілуі ішкі саясаттың негізін түбегейлі тексеру ғана емес, Египеттің сыртқы саясат жүйесіндегі артықшылықтарына да өзгеріс енгізуді көздеді. Насыр өлімінен соң Египет басшылығы 1967 жылғы Израиль агрессиясынан соң Каир мен Вашингтон арасында үзілген елшілік қатынастарды қалпына келтіруге тырысты. Бұл байланыстар ережеге сай жабық сипатта екі сатыда жүргізілді. Кәдімгі елшілік арқылы, екі елдің барлау жұмыстарына негізделді. Насырды жерлеу күні Садаттың басшылығымен АҚШ - тың әкімшілік өкілі Ричардсонмен кездесу болды. Онда Садат Таяу Шығыста бейбітшілік орнатудың жақтасы екені және осы ісінде америкада бірнеше әрекет етуге шақырды. 1970 жылы қарашада Садат Каирға құпия келген араб эмиссиары арқылы американдықтарға хабар жолдаған. Онда ол Кеңес Одағынан бөлектеніп кетуге әзір және «орыстарды кетуге мәжбүр етемін», егер Израиль шығуының бірінші кезеңі аяқталса деген. Осы ойды ол 1971 жылы мамырда Каирға келген АҚШ - тың мемлекеттік хатшысы У. Роджерспен кездесуінде өрбіте түсті. Осы жылдың шілдесінде Садат өзінің Каирдағы вилласында екі американдық өкіл Д. Бергус пен М. Стернерді қабылдады. Екі айдан соң Вашингтонда Египеттің шет істер министрі М. риада мен У. Роджерстің кездесуі болды. 1973 жылы Садат АҚШ - қа өзінің арнайы өкілі Х. Исмаилды жіберді. Оны Никсон қабылдап, үш құпия әңгіменің төңірегінде сөз қозғаған. Бұл отырсқа ұлттық қауіпсіздік сұрақтар жөніндегі басшы Г. Киссинджер де қатысты.

Израиль Египет позициясының өзгерісіне бірден - ақ ойланды. 1972 жылы шілдеде Израиь үкіметі Садатқа «тең дәрежеде кездесейік» біз «аймақтағы жағдайды тоқтатпаймыз» деген болатын. Алайда Египет президенті Тель - Авивпен келіссөз жүргізуге дайын емес еді.

Садат Израильға қарсы үгіт жұмыстарын жүргізуге келісті, араб елдері таратынан Израиль экономикасына наразылықты жоюға көмек беретін, Суэцк каналы арқылы Израильдің әскери емес кемелері өткізуге рұхсат беруді шешіп беретіндігін айтты. Оның орнына 1973 жылы 6 қазанда Египет және Сирия әскері Израильға қарсы әскери қимылдарын бастады. Соғыс алдында Египеттің жоспары Суэцк каналын алу, Израильдің Бариев линиясын жойып, каналдың шығысында 10-15 км. жерде өз әскерін орныту. Бұл операцияны аяқтаған соң қарулы күштер Синай Митлажәне Гиддиге орнықтыру. Соғыс алдында жауын шатастыру үшін әртүрлі рәсімдер жүргізілген.

Жау жаппай соққыға дайын емес еді. Египет армиясының әркеті барысында Синай түбегіндегі Израиль әскері өзінің жоғары басшылғынан толық айырылды. 7 қазан күні таң ертемен египеттіктер Митла аймағынан алыс емес жерде болды. Бұл египеттіктердің Синайға ішкерілей енгенінің көрінісі еді. 8 қазанда египеттіктер Синайдың ірі қаласы - Шығыс Кантарды азат етті. Алайда біртіндеп египет әскерінің белсенділігі азая берді. 10 қазаннан 13- іне дейін үзіліс болды. Бұл Израильдің жандануына әсер етті. Ал 21 қазанда Садат өз жағдайының мүшкілдігін сезіп соғысты тоқтату керек деді. 22 қазанда БҰҰ - ның Қауіпсіздік Кеңесі 6338 резолюцияны қабылдап, ол соғысты тоқтатубейбіт бітімге келуді көздеді. Алайда Израиль өз жағдайын жақсартып алып Каирдың 101 км. - дегі шоссесі Суэцкке шықты.

1973 жылы қазан соғысының нәтижесінде баға беруші зерттеушілерде Суэцк арнасын алған Египет әскері Синайдағы таулы өткелдері алып жеңсін неге аяғына жеткізбейді деген сұрақ тууы мүмкін. Египет әркетін Генри Киссинджердің Садат көмекшісі ұлттық қауіпсіздік жөніндегі басшы Х. Исмаилға айтқан сөзінен байқауға болады(1973 жылы, соғысқа дейін) : «Менің Садатқа берер кеңесім реалист болу. Біз прагматикалық әлемде өмір сүреміз және сондықтан жоспарлауды арман мен тілек негізінде жасай алмаймыз. Шындық мынау, сіздер арабтар ұшырадыңыздар бірақ жеңімпаз мемлекет ертінде ұсыныстар қоя аласыздар. Сіздер біраз жеңілдіктерге баруларыңыз керек, өйткені АҚШ сіздерге көмектесу әлде қазіргі жағдайда келісу туралы әрекет етуі үшін осылай етуі керек»деді[16, 125 б. ] .

Египет өзіне АҚШ пен Израильдің қатарынан өзгерту үшін бір нәрсе істеуді керек еді. Садат жеңімпаз соғыс нәтижесінде аталған кемшіліктерді Египетпен санасуға әкелмекші болды. Яғни ол тек соғыс басында белсенді әркет әтуге жоспар құрған. Жаулап алынған шағын территория арқылы өз елшілік қатынастары жағдайын жақсартпақшы болды. Соғыс басталған екінші күні Садаттың айтуымен Х. Исмаил Киссинджерге хат жіберуді, онды Египет Израильға соғыс масштабын үлкейтпейтіні туралы айтылған. Жұмыс авторы Егиепттің соғыстағы шешімсіздігіне осы себептер әсер етсе керек дейді.

Қазан соғысының нәтижесі қарулы соғысты, оқ атуды тоқтатуболды, Израильдіктер араб жерінен кетпеді. Палестина құқықтары да қалпына келтірілмеді. Бейкер зерттеуші ойымен келіссек қазан соғысы араб жерлерін қайтару үшін болмады, тек Израильдің үстемдігін орнату үшін қиыншылықтың көп екендігін көрсетпекші болды.

1974 жылы 18 қаңтарда Каир - Исмаилдық 101 км. - дегі шоссесінде Египет пен Израиль өкілдері Синай майданындағы әскерді тоқтату туралы бірінші келісімге қол қойды. Ол Суэцк арнасының батысын бақылау құқығын Египетке берді. Екі жақ позициясы территориясында («буферлі аймақ») БҰҰ - ның әскері орныластырылды. Келісім нақты реттеу емес тек БҰҰ 338 резолюциясының бастамасы деп білу.

1975 жылы 4 қыркүйекте АҚШ - тың белсене орналасуымен Синайдағы Египет, Израиль әскерін тарату туралы екінші келісім қабылданды. Бұл келісім бойынша израиль әскері таулы өткелдер Митла, Гиддиге шегінді, бірақ өткелдер Израильдықтар қолында қалды. Египетке Абу- Гудайе мұнай орындары берілді. Египет бақылауларына Синай территориясының 5, 5 % қарады [2, 125 б. ] . Израиль үшін Египет көп жеңілдіктерге барды.

Израильді қарумен әлде күшпен қаратпау. Келісімде араб жерлері, палестиндықтардың ұлттық құқықтары туралы сөз қозғалмады.

Келісімнің бір тармағында америка мамандары қызмет ететін «буферлі аймақта» шұғыл хабарлау жүйесін құру туралы айтылған.

Келісімде Египет және Израиль бақылауындағы аудандарда шектеулі мөлшерде әскер енгізу қаралды. Бірақ бұл аудан Египетке Изараильдан қарағанда екі есе үлкен болды.

1973 жылғы қазан соғысы үлкен ауқымды қамтыды. Араб елінде ұлттық - ұлтжанды көтерілістердің өрлеуіне әкеліп соқтырды, бұл Израильға басқа мемлекеттердің қарсы болуына алып келді. Қақтығысты бейбіт жолмен шешу үшін Женева конференциясы түріндегі механизм құрылды. Аймақта жаңа даму факторы пайда болды - бұл өз соғысу қабілетін дәлелдеген Египет және Сирия армиясының әскери қуаттылығы еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Египет және Таяу Шығыста қалыптасқан геосаяси жағдай
Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс
Палестина мемлекетінің тарихи кезеңдерде дамуы
«Палестина-Израиль» қақатығыстарына әсер етуші факторлар негізінде қарастырып Араб шығысындағы мемлекеттердің шиеленістегі алған орны мен саяси ұстанымдардың халықаралық қатынастарға ықпалы
Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым қатынастың даму тарихы (1992-2003 жылдар)
ХХ ғасырдың 40 жылдарының соңы мен 70 жылдар арасындағы араб-израиль шиеленісі
Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешу перспективалары
Біріккен Ұлттар Ұйымы аймақтық жанжалдарда
БАСҚЫНШЫЛЫҚ СОҒЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ТАЯУ ШЫҒЫС
Хатшылық және Халықаралық ислам
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz