Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы ақпарат



I.Кіріспе бөлім
Нарықтық экономика.
II.Негізгі бөлім:
2.1.Нарық туралы жалпы түсінік.
2.2. Нарықтық экономика артықшылығы

2.3. Нарықтық экономика кемшіліктері
2.4. Нарықтың маңызды элементтері, принциптері
2.5. Нарықтық экономика үлгілері
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Нарықтық экономика тауар-ақша қатынастарының ең жоғарғы даму сатысы ретінде. Нарықтың мәні, қызметтері. Нарықтың артықшылықтары және кемшіліктері. Нарықтық экономиканың ұстанымдары: маржиналдық талдау, баламалы таңдау шығындары, экономикалық ұтымдылық. Нарықтық механизм элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке.



1.Нарық – тауар айналымының процесінде жүзеге асатын тауар ақшаға және керісінше ақша тауарға айналатын экономиканың саласы, АӨК-гі өндірілген өнімді сатып алу – сатудың өзара байланысты актілерінің жиынтығы.
Нарық өзара байланысты бірнеше қызмет атқарады.
- реттеушілік қызметі – нарық арқылы өнімді өндіруге кеткен шығындарға есептеу жүргізіледі;
- ынталандырушылық – баға төмендеген кезде өндірушілер өнім өндіруді қысқартып жаңа техниканы, технологияны енгізу, еңбекті ұйымдастыру жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздей бастайды;
- баға белгілеу – сұраныс пен ұсыныс әсерінен баға ауытқып отырады;
- делдалдық – нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арасында байланыс орнайды;
- ақпараттық – баға арқылы тауарды өндірудің технологиялық дәрежесі мен шығындары шаруашылық әрекеттің неғұрлым тиімді бағыттары туралы экономикалық ақпарат беріп отырады.
Нарықтың субъектілері: үй шаруашылығы, фирмалар (кәсіпорныдар) және мемлекет.
Нарық объектілері: тауарлар мен қызмет көрсету, өндіріс факторлары, ақша, бағалы қағаздар.
Инфрақұрылым – қалыпты жұмыс істеуді, қоғамдық еңбек бөлімі процесінде пайда болатын технологиялық, өндірістік, экономикалық және ұйымдық байланыстарды жүзеге асыратын халық шаруашылық салаларының жиынтығы. Оларға: транспорт; байланыс; электрмен, газбен, жылумен қамтамасыз ету желілері; коммуникациялар; материалдық-техникалық жабдықтау; сауда дайындау; ақпараттық қызмет көрсету.
1. Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең – жаңа экономика // Егеменді Қазақстан, 16 желтоқсан 2004 ж.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан тұрақты экономикалық даму кеңістігіне шықты // Егеменді Қазақстан, 28 маусым 2003 ж.
3. Қажыкен М. Устойчивость социально-экономиеской системы (десятилетию концепции устойчивого развития) // Транзитная экономика, 2001 г.
4. Джон К.Гэлбрейт. Экономические теории и цели общества. – М. Прогресс, 1979 г.
5. ҚР Конституциясы, Алматы, «Дәуір», 1995 ж.
6. ҚР «Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңы». Алматы. 1998.
7. ҚР Жер Кодексі, Астана. 2003 ж.
8. ҚР Еңбек Кодексі, Астана, мамыр 2007 ж.
9. Абдильдина Л.И., Абдильдин С.С. «Экономика предприятия». Алматы. 2004 г.
10. Бельгибаев К.М., Алшынбай А.М., Қайырбаева А.Е., Бекенова Г.Ы., Итекеева Г.К.. Экономика селького хозяйства. Практикум, Алматы, 2003 г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей Қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы:   Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері

Орындаған:Мейрамова Мадина

Тексерген: Қуантқан Биболат

Семей 2015ж

Жоспар:

I.Кіріспе бөлім
Нарықтық экономика.
II.Негізгі бөлім:
2.1.Нарық туралы жалпы түсінік.
2.2. Нарықтық экономика артықшылығы

2.3. Нарықтық экономика кемшіліктері
2.4. Нарықтың маңызды элементтері, принциптері

2.5. Нарықтық экономика үлгілері

III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Нарықтық экономика тауар-ақша қатынастарының ең жоғарғы даму сатысы
ретінде. Нарықтың мәні, қызметтері. Нарықтың артықшылықтары және
кемшіліктері. Нарықтық экономиканың ұстанымдары: маржиналдық талдау,
баламалы таңдау шығындары, экономикалық ұтымдылық. Нарықтық механизм
элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке.

 

 

 

1.Нарық – тауар айналымының процесінде жүзеге асатын тауар ақшаға және
керісінше ақша тауарға айналатын экономиканың саласы, АӨК-гі өндірілген
өнімді сатып алу – сатудың өзара байланысты актілерінің жиынтығы.

Нарық өзара байланысты бірнеше қызмет атқарады.

- реттеушілік қызметі – нарық арқылы өнімді өндіруге кеткен шығындарға
есептеу жүргізіледі;

- ынталандырушылық – баға төмендеген кезде өндірушілер өнім өндіруді
қысқартып жаңа техниканы, технологияны енгізу, еңбекті ұйымдастыру
жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздей бастайды;

- баға белгілеу – сұраныс пен ұсыныс әсерінен баға ауытқып отырады;

- делдалдық – нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арасында байланыс
орнайды;

- ақпараттық – баға арқылы тауарды өндірудің технологиялық дәрежесі мен
шығындары шаруашылық әрекеттің неғұрлым тиімді бағыттары туралы
экономикалық ақпарат беріп отырады.

Нарықтың субъектілері: үй шаруашылығы, фирмалар (кәсіпорныдар) және
мемлекет.

Нарық объектілері: тауарлар мен қызмет көрсету, өндіріс факторлары, ақша,
бағалы қағаздар.

Инфрақұрылым – қалыпты жұмыс істеуді, қоғамдық еңбек бөлімі процесінде
пайда болатын технологиялық, өндірістік, экономикалық және ұйымдық
байланыстарды жүзеге асыратын халық шаруашылық салаларының жиынтығы.
Оларға: транспорт; байланыс; электрмен, газбен, жылумен қамтамасыз ету
желілері; коммуникациялар; материалдық-техникалық жабдықтау; сауда
дайындау;  ақпараттық қызмет көрсету.

Нарықтың инфрақұрылымы.

Нарықтың  артықшылықтары:

- ресурстардың тиімді орналастырылуы,

- ҒТП жетістіктерін шығындарды төмендету мақсатында пайдалану,

- бағаны төмендету мақсатындағы бәсекенің дамуы,

- қажетті мөлшерде және жоғары сапамен түрлі талаптарды қанағаттандыру
қабілеттілігі;

кемшіліктері:

- қоғамдық проблемаларды шешпейді,

- жұмыспен қамтамасыз етпейді,

- бағаның тұрақтылығы мен табыстың алынуына кепілдік бермейді.

Сұраныс – адамдардың белгілі бір уақыт аралығында, тиімді бағаға тауарларды
сатып алуға талабы мен қабілеттілігін айтамыз.

Ұсыныс – сатушылардың нарықта тауарларды сату үшін ұсынуындағы талабы мен
қабілеттілігі.

Сұранысқа әсер ететін бағадан тыс факторлар:

- тұтынушылар табысы,

- тұтынушылардың талғамы,

- жарнамаға жұмсалатын шығындардың ауытқуы,

- бағаны және тапшылықты күту,

- сатып алушылар саны.

Ұсынысқа әсер ететін факторлар:

- ресурстар бағасы,

- технология,

- бағаны және тапшылықты күту,

- қосымша тауарлар бағасы,

- сатушылар саны,

- салықтар мен жәрдем қаражаты.

Негізгі қорлардың үш түрлі құрылымын ажыратады:

1.    Салалық құрылымы – яғни, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы
салаларының жалпы негізгі қорлардың құнындағы үлестік салмағы.

2.    Технологиялық құрылымы - әр түрлі қорлар топтарының технологиялық
белгілері бойынша бөлінгендегі үлестік салмағы.

3.    Өндірістік құрылымы - белсенді және пассивтік қорлардың үлестік
салмағы.

   Белсенді қорлар деп технологиялық прогресстің әсеріне тәуелді, өзгеріп
тұратын қорларды айтады. (трактор, комбайн, машина жатады)

    Пассивтік қорларға – үйлер, ғимараттар т.б. құрылыс объектілері, яғни
көп өзгертілмейтін қорлар жатады.

Нарықтың мәні және атқару механизмі

Нарықтық жүйе меншік үстемдігі, қоғамдық еңбек бөлінісі, ақша арқылы жүзеге
асырылатын айырбас қатынасының кеңінен дамуымен сипатталады. Бұл жүйе аз
шығын жұмсау арқылы жоғары нәтижеге жетуге негізделеді.

 Нарықтық экономика - өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы әрекет
ететін шаруашылықты ұйымдастыру нысаны.

 Нарық - бұл өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу
арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық экономикалық қатынастар жүйесі.

 Нарықтың мәні оның қызметтерінде толық көрінеді. Нарық өзара байланысты
мынындай маңызды қызметтерді атқарады: реттеу, делдалдық, баға белгілеу,
ақпараттық, ынталандырушылық қызметтері.

Нарық субьектілерінің өзара әрекеті және нарықтың құрылымы мен
инфрақұрылымы.

Нарықтың сипаты оның субьектілері мен олардың іс әрекетін талдаумен
байланысты.

Нарықтық субьектілері: үй шаруашылығы , фирма және мемлекет ретінде
қарастырылады.

Нарықтық обьектілеріне: тауарлар мен қызмет көрсетулер, өндіріс факторлары,
ақша, бағалы қағаздар және т.б. жатады.

Нарықтың күрделі экономикалық жүйе ретінде өзіндік құрылымы бар. Нарықтың
құрылымы бұл нарықтың жекелеген элементтерінің ішкі құрылымы. Нарықтың
құрылымы әр түрлі белгілері бойынша көптеген түрлерге бөлінеді. Қазіргі
кезде нарық  дамыған инфрақұрылымсыз, яғни қосалқы, көмекші салалар мен
ұйымдарсыз орын алуы мүмкін емес.

Нарықтың инфрақұрылымы - бұл нарықтық қатынастардың қызмет етуін қамтамасыз
ететін мекемелер, мемлекеттік және коммерциялық фирмалардың жиынтығы.

Нарықтық инфрақұрылымдардың төрт негізгі түрі бар: тауар нарығы, қаржы
нарығы, еңбек нарығы және ақпараттық нарық.

Нарық механизмінің элементтері

Нарықтық экономиканың қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын
талап етеді. Олардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды. Нарықтың негізгі
элементтері өндіруші мен тұтынушы, сұраныс, ұсыныс, баға және бәсеке.

Бәсеке пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын
кеңейтуді қамтамасыз етеді. Нарық субьектілерінің өзара әсері мен
пропорцияларын реттеу механизмінің формасы болып табылады.

Нарықты жандандыратын бәсекеге үнемі бизнесмендердің келісімі арқылы олрдың
экономикалық күштерінің шоғырлануы қауіп төндіреді. Нәтижесінде бәсекенің
қарсыласы монополия пайда болады.

  Нарықтық үстемдіктің түрлері:

-  Монополия (monos  біреу,poleo сатамын ) бір жеке адамның, топтың немесе
мемлекеттің экономикалық әрекетке ерекше құқығы, яғни бір сатушының ерекше
шаруашылық жағдайы. Монополияны ұйымдастырудың бірнеше түрі болады. Олар:
картель,синдикат,трест,концерн және конгломет.

 - Олигополия  (oligos-аз, polio-сатамын)  бір тауарды өндіру мен өткізу
бірнеше ірі фирмалардың қолына жинақталу монополиясын айтамыз;

-  Монопсония (monos-opsonia-өнім сатып алу)  бір сатып алушының, өзінің
қойған шартына сәйкес өнімнің бір түрінің барлығын сатып алуға мүмкіндігі
бар , ерекше жағдайы;

- Олигопсония  нарықтағы бірнеше сатып алушылардың үстемдігі.

Нарықтық қатынастың тұлғалары мен нысандары, нарықтық құрылым, нарықтық
инфрақұрылым.

Нарықтық  инфрақұрылым – нарықтағы тауарлармен мен қызметтердің еркін
қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттар жүйесі. 
Нарықтың инфрақұрылымның негізі–жабдықтау, өткізу, брокерлік, делдалдық
ұйымдар, коммерциялық  фирмалар. Материалдық негізі–көлік жүйесі, ақпарат
және байланыс жүйесі. Несиелік –есептеу негізі банктік және сақтандыру
жүйесі, ірі және шағын несиелік жинақ мекемелері, коммерциялық банктер.
Нарық инфрақұрылымның негізгі элементтері:

✓ несие жүйесі және коммерциялық банктер

✓ тауар, қор, валюта биржалары

✓ жәрмеңкелер, аукциондар

✓ мемлекеттік және мемлекеттік емес еңбек биржалары

✓ ақпараттық технологиялар және бұқаралық ақпарат құралдары

✓ салық жүйесі және салық инспекциясы

✓ сақтандыру жүйесі

✓ кеден жүйесі

✓ коммерциялық–көрме кешендері

✓ кеңес беруші және аудиторлық компаниялар

✓ қоғамдық және мемлекеттік қорлар

✓ еркін арнайы экономикалық аймақтар

Жәрмеңкелер – белгілі бір орында ұйымдастырылған көпшілікке арналған рынок
және ортағасырларда Еуропада пайда болды.

Аукцион – нарықта өнімдерді сатумен байланысты ұйымдастырылады. Алдын ала
белгіленген орында тауарды жария түрде жоғары бағада сату басты мақсат
болып табылады.

Мәжбүрлі аукцион – қарызды өтеу үшін сот органдары арқылы жүргізіледі.

Ерікті аукцион – тауар иелерінің бастамасымен ұйымдастырылады.

Биржа – сатушы мен сатып алушы қатынас жасау үшін арнайы ұйымдастырылған
нарық. Оның түрлері:

Қор биржасы – бағалы қағаз нарығы, әсересе облигацияны белгіленген бағамен
сату мен сатып алу шарттары жасалынатын нарық. Валюталық биржада валютаның
бір партиялар саудасы жүргізіледі.

Еңбек биржасы – арнайы тауар ретінде жұмыс күшін сату және сатып алу
процесін ұйымдастырумен маманданған қызметтері.

Тауар биржасы – материалдық, заттық объектілердің нарық. Түрлі тауарлардың
ұсынылған биржалары әмбебап деп аталады.  

Нарықтық  бәсекенің әртүрлі сипатта болуы нарықтың құрылымына байланысты.

Ал нарық құрылымдарының бір-бірінен өзгешелігі өзіне тән белгілерімен
анықталады.

Нарықтық құрылымдардың негізгі типтері: жетілген және жетілмеген бәсеке.

Жетілген бәсекенің белгілері:

-                     рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны
шексіз.

-                     рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ.

-                     өндіріс факторларының мобилділігі жоғары.

-                     рыноктағы бағаға  әсер ету мүмкіншіліктері жоқ.

-                     ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей.

Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаса, онда мұндай нарықтық құрылым
жетілмеген болып табылады.

Жетілмеген бәсекенің түрлері:

Таза монополия - тауарларды өндіру және өткізумен байланысты жалғыз
фирманың үстемдік етуі. Монополияның негізгі белгілері - монопольды баға
мен монопольды пайда.

Монопсония - белгілі бір тауарлардың бір ғана сатып алушысы бар нарықтық
құрылымның типі. Ол сатып алу көлемін шектеу арқылы монопольдық пайда
алады.

Олигополия - өнімнің негізгі бөлігін өндіру және өткізумен айналысатын және
өзара бағалық емес бәсекеге түсетін бірнеше фирмалардың іс-әрекеті.

Монополистік бәсеке - дифференциалданған өнім шығаратын санаулы фирмалардың
іс-әрекетін сипаттайды.

Жетілмеген бәсекені туындататын және фирмалардың нарыққа енуіне тосқауыл
болатын кедергілер:

1) Мемлекеттің жекелеген фирмаларды ғана ерекше құқықтармен қамтамасыз етуі
(белгілі бір қызмет түрлеріне лицензия беру).

2) Ұдайы өндірілмейтін және сирек кездесетін ресурстарға меншік.

3) Авторлық құқық және патенттер. Патенті бар фирмалар ғана сол қызметті
жүзеге асырумен байланысты артықшылыққа, лицензия сату құқығына ие.

4) Масштаб әсері. Ірі фирмалар өндіріс көлемін ұлғайту арқылы шығындарды
төмендете отырып, бәсекелік артықшылыққа қол жеткізе алады.

5) Заңсыз бәсекелік әдістерді қолдану.

Кез-келген рынок құрылымының типі қалыпты қызмет етуі үшін қажетті шарттар:
экономикалық субъектілердің экономикалық еркіндігі, дербестігі,
тәуелсіздігі.

2. Экономиканы тұрақты дамытудың басты мақсаты тек дамыған өркениетті ел
қатарына қосылумен ішкі жақтан баршаға барынша мүмкіндіктер беріп, әрбір
адамның бостандығы, еңбектің барлық түрін қадірлейтін, зейнеткерлер мен
ардагерлерді қоғамдық қамқорлыққа бөлейтін және экологияны қорғайтын қоғам
құру. Ал экономиканың тұрақты дамуы тарихи ұғым. Қоғамның даму барысындағы
кезеңдерде бірнеше экономистердің көзқарастары бар.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев біздің елде он жыл ішіндегі қол жеткізген
реформаландыру қорытындыларын талдай келе: Бұл айтылғандар республика
реформалар кезеңінің көптеген қиындықтарын ойдағыдай еңсеріп, тұрақты
экономикалық даму траекториясына шыққанын көрсетеді деп, ойын түйіндеген.
Сондықтан тұрақты даму процесінің мәні мен мазмұнын зерттеу біздің елде
экономикалық теорияның негізгі мәселелерінің біріне айналып отыр. Тұрақты
даму концепциясы БҰҰ-ң 1992 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен ХХІ ғасырдың күн
тәртібі конференциясында адамзат қауымының алдына алғаш рет ұсынылды. Бұл
конференцияда тұрақты дамудың мәні – қазіргі кезеңдегі қажеттіліктерді
қанағаттандырумен қатар, болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін
қанағаттандыруына мүмкіндік жасау деп танылды.

Болашақ ұрпаққа, олардың өмір сүру ортасына қамқорлық ету – тұрақты даму
концепциясының негізгі идеясы болып табылады. Бұл анықтамада әлеуметтік
және экологиялық аспект басым. Оның себебі – адамзат өміріне қажетті өте
маңызды бірсыпыра табиғи ресурстардың таусылу қаупінің нақты екендігінде.

Сонымен қатар Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев 2002 жылы БҰҰ-ның
дүниежүзілік форумында Тұрақты даму – адамзаттың аман қалу амалы деген ой
қорытындысында Қазақстан экономикасының тұрақты бағытында бейімделе
бастағанын айтып кетті. Қазіргі таңда теориялық экономикалық ғылым мен
әлемдік өркениетті тәжірибеде тұрақты даму концепциясы өзінің лайықты орнын
алды. Тың мәселе болғандықтан ғалымдар, саясаткерлер мен экономистер
тарапынан оған деген қызығушылық орасан үлкен.

Тұрақты дамудың көптеген анықтамалары мен көрсеткіштері қалыптасуда. Олар
кең диапозонда: жай тепе-теңдіктен жүйелік және біртұтастық түсініктері
арасында қолданылып келеді. Тұрақты даму  түсінігі көпжақты кең көлемде
қолданатын ұғымға айналып отыр. Тұрақты дамуды экономика тек қана оңды
дамып отырған кезең деп біржақты қарамау керек. Тұрақты даму ұғымы
қолданылғанда зерттеушілер зерттеліп жатқан құбылыстарға тән емес, оның
түпкілікті мәнін ашпайтын кездейсоқ белгілер мен қосалқы процестерден ойын
алшақтатады.

Абстрактілі ойлану тәсілі арқылы тұрақты даму категориясын төмендегідей
түсінуге болады:

- тұрақты даму тек қана оңды, яғни бір түрлі сипаттағы даму деп түсінбеу
керек. Экономикалық даму, әдетте, белгілі бір уақыт аралығында орын алады.
Демек, тұрақты дамудың сипатын ашу үшін қысқа мерзімдік экономикалық дамуды
емес (3-4 ай немесе 1-3 жыл), ұзақ мерзім аралығы алынады (5,10,15,20 жыл).
Қысқа мерзім аралығы алынса, онда экономикалық дамудың сипатына дәл баға
берілмейді, себебі әртүрлі себептерден дәл сол мезетте экономика дағдарыс
қарсаңында немесе дағдарыстық жағдайда болуы мүмкін. Немесе, экономика
қазір жақсы дамып отырғанына қарамастан, 3-4 жылдан кейін, мысалы, ауыр
экономикалық жағдайға душар болып қалу қаупін байқамай қалуға болады.
Сондықтан, тұрақты даму концепциясы ұзақ мерзім аралығындағы зерттеу
экономикалық дамуды зерттеуге негізделеді;

- Тұрақты даму концепциясы дәстүрлі қалыптасқан экономиканың циклді дамуы
теориясын жоққа шығармайды. ХІХ ғасырдың көрнекті ғалым-экономистері
С.Кузнец, И.Шумпетер, Дж.М.Кейнс, К.Маркс, Н.Кондратьев. С.Жуглар нарықтық
экономиканың циклды дамуының экономикалық заңдылығын дәлелдеп берген.
Экономикалық заңдарды өзгертуге ешкімнің құдіреті жетпейді, өйткені олар
объективті (яғни адамдардың қалаулары мен еріктеріне тәуелді емес). Демек,
тұрақты даму барысында да циклдық толқындар орын алып отырады. Бірақ,
тұрақты даму концепциясын басшылыққа алған мемлекет өзінің экономикалық
саясатының басымдылығы ретінде экономиканы дағдарысқа жібермеу, онда
экономиканы тұрақтандыру саясатын ұсынады;

- экономиканың құлдырауын тоқтатып, немесе тоқыраудан шығарып, қайтадан
жаңа деңгейде макроэкономикалық тепе-теңдікті орнату арқылы экономиканы
даму траекториясына шығару.

Қоршаған ортаны қорғау және дамыту бойынша Бүкіл әлемдік Комиссияның
есебінде тұрақты дамудың төрт негізгі мәселелерін атап өтті. Олар:

- адам өміріндегі табиғат базаларының қысқаруы;

- кіріс пен активтерінің теңсіз бөлінуі;

- кедейшілік деңгейінің өсуі;

- әлемге қауіп пен қауіпсіздік.

Қазіргі кезде дамыған елдердегі экономикалық өсудің үйреншікті модельдері
өздерінің ең жоғарғы шегіне жетті, бұл модельдер басқа елдерде үлгі ретінде
қолдануға ұсынылмайды. БҰҰ-ның қорытынды баяндамасында атап өткендей
қазіргі кездегі айырықша мәселелені шешу жолы тек қана тұрақты даму.
Тұрақты даму концепциясы әлеуметтік эәне экономикалық процестерді
зерттеудің жаңа әдістерін, қазіргі деңгейдегі тәсілдерін, басқа бағалау
құралдарын қолдануды қажет етеді. Қазіргі қолданып жүрген тепе-теңдік
теориясы жүйенің тұрақтылығын бағалауғ жарамайтындығы белгілі болды.
Өйткені, қазіргі жағдай жинақталған сұраныс пен ұсынысқа шек қоюды талап
етеді. Сондықтан нарықтық тепе-теңдік екінші орынға кетіп, алға
экономикалық өсудің өлшемдік құралының басқасы шығады.

Қазіргі батыстық нарықтық экономикалық теориялардың көпшілігі тепе-теңдік
талдау негізінде қалыптасқан. Бірақ көптеген жылдардағы тәжірибеге
сүйенсек, динамикалық жүйе ешқашан тепе-теңдік жағдайында ұзақ мерзімде
сақталып қала алмайды. Дж.Р.Хикстің көзқарасы бойынша Тұрақты жағдай
түсінігі қазіргі экономикалық пікір жүйесінде үлкен роль атқаруда. Тұрақты
жағдай ол динамикалық жүйеде ерекше оқиға болып табылады. Ол адамдардығ
талғамдары, техникалық даму деңгейі және ресурстардың саны белгілі бір
уақытта өзгермейді деген негізде қалыптасқан. Шындыққа келсек ішкі және
сыртқы жағдайлардың ұдайы өзгеріп тұруына байланысты жүйенің тепе-теңдігі
бұзылып отырады.

М.Қажыкен экономикалық тепе-теңдіктің қазіргі кездегі беделді сыншылары деп
Р.Клауэр, А.Лейонхуфвуд, А.Ноувты және басқаларды атайды. Бұл теорияның
маңызды кемшілігі деп олар статикалық екендігін көрсетеді. Олардың айтуынша
бұл теория статистикалық даму факторларын есепке алмайды. Модельде өзгеру
мүмкіндіктері жоққа тән және уақыт факторынан алшақ. Оның негізінде жүйенің
элементтері мен деңгейлері арасында өзара байланыс өзінен-өзі қалыптасады
деген болжам жатыр. Жалпы экономикалық тепе-теңдік теориясына А.Ноув қатаң
талап қояды. Ол – жалпы тепе-теңдік және қаржыландыру бір-бірімен жау,
өйткені, қаржыландырудан түсетін пайда тек тепе-теңдік жағдайда ғана
құрылады. Оның айтуынша, экономикалық өсу мен техникалық прогресс
экономикалық теңсіздік тудырады немесе сол теңсіздіктен өздері пайда
болады. Бұл көзқарастың жақтастары аз емес. Мысалы: Джон К.Гэлбрейт
экономикалық тепе-теңдіктің бұзылып отыруын көптеген өндірістік салалардаың
қалыпты тенденциясын сақтай алмауынан деп тұжырымдайды. Ал, Имач Кэньити
ақша қаражатын жұмсау көлемінің ұлғаюы экономикалық тепе-теңдіктің
сақталуына мүмкіндік бермейді деп көрсетеді.

Қоғам мен табиғаттың арасындағы тепе-теңдік мәселелері өткен ғасырдың 20-шы
жылдары А.Богданов пен Н.Бухариннің жұмыстарында талқыланған – деп
көрсетеді И.Кучин. Қоғамның даму барысы, оның өндіргіш күштерінің өсуі,
экономикалық базис және оның қондырмасы, сондай-ақ, олардың тікелей және
кері байланыстары, өзара әсер етулері қоғам және қоршаған ортаның қарқынды
қатынастарынан объективті түрде туындайды.

Бұл тұжырым Дж.Форрестер мен Д.Медоуздың математикалық талдауларының
негізін құрады. В.А.Коптюк БҰҰ-ның қоршаған орта және даму туралы
мәселелерін түсінуде маңызды тұжырымдар жасады деп жазды. Ол қоршаған
ортаны қорғау мен экономикалық даму мәселелерін шешудің тығыз байланыста
екенін ұғындырды, экологиядан бөлек дамыған экономика жерді қу далаға
айналдыруда, ал экономиканың дамымауы экологияны қайыршылық күйге түсіреді
деген ойды тудырады.  

❖ Нарықтық экономика артықшылығы

Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын
шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді
іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де,
нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы
реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы
экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына”
тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас
экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық
шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән
сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді
реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары
ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның
өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда
кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды
қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері туралы
Нарықтың әлеуметтік- экономикалық заңы
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы ақпарат
Нарық шаруашылығының артықшылықтары және кемшіліктері жайлы
Отандық кәсіпкерлерге маркетинг
Нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері
Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері
Кәсіпорындағы маркетингтің мәні, міндеттері және дамыту жолдары
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері туралы ақпарат
Акционерлік қоғамдардың қызметінің экономикалық тиімділігінің теориялық негіздері
Пәндер