Дүниеге қөзқарас пен оның типтері


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Орындаған: Рыскалиева А.

Тобы: УА - 405

Семей қ.

2015 жыл

Жоспар:

1. Дүниеге қөзқарас және оның типтері;

2. Ежелгі Қытай философиясы;

3. Философиядағы адам мәселесі;

4. Гносеология және эпистемология;

5. Диалектика және оның әдістері.

Дүниеге көзқарас дегенiмiз-айнала қоршаған орта, бүкiл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас - біліммнен, сезiмнен, нанымнан және танымнан тұрады.

Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: мифологиялық, діни, философиялық.

Мифология - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т. б.

Дін - бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды.

Философия - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

Космоцентризм - әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .

Теоцентризм - барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш - Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық Еуропа философиясына тән ерекшелік) .

Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады) .

Қытай философиясы б. д. д. 6-3 ғ. ғ. мифология кейпінде пайда болды. Мифтердің өзінде кейін философиялық ұғымдарға айналған түсініктер қалыптаса бастады. Атап айтар болсақ, «Дао» туралы, яғни космостық заңдылықтар турасында немесе барлық әлемнің жүріп өту жолы жөніндегі көзқарастар, барлық тіршіліктің бастауы болған бес стихия (от, жер, су, металл, ағаш) және бір-біріне қарама-қарсы екі күш -Инь мен Ян туралы философиялық пікірлер дүниеге келді.

Қытай философиясының пайда болуы мен дамуына қытайдағы көне классикалық кітаптар айтарлықтай әсер етті:

1. «Өзгерістер кітабы» («И цзин»-балгерлік кітап) ;

2. «Өлеңдер кітабы» («Ши цзин»-көне поэзиялар) ;

3. «Тарих кітабы» («Шу цзин»-тарихи оқиғалардың, құнды құжаттардың жазбасы) ;

4. «Рәсімдер кітабы» («Ли цзи-саяси және діни мереке, рәсімдер кітабы») ;

5. «Әндер кітабы» («Юэ цзин-бұл кітапе сақталмаған») ;

6. «Көктем және күз» («Чунь цу-этикалық және әдеби сұрақтарды шешудің үлгілері, Лу патшалығының хроникасы») .

Ежелгі Қытайдағы ұлттық философиялық ілімдер қатарына-даосизм, Конфуцийшілдік және легизм негізгі ілімдерін жатқызуға болады.

Конфуцийшілдік -бұл философиялық ілімнің пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы - осы ағымның негізгі салушы Кун - фу - цзыға тікелей байланысты. Кун - фу - цзы (б. д. д. 551 - 479 ж. ж. ) кедейленген ақсүйектер әскербасының отбасында дүниеге келген. Ата - анасынан ерте айрылған ол, тек 15 жасында ғана білімге құмарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Негізгі философиялық еңбегі «Лунь юй» (әнгімелер мен пікірлер) деп аталады.

Конфуций дүниетанымы философиялық -этикалық мәселелерге негізделген. Қайырымды адам болу үшін байлық емес, тәрбиесі мен мәдениеті, жоғары сапалы мінез-құлық керектігін айтқан.

«Қайырымды адамның» негізгі сипаттары деп мына қағидаларды көрсетеді:

«Жэнь» (адамгершілік) -адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаста этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау: «Өзіңе тілемегенді өзгелерге жасама».

«Сяо» (баланың құрметі) -үлкен және кішінің арасындағы қарым-қатынас: ата-анаға және үлкенге құрмет.

Конфуцийдің ойынша, халықты қорқытып, зорлықпен бағындыруға болмайды. Мемлекетті басқару ісін жақсы меңгеріп, қарапайым адамдардың қиын мәселелерін түсіне білетін басқарушыны халық өздері-ақ құрметтеп, бағынатын болады дейді. Халықта басқарушыға қоғамды қалай басқару керектігі жөнінде өз ұсыныстарын білдіріп отыру керек.

Конфуций өмірден өткеннен кейін оның ілімін әркім өзінше түсінді. Көрнекті шәкірттері Мэнь-цзы мен Сюнь-цзы.

Даосизм -әлемнің құрылуымен адам, табиғат, ғаламның үйлесімді түрде жүріп өту жолына жетуді түсіндіруге ұмтылған философиялық ілім. Негізін салушы Лао цзы (б. д. д. 6-5ғ. ғ. ) . Негізгі еңбегі «Дао дэ цзин». Даосизмнің негізгі ұғымдары «Дао» және «Дэ».

«Дао»-өзінің даму сатысында адамның табиғаттың, әлемдік заңдылықтың жүріп өту керек деп саналатын жол.

«Дэ»-бәрінен жоғары, алғашқы бастама- «Даоның» бүкіл әлемге айналуына себепкер болған энергия.

Дао -аспанның, аспан-жердің, жер-адамның бастамасы. «Адам жер заңдылығымен, жер аспан заңдылығымен, аспан даоның, ал дао -өз заңдылығымен жүреді». Дао ілімі бойынша болмыстың бастамасы Ци деп есептелген. Ци космологиялық мәні бойынша әлемнің субстанциясы, ол Хаосты құраушы. Ци ұғымынан келіп, екі қарама-қарсы күш пайда болады. Олар Инь мен Ян. Осы екі күштің бірігуінен кейін, бес элемент құрастырылады; от, жер, металл, су, ағаш. Барлық тіршілік, әлем осы элементтерден пайда болған.

Әлемде аспан мен жер бастамалары заттардың өмір сүру заңы арқасында үйлесімді бірлікте болады. Даолық ілімге сүйенсек, дүниедегі барлық заттарды «Инь» мен «Ян» қағидасына байланысты екіге бөлуге болады. «Инь»-әйелдік бастама, оған жер, су және қыс мезгілі жатады. «Ян»-еркектік бастама, оның атрибуты аспан, от және жаз мезгілі. Бір-біріне қарама-қарсы әрі бірін-бірі толықтырып отыратын осы элементтердің өзара әрекетін, байланысын есепке ала отырып, даолықтар өздерінің өмірін болып жатқан құбылыстармен, табиғатпен үйлесімділікте ұстауға шақырады.

«Инь» мен «Ян»-бірін-бірі толықтырып отыратын даолық қағида. «Инь»-әйелдік бастама «Ян»-еркектік бастама. «Инь» мен «Ян»

Дао ілімі бойынша өмір сүргіңіз келсе, «У-вей» қағидасын ұстаныңыз. «У-вей»-заттар мен болып жатқан құбылыстарды өз мәнінде қабылдау, салқынқандылық таныту. Білім-барлық адамға беріле беретін құбылыс емес, ол тек ерекше данышпан адамдарға ған тән. Білім-үндемеу. «Үндемеген адам-білімді, сөйлеген адам-білімсіз адам».

Легизм (Фа цзя-заңгерлер мектебі) негізін салған Шан Ян (б. д. д. 390-338ж. ж. ), өкілі Хань Фэй (б. д. д. 288-233ж. ж. ) . Негізгі еңбегі «Книга господина из Шан». Легистердің мектебі қоғамды басқару мәселесіне байланысты қалыптасты. Қоғамды басқаруда заңдар ойлап тауып, мемлекетті заңға сүйеніп басқару керек дейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін:

1. Мақтаудан гөрі жазалау көп болу керек;

2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру керек;

3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмысқа бармайтын болады;

4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек.

Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды. Керек болса, мемлекет үшін өлімге де барады деп ойлаған.

Философияда адам мәселесі , оның ішінде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі оның рөлі мәселелері фундаменталдық тақырыптардың бірі болып табылады. Философияның пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды, ал бүгінгі күндері адам әрекетінің әртүрлі қырларын зерттеуді негізгі мақсат тұтатын өзге де ғылыми салалар пайда болды.

Адам туралы алғаш идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла басталды. Бұл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер (аңыз, әпсаналар) мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.

Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады. Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар, өсімдіктер, жануарлар, адамдар мен құдайлардың арасындағы шекара шартты және өтпелі. Алайда өзінің эмпирикалық болмысындағы құмарлықтардан азат болып, еркіндікке ұмтылу тек адамға ғана тән. Упанишад бүкіл Үндістанда адам философиясының дамуына орасан зор ықпал етті. Әсіресе, ол джайнизм, буддизм, индуизм, санкхья, йога ілімдеріне мол әсерін тигізеді.

Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады. Оның түпкі тұжырымы ретінде "аспан" концепциясын алуға болады, өйткені ол әлем мен адамның дамуын анықтайтын тек табиғаттың бөлігі ғана емес, жоғары рухани күшті де білдіреді. Бірақ оның философиясының негізін аспан, немесе жалпы табиғи әлем емес, адам, оның жердегі өмірі мен тіршілігі құрайды, яғни антропоцентристік сипат алады. Конфуций ең алдымен адамның адамгершілік әрекетіне назар аударады.

Ежелгі грек философиясында адам бастапқыда өз-өзінен өмір сүрмейді, тек абсолюттік тәртіп және ғарыш ретінде қабылданатын белгілі бір қатынастар жүйесінде өмір сүреді. Өзінің барлық табиғи және әлеуметтік ортасымен, көршілерімен және полиспен, жанды және жансыз заттарымен, жануарлармен және құдайлармен бірге ол біртұтас, ажырамас әлемде өмір сүреді. Ғарыш түсінігінің өзі мұнда адамдық мәнге ие болады, сонымен қатар адам тірі ағза ретінде, макрокосмның бейнесі микрокосм ретінде, ғарыштың бір бөлігі ретінде пайымдалады.

Орта ғасырда адам ең алдымен құдайдың бекіткен әлемдік тәртібінің бөлігі ретінде қарастырылады. Ал ол туралы қөзқарас христиан дінінде көрсетілгендей адам "құдайдың бейнесі және ұқсастығы" дегенге саяды. Әлеуметтік тұрғыда ортағасырларда адам құдіретті тәртіптің бей-жай қатысушысы деп жарияланды және құдайға қатынасында ол төмен және бейшара жан болып табылады .

Жаңа заманның философиялық антропологиясы пайда болып келе жатқан капиталистік қатынастардың, гуманизм деп аталатын жаңа мәдениет пен ғылыми білімнің ықпалымен қалыптасты. Егер ортағасырдың діни философиясы адам мәселесін мистикалық тұрғыда шешсе, ал Қайта өрлеу дәуірінің философиясы адамды жерге түсіріп, оның мәселесін осы түбірде шешуге тырысады. Адамның әуел бастағы күнаһарлығы туралы ілімге қарсы, ол адамның қайырымдылыққа, бақытқа және үлесімділікке табиғи ұмтылысын бекітеді.

Таным теориясы немесе гносеология философияда оның ең алғашқы даму кезеңінде ақ пайда болған. Гносеология грек тілінен аударғанда, «таным туралы білім» деген мағына береді. Гносеология-адамның табиғатын, нақты білімге қатынасын, оның мәдениет пен коммуникация жүйесіндегі өмір сүру шартын, ақиқат білімге жетудің заңдылықтары мен тәсілдерін оқытады. Гносеология адамның дүниені танып білу қабілетін, танымның негізгі заңдылықтарын, әдістерін, жолдарын зерттейтін философиялық ілім. Кейіннен «эпистемология» термині пайда болды, ол да өте кең таралды. Бұл термин ғылыми таным теориясын білдіреді.

Таным субектісі дегеніміз-мақсатпен бағытталған заттық-практикалық, белсенді таным әрекетін ұстанушы, ол индивид те, ұжым да, әлеуметтік топ, қоғам да болуы мүмкін.

Таным обьектісі дегініміз-субьектінің таным әрекеті бағытталған нәрсе.

Философиялық концепцияларда танымның екі түрі бар:

  • сезімдік таным (түйсік, қабылдау, елестету)
  • рационалды (логикалық) таным (түснік, пайымдау, ой-тұжырым)

Сезімдік таным бойынша біз әлем туралы алғагқы білімдерді түйсік, қабылдау, елестету түрінде аламыз. Алынған сезімдіктер рационалды сферада ой тұжырым, пайымдау, түсінік көмегімен өңделеді. Таным процесі адамның практикалық іс-әрекетімен тығыз байланысты. Қоғамдық практика таным процесінің негізі және мақсаты. Сезімдік таным түрлері:

Түйсік -материалды заттың адам сезім органдарына тікелей өзара әрекет ететін қарапайым, элементарлы көрінісі. Олар белгі немесе сигналды қызметтер атқарады.

Қабылдау -сезімдік таным формасы, онда обьект тікелей сезім органына әсер етіп, санада тұтастай көрініс беруі. Қабылдау түйсік негізінде пайда болады. Ол да образдық-белгі бірлігімен сипатталады.

Елестету -заттың жанама-сезімдік бейнесі, ол қабылдау негізінде пайда болады.

Рационалды таным түрлері:

Түсінік -бұл ой формасы, онда жеке заттар мен олардың топтары жалпыланады, кластарға бөлінеді.

Пайымдау -бұл ой, онда әлдене бекітіледі немесе шындық заттармен терістелуі мүмкін.

Ой -тұжырым-бұл ойлау формасы, ой-тұжырым арқылы бір немесе бірнеше пайымдаудан жаңа пайымдау шығару. Ойлауды-жалпы түрде сезімдік немесе түсінікті бейнелермен интеллектуалды операцияларды өңдеп шығару тәсілі ретінде айтуға болады.

Ақиқат гносеологияның ең басты сұрақтарының бірі. Философияда ақиқат мәні туралы анықтамалар өте көп. Біреулер үшін ол сәйкестік пен корреспонденция болса, екіншілер үшін эмпирикалық концепция, үшіншілері үшін конвенционалды теория, төртіншілер үшін өзімен келіскен білім, бесіншілер үшін практикаға қолдануға өте ыңғайлы, т. б. Ақиқат -субьектінің шындықты танудағы практикалық білімді игерудегі адекватты көрінісі немесе обьектіге ойдың сәйкес келуі. Ақиқат өлшемдері:

Салыстырмалы ақиқат -бұл біріншіден, толық емес білім, ол қоғам дамуының білгілі-бір деңгейімен сәйкес келеді, екіншіден, белгілі-бір шартқа, орын мен уақытқа тәуелді білім.

Абсолютті ақиқат -бұл біріншіден, шексіз әлем туралы толық білім, екіншіден, болашақта терістелінбейтін білімдер.

Ақиқат - танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат дегеніміз субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік-тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективті. Объективті ақиқат деп қоғамдық адам түсінігіндегі, біліміндегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен ақиқат дегеніміз объективтік пен субъективтіктің диалектикалық бірлігі. Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білімді - салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді - абсолютті ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ақиқат пен абсолютті ақиқат - әлеуметтік, тарихи процесс ретіндегі объективті ақиқаттың көріністері. Объективті ақиқат салыстырмалы - абсолютті түрде ғана өмір сүреді.

Диалектика - табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым. Бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтардың және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатынын және өзгеріп отыратынын танудың ғылыми әдісі.

Диалектика ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы - диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді.

Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірлерінде философия мен жаратылыстану ғылымдарында диалектиканың дамуына Д. Бруно, Н. Коперник, Н. Кузанский, Р. Декарт, Б. Спиноза сияқты ойшылдар үлес қосты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияға кіріспе. философияның дамутарихы. философия пәні мен функциясы
«Философия көзқарас ретінде»
Адам - жеке түлға ретінде
Адам және қоғам өміріндегі философиялық мәселелердің өзектілігі
Философияның негізгі даму кезеңдері мен бағыттары
Дүниеге қөзқарас және онын типтері. Ежелгі Қытай философиясы. Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология. Диалектика және онын әдістері туралы ақпарат
Дүниеге қөзқарас және онын типтері. Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі.Гносеология және эпистемология. Диалектика және онын әдістері жайлы мәлімет
Философия, оның пәнi және қоғамдағы ролi
Философиядағы адам мәселесі жайлы
Дүниеге қөзқарас пен оның типтері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz