Орман шаруашылығын жоспарлау жайлы мәлімет


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Орман шаруашылығын жоспарлау.
Дайындаған: Болысбеков М.
ЛД-211
Тексерген: Тойкин С. Қ.
Семей
2015
ЖОСПАР:
Кіріспе
- Орманның негізгі элементтері және ағаш бітімі және оның басты белгілері.
- Орман шаруашылығын басқару және жоспарлау.
- Орман шаруашылығын жоспарлау, ұйымдастыру және оның жұмысы
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Біздің республикамыздың орман қоры еліміздің ұлан-байтақ жерінің 4, 2 % құрағандықтан, ағаш көшеттерін отырғызу, орман қорын молайту өзекті мәселе болып тұр. Қазіргі жағдайда сапалы көшет алу үшін, ағаш тұқымдарын питомниктерде дұрыс баптап өсірген жөн. Әр ағаш тұқымының ерекшеліктері мен өзіне тән қажетттіліктерін ескере отырып, питомниктерді жобалау мен тұрғызу қажет. Питомник жұмысы ілгері басу үшін оның жобасы дұрыс жасалуы керек. Жоба картографиялық, геологиялық, биологиялық жағдайларға сүйеніп жасалады.
Елімізде қазіргі кезде қылқан жапырақты ағаш тұқымдарын өсіретін питомниктерге баса назар аударылған, ал жапырақты ағаш тұқымдарын өсіруге арналған питомниктер екінші орында тұр. Бірақ жапырақты ағаш тұқымдарының да адам өмірі үшін орны ерекше және де шаруашылық маңызы да жоқ емес. Сондықтан мен курстық жобамның тақырыбы «Қазақстан Республикасының жапырақты ағаш тұқымдарын өсіруге арналған питомниктерді жобалау» жұмысына арналады.
Орман кодексімен анықталатын Қазақстан Республикасы орман шаруашылығының негізгі саясаты орман шаруашылықтарының экологиялық және ресурстық әлеуетін, орман ресурстарын ұтымды және таусылмайтындай етіп пайдалануын, оларды қорғау, сақтау жэне ұдайы өндірісіи жоғарылату мақсатында ормандарды иелену, басқару бойынша реттеу қатынастары болып табылады. Орман қатынастарын зерттеу орман биосферасыныд ғаламдық экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мэні бар аса маңызды комионенттерінің бірі болыи табылатыны негізге алына отырып жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде орман шаруашылығы сұрақтары туындап, мақсаттары кеңеюде, өндірістік және тығыз орналасқан аудандарда екпелердің құрамы өзгеруде, қазіргі таңда орманмен қамтылған және орман шаруашылығы мекемелерінің алдында орман ағаштарын кесу жас көшеттерді қалыптастыру орман шаруашылығындағы маңызды мәселелердің бірі болып тұр. Табиғи жолмен жаңартуды ашу жұмыстары сақталуда. Орман құрамы құндылығының жоғарылауында, өнімділігі, табиғи жолмен жапырақты - қылқанды және қылқанды - жапырақты ағаштардың қолданылуы үлкен рөл атқарады. Сондықтан жапырақты - шыршалы және шыршалы - жапырақты отырғыларда біртіндеп кесуді жүргізу орынды болады.
- Орманның негізгі элементтері және ағаш бітімі және оның басты белгілері.
Белгілі бір жерде орман ешқашанда бір текті болмайды. Оларда сыртқы және ішкі белгілері және қасиеттерімен айырмашылық болады. Сондықтан іс жүзінде топтайды. Орманның негізгі компоненті - орман өсімдіктері және оның құрылымдық бөліктері: сүрекдіңдері, жас шыбықтар, шілік, шабан өркен, тірі бүркеме дақыл, орман төсеніші ж. т. б.
Орман өсімдіктері - сүрекдіңдерінен, сонымен қатар, жаңа өсулерден, шіліктен және тірі бүркеме дақылдан құрылатын орман участогі. Орман өсімдіктерін орман фитоцинозы деп тауға болады (фитон - өсімдік, ценоз - жалпы, біріккен) . Оған ағаштар, бұталар, шөтесін өсімдіктер, мүктер, қыналар, орман төсеніші жатады.
Өскіндер, өзі себілгендер, жаңа өсулер, шілік, шабан өркендер, бүркеме дақылдар өсімдіктердің төмедегі қатарына жатады. Пісу жасына жеткен әр орманда ағаштардың жас ұрпағы болады. Ол ұрпақ аналық орманның, әлде басқа тұқымдардың өнімі болуы мүмкін. Жас ұрпаққа өскіндер жатады - бір жастағы ағаш өсімдіктері. Егер өскіндер сақталса, олар өзі себілген екі жасқа дейінгі ағаш өсімдігі болады. Олар табиғи дамудың келесі ұрпағы - жаңа өсулер, яғни екі жастан асқан негізгі тұқымдардан кейін дамитын өсімдіктер. Ағаш кесу кезінде құнды тұқымдар өсулері сақталу керек, өйткені олар жаңа ұрпақты қалыптастырады. [4]
Шілік (майда тоғай) - өскен жерінде ағаш бітімін қалыптастырмайтын, орман көлеңкесінде өсетін бұталар. Шіліктің тұқымдық құрамы орман қалыптастыру жағдайларымен - климаттық, гидрологиялық, топырақтық, сонымен қатар ағаш бітімінің тұқымдық құрамымен байланысты.
Майда тоғайдың орманшылық және экономикалық мағнасы зор. Оның топырақ қорғау орны мыналарда: жерге арам шөптер өсірмейді, қопсытып құрылымын сақтайды, су эрозиясын толастатады. Топырақты қоректік заттармен байытады, пайдалы құстар мен аңдарға пана болады, азықтық жемістер береді.
Шабан өркенге негізгі ағаш тұқымының діңін жақсартып өсуін тездететін ағаш және бұталарды жатқызады. Ол жаңа өсулер мен шіліктерге қарағанда негізгі тұқымға көп көмек береді. Жан-жағында өсіп оның өсуін бәсеңдетпей, діңі түзу болуға әсер етеді, өйткені бұтақтары көп болмайды.
Тірі бүркеме дақылдар - мүктер, қыналар, шөптесін өсімдіктер, бұташалар орманды және ормансыз жерлерде өседі. Олар ағаш бітімдерімен, географиялық жағдайға және өсімдіктердің өз жағдайларымен байланысты. Орман өмірінде мағнасы зор, әсіресе қалпына келтіруге көп әсер етеді.
Тірі бүркеме дақылдардың ішінде азықтық, дәрілік, илік заттары бар өсімдіктер көп және жануарларға көп азық береді. [5]
Ағаштар қосылып екпелер қалыптастырады, оның ішінде жаңа қосылыс пайда болады, ол орман төсеніші - әр түрлі шіріген өсімдіктер түсінділерінен орманда қалыптасқан топырақ үстіндегі қыртыс. Өсімдіктер түсінділеріне жатады - жапырақтар, қылқандар, бұталар, жемістер мен қабықтар, ол жерді көптеген жануарлар паналайды. Орман төсенішінің қоры, қалыңдығы және құрылымы орман құратын тұқымдардың түрлік құрамымен, ағаш бітімінің жасымен, ағаштар биіктігімен, тірі топырақ жамылышымен, қазғыш фаунаның белсенділігімен байланысты. Төсенішті топырақтың ормандық өсімдік қасиеттеріне қолайлы әсер ететін фактор ретінде қарастыру керек, өйткені қопсу мен құрылымын, жоғарғы қабаттың ылғалы мен температурасын сақтауға әсер етеді. Сұйық жауын-шашынды сүзіп топырақтың қылтүтігін сақтайды. Сонымен қатар төсеніш орман топырағына тыңайтқыш ретінде қызмет жасайды.
Орман төсенішімен қатар орманда тамыр жүйесі бар, ол бір өсімдіктің жер астындағы табиғи күрделі құбылысы. Топырақта орналасу сипатымен жер бетіндегі, терең орналасқан, аралас тамыр жүйелерін бөледі. Ағаштар тамыр жүйесінің көмегімен жерге бекиді, су мен қоректік заттарды алады, алмасу заттарын бөледі, қоректік заттардың артығын жинайды. [6 ]
Ағаш бітімі (сүрекдіңдер), оның басты белгілері. Ағаш бітімінің морфологиялық маңызды айырмашылық белгілері бар және ол тұқымдар құрамымен, нысанымен, жасымен, шығу тегімен, бонитетімен, толықтылығымен, қабысуымен, қалыңдығымен, қорымен, өнімділігімен, даму жағдайымен топтастырылады.
Ағаш бітімінің құрамы - қалыптастыратын ағаш тұқымдарының тізбесі және әр тұқымның бітіміне қатынас дәрежесі. Егер ағаш бітімі бір ағаш тұқымынан немесе бірлі - жарым қоспадан құралса, онда ол таза, ал егер екі немесе одан көп тұқымнан құралса аралас деп аталады. Ағаш бітімінің құрамы 10 - балдық жүйемен белгіленеді. Егер ол 7\10 қарағайдан және 3\10 қайыңнан құралса, онда құрамы 7ҚЗАҚ деп бөлінеді, бас әріптер тұқымдарды көрсетеді, ал сандар қосындысы 10 болу керек.
Ағаш бітімінде бір ағаш тұқымы көп болса, ол басым түскен деп аталады. Ал егер бітімдегі тұқым шаруашылықта бағалы болса оны басты деп атайды.
Ағаш бітімінің нысаны, ең маңызды кейіпі, бір биіктіктегі ағаштар қалыптастыратын қатарлар санымен анықталады. Егер ағаштардың бөрікбасы жалпы қатар құрастырса, онда ол ағаш бітімі қарапайым, немесе бір қатарлы деп аталады, ал егер екі немесе бірнеше қатар құрастырса, онда ол күрделі немесе көп қатарлы. Егер қатар толықтығы 0, 3 кем болмаса, онда ағаш бітімін күрделіге жатқызады. Олар топырағы және климаттық жағдайлары қолайлы жерлерде қалыптасады. Жоғарғы қатарда тез өсетін, жарықты жақсы көретін тұқымдар өседі, ал екінші және үшіншіде жарықтың, аздығына көнетін ағаштар. Күрделі ағаш бітімінің мысалы ретінде мына ағаш бітімін келтіруге болады - қайың бірінші қатарда өседі, ал екінші қатарда - шырша.
2. Орман шаруашылығын басқару және жоспарлау.
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын ұйымдастыру:
1) орман орналастыру iсiн жүргiзудi;
2) мемлекеттiк орман қорын санаттарға бөлудi;
3) мемлекеттiк орман қорын алқаптар түрлерi бойынша бөлудi;
4) кесу жасын белгiлеудi;
5) кесу жүйесi мен орман ресурстарын молықтыру жүйесiн белгiлеудi;
6) орман пайдалану нормаларын белгiлеудi;
7) ормандарды күзету мен қорғау жөнiнде шаралар белгiлеудi;
8) орман селекциясы мен орман тұқым шаруашылығын жүргізуді;
9) ормандарды зерттеу, есепке алу, күзету, қорғау, молықтыру, орман өcipу, орман пайдалануды реттеу және Қазақстан Республикасының орман заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi өзге де құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық iс-шараларды қамтиды.
2. Мемлекеттiк орман қорын тиiмдi күзету мен қорғауды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк орман иелiктерi аумағы орманшылықтарға, орман шеберi учаскелерiне және орман қарау аймағына бөлiнедi.
Орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн мемлекеттiк орман қорындағы орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыруды орман орналастыру немесе арнайы зерттеулер материалдары негiзiнде аумақтық бөлімше жүргiзедi.
Алаңқай жерлер топырақ зерттеу және орман орналастыру материалдары бойынша орман өсiруге жарамсыз деп танылған жағдайларда ағаш өспеген алқаптарға айналдырылуы мүмкiн.
3 Аумақтық бөлімшенің орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда орманды алқаптарды ағаш өспеген алқаптарға айналдыру туралы шешiмiнде учаскенiң орналасқан жерi, оның көлемi, ағаш өспеген алқапқа айналдыруды жүзеге асырудың мақсаты мен мерзiмi, атқаруға рұқсат етiлген жұмыстардың тiзбесi, ағаш өспеген алқапқа айналдыру мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi осы учаскенi жаңғырту жөнiндегi iс-шаралар көрсетiледi.
3 Орман шаруашылығын жоспарлау, ұйымдастыру және оның жұмысы
1. Осы орман шаруашылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман шаруашылығын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
2. Орман шаруашылығы ерікті негізде құрылады және оқитындардың экологиялық тәрбие мен еңбек нысанының бірі болып табылады.
Орман шаруашылығының міндеттері:
1) орман шаруашылығы мен табиғат пайдалану саласында оқушыларға кәсіби бағыт қалыптастыру, оларды мамандықты саналы таңдауға даярлау;
2) орман шаруашылығы (бұдан әрі - орман мекемесі) және табиғат қорғау (бұдан әрі - табиғат қорғау мекемесі) мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік табиғи қорық қоры объектілерін сақтау, ормандардың өсімін молайту мен орман дамытуды қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік көмек көрсету;
3) орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы білімді іс жүзінде кеңейтуі, тереңдетуі және бекіту;
4) орман шаруашылығын жүргізудің инновациялық әдістерін мақұлдау мен әзірлеуге қатысу.
Орман шаруашылығын ұйымдастыру.
1) орманды отырғызу және себу, орман дақылдары және орман тұқымы плантацияларына күтім жасау, питомниктерді, дендрологиялық учаскелерді салу, оларға күтім жасау, отырғызу материалдарын өсіру, орманның табиғи жаңаруына және кеспеағаштарды белгілеп өлшеуге көмек көрсету;
2) орман зиянкестері ошағын және ауруларының байқалуы жөніндегі;
3) орман өртінің алдын алу шараларын жүргізу жөніндегі;
4) пайдалы жәндіктерді (өсімдіктерді тозаңдандыратындарды, құмырсқаларды) қорғау жөніндегі;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz