Кәсіпорынның өндірістік қоры жайлы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Кәсіпорынның өндірістік қорлары

Орындаған : Тайжұма А. А.

Топ: ТП -211

Тексерген : Нуралина К. Т.

Семей 2015

Мазмұны:

1. Кәсіпорынның өндірістік қорлары түсінігі мен құрамы

2. Кәсіпорындағы негізгі және айналым қорлары

3. Кәсіпорынның өндірістік қорлар сатылары

Қорытынды

Кәсіпорынның өндірістік қорлары түсінігі мен құрамы

Кәсіпорын халықшаруашылығы кешенінің басты салаларының бірі болғандықтан, оның құрамына өндірістің барлық қорлары жатады. Бұл жерде басты экономикалық үрдістер пайда болады, халық байлығы жетіліп, толығады, ұлттық қоғамның кірісі құрылады, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарының шешімі құрылады, өндірістік және әлеуметтік қарым-қатынастар пайда болады. Қолданылуы анағұрлым жақсы өндірістік қорлармен танысу маңызды болып келеді.

Кәсіпорынның негізгі белгісі - оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе оперативті басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның функционирленуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды.

Қор дегеніміз- экономикалық тиімділіктерді өндіруге қолданылатын факторлар. Жалпылама алғанда өндірістік қорлар деп барлық табиғи, халықтық және тауар өндіруге және қызмет көрсетуге қолданылатын, адам қолымен жасалған барлық қорлар жатады.

Барлық қорларды әр түрлі жолдарына байланысты түрліше жікетуге болады:1) материалды ресурстар-жер немесе шикізат материалдары, және капитал; 2) адами ресурстар- еңбек және кәсіпорындық қызметтер.

Жер - өндірістік процесте қолданылатын барлық табиғи қор (жер, орман, су қорлары және т. б. )

Капитал - өндірістің заттары; өндірістік инфрақұрылым; өндіріс заттарын сатып алуға керек ақша.

Еңбек - тауарлар мен қызметтерді өндіруде қолданылатын адамдардың физикалық және ойлау қабілеттері.

Ақпарат - білімнің ретке келтірілген жүйесі.

Барлық кәсіпорынның экономикалық қорлары немесе факторлар бір және ортақ қасиетке ие: олар сирек кездеседі немесе шектеулі мөлшерде болады.

Негізгі қорлар - бұл өзінің құнын бөлектеп жоғалатын және ұзақ кезең бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар. Негізгі қорлардың кеңейтілген қайта өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты олар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар болып бөлінеді.

Өндірістің әр бір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:

1. Еңбекке заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар) ;

2. Еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т. б. ) .

Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс процесінде еңбек өнімін шығарады.

Еңбек процесінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.

Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік орталықтары, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.

Негізгі және айналым қорлары

Негізгі қорлар - бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектен ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.

Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі қорлар өзінің әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған құн секілді натуралды түрде көрінеді.

Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорларына келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер учаскілері, ғимараттар, құрылыстар және т. б. жылжуы мүмкін емес жермен байланысты объектілер), көлік құралдары, құрал-жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарь, арнайы инструменттер және басқа да құрал-жабдықтар (библиотекалық қор, музей құндылықтары, тірі әлем экспонаттары және т. б. ) .

Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорлары олардың материалды-техникалық базасының негізін құрайды, олардың өсімі және жетілуі өнімнің сапасын көтеруінің және бәсеке қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады.

Негізгі қорларға қарағанда айналым қорлары бір өндірістік процеске қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады (мысалға, құн өзінің құнын жаңа пайда болған өнім-нанға толықтай ауыстырады) .

Материалды активтер сатып алыну мақсатына байланысты негізгі қорлар есебінде, құрамында, тауарлы-материалдық қорларда немесе қаржылық инвестицияларда көрінеді, ал қайта сату мақсатымен сатып алынған болса - тауарлы материалдық қор құрамында; ұзақ уақыт бойы қаржы салу мақсатымен сатып алынған болса қаржылық инвестиция болып көрінеді.

Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты төмендегілерге бөлінеді:

өндірістік - бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған жағдай жасайтын негізгі қорлар. Оның құрамына өндірістік ғимараттар және құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь, инструменттер, көпжылдық отырғызулар. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;

өндірістік емес - тұтынуға белгіленген негізгі қорлар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, кәсіпорын жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.

Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады:

  • Негізгі қордың тозуы;
  • Амортизация;
  • Негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін жинақталған қаражаттар;
  • Капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.

Кәсіпорынның және басқа да әр түрлі салалардың негізгі қор құрылымы мынадай факторлармен анықталады:

  • Өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты,
  • Өндірістің техникалық деңгейі,
  • Мамандыру және т. б.

Амортизация - негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Негізгі қорлар өндірістік процесте:

  • Натуралды;
  • Ақшалай нысанда зерделенеді.

Натуралды нысандағы құралдардың есебі:

  • Негізгі қорлардың техникалық құрамын;
  • Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын;
  • Құрал-жабдықтарды пайдалану дәрежесін;
  • Басқа да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік.

Негізгі қордың ақшалай нысандағы есебі:

  • Негізгі қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын;
  • Амортизациялық аударымдардың есебін;
  • Дайын өнімді тасымалдау құнын;
  • Капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтайтын қажеттілік.

Кәсіпорынның өндірістік тиімділігі нарықтық экономиканың негізгі категорияларының бірі болып табылады. Өндірістің экономикалық тиімділігі - бұл екі өлшемнің жалпы түрдегі өндірістің сандық көрсеткіштердің қарым-қатынасы, яғни шаруашылық өндіріс нәтижелері және өндіріс шығындары.
Өндіріс тиімділігін есептеп шығару үшін кәсіпорын экономикасында келесі формулалады қолданады.

Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына құрылу көздері мен шығындарының мазмұны жағына ұқсас мынандай жеке қорлар құра алады: еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму т. б. қорлары.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорлары валюта қаражаттарының есебінен мынандай көздерден қалыптасады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және микроэкономика негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Қаржылық ресурстар жайлы түсінік
Кәсiпорынның инвестициялық iс-әрекетiн жүргiзу
«Казиндустрия» ЖШС персоналының еңбек потенциалының қалыптастыру, бағалау және оны дамыту мақсатындағы іс-шаралар жүйесін талдау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру көздері
Жалақы мәні
Кәсіпорындағы персоналды басқаруды жүзеге асыру
Қаржылық ресурстарды басқару
Ақша қаражаты және ақша қаражатының баламалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz