Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі педагогикалық - психологиялық идеялар


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі педагогикалық-психологиялық идеялар

Мазмұны:

Кіріспе . . . ……… . . . 3-8

І-тарау. Ы. Алтынсариннің педагогикалық зерттеулерінің теориялық негіздері.

1. 1. Ы. Алтынсариннің қоғамдық-саяси қызметін орыс ғұламаларының зерттеуі . . . …… . . . 9-15

1. 2. Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметін қазақстан ғалымдардың зерттеуі . . . … . . . 16-23

ІІ-тарау. Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі педагогикалық - психологиялық идеялары.

2. 1. Педагогикалық көзқарастары . . . … . . . 24-30

2. 2. Психологиялық идеялар . . . … . . . 31-39

2. 3. Білім мен тәрбие беруде алға қойған мақсаттар . . . … . . . 40-53

Қорытынды . . . 54-58

Қолданылған әдебиеттер . . . 59-60

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі : Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдегі өркениетті елдермен терезесі тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет бұрып, саяси-экономикалық мәселелерді ұлттық мүддеге орайластыра отырып, тиімді дамудың жолдарымен жүріп келеді. Мұны еліміз ішкі және сыртқы саясаттағы өзіндік байыпты бағыттары арқылы жүзеге асырып отыр. Бұл орынды да. Өйткені халқымыздың ғасырлар бойы біртіндеп қорланып қалыптасқан рухани қазынасы тоталитарлық жүйе кезеңінде орасан зор дағдарысқа ұшырап, тоқырап қалғаны баршаға аян. Ол өз кезегін жалпы жұртшылықтың, әсіресе өскелең жас ұрпақтық өз туған халқының рухани құндылықтарынан, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарынан ажырап қалуына әкеп соқтырды. Міне, сондықтан да жас өспірімдердің халқымыздың рухани тамырынан толық қол үзіп қалмауы - біздің бүгінгі елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі өлшемдерінің бірі деп есептеуге болады.

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілтетті халық үшін» атты халыққа арнаған өткен жылғы жолдауында ендігі жерде қай салада да тек көшке ілесе білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілеттілікті қарыштап дамыту керектігін айырықша атады. Бұл орайда, әрине білім беру саласында ерекше назар аудару қажеттігі айырықща аталады. Бұл орайда, әрине, білім беру саласына ерекше назар аудару қажеттігі анық. Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен бірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда бейінді оқытуды көздейтін . . . білім беруге көшу қажет, - деп атап көрсетілді жолдауда.

Тәуелсіз елімізде оқушы - жастарды бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім - тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі бәсекеге қабілетті жас өспірімдерді тәрбиелеу, ұлт тұрмыс-тіршілігін өркендетуші сапалы да, сауатты, ұлтжанды, мәдени - ғылыми ой өрістері кең ұрпақ өсіру - қоғам алдында тұрған басты міндет. Әрбір қоғам өзінің даму барысындағы зиялы қайраткерлердің педагогикалық ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп пайдаланып отырған.

Сондықтан ғылыми педагогиканың бастауы деп санайтын орта ғасырлық ұлы ойшылдар Әл-Фараби, А. Иассауи, М. Қашқари, Ж. Баласағұни, М. Х. Дулати т. б. тарихи - педагогикалық мұараларындаға педагогикалық ой-пікірлері ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұнын кеңейтіп, жас ұрпақтарды ел жандылыққа, имандылыққа, патриоттық рухта тәрбиелеуде тірек болуда. Бұл тәлім-тәрбиелік идеялар ХІХ ғасырда Ыбырай, Шоқан, Абай сынды ағартушылардың ойлары мен қазақ халқының тәлім-тәрбиелік құндылықтарын жаңа деңгейге көтерді.

Жоғарыда аталған ғұламалардың жас өспірімдер тәрбиелеудегі озық педагогикалық ой- пікірлерін одан әрі дамытушы, кешегі кеңестік жүйенің солақай саясатының құрбандары болған А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, С. Аспандияров, Х. Досмұхамедов, Т. Шонанов, Ә. Дулатов, О. Жандосов т. б. белгілі қоғам қайраткерлері әрі қарай жалғастрып, қазақ мектептері оқу-тәрбие үрдісінің көлемін ұлттық тәлім-тәрбие мазмұнымен толықтырды.

Бұрынғы кезеңдердегі тәлім-тәрбие мәселелерін зерттеу жұмысына қазіргі ТМД аймағындағы елдерде ерекше үлес қосқан ғалымдар көптеп саналады. Айталық, Э. Д. Днепров, Е. Н. Медынский, К. Пирлиев, С. Раджабов, Ө. Алеуов т. б. еңбектерінде педагогика мен психология ғылымдары тарихы, оның іргелі де басым бағыттағы теориялық мәселелері, әдіснамалық арналары жайлы құнды пікірлер айтылады.

Ұлттық тәлім-тәрбие саласының сан алуан мәселелері біздің еліміз жағдайында да біршама уақыттан бері зерттеу нысанына айналып келеді. Бұл тақырыптарда тек соңғы жылдардың өзінде ғана ондаған диссертациялар қорғалып, бірқатар төлтума еңбектер жарыққа шықты. Мәселен, осы ретте Қ. Жарықбаевтың, А. Көбесовтің, С. Қалиевтің, К. Құнантаеваның, Г. М. Құдиярованың, Қ. Ш. Шаймерденованың т. б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

Соңғы жылдары жекелеген ағартушылардың педагогикалық мұралары жан-жақты қарастырылып, зерттеу нысанына айналуда. Мәселен, «С. Аспандияров мұрасындағы педагогикалық идеялар», /Б. Қиясова/, «С. Көбеевтің педагогикалық көзқарастары» /С. Садуақасова/, «С. Торайғыровтың педагогикалық-ағартушылық көзқарастары» /Р. Көшенова/, «А. Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу» /Р. Үсенбаева/, «М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары» /А. Құдиярова/, «Х. Досмұхамедұлының педагогикалық мұрасы» /А. Тұрсынова/, «Т. Шонановтың педагогикалық мұрасы» /С. Баймұратова/, «А. Жұбановтың педагогикалық идеялары» /Қ. Құнанбаева/, « М. Төлебаевтың педагогикалық идеялары» /Ж. Төлебаева/, «Е. Брусиловскийдің педагогикалық идеялары» /А. Имашева/ т. б. тарихи педагогикалық зерттеулерін арнаған.

Аталған қайраткерлердің қай- қайсысы да туған елін, өскен жерін шексіз сүйген ел жанды азамат, жалынды жазушы, арқалы ақын, зерделі зерттеуші, өз ұлтының шын мәніндегі ұлы ұстаздары іспетті еді. Олар өздерінің өнегелі істерімен, ұлағатты сөздерімен, қайырымды мінез-құлықтарымен сол дәуірдің өзінде де исі қазақ жұртының зор құрметін иеленген беделді рухани қолбасшыларымыз болды. Бұл зиялы азаматтарымыздың барлығы да - халық -ағарту майданында ерекше көзге түсіп, тәлім-тәрбие, мектеп жұмысы салаларында өзіндік із қалдырған, туған халқының рухани үрдістеріне бағыт - бағдар беріп жөн сілтеген қажырлы қайраткерлер. Олардың мұралары туралы зерттеулердің барлығы дерлік уақыт талабына сәйкес дүниеге келген қажет еңбектері екені толассыз.

Бұл ретте халқымыздың бүкіл рухани әлемінен, тәрбиелік ой-пікірлері тарихының аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, демократ, ғалым Ы. Алтынсарин есімінің алар орны ерекше. Ы. Алтынсарин - өз дәуірінің әдеби - мәдени өмірінде өшпес із қалдырған, туған әдебиетіміздің биік тұлғасы тұғырына көтерілген ұлы педагог, ұлағатты ұстаз, өзі айтатындай, әдебиетіміздің «алыптар тобының» өкілі.

Бұл заңды да. Өйткені, Ы. Алтынсарин-өзінің бұкіл жарқын талантын, күш жігерін, халқына еліне, әсіресе, жас ұрпақтың тәрбиесіне жұмсаған қаламгер. Оның әдеби шығармалары қазақ әдиебетінің қалыптасып дамуына, ал-оқу саласындағы көзқарастары-республикамыздағы педагогикалық-психалогиялық ой-пікірдің өсіп-жетілуіне, оқулықтарымен оқу құралдары-төлтума мектеп оқулықтарын жасау өндірісіне орасан зор ықпал етті. Міне соның нәтижесінде ұлы суреткер есімі өз кезінде барша көпұлтты кеңес мәдениетінің оқу-ағарту ісінің тарихынан да ерекше орын алды.

Демек, оның педагогикалық - психологиялық ой-пікірлеріне арнайы зер салу күн тәртібіндегі іргелі мәселелердің бірі.

Көрнекті қаламгердің танымдық-тәрбиелік мәні орасан зор көркем туындылары, ана тілі, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, оқу-білім, тәлім-тәрбие тақырыбына байланысты жазған мақалалары, баяндамалары, хаттары, ой-пікірлері, өткен ғасырдың 20-30 жылдары жарық көрген оқулықтары, оқу құралдары бірнеше салада зерделі зерттеулер жүргізуді қажет етеді.

Осы тұрғыдан алғанда, біздің алып отырған тақырыбымыз бұл саладағы алғашқы арнайы ғылыми жұмыс болып есептелетіні, өз зерттеуіміздің өзектілігі мен қоғамға қажеттілігі бүгінгі күн талабынан туындап отырғаны айқын.

Ы. Алтынсарин шығармашылығы қазақ тіл білімінде, қазақ әдебиеттану ғылымында, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде біршама зерттеліп, тиісті бағасын алып келеді. Мәселен, Х. Әдібаев, Н. Ғабдуллин, Т. Ақшолақов, Ә. Нарымбетов, М. Бекбергенов, М. Тілеужанов, С. Қалиев, Б. Шалабаев, Қ. Тасболатов, Р. Сүлейменова, С. Тілешова, т. б. ғалымдардың еңбектері жазушы шығармашылығын әдеби-танымдық, әдістемелік, ті білімі тұрғысынан әр жақты қарастырылды.

Бірақ та ғылыми педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау зерттеліп отырған тақырыпқа қатысты ойлар бірлі-жарым мақалаларда көтерілгенімен, Ы. Алтынсарин ұлттық тәлім-тәрбиеге байланысты айтқан ой-пікірлері, идеялары арнайы қарастырылғанын көрсетеді.

Оның туған жерге, тілге, отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық салт- дәстүрді құрметтеу, ананы қастерлеу, қыз баланы қадірлеу т. б. туралы жазған құнды ойларын, демократиялық көзқарастарын жеткіншек ұрпақты, оқушы-жастарды тәрбиелеу ісіне пайдаланудың маңызы зор.

Алайда, Ы. Алтынсариннің шығармашылығындағы адамгершілік, елжандылық, имандылық, тілін, дінін құрметтеу сияқты тәлім-тәрбиелік идеялардың жүйеленбеуі және сонымен бірге олардың жалпы орта білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне қажеттілігі, сондай-ақ мұның оқушы -жастарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беруде өз дәрежесінде пайдаланылмауы арасында өзара қарама-қайшылықты байқатады.

Демек, аталған қайшылықтардың шешімін табуда жазушы педагогтың бай педагогикалық - психологиялық идеяларын ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерделеу біздің зерттеу жұмысымыздың проблемасын құрайды.

Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде жазушы- педагогтың педагогикалық-психологиялық ой-пікірлерінің зерттелмеуі ғылыми жұмысымыздың көкейтестілігін айқындап, зерттеу тақырыбын «Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі педагогикалық-психологиялық идеялары» деп алуымызға себепші болды.

Зерттеудің мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің әңгіме мұраларын, ұстаздық-ағартушлық, педагогикалық қызметін тарихи-педагогикалық тұрғыдан талдап, педагогикалық -психологиялық идеяларын жүйелеп, оқу- тәрбие үрдісіне ендіру.

Зерттеу обьектісі: Ы. Алтынсариннің әдеби-қоғамдық, ғылыми- танымдық, рухани-ағартушылық, педагогикалық- психологиялық идеялары.

Зерттеу пәні : Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық-психологиялық идеялары.

Зерттеудің міндеттері:

  • Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық-қайраткерлік, педагогикалық-психологиялық көзқарастыры мен шығармашылық іс-әрекетін саралап қарастыру;
  • Ыбырай алтынсариннің әңгімелеріндегі педагогикалық-психологиялық идеяларына талдау жасау және оларды бүгінгі күн талабы тұрғысынан негіздеу;
  • Ыбырай Алтынсариннің оқулықтары мен оқу құралдарының тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық, ғылыми- әдістемелік арналарын ашу және олардың рухани- ағартушылық мәнін айқындау;

І-тарау. Ы. Алтынсариннің педагогикалық зерттеулерінің теориялық негіздері.

І. 1. Ы. Алтынсариннің қоғамдық-саяси қызметін орыс ғұламаларының зерттеуі.

Аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, жалынды публицист, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнердің бірсыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып баянды негіз жасады. Жан- жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт соңынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан-тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады. Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік талантты бір кезде қандай жақын да, жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ тарихында айқын іздерін қалдырса қазір де сол асыл да абзал, ерекшеліктерін өз бойында толық сақтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзат пен бірге жасайтын мәңгі өшпес ескірмес идеяларды көтереді. Сондықтан да олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ жас қауымға алыстан қол созып «жол болсын» деп айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән маңызы, қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ы. Алтынсарин дәл осындай үркердей санаулы саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл творчествалық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.

Н. И. Ильминскийдің /1/ қызмет бабында жазысқан хаттарынан . . . Алтынсарин қырғыздарға білім беру ісіне жан-тәнін сала ықыласымен кіріскендіктен көзге түсті . . . Орынбор оқу окуругының бірінші қамқоршысы Н. А. Лавровский /1/ сол уақыттың өзінде халық ағарту ісін, әсіресе қырғыздарға білім беру ісін тапсырған болатын. Мен онымен отыз жылға жуық, яғни 1859 жылдың ноябрінен таныс едім. Мен оған шын ықыласымен берілдім, әсіресе оның орыс бөліміне ерекше құмарлықпен ұмтылып, ол білімінің қырғыздар үшін де керек екенін ешқашанда есінен шығармайтындығын айырықша бағалайтын едім.

. . . Алтынсариннің мінез-құлқымен адамгершілік қасиеттері өзінің ішкі сезімі мен көңіл күйін тура және әсерлі етіп баяндаған хаттарында жақсы суреттеген. Бұл жөнінде оның маған 1860-1870 жылдары жазған алғашқы хаттары ерекше көңіл аударарлық. Бұл хаттарында оның білім жағына деген ынтызарлығы, құштарлығы байқалады. Мен де, оның көптеген хаты жинаулы; бірақ ол әсіресе өзі инспектор болып істейтін мектептерге тиісті мәселе жайында. Орынбор оқу округының татар, башқұрт және қырғыз мектептерінің инспекторы В. В. Катаринский мен Торғай облысындағы қырғыз мектептерінің мұғалімдері А. А. Мазохин мен Ф. Д. Соколовқа да жиі хат жазып тұратын . . . Естелігіме қосымша ретінде Алтынсарин марқұмның маған және басқаларға жазған хаттарының өзін /түпнұсқасын/ бастыруды орынды көрдім. Бұл хаттардан оның тамаша адамгершілік қасиеттері көрінеді.

Ұлы ағартушы мектеп ашу және оны жақсы мұғалімдер мен қамтамасыз ету ісіне баса мән берумен бірге сол мектептер мен мұғалімдердің тұрмысына, шаруашылық істеріне, хал -жағдайларына да ерекше көңіл бөліп отырған. Ы. Алтынсарин өзі оқып, қызмет істеген жылдары Орынбор, Қазан, Уфа, Петербург қалаларындағы сол кездегі шығысты зерттеуші ғалымдар В. В. Григорьев, Н. И. Ильминский, В. В. Катаринский, А. А. Мазохин, уездік қызметкерлер Яковлев, Қараулов, Плотников, тағы басқалар мен тығыз байланысты, достық қарым-қатынаста болды. Солар арқылы белгілі татар ағартушылары Ш. Маржай, Қ. Насри, С. Кукляшов әсіресе Петербург университет оқытушысы, Ш. Уалихановтың досы, белгілі татар ағартушысы Хұсаин Фаизхановпен де танысып, достасты. Олармен хат алысып, хат жазысып тұрады. Оқу-ағарту ісінде бұлардың қайсысының болса да Ы. Алтынсаринге көмегі тиген. Алтынсарин татар хадистерінің қазақтың оқу-ағырту істерін татарландыруға және татар молдаларының қазақтың басын діни фанатизіммен қатыруға қарсы шыққан. Ыбырай, Уалиханов, Бабажанов, Сердалиндерге қарағанда дипломаттау болған. Сол дипломаттығының арқасында халық үшін қажетті көптеген іс тындырған. Оның үстіне Ы. Алтынсарин - ғылыми -зерттеу жұмысымен шұғылданып, ғылыми еңбектер жазып, өрелі ой-пікірлер айтқан үлкен ғалым. Ұлы Октябрь революциясынан кейін Ыбырайдың педагогтік қызметі мен ағыртушылық еңбегі өзінің тиісті бағасын алады, ол қазақ халқының аса көрнекті ағартушы- демократ ғалымы, тамаша педагог-жазушысы ретінде танылды.

К. Д. Ушинский мен Л. Н. Толстой мәдениетінің, педагогикалық тарихында сәулелі жарық жұлдыз боп туып, халық ағарту саласына баға жетпес үлес қосты. Оқу -білім, тәрбие мәселелеріне бүкіл қоғам кеңнен назар аударды, осы бағытта туған қоғамдық -саяси қозғалыс зор күшке айналды, іргелі дамыды. Советтік жалпы педагогикалық- философиялық, методикалық әдебиеттен Алтынсарин өзінің баға жетпес ой-пікірімен асыл адамгершілігімен, қиялға қанат қаққан өршіл де ізгі ниетімен орын алады. Халық ағарту саласының табанды да дәйекті күрестер болған Ыбырай бүкіл адамзаттық білімнің гуманизмдік принциптері мен идеяларын қорғады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында табиғаттану ғылымында орасан зор жаңалықтардың біреуі ашылды. Ч. Дарвин ашқан бұл жаңалық биологияны нағыз ғылыми жолға қойды, сонымен бірге ғылыми педагогиканы ілгері дамытуда аса маңызды факторлардың бірі болды. К. Д. Ушинский өзінің «Тәрбиелейтініміз - адам» атты еңбегін жазып, адам туралы ғылымның негізінде тәрбиелеу мен білім беру ісінің системасын жасауға талпынып көрді. Қазақ мектебін құрған кездердерінде Ы. Алтынсарин табиғат тану ғылымдарының мәселелерімен қатты шұғылданды. Бұл туралы біз бірнеше мақалаларынан білеміз.

Ыбырай өмір бойы қазақ тілінің тазалығы үшін күрестен таймаған. Оның шәкірті Ғабдолғали Балғымбаев өзінің «Ыбырай Алтынсарин туралы мәліметтер» деген естелігінде: «Оның өз ана тілі - қазақ тілін, шеттен енген кірме сөздер көп болса да, орыс тіліндей бай тіл болмаса да әрдайым ойды мәнерлі әрі, дәлелдеп, тұжырымды бере алатынын талай рет ескерткен және бұл тілді таза сақтау керектігін мойындатқызды да. Ол қазақ тілінде татар тілін, татардың кітаби тілін араластырып сөйлеушілерге қарсы тұрғанын айтады». Қазақтың ауыз әдебиеті мен жақсы таныс Ыбырай ел ауызынан фальклор материалдарын жиып бастырады. Мысалы, «қара батыр, Жәнібек батыр», «Жиренше шешен» атымен байланысты аңыз әңгімелердің, ауыз әдебиетінің бір байлығы болып саналатын мақал-мәтелдердің Ыбырай хрестоматиясынан орын алуы тегін емес. Ыбырайдың алғаш кезде шәкірті, кейін жұмыстас жолдасы болған Ғ. Балғымбаев өзінің «Естелігінде» «Алтынсаринның мұғалімдерге байлығы жағынан да татар тілінен кем түспейтін, аса бай тілімізді әлі де болса дамыта түсу керек, қазақтың мақал-мәтел, жұмбақ, фольклорындағы қанатты, нақышты сөздерінің бар нәзіктеріне дейін меңгеру керек, содан үйрену керек», - деп үйреткенін айтады. Ыбырай бұл сөздерін айтып, насихаттап қана қойған жоқ, оларды өзінің төл шығармаларында шебер қолдана білді.

Ыбырай Алтынсариннің біздермен, мұғалімдермен, өткізген әңгімелері жүрекке жылы тиіп, таң қалдырарлықтай әсерлі болатын, ісіне деген қайрат жігерді тасытатын, мектепті шын ниетініңмен ұнатуыңа, өз міндетіңді мінсіз атқару үшін бар күшіңді салуыңа ұмтылдыратын. Жалпы онымен бірге болған, әңгімелескен адам, одан шыққанда дем алып, қуаттанып шығатын. Сөйтіп, оның ақылды сөздерін есітіп, уақыт тиімді де жақсы өтеді. Алтынсарин өзінің жеке өмірінде ақ жарқын, мейірбанды адам еді. әрқашанда да онымен барлық мәселе жөнінде кеңесуге болатын, ол оны шын пейілмен тыңдап, не ақылымен немесе ісімен көмектесетін. Оны қырғыз халқы аса зор құрметпен қадірлейтін. Ол қадірлеуге тұратында еді. Оның есігі жұрттың бәріне де ашық болатын, өзінің меншікті мүлкімен де жәрдемдесіп тұратын. Қоныстанушы орыстар да оған қайырымды да әділетті адам деп қарайтын. Қостанай интелегенттері де оны аз уақыт көрмесе, сағынып қалатын, ал өзінің көңілін де тартымды әңгімесімен жиынды жандандырып жіберетін; оны жұрттың бәрі қуана қарсы алатын /мұғалімдер Ф. Д. Соколов, А. А. Мозохиннің естеліктерінен/

Ы. Алтынсариннің «Жаз» өлеңінің алғашқы орысша аудармасы 1900 жылғы басылымы едәуір сәтті шыққан дей аламыз. Бұл аударма педагог жазушының өмірі мен творчествасын зерттеушілердің назарынан осы күнге дейін тыс қалып келді. Ы. Алтынсарин шығармаларының таңдамалы жинағы орысша Титов аударуында басылды. И. Лаптевтің орысша аудармасымен салыстырып көрсек, Титов тәржімалаған нұсқа жадағайлау, кейбір компоненттер түсіп те қалған. Ал, И. Лаптевтің «Жаз» өлеңді аударудың, байсалды түсініктерімен жабдықталуының деңгейі әлдеқайда жоғары.

И. Лаптевтің қазақ елінің әдебиеті нұсқаларының текстін орысша дәл аудара отырып, әсіресе түсініктемелерде, кейде зерттеу жүргізгенде Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясынан» мысалдар келтіріп, не оған сілтеме жасайды. И. Лаптев қазақ жазушысының «Өсиет өлеңдер» тобына Жиренше шешен туралы әңгімелеріне үлгі ретінде тоқталды.

Мосвкадағы Лазаревтік институтта оқып, тәрбие, алған, ғылыми жұмыстарын атқарысуға қатысқан белгілі шығыстанушы И. Лаптевтің Ы. Алтынсарин атын, асыл мұрасын құрметтеп, ең бір елеулі шығармасы - «Жаз» өлеңін орыс тіліне аударуы, түсініктемелері мен жабдықталуы кезінде шығыстанушылар тарапынан да құпталып, жылы лебіз тудырғаны байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ы. Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары
Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі құндылықтар
Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары
Ыбырай бастаған баспа
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ы. Алтынсариннің бала тәрбиелеудегі еңбектері
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің қазіргі таңдағы өзектілігіі
Орта мектепте қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың жаңа технологиялары
Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың маңызы
Ыбырай қазақ мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz