Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі



Кіріспе
Негізгі бөлім
І.Алаштың соңғы тұяғы . Қайым Мұхамедханов
1.1. Қ.Мұхамедхановың өмірі мен шығармашылығы
1.2.Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
ІІ.Қайым Мұхамедханұлының әдеби мұрасы
2.1. Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
2.2.Абайтанушы. Қайым Мұхамедханов
2.3. Абай шығармаларының текстологиясы

ІІІ. Тұжырым

ІV. Қорытынды

V.Пайдаланылған әдебиеттер

VІ. Қосымша
Қазақ халқы үшін қасапханаға айналған совет өкіметінің тұсында қуғын көріп, азап лагерлерінде өмірін өткізген Алашшыл, елшіл, ұлтшыл зиялы қазақ баласы жоқтың қасы. Қызыл өкіметтің құқайын көрген жанның бірі — абайтанудың асқан білгірі әрі негізін қалаушы ғалым Қайым Мұхамедханов. Абай әлемін қазақ ғылымына әкелген және Абай мектебін түп-тұқиянына дейін зерттеп, орасан зор ғылыми мұра қалдырған — Қайым Мұхамедханов Алайда, Мұхамедханов мұрасының мұрты бұзылған. Зерттеушісін күткен зерделі еңбек пен өксікке толы өмір жолының ащы шындығы әлі айтылған жоқ.
Әркімнің пешенесіне жазылған мөлшерлі ғұмыры бар. Пенделік пайымдау бойынша бұл — әліптік ақиқат. Осы негізден шығарсақ, Қайым Мұхаметханұлының ғұмыры сексен сегіз жылды қамтыды.
Осы орайда Абай сөзіне ден қойсақ:
Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі,
Мені мен менікінің мағынасы екі.
"Мен” өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
"Менікі” өлсе өлсін, оған бекі, – дейді ақын.
Осы санаттағы ажалсыз "Меннің” иесі ең алдымен Абай ағаның өзі десек, ақын жолымен жүрген ізбасарлары мен рухани мұрагерлері де уақыт пен кеңістікте әлдебір межемен шектелмей, өмірлерін жалғастыра бермек. Сондай бірегейлердің бірі – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхаметханұлы.
Қалың жұртшылық бұл кісіні көбінесе кеңестік Қазақ республикасының мемлекеттік әнұранына мәтін жазған ақын ретінде біледі десек, екі тармақ өлең туындыгерді шынайы абырой шыңына шығарған. Қазақ жанының ұлы қасиетін жанартау жалынындай лапылдатып, асқақтата танытқан:
Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Ары мен азаттығының жолында қазақтың бары мен жаны құрбан екендігін кеңестік билікке (Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейінгі он сегіз жылда Кеңес одағының әнұраны жоқ еді) алдын-ала ескерткен деп ұғынуға лайықты осы сөздердің ақиқа-тына 1986 жылғы желтоқсанда бүкіл адамзат көз жеткізді. Намысына тиген, еркіндігін құрсаулаған империяның оспадар өктемдігіне бостандықсүйгіш қазақтың ұлдары мен қыздары бұратаналар ішінде қаһармандықпен бірінші болып қарсы шығып тәуелсіздікке жол ашты.
3. Мұхамедханов Қ. Қазақ ССР 4- том. Қысқаша энциклопедия.-Алматы, 1989.- 442 б.
4. Мұхамедханұлы Қ. Абайды тұңғыш рет баспасөзде танытқан Ә. Бөкейханов // Түркістан.-1995
5. Мұхамедханов Қ. "Тағдыр және Қарлаг"/ құраст. Қ. Мұхамедхановтың балалары = Каюм Мухамедханов: "Судьба и Карлаг".- Алматы: Искандер, 2008.- 276, [2] б.
6. Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Текст] / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Ел - шежіре. - (Алаш мұрасы). - 2008.
7. Ибрагимов Абай мектебінің оқытушысы // Семей таңы.- 1996.- 16 қаңтар.
8. Исаұлы А. Ғылым жұлдызы // Семей таңы.- 2001.- 26 қаңтар.- 3 б.
9. Жұртбай Т. Абайдың інісі, Алаштың ірісі // Ертіс өңірі.- 2004.- 23 қыркүйек.26 б.
10. Жаппасұлы Е. Тұманды жылғы тумалар: // Түркістан.- 1996.- маусым
11. Жұртбаев Т. Қайсар ғалым ( Қ. Мұқамедханов шығармашылығы) // Жұлдыз.- 1986.- №1.- Б.192-193
12. Ибрагимов Т. Музеймен бірге мұраты( Қ. Мұқамедхановқа 70 жыл) // Семей таңы.- 1986.- 17 январь.
13. Обаев Е. Тебреніс ( Қ. Мұқамедхановқа 70 жаста) // Семей таңы.-1986.-17 январь.
14. Оразалин К. Ұстаз өркені. // Семейтаңы.-1986.-17 январь.
15. Сейсенұлы Д. Абайға араша, Мұхтармен мұндас: //Егемен Қазақстан.- 1996.-20 ақпан.
16. Ердембеков Б. Қайым Мұхамедханұлы және Абайдың ақындық мектебі [Мәтін] / Ердембеков Б. // Қазақстан мектебі. - 2006. - №8.- Б.3-4;N9.-73-76

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СОБӨЖ
Тақырыбы: Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі (шағын ғылыми жоба)
Топ: Қ - 319 с
Орындаған: Құрманбаева Ақмарал
Тексерген: Жүндібаева А.Қ.

Семей 2015 ж
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Алаштың соңғы тұяғы - Қайым Мұхамедханов
1.1. Қ.Мұхамедхановың өмірі мен шығармашылығы
1.2. Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
ІІ. Қайым Мұхамедханұлының әдеби мұрасы
2.1. Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
2.2. Абайтанушы- Қайым Мұхамедханов
2.3. Абай шығармаларының текстологиясы

ІІІ. Тұжырым

ІV. Қорытынды

V. Пайдаланылған әдебиеттер

VІ. Қосымша

Кіріспе
Қазақ халқы үшін қасапханаға айналған совет өкіметінің тұсында қуғын көріп, азап лагерлерінде өмірін өткізген Алашшыл, елшіл, ұлтшыл зиялы қазақ баласы жоқтың қасы. Қызыл өкіметтің құқайын көрген жанның бірі -- абайтанудың асқан білгірі әрі негізін қалаушы ғалым Қайым Мұхамедханов. Абай әлемін қазақ ғылымына әкелген және Абай мектебін түп-тұқиянына дейін зерттеп, орасан зор ғылыми мұра қалдырған -- Қайым Мұхамедханов Алайда, Мұхамедханов мұрасының мұрты бұзылған. Зерттеушісін күткен зерделі еңбек пен өксікке толы өмір жолының ащы шындығы әлі айтылған жоқ.
Әркімнің пешенесіне жазылған мөлшерлі ғұмыры бар. Пенделік пайымдау бойынша бұл -- әліптік ақиқат. Осы негізден шығарсақ, Қайым Мұхаметханұлының ғұмыры сексен сегіз жылды қамтыды.
Осы орайда Абай сөзіне ден қойсақ:
Ақыл мен жан - мен өзім, тән менікі,
Мені мен менікінің мағынасы екі.
"Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
"Менікі" өлсе өлсін, оған бекі, - дейді ақын.
Осы санаттағы ажалсыз "Меннің" иесі ең алдымен Абай ағаның өзі десек, ақын жолымен жүрген ізбасарлары мен рухани мұрагерлері де уақыт пен кеңістікте әлдебір межемен шектелмей, өмірлерін жалғастыра бермек. Сондай бірегейлердің бірі - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхаметханұлы.
Қалың жұртшылық бұл кісіні көбінесе кеңестік Қазақ республикасының мемлекеттік әнұранына мәтін жазған ақын ретінде біледі десек, екі тармақ өлең туындыгерді шынайы абырой шыңына шығарған. Қазақ жанының ұлы қасиетін жанартау жалынындай лапылдатып, асқақтата танытқан:
Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Ары мен азаттығының жолында қазақтың бары мен жаны құрбан екендігін кеңестік билікке (Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейінгі он сегіз жылда Кеңес одағының әнұраны жоқ еді) алдын-ала ескерткен деп ұғынуға лайықты осы сөздердің ақиқа - тына 1986 жылғы желтоқсанда бүкіл адамзат көз жеткізді. Намысына тиген, еркіндігін құрсаулаған империяның оспадар өктемдігіне бостандықсүйгіш қазақтың ұлдары мен қыздары бұратаналар ішінде қаһармандықпен бірінші болып қарсы шығып тәуелсіздікке жол ашты. Ақын Қайым желтоқсан қасіреті мен құдіретіне арнаған ғибратты тұжырымын сол кезде жырға айналдырып айтудан тайсалмаған болатын:
Қызыл қыршын қазақтың ұл-қыздарын,
Адал жүрек, ар-намыстың құлдарын,
Мәңгі бақи ел есінен кетер ме
Сөгіп, соғып, қанын төгіп қырғаның!
Ақын сөзінің азаматтық арқауы босаңсыған сәті жоқ. Елдік, адамшылық мұраттарды қозғайтын жайлардың баршасына қолма-қол үн қатудан айнымағандығын желтоқсаншыларға бағыштаған дұға-батасы, жендеттерге лағнет-қарғысы дерлік жоғарыда келтірілген үзінді дәлелдеп тұр емес пе?! Әрдайым ізгілікті көксеген жүрегінен бұрқ етіп атылған жыр шумақтары аз емес. Жариялану жайы, әрине, бөлек әңгіме. Коммунистік аңсарға кереғар өлең-жырға өріс берілмеген дәуірде әлгі тәрізді шығармалар, әлбетте, оқырманға беймәлім қала беретін.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесін айқындап көрсету, шығармалары, ғылыми еңбектері жайлы толыққанды мәлімет беру
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіндегі орнын таныту.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қайым Мұхамедхановтың өмірі, шығармашылығы жайлы толыққанды мәлімет беру;
- Қайым зерттеуіндегі Абай текстологиясы мәселесін қарастыру;
- Ғылыми - зерттеу еңбектерінің қазақ әдебиетінің, мәдениетінің дамуына қосқан үлесін қарастыру;
- Қайым зерттеулерінің қазақ әдебиетіндегі орнын анықтау.

0.1. Қ.Мұхамедхановың өмірі мен шығармашылығы

Қайым (Ғабдұлқайым) Мұхамедханов - (5.01.1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы қазіргі Жаңасемейде бұрынғы Заречная слободка деп аталатын жерде дүниеге келіп, 30.06.2004 жылы қайтыс болған) қазақ әдебиетіндегі абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы, Шәкәрім шығармаларын алғаш насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы, әдебиеттанушы ғалым, жазушы, драматург, аудармашы, текстолог, М. Әуезовтің шәкірті, 1940 жылдан КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, Семейдегі Абай мұражайының негізін қалаушы, 1945 жылғы Қазақ КСР мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық Абай атындағы сыйлығының алғашқы лауреаты, қоғам қайраткері, ақын, педагог.
Әрбір кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы ұрпақтардың жеткен жерінен бастайды, жақсыдан үйренеді, жаманнан жиренеді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне сай, әр кезең өткендегінің қайсыбір қарекетін мансұқ етеді, қайсыбір қарекетін қасиеттеп дамытады, деп ғалым Ш.Елеукенов айтқандай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлғаларының еңбектері, жүріп өткен жолы ұрпақ санасында мәңгі сақталары анық.
Қайым Мұхамедхановтың әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлының шаңырағы зиялылардың бас қосып кездесетін ордасы болды. Ауқатты әке Абай мұрасын қастерлеген. "Айқап", "Абай", "Қазақ", "Шолпан", "Сана", "Сарыарқа", "Таң" сияқты басылымдарды үй кітапханасына алғызып, жан азығы еткен. сан мәрте көрген. Сондай ахуалда өскен зерек, зейінді бала Қайымның ойы мен сезімі елшіл, отаншыл, қазақшыл болып, табиғи үрдісте қалыптасқан.Бұл жөнінде Қ.Мұхамедханов естелігінде былай дейді: Әкемнің сол жағалаудағы еңселі шатырлы үйі халқымыздың арғы-бергідегі бетке ұстар қаймақтары Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Көкбай Жанатайұлы, Иса, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Аймауытов, Қажымұқан Мұңайтпасов, Халел Ғаббасов, Мұхтар Әуезов, Халел Ғаббасов, Мәннан Тұрғанбаевтар жатып, кеңесетін думанды отау болыпты. Қ.Мұхамедхановтың Алаш қаласы атанған Семей топырағында дүниеге келіп, рухани құнары мол ортада тәрбиеленуі оның биік белестерге көтерілуіне айрықша ықпал етеді.
Қайым Мұхамдехановтың абайтанудағы соқпағы алашорда ойшылдарымен етене жақын болған әкесі Мұхамедханның әсері мен ықпалынан болар. Қайым 1916 жылы 5 қаңтарда Семей қаласы, қазіргі Жаңасемейде, бұрынғы Заречная слободка деп аталатын жерде дүниеге келген. Әкесінің азан шақырып қойған аты Ғабдұлқайым. Бұл кез алашорда зиялыларының Семейге жиналып, қаланың қазақ халқының рухани орталығына айналған кезі еді. Қазақтың атқамінер ел басылары, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің дені осы қалада тұратын. Қайымның әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлы (1870-1937) өз заманында көзі ашық, көкірегі ояу әрі ауқатты азамат болған. Сондықтан ұлын 1924 жылы Семей қаласындағы төрт жылдық бастауыш мектепке оқуға береді. Өз халқының ұлттық тарихы мен мәдениетіне ерекше көңіл бөлген зерделі әке Айқап, Шора журналдары, Қазақ, Дала уалаятының газеті, Сарыарқа газеттерін жаздырып алып, өзі де оқып, Қайымның да білімі мен мәдениетінің нәрінен сусындауына мүмкіндік жасайды.
Әр уақытта бала Қайым өзінің әкесінің қасында Мұхтар Әуезов, Көкбай Жанатаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді ірі тұлғалы қазақ арыстарын көріп өсіпті. Осының барлығы кейіннен Қайым Мұхамедхановтың үлкен синкретикалық дарынының кеңінен құлаш жаюына септігін тигізгені аян. Сол жас кезінде бұл үйде Мұхтар Әуезов тұңғыш "Ес аймақ" мәдени үйірмесі қойған сахналық ойындарының репетицияларын өткізіп тұрыпты.
1917-1918 жылдарда М.Әуезов пен Ж.Аймауытов басшылығымен Семей қаласында шығып тұрған Абай журналына демеушілік жасап қаржылай көмек көрсетеді. Абай мұраларын жинақтап, ел арасына насихаттап таратуға мұрындық болады. Сөйтіп ұлы ақынның өлеңдерін Қайымның бойына бала кезден сіңірген рухани ұстазына айналады. Қайымның әкесі Мұхамедханның шаңырағында Алаш партиясының көсемі және Алашорда үкіметінің басшысы Ә.Бөкейханов, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ірі тұлғалары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Әуезов және т.б. көрнекті адамдар қонақта болып, дастарханынан дәм татып, қазақтың келешегі туралы келелі басқосулар өткізіп тұрған. Қазақ зиялыларының аузынан естіген ұлағатты тағылымдары Қайымның қазақ халқына және оның сөз өнеріне деген балалық махаббатын оятып, ұлттық рухани нәрдің болашақ ғалымның жан дүниесіне терең сіңіп, мықтап орнығуына негіз болған алғашқы академиялық дәрістер еді.
Бұл турасында ғалым былай деп жазды: Әкем Уақ руынан, көзі ашық, көңілі ояу, мұсылманша да орысша да сауатты, қолы ашық, кең пейілді момын адам болыпты. Ертеде ұлы Абай төңірегімен аралас-құралас болған. Төңкеріс кезінде Семейден шыға бастаған Алаш үні Сарыарқа газеті мен Абай журналына меценат ретінде көмек көрсетуі сол ұлы ақын көрсеткен өнеге-тәрбие емес деп кім айтады. Өзіне жетерлік кітапханасы да болды. Алаш арыстары А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Тынышбаев, М.Әуезовтермен де қоян-қолтық араласатын. Үміт күткен баласын тәрбиелеуде барын салған әке Қайымның кемелді азамат болып шығуы үшін қолынан келгенің бәрін де істеген. Шәкерім, Көкбай ақындарды Семейге келген кездерінде Мұхаметхан үйіне шақырып қонақасы беріп, құрметтеп отыратын болған. Әкенің ойлағаны бір ғана Қайының көкірек көзін ашу, ұлылардың тәрбиесіне бейімдеу. Бұл үйдің қабырғаларына әдеби рух сіңісті болған деуге әбден лайық, себебі мұнда бір кездерде ұлы Абай атамыз болған екен, ақын-гуманист, ойшыл-философ Шәкәрім қажы табалдырығын аттағаны мәлім. Жанына жамандық қонбаған бала кезінен бастап ұлтын сүюге, таза өнерге деген махаббатын ояту болғаны түсінікті. Осылай ғалымның балалық шағы қазақ әлеміндегі біртуар тұлғалардың сөзіне тұлғалардың сөзін тыңдап, әңгімелерін естіп, зиялы ортада өтеді.
Бала Қайымның дана болып, абайтанудың білгірі атануының бастауында тұрған алғашқы ұстазы Тұрлықан Хасенұлы болды. Ол дарынды ақын, жазушы, публицист болды. 1937 жылы жазықсыз жала жабылып, репрессия құрбаны болды. 1937 жылғы ел басына төнген қатерлі нәубет, М.Сейітқұлұлының отбасында айналып өтпейді. Мұхамедхан 1937 жылы 24 қарашада НКВД органдарымен тұтқынға алынып, 27 қарашадағы УНКВД үштіктің қаулысымен өлім жазасына кесіліп, 2 күні атылған.
1928 жылы Мұхамедхан отбасы кәмпескеге ілініп, талан-таржыға түсті. Бай, кулак қатарына жатқызылып, үйін тәркіледі. Отбасымен аш, панасыз күйге түсті. Кейінен әке үйі № 20 мектепке айналдырып, тағдырдың ащы әжуасындай Қайым сол мектептен оқыды. Қат-қабат келген ауыртпалықты бұғанасы бекімеген бала көтеріп, төзе білді. Ел санасын есеңгірткен азапты жылдар оқуға құштарлығына бұғау болып, ерте жасынан еңбекке араласты. 1932-35 жылдары Семей оқу мекемелерінеде техникалық жұмысшы болып істейді. 1936-37 жылдары пән мұғалімдерін даярлайтын курсты оқып жүріп, мұғалімдер курсында қаражат табу үшін сабақ береді. Семейдің мұрағатында бұл жайлы хаттамалар сақталған. Бұл жөнінде ғалым: Әкейді ұстап әкеткен соң мені мектептен шығарды. Ешбір мектеп қабылдамады. Содан күнкөріс қамымен қара жұмысқа түстім. Кейіндеу мұғалімдер институтына түстім,-деп еске алады.
Қайым әкесі туралы деректі 1990 жылдарға дейін ала алмайды. Бұл ақиқатты куәландыратын Семей қалалық прокуратурасының берген анықтамасы айғақ болады. Анықтама 1992 жылы 3 ақпанда берілген. Онда 1937 жылы 24 қарашада ұсталып, 1937 жылы 2 ақпанда атылғаны айтылып, жерленген жері белгісіз делінген. 1989 жылы 25 сәуірде Мұхамедхан Сейітқұлұлына жабылған жала алынып тасталды. Қайымның әкесінің көмусіз, атаусыз қалуы оған қатты батса да, ол бар жан-тәнімен әке үмітін ақтауға тырысты.
Қ.Мұхамедханов 1929-32 жылдары колхоз жастары мектебінде, 1932-35 жылдары әр түрлі мекемелерде техникалық жұмысшы болып істейді. 1938 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түседі. Семей педагогикалық институтының филологиялық факультетін бітірген (1941). Семейдегі Абай әдеби мұражайының аға ғылыми қызметкері (1940-41, 1947-51 ж. оның директоры), Қазақстан Жазушылары одағының Семей облысындағы өкілі (1942-47), Семей педагогика институтының аға оқытушысы, доценті, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры (1955-90), 1991-95 ж. ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері болды.
1.2 Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Қайым Мұхамедханов саналы өмірін қазақ әдебиеттану ғылымының абайтану саласына арнады. Абайдың немере інісі Әрхам Кәкітайұлымен бірлесе отырып, мұражайда ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды заттар, қолжазбалар, құжаттарды жинастырады. Бүгінде кемелденіп қорық-мұражайға айналған үйдің ғылыми әдеби ортасының қалыптасу ісі де Қ.Мұхамедхановтың табандылығымен жүзеге асқан. Абай журналының 70 жылдан соң қайта жарық көруіне, Семейдегі Алаш арыстары мұражайының ашылуына Қайым Мұхамедханов көп еңбек сіңірді.
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің көбі әдеби өлкетану бағытында болды. Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым. Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 400-ден астам. (Ал, жалпы ғылыми еңбектерін есептесек 500-ден асады екен). Мысалы, Халық ақыны Сапарғали Әлімбетов шығармашылығы жайында, Мақы Шыңғысұлы Уәлиханов - алғашқы кә-сіби қазақ суретшісі, Қ.Еркебаев және С.Әлім-бетов поэмаларындағы азамат соғысының батыр әйелдері Айқыз және Білісай бейнелері, Тағы да Айқыз туралы, І.Бораганский, Қаракерей Қабанбай, Бұқар жырау, Шешен Сабыржан, Сабыржан Ғаббасов және тағы басқа мақалаларындағы тарихи тұлғалар ғалымның көркем шығармаларынан өз орнын алып жатты. Ал, Абайдың бұрын жарияланбаған өлең-дері, Түзелгені қайсы? Түсініктері қайсы?, Қазақ әдебиетінің адал досы, Саади Ши-рази, Құдай деген сөзден құдай сақтасын және тағы басқа мақалаларындағы әдеби-танымдық, та-рихи ой-түйіндер көптеген ғалымдардың бо-ла-шақ зерт-теулерінің ғылыми діңгегіне айналды. Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өл-келік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қайым Мұхамедханов еңбекте-рінсіз елестету мүмкін емес . Бұл туралы белгілі әуе-зовтанушы ғалым Т.Жұртбай өзінің Қайсар ғалым (1989, Жұлдыз) деген мақаласында: Қ.Мұхамедханов - Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай шығар-маларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерт-теген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңызды қағазға түсірген фольклорист, - деп бағалайды. Ғалым ағаға берілген бұл бағадан шығармашылық еңбектерінің сан тарау, сан салалы екенін байқауға болады. Әсіресе, Абай шығармаларының тарихы мен текстологиясы туралы сөз еткенде, Қ.Мұхамедханов еңбектерін назарда ұстамау мүмкін емес. Мәселен, Абайдың үш поэмасының бірі Әзім әңгімесі туралы Қ. Мұхамедханов өз ойын білдіреді. Ол шығарманың Абай қаламынан шықпағаны туралы айтады. Және оған бірнеше дәлелді пікірлер келтіреді де поэма Ырсайдың Ысқағы деген Абай айналасындағы ақындікі дейді. Бірақ, әлі күнге дейін бұл мәселеге үңіле назар аударып, зерттеген ғалымдар жоқ. Мұның өзі абайтануда алынбай жатқан белестердің мол екені мен Қ.Мұхамедхановтың ғылыми ой-тұжырымдарының терең де мағыналығын білдіреді. Бұл бір мысал ғана (Абай шығармаларының текстологиясы. 1959ж., 77-бетте). Абай өлеңдерінің текстоло-гиялық зерттеулерінде де Қ.Мұхамедханов өзінің телегей білімі мен ғалымдық парасатын танытты. Ғалым Абайдың Сабырсыз, арсыз, еріншек, Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, Сегіз аяқ, Қансонарда, Сап-сап көңі-лім, т. б. көптеген өлеңдерінің текстологиясымен қатар кімге арналғаны, қайда шыққанының тарихын да нақтылы, тың тұжырымдар арқылы дәлелдейді. Абай өлеңдер жинағының академиялық басылымдарында Қ.Мұхамедханов дайындаған түсініктемелерде де нақтылық пен ғылыми талдаудың жаңа қағидаларын көреміз.
Бұл зерттеулер болашақ әдебиет теориясы мен әдебиет тарихын зерттеушілерге дайын зерттеу нысандары деуге болады. Сондай-ақ, ғалым Шәкәрім Құдайбердіұлының да шығармаларының текстологиялық жағынан дұрыс басылуына, өлеңдерінің хронологиялық дұрыс орналасуына арнап бірнеше мақала жазды. Сол мақалаларының өзі бүгінгі шәкәрімтану ғылымының жаңа белесінің тың парақтары болып ашылды.
Қайым Мұхамедханов қазақ әдебиеттану ғылымының текстология саласының қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Оның Махамбет, Шәкәрім поэзиялары текстологиясына арналған мақалалары, Бұқар жырау, Абай шығармаларының текстологиясын қарастырған мақалалары мен монографиясы жарық көрді. Сондай-ақ ол қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісіне қомақты үлес қосты.
Қазақ ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, жыраулық әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы, әдеби байланыстары туралы 300-ден астам ғылыми мақалалар жазды. Қайым шығармаларының тағы бір қыры- оның поэзиясы. Драматургия саласында да қарымды еңбек етіп, көптеген пьесалар жазды. Қайымның Толқын (1994), Майданнан майданға (1947), Комиссар Ғаббасов (1960), Ер Білісай (1974) пьесалары көркемдік және тарихи шындықты тұтастай алып, оқиға желісінің өткір құрылуымен ерекшеленеді .
Әзірбайжан драматургі У. Гаджибековтың Аршин мал алан (1941), татар жазушысы Ш. Камалдың Қажы әпенді үйленеді (1967) пьесаларын, орыс жазушысы Н. Карамзиннің Бишара Лизасын қазақ тіліне аударды.
1916 жылдың қақаған қаңтар айының 5 күні Мұқамедхан отбасында дүниеге келген сәби Қайымның өмір жолында да қақаған кезеңдер аз болған жоқ. Барлық сын сағаттардан жігерлілік, шыдамдылық, көрегенділік, білімдарлық таныта жүріп, аман өтті. Қандай қиын қыстау кезеңде абайтану бағытынан айныған емес. Қазақтың көсемдері мен шешендерін орға айдаған 37-нің құрығы Қайым ағаны да аз әуреге салмаған еді. Теріс жала жабылып, жалындап тұрған шағында Қайым аға 25 жыл түрменің де дәмін татты. Бірақ, оның бәрі Қайым Мұхамедханұлының өмірге деген көзқарасын, тарих, әдебиет саласындағы ұстанымын өзгерте алған жоқ. Жалпы, ұлылардың сарқыты, ұстаздардың ұстазы атанған Қайым ағаның өмір жолы мен шығармашылық шаруасына кеңірек тоқталмауымыздың бір себебі, ғалым ағаның ерен еңбектерін ұлтжанды оқырмандар тегіс біледі деген сенімдеміз. Ол қазақтың Қайымы еді. Жастық шағының қызығы мен қиындығы, қуанышы мен күйініші кезектесіп, жазықсыздан жазықсыз жиырма бес жылға сотталып, алаңсыз әдеби еңбек ету егделік ғұмырының ғана еншісі болған соның өзінде артына аса мол мұра қалдырған ғұлама Қайым аға Мұхамедханов. Әдебиетші, зерттеуші, сыншы, аудармашы ретінде тындырып кеткені қыруар әсіресе, абайтануды, сондай-ақ Мұхтар Әуезовтың бүкіл өмірін паш етуде төккен тері өлшеусіз.
Қайым Мұхамедханұлы - түпнұсқа иесінің ойын тереңіне танып, тебіренге толғайтын шебер аудармашы. Қайым Мұхамедханұлының ұзақ жылдар бойы ғылыми, әдеби шығармашылық және ұстаздық еңбегі жоғары бағаланып, ол КСРО медальдарымен КСРО халыққа білім беру ісінің үздігі, Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі белгілерімен Құрмет грамоталарымен наградталған. Семей қаласының, Абай, Жаңасемей аудандарының құрметті азаматы .

2.1 Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі де салмақты. Соның ішіндегі жыраулар әдебиеті жөніндегі өмірбаяндық зерттеулер мен текстологиялық салыстырулары бұл саладағы көптеген көмескі жайлардың бетін ашып, тың деректер мен соны пікірлер түйіндеуге негіз қалады. Поэмаларының ерекшеліктері Қайым Мұхамедханұлының әдеби мұралары жинақталып, бас-аяғы бүтінделіп, бір арнаға түсірілген жоқ. Баспасөз беттерінде жарық көрген, жанұялық қорында сақталған шығармаларын топтап айналымға енгізу - әдебиеттану ғылымындағы кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Қазірде Қайым Мұхамедханұлының кең көлемді екі шығармасы белгілі: Бірі - Жамбыл атты толғауы, екіншісі - Орындалған өсиет атты поэмасы. Жамбыл атты толғауы 1938 жылы жарық көрді. Абайға арналған Орындалған өсиет атты поэмасы баспа жүзінде жарық көрмеген, Абайдың республикалық мәдени-тарихи, әдеби-мемориалды қорық мұражайының қорында сақтаулы.
Жамбыл атты толғаудың басты кейіпкері қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев. Туынды тақырыптың мазмұны жағынан, негізгі идеясы, көркемдік мақсаты жағынан өнер адамын ашып көрсету, оған деген халық құрметін паш ету.
Абайға арналған Орындалған өсиет поэмасы 1940 жылы жазылған, тақырыптық мазмұны жағынан, негізгі идеясы, көркемдік ерекшелігі жағынан өнер адамын дәріптеу, халқының ақынға деген құрмет мейірін жеткізу. Қайым Мұхамедхановты ақын ретінде арнайы зерттеуіміздің де себебі осында.
Жалпы Қайым Мұхамедхановтың өлеңдеріндегі ерекшелік, нені жырласа да қарапайым сөздермен өз ойын бейнелі, әсерлі, мәнерлі жеткізуінде.
Бала кезінен таныс болған Қайым Мұхамедханов ұлы жазушы және ғалым, ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовпен отбасы достығының эстафетасын әрі қарай жалғастырып әкетті. Кейіннен осы қаламдас ағасының кеңесімен жігерлі де ізденімпаз жас Ғабдулқайым тынымсыз еңбектің арқасында Абайдың, балалары Ақылбайдың, Мағауияның, Тұрағұлдың, оның замандас шәкірттері Әсеттің, Шәкәрімнің, Әріптің, Көкбайдың және ізбасарлары Ахмет Байтұрсыновтың, Жүсіпбек Аймаутовтың, Міржақып Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтің т.б. өмірі мен шығармашылығын зерттеумен ұқыпты шұғылданды.
1995 жылы Атамұра баспасы Қ.Мұхамедхановтың Абай мұрагерлері деген атпен ұлы ақынның тоғыз замандас шәкірттері мен ізбасарлары туралы очерктер мен мақалалар енген кітапты он мың данамен жарыққа шығарды.
Өзінің ғылыми-зерттеу еңбектерінде Қайым Мұхамедханов қазақ әдебиетінің шеңберімен ғана шектелген емес. Оның қаламынан Пушкин, Лермонтов, Тарас Шевченко, Әлішер Науаи, Ғабдулла Тоқай, т.б. туралы мақалалар туындады.
Сонымен бірге жас әдебиетші-ғалымның жадынан халық ақындары Төлеу Көбдіков, Сапарғали Әлімбетов, Нұрлыбек Баймұратов, Шәкер Әбенов, Тәңірберген Әміренов тағы басқаларының шығармашылығы тыс қалған жоқ. Білімі тек қана қазақ әдебиеті ғана емес, сондай-ақ орыс, батыс Еуропа және шығыс әдебиеті тарихынан толықтырылғаны Мұхамедхановтың әр жанрлық шығармашылығына көп әсерін тигізді.Фольклор туындыларына байсалды да айнымас қызығушылығы, жыраудың шығармашылығын түбегейлі зерттеуге әкеліп тоғыстырды .Шәкәрім Құдайбердиев қазақшаға А.С.Пушкиннің Дубровский, Метель шығармаларын өлең сөзбен дастандар түрінде аударғаны белгілі.Осы дәстүрді жалғастырып Мұхамедханов кезінде Н.Карамзиннің Бедная Лиза туындысын Сормаңдай Лиза деп өлеңмен аударып шықты.
Өткен ғасырдың 40-шы жылдары Абай атындағы Семей облыстық театрдың сахнасына оның аудармасымен Узаир Гаджибековтың Аршин мал алан деген сазды комедиясы қойылған еді.
Қайым Мұхамедхановтың Комиссар Ғаббасов атты тарихи драмасы Абай атындағы театрдың сахнасында әр түрлі редакциямен еліміздің екі жетекші режиссерлары, Қазақстанның халық артистері Байтен Омаров пен Есмұқан Обаевтің басқаруларымен 1960 және 1980 жылдары екі мәрте қойылды.
Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге арнаған зерттеу еңбектері мен мақалаларын төмендегідей жіктеп қарастыруға болады:
1.Қазақ ауыз әдебиеті және айтыс ақынадарына байлпнысты сын-зерттеулері (Қаракерей Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Орынбай,Шөже,Жанақ, Кемпірбай, Шашубай, Төлеу, Сапарғали, Баймұрат және т.б)
2.XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармаларын зерттеу мақалалары (Шоқан Уәлиханов, Бұхар жырау, Махамбет Өтемісұлы, Дулат Бабатайұлы, Шернияз, М.Ж. Көпеев).
3.Абай Құнанбаев және оның ақын шәкірттері туралы монографиялары мен ғылыми еңбектері
4.Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы жөніндегі мақалалары.
5.Алаш арыстары жөніндегі зерттеу мақалалары (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Ы.Мұстамбаев, Т.Хасенов).
6.Қазақ әдебиеті және қоғам қайраткерлері туралы мақалалары (І.Жансүгіров, Ә.Марғұлан, Ж.Шалин, Е.Смайлов, М.Сералин, С.Ғаббасов және т.б.)
7.Шетел жазушылары мен ақындары туралы ғылыми мақалалары мен зерттеулері (И.Крылов, А.Пушкин, Ю.Лермонтов, Л.Толстой, А. Мицкевич, Т.Шевченко, Лу Синь, Ғ.Тоқай, И.Борганский, Х.Файзханов және т.б.)
Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің өсіп өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері туралы туралы жазған ғалымның зерттеулері мен сын мақалаларын осылай бөліп қарастыру оның ғылыми қарымын тереңірек танып білуге мүмкіндік берді. Ғалымның көлемді еңбегі Қаракерей Қабанбай батыр жыры.1945 жылы М.Әуезовтың басшылығымен Қазақ әдебиеті тарихынан бірінші томын даярлау қоға алынып, 1948 жылы І томы жарық көргені белгілі. Міне осы кітаптың Тарихи жырлар бөліміне кіретін Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырларға арналған халық жырлары туралы мақала жазу Қ.Мұхамедхановқа тапсырылады. Жас-ғалым ұстазының ақыл-кеңесі, нұсқаған бағыты бойынша Қаракерей Қабанбай батыр, Қанжығалы Бөгенбай батыр жырларының тарихи оқиғасына, көркемдік тіліне зерттеу жұмысын жүргізіп, әдеби талдау жасап академияға тапсырады. Бірақ бұл мақалалар түрлі идеологиялық кедергілермен жинаққа енбеді. Ғалым себебін: Қаракерей Қабанбай батыр да, Қанжығалы Бөгенбай батыр да әдебиет тарихы кітабына кіргізілмепті.
- Кейінірек: Бұл қалай? -деп Мұхаңанан сұрап едім:
- Қайтесің. Қалай дерің бар ма? Жоғарғы орындағылар сенің Қабанбайыңды да, Бөгенбайыңды да тарихқа кіргізіп дәріптеу керек емес деп тапты. Болды, деп қысқа қайырды да қойды-деп жазды.
1980 жылы Р.Бердібаевтің басшылығымен жарық көрген Қазақ тарихи жырларының мәселелері кітабының 18 ғасырдағы тарихи жырлар деп аталатын І бөлімінде Б.Абылқасымов былай деп жазады: Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай туралы шығармалар, бірде батырлық, бірде тарихи жыр санатына қосылып келеді. Кейбір зерттеушілер: Кейінгі дәуірдің эпостық жыры, Кенже эпос атауларын ұсынады.Біз Қабанбай батыр-тарихи жыр деп танимыз.Анығында бұл позиция қырықыншы жылдарда-ақ қалыптасқан еді.ССРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы даярлаған Қазақ әдебиеті тарихынан І томындағы тарихи жырлар тарауында Қабанбай батырға да орын берілді.
Қырық жылдан астам астам уақыт жарияланбай, шаң басып мұрағат түбінде қалған мақала 1991 жылы Қазақ әдебиеті газетінде жарияланады.
1988-89 ж. мерзімді баспасөзде Ә.Бөкейханов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Шәкәрім атты ғылыми мәні ерекше мақалалар жариялап, кейін осы зерттеулер негізінде Абай мұрагерлері жинағын (1995) жарыққа шығарды. Мұқамедхан қазақ әдебиеттану ғылымының текстология саласының қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Оның Махамбет, Шәкәрім поэзиялары текстологиясына арналған мақалалары, Бұқар жырау, Абай шығармаларының текстологиясын қарастырған мақалалары мен монографиясы жарық көрді. Сондай-ақ ол қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ісіне қомақты үлес қосты. Қазақ ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, жыраулық әдебиет өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы, әдеби байланыстары туралы 300-ден астам ғылыми мақалалар жазды. Мұхамедхан шығармаларының тағы бір қыры оның поэзиясы. Драматургия саласында да қарымды еңбек етіп, көптеген пьесалар жазды. Мұқамедханның Толқын (1994), Майданнан майданға (1947), Комиссар Ғаббасов (1960), Ер Білісай (1974) пьесалары көркемдік және тарихи шындықты тұтастай алып, оқиға желісінің өткір құрылуымен ерекшеленеді.
1916 жылдың қақаған қаңтар айының 5 күні Мұхамедхан отбасында дүниеге келген сәби Қайымның өмір жолында да қақаған кезеңдер аз болған жоқ. Барлық сын сағаттардан жігерлілік, шыдамдылық, көрегенділік, білімдарлық таныта жүріп, аман өтті. Қандай қиын қыстау кезеңде абайтану бағытынан айныған емес. Қазақтың көсемдері мен шешендерін орға айдаған 37-нің құрығы Қайым ағаны да аз әуреге салмаған еді. Теріс жала жабылып, жалындап тұрған шағында Қайым аға 25 жыл түрменің де дәмін татты
Іздемеске келе ме бұл ағаны-
Бар Семейді жеке алған ғұламаны.
Қайым десе, кең дала дүбір салып,
Құлағына келеді бұлақ әні.
Үңілгеннің өткенге көзі жетпек,
Надан болсаң кімдерге сөзің өтпек.
Академия бір өзі Семейдегі
Өзі музей,
Өзі архив,
Өзі мектеп - деп белгілі ақын Несіпбек Айытов Іздемеске бола ма? атты Қайым Мұхамедхановқа арнау өлеңін арнаған.
Қайым Мұхамедхановтың зерттеу еңбектерін қазақ зиялылары 10 томдық жинаққа басып шығарған болатын. Қазіргі уақытта Қайым Мұхамедханов мұрасы жіті зерттелуді қажет ететін өзекті тақырып болып отыр. Бұл тақырыпта бірнеше ғалымдар қалам тербеген. Олар: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайым мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны туралы
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Қайым Мұхаметхановты зерттеген ғалымдар
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектері туралы ақпарат
Қ.Мұхамедханов Абай дәстүрін жалғастырушы
Мұхамедханов және Абай мұражайы Семей таңы
Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны
Абайдың ақын шәкірттерінің мұрасын зерттеудегі еңбектерінің салмағын межелеу
Абайтанушы
Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны жайлы мәлімет
Пәндер