Аллергия: шығу себептері, патогенезі, алдын-алу және емдеу әдістері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы : Аллергия

Орындаған:Туржигитов А.

Тексерген: Нуркенова М. К.

Семей 2015

Жоспар:

1. Аллергияның шығу себептері:

2. Аллергиялық аурудың алдын-алу

3. Аллергиялық реакция

«Аллергия (грек. allos - «басқаша», және erson - «әрекет, жауап») - организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиатрлары К. Пирке мен Б. Шик енгізген. Аллергия - иммундық жауабының үлгісі, ол әр түрлі құрамдағы бөгде заттарға ағзаның жоғары ерекше сезімталдығының дамуынан пайда болады және осы заттармен аллергияны қоздырушы зат аллергендер деп аталады. Аллергияның патогенезін, диагностикасын, алдын-алу және емін аллергология зерттейді.

Аллергияның шығу себептері:

  • үй-шаруашылығының, өндірістің, ауыл шаруашылығының химикаттануы;
  • дәрілік заттар спектрының көбеюі;
  • иммундық алдын алу масштабының үлкендігі;
  • жануар белогын көп пайдалану;

Аллергия келесі факторлардың әсерінен пайда болады:

а. инфекциялық аурумен ауырғандар

б. бауыр, бүйрек, ұйқы безінің соматикалық аурулары

в. гормоналды дисбаланс

г. салауатсыз өмір салты

д. жұмыста және үйде жағымсыз факторлардың әсері

е. иммундық жүйесін жоятын дәрілік препараттарды қабылдау

ж. радиация

з. белоктық ашығу және белок алмасуының бұзылысы

Аллергендер.

Аллергендер - бұл химиялық заттар ағзаға түскен кезде оларға сенсибилизация шақырады.

Екі үлкен топқа бөлінеді:

  1. экзоаллергендер
  2. эндоаллергендер

Экзоаллергендер бөлінеді:

  • ағзаға ену механизміне байланысты

а) қатынасты (тері арқылы)

б) ингаляторлы (тыныс алу жолымен)

с) алиментарлы (ЖКТ арқылы)

д) парентералды (қан арқылы)

  • шығу тегі бойынша

а) үй-шаруашылығы (шаң - тозаң, әсіресе мақта)

б) эпидермалды (эпителий, мамық, жүн, қайызғақ)

в) тозаңды (тозаң)

г) химиялық заттар (100 000 көп, лак, бояу, тері илейтін заттар, еріткіштер, косметика)

д) дәрілік аллергендер (антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, вакциналар, анальгетиктер)

е) тағамдық (жұмыртқа ақуызы, балық, лактоглобулин, қызыл-сары дағы бар жеміс - жидектер)

ж) аллергендер, микроорганизмдер болып табылады және олардың бөліктері.

Эндоаллергендер ағзада бұзылысқа ұшыраған факторлардың әсерінен шығады (комплекстің түзілуі антиген табиғатынан емес басқа заттан торшаның өз тәнінен «аллергия жарыққа» және т. б. )

Аллергиялық аурудың алдын-алу

Аллергиялық аурулардың патогенезінде аллергиялық қабыну негізгі рөл атқарады. Аса нәтижелі емге арнайы гипосенсибилизация - вакцинотерапия жатады. Бірақ бұл ем аурудың қозған кезінде қолданылмайды. Сонымен бірге гипосенсибилизацияны жүргізуге көп қайшылықтар бар және антиген табылмаған жағдайда тағайындалмайды. Псевдоаллергиялық реакцияларда вакцинотерапия нәтижесіз. Сондықтан аллергиялық ауруларды басқа әдістермен жақсы емдеуге болады.

Көптеген дәрілердің емдік нәтижесі торша ішіндегі циклді аденозинмонофосфатқа (ЦАМФ) және циклді гуанозинмонофосфатқа (ЦГМФ) әсер етумен жүреді. Торшалардың аллергенге төзімділігін көтеру торша ішіндегі ЦАМФ -тың қорын көбейтумен және ЦГМФ-тың қорын азайтумен жүргізіледі. Аллергоздардың барлық емдеу тәсілдерін үшке бөледі: симптоматикалық емдеу әдістері, патогенетикалық әдістер, спецификалық гипосенсибилизация - вакцинотерапия.

Симптоматикалық емдеуді аурудың қозған кезінде тағайындайды. Аллергиялық қабынудың патофизиологиялық (клиникасы) көріністеріне бағытталады.

Патогенетикалық емдеу әдістері аллергиялық қабынудың негізгі патогенезінің иммунологиялық немесе патохимиялық фазасына бағытталады. Бұл емдер аурудың қозған кезінде (емдеу үшін) және ремиссия кезінде (профилактика үшін) тағайындалады. Арнайы емдеу жүргізілмеген жағдайда негізгі нәтижелі ем болып саналады. Көбінесе жоғарғы жүйке және эндокрин жүйесінің қалыпқа келтіретін, ағзаның арнайы емес реактивтігін төмендететін дәрілер жиі пайдаланылады.

Арнайы емдеу әдістері аллергиялық қабынудың иммунологиялық фазасына бағытталады. Бұл емдер нәтижелі болуымен бірге ауру қоздыруы, асқынулар беруі мүмкін. Сондықтан иммунотерапия тек қана аллергиялық кабинеттерде жүргізіледі.

Аллергиялық реакция

Аллергиялық реакция сатылы болып табылады, келесі сатысына бөлінеді:

  1. сенсибилизация - қалыпты белсенділігінен жоғары басқа да затқа көшу. Сатысы ағзаға бірінші түскен аллерген осы аллергенде иммунитет реакциясы құрылғанға дейін созылады. Механизмі 2 жұмада құрылады, сенсибилизацияның өзі айлар, жылдар және өмір бойы өтуі мүмкін. Сенсибилизация белсенді болуы мүмкін (аллергендер механизмін ағзаның өзі қалыптастырады) және баяу (қан құю кезінде сенсибилизирленгеннен сенсибилизирленбеген адамға) . Сенсибилизация факторы:

а. аллергенге тәуелді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аллергия: шығу себептері, патогенезі, диагностика және алдын алу
Аллергия: патогенезі, клиникасы және алдын алу мен емдеу әдістері
Аллергия: патогенезі, диагностикасы және алдын-алу
Аллергия: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, алдын-алу және емдеу принциптері
Менингит: себептері, патогенезі, клиникалық белгілері, алдын алу және емдеу
Аллергия мен диатез: этиология, клиникалық сипаттамасы және емдеу-алдын алу шаралары
Гипокобальтоз: анықтамасы, себептері, патогенезі, клиникалық белгілері, диагностикасы, емдеу және алдын алу шаралары
Энцефалит: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, емдеу және алдын алу
Аллергия: түрлері, белгілері, диагностикасы және емдеу әдістері
Малдардың бронхопневмониясы: себептері, патогенезі, клиникалық белгілері және алдын алу мен емдеу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz