Жұпсыз жібек көбелегі: зияндылығы, биологиясы, морфологиясы, анықтау әдістемесі мен күресу шаралары



Жібек көбелегі
Жібек құртын өсіру
Емен жібек көбелегі
Шаған жібек құрты
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
ЖІБЕК КӨБЕЛЕГІ (Bombycіdae) – қабыршақ қанаттылар отрядының көбелектер тұқымдасы. 20-ға жуық түрі бар. Әсіресе қолға үйретілген түрі – тұт Жібек көбелегінің (Bombyx morі) маңызы зор. Ол Қазақстанның оңтүстігінде (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы) өсіріледі. Қанатын жайғандағы ұзындығы 4 – 6 см, ақ түсті. Ұрпақ беруіне қарай моно және поливольтинді болып бөлінеді. Жұмыртқасы қыстап шығады. Пілләдан шыға салысымен шағылысады. Ұрғашысы 2 – 3 тәулікте 500 – 700 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның даму кезеңі 10 – 12 тәулікке созылады. Жұлдызқұрттары жалаңаш, жотасының артқы бөлімінде мүйізгек өскін болады, тұт ағашы жапырағымен қоректенеді. Жұлдызқұрттар қуыршаққа айналар алдында өздерінен бөлінетін жібек талшықтарын піллә құруға жұмсайды. Өте берік, ұзындығы 1000 – 1500 м жібек талшығынан тұратын пілләні 3 тәулікте түзеді. Бұл талшықтар жұлдызқұрттарының өрмек бездерінен бөлінеді. Жібек талшықтары құрамында күрделі Aмин қышқылдарының кешені болуына байланысты өте берік әрі эластик. (созылғыштық) қасиетке ие болады. Олардан әйгілі Жібек матасын алады. Ұрғашыларына қарағанда еркектерінде жібек талшығы 20%-ға көп болады. Қуыршағы 10 тәулікте дамиды. Тұт Жібек көбелегі б.з.б. 3-мыңжылдықта Қытайда қолдан өсірілген. Қазіргі кезде Жапонияда, Қытайда, Үндістанда, Кореяда, Үндіқытай елдерінде өсіріледі. Тұт Жібек көбелегінің пілләсі жібек мата тоқу үшін пайдаланылады. Жібек көбелегінің кейбір түрлері (сақиналы, дара) жеміс ағаштарына, ал қарағай Жібек көбелегі және сібір Жібек көбелегі Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарындағы қылқан жапырақты ормандарда болады. Өсімдіктерге зиян келтіреді.
ЖІБЕК ҚҰРТЫН ӨСІРУ – ауыл шаруашылығының табиғи жібек талшығын өндіруге мамандандырылған саласы. Қазақстанда тұт жібек көбелегі, ал басқа елдерде емен жібек көбелегі, т.б. өсіріледі. Ж. қ. ө-дегі өндірістік процестер: жібек көбелегінің жұлдызқұрты қоректенетін тұт ағашын өсіру, жібек көбелегінің жұмыртқаларын өндіру, инкубациялау, жұлдызқұрттарды қоректендіру, пілләні өңдеу. Инкубацияны 150 – 200 қорапқа есептелген (1 қорапта 29 г жұмыртқа болады, одан 58 – 60 кг піллә алынады) инкубаторда жүргізеді. Жұлдызқұрттарды арнайы жайда кесілген жапырақтармен және өркендермен қоректендіреді. Қоректендіру 35 тәулікке (кейбір шаруашылықтарда 22 – 25 тәулікке) созылады. 1 кг піллә алу үшін 17 – 18 кг жапырақ жұмсалады. Піллә түзер алдында жібек көбелегін қоректендіруді тоқтатады. Ж. қ. ө-мен Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысытарындағы шаруашылықтар айналысады.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Жұпсыз жібек көбелегі: зияндылығы, биологиясы, морфологиясы, анықтау әдістемесі және күресу шаралары

Дайындаған: Болысбеков М.Н
ЛД-211тобы
Тексерген: Сагандыков С

Семей 2015

Жоспар:
Жібек көбелегі
Жібек құртын өсіру
Емен жібек көбелегі
Шаған жібек құрты
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер

ЖІБЕК КӨБЕЛЕГІ (Bombycіdae) - қабыршақ қанаттылар отрядының көбелектер тұқымдасы. 20-ға жуық түрі бар. Әсіресе қолға үйретілген түрі - тұт Жібек көбелегінің (Bombyx morі) маңызы зор. Ол Қазақстанның оңтүстігінде (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы) өсіріледі. Қанатын жайғандағы ұзындығы 4 - 6 см, ақ түсті. Ұрпақ беруіне қарай моно және поливольтинді болып бөлінеді. Жұмыртқасы қыстап шығады. Пілләдан шыға салысымен шағылысады. Ұрғашысы 2 - 3 тәулікте 500 - 700 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның даму кезеңі 10 - 12 тәулікке созылады. Жұлдызқұрттары жалаңаш, жотасының артқы бөлімінде мүйізгек өскін болады, тұт ағашы жапырағымен қоректенеді. Жұлдызқұрттар қуыршаққа айналар алдында өздерінен бөлінетін жібек талшықтарын піллә құруға жұмсайды. Өте берік, ұзындығы 1000 - 1500 м жібек талшығынан тұратын пілләні 3 тәулікте түзеді. Бұл талшықтар жұлдызқұрттарының өрмек бездерінен бөлінеді. Жібек талшықтары құрамында күрделі Aмин қышқылдарының кешені болуына байланысты өте берік әрі эластик. (созылғыштық) қасиетке ие болады. Олардан әйгілі Жібек матасын алады. Ұрғашыларына қарағанда еркектерінде жібек талшығы 20%-ға көп болады. Қуыршағы 10 тәулікте дамиды. Тұт Жібек көбелегі б.з.б. 3-мыңжылдықта Қытайда қолдан өсірілген. Қазіргі кезде Жапонияда, Қытайда, Үндістанда, Кореяда, Үндіқытай елдерінде өсіріледі. Тұт Жібек көбелегінің пілләсі жібек мата тоқу үшін пайдаланылады. Жібек көбелегінің кейбір түрлері (сақиналы, дара) жеміс ағаштарына, ал қарағай Жібек көбелегі және сібір Жібек көбелегі Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарындағы қылқан жапырақты ормандарда болады. Өсімдіктерге зиян келтіреді.
ЖІБЕК ҚҰРТЫН ӨСІРУ - ауыл шаруашылығының табиғи жібек талшығын өндіруге мамандандырылған саласы. Қазақстанда тұт жібек көбелегі, ал басқа елдерде емен жібек көбелегі, т.б. өсіріледі. Ж. қ. ө-дегі өндірістік процестер: жібек көбелегінің жұлдызқұрты қоректенетін тұт ағашын өсіру, жібек көбелегінің жұмыртқаларын өндіру, инкубациялау, жұлдызқұрттарды қоректендіру, пілләні өңдеу. Инкубацияны 150 - 200 қорапқа есептелген (1 қорапта 29 г жұмыртқа болады, одан 58 - 60 кг піллә алынады) инкубаторда жүргізеді. Жұлдызқұрттарды арнайы жайда кесілген жапырақтармен және өркендермен қоректендіреді. Қоректендіру 35 тәулікке (кейбір шаруашылықтарда 22 - 25 тәулікке) созылады. 1 кг піллә алу үшін 17 - 18 кг жапырақ жұмсалады. Піллә түзер алдында жібек көбелегін қоректендіруді тоқтатады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұпсыз жібек көбелегі: зияндылығы, биологиясы, морфологиясы, анықтау әдістемесі және күресу шаралары
Ауылшаруашылық өсімдіктерінің карантині
Американдық ақ көбелегі: зияндылығы, биологиясы, анықтау әдістемесі және күресу шаралары
Субтропикалық және декоративтік өсімдіктердің карантинді зиянкестерінің таралуы, биологиясы және қорғау шаралары
Күнбағыс зиянкестері
Қызанақ дақылын өсіру технологиясы. Көкөніс дақылдарына зиян келтіретін бунақденелілердің таралуы, биологиясы,зияндылығы
Картоп дақылын өндіру
Қабыршақ қанаттылар, көбелектер
Күнбағыстың түрлері
Жеміс ағаштарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын күресу шаралар жүйесі
Пәндер