Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Білім және Ғылым Министрлігі.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары.

Тексерген :Қуантқан. Б. Қ.

Орындаған : Қыдыралинова. М. Н

Топ: ВС-403

СЕМЕЙ, 2015ж

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

  1. Жұмыссыздық мәні, салдары.
  2. Жұмыссыздықтың пайда болу себептері.
  3. Жұмыссыздық түрлері.
  4. ҚР -дағы жұмыссыздықтың деңгейі және шешу жолдары.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблемалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Жұмыссыздық - белгілі бір кезеңде өзінің орын алады. Жұмыссыздықтың бір жыл ішінде бірнеше кезеңі болуы мүмкін. Тіпті ол бір жыл бойы жұмыстан мүлде қол үзуі де ғажап емес. Жұмысшы әдетте бірде жұмыссыздық бірлестігіне қабылданса, енді бірде ол жұмыс күші қатарынан шығып кетуі жиі кездеседі. Жұмыссыздық өсіп, ол ұлтымыздың онымен бетпе­бет келген өзекті проблемасына айналды.

Жұмыссыздық мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.
Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.
Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек.

Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми - техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.

Жұмыссыздық - құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі.

Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді. Мұндай жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-әрекетінің нәтижесі объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен өндірістегі жұмысшылар қысқарады - нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда болады.

Ағылшын экономисті А. Пигу “Жұмыссыздық теориясында” мынадай тезис дәлелдеді, - “еңбек рыногында бәсекелестік жүреді ”. Бұл, еңбекке бағаның көтерелуін әкеп соғады. Сондықтан көптеген экономистердің айтуы бойынша кәсіпкерлер жоғары көлемді жалақыны білікті маманға төлеу, егер сол маман өнімнің шығару құнын көбейтсе, соның есебінен еңбекке жоғары өнімділігі нәтижесінде кәсіпкерлердің жұмысшы персоналын қысқартуға мүмкіндігі болады. Бұл дәрежеде мынадай принцип жүреді:

“Ыңғайлысы, 1 жұмысшы ұстап, оған жақсы жалақы беру, 5-6 адамға төмен жалақы беруге қарағанда. Пигу өз кітабында көп жақсы, нақты өз ойын былай деп қарастырған: “Жалпы ақшалай жалақының қысқаруы жұмысбастылық жағдай жасай алады. Мұндай трактовканы дәлелсіз деп қарастырамыз, ол жалақысы аз жұмысшылардың жұмыссыздық армиясына қосылуы”, “толуы” дегенді растайды.

Тұрпайы саяси экономика жұмыссыздықты теңдік жағдайынан “кездейсоқ” ауытқу деп қарастырады. Алайда, капитализм тарихындағы аса күйзелісті болған 30-жылдардағы дағдарыс тұғызған шым-шытырық оқиғалардың ықпалымен ағылшын экономисі Д. Кейнс капитализм тұсында жұмыссыздықтың лажсыз сипатта болғанын мойындайды. Жұмыссыздықтың болуын ол өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен байланыстырады. Бұл ретте Д. Кейнс өндірістің объективті заңдылықтары мен қайшылықтарын елемей, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың психологиялық мінез-құлық дәлелдеріне, жиынтық сұранымды мемлекеттің ынталандыруы арқылы “жұмыспен толық” қамтамасыз етуге болады.

Кейнстің ізбасарлары оның концепциясының түрлі жақтарын соның ішінде жұмыссыздыққа және оның бағасының серпінділігімен өзара байланысына қатысты жақтарын дамытып, толықтыра түседі. Бір жағынан, нақты жалақы мен баға дәрежесінің өзгеруі және екінші жағынан, жұмыссыздықтың абсолютті көлемі арасындағы олар (арасындағы) анықтаған кері тәулділік “сұранымның молшылығы” жөніндегі Кейнстің теорияның рухында түсіндіріледі.

Монетарлық теорияны жақтаушылар жұмыссыздықтың себебі мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде деп түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып өндіріс процессін реттеуге болады. Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық теорияда бұл құбылыс Филлипс қисық сызығы деп аталады (ағылшын экономисі А. Филлипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 жылы график түрінде бейнелеген болатын) . А. Филлипс 1881-1957 жж. арасындағы Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі мен жалақының ақшалай мөлшерінің арасындағы тәуелділіктің қисық сызығын тұрғызған.

Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді. Халықтың жұмысбастылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты олардың табысы жоғары болатындықтан жұмыссыздықтың азаюы құнсызданудың өсуіне әкеліп соғады. Себебі табыс жиынтық сұраныстың артуына себеб болады.

C:\Users\Еркебулан\Desktop\12.htm40.gif

К. Маркстың қолдану теориясына сәйкес қосымша құнның капиталға айналуында капиталдың құрылымында өзгерістер болады. Қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді, сондықтан жұмыс күшінің бір бөлігі өндіріс саласынан ығыстырылып шығарылады да жұмыссыздық пайда болады.

Экономикалық сілкіністер, шиеленіскен экономикалық құрылымдық дағдарыстар, кейнсшілдік түсініктерге қарамастан жаппай жұмыссыздықпен ұштасатын, бақылауға келмейтін созылмалы инфляция кейнстің теориялық негізі ретінде пайдаланған мемлекеттік монополистік реттеу практикасының да негізсіз екенін ашып көрсетті.

Қазіргі кезде де даусыз болып қала береді. Қазіргі неоконсерватизмнің жақтаушылары жаппай жұмыссыздықтың негізінде рыноктік бәсекеден тыс факторлардың әсерінен болатын жалақының қатаң жүйесін жояды. Жұмыссыздық өз еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны болса да жұмысшыға жалақы деңгейі ұнамайды, немесе еңбек сипаты көңілдегідей емес (ауыр, қызықты емес), еңбектің маңыздылығы, қызығушылығы төмен. Амалсыздан, болатын жұмыссыздық жалақы белгілеудегі рыноктік тепе-теңдіктің сатысын белгілеумен байланысты, мұнда жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасында алшақтық болады.

Қазіргі экономикалық теорияда жұмыссыздықтың ерекше мынадай түрлерін қарастырады; ерекше бөледі:

Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз.

Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.

Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдің осы фазасымен байланысты.

Құрылымдық және фрикциондық (экономикалық) жұмыссыздықтар оның “табиғи” деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдің факторлар жұмыссыздықты “табиғи” деңгейден жоғарылатады.

Егер, жұмысбастылық толық болған жағдайда жұмыссыздық деңгейі “Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп айтылады.

Және тағы бір жұмыссыздық түрі бір нақты аумақта жұмысшы күшінің сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік нәтижесінде туындайды. Ол тең емес экономикалық аумақтың дамуына ықпал етіп қалыптасады, және де демографиялық, тарихтық, мәдениеттік тағы басқа да өзгеше факторлар әсер етеді.

Жалпы ең негізгі жұмыссыздық - фрикциондық, құрылымдық, циклдық болып келеді.

Жалпы жұмыссыз деп статистиклық тексеру кезінде жұмыссыз болып, бірақ жұмыс іздеп және жұмысқа кіруге дайын адамдарды айтады. Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай нысандары болады: жасырын функционалдық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, институтционалды, ерікті, жасырын тағы басқа.

Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік ақпаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады. Институтционды жұмыссыздық еңбек рыногының институтынан, құрылысынан, ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін факторлардан туады. Ерікті жұмыссыздыққа әр себеппен, өз еркімен жұмыс істегісі келмейтін адамдар жатады.

Маусымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы: бұл кейбір өндіріс саласында кездеседі, әсіресе қайта өрлеу өнеркәсібінде т. б.

Технологиялық жұмыссыздық - адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.

Жұмыссыздық - экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің еңбек рыногында талап етілмеумерінен туындайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс; адамдар жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегілері келетін, бірақ жұмыс табылмайтын хал-жағдай.

Жалпы жұмыссыздық - үш критерийге қатар жауап беретін адам жұмыссыз болып есептелетін кездегі жұмыссыздық, олар:

а) істейтін жұмыс (табысты жұмыс) жоқ,

б) белсенді түрде іздеп жүр,

в) белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа кірісуге даяр (қағида бойынша, екі аптаның ішінде)

Ресми жұмыссыздық - маусымдық ауытқуларға түзетусіз, мемлекеттік органдарда тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны.

Жасырын жұмыссыздық (бүркемелі) - жұмыс істеглері келетін, бірақ жұмыссыз ретінде тіркелуді, әдетте, жәрдемақы алуға құқылы еместігінен пайдасыз көретін жұмыссыздардың жалпы саны.

Созылыңқы жұмыссыздық - 12 айға және одан ұзақ уақытқа созылатын жұмыссыздық.

Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ-ы Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссияның жүргізген зерттеуі жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше “себептері” бар. Экономистер барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына - “жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен”туындауын жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына - “жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін” жатқызамыз.

Кез келген жұмыссыздықтың болуы - қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.

Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:

ЖБ=ЖС/ЖК*100

Мұндағы - ЖБ - жұмыссыздық деңгейі;

ЖС - жұмыссыздар саны;

ЖК - жұмыс күшінің саны.

Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бар бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі.

Әйелдердің де, еркектердің де жұмыссыздықтарының негізгі себептері оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың қиындығы және кез келген жұмыстың табылмауы болып табылады. Әйелдердің салыстырмалы теңсіздігінің себебі - олар еркектерге қарағанда штат қысқартуға байланысты жұмыстан жиірек босатылады және үй шаруашылығын жүргізу қажеттілігі бойынша жұмысты тастайды.

Жасқа қарай жұмыссыздық сипаттамасы да сондай-ақ еңбек рыногындағы әйелдер мен еркектер арасындағы теңсіздікті айғақтайды.

Жұмыссыздық негізгі себептері:

Неоклассикалық теория. Жұмысшылардың табыспен келіспеуі, төмен жалақымен жұмыс істеуден бас тарту.

Кейнтік теория. Жұмысбастылық жиынтық ұсынысқа, тұтыну бейімділігіне және инвестициялар көлеміне байланысты.

Маркстік теория . Қорланған капиталдың қажетті нәтижесінде, жанды еңбекте машина мен жабдықтарға қарағанда аз өседі. )

Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипаттына бірнеше факторлар ықпал етеді:

  • Ғылыми - техникалық прогресс;
  • Экономикадағы құрылымдық және аймақтық ілгері басушылық;
  • Сыртқы экономикалық бәсекелестің күрт күшеюі.

Мұндай жағдайларда еңбек нарығы мынаған міндетті:

  1. Өте жоғарғы жинақылыққа жетуге (кәсіпойлық, біліктілік, аймақтық және халықаралық көзқарастар аясында)
  2. Үлкен икемділікке барып, қазіргі заманғы жағдайларға сай өте үлкен бейімділік танытуға.
  3. Еңбекақы ставкаларын дараландыру (еңбекақыны нақтылы жұмыскердің ағымдық еңбек үлесімен ғана емес, сонымен бірге адамның жұмысқа лайықтылығын, әлеуметтік мүмкінділігін және біліктілігінің өсуін есепке ала отырып құру керек) .

Кез келген жұмыссыздықтың болуы - қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.

Жұмыссыздық оның деңгейімен өлшенеді.

Жұмыссыздық деңгейі - жұмыссыздар санының жұмысқа қабілеттер

санындағы үлес салмағы. Жұмыссыздық деңгейі жұмыспен толық қамтылғанда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп атайды.

Жұмыссыздық деңгейі экономикалық жағдайының негізгі көрсеткіштерінің бірі, бірақ оны тура көрсеткіш деп толық айтуға болмайды. Себебі, ресми статистикада, кім жұмыссыздыққа байланысты көмек алады, соларды ғана есептейді.

Жұмыссыздық деңгейі оның нормасымен сипатталады. Оның нормасымен жұмыссыздықтың жалпы санының жұмыс күші санына қатынасымен пайыз түрінде есептеледі.

Экономикалық теорияда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” - деген ұғымды пайдаланады. Оның мөлшері өзгермелі, оның деңгейі әр елде әр түрлі 2 пайыздан 7 пайызға дейін. Мемлекет жұмыссыздықты осы табиғи деңгейден асырмау бағытында іс-шаралар жүргізуге міндетті.

Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары:

  1. ЖҰӨ-нің көлемі қоғамның өзінің бар потенциалды мүмкіншілігін пайдаланғандағы көлемімен салыстырғанда төмендеуіне әкеліп соғады.
  2. Халықтың әр түрлі топтарының арасында жұмыссыздық шығыны бірдей бөлінбеуіне соқтырады.
  3. Жұмысшылар мамандығын төмендетіп (ескіреді), тіпті айырылып та қалады.

Жалпы жұмыссыздық мәселелерін шешуде экономикаға мемлекеттің

араласуы қажет. Мемлекет жұмыссыздықты реттеуді негізінен төрт бағытта жүргізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық, оның себептері мен формалары
Қазақстандағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайында
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның себептері мен формалары жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары туралы мәлімет
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық түсінігі, себептері мен формалары
Жұмыссыздық. Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебі
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары жайлы мәлімет
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz