Ежелгі дәуір тіл білімі мен араб тіл білімі



1. Ежелгі дәуір тіл білімі
2. Араб тіл білімі
Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египеттіктердің, шумерлердің, т.б. шығыс халықтарының жоғары мәдениетті болғандығын, әр түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл ғылымы көне ғылымдардың бірі екендігін байқауға болады. Бірақ египеттіктердің, шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үндістан, Ежелгі Греция елдеріне тән.
Қоғам тарихының көне дәуірі де, жазу мен ғылымның алғашқы бастамалары да Таяу Шығыста, Месопотамия мен байырғы Египетте басталғанымен, олардан қалған тілге байланысты еңбектер біздің заманға жеткен жоқ, сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі деген көне Қытай, Үндістан, Грек-Рим заманынан қалған, біздің заманға жеткен жазба нұсқаларға байланысты қаралады. Біз де осы жолмен жүреміз.
Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейлінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі тіл біліміне қатысты мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы деп санаған жөн.
Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі – атау, ат қою теориясы да, екіншісі – грамматикалық өнер (искусство) проблемасы.
Мұның біріншісінде – зат атаулары қалай пайда болған, атаулардың өздері атауы болған заттармен, құбылыстармен, оқиғалармен қандай байланысы бар? Атаулардың дұрыс я теріс қойылуының қандай мәні бар? Дегендерді сөз етушілер – философтар болған және бұл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала қытайда да, үнділерде де, герктерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған.
Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже бірде грамматикалық өнер делінсе, енді бірде жазу өнері деп те аталады. Грамматикалық теория жазба ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған. Сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі, әдетте, филология дәуірі деп те аталады (филология – герк сөзі, мағынасы – сөзді сүю).
Филология - жазба ескерткіштердің тілін, стилін, тарихи жақтарын зерттейтін ілім. Оның дүниеге келуі жазба ескерткіштердің пайда болуымен, оны зерттеу қажеттігінің тууымен тығыз байланысты. Грамматика теориясы көне заман елдерінің әрқайсысында әр түрлі мақсатта және әр түрлі дәрежеде болған.
Бірақ соған қарамастан ежелгі дәуір тіл біліміндегі ой-пікірдің барлығына тән ортақ сипаттар да болды.
1. 1.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
2. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
3. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
4. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
5. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. - М: Астрель, 2007
6. Шаяхметұлы.Қ. Қазіргі қазақ тілі. Сөзжасам-дериватология, сөзөзгерім-морфология. Семей; Новосібір: Талер-Пресс, 2007
7. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова., 2010.,2010

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы:Ежелгі дәуір тіл білімі және араб тіл білімі

Орындыған:Мұхаметжанова Гүлназ
Топ:Қ - 319 с
Тексерген:Самекбаева Э. М.

Семей 2015ж
1. Ежелгі дәуір тіл білімі
2. Араб тіл білімі.

Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египеттіктердің, шумерлердің, т.б. шығыс халықтарының жоғары мәдениетті болғандығын, әр түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл ғылымы көне ғылымдардың бірі екендігін байқауға болады. Бірақ египеттіктердің, шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты жазылып сақталған, біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үндістан, Ежелгі Греция елдеріне тән.
Қоғам тарихының көне дәуірі де, жазу мен ғылымның алғашқы бастамалары да Таяу Шығыста, Месопотамия мен байырғы Египетте басталғанымен, олардан қалған тілге байланысты еңбектер біздің заманға жеткен жоқ, сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі деген көне Қытай, Үндістан, Грек-Рим заманынан қалған, біздің заманға жеткен жазба нұсқаларға байланысты қаралады. Біз де осы жолмен жүреміз.
Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейлінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі тіл біліміне қатысты мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы деп санаған жөн.
Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі - атау, ат қою теориясы да, екіншісі - грамматикалық өнер (искусство) проблемасы.
Мұның біріншісінде - зат атаулары қалай пайда болған, атаулардың өздері атауы болған заттармен, құбылыстармен, оқиғалармен қандай байланысы бар? Атаулардың дұрыс я теріс қойылуының қандай мәні бар? Дегендерді сөз етушілер - философтар болған және бұл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала қытайда да, үнділерде де, герктерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған.
Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже бірде грамматикалық өнер делінсе, енді бірде жазу өнері деп те аталады. Грамматикалық теория жазба ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған. Сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі, әдетте, филология дәуірі деп те аталады (филология - герк сөзі, мағынасы - сөзді сүю).
Филология - жазба ескерткіштердің тілін, стилін, тарихи жақтарын зерттейтін ілім. Оның дүниеге келуі жазба ескерткіштердің пайда болуымен, оны зерттеу қажеттігінің тууымен тығыз байланысты. Грамматика теориясы көне заман елдерінің әрқайсысында әр түрлі мақсатта және әр түрлі дәрежеде болған.
Бірақ соған қарамастан ежелгі дәуір тіл біліміндегі ой-пікірдің барлығына тән ортақ сипаттар да болды.
Біріншіден, бұл кезеңдегі грамматикалық өнер біраз мәселеде философияға байланысты болған.
Екіншіден, грамматикалық өнер тілдің құрылысын түсіндіруді мақсат етпеген. Тілді дұрыс қолданудың, дұрыс сөйлеудің ережелерін жасауды, жазу тілі мен сөйлеу тілі арасындағы қарым-қатынасты түсіндіруді көздеген. Сондықтан да грамматикалық өнер пікірді дұрыс, әдеби етіп бере білуге үйрететін тәжірибелік ілім деп саналады.
Үшіншіден, филология дәуірінде тілдің морфология, фонетика саласында едәуір істер атқарылғанымен, олар тек тәжірибелік сипатта ғана болған, ал, лексикология, синтаксис мәселелерінің зерттелуі тым мардымсыз.
Төртіншіден, әр елдің филологтары тек өз тұсындағы бір тілге тән нұсқауларды зерттеген. Сондықтан әр түрлі тіл фактілерін салыстыра қарау дегенді олар білмеген.
Бесіншіден, бір елдің тіл біліміндегі ой-пікірдің екінші елге жетуі де нашар болған.

Ежелгі Қытай тіл білімі. Қытай - мәдениеті, ғылыми ой-пікірі ертеде дамыған, дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытай тіл білімінің тарихы екі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Қытай тіл білімі 19 ғасырдың аяғына дейін басқа елдердегі тіл білімінің әсерінсіз өз бетінше дамыған. Тіл ғылымы тарихында өзіндік дәстүр қалыптастырған. Бірақ Қытай тіл білімі әлемдік тіл ғылымына мәнді үлес қосқан жоқ, ұлттық шеңберден шыға алмады. Қытай жазба ескерткіштері біздің заманнан 15 ғасыр бұрын пайда болған. Олар мал сүйектеріне, әсіресе жауырынға жазылып сақталған.
Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым - Конфуций (Кун-Цзы).
Оның ойынша, зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болады. Атау заттың табиғатына сай болуы керек. Бұл - қате тұжырым. Ат қою теориясымен Ежелгі Қытайда грамматикалық өнердің де негізі қаланған. Грамматикалық ілім қытайлардың көне жазуы - иероглифке негізделген. Қытай иероглифі біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырының өзінде-ақ белгілі нормаға келтіріліп, уставтық, жартылай уставтық және жылдам жазу делініп үш стильге бөлінген, грамматикаға байланысты пікірлер де осы иероглиф жазуын талдап түсіндіруге негізделген.
Грамматикалық өнер ежелгі дәуірден сақталған діни жазбалар тілін зерттеу негізінде туған. Көне және Ортағасырлық Қытайда тілге байланысты үш түрлі филологиялық мәселеге ерекше көңіл аударылған. Оның бірі - көне сөздердің мағыналарын айқындау, екіншісі - иероглифтің құрылысы мен этимологиясын айқындау, үшіншісі - фонология. Тілдегі дыбыстық өзгешеліктерді айқындауда, тілді зерттеуде қытайлықтардың өзіндік ерекшелігі, дәстүрі болған. Оларда ежелден қалыптасқан ұғым бойынша, тілдегі ең негізгі тұлға - сөз. Сондықтан иероглиф жазуы жеке дыбысты емес, сөзді таңбалайды. Ежелгі Қытай лингвистикасының негізгі міндеті - тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағынасын, оларды қалай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің заманға жеткен сондай сөздіктердің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі - қытайша Эрья деп аталатын сөздік. Біздің заманға дейінгі 3-2 ғасыр шамасында жасалған бұл сөздік бұрыннан сақталған діни жазбаның сөздерін - иероглифін түсіндіруге арналса керек. Ол жазбалардың сөздері - киелі, жоғары стилді, канондық сөздер деп саналған. Сөздікте оның иероглифін талдау, жүйелеу, оларды оқудың, түсінудің ережелері берілген. Сөздікті грамматикалық еңбектер қатарына жатқызуға себепші болатын да сол ережелер.
Кейінгі кездерде Эрья сөздігіне еліктеп, оның сырын аша түсуге арналған тағы да бірнеше сөздік жасалған. Біздің заманымыздың басында Фан янь (жергілікті сөз) деп аталатын диалектизмдер сөздігі жасалған. Біздің заманымыздың 121 ж. жасалған Шо вянь (Жазулар түсініктемесі) сөздігінде 10 мыңға жуық иероглиф қамтылған, бұл әлемдегі бірінші толық түсіндірме сөздік болып табылады. Олардың барлығы да Қытайдың иероглифін талдауға, олардың этимологиясын, мағынасын ашуға арналған. Сол себепті бұл сөздіктерді кейде иероглифтік грамматика деп те атайды.
Қытай тілінің даралық сипатына байланысты грамматика жете дамымаған. Иероглифтік грамматикаларда морфема, сөз мағынасы, этимология мәселесі болмаса, қалыпты грамматикалық әдебиеттердегідей грамматикалық категория мәселелері сөз болмаған. Қытай лингвистикасының өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі де осында.
Қытай тіл білімі көрші жатқан Корея, Жапония, Вьетнам, 11-13 ғасырларда Таңғұт тіл білімдеріне зор ықпал еткен.
Ежелгі Үнді тіл білімі. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы 5 ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми жүйелілігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үнді тіл білімі бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіліктен туған. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған Веда деп аталатын жазба ескерткіштері болған. Олардың ең көне түрі Ригведа көне үнді тілі санскритке жатады. Санскрит - сол кездегі брахмандардың, ғалымдар мен шайырлардың өңделген, қолданылуы заңдастырылып қағидаға айналған, нормативті әдеби тілі. Ол халықтың ауызекі сөйлеу тілі пракритке қарама-қарсы қойылып зерттелген. Біздің дәуір алдындағы 6 ғасырларда белгілі болған бұл ескерткіштер жинағын үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазірде де солай санаушылық бар көрінеді. Бұл киелі жырлар тілінде сол уақыттағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және Веда тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен Веданың тілін зерттеген. Бұл зерттеу төрт түрлі бағытта жүргізілген: а)дыбыстық жүйесі мен айтылу мәнерін, яғни фонетикасы мен орфоэпиясын зерттеу; ә) жырдың құрылысы мен өлең өлшемдерін зерттеу; б) грамматикасын зерттеу; в) жеке сөздердің тіркесін және оның мән-мағынасын, яғни лексикасы мен этимологиясын зерттеу. Ежелгі Үндістандағы тіл білімі,негізінде, осы төрт бағытта дамыған. Бірақ бұлардың даму тарихы, зерттелу дәрежесі біркелкі болмаған. Өз кезі үшін айтарлықтай жақсы, жан-жақты зерттелген мәселелер қатарына ғалымдар фонетика мен морфологияны жатқызады. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің атақты лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жеткен. Яски біздің дәуірімізге дейінгі 5 ғасырда өмір сүрген. Ол - Веда тілінің бес томдық сөздігін жасап, түсінік берген адам.
Панинидің біздің дәуірге дейінгі 6 ғасыр шамасында жазған Аштадхьян (грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде төрт мыңдай грамматикалық ереже берілген. Бұл еңбегінде Панини Веда жыры тілінің дыбыстық жүйесін, көне әдеби тілінің және Веда жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөзжасам, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген. Зерттеушілердің айтуынша, Панини еңбегі - тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика. Ол санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады. Мұнда сөздерді тапқа, түбірге, түрлі қосымшаларға бөлу, жұрнақ, жалғау, префикс дегендердің бәрі де бар. Панини грамматикасы ережелерінің дәлдігіне, зерттеулерінің терең және жан-жақтылығына қарап, бірсыпыра ғылымдар Үндістанда тіл білімі Паниниге дейін де даму басқышынан өткен, бірнеше грамматикалық еңбек жазылған болу керек деп жорамалдайды. Бірақ ондай еңбектердің болған-болмағаны ғылымда әзірше белгісіз.
Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген де, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттаған. Етістіктің шаққа бөлінуі, есімдерге жеті түрлі септік жалғаудың барлығы, т.б. көптеген грамматикалық мәселелер өте дәлдікпен шешілген.Үнділер синтаксис мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлмеген.
Ежелгі Үнді тіл білімінде морфологиядан кейінгі мол зерттелген сала - фонетика. Фонетика ежелгі заман тіл білімінің ешқайсысында Үндістандағыдай зерттеудің жоғарғы сатысына көтеріле алмаған. Дыбыстардың физиологиялық сипаттары, сөйлеу органдарының тіл дыбыстарын жасаудағы артикуляциясы, дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың болып кездесетіндіктері, олардың себептері жан-жақты және дұрыс сөз етілген.
Үнді тіл білімінің тарихын сөз ете келіп, В. Томсен: Үндістан тіл білімінің көтерілген биігі ерекше. Бұл биікке, көп нәрсені үнділерден үйрене тұрса да, еуропалық тіл білімі 19 ғасырға дейін көтеріле алмады, - деп жазды.
Ал, И.А. Бодуэн де Куртенэ 19 ғасырдағы тіл ғылымы немесе лингвистика деген еңбегінде: Егер де үнді грамматистерінің 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың бас кезіндегі Еуропа зерттеушілерінің ақыл-ойына тигізген орасан зор әсері болмаса, салыстырмалы грамматиканың, тіпті Еуропа мен Америка топырағында пайда болған тіл ғылымының гүлдеп дамуы болмаған болар еді, - дейді.
Шынында да, үнділер тіл білімінің дамуына елелі үлес қосқан. Тіл фактілерін зерттеуде олар синтетикалық тәсілді де қолданған. Сол арқылы тідік элементтердің өзара ұқсастығын және бір-бірінен өзгешеліктерін айқындаған.
Кейінгі дәуірлерде Үндістанда Панини грамматикасының мән-мағынасын талдап түсіндірген, оның жолын ұстанған бірнеше лингвист ғалымдар болған.
Эдинбург университетінің прфессоры Джон ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуір тіл білімі және араб тіл білімі
Ежелгі және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы
Ежелгі дәуір тіл білімі және араб тіл білімі жайлы
Тіл білімі тарихындағы негізгі кезендер
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы. в.ф.гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Лингвистикалық ілім тарихы Ежелгі дәуір тіл білімі
Ежелгі Кытай тіл білімі
Ежелгі дәуір тіл білімі
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы
Пәндер