Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары жайлы ақпарат


Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ОӨЖ
Тақырыбы: Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары
Тексерген: Жилкыбаева С. Д
Орындаған: Турлыбекова Т. С
Семей 2015 ж
Жоспар:
I. Кіріспе
А) Қорықтар
II. Негізгі бөлім
А) Қорғалжың қорығы
Б) Наурызым қорығы
С) Жануарлар мен өсімдіктері
III. Пайдаланған әдебиеттер
Қорық - аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі; типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті - қорғауға алынған табиғат кешенін (эталондық табиғи экожүйелерді), сондай-ақ, осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру, табиғи құбылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу әдістері, оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қазақстанда АHYPERLINK "https://kk. wikipedia. org/wiki/%D0%90%D2%9B%D1%81%D1%83-%D0%96%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D2%93%D1%8B%D0%BB%D1%8B_%D2%9B%D0%BE%D1%80%D1%8B%D2%93%D1%8B"қсу-Жабағылы қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, МарқакөлHYPERLINK "https://kk. wikipedia. org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%80%D2%9B%D0%B0%D0%BA%D3%A9%D0%BB_%D2%9B%D0%BE%D1%80%D1%8B%D2%93%D1%8B" HYPERLINK "https://kk. wikipedia. org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%80%D2%9B%D0%B0%D0%BA%D3%A9%D0%BB_%D2%9B%D0%BE%D1%80%D1%8B%D2%93%D1%8B"қорығы, Наурызым қорығы, Үстірт қорығы, Алакөл, Батыс Алтай қорықтары бар .
Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
Қорықтардың табиғи ұлттық парктерден айырмашылығы; табиғи парктерде кіріп серуендеуге мүмкіндік бар. Ал қорықтарда оған тыйым салынған.
Қорғалжың қорығы
Қорғалжың қорығы
1968 жылы құрылған. Қорык Ақмола облысының 259 мың гектар жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың гектар) қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжың және Теңіз (199 мың гектар) көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген. Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүткоректілердің 41 түрі, құстардың 299 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар: суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтар және басқалар. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар мекендейді. Құстың 120 түрі ұя салады. Көл жиегінің кара суларында үйрек, қаз және басқа суда жүзетін құстар сансыз көп. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Бұл дүние жүзінде сирек кездесетін, ең солтүстікке ұя салатын құс. Қорғалжың көлдерінде үшкір тұмсықты сұқсыр мекендейді, ол балапандарын суда қалқып жүзіп жүрген ұяда басады. Содан кейін балапандарды ұзақ уақыт аркасына салып жүзеді, тіпті олармен бірге суға да сүңгиді. Теңіз-Қорғалжың көлдеріне көктем кезінде көптеген су құстары жиналады. Осының аркасында бұл қорық дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Ол ЮНЕСКО-ның тізіміне ерекше корғалатын батпақты-шөлді ландшафт ретінде енген. Қорықта суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мұражайлар, хайуанаттар бағына арналған материалдар жинастырылады. Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік Астана қаласынан оңтүстіктен батысқа қарай 120 км жерде, Теңіз - Қорғалжын ойысында, Егіндікөл және Қарағанды облысының Нұра аудандарында орналасқан. 1957 ж. жеде, Теңіз көлі аңшылық қорықшасы деп жарияланды, бір жылдан кейін қорық ұйымдастырылды. 1962 ж. орман-аң ш. болды, тек 1968 ж. ҚазКСР Мин. Кеңесінің қаулысымен қайта құрылды. 1974 ж. қорық Рамсор Халықар. конвенциясы тізімінің А дәрежесіне енгізілді. Жер аум. 177, 2 мың га, оның ішінде су айм. 147, 6 мың га, қазір 258, 9 мың га жерді алып жатыр. Жер бедері Теңіз к-не қарай аласара беретін - жазықтық. Теңіз деңгейінен абс. биікт. 304 - 426 м. 20 ғ-дың басында бұл жерлерде 130 шақты көлдер болды. Бірақ қарқынды жүрген шаруашылық іс-әрекеттердің салдарынан, қазір 60-тай көл қалды. Оның ішінде Сұлтанкелді, Есей, Қоқай, Асаубұлақ тұщы көлдер, ал Теңіз, т. б ащы көлдер қатарына жатады Қорғалжын қорығы- Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 ж. ұйымдастырылған. Оған Теңіз - Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді (Қорғалжын; Теңіз) . Жер аумағы 258, 9 мың га (2003) . Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы -41 - 42ºС суық болса, шілдеде температура 38 - 39ºС-қа жетеді. 125 - 130 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек, боз селеу, қызғылт, тобылғы, бидайық, бозшөп, т. б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырыменHYPERLINK "https://kk. wikipedia. org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%83%D1%8B%D1%80%D1%8B%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D0%B6%D0%BE%D1%80%D2%93%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%83%D1%88%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D1%80"жорғалаушылардың 3, қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала HYPERLINK "https://kk. wikipedia. org/wiki/%D0%94%D0%B0%D0%BB%D0%B0_%D1%81%D1%83%D1%8B%D1%80%D1%8B"суыры, қоян, күзен, борсық, ақбөкен, т. б. мекендейді. Қорғалжында 32 мыңдай қасқалдақ, 10 - 12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т. б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызыл жемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін - қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз к-нде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде “HYPERLINK "https://kk. wikipedia. org/w/index. php?title=%E2%80%9C%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BB%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%82%E2%80%9D&action=edit&redlink=1"ҚызылқанатHYPERLINK "https://kk. wikipedia. org/w/index. php?title=%E2%80%9C%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BB%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%82%E2%80%9D&action=edit&redlink=1"” деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 - 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 - 15 мыңдай ғана қалды. Халықар. маңызы бар, қорғауға алынған батпақты-сулы жерлердің тізіміне Қорғалжын, Теңіз көлдері енгізілген. Қорықтағы фауна мен флора толық есепке алынған. Көп жылдан бері “Табиғат шежіресі” күнделігі жазылады. Қазір қорықта экологиялық туризм саласы дамып келеді.
Наурызым қорығы
1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 191, 4 мың гектар жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар, бетегелі тың дала корғауға алынып зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ-шоқ карағай сақталып келген. Қорық көлеміне Наурызымдағы Қарағай мен Тірсек орманы да кіреді. Ең оңтүстіктегі cop топырақта қарағай сирек өскен. Қорықтағы cop топырақта алуан түрлі кайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері өседі. Табиғат жағдайының әртүрлілігіне байланысты, таяу жатқан аз ғана үлескінің өсімдігі мен жануарлар дүниесі әр алуан келеді. Мұнда даланы, орманды және суаттарды мекендейтін жануарлар кездеседі. Поляр фауналары мен флораларының өкілдері жылылықты сүйетін өсімдіктер және жануарлар сияқта жерсініп кеткен. Онда тұяқтылардан қабан, елік, кеміргіштерден суырлар, ақ қояндар және жыртқыштардан қарсақ, түлкі, борсық, күзен, ақкіс кездеседі. Қорықта сүткоректілердің 42 түрі, құстардың 60-тан астам түрі, балықтың 6 түрі, 687-ге жуық өсімдік түрі кездеседі. Аппақ қардай аққулар, шағалалар, бірқазандар мен үйректер қаптап жүреді.
Өсімдіктер әлемі
Теңіз-Қорғалжын жүйесіне ғарыштан көрініс
Қорық флорасы гүлді өсімдіктердің 300 түрін құрайды. Ағаштар жоқ, алайда бұталардың 12 түрі бар. Далада кейде қараған мен тобылғы да кездеседі. Қорғалжын қорығында сирек кездесетін өсімдіктердің 45 түрі қорғалады. Олардың арасында Шренк қызғалдағы, Қазақстанның Қызыл кітабына енген екі түстіқызғалдақ, көкшіл жуа, орал миясы, құмды цмин, дәрілік алтей, қара жусан, ақмия, бозы және дала шатырашы бар.
Жануарлар әлемі
Қорғалжын фаунасы дала және жартылай шөл дала аймақтарына тән. Мұндасүтқоректілердің 41 түрі, құстардың 294 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, қос мекенділердің 2 түрі, балықтың 11 түрі бар. Қорықтың омыртқасыздар фаунасы мүлдем зерттелмеген. Қорықта қоңыздардың 300 түрі тіркелген. Қорғалжын көлдері - балықшылардың жұмағы. Мұнда алтын және бозша мөңкелер, шортан, аққайран, линь, алабұға және торта балықтар тіршілік етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz