Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері жайлы ақпарат



Психикалық аурулар
Симптомдары
Сенестопатия.Эмоциялық симптомдар
Шизофрения.Невроз
Пайдаланылған әднбиеттер
Психикалық аурулар: елестету, ес, ойлау, интеллект, әсер әр түрлі психикалық процестердің өзгеруі салдарынан болады. Сондықтан да психикалық аурулардың жекешеленген белгілерін зерттеу және жіктеуде аталған процестердің ерекшеліктерін басшылыққа аламыз.
Алайда психикалық аурулардың жіктеудегі мұндай психологиялық принцип тек бір міндет үшін, олардың көріністерін сипаттау үшін ғана қолданады. Бұл принцип кейде қолдануға болмайды. Мысалы, симптомдарды жіктегенде оларды патогенезіне қарай сипаттау нәтихе бере алмайды. Бұл жағдайда психоздардың симптомдарды жоғарғы нерв қызметінің сипатына байланысты жіктелінеді.
Психикалық аурулар симптомы психологияға жатпайтын медициналық ұғым, сондықтан ол тек медицинаға ғанағ тән болады. Ауру симптомдары бұл – ағзаның патологиялық күйінің клиникалық белгілері. Оларды жіктеу принципі де медицина ғылымының өзгешелігін көрсетеді. Ауру симптомдары медицина зерттеуінің нақты міндеттеріне сәйкес әр түрлі жіктеледі. Аурудың клиникалық көріністерін зерттеу кезінде бұлар жалпы және жергілікті, ал ауру патогенезін зерттегенде функциялық және органикалық, ал болжамды анықтағанда қолайлы және қолайсыз болып топтастырылады және т.б. Аурудың әрбір симптомы көп мәнді болып келеді. Мұның өзі барлық ауруларға, соның ішінде психикалық ауруларға да қатысты.
Ілешева Р.Г. Медициналық психология. Алматы, 1994.
Абрамова Г.С., Юдчиц Ю.А. Психология в медицине. М., 1998.
Лакосина Н.Д. Неврозы и невротические развития. Под ред. Г.В.Морозова,-М., 1988, т. 2.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері

Орындаған: Махимова А.ПХ-315

Семей, 2015 ж.

Жоспар:
* Психикалық аурулар
* Симптомдары
* Сенестопатия.Эмоциялық симптомдар
* Шизофрения. Невроз
* Пайдаланылған әднбиеттер

Психикалық аурулар: елестету, ес, ойлау, интеллект, әсер әр түрлі психикалық процестердің өзгеруі салдарынан болады. Сондықтан да психикалық аурулардың жекешеленген белгілерін зерттеу және жіктеуде аталған процестердің ерекшеліктерін басшылыққа аламыз.
Алайда психикалық аурулардың жіктеудегі мұндай психологиялық принцип тек бір міндет үшін, олардың көріністерін сипаттау үшін ғана қолданады. Бұл принцип кейде қолдануға болмайды. Мысалы, симптомдарды жіктегенде оларды патогенезіне қарай сипаттау нәтихе бере алмайды. Бұл жағдайда психоздардың симптомдарды жоғарғы нерв қызметінің сипатына байланысты жіктелінеді.
Психикалық аурулар симптомы психологияға жатпайтын медициналық ұғым, сондықтан ол тек медицинаға ғанағ тән болады. Ауру симптомдары бұл - ағзаның патологиялық күйінің клиникалық белгілері. Оларды жіктеу принципі де медицина ғылымының өзгешелігін көрсетеді. Ауру симптомдары медицина зерттеуінің нақты міндеттеріне сәйкес әр түрлі жіктеледі. Аурудың клиникалық көріністерін зерттеу кезінде бұлар жалпы және жергілікті, ал ауру патогенезін зерттегенде функциялық және органикалық, ал болжамды анықтағанда қолайлы және қолайсыз болып топтастырылады және т.б. Аурудың әрбір симптомы көп мәнді болып келеді. Мұның өзі барлық ауруларға, соның ішінде психикалық ауруларға да қатысты.
Симптомдарды сипаттау кезінде жіктеудің психологиялық принциптерінің шартты түрде қолданылаиындығын айта кету керек. Белгілі бір симптомдарды баяндаған кезде тиісті психикалық процесс бұзылған бөлімде басым бөлігін басшылыққа алады да, сипатталған симптомдардың көрінісінде сол процестің өзгеруімен шектелмейді. Мысалы, сандырақ симптомының ерекшелігі ойлаудың бұзылуымен шектелмейді, олар аффектінің аурудың өзгеруінен, кейде естің бұзылуынан және басқа да психикалық қызметтің өзгерістерінен қалыптасады.
Психикалық аурулардың симптомдары көп, олардың есебіне жету қиын және өте алуан түрлі болып келеді. Тегі жағынан туыс жекелеген симптомдардың үйлесіп келуі синдром құрайды. Көптеген симптомдар бірге зерттеледі. Алайда кейбір симптомдардың белгілі бір синдромдарға қарағанда елеулі белгілері бар. Клиникалық психикалық аурулармен танысу солардан басталады.
Сенестопатия
Бұл топқа көбіне сеэімдік танымның әр түрлі бұзылуымен сипатталатын психикалық аурулардың симптомдары бірігеді. Бұлардың көпшілігінің пайда болуы абстрактық танымның бұзылуына айғақ болады және кей-кейде аурудың мінез -құлқының өзгеруімен байқалып отырылады. Солай болса тұрса да танымның сезімдік негізінің зақымдалуы ең алдымен осы қатардағы симптомдарды сипаттайды.
Гиперстезия - қалыпты жағдайда бейтарап табиғи сыртқы тітіркеніштердің қабылдағыштығының жоғарылауы. Әдетте күндізгі жарық көзді қарықтырады, қоршаған заттардың болуы әдетте айқын болып, оларды формалары ерекше анық, жарық пен көлеңке контрасты келеді. Дыбыс құлақ тұндырады, есіктің жабылуы атысқа ұқсап естіледі, қойылған ыдыстың сыңғыры адам төзгісіз болады.
Гипестезия - гиперстезияға қарама-қарсы кесел. Сыртқы тітіркену қабылдауының төмендеуінен бөлінеді. Маңайдағылардың бәрі анық, ашық көрінбейді, алыста, тұман арасында тұрғандай болып көрінеді. Маңайдағы заттардың бояуы солғын, жұтаң, қалқыңқы, түрінен айрылған сипатта келеді.
Сенсопатия - әр алуан шектен жағымсыз, ауыр сезім: буу, күйдіру, қысу, жанға бату, құю, аударылу және басқа да әсерлер дененің әр жерінен шығып жатқандай болады. Бұлардың пайда болу себептерін зерттеудің соматикалық әдістерімен айқындаудың реті келмейді.
А.С.Чистовичтің пікірінше, гипестезия бірінші сигналдық жүйе қызметі мен екінші сигналдық жүйе күшті сақталғанда қыртыс астының әлсіреуінен туындайды. Н.Н.Тимофеев бұл кеселді көру бұдырының зақымдауымен байланыстырады.
Галлюцинация - нақты объекті болмай - ақ пайдабболатын қабылдау. Қабылдаудың қалыпты күйінде үнемі елестеу болады. Галлюцинация басымдық жағдай елестеуінің әсерінен туады, соның нәтижесінде шынайы әсерді ішкі образдар алмастырады. Сондықтан да галлюцинацияны ырықсыздықтан, күшті сезімнен пайда болатын, нақты дүниені жобалап, сол арқылы шындыққа тән объективті қасиетті туындататын елестету деп атайды.
Галлюцинация көру, есту, иіс, дәм, жалпы сезімдік болып бөлінеді.
Көру галлюцинациясы формасыз- жалын, түтін, тұман түрінде болуы мүмкін, бұлардың формалары айқын болмайды, кейде керісінше, барлық бөлшектеріне дейін анық, тіпті нақты заттардан айқын көрінеді. Елестің шамасы табиғи түрде байқалып, кішірейген , ұлғайып, алып күйлерде есептейді. Көру галлюцинациясы түссіз де болуы мүмкін, кейде олар тгабиғи бояулы , ал кейде бір түсті , өте анық бояулы ашық-қызыл немесе көк түсті болады.
Галлюцинациялық көру образының пайда болуы, әдетте адамнан , аурудың көз алдынан тыс өтіп жатса, экстракамнипді галлюцинация деп аталады.
Галлюцинацияның мұндай түрінен аурудың жанында біреудің қатысуын оның айқын сезінуін айрықша көрсету керек. Мұндай құбылысты сезімнің алдануы деп атайды.
Есту галлюцинациясы акоазмаға - салдыр, гүрдірлі, шуды, атысты есіту мен фонемаға - сөзді, әңгімені есітуге бөлінеді. Есіту галлюцинацисы өзінің қарқындылығы жағынан ақырын, натуралдық, қатты, құлақ тұндырарлық болуы мүмкін. Олар жоғарғы- төменнен немесе басқа тұстан , кей жағдайларда, кейде жақыннан естіледі. Вербальдық галлюцинацияның мазмұны енжар, қорқынышты, маскүнемдік, қорлаушылық, сақтандырушылық жорамал жасаушылық болуы мүмкін. Ал И м п е р а т и в т і к г а л л ю ц и н а ц и я деген түрінде - дауыс немесе дауыстар белгілі бір әрекетті, кей жағдайда қауіпті әрекетті жасауға бұйрық етеді.
Иіс сезу галлюцинациясы әр түрлі жалған иістердің - түтін, күйік, шіру иістерінің, оқта-санда жағымды иістердің көрінісі ретінде байқалады. Жалған иістер қарқыны жағынан әр түрлі, кейде жеңіл түрінен бастап, тұншықтыратын түріне дейін болады.
Дәм галлюцинациясы әдетте иіс сезу галлюцинациясынан ажырағысыз байқалады; бұл қабылдап жүрген тағам мен сусынға ұқсамайтын, кейде жағымсыз, жиіркенішті дәм түрінде сезіледі.
Тактильдік галлюцинацияда денеде жәндік, құрт өрмелеп бара жатқандай, дененің бетінде немесе тері астында белгісіз бір заттардың пайда болуы сияқты сезіледі.
Висцералдық галлюцинация - дененің қуысында, әдетте іште, басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психиатрияға сабағы және міндеттері. Тіс – жақ жүйесіне қатысты психопатологиялық ауытқулардың көрінуі
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері туралы мәлімет
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері жайлы
Дәлелді медицинаның екінші және үшінші этаптары
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері туралы
Психикалық аурулар туралы ақпарат
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері
Психикалық бұзылыстар жіктелуі
Әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы және оның маңызы
Пәндер