Жалпы және өмірді сақтандыру


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

СӨЖ

Тақырыбы : Жалпы және өмірді сақтандыру

ОРЫНДАҒАН : Қасенова Ә. Е.

ТОП : ФН-305

ТЕКСЕРГЕН : Курманбекова Г. А.

Семей қаласы

2015 жыл

ЖОСПАР

Кіріспе

1. Сақтандырудың мәні

2. Өмірді сақтандыру түінігі

3. Жалпы сақтандыру және оның түрлері

4. Сақтандыру нарығы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Сақтандыру - коғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бipi. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің, қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өміp тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы корларын да немесе резервтерінде де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіc. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв жене сақтық корлары түрінде қалыптасады.

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

  • сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
  • сақтандырудың қоғамдық өнімінің кұнын қайта бөлуге қатысуы;
  • оның ic-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
  • сақтық қатынастарының біp бөлігінің міндетті сипатының болуы;
  • ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы) .

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын, егер бұл процесс тікелей дүлей апат пен басқа да төтенше немесе күтпеген оқығалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты.

2. Өмірді сақтандыру саласы epікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.

Өмірді сақтандыру - жеке басты сақтандырудың (өзіндік сақтандырудың) кіші саласы. Оның жіктелімдік белгісі - сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткенде, қайтыс болған жағдайда немесе сақтандыру шарты аяқталғанда сақтандырушы сақтандыру талаптарында белгіленген ақшалай соманы төлеуі. Өмірді сақтандыруда негізінен тек межелі жасқа жеткенде және қайтыс болғанда ғана төлем төлеу міндеттемесі көзделеді. Сақтандыру шартында аталмыш екі тәуекел біріктіріліп, сақтандырылушы еңбек ету қабілетінен айрылғанда төлем төлеу міндеттемесімен толықтырылуы мүмкін. Межелі жасқа жеткенде немесе еңбек ету қабілетінен айрылғанда сақтандырылушыға сақтандыру қамсыздандырмасы төленеді, ал қайтыс болған жағдайда пайда алушыға төленеді. Өмірді сақтандыру шарттары кемінде бір жыл мерзімге жасалады.

Аннуитеттік сақтандыру - скақтандырушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырушының жеке табыстарының келуіне немесе одан айрылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Аннуиттеттік сақтандыру - сақтандырылушы адамның түрлі жағдайға байланысты еңбек ету қабілетін жоғарлатуы, асыраушының қайтыс болуы, жұмыссыз қалуы сияқты жағдайларда, зейнетақы немесе рента түрінде төленетін сақтандыру түрі.

2005 жылға дейін адам өмірін сақтандыруды түгелдей дерлік мемлекет жүзеге асырды. Ал қазір сақтандыру жүйесі жаңа әлемдік стандарт бойынша бағдар ұстамақ. Аннуитет сол стандарттардың бірі. Оған сәйкес, жұмыс беруші аннуитеттік компаниямен аннуитет шартын қызметкердің немесе қызметкер қайтыс болған жағдайда зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаның пайдасына жасасады. Яғни, егер сақтандырушы қайтыс болып немесе денсаулығына зиян келгенде, оған немесе оның отбасына зейнетақы немесе рента төленеді.

3. Жалпы сақтандыру. Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүдделі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады. Жалпы сақтандыру саласы epікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

  • жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
  • медициналық сақтандыру,
  • көлік кұралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру;
  • жүктерді сақтандыру;
  • мүлікті сақтандыру (көлік құраладарын қоспағанда) ;
  • кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
  • көлік кұралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру;
  • шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру;
  • зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қоспағанда) .

Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) кабілетті (толық немесе ішінapa) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулердің сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Медициналық сақтандырудың екі түрі бар: міндетті және ерікті .

Міндетті медициналық сақтандыру кезінде заңнамамен барлық азаматтар үшін бюджетке төленетін аударымдардың бірдей мөлшерлемесі белгіленеді, соның есебінен денсаулық сақтауға жұмсалатын ақшалай қор қалыптасады. Мұндай жүйе халықтың барлық жіктері үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл нысан, оның барлық артықшылықтарына қарамастан, Қазақстанда іске асырылмайды. Міндетті медициналық сақтандыру дамыған елдердің көпшілігінде бар және азаматтардың денсаулығын қорғауға арналған конституциялық құқығын іске асыруға бағытталған. Міндетті медициналық сақтандырудың құндылығы келісімшарт тәртібінің болуы, демек, келісімшарт орындалмаған кезде, сақтық қорғау мүмкіндігі, емделген ауру адамдардың санына қарай медициналық мекемелердің кепілденілген ақша алуы, медициналық жәрдем жақсы болса, бұл медициналық мекемеге аурулар көп келетіндіктен медициналық жәрдемнің сапасын арттыруға ұмтылуы және т. б. болып табылады. Дәрігерлер ауруды емдеуге ынталы болады; сөйтіп, медицинаға қалыпты рыноктық қатынастар енгізіледі.

Ерікті медициналық сақтандыру міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтыру болып табылады. Ол сақтық төлемақыларды, яғни медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын өтемді, жүзеге асыруды қарастыратын жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып келеді. Сақтық полисінің құны қызметтердің ассортиментіне, емдеуге жататын сырқаттардың түріне, сақтандырылған ауруға қызмет көрсетілетін емдеу мекемелеріне байланысты болады. Ерікті медициналық сақтандырудың негізгі құндылығы қазіргі құрал-жабдықпен жарақталған және жоғары сыныптық мамандары бар клиникаларда сапалы медициналық жәрдем алу мүмкіндігі болып табылады. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ең дұрысы міндетті және ерікті медициналық сақтандырудың үйлесімі болып табылады. Мысалы, АҚШ-та «Медикор» жүйесі - егде адамдар үшін, «Медикэйд» жүйесі - кедейлер, жұмыссыздар мен мүгедектер үшін; ГФР-де - сыркатты сақтандыру. Медициналық сақтандырудың шетелдік жүйелері, әдеттегідей, өзін-өзі сақтандыру қағидатында (жұмыс берушілердің, жұмыскерлердің және мемлекеттің негізінен төменгі әкімшілік буынның қатысуы) жұмыс істейді және нысандары мен әдістерінің сан алуандығымен ерекшеленеді. Медициналық сақтық қорғаудың ұжымдық (сапалық), қоғамдық (мемлекеттік) және жеке (жекеше) жүйелері бар. Медициналық сақтандыру қорларына сақтық жарналарын төлеуде жұмыс берушілердің міндетті қатысуы заңнамада қарастырылған. Сақтық қорларын қалыптастыру, қызметтер көрсету сияқты, сақтаушылардың табыстарына, қор мекемесінің мәртебесіне, кейде сақтандырылғандардың жасына қарай сарапанған. Қазақстанда медициналық сақтандыруды ұйымдастырудың белгілі бір тәжірибесі жинақтапған еді, бірақ жүйені басқару сапасының төмендігінен және міндетті медициналық сақтандыру қорының жұмылдырылған қаражаттарын мақсатты және тиімді пайдалануды бақылаудың жеткіліксіздігінен ол беделін жоғалтқан болатын. Қор жойылды, емдеу мекемелері қаржыландырудың басты көздерінің бірінен айырылды, ал ақысыз медицина экономикалық қиыншылықтарға қарай толықтай дерлік ақылыға ауысты.

Көлік құралдарын сақтандыру көлік кұралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктерің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Мұнда құрғақпен, су және әуе жолдарымен тасымалданатын жүктер опат болғанда (зақымданғанда) залалды өтеу көзделеді. Сақтандыру талаптарында “қоймадан қоймаға дейін” деген ескерту болуы мүмкін, бұл ескертуге сәйкес жүк сатушының қоймасынан сатып алушының қоймасына дейін сақтандырылды деп есептеледі. Сақтанушы көлік тасымалына кез келген қатысушы - сатушы немесе сатып алушы болуы мүмкін. Бұл мәселе тараптардың заңды, экономика өзара қатынастарына, өнімді жеткізу талаптарына қарай шешіледі; су жолымен тасымалдау кезінде СИФ , ФОБ , КАФ және сирегірек ФАС мәмілесі қолданылады, т. ж. және автокөлікпен тасымалдауда франко-шекара, франко-вагон, франко-қойма, тағы басқалар қолданылады.

СИФ (ағылшынша SІF - cost, іnsurance, freіgїt - құн, сақтандыру, кірепұл) - талаптары бойынша сатушы жүкті жөнелтілетін жерге жеткізуге, оны тиеуге, кемені жалдауға және кірепұлды төлеуге, жүкті тасымалдау кезінде оны тасымалдаушы сатып алушыға өткізгенге дейін сақтандыруға міндетті. Бұл мәміледе жүк әдетте барлық тәуекел үшін жауапкершілікпен сақтандырылады. Тасымал мен сақтандыру жөніндегі қамқорлықты сатушыға жүктеген сатып алушы кез келген жағдайда не жүкті, не өтемақыны алуға тиіс. СИФ мәмілесі бойынша сақтандыру сомасы сатылған тауардың құнына сәйкес келуге тиіс.

ФОБ (ағылшынша FOB - free on board - бортта азат) талаптарына негізделген мәміледе жүкті өзінің есебінен тасымалдау, оны тасымалдау кезінде сақтандыру міндеті сатып алушыға жүктеледі. Сатушы жүкті бортқа тиеуге міндетті, бұған дейін тәуекел оның өзіне жүктеледі.

ФАС (ағылшынша FAS - free alongsіde shіp - кеме бортының бойында азат) талаптарына негізделген мәміленің заңды мазмұны ФОБ талаптарына ұқсас. ФАС мәмілесінде сатушы тауарды кеме бортына жеткізген уақыттан бастап жүк сатып алушының тәуекеліне көшеді, яғни ФАС мәмілесі бойынша жүктегі сақтандыру мүддесі сатып алушыда ФОБ мәмілесі кезіндегіден ертерек пайда болады.

КАФ (ағылшынша CAF - cost and freіght - құн және кірепұл) мәмілесінде сатушының міндеті - тасымалдау шартты жасау және жүкті бортқа жеткізу. Жүкті тасымалдау кезінде сақтандыру міндеті оның бортқа өтуі сәтінен бастап сатып алушыға жүктеледі.

Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделерне (автомобиль, темір жол, әye немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінapa немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Мүлікті сақтандыру өрттен, апаттардан, ұрлық-қарлықтан, бүлінуден болатын сақтандыру жағдайларына негізделеді. Сақтанушының меншігі болып табылатын мүлік те, оның иелігіндегі, пайдалануындағы және билігіндегі мүлік те сақтандырылуы мүмкін. Мынадай ішкі салаларға бөлінеді: түрлі материалдық құндылықтарды ( құрылысты, көлік құралдарын, өнімді, жүкті, т. б. ) сақтандыру; мүліктік құқықтар мен капиталды (м еншік титулын, инвестцияны, зияткерлік меншікті ) сақтандыру; табысты ықтимал шығасыдан, болжанбаған шығыннан ( өндірістегі үзілістен мәжбүрлі заңды шығыннан, кәсіпкер контрагентінің міндеттемелерді бұзуынан, т. б. ) сақтандыру. Меншік нысандары мен сақтандыру санаттарына қарай: мемлекеттік кәсіпорындардың, кооперативтік және қоғамдық ұйымдардың мүлікті сақтандыруы; жалға берілген мемлекеттік мүлікті сақтандыру; азаматтардың өзіндік меншіктегі мүлікті сақтандыруы, т. б. болып жіктеледі. Біртекті және әртекті нысандарды нақты қа-уіптерден сақтандыру түрлеріне бөлінеді. Әртекті нысандарды сақтандырудың бір түріне біріктірілуін құрамдастырылған сақтандыру дейді.

Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бip адамдардың үмітіне, денсаулығына немесе мүлігіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтантдыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру, соның ішінде жеке сақтандыру түсінігін зерттеу
Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы мен өмірді сақтандыру
Өмірді сақтандыру
Сақтандыру
ЖАЛПЫ САҚТАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайын талдау
Қазақстан Республикасының өмірді сақтандыру компаниялары
Сақтандыру шартының нысаны мен элементтері
Қытай Халық Республикасының сақтандыру дамуының жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz