Күрдістан және күрдтер мәселесі (хіх ғ. 90 ж.– 1917)


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Мемлекеттік-құқықтық пәндер
және халықаралық қатынастар кафедрасы
Қазақстан және шет елдер
тарихы кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: КҮРДІСТАН ЖӘНЕ КҮРДТЕР МӘСЕЛЕСІ (ХІХ Ғ. 90 Ж. - 1917)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 Күрд мәселесінің пайда болуы және дамуы . . . 7
1. 1 Күрдтердің демография, саяси тарихы және әлеуметтік
қатынастарына негізгі мәселелері . . . 7
- ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы күрд мәселесі . . . 15
1. 3 Күрд мәселесінің халықаралық деңгейге шығуы . . . 21
2 1905 - 1911 жылдардағы Күрдістан . . . 26
2. 1 «Азияның оянуы». Ирандық Күрдістандағы түрік интервенциясы . . . 26
2. 2 Түркия және Ирандағы революциялық қозғалыстар уақытындағы
күрдтер (1908 - 1911 жж. ) . . . 33
3 Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы және оның барысындағы күрдтер мәселесі . . . 39
3. 1 Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Осман империясындағы
күрдтер мәселесі . . . 39
3. 2 Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы күрдтер мәселесі . . . 43
3. 3 Бірінші дүниежүзілік соғыс барысындағы күрдтер мәселесі . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 56
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда «күрдтер мәселесі» қазіргі халықаралық қатынастар саясатында, Таяу Шығыс мәселелері ішінде ең өзектіде маңызды мәселелердің бірі олып отыр. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы күрдтер мәселесін зерттеудің бір себебі осы қазіргі күрдтердің басынан кешіп жатқан мәселелерін, қиыншылықтарын анықтау болып табылады.
Қазіргі таңда күрд халқы Түркия, Ирак, Иран, Сирия және тағы да басқа елдерде шоғырланып, өз ұлттық мемлекеттерін құра алмай қиналыс табуда. Олар осы аталған мемлекеттердің құрамында бола тұрып, азшыл ұлт ретінде билеуші режимдерден үстемдік көріп отыр. Әсіресе, Саддам Хусейн тұсында Ирактағы күрдтердің билеуші тарапынан репрессияларға ұшырап отырған. Осындай проблемалардың өзі «Күрд халқының осындай жағдайға қалай тап болған?» - деген сұрақтарға итермелейді. Ал, оның жауабын табу және қазіргі және күрд мәселесін шешудің жолдарын іздеу үшін ең алдымен сол ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы күрд халқының мәселелерін зерттеу қажет. Міне, сондықтан қазіргі тарих ғылымында, тіпті басқа да қоғамдық - саяси, әлеуметтану, халықаралық қатынастар саласындағы ғылыми академиялық қауым өкілдері күрд халқының тарихын зерттеуге ерекше ден қойып отыр.
Сол уақыттардағы күрд халқының жағдайы шиеленіскен уақытта, империалистік ірі державалардың әлемді ірі бөліске салуымен өтті. Осы тұста күрдтер англия, Ресей, Германия, Франция сынды ірі халықаралық субъекттердің оң және теріс ықпалына түсіп, үлкен зиянды әрекеттерге тап болды.
Ал, олардың Осман империяся мен ирандық шах үкіметінің үстемдігінде болуы жағдайды одан ары шиеленістіре түскен. Мұнда олар үкіметтің үстемдігінен зорлық көріп, ұлт - азаттық қозғалысқа шығуға мәжбүр болған. Міне, сол қозғалыстар әлі күнге дейін тоқтататылмай келеді. Сондықтан, осы тақырыпты зерттеу тарих ғылымындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы күрдтер мәселесін зерттеуге бірнеше ғалымдар өз үлестерін қосқан. Солардың ішіндегі ең негізгілеріне тоқталсақ.
В. Никитиннің «Курды» [38] еңбегі көптеген күрд мәселесін зерттеуші ғалымдардың назарын өздеріне аудартып отыр. Автор көптеген мұрағаттық құжаттар негізінде күрд халқының жалпы тарихына көңіл бөледі. В. Никитин күрдтердің тағдырын қынжыла жаза отыра, олардың көптеген батыстық державалардың «қуыршағына» айналып, алдауға түскенін көптеген бай фактілермен көрсеткен.
Күрд халқының тарихын жан - жақты зерттеуге алған ғалымдардың бірі М. С. Лазарев. Ол «Империализм и курдский вопрос (1905-1917 гг. ) » [33] атты ғылыми жұмысында 1905-1917 жылдардағы империализмнің күрд мәселесіне ықпалына жан - жақты талдау жасайды. Англия мен Францияны қатты сынай отырып, ғалым олардың Түркиялық мен Ирандық Күрдістандағы күрдтерді үгіттеп, өз жағына шығарып, аталмыш елдерде астыртын саясат жүргізгендігіне тоқталған. Бұл жұмыс кеңестік заманда жарық көрседе, зерттеудің шынайы жазылғандығын байқауға болады. М. С. Лазаревтің бұдан да басқа еңбектері бар, алайда олармен танысудың мүмкіндігі болмады.
Ал, Н. А. Сотавовтың «Северный Кавказ в русско-иранских и русско-турецких взаимоотношениях в ХIХ в. » [47] жұмысы Ресей империясының күрд және анти армяндық мәселелерін шешудегі рөлін көрсетеді. Мұнда ғалым бірнеше батыстық империалистік мемлекеттердің, әсіресе, Англия мен Германияның, сондай - ақ, Францияның Ресей империясының Кавказ аймағында жүргізуге тырысқан саясатына жасаған кедергілерін де көрсеткен.
Түркиялық мен Ирандық Күрдістандағы күрдтердің ұлт - азаттық қозғалыстары туралы келесі авторлар өз зерттеулерін арнаған:
Мгои Ш. Х. «Курдский национальный вопрос в Ираке в новое время» [34], Киняпина Н. С. [27 - 30] ұжымдық авторлврдың мақалалары «Курдское движение в новое и новейшее время» [33] .
Ш. Х. Мгои «Курдский национальный вопрос в новое время» атты еңбегінде орта ғасырлардан бері келе жатқан күрд халқының ұлт - азаттық қозғалысына тоқталған. Мұнда күрд тайпаларының көсем, шейхтарының ерекше белсенділігі көрсетіліп, жалпы феодалдық жоғарғы үстем етушілерінің рөлі көтермеленген.
Н. С. Киняпина белгілі кеңестік ғалым. Ол негізінен Ресей империсының ХІХ ғасырдағы сыртқы саяси мәселелерін зерттеумен айналысады. Негізгі сферасы - Шығыс елдері. Ғалым көптеген еңбектерінде (әдебиеттер тізімінде көрсетілген) күрд халқының ұлт - азаттық қозғалысына тоқталған, алайда ол Ресей империясын басқа Батыстық елдерден жоғары қойып, олардың әрекетін Ресейден сорақы деп айыптайды. Жалпы оның еңбегі қолдауға тұрарлық.
Жұмыстың мақсаты. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы күрд халқының мәселелерін аймақтық және халықаралық деңгейде көрсету. Аталған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылды:
- Күрдтердің демография, саяси тарихы және әлеуметтік қатынастарына қатысты негізгі мәселелерін ашып көрсету; ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы күрд мәселесінің халықаралық деңгейге шығуына жан - жақты талдау жасау; Ирандық Күрдістандағы түрік интервенциясының жүзеге асу барысын көрсету; Түркия және Ирандағы революциялық қозғалыстар уақытындағы
Күрдтердің жағдайына тоқталу (1908 - 1911 жж. ) ;
- Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Осман империясы мен ирандық күрдтер мәселесінің даму деңгейін көрсету;
Бірінші дүниежүзілік соғыс барысындағы күрдтер мәселесіне талдау жасау.
Жұмыстың әдістемелік негізі. Тақырыпты қарастыру барысында нақты тарихи, тарихи - салыстырмалық, талдау, өткенге шолу (ретроспективті) және жүйелеу әдістері қолданылды.
Жұмыстың нысаны және мерзімдік шеңбері . Жұмыстың нысаны - ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы күрд халқы. Ал, жұмыстың мерзімі - ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басын, яғни 1890 - 1918 жылдар аралығын қамтиды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы . Жұмыс күрд халқының жалпы ұлт - азаттық қозғалыстары мен олардың шет елдік басқыншылар мен үстем етуші үкіметке күресін арналған, сондықтан бұл жұмысты алғашқы жинақталған, жүйеленген жұмыстардың қатарына жатқызуға болады.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы . Жұмыс күрд халқының жалпы ұлт - азаттық қозғалыстары мен олардың шет елдік басқыншылар мен үстем етуші үкіметке күресін арналған, сондықтан бұл жұмыстың материалдарын тарих пәндерінде арнайы курстар жүргізуде пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
1 Күрд мәселесінің пайда болуы және дамуы
1. 1 Күрдтердің демография, саяси тарихы және әлеуметтік
қатынастарына негізгі мәселелері
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында курдтер шығыста Хамадан - Урмия линияларынан батыста Биреджин - Малатья - Эрзинджанға дейін, ал оңтүстікте Ханекин - Киркун - Мосул - Халеб (Алеппо) линияларынан солтүстікте Джульфа - Карс - Эрзрумға дейінгі орасан зор территорияны мекен еткен. Бұл территория мерианды бағытта - шамамен 1 мың шақырымды құраса, ел ендік бойлықта - 300 ден 500 шақырымға дейін болған; оның жалпы ауданы 400 мың шаршы шақырымды құрады (бұл аудан Англияны, Ирландияны, Бельгияны, Голландияны және Данияны бірге қосқандағы территорияларының көлемін құрап отыр) [45, 230 б. ] .
Аталмыш ауданда өте көп күрдтер халқы орналасып, оларды орналасқан жерлерін шартты түрде әдебиеттерде Күрдістан деп атады. Сонымен қатар, күрдтердің жекеленген топтары Күрдістанның батысқа және шығысқа қарай бөліктерінде мекен еткен. Яғни, Түркияның Коньи, ал Транда - Хорасан аудандарын мекендеген. Жалпы алғанда күрдтер Таяу Шығыстың барлық аймағын қамтып жатыр. Олар тек, Түркия, Иранды ғана емес, сонымен қатар, қазіргі Иран, Сирия және басқа да таяу шығыстың елдерді қамтып алған. Әрине, олар бұл елдерде жергілікті халықпен салыстыра қарағанда азшылықты құрайды.
Әлі күнге дейін географиялық және басқа да, ылыми әдебиеттерде «Күрдістан» ұғымына нақты анықтамалар берілмей отыр. Бұған негізгі себеп ретінде көптеген ғалымдардың пікірінше, Түркияның шығыс, Иранның батыс және Солтүстік Ирактағы көптеген аудандардағы күрдтердің жергілікті халықтан басым еместігі болып отыр, яғни мүлдем азшылықты құрайды. Ал, кейбір аудандарда басым түсіп жататыны да байқалады.
Сондықтан, «Күрдістан» ұғымына қандай жерлер кіретіндігі, ал, Түркияға немесе Батыс Арменияға, Иранға, Азербайджанға немесе арабтық Иракқа қандай жерлер жататындығы әрқашанда даулы мәселе болып келген. Негізінен революцияға дейінгі ғылыми әдебиеттерде Ван көлінен солтүстікке және солтүстік - батысқа қарайғы территориялар үнемі «Түріктік Армения» немесе «армениялық вилайеттер» деп аталып, ал, аталмыш көлден оңтүстікке қарай - «Күрдістан» (яғни, Түркиялық, Ирандық Күрдістан) деп аталған [25, 152 б. ] .
Бұл қарастырылып отырған жұмыста біз «Күрдістан» ұғымын ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Осман империясы (соның ішінде Ван көлінің солтүстік бөлігінде қостық) мен Иранда мекен еткен күрдтер халқына қатысты қолданамыз.
Кірдістан - таулармен бөлшек - бөлшек орналасқан ел. Мұнда Күрд тауларымен қатар, Ішкі және Шығыс Тавр « немесе Армяндық) таулары бар. Олардың территориясын Ефрат пен Тигр өзендері, сондай - ақ, Таяу Шығыстағы ірі көлдер - Ван мен Урмияның сулары қамтыған. Күрдістанның жері пайдалы қазбаларға өте бай, әсіресе мұнай. Алайда, ол уақыттары олар зерттелмеген. Ал, Күрдістанның жазық жерлері егіншілікке, таулы аймақтары альпілік өсімдіктерге бай болып келіп мал шаруашылығына өте тиімді болып отыр.
ХVI ғасырдың басында Күрдістан Осман империясы мен Иран арасында бөліске салынған. Ал, ХІХ ғасырдағы орыс - түрік соғыстары нәтижесінде күрдістердің біршама бөлігі Түркияның - Эрзурумдық, Вандық, Битлисстін, Харпуттық (Мамурет - уль - Азиздін), Диарбекирдік, Халебтік және Мосульдық вилайеттерінде; Иранның - Соудж - булак, Урмия губернаторлықтары мен Макиндік хандықта және Ресейдің - Эриван губерниясы мен Карсск облыстарында орналасты.
Күрд халқының саны жөніндегі мәселе күрделі де, әлі шешімін таппаған мәселе болып отыр. Бұл былай алып қарағанда жай статистикалық проблема болып көрінгенімен, Күрдістанның көпұлтты жағдайында оның саяси астары да бар. Иранның әсіресе, Түркияның ресми органдары әрқашанда күрдтердің және басқа да азшыл ұлттардың санын әдейі азайтып көрсетіп отырған. Дәл осындай саясатты армяндық ұлтшылдар мен Ресейдегі армянофильдік топтар да ұстанды. Ал, өз кезегінде күрдтік саяси қайраткерлер. Күрдістан тәуелсіз мемлекет болып құрылу идеясын ұстанып, күрдтердің санын көбейтуге тырысқан.
Күрдтердің ең аз санын Элизе Реклю береді - 1, 8 миллион адам. Оның 1, 3 миллионы - Азияттық Түркияда, 0, 5 миллионы - Иранда орналасқан. Бұл, әрине танымал географтың қателігі еді. Бұл қателікті француздық публицист Виктор Берар да қайталаған (Түркияда - 1, 5 млн. Күрдтер, ал Иранда - 600-700 мың күрдтер деп) . Негізінде сол уақыттары күрдтер көп болған. Ресейлік полковник А. Карцев Түркия мен Ирандағы ХІХ ғасырдың 90- жылдардағы күрдтердің санын - 2, 5-3 млн-ға апарады. П. И. Аверьянов бойынша бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Түркияда - 1 млн. 740 мың күрд тұрған, оның ішіндегі сунниттері - 1475 мың, қызылбашылары (али - илахтар) - 200 мың, езидтер - 40 мың және шииттер - 25 мың [47, 510 б. ] . Бұл сандарды шындыққа жанасады деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, соғыстан кейін Ұлттар Лигасының комиссиясы күрдтердің санын 3 млн. (1, 5 млн-ны Түркияда, 700 мыңы Иранда, 500 мыңы Иракта, 300 мыңы Сирия мен басқа елдерде) деп көрсеткен. Алайда, бұл сандарда азайтылып көрсетілуі мүмкін. Өйткені, жүздеген мың күрдтер дүниежүзілік соғыс барысында қаза тапқан. Яғни, бұған дейін олардың саны 3 млн-нан да астам болуы мүмкін. Сондықтан, соғыс уақытындағы халықтың минимальды табиғи өсімін ескере отырып, соғысқа дейінгі күрд халқының санын - 4 млн-нан кем емес деп көрсетуге болады. Бұл санға көптеген адамдарда тоқталып отыр. Атап айтқанда француздық консул (Ванадағы) Зарзецкийдің көрсетуінше - Түркияда - 3 млн, Иранда 700 мың және Ресейде - 300 мың. Ал, қазіргі уақытта шамамен 10-12 миллион күрдке жетіп қалды.
Сандардағы бұл сәйкессіздіктерге тек, саналы түрдегі арттыру немесе азайтуды жатқызбаймыз. Осман империясы мен Иранда халықтарының санағы фискальды мақсатта жүргізілген. Сондықтан халықтардың басым көпшілігі санақтан қашып немесе жалған мәліметтер берген. Отырықшы күрдтер - райялар, түрік шенеунектердің алым - салықтары мен ұлттық шеттетілушілікке жол бермес үшін өздерін түріктер қатарына қосып отырған. Ал, көшпелі күрдтер - аширеттер, санаққа ілінді деу қиын. Өйткені, олар үнемі мемлекеттік шекараны елемей саяси және экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты көшіп - қонып жүрген. Сонымен қатар, Күрдістанда жетуге қиын соғатын күрделі аудандарда болды. Әсіресе, Хакяри, Тавр таулы аймағы, Дерсим және т. б. Олардың орталық үкіметке бағыныштылығы номинальды болған еді. Егер, түрік шенеуніктері батылы жетіп осы аймақтарға бара қалған күннің өзінде де тек, әскери экспедициясының қолдауымен барған.
Осман империясы мен каджарлық Ирандағы күрдтердің ұлттық құрамының мәселесі де аз зерттелген. Аверьяновтың көрсетуінше күрд - сунниттер Түріктік Арменияның жартысына жуығын құрайды, Ванда - 46%, Битлисте - 55% және Мосульдық вилайетте - 64%. Дерсим Харпут вилайетінің халқын толығымен күрд - қызыл-балылар құраған; күрд - езидтер Ван вилайетінде күрдтер - 15%-ды құраған. Ал, Ирандық күрдістан болса негізінен күрдтерден құралды.
Сөйтіп, Шығыс Анатолияда (оның қара теңіздік аудандарын қоспағанда), Солтүстік Иракта және Солтүстік - Батыс Иранда ХХ ғасырдың басына қарай күрдтер басымшылық санды көрсеткен.
Күрдістанда басқа ірі ұлттық азшылықтарды армяндар (1млн-нан астам), азербайджандықтар, ассириялықтар (150 мыңнан астам) құрастырған болатын.
Күрдтердің ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы дұрыс зерттелмеген. Күрдтер жайындағы кездейсоқ деректер ассириялық ескерткіштерде, бірақ ең шынайы мәліметтер ксенофонтың (б. э. д. V-IVғғ. ) «Анабасисінде» кездеседі. Парсылардың Аршакидтер кезеңінде (б. э. д. ІІІғ. -б. э. ІІІғ. ), Сасанидтер тұсында (ІІІ-VІІғғ. ), Омейядтармен Аббасидтер халифаты уақытында (VІІ-ХІғғ. ), селжұқтар кезінде (ХІ-ХІІІғғ. ) күрдтер әр түрлі тайпалардан құралған орасан империялар құрамына кірген. ХІІ ғасырдың ортасында моңғолдардың шапқыншылығы салдарынан тек, Бағдат халифаты зардап шегіп қоймай, күрдтердің жағдайы да мүшкіл тартқан. Яғни, олар жазық жерден таулы аймаққа өмірлерін аман сақтау мақсатында ығысуға мәжбүр болған. Күрдістан халқының бұдан кейінгі екі жарым жүзжылдықтағы жағдайы мәз болмаған. Оның территориясы бұл уақыттары Хулагидтердің, Тимуридтердің, Қара - Коюнлудың және Ак - Коюнмудың мемлекеттердің құрамына еніп, үздіксіз соғыстар мен шапқыншылықтардың аренасына айналған.
ХVІ ғасырдың күрдтер тарихындағы ең күрделі уақыт болып табылады. 1514 жылы түрік сұлтаны І Селим Явуз Чалдыран жерінде Ирандық шах Исмаил Сефевидтің әскерін күйретеді. Нәтижесінде Батыс, Оңтүстік және Орталық Күрдістан Осман империясына кіріп, ал Шығысы - Ирандың билігінде қалады. Алайда, екі ірі орталықтанған империялар көптеген бір - бірімен соғысқан феодалдық князьдықтардың орнына келсе де, олар күрд халқына тыныштық әкеле алмады. Керісінше, келесі үш жүз жылда Күрдістан тағы да шайқас алаңына айналған. Өйткені, күрдтер мекендеген жерлер стратегиялық маңызды болды, оны Кавказ таулары, Қара, Жерорта, Каспий теңіздері және Парсы шығанағы қоршап жатты. Екі империя діни ерекшеліктерін сылтау ретінде қолданды: түріктер - сунниттік держава болса, ал Иран шииттік болған. Екі ел арасындағы бейбіт келісім - шарт тек, 1823 жылы Эрзурумда жасалып, шекаралары бекітілген.
Осының барлығы, яғни үздіксіз соғыстар әрине, күрд халқының экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени дамуына ерекше кедергілер келтірген. Сондай - ақ, олардың біртұтас халық болып, күрд мемлекеттігінің қалыптасуына да кері әсерін тигізді. Өздері мекендеген территорияларда екі жарым мың жылдай тұрып келген күрдтер ХІХ ғасырдың басына қарай осы аумақтарда мекен еткен халықтармен (түріктер, арабтар, ирандықтар, азербайджандықтар және т. б. ) салыстырғанда әлдеқайда арттақалған. Мұнымен қатар, ХІХ ғасырдың ағымында күрдтердің тағдыры тағыда үлкен сынға ұшырады. Еуропалық отар елдер аймақтағы ірі феодалдық империялардың (Түркия және Иран) әлсіреуін пайдаланып, жерлерін бөліске салуды ойластырды.
Бастапқыда түрік үкіметі шығыс шекараларын ирандықтардан қорғау мақсатында күрдтерден «казачество» сияқты әскери қорғаныс күштерін құруды ойластырды. ХVІ ғасырда Эрзурумды, Эриванды және Карсаны мекен еткен күрдтер шекараны қорғау қызметіне қатысқаны үшін алым - салықтардан юосатылатын болған.
Алайда, бұл жоспар жүзеге аспады. ХVІІ - ХVІІІ ғасырлардағы Түркияның саяси және әскери әлсіреуі, оның шеткері аймақтарындағы сепаратистік тенденциялардың дамуына әкелген. Мұндай үрдіс ирандықтарда байқалды. Күрдтер үздіксіз соғыстар барысында қай жақ жеңіске шықса, сол жеңіскерді қолдап, «тербеліс» саясатын ұстанды. Міне, күрдтер осы жағдайда сепаратизмді де дамытқан.
Осындай жағдайда, тіпті екі империяның деспотизміне қарамастан, әсіресе, Шығыс Анатолия мен Солтүстік Ирактың күрдтері жеке иеліктерін де құра алған. Мәселен, мұнда көптеген тәуелсіз князьдықтар пайда болды: Равандуз, Бохтан, мұрагерлік - күрдтік Баязит патшалығы, езидтік эмират, бейлік иеліктер.
Сөйтіп, ХІХ ғасырдың басына қарай Күрдістан феодалдық жекеленушіктен тұрып, көптеген күрдтік хандары, эмирлері, шейхтері және бектерінің өздері бір - бірімен жауласып отырған. Кейде олар түрік немесе иран үкіметтеріне де қарсы шыққан болатын.
ХІХ ғасырда Күрдістандағы ішкі саяси жағдай күрд өзгеріп, күрдтер күштерге ие бола бастады. ХІХ ғасырдың соңғы отыз жылдығының аяғында орыс - түрік соғысының нәтижесінде Ресей империясының шекарасы Күрдістанға жақындады. Түріктердің Кавказ және басқада майдандарда жеңілуі нәтижесінде, Осман империясының ыдырауы мен еуропалық елдерге тәуелділігінің арта бастауына байланысты түріктік Күрдістанда орталық биліктің беделі түсіп, ірі күрдтік феодалдар (Ахалцихтік Селим - паша, Баязидтік - Балюль - паша және т. б. ) түріктерге қарсы шығып, шамамен бүкіл Шығыс Анатолия жергілікті күрд феодалдарының қарамағында қалды. Күрдтер үнемі орыс әскерлері мен байланысты ұстап отырған. Алайда, Ресей Күрдістанның ішкі жағдайынан хабарсыз болып, оларға әскери көмекті үнемі бас тартумен шектеліп отырған.
ХІХ ғасырдың аяғына дейін күрдтердің жекелеген иеліктері үнемі көтерілістерге шығып, өз біртұтас мемлекетін құруға тырысты. Алайда, олардың ұйымдаспаған сипаты нәтижесінде күрдтердің бұл идеясы үнемі ақсаңдап қалып отырды. Бұл ретте ағылшындарда өз мүдделерін көздеп күрдтерге қаржылай көмек беріп, кейбір беделділерін өзіне шығарып, сатып алып отырған. Негізінен сол уақыттары Күрдістан Ресей, Англия, Түркия және Иранның мүдделері түйіскен жерге айналды.
Ал, енді күрдтердің әлеуметтік құрылысына тоқталсақ, олар ертеден рулық - тайпалық құрылымды ұстанып келе жатқан халық. Барлық күрдтер тайпалық бірлестіктерге, тайпаларға және руларға бөлінді. Ең ірі бірлестіктеріне хайдеранлилер (зилян, сипки, джибран, милян, зиркап, адамам және т. б. тайпалары) - олар Солтүстік - Батыс Күрдістанда; шеккан - түрік - ирандық шекара аймағында, Салмаса маңында мекендеген; хакарийлік топ (орамар, шемдинан, джелу, барзан, бахдикан, бохтан, джелали және т. б. ) - Ван көлінен оңтүстікке қарай Үлкен Заб өзеніне дейінгі жазық даланы; мукри - Соуджбулак ауданында; джаф - Ирактағы Диял мен Абе - Сирван өзендері маңында мекендеген.
Күрд тайпаларының қарастырылып отырған уақыттағы әлеуметтік - экономикалық құрылысы көшпелі феодалихмге негізделген. Экономикасы негізінен көшпелі мал шаруашылығына, яғни қой малын өсірумен тығыз байланысты болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz