М. Сералиннің шығармашылығы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: М. Сералиннің шығармашылығы
Орындаған: Отарбаева М. Н.
Тексерген: Жүндібаева А. Қ.
2015 жыл
Жоспар:
І. Кіріспе
1. Өміріне қысқаша шолу.
ІІ. Негізгі бөлім
- М. Сералиннің қоғамдық істермен айналысуы.
- М. Сералиннің журналистік қызметінің І кезеңі.
- М. Сералиннің журналистік қызметінің ІІ кезеңі.
- М. Сералиннің шығармалары.
- М. Сералиннің «Айқаптың» оқырмандарына жазған хаты.
- М. Сералиннің шығармашылығы туралы пікірлер.
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Мұхамеджан Сералин (1872-1929) - жазушы, ақын, публицист, журналист.
Қостанай облысы Қарабалық ауданының Өрнек ауылында дүниеге келген. Троицкідегі медреседе оқып, Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген. 1911-1915 жылдары Троицкіде «Айқап» журналын шығарды.
М. Сералиннің қоғамдық қызметтерінің хронологиясы:
1. 1919-1920 жылдары - «Ұшқын» газетінің қызметкері.
2. 1921-1922 жылдары - Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару комитетінің төрағасы.
3. 1922-1923 жылдары - Қостанай губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары.
4. 1923-1926 жылдары - «Ауыл» газетінің редакторы қызметтерін атқарған.
Журналистік қызметі, ағартушылық бағытта сіңірген еңбектері.
М. Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді. 1- кезеңіне «Айқап» журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жатады. 2 кезең 1918-1928 жылдар аралығын қамтиды, бұл кезеңде «Ұшқын», «Еңбекші қазақ», «Ауыл» газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды.
Мұхамеджан Сералиннің қоғамдық қызметі 1911 жылы Троицкіде шыққан демократтық бағыттағы «Айқап» журналымен тығыз байланысты. «Айқап» журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911жылдың қаңтарында жарық көрді. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пай жинай жүріп шығарды. Біраз уақыттан соң журнал өз қаржысымен шыға бастады, оған жәрдемдесушілер де табылды. Дегенмен қаржының тапшылығынан ол алғашқы жылы айына бір реттен, кейде шағын көлемді болып жарық көрді. Жәрдемдесушілер көбейіп және өзі қаржығы ие болғаннан кейін, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен, 12-14 бет көлемде шықты. Профессор Қ. Бекхожиннің дәлелдеуінше «Айқаптың» тиражы 1000 дана болған. Жалпы журналдың бес жыл ішінде 89 саны жарық көрген. «Айқаптың» «Өлең-жыр», «Фельетон», «Хабаршыларымыздан», «Ашық хат», «Басқармадан жауап» деп аталған тұрақты айдарларының болуы оның жұмысындағы ұқыптылықты, жүйелілікті танытады. Журналдың жоғарыдағы айдарлар бойынша жарияланған материалдардан айқын аңғаруға болады. «Айқап» журналында сол заманның маңызды деген мәселелері талқыланды. «Айқап» өз кезі үшін үздік журнал болды. Оның әр санын жұрт асыға күтті. Оған Қазақстанның барлық обылысынан және Астрахань губерниясына қосылған Бөкей ордасы мен Кавказ округына қарайтын Маңғыстау, Атырау, Оралдан үзбей хат келіп тұрды. Әсіресе Ақтөбеден Қостанайдан, Семейден және тағы басқа жерлерден келген мақалалар жие жарияланды.
«Айқап» мемлекеттік думаларға, дума сайлауларына байланысты мақалалар жариялады. Қазақтарға да сайлау құқығын берілуін, Думаға қазақтан да депутаттар сайлануын, онда халқымыздың көкейкесті мәселелерінің қаралып шешімін табуын талап етті.
«Айқап» журналының редакторы болған М. Сералин журналдың 1912 жылғы үшінші санындағы «Юбилей» туралы атты мақалада Романов тұқымдарының патшалық құрғандарына 300 жыл толу мерекесіне қатысатын қазақ өкілдеріне мынадай тапсырма жүктейді:
1. Қазақстаннан Думаға депутат сайланатын болсын;
2. Қазақ жеріне енді шеттен көшпенділер келтіру тоқтатылсын;
3. Қазақ, орыс орналасқаннан қалған жер қазақ пайдасына берілсін;
4. Мал шаруашылығын жаңаша өркендетуге орыс пен қатар қазаққа да учаске болсын;
5. Қазақстандағы қазынадан сатылатын жерлерді орыспен қатар қазақтың да сатып алуына рұқсат етілсін;
6. Дін туралы, мектеп, медресе ашу туралы, халық сотын өзгерту туралы сұралсын.
Осындай мәселелерді көтере білген Мұхамеджан Сералин қиындықтарға қарамастан, 1915 жылға дейін журналдың шығуын қамтамасыз етеді. Мұхамеджан Сералин патша отарлау саясатының түпкі мақсатын дәл тани біліп, оны жұртқа дұрыс түсіндіруде де білгірлік танытты. Мәселен, оның мына пікіріне құлақ түрелік «Соңғы он жыл ішінде үкімет . . . қырғыз-қазақтардың отырықшы қылып өнер үйретейін, өнерге алғызайын, салдырлап көшіп азап шеккенше отырықшы болып жан тыныштық қылсын деп емес, отырықшы болып 12-15 десятина жер алып, ала алмағандардың жерін кесіп алмақ». [2. 99б] Дәл бұлай батыл пікір айту тек Сералин тәрізді саналы, ержүрек жанның ғана қолынан келмек. М. Сералиннің «Отырықшы болған қазақтар туралы» деген мақаласында «Жаңа болыстық соттардың қазақы дау-жанжалдарды шешуге икемсіз болып отырғанын мысалдармен ділелдеп, болыстық сот құны 300 сомнан артық мал дауын тексере алмайды. Қазақ арасындағы жесір дауларының құны көбіне 300 сомнан асып кететіндіктен дау-дамай қалай шешіледі» деп жұртқа сұрақ қояды да ол үшін «Қазақ әдеттері» деген кітап шығару қажет дегенді айтады. «Айқап» журналында Мұхамеджан Сералин алдымен қолға алған, көп жазған негізгі, маңызды мәселесі - жер мәселесі, отырықшы болу, егін кәсібімен айналасу поселка, қала салу мәселелері болды. Бұл мәселелер жөнінде Мұхамеджан Сералин өзінің «Жер мәселесі», «Ескі жыр», «Қазақ халқының мұқтаждығы» деген мақалалар жазып оны журнал беттерінде жариялайды. Мұхамеджан Сералин тек журнал шығарып қана қоймай ел арасындағы ағарту мәселесіне де көніл бөледі. Мұхамеджан Сералин өзінің туған ауылында кітапхана мен мектеп ашады.
М. Сералиннің бастамасымен №5 ауылда Шұбар болысында 1917 жылы ауыл құрылып, суырып салма ақын Сералының құрметіне «Сералы ауылы» деп аталады. Бұл ауылда 30 үй болған. Егіншілікпен айналысып, қала типті тұрғын үйлер ғимараттарының құрылысы бой көтерген. Жетімдер мен кедей балаларына қамқорлық көрсеткен. Мектепте кешке ересектер арасындағы сауатсыздықты жою мақсатында курстар құрып, жастар күшімен көркемөнерпаздар үйірмесі ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына тегін спектакльдер қойылған. Пьеса авторы көбінесе Мұхамеджан Сералиннің өзі болған. Спектакльдерде феодалдық көріністер сыналып, білім, ғылым мадақталып, табиғи байлықтар мен жануарлар әлемін сақтауға көңіл бөлінеді. Мұхамеджан Сералин «Айқап» журналы жабылғанға дейін журнал беттерінде өз заманының өткір мәселелерінің бірі ағарту, өнер, ғылым, мәдениет, тіл әдебиет мәселелеріне байланысты «Біздің жастарымыз», «Шәкірттер халінен» деген мақаларын жазады. 1915 жылы тамыз айында «Айқап» журналы тоқталғанда «Басқармадан» деген мақала жазып, Мұхамеджан Сералин журнал жұмысының барлық нәтижесін атқарған жұмыстарын қорытқан. 1915 жылы «Айқап» журналы жабылғасын Мұхамеджан Сералин Троицкіде біраз уақыт орыс тілінде шығып тұратын «Степь» газетінің редакциясында қызмет істейді. 1916 жылы өз ауылына көшіп 1919 жылдың басына дейін сонда тұрады. Мұхамеджан Сералин 1919 жылдың басында Орынбор қаласына барып алғаш рет кеңес өкіметінің қызметіне кіреді. Сонда губерниялық жер-су бөлімінде істейді. Сонымен бірге Орынбор қазақ өлкесін басқаратын соғыс-төңкеріс комитетінің қазақ тілінде тұңғыш рет шыққан «Ұшқын» газеті редакциясының алқа мүшесі болып істейді. 1920жылдың аяғында өз еліне қайтады.
1920-1921 жылдары М. Сералин Шұбар болыстық атқару комитетінің төрағасы және партия ұйымының хатшысы болған.
1922 жылы Қостанай өз алдына губерния болып құрылды. Осы жылы Мұхамеджан Сералин губерниялық қызметке шақырылды онда әуелі губерниялық, жер бөлімінің бастығы, әрі губерния атқару комитетінің төрағасының орынбасары болып сайланады. 1923 жылы қыркүйекте Қостанай губерниялық партия кеңес комитеттерінің тілі болып «Ауыл» газетін шығарады. 1924 жылы қаңтарда Кеңестердің Бүкіл Ресейлік II сьезіне делегет болып сайланды. 1926 жылға дейін газеттің редакторы болды. 1928 жылы Қазақстан Орталық Атқару Комитетініне мүшелікке өтеді. Осы жұмыста жүріп қаны тасу кеселімен ауырып 1929 жылдың жазында дүние салады.
Шығармалары
1900 жылы алғашқы жарияланған «Топжарған» поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада ХІХ ғасырдың 30-40- жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген. 1909 жылы жарық көрген «Гүлқашима» поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. М. Сералин Ы. Алтынсариннің ағартушылық-демократиялық идеяларын қолдады. Ол Фердоуси «Шаһнамасының» «Рүстем - Зораб» бөлімін В. Жуковский нұсқасынан, сондай-ақ А. Сорокиннің «Жусан» повесін қазақ тіліне аударған.
«Айқап» журналының оқырмандарына жазған хаты :
Құрметті оқушылар! Алдыңызға үшбу журналымды саламын, кішкене екен деп қоңыраймаңыздар!
Газет һәм журнал халық үшін екендігіне шек айту жоқ. Халықтың қай дәрежеде алға кеткендігі - халық арасында таралған газет-журнал һәм кітаптардан білінеді. Заман ғылым заманы болған соң әрбір жұрт қатарынан кейін қалмас үшін ақша аямай кітап-газет, һәм журнал бастырып халыққа таратудың әждәһатында. Соңғы замандарда біздің халық жұртында аз-маз тіршілік көрсетіп газет шығара беруді қолға алып қараса да не себепті іске ұқсатып шығара алмайды. 1907 ж. Мемлекеттік думаның жиынымен Шәһмардан Қошығұлов «Серке» есімді журнал шығара бастап еді. Ұзаққа бармай, үкімет тарапынан тоқтатылды.
Сол жылы Троицкіде Есмағамбет Айманбаев «Киргизская газета» есімді орысша-қазақша бір газет шығармақ болып алғашқы нөмірді шығарды да тоқтатты. Келер жылы Орынборда Ысмағұл Иманшалов бас болып, елдің бірқатар жақсыларының басын қосып газет шығару хақында кеңесіп еді. Баяғы қазақтың ынтымақсыздығы себеп болып, ыдырап кетті.
Мен тағы талап етіп, осы кішкене журналды шығармақ үшін халқыма жармастым. Жұртқа атақ шығарып білім сату үшін емес, бәлкі дәулет иесі ағалар мұны көрген соң, ойға қалмас па екен деген ниетпен. Қолда пұл жоқ. Жұрт болып жұртшылық етіп, бұл журналға көбірек қыридарлық етпесе, әлбетте бұл журнал да қазақтың дүниеге шығара алмаған ісінің бесіншісі болар да қалар. Қазіргі үміт халықта.
Бұл журнал айында бір мәрте шықпақшы, программасы мынау болмақ.
1. Сыртқы хабарлар.
2. Мұсылмандар тіршілігінен мысалдар, уақиғалар.
3. Фельетон.
4. Кітаптар хақында һәм ғылым баптан кеңестер.
5. Басқарушыға келген хаттар һәм одан-бұдан.
Журналға «Айқап» деп есім бердік. Бұл сөзге түсінген де бар, түсінбеген де табылар.
Біздің қазақтың «Әй, қап» демейтұғын қай ісі бар?! Газет шығармақшы болдық, қолымыздан келмеді. Пұлы барларымыз ынтымақтаса алмадық. Пұлы барларымыз ынтымақтассақ та, ақшасыз істің жөні табылмады. «Қап, пұлдың жоқтығы, қолдың қысқалығы-ай» дедік. Жақсы жерлерімізді қолда сақтар үшін қала салмақ болдық. Басымыз қосылмады. Қолайлы жерлер қолдан кетті. «Қап» ынтымақсыздығымыз-ай дедік.
Болыс, би, ауылнай боламыз деп таластық, қырылыстық. Жеңілгеніміз жеңген жағымызға, «ендігі саулайда көрерміз, қап, бәлем-ай» дедік. Осындай біздің қазақтың бірнеше жерде «қап» деп қапы қалған істері көп. «Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз өкінішімізге лайық «Айқап» болды.
Журналды бастыруға жіберілген сөздер қазақша, ноғайша, орысша һәм түрікше болса да қабыл алынады.
Басқарушы, бастырушы М. Сералин. «Айқап» журналы, 1911 жыл. 1-ші нөмір.
М. Сералиннің шығармашылығы туралы зерттеулер мен пікірлер.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде қоғамдық ғылымдар маркстік-лениндік методология мен партиялық принциптердің үстемдігінен арылып, өркениеттілік ұстанымдарға негізделген методологияның арнасына түсті. Соған орай ХХ ғасыр басындағы ұлттық саяси элита өкілдерінің өмір жолы мен қызметіне қатысты объективті пікірлер айтылып, тұжырымдар жасала бастады. М. Сералиннің мұрасы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты зерттеулер жүргізудің қарқыны арта түсті. Белгілі әдебиетші-ғалымдар Ү. Субханбердина мен С. Дәуітовтың құрастыруымен «Айқап» журналына еңген мақалалардың жинағы жарық көрді. Осы жинақта «Айқап» журналының редакторы М. Сералинге қатысты объективті пікірлер білдірілді. Заңгер-ғалым Қ. Ыдырысовта М. Сералиннің шығармалар жинағын құрастыру бағытында жұмыстар жүргізіп, 2002 жылы М. Сералиннің мақалалары мен публицистикалық шығармалары, поэмалары мен аудармалары енген кітапты жарыққа шығарды. Осы жинаққа «Ұлт тарихындағы ұмытылмас есім» деген тақырыпта алғы сөз жазған Қ. З. Ыдырысов мынадай орындағы пікір білдіреді: «Еліміз тәуелсіздік алып, ұлтын егемендікке жеткізу жолында құрбандыққа болса да, ар жолынан таймай беделін биік, абыройын жоғары ұстап, халыққа қызмет етудің үлгісін көрсеткен әрбір Алаш азаматы өмірінің мемлекетіміз үшін қайталанбас құндылық болып табылатынын түсіну, М. Сералин шығармашылығын зерделеуге жете мән беруімізді талап етеді».
Белгілі әдебиетші-ғалым С. Ергөбек М. Сералиннің шығармашылығына байланысты «Қайраткер-қаламгер Мұхамеджан Сералин» атты еңбегін 2004 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбекте М. Сералиннің мұрасы үш топқа бөлініп қарастырылды. Бірінші бөлімде - қайраткердің әдеби мұрасы, екінші бөлімде - публицистикалық мұрасы, үшінші бөлімде - аудармалары. Автор М. Сералиннің шығармалары мен аудармаларын зерделеумен шектелгенімен зерттеулерге мынадай құнды ой-пікір білдіреді: «Жаңаша бағалап-бағамдауды қажет ететін тұлғаның бірі - ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, қоғам қайраткері - Мұхамеджан Сералин. Бұған дейінгі зерттеулерде М. Сералин коммунист ретінде мадақталып, кейбір түрікшілдік, исламшылдық пікірлері не бүркемеленді, не қателік ретінде саналды. М. Сералин қазақ мәселесінде ұлтшыл, тұтас түрік жұрты жөнінде түрікшіл, тіпті исі ислам бірлігін аңсаған азамат. М. Сералинді исламдық, түрікшілдік, ұлтшылдық көзқарасы үшін сынау қате. Бұл - М. Сералин дүниетанымынан туған көзқарасы, наным-сенімі, шығармаларында ту етіп ұстайтын темірқазық идеясы».
М. Сералиннің қаламгерлігі тәуелсіздік жылдары қазақ әдебиетшілеріне ғана емес, өзбек әдебиетшілерінің де назарына ілінді. Өзбек әдебиетші-ғалымы О. Шарафуддинов өзбек ақыны, әрі жазушысы Шолпанның шығармалар жинағына «Әдебиет жасаса - ұлт жасайды» деген тақырыпта алғы сөз жазып, онда М. Сералиннің шығармашылығына да назар аударады. Оның пікірінше, М. Сералиннің «Тіл мен әдебиет халықтың рухы» деген ұстанымы өзбек қаламгеріне, соның ішінде Шолпанға да елеулі ықпалын тигізген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz