Мотивацияны бихевиоризмде,психоанализде,гештальтпсихологияда,гуманистік психологияда қарастырылуы және мотивацияның отандық теориясы(А.Н. Леонтьев,Д.Н.Узнадзе және оның мектебі)


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Мотивацияны бихевиоризмде, психоанализде, гештальтпсихологияда, гуманистік психологияда қарастырылуы және мотивацияның отандық теориясы(А. Н. Леонтьев, Д. Н. Узнадзе және оның мектебі)
Орындаған: Махимова А. ПХ-315
Семей, 2015 ж.
Жоспар:
- Мотив және мотивацияның өзектi мәселелерi
- Мотивацияның психологиялық теорияларына шолу
- Мотив және мотивацияның өзектi мәселелерi
- Пайдаланылған әдебиеттер
Мотивация ұғымы-адамның нақты бiр мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесiмен түсiндiрiледi. Мотивациялық жүрiс-тұрыс “Адам ненi қалайды? Ол неге ұмтылады?” сұрақтарына жауап бередi. Адамның талабы әрқашан басым қажеттiлiктердiң жүзеге асуымен байланысты болады. Адамдар жүрiс-тұрысының негiзiнде белгiлi бiр қажеттiлiктер болады. Қажеттiлiк бұл адам бастан кешiретiн мұқтаждық қанағаттануы, адам тiршiлiгi, оның жеке адамдық тұтастығын сақтау үшiн өмiрлiк маңызды болып табылады. Адам өзiнiң тiршiлiк етуi, дамуы және жетiлдiруi үшiн өзiнiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыруы үшiн құралдар мен белсендiлiктердi қажет етедi. Адам қажеттiлiктерi әртүрлi болады.
Қазiргi кезде қажеттiлiктiң материалдық (тамақ, киiм, тұрғын үй, жылылық т. б. ) және рухани (қоғамдық өмiрге, еңбекке, қарым-қатынасқа, бiлiм алуға, творчество т. б. ) түрлерiн бөлiп шығарады. Мұндағы қажеттiлiктердiң кез-келген жiктелуi де шартты болады. Қажеттiлiктер-адамның барлық психологиялық iс-әрекетi, оның ақыл-ойы, сезiмi еркi құрылатын ең басты негiз болып табылады. Адам қажеттiлiктерiнiң негiзi оның күшi, пайда болу кезеңдерi мен қанағаттандырылу тәсiлдерiмен сипатталынады.
Жеке адамның мотивациясының анықтайтын шешушi фактор-ол өмiрлiк мақсатқа, мағынасына байланысты танымдық белсендiлiгi. Мақсат, саналы түрде анықталады, яғни, болашақ нәтиженi сөз арқылы алдын-ала мақтау, әрекеттiң бейнеленуi, оның мүмкiн болар салдарының, жалғасуының, бейнесi, аралық және соңғы нәтижелер бейнесi. Мақсат мотивацияның детерминалы ретiнде шығады, адамның тiкелей сыртқы әсерден қатысты түрде тәуелсiз бола алу қабiлеттiлiгiн көсетедi.
Мотив - бұл адамның белгiлi бiр әрекет үшiн саналы меңгерiлген талаптануы. Ол адамның өзiнiң қоршаған жағдайын және алдына қойған мақсатын бағалау, ақылға салу, есептеу деңгейiне байланысты мазмұны анықталып қалыптасады.
Мотивация механизмiнiң дамуын талдағанда адам мотивациясының ерекшелiктерiн алдын-ала анықтау мәселесiнiң маңызы зор. Адам мотивациясының төмендегiдей бiрнеше ерекшелiктерi бар:
- адам мотивациясының шығу тегi әлеуметтiк сипатта болады. Оның қажеттiлiктерiнiң заттылығы қоғамдық өндiрiстiң нәтижесi болып табылады. (А. Н. Леонтьев, Мильман) ;
- адам мотивациясының биологиялық мотивациядан айырмашылығы-қоғам қажетiне жауап бередi.
- адам мотивациясына онтогенез барысында арнаулы бағытталған негiзгi мазмұнын тәрбие процесi белгiлейтiн қалыптастырушы ықпалдың әсерi зор. (Иванчук, Симонов) ;
- адам мотивациясы-интеллект, сөйлеу, санамен тiкелей байланысты. (Ковалев, Хекхаузен) ;
- адам мотивациясы ерiк процестерi көмегiмен жүзеге асырылады.
- адам мотивациясының тұрақтылығы, ситуациялылығы, функционалдық дербестiгi организм қалпына байланысты болады.
- адам мотивациясының өмiрлiк алыс мақсаттарға бағытталынуы. (Баранидзе, Обуховский) ;
- iс-әрекеттiң полимотивациялық сипаты мотивтердiң қажеттiлiктерге поливеленттi қатынасы (Додонов, Имедадзе ) ;
- икемдiлiгi, өзара ауыспалылығы (Дилитекский)
Осы айтылған негiзгi белгiлердiң арасында маңызды сипатқа ие жеке адамның мотивациялық сферасында маңызды орын алатын, оның жүрiс-тұрысының полимотивациялық феномендiлiгi болып есептеледi.
Полимотивация феноменi. Бұл ұғым негiзiнде адам жүрiс-тұрысындағы бiрнеше қажеттiлiктердiң анықтау тенденциясы жатыр. Л. И Божович пiкiрiнше, түрлi обьектiге бiр ғана қажеттiлiк емес, сол обьектiге әртүрлi өзара әрекеттесушi, шиеленiсушi көп жағдайда бiр-бiрiне қарама-қарсы қажеттiлiктердi; мұғалiмнiң қостауына, өзiндiк бағалауының жоғарылауына, жолдастарының назарына iлiгу, болашақ жұмысында творчестволық жоғары жетiстiкке жету нақтылы iске асыра алады.
АН. Леонтьев концепциясы бойынша: мотивтердiң қалыптасу процесi бiрқатар қажеттiлiктердiң затталынуы анықтамасын бередi. А. Н Леонтьевтiң қажеттiлiктердiң дамуы олардың обьектiлерiнiң дамуы арқылы өтедi” деген пiкiрi қажеттiлiктердiң бөлек түрi ғана емес, бүкiл системасын сипаттайды. Бiрқатар қажеттiлiктер өз шығу тегi жағынан-экзогендi болып табылады.
Мотивацияның психологиялық теориялары
Мотивация механизмдерiн зерттеу бихевиористiк мектепте орталық орын алған. Мотивация мазмұнын анықтау үшiн бихевиоризм iлiмiнде “драйв” деген арнайы түсiнiк енгiзiледi, яғни ол- адамды немесе жануарды белсендi болуға мәжбүр ететiн стимул немесе қозғаушы. Өзiнiң психологиялық мазмұны бойынша, инстинкт түсiнiгiмен сай келедi.
Осы проблеманы необихевиористер К. Халл, Э. Толмен, Б. Скиннер және басқалары шешуге тырысады. Олар ұсынған S-R формуласының моделi аралық элементтер қатарымен толықтырылған. Бүл жерде сана жүрiс-тұрысты итермелеушi және реттеушi элемент ретiнде көрiнедi. Стимул тек сыртқы қозғаушы ғана емес, сонымен қатар, iшкi “қажеттiлiк” ретiнде қарастырылады.
Мотивациялық теориялардың дамуының келесi күрделi кезеңi- ХХғ. 30-шы жылдарынан басталды. Бұл тек адам мотивациясының қозғаушы күшiн түсiндiруге бағытталған мотивацияның арнайы психологиялық теориялары. Бұл сол кездегi психология ғылымындағы негiзгi психологиялық бағыттар немесе мектептердiң ғылыми зерттеу жұмыстарымен тiкелей байланыста дамыды.
Гештальт психологиясының өкiлi-К. Левиннiң “мотивацияның динамикасы ” теориясы. К. Левин мотивация динамикасын алғаш индивидуалды жүрiс-тұрыста, кейiннен коллективтi жүрiс-тұрыста қарастырды. Өз теориясындағы “өрiс” ұғымын “психологиялық кеңiстiк” ұғымымен сәйкестендiрдi. К. Левин концепциясы бойынша; адам жүрiс-тұрысының негiзгi қозғаушы күшi өмiрлiк психологиялық кеңiстiктегi адамдардың мотивтерiнiң iшкi шиеленiсi. К. Левин және Э. Толмен көзқарастары негiзiнде жүрiс-тұрыс екi өзгермелiден: а) бiр нәрсенi күту; б) мотивтерге айналатын құндылықтар ретiнде қарастырылады.
Отандық психология ғылымында А. Н. Леонтьевтiң “ Адам мотивациясының iс-әрекеттiк тегi” теориясының маңызы зор. Бұл теория адамның мотивациялық сферасының өзгеру динамикасы мен шығу тегiн түсiндiруге бағытталған.
Психиканың даму анализi, адам санасының генезистегi қалыптасуға көзқарасынан мотивация проблемасын шеше отырып ол былай дейдi, ңадам өзiнiң жеке адам ретiнде қалыптасуының психикалық көрiнiсiн өзiнiң мотивациялық сферасының дамуынан табадың. Мотивация 2 топ мотивтерден құралады, мағына-мотивтер және стимул-мотивтер . 1-шi топ мотивтер iс-әрекеттiң жеке адамдық мағынасын анықтайды. 2-шi топ мотивтерi де iс-әрекеттi себептендiредi, оның орындалуының стимулдары ретiнде көрiнедi.
А. Н. Леонтьев бойынша iс-әрекет схемасы, қажеттiлiк -мақсат, таңдау- қажеттiлiктiң қанағаттануы. Ол мақсатты, қажеттiлiктi туғызатын iс-әрекет мотивiнiң пайда болуының қажеттi шарты ретiнде анықталады.
А. Н. Леонтьев теориясы бойынша, адамның мотивациялық сферасы оның басқа да психологиялық ерекшелiктерi сияқты өзiнiң практикалық iс-әрекетiнен басталады. Адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күшi осы iс-әрекет барысында жүзеге асатын қажеттiлiктерiмен сипатталады. Бұл теория бойынша, iс-әрекет құрылымы мен адамның мотивациялық сферасы изоморфизм қатынасына, яғни өзара сәйкестiлiкке негiзделедi. Адамның мотивациялық сферасында болатын динамикалық өзгерiстер өз кезегiнде қоғамның объективтi заңдарына бағынатын iс-әрекет жүйесiнiң даму бағытына байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz