Ойынның психологиялық негіздері. Ойын –баланың психологиялық феномені ретінде


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Педагогика факультеті

СӨЖ

Тақырыбы : Ойынның психологиялық негіздері.

Ойын -баланың психологиялық феномені ретінде.

Орындаған: Байкен Қ. Б

Топ: П-223 топ студенті

Тексерген : Кулмышева Н. А.

Оқу - іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді.

Әдіс (метод; грек. methodos - теория, ілім, зерттеу жолы) көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдерді тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану - жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие мен оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі.

Интеллект - интелектус деген латын сөзі, қазақша ақыл деген мағына береді. Жоғары сатыдағы жануарлардан «ақылды» деп атауға тұрарлықтай мінез-құлық көріністерін байқауға болады.

Қызығу - шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі.

Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдердің жүйесі. Адамдарымыздың дүниетанымы мистика мен идеализмге жат, дәйекті ғылыми-материалистік дүниетаным.

Мұрат - адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады.

Әрекет - дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам іс-әрекеті - күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді.

Дағды - алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекеттің бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуы.

Икемділік - адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады.

Байқау - белгілі мақсат пен объектіні әдейлеп қабылдау.

Бейімділік - адамның белгілі бір әректпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.

Ақылды (Умный ) - ақыл-ойдан қортынды шығарып, дұрыс ойлап, дұрыс шешім қабылдай білетін адам. Ақылды адам басқаның азғыруына, өсегіне ермейді, өз ойымен ой қорытады.

Әдіскер (Методис) -оқу - тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз. Оның міндеті- пәннің оқытылу жағдайын бақылайды: озат мұғалім мен мектеп тәжірибесін жинақтап таратады. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеді.

Әдіснама (методология; грек methodos- зерттеу жолы, теория, ілім және . . . логия) - 1) ғылыми таным әдісі, 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдіс, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру, 3) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.

Әдістеме (Методика) - 1) әдістер жиынтығы; 2) оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; 3) педагогиканың жеке пәндерден берілетін юілім көлемі мен маөмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. Жалпы алғанда жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.

Білім беру - қоғам мүшелерінің адамгершілік, зиялық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі Білім беру ісі (жалпы және арнаулы жүйесі) шеберлікке, дағдыға баулудын өсіп, өрбіп, белгілі, бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінеді.

Дидактика ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз. әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми - теориялық: білім беру мен оқыту процесінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі, білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру.

Отбасы - неке немесе туыстықпен, тұрмыстық қауымдықпен, өзара моральдық және материалдық жауапкершілікпен байланысқан кіші әлеуметтік топ.

Ойын - іс-әрекеттің түрі. Мұның елеулі орны нәтижесінде емес, оның барысында. Психологиялық кернеуліктен құтылуға, яғни кездейсоқ (стрессовое) жағдайдан бастап, адамдар қатынысының үйлесімді әлеміне қосады. Ойын барысында ересектердің әрекеттері арқылы қайта жаңғырту, қоршаған орта шыедығын танудағы арақатынасында балалар үшін аса маңызды. Балалардың күш-қуатын, ақыл-ойын, мінез-құлқын тәрбиелеуге қызмет етеді.

Заттық ойын - қоршаған заттар мен балалар ойыны барысында бала оларды тиісті орында пайдалануды үйренеді.

Рөлдік ойындар - бірлескен топтық ойын барысында балалар өздерінің арнайы жасаған көріністік жағдайларында өздеріне түрлі әлеуметтік рөлдерді алатын ойын.

Символдық ойын - шындық симвлдар белгілер түрінде белгіленіп, ал әрекеттер абстрактылы, символдық формада орындалатын ойын.

Көріністік (сюжеттік) ойындар - адам өмір шындықтарын, ертегі, әңгімелерді және т. б. балалардың көріністік қайта жаңғырту ойы

Ойынның психологиялық негіздері.

C:\Users\Сымбат\Pictures\Алты жас\16871458.jpg

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет - ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағаланған. Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. ғалым Е. А. Покровский өзінің балалардың ойындарына арнаған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Мысалы: ежелгі гректерде «ойын» түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында «ойын» сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды- деп, барлық халықтың ойын түсінігінің түп-тамырының сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды.

C:\Users\Сымбат\Pictures\Алты жас\friedrich-froebel.jpg

Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ол балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Сондай-ақ, балалар өздерін ізденімпаз, тапқыр етіп көрсеткісі келеді. Әсіресе, түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау, зеійн қою сияқты таным үрдістері дамуына жол ашады. Демек, ойын -баланың өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты

Ойын туралы жасалатын тұжырым:

.

.

Ойыншық - шынайы заттардың нақты бейнесі, балаларды қызықтырарлық түрде оқытуға және ойнауға арналған арнайы зат: идеалогиялық әсер ету мен тәрбиелеудің негізгі құралы. Жас ерекшелігіне байланысты ойыншықтарды және балаларды негізігі міндеттеріне байланысты оларды ақыл - ой, ерік - жігер және эстетикалық тәрбиелеуге, денесінің дамуына және ермек - ойыншықтар деп бөлуге болады. Балалардың ақыл - ойын дамытатын ойыншықтардың ішінде дидактикалық ойыншықтар үлкен орын алады. Олар ақылын, ойлауын, тілін дамытып, білім, дағды мен іскерлік жайлы бірқатар түсінік береді. Олармен ойнай отырып, бала заттарды тануды, айыруды, заттың түсін, көлемі мен пішінін атап, сандармен, цифрлармен танысып, ұсақ бөлшектерді тұтас бір затқа жинап, оларды қайта бөлшектеді үйренеді. Олардың ішінде халық арасында кеңінен қолданылатын мынадай ойыншықтар бар: бір түсті шеңберлерден тұратын конусты қамалдар (1. 5-3ж) , түрлі -түстілері (3-7 ж) , әр түрлі «бір - бірінің ішінен шығатын» - бөшкелер, жұмыртқалар, шарлар (1, 5-5ж) , матрешкалар (1, 5-6ж) . Балаларға берілген дидактикалық ойыншықтардың қай жаасқа нақты берілгенін көрсету мүмкін емес, өйткені ол ойыншықтармен әр түрлі деңгейдегі ойындар ойналуы мүмкін.

Жиналатын дидактикалық ойыншықтар балалар үшін ең бірінші өзіндік конструкторлар. Бұралатын бөлшектері бар ағаш ойыншықтар 4, 5 - 5 жастағы балаларға арналған.

Баланың политехникалық біліміне техникалық ойыншықтар негіз болады. Әр түрлі жастағы балалар үшін дайын техникалық ойыншықтар мағынасы бойынша да, образы бойынша да ерекшеленеді. Мысалы, 2 - 4 жастағы балалар үшін паравоз үлкен, ашық түсті бірнеше бөліктерден - дөңгелектен, машинист бөлімшесінен тұрады; 5 - 7 жастағы бала дәлдікті қажет етеді - дөңгелектердегі рычагтар деген сияқты, ал кіші мектеп жасындағыларға өте үлкен бөлшектер қажет және де паравоздың орнына тепловоз, электровозға ауыстыруды қажет етеді. Дайын техникалық ойыншықтар қазіргі техниканы, өткен заманғы техниканы және болашақтың техникасын да көрсетіп, бейнелуі мүмкін.

Мектепке дейінгі балаларға арналған техникалық ойыншықтар бала қолының түрткісімен қозғалуы мүмкін, инерттік механизммен қозғалысқа түсуі мүмкін. Мектеп жасына дейінгі бала мен кіші мектеп жасындағы балалар үшін кейбір техникалық ойыншықтар дәлірек айтсақ, транспорттық және жолдық - құрылыстар үлкен мөлшерде жасалады және бала өзі мұндай машинаға отырып қажет жұмысты ойында атқару үшін рөл мен рычагты қозғалысқа келтіреді.

Мектепалды даярлық сыныптарында сабақтың өн бойы ойын әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Себебі, 5-6 жасар бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды, зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шұғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. Халқымыз бала мінез-құлқының қалыптасуында ойын әрекеті де елеулі мән атқаратынын жақсы аңғарған. Ойында баланың қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, мінез-құлқы қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ. Ойын адамның дамуына, қалыптасуына әр түрлі әсер береді.

Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын - бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ та емес. Ол - бала миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі жаттығу. Мағжан Жұмабаев: «Ойын - баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болуы керек, бақылау деген сөз - қарауылда тұрған солдаттай қабағыңды түйіп, қарап тұр деген сөз емес, олай тұрсаң бала ойынына кірісуші болма!».
Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т. б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат пен қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Бала тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері де, мазмұны да сан алуан. Балалар ойыны әр алуан, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизация, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар.
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін, еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады».
Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф. Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М. Лазарус жұмыстан кейін дем алу теориясын, Г. Спенсер денедегі артық энергияны шығару, К. Круз тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С. Л. Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теориясын жасады.
Ойын әлеуметтік қызмет, ол баланың жасына қарай, өзін қоршаған ортаны танып білуге, оны өзгертуге құштарлығын арттыратын құрал. Онда танымдық және бағдарлық қызмет бар. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады, оқу әрекетінің негіздері қаланады.
А. М. Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» - десе, А. С. Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - дейді.
Н. К. Крупская ойынның байқағыштыққа, ептілікке және басқа мінездерге тәрбиелейтін атап айтқан. Ол адамның дербестігін, ұйымдастырушылық дағдыларын дамытады. Оқытудың түпкі мақсаты - оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оның танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейдеге көтеру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойында баланың рухани даму теориясы
ОҚУШЫЛАРДЫ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Болашақ бастауыш мұғалімдерін оқу тәрбие үрдісінде ойын технологиясын меңгерту
Адам əрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі бұл - ойын
Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологияларыпәні
Ойын арқылы балаларды оқыту және тәрбиелеу
Баланы ойын үстінде тәрбиелеу және дамыту
Ойын технологиясының компоненттері
Биология сабақтарында дидактикалық ойындарды қолдану
ОЙЫНШЫҚТАР ЖӘНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz