Азжылдық, көпжылдық арамшөптер және олардың өкілдеріне сипаттама


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы: “Азжылдық, көпжылдық арамшөптер және олардың өкілдеріне сипаттама
”
Тексерген:Каламов Б. Х. .
Орындаған:Кейкова М.
Тобы: АГ - 313
Мамандық: Агрономия
Семей 2015 жыл
Жоспар:
1. Азжылдық арамшөптер және олармен күрес шаралары
2. Атпатамырлы арамшөптер, өкілдері, қысқаша сипаттамалары және олармен күрес шаралары
1. Азжылдық арамшөптер және олармен күрес шаралары. Дәрілік түйежонышқа
1. Дәрілік түйежонышқа (Донник лекарственный, Melіlotus offіcіnalіs)
Бұршақ тұқымдасына жататын екі жылдық арамшөп. Сабағының биіктігі 1, 5-2 метр аралығында. Құрғақшылыққа төзімді өсімдік, тамыры өте тереңге бойлайды, сондықтан топырақты кептіріп жібереді. Бұл арамшөп тұқымымен көбейеді. Бірінші жылы дегелек фазасында қыстайды, ал екінші жылы тұқым құрайды. Бір өсімдік 17 мыңға дейін тұқым береді. Тұқымның ұзындығы 1, 8-мм, ал көлденеңі-1, 25-1, 50 мм шамасында. Ол өзінің өзінің өнгіштік қабілетін топырақта ұзақ сақтайды. Көптеген ғылыми-зерттеулердің мәліметі бойынша дәрілік түйежоңышқаның тұқымы өзінің өнгіштік қабілетін 5 жылға дейін, ал Америка Құрама Штаттары ғалымдарының зерттеулері бойынша 70 жылға дейін сақтайтын көрінеді. Күзде және көктемде, яғни ылғал жеткілікті болған мезгелдерде топырақтың 5 см-ге дейінгі тереңдігінен жақсы өніп шығады. Ол көгеріп шыққан кезде улы болып, көп жағдайда ірі қара малды, қойды, жылқыны уландырады. Күздік және жаздық дәнді дақылдарды, жүгері, күнбағыс, асбұршақ егістіктерін ластайды.
Азжылдық арамшөптермен күресу жолдары
Азжылдық арамшөптерге қарсы қолданылатын агротехникалық шаралардың ішінде күзде жерді сүдігерге жырту жақсы нәтиже береді, өйткені көптеген азжылдық арамшөптердің, әсіресе ерте пісетін түрлерінің, тұқымдары шашылып, топырақтың беткі қабатында (0-5см) қалады, содан көктемде қаулап өсіп танапты ластайды. Сондықтан, сүдігер өңдеу арқылы оларды топырақтың беткі қабатынан оның астыңғы қабатына тереңге (22-25см) сіңіргеннен кейін жер бетіне көктеп шықпайды.
Азжылдық арамшөптер тұқымдарын жоюда өршіту әдісінің маңызы зор. Ол үшін топырақтағы тұқымдардың көктеп шығуына қолайлы жағдай жасап (топырақты қопсыту, ептеп ылғалдандыру), арамшөптер көктеп шыққаннан кейін оларды егін себер алдында тырмалау, культивациялау, дискілеу арқылы қырқып жою керек. Бұл тәсілді Қазақстанның күзі ұзақ әрі жылы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында сүдігер жыртқанға дейін, ал республиканың күзі ерте түсетін және салқын солтүстік өңірлерінде ерте көктемде қар кеткеннен егін сепкенге дейінгі топырақ өңдеу жүйесінде жүргізуге болады. Аталған әдісті пар өңдеу жүйесінде Қазақстанның барлық аймағында жүзеге асыруға болады.
Азжылдық арамшөптерді жою үшін оларға қарсы гербицидтер қолдану жақсы нәтиже береді. Әсіресе, дәнді дақылдар егісін ластап, оларға көп зиян келтіретін қарасұлыны жою үшін иллоксан гербицидін қарасұлының 2-4 жапырағы пайда болған кезде жаздық және күздік бидай егістерінде әр гектарға 2, 5-3. 0 әсер етуші заты бойынша 5 литр шамасында бүріккен дұрыс, ал триаллатты егін себер алдында әр гектарға 1, 7-3, 4 литр шамасында бүрке шашып, топыраққа тез арада сіңіру керек, кері жағдайда ол ұшып кетіп, ешқандай әсер бермейді.
2. Атпатамырлы арамшөптер, өкілдері, қысқаша сипаттамалары және олармен күрес шаралары
Олар негізінен атпатамырлары, яғни тамыр бұтақшаларының көмегімен өніп өседі, әйткенмен тұқымымен де көбейе алады. Бұл топтағы арамшөптерді тамыр жүйесінің терең орналасуына байланысты құрту қиын, сондықтанда олар егістікке көп зиян келтіреді. Атпатамырлы арамшөптердің негізгі тамырынан өніп-өсу тамыры деп аталатын жіп тәріздес тамырлар шығады. Бұларда бүршіктер болады. Мысалы, бір шаршы метр жерде егістік қалуеннің мұндай бүршіктерінің саны 1609-ға дейін жетеді. Міне, осы бүршіктерден жерасты тармақшалар-атпатамырлар өрбіп өседі. Бүйір-бүйірге тараған тамырлар өз алдына бұтақ жаядыда, жаңа сабақтар мен бұтақтар пайда болады.
Бұл биологиялық топтың негізгі өкілдеріне егістік (сары) қалуен, қызғылт қалуен, көкшіл қалуен(татар ақсүттігені), егістік шырмауық, қызғылт укекіре және басқалары жатады.
Егістік қалуен (Осотполевой, Sonchus arvensіs) . Күрделі гүлділер тұқымдастарына жататын арамшөп. Сабағы тік бойлап өсіп, биіктігі 120 см-ге дейін жетеді. Жапырағы ұзынша, жоғарғы жағы жылтыр, ал төменгі жағы күңгірт, яғни көмекскі болып келеді. Гүлдері-себет, түрі сары. Маусым айынан күзге дейін гүлдейді. Бір егістік қалуен өсімдігі 9000 -ға дейін тұқым береді. Тұқымдары ақ түсті, үлпілдекпен жабдықталған, әбден пісіп-жетілгенде үлпілдектері түсіп қалады. Топырақтың 0, 5 см қабатынан жақсы өніп шығады, ал 3 см тереңдіктен өніп шыға алмайды. Тұқымның өніп шығуы үшін жеткілікті ылғал және 20 градус шамасында температура қажет. Топырақта өнгіштік қабілетін 2-3 жылға дейін сақтайды. Басқа атпатамырлары арамшөптерге қарағанда егістік қалуеннің тік бойлап өсетін негізгі тамыры нашар дамыған, сондықтан топырақта 50-60 см тереңдікке ғана тарайды.
Топырақтың ылғалды 8-16 см тереңдігінде көлбеу өскен тамырлар орналасады, ал құрғақшылық жылдары бұл тамырлар 12-18 см тереңдікке дейін ғана өседі. Олардың ұзындықтары кейде 100 см-ге дейін жетеді. Негізгі тамырдың бойында бүршіктер орналасады, ал келер жылы олардан бұтақшалар пайда болады. Олардың саны 350-400-ге жетеді.
Атпатамырлы бұл арамшөптер әсіресе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында дәнді дақылдар егісінде кеңінен таралған. Егістік қалуен топырақтан коректік заттарды көп пайдаланып, оның құнарлылығын төмендетеді. Мысалы, ол 1 гектар жерден 67 кг азот, 28 кг фосфор және 159 кг калийді сіңіріп алады. Бұл коректік заттар әр гектардан 20 центнер күздік бидай өнімін алуға жетер еді. Өйткені, күздік бидай әр гектардан 10 центнер өнім беру үшін 37 кг азот, 13 кг фосфор және 18-20 калийді керек етеді.
Міне, осындай топырақтан коректік заттарды көп мөлшерде алғандықтан, егістік қалуен қаулап өскен құнарлы топырақтың өзінде мәдени өсімдіктер коректік заттардың жетіспеушілігінен зардап шегеді.
Егістік шырмауық (Вьюнок полевой, Convolvulus arvensіs)
Шырмауық тұқымдасына жататын арамшөп. Ол ауылшаруашылық дақылдарының сабағына шырмалып өседі. Сабағының ұзындығы 1 метрге дейін жетеді. Жапырағы сағақты және сабаққа кезектесіп орналасқан. Гүлдері ірі, ақ немесе қызғылт түсті. Жемісі ашылмайтын екі ұялы қауашық. Әрбір өсімдік 100-1000-ға дейін тұқым береді. Оның ұзындығы 2-4 мм және 2-12 тереңдіктен 25-30 градус жылықта көктеп шығады. Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін 2-3 жылға дейін сақтайды. Бұл арамшөптің тұқымы ұзақ биологиялық тыныштық кезеңінде болады. Өсуге барлық жағдай (ылғал, жылу және тағы басқа) болып тұрғанның өзінде тұқымның 5-10 пайызы ғана көктеп шығады. Егістік шырауықтың тамыр жүйесі топырақта 3-4 м тереңдікке дейін кетеді, ең негізгі тамыры 7 метр тереңдікке дейін бойлайды. Негізгі тамырдан 25-40 см тереңдікте жуандығы 0, 7-2, 5 мм, ұзындығы 0, 7-1, 4 м жанама тамырлар тарайды. Республикада егістік шырмауық барлық жерлерде таралған. Ол әсіресе, отамалы және техникалық дақылдар егісінде көп өседі. Ауылшаруашылық дақылдарының сабағын шырмап, оларды жатып қалуға мәжбүр етеді. Мұның өзі егіннің шағымдылығын күрт төмендетуге әкеліп соқтырады. Әсіресе жауын-шашынды жылдары егістік шырмауық көп зиян келтіреді. Бұл арамшөптің тұқымында уландыратын заттар бар. Сондықтан да астықты тазарту керек. Мұның өзі қосыша қаражатты керек етеді. Егістік шырмауық ауылшаруашылық дақылдарының көптеген зиянкестерінің таралуына мүмкіндік туғызады. Мысалы, егістік шырмауыққа күздік көблек пен шалғын көбелегі өздерінің жұмыртқаларын салады, ал одан шыққан жұлдыз құрттары егісті қатты зақымдайды.
Жантақ, түйежантақ (Верблюжья колючка, Alhagі Pseudoalhagі)
Бұршақ тұқымдасына жататын арамшөп. Сабағы тікенді, жалаң немесе ептеген түгі бар, биіктігі бір метрге дейін жетеді. Тікендері пісіп жетілмеген бұтақ тәрізді, гүлдері қызыл. Жемісі ішінде бірнеше тұқымы бар бұршақбас. Түйежантақтың тұқымы бүйрек тәрізді немесе төртбұрышты. Ол қатты қауашақпен қапталған, сондықтан малдардың ас қорыту жүйесі арқылы өткенде өзінің өнгіштік қабілетін жоғалтпайды. Топырақтарда өнгіштігін ұзақ уақытқа дейін сақтайды. Жантақ негізінен вегетативтік жолмен көбейеді. Оның көбею мүшесі жер астындағы атпатамырлары. Күзге қарай жантақтың жер бетіндегі сабақтары және жапырақтары қурап қалады, ал көктемде жер асындағы тамырында орналасқан бүршіктерден ол қайтадан көктеп шығады.
Жантақтың тамыр жүйесі күшті дамыған. Оның негізгі тамыры топырақта бірнеше метр тереңдікке (30 метрге дейін) бойлап өседі. Топырақтың 30-50 см тереңдігінде негізгі тамырдан жанама атпатамырлар пайда болады. Оларда орналасқан бүршіктерден келер жылы жаңа өсімдік өсіп шығады.
Қызғылт укекіре (Горчак розовый, Acreoptіlon repens) .
Қызғылт укекіре күрделігүлділер тұқымдасына жататын арамшөп. Ол бірінші жылы дәгелігін және бір метр тереңдікке дейін жететін кіндік тамырын түзеді, ал екінші жылы гүл сабағын және ұрығын береді. Қызғылт укеренің сабағы бұтақты болып келеді. Бұтақтарының ұзындығы 12-18 см, өсімдігінің биіктігі 55-80 см дейін барады. Гүлшоғыры жекеленген себет. Гүлдері ұсақ, қызғылт түсті. Әрбір өсімдік 1000-2 данаға дейін тұқым береді. Тұқымның ұзындығы 2, 6-4 мм. Ол топырақта өнгіштік қабілетін 3-4 жылға дейін жоғалтпайды. Қызғылт укекірінің тұқымы 3-6 см тереңдіктен көктеп шыға алады. Оның көктеуі үшін 20-300температура қажет. Тамыр жүйесі өте күшті дамыған. Негізгі тамыры топырақта 5-6 м тереңдікке дейін бойлап өседі, ал атпатамырлары 15-30 см тереңдікте орналасқан. Вегетация кезінде кейбір өсімдіктің аумағы 12 шаршы метрге дейін жетеді. Мін, осындай күшті дамығандықтан қызғылт укекіре сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына, әсіресе құрғақшылыққа өте төзімді.
Қызғылт укекіре республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында көп тараған, ал кейінгі жылдары Қазақстанның солтүстік облыстарында да тарай бастады.
Қызғылт укекіре ауылшаруашылық өндірісіне орасан зор зиян келтіреді. Ол көп тараған жерлерде ешқандай басқа мәдени өсімдік өсе алмайды. Қызғылт укекіренің аз өскен жерлердегі егіннің өнімі 30-40 пайызға, құрғақшылық жылдары 60-80 пайызға дейін кемиді.
Қызғылтукекіре топырақты өте күшті құрғатады. Мысалы, ол өскен жерлерде топырақта небәрі 5-7 пайыз ғана ылғал қалады.
Қоректік заттарды ауылшаруашылық дақылдарына қарағанда әлдеқайда көп керек етеді. Мысалы, күздік бидаймен салыстырғанда қызғылт укекіре топырақтан қоректік затты 3-5 есе көп алады. Қызғылт укекіренің тұқымы араласқан бидай ұнынан пісірілген нанның қышқыл дәмі болады, ал егер малазықтық шөпке 5 пайыз қызғылт укекіре қосылса, онда жылқылар мен ірі қара малдар уланады, сондықтанда қызғылт укекіре өскен жайлымдар мен шабындықтарды пайдалануға болмайды.
Қызғылт қалуен (Осот розовый, бодяк, Cіzsіum arvense
Күрделігүлдер тұқымдасына жататын арамшөп. Сабағы тік, тармақталған, биіктігі 120-150см. Қызғылт қалуен тұқымы және вегетативтік мүшелері арқылы көбейеді. Бір өсімдік 50 мыңға дейін тұқым береді. Жемісі сопақша келген дәнек. Оның ұзындығы 3-4 мм, ал ені -1, 0 мм. Ол өнгіштік қабілетін топырақта 6-7 жыл бойы сақтай алады, топырақ 25-30 градусқа қызғанда 1-2 см тереңдіктен жақсы көктеп шығады. Тұқымнан шыққан өсімдігі бірінші жылы топыраққа тік бойлайтын тамыр түзеді, ал екінші жылы одан бірінші қатардағы көлбеу тамырлар пайда болып, олар майысып және жуандап төменгі қабатқа тереңдей түседі. Екінші жылдың аяқ кезінде осы көлбеу тамырдың майысып жуандаған жерінен бүршік және өркен пайда болып, қызғылт қалуен вегетативтік жолмен көбеюге мүмкіндік алады. Вегетативтік көбею мүшесі топырақтың 20-30 см тереңдігіне орналасқан жер асытындағы атпатамырлары.
Ауылшаурашылығы аталған арамшөптен көптеген зиян шегеді. Атап айтқанда, ол бір гектар жерден 140 кг азот, 40 кг фосфор және 160 кг калий элементтерін пайдаланып, топырақтың құнарлылығын төмендетеді, сонымен қатар, орақ кезінде оның үлпілдек тұқымдары комбайынның радиоторларына жабысып, мотордағы судың қызып кетуіне әкеліп соғады.
Қызғылт қалуен барлық жерлерде, әсіресе Қазақстанның негізгі астық дақылдары егілетін солтүстік облыстарында көп кездеседі.
Татар ақсүттігені, көгілдір қалуен (Молокан татарский, Mulgedіum tataricum) .
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz