Көркем шығармалардағы психологизм



Психологизм – көркем шындық пен өмірдің шынайы бейнесінінің түйісер тұсы, «көркем шығармадағы өмір шындығының кепілі – психология да, соны жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығарма феномен – психологизм» [1.4], сонымен қатар, кейіпкердің ойы мен іс-әрекетінің кереқарлығы, сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе» [2.5]. Психологизм алғашқы көркем туындымен кіндіктес болғанымен оның әр дәуірдегі көрініс беруі әрқилы. Олай дейтін себебіміз, бірқатар ғалымдарымыз оның бастау арналарын Күлтегін жазбаларымен, ауыз әдебиеті үлгілерімен («Ер Тарғын», «Қыз Жібек» жырларымен, айтыстармен) ұштастыра келе, Х-ХІІ ғасырлардағы көптеген ғұламалар еңбектерінде кездесетіндігін алға тартып, Әл-Фараби еңбектеріндегі («Өлең өнері туралы трактат»), Жанақ, Махамбет, Абай, Шәкәрім шығармаларындағы ішкі сезімдердің көрініс табуы ғасырлардан ғасырларға көркем әдебиетпен бірге өркендеп келе жатқан психологизмнің заңды жалғасы екендігін сөз етеді [3]. Бұл туралы әдебиеттанушы-ғалым Б.Майтанов: «Психологизм – көркем әдебиеттің тұтас болмысынан ажырамас қасиет. Біз ол жағдайды байқай бермейміз. Сонымен бірге психологизм – көркемдік бейнелеу принципі, ойлау типі, жазушы талантының төл белгісі, әрі стиль көрінісі», – деп тұжырымдайды [4, 335]. Егер әдебиетті адам сезімдерінің сыртқа тепкен көрінісі деп қабылдасақ, оның көркем әдебиеттің ажырамас қасиеті болуы заңды да, бірақ психологизмнің бүкіл көркем әдебиетке тән жалпылық қасиетіне қоса, стильдік құбылыс ретіндегі даралық қасиеті де бар. Бұл туралы орыстың әдебиеттанушы ғалымдары А.Б.Есин [5], Л.Я.Гинзбург [6], Л.С.Выготский [7] өз зерттеулерінде біршама тоқталып өткен. Біз осы зертеулерге сүйене отырып, саралап қарасақ, жоғарыдағы шығармаларда психологизм элементтері кездескенімен, барлығының бірдей толыққанды стиль ретінде қалыптасқан психологизм талаптарына жауап бере алмайтындығына көз жеткіземіз, бұл шығармалардың кейбіріне психологизмнің жалпылық қасиеті тән болса, кейбірінде психологизмнің даралық сипатының алғышарттары қалыптаса бастағанын байқай аламыз. Біздің қарастыратынымыз көркем шығармалардағы психологизмнің даралық қасиеті. Ал, оның даралық қасиетінің өзіне ғана тән жанрлық, көркемдік, стильдік ерекшеліктері бар.
Соның бірқатарын әдебиет зерттеушісі, ф.ғ.д. Г.С.Пірәлиева өз еңбектерінде атап көрсеткен болатын:
Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея, т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді.
Екіншіден, мұнда ең бастысы – жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адамзат бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады. Шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады.
Үшіншіден, психологиялық прозаның эстетикалық, көркемдік әлемі өзінің жанрлық, көркемдік, стильдік талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды [2, 10] .

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Өздік жұмысы
Тақырыбы: Көркем шығармалардағы психологизм.

Орындаған: Байғазина Ә.Ж. Қ-213
Тексерген : Құрмамбаева Қ.С.

Семей қаласы, 2015 жыл.
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ПСИХОЛОГИЗМ (конспект)
Психологизм – көркем шындық пен өмірдің шынайы бейнесінінің түйісер
тұсы, көркем шығармадағы өмір шындығының кепілі – психология да, соны
жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығарма
феномен – психологизм [1.4], сонымен қатар, кейіпкердің ойы мен іс-
әрекетінің кереқарлығы, сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе
[2.5]. Психологизм алғашқы көркем туындымен кіндіктес болғанымен оның әр
дәуірдегі көрініс беруі әрқилы. Олай дейтін себебіміз, бірқатар
ғалымдарымыз оның бастау арналарын Күлтегін жазбаларымен, ауыз әдебиеті
үлгілерімен (Ер Тарғын, Қыз Жібек жырларымен, айтыстармен) ұштастыра
келе, Х-ХІІ ғасырлардағы көптеген ғұламалар еңбектерінде кездесетіндігін
алға тартып, Әл-Фараби еңбектеріндегі (Өлең өнері туралы трактат), Жанақ,
Махамбет, Абай, Шәкәрім шығармаларындағы ішкі сезімдердің көрініс табуы
ғасырлардан ғасырларға көркем әдебиетпен бірге өркендеп келе жатқан
психологизмнің заңды жалғасы екендігін сөз етеді [3]. Бұл туралы
әдебиеттанушы-ғалым Б.Майтанов: Психологизм – көркем әдебиеттің тұтас
болмысынан ажырамас қасиет. Біз ол жағдайды байқай бермейміз. Сонымен бірге
психологизм – көркемдік бейнелеу принципі, ойлау типі, жазушы талантының
төл белгісі, әрі стиль көрінісі, – деп тұжырымдайды [4, 335]. Егер
әдебиетті адам сезімдерінің сыртқа тепкен көрінісі деп қабылдасақ, оның
көркем әдебиеттің ажырамас қасиеті болуы заңды да, бірақ психологизмнің
бүкіл көркем әдебиетке тән жалпылық қасиетіне қоса, стильдік құбылыс
ретіндегі даралық қасиеті де бар. Бұл туралы орыстың әдебиеттанушы
ғалымдары А.Б.Есин [5], Л.Я.Гинзбург [6], Л.С.Выготский [7] өз
зерттеулерінде біршама тоқталып өткен. Біз осы зертеулерге сүйене отырып,
саралап қарасақ, жоғарыдағы шығармаларда психологизм элементтері
кездескенімен, барлығының бірдей толыққанды стиль ретінде қалыптасқан
психологизм талаптарына жауап бере алмайтындығына көз жеткіземіз, бұл
шығармалардың кейбіріне психологизмнің жалпылық қасиеті тән болса,
кейбірінде психологизмнің даралық сипатының алғышарттары қалыптаса
бастағанын байқай аламыз. Біздің қарастыратынымыз көркем шығармалардағы
психологизмнің даралық қасиеті. Ал, оның даралық қасиетінің өзіне ғана тән
жанрлық, көркемдік, стильдік ерекшеліктері бар.
Соның бірқатарын әдебиет зерттеушісі, ф.ғ.д. Г.С.Пірәлиева өз
еңбектерінде атап көрсеткен болатын:
Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт,
тақырып, идея, т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап
та етілмейді.
Екіншіден, мұнда ең бастысы – жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім
арасындағы кезеңде адамзат бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі,
кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады. Шығармада
шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс,
рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады.
Үшіншіден, психологиялық прозаның эстетикалық, көркемдік әлемі өзінің
жанрлық, көркемдік, стильдік талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен
сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап,
көркемдік жүйеде саралайды [2, 10] .
Әдеби туындыны психологизмнің арнаулы бейнелеу құралдарының көмегімен
суреттей отырып көркемдік құндылыққа жетуге болады. Әлемнің маңдай алды
әдебиет зерттеушілері оның алғашқы пайда болу тарихын түрліше жорамалдайды.
Әлем әдебиеті тарихында шын мәніндегі прозадағы психологизмнің алғашқы
белгілерін ХҮІІ ғасырда Мадам де Лафайеттің Принцесса Клевская, Аббат
Превоның Манон Леско, Шодерло де Лаклоның Қауіпті байланыстар
романдарынан кездестіреміз. Ал нағыз психологиялық романның атасы
Бенжамен Констанның Адольф (1807 жылы жазылып, 1815 жылы басылған) романы
деген пікір бар [6, 289-290]. Прозадағы шын мәніндегі нағыз психологизм ХІХ
ғасырда қалыптасқаны мәлім.
Орыс әдебиетінде прозадағы реалистік психологизмнің теориясын
қалыптастырған жазушылар ретінде Л.Н.Толстой мен Ф.М.Достоевскийді
мойындайды. Л.Н.Толстой нағыз аналитикалық психологизмнің негізін салып,
психологиялық бейнелеу әдіс-тәсілдерін жаңа үлгілермен байытты.
Ф.М.Достоевский психологизмнің Бедные люди шығармасында эпистолярлық
түрін, яғни хат арқылы ішкі сырды ақтару, Двойник, Қылмыс пен жаза
сананың екіге жарылуы сынды әдістерді айналымға ендірді. Шамамен 1910-1920
жылдары Европа әдебиетінде Достоевский дәстүрін үлгі тұтқан шығармаларына
адамның ішкі Менін және сезімдер әлемін, сана мен түйсіктің жұмысын арқау
еткен модернизм ағымы пайда болды. Әлем әдебиетінде оның ірі өкілдері
ретінде Марсель Пруст, Джеймс Джойс, Франс Кафка танылған. Бұл ағым
өкілдері әдебиет пен басқа да өнер түрлерінде батыл жаңалықтар енгізуімен
және түрлі эксперименттер жасауымен ерекшеленді. Соның негізінде әдебиетте
дадаизм, сюрреализм, футуризм, экспрессионизм, сияқты басқа да авангардтық
ағымдар бой көтерді. Бірақ модернизмнің негізгі бастауы ретінде
С.Кьеркегор, М.Хайдеггер, К.Ясперс, Н.Бердяев экзистенциализмі, З.Фрейдтің
психоталдауы, Э.Гуссерльдің феноменологиясы танылды. Модернистер әлемдік
деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің
мағынасыз екенін, өзінің фәнидегі жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді
алға тартты. Ал ХХ ғасырдың 50-60 жылдары әлемді танудың көркемдік құралы
ретінде постмодернизм ағымы қалыптаса бастады.
Ұлттық әдебиеттегі психологизм аясында әңгіме қозғасақ, поэзияда адам
жанының құпияларын, сезімдердің нәзік иірімдерін психологиялық бейнелеу
әдіс-тәсілдерін байыта отырып, сөз сиқырымен оқырманына жеткізудегі ең
алғашқы қадамды Абай жасады десек, қателеспейтін тәріздіміз. Абайға дейін
адам психологиясында болатын өзгерістерді суреттеудің екі түрі
(психологиялық параллелизм, әр түрлі монологтар) бар болатын дей келе,
өзіне дейінгі әдебиеттің өрістей алмаған жағын толықтырып, сезім
дүниесінің сөз арқылы терең суреттеу әдісінің тамаша үлгілерін көрсеткен
Абай қазақта бірінші ақын болды [8, 303]. Поэзияда адамның сезімінде
болатын әртүрлі құбылыстарды тікелей суреттеу әдісін алғаш Абай енгізді.
Ал, прозадағы психологизмнің алғашқы нышандарының әдебиет зерттеушісі,
ғалым Майтанов ХІХ ғасыр соңында Дала уәлаяты газетінде жарияланған
Бәти әңгімесінен көрініс беретінін айтады. Яғни, психологизм ХІХ ғасырдың
аяғы ХХ ғасырдың басында қазақ көркем прозасының пайда болып дамуымен бірге
ілесе дамып келе жатқан көркемдік әдіс-тәсілдер деп тұжырымдауға негіз бар.
Енді қалыптасып келе жатқан проза жанры ауыз әдебиеті мен өзге елдер
әдебиетінен үйрену, өз табиғатымызға лайықтап сіңіре білу үдерісі үстінде
болды. Жазуы ерте дамыған елдердегі осы игі дәстүрді қазақтың алғашқы
жазушылары өз шығармаларында қолданысқа ендірді.
Бұл тәсілдерді пайдалану тәжірибесі прозада Ж.Аймауытовтың Ақбілегі,
Қартқожасы, М.Жұмабаевтың Шолпанның күнәсі, М.Әуезов Қорғансыздың
күні, Қаралы сұлуы, т.т. шығармаларынан бастау алады. Әдебиеттегі
психологизмді зерттеудің алғашқы нышандарын А.Байтұрсынов Әдебиет
танытқыш еңбегінен байқауға болады. Аталмыш еңбектің дарынды сөз деген
тарауында көркем шығармалардағы ішкі әлемнің көрінісін толғау деп атай
келіп, оған былай деп анықтама беріп өтеді: Толғағанда айтатын нәрсесін
толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын
әуелі көңілінің күйін-мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып,
шер тарқату үшін толғайды. Екінші ішкергі ғаламында болған халдарды,
нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілдің
күйіне түсіріп, халын түсіндіру мақсатпен толғайды. Толғау, қысқасын
айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының
сайрауы, жанның тартатын күйі, ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай
білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып, толғай алуда [9,
104].
Ал, өзі психолог-жазушы Ж.Аймауытов психология ғылымын едәуір дендеп
зерттеуге барған. Оның Псиқолоғия және Жан жүйесі мен өнер таңдау
(1926) еңбектері осы айтқандарымызға дәлел. Бірқатар психология
терминдерінің қазақша баламаларын да ғылыми айналымға енгізуге атсалысқан.
Мысалы, психоанализді жанталдау деп алып, адам мінездерін бірнеше түрге
бөліп қарастырып, олардың қандай ерекшеліктері барын, қандай қызметке бейім
болатынын анықтап, бұл терминдердің қазақша атауын төмендегіше береді:
1)күйгелек (нервный), 2)аяныш жанды (сентиментальный), 3)сарыуайымшыл
(апатичний), 4)қызбалы (холерик), 5)ыстық қанды (сангвиник), 6)салқын қанды
(флегматик), 7)құмартпалы (страстный), 8)ұйтқымалы.
Сонымен қатар, кісінің қылығын, психологиясын бақылауда келбеттің
алатын орнына тоқталып, Кісінің қылығын қимылына қарап сынаймыз; көзге
көрінетін қимыл беттікі [10, 104] дей келе, адамның қат-қабат сезім
құбылыстарының сыртқы белгілеріне қарап ажыратуда көз әлпетінің беттің
ымының (мимика), ауыздың құбылуының, ымдасу мен қол сермеудің де мәні зор
екендігіне тоқталып өткен.
М.Жұмабаевтың Педагогика (1927), Психология, яки жан тілі
еңбектері, Ш.Құдайбердиевтің Тіршілік жан туралы (1919) мақаласы адам
жанының тылсым табиғатын зерттеудегі алғашқы қадамдар болатын.
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды алғашқы психологиялық шығармалардың
авторларына шығарма шырайын ашатын күрделі образдар характері мен
психологиясын сомдауда шеберлік шыңына жеткендігі адамның жаратылысы мен
психологиясын жетік меңгергендігі, бұл саладағы ұлан-ғайыр білімі,
ізденгіштігі басты себептердің бірі болса керек.
Прозадағы психологизмді қалыптастыруға сүбелі үлес қосқан алдыңғы буын
сөз зергерлері мен 60-80 жылдары әдебиетке құбылыс ретінде таныла келген
шоқжұлдыздар шоғырын жалғаушы алтын белес, әрине, М.Әуезов шығармашылығы
және оның ұлағатты ұстаздығы болды. Оның жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы
повестері мен әңгімелерінде (Қорғансыздың күні, Қаралы сұлу, Жетім,
Қасеннің құбылыстары (психологиялық очерк) әңгімелері мен Қыр суреттері
әңгімелер циклы) кейіпкердің рухани әлеміне терең бойлап, оның ішкі сырын
түрлі әдіс тәсілдер арқылы ашуға деген ұмтылыс айрықша байқалады. Жазушының
Абай жолы дәуірнамасы және жоғарыда атап өтілген повесть, әңгімелері
психологизмнің кейіпкер болмысының екіге жарылуы, психологиялық
параллелизм, яғни пейзаждың символ ретінде қолданылып, кейіпкердің ішкі
әлемін ашуға септесуі, т.б. сияқты әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, дамудың жаңа
сатысына көтерді.
Прозада 60-80 жылдары Ә.Кекілбаев, Д.Исабеков, О.Бөкей, А.Сүлейменов,
Т.Ахтанов, С.Мұратбеков, М.Мағауин, Т.Әбдіков, Ә.Нұрпейісов,
Т.Жармағамбетов шығармалары адамның қат-қабат көңіл түкпіріндегі сезім
иірімдерін дөп басатын әдіс-тәсілдерді әдеби айналымға ендіруімен құнды.
Айтылмыш жазушылар прозадағы психологизмді қалыптастыруда түрлі
ізденістерге барды, фольклордан, әлем әдебиетінің озық дәстүрлерінен нәр
алып, әрқайсысы өзіндік өрнегін жасап, даралығын танытты. Бұл жазушылар
шығармашылығында психологизм, экзистенциализм ағымдарының көріністері орын
алды. Алайда біз бұл көріністерді дүниежүзі әдебиетіндегі осы ағым
өкілдерінің шығармаларымен салыстыра алмаймыз. Себебі әдеби орта, қоғам,
ұлттық көзқарас, жазушының дүниетанымы, мақсаты, тіпті суреттеу обьектісі
әр алуан. Ә.Кекілбаев шығармалары (Аңыздың ақыры, Күй, Шыңырау,
Ханшадария хикаясы) сана ағымы тәсілінде жазылып, аңыз-әңгімелерге
негіз болған тарихи тұлғалардың пенделік құпияларын ақтарса, Д.Исабековті
(Тіршілік, Сүйекші) кішкентай адамдардың талайлы тағдырлары
толғандырады, Т.Әбдіков (Тозақ оттары жымыңдайды, Оң қол, Парасат
майданы) шығармаларында өмірден өз орнын таппаған, мағынасыздық пен
мазмұнсыздықтан торыққан кейіпкерлеріне қарап батыстың постмодернизмінің,
дәлірек айтсақ экзистенциализмнің стильдік белгілері қылаң береді деп батыл
айта аламыз.
С.Мұратбеков (Менің қарындасым), Д.Исабеков (Гауһар тас),
Т.Жармағамбетов (Нәзік бұлттар) прозасындағы лирикалық-психологиялық
сипат та осы кезең тудырған жаңа бағыттардың бірі. Бұл қаламгерлер
шығармаларында орын алған лирикалық сарын психологизм әдіс-тәсілдерімен
үндесуі арқылы кейіпкердің бейнесін ашып көрсетуде жоғары эстетикалық
деңгейлерден көрініп, адам болмысының нәзік құбылыстарын рухани тазалығын,
адамгершілік қасиеттерін ішкі ой-сезімдерімен астастыра бейнелеу арқылы
көркемдік биіктікке жеткен.
Қазақстанның тәуелсіздік алған 90-жылдардан бастап енген қоғамдағы
түбегейлі өзгерістер қарқынды, көз ілеспес жылдамдықпен жүзеге асуына
байланысты экономикалық әрі рухани дағдарыстарға апарып соқтырды. Осының
нәтижесінде Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген кеңестік
дәуірден қалған ұжымшылдық сананың жойылып, әрбір адамды өзінше тіршілік
жасап, шешім қабылдауға мәжбүр еткен өзімшілдік сананың қалыптаса бастауы
қоғам мінезіне белгілі дәрежеде төңкеріс әкелді. Осы өзгерістер барысында
қоғамдағы біріне-бірі ұқсамайтын адамдардың қырық құбылған мінезі мен қилы
іс-әрекеттеріне, бұрын соңды болмаған оқиғалардың орын алуына әкеліп
соқтырды. Томаға тұйық жатқан елдің барлық шекара қақпасының ашылуы бір
жағынан экономиканың қаз тұруына септессе, бір жағынан халықтың санасы
рухани шабуылдауға ұшырады. Бұрын белгілі бір идеяның етегіне жармасып күн
кешіп, енді оның күні бітіп күйреуі нәтижесінде дағдарысқа ұшырап,
сансыраған сана еңсесін тіктеу үшін рухани ізденіске түсті, сол жолда
сырттан енгеннің керектісі де керексізі де сіңірілді, талдап-талғау, түп
қазықты табу оңайға түскен жоқ. Осы тәуелсіздік пен нарық қоғамы әкелген
өзгерістер жазушыларға тың тақырыптар ұсынды.
Әдебиетіміздің бүгінгі өкілдері арасында адамның психологиясындағы
ішкі шиеленістерді шығармаларына өзек еткен жазушылар баршылық. Р.Мұқанова,
Д.Амантай, А.Кемелбаева, А.Жақсылықов, А.Ықсан, А.Алтай сияқты жас
қаламгерлер шығармашылығы да жаңашыл, эксперименттерге бейім.
Асқар Алтай қаламынан туған Түсік, Лайбаран, Казино, Кентавр,
Тұл, Шаһид, Жүсіпбек Қорғасбектің Өлі көл, Қасқыр-Адам,
Жансебіл, Үрей, Талаптан Ахметжанның Нобель сыйлығы, Аслан
Жақсылықовтың Ант ұрғандардың түстері (Сны окаяных) шығармалары
тақырыптарының өзі жаңа қоғам тудырған жаңаша туындылардың дүниеге
келгенінің айғағы болса керек.
Сонымен қатар жоғарыда аталған жазушылардың шығармашылықтарын
зерттеуде де едәуір ілгерілеушілік байқалады. Зерттеушілердің пікірлеріне
сүйенсек Академик С.Қасқабасов Бізде постмодернизмнің белгілері ғана бар
десе [11, 4], ф.ғ.д., профессор Б.Майтанов Постмодернизм – соншалық жат,
өзгеше құбылыс емес. Біз тек дабырайтып айтамыз. Бадырайтып тыңдаймыз.
Мәселен, М.Мағауинде әлемдік постмодернизмнің негізгі стильдік белгілері
бар екені ертеде айтылса таңқалар едік. Ал, расында, солай деп ұғынуға
бейіммін. Р.Тоқтаровта модернистерде қатты дамыған сана ағымы,
постмодернистік тәсілдер ұтымды қолданылады, – дей келе қазіргі буын
жазушылардың арасында Р.Мұқанова, Д.Амантай, А.Кемелбаева, А.Алтай,
А.Жақсылықов, А.Ықсан тәрізді қаламгерлік қолтаңбасына постмодернистік
өрнек етене жақын екенін айтады [12, 12].
Ф.ғ.к., әдебиет зерттеушісі Мақпал Оразбек те [13] жоғарыда аталып
өткен кейінгі толқын қаламгерлер ішінде Жүсіпбек Қорғасбек (Өлі көл,
Қасқыр-Адам, Жансебіл, Үрей) шығармаларында экзистенциализм ұшқындары
көрініс беретіндігін сөз етеді.
Міне, қазақ прозасының сәби кезінен меңгеріле бастап бүгініне дейін
ұласып отырған бейнелеу принциптерінің бірі – психологизм өз дамуында түрлі
кезеңдерден өтіп, дәстүрлердің тозығын қалдырып, озығын алып жаңғырып, жаңа
түрлермен байып кемелдену үстінде.
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.     Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. –Алматы: Жазушы, 1987. -232
б.
2.     Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері
Алматы: Алаш, 2003. -328 бет
3.     Рүстембекова Р. Қазіргі қазақ әңгімелері. –Алматы: Жазушы, 1988.
-174 б.
4.     Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. –Алматы:
Санат, 1996. -336 б.
5.     Есин А.Б. Психологизм русской классической литературы. –Москва:
Флинта, 2003. − 176 с.
6.     Гинзбург Л. О психологической прозе. –Ленинград: Советский
писатель, 1971. -464 с.
7.     Выготский Л.С. Психология искусства. –Москва: Искусство, 1986.
-574 с.
8.     Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай
поэзиясының тілі. 2-том. –Алматы: Білім, 1960.
9.     Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. . –Алматы: Ата мұра, 2003. -208
б.
10. Аймауытов Ж. Псиқолоғия. –Алматы: Рауан, 1995. -309 б.
11. Қасқабасов С. Постмодернизмнің белгілері бізде де бар. Қазақ
әдебиеті,
10 сәуір 2009.
12. Майтанов Б., Мәдібай Қ. Басты назар бүгінгі әдебиетте. Қазақ
әдебиеті,
1 мамыр 2009.
13. Оразбек М. Абсурд немесе антиқаһарман. Қазақ әдебиеті,
26 қыркүйек 2007.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Өздік жұмысы
Тақырыбы: Тарихи тақырыптағы қазақ романдары.

Орындаған: Байғазина Ә.Ж. Қ-213
Тексерген : Құрмамбаева Қ.С.

Семей қаласы, 2015 жыл.
ТАРИХИ ТАҚЫРЫПТАҒЫ ҚАЗАҚ РОМАНДАРЫ (реферат)

Жоспары:

1. Қазақ романдарының тақырыптық мәселесі.
2. МәжитДәулетбаевтың Қызылжар романы
3. Ілияс Жансүгіровтің Жолдастар романы
4. Бейімбет Майлиннің Азамат Азаматыч романы
5. І. Есенберлиннің "Қаһар", "Алмас қылыш", "Жанталас" атты тарихи
романдары.

Отызыншы   жылдардағы   қазақ   романдары   Қазақстан елінің көп өмір
оқиғаларын кең көлемде суреттеген улкен көркемдік   жинақтаулар   болды.  
Қазақ   әдебиетінің   өткен тарихында   романның   мұндай   шарықтап  
өскен,   жанрлық мүмкіндіктері мол жарыққа шыққан кезеңі болған емес. Ең
алдымен,    қазақ    совет    әдебиетінің    20-жылдардағы    бай
тәжірибесі,   батыл   барлаулары   үлкен   эпикалық   жанрдың дүниеге  
келуіне   негіз   салды.   Бұған   дейін   поэзия   мен драматургияда, 
прозаның кіші жанрларында советтік өмір үшін күрестің алуан түрлі 
хикаялары қозғалған болатын. Ендігі жерде Қазақстан халқының революциялық
шытырман, қиын   жолдарын   қат-қабат   аумағымен,   көп   адамдардың
байланыстар, ықыластар тарихын жүйелі сюжеттік өрістеулер үстінде
көрсететін, үлкен қоғамдық тартыстарды ірі оқиғалар арқылы,    кееек   
характерлер    шындығымен    қабыстырып суреттейтін романдардың қажеттігі
күшейген еді.
Бұл дәуірдегі қазақ романдарын тақырыптық жағынан үш топқа бөлуге
болады. Олардың кейбіреулерінде (Теміртас, Азамат Азаматыч) шиеленіскен
тап тартысы, ауылды советтендіру жолындағы күрес суреттелсе, Менің
құрдастарым, Өмір мен өлім секілді романдарда ендіріс ошақтарындағы
жасампаз адамдарымыздың ерлік еңбегі, социалистік жаңа қатынастарды
орнықтыру үшін қам-әрекеттері көрсетілген. Қазақстандағы революциялық
қозғалыстың   мол   шежіресін   Қызылжар,   Жолдастар, Жумбақ жалау,
Дөң асқан романдарынан оқимыз. Бұл шығармалардың қай-қайсысының да қазақ
романының көркеюіне қосқан өзіндік ұнамды сипаттары бар.
Қазақстанның революция қарсаңындагы, төңкеріс тусындағы және азамат
соғысы жылдарындағы хал-ахуалы бірнеше романда суреттелген.
Жазушыларымыздың халықтың күрес жолдарын терең зерттеп, еңбекшілердің
таптық майданға шығуының сырын аңғаруға ден қоюы орынды қадам болатын.
Үстем таптың ғасырлар бойғы билеушілігін жоқ қылуға халықты жетелеген
қандай қүш, бул жөнінде бұқараның ролі, еңбекшілер мүддесін ту ғып ұстатан
елдердің еңбегі қандай деген сурауларға көркемдік жауап айту қажет еді.
Осы талапқа алғаш ат салысқан жазушыларымыздың бірі - Мәжит Дәулетбаев.
Оның жеке тараулары отызыншы жылдардың бас кезінде, журналдарда жарияланып,
кейіннен (1935) кітап болып басылған Қызылжар романы нақ осы мәселелерге
арналған.
Қызылжар - Октябрь революциясының алдындағы түсты, 1916 жылы ұлт-
азаттық көтеріліс оқиғасын, февраль революциясын, азамат соғысының алғашқы
кезеңін суреттейтін шығарма. Роман сол дәуірдің аласапыран құбылыстарынан
белгілі дәрежеде дерек бере алады.
Жазушы революция заманының шытырман шындығын партиялық көзқарас
тұрғысынан бағалап суреттеуді көздеген. Өмір материалын екшеу, жіктеу,
кейіпкерлер таңдау мен топтау, қаһармандарға дара мінез, тіл табу
мәселесінде автордың жетістіктері жоқ емес. Мәселен, роман басында Қызылжар
қаласының полиция бастығы - Медведевтің шанаға ат жегіп сайран салуын,
момын дала жігіті Атымтайдың нақақ зәбір көруін әңгімелеу автордың тап
тартысының туар көзін дәл тапқандығын байқатады. Осыдан бастап, еңбекшілер
өкілдерінің (Атымтай, Балта, Қылыш, Громов) үстем тап адамдарымен (Көмеев,
Буланов, Медведев т.б) әр тұстағы қақтығыс, қайшылықтары кезектестіріле
көрсетіледі. Буқара өкілдерінің түрлі қиындық, ауырлық кездерінде шынығып,
ширай түскенін, бұрынғы күрес тәжірибесі жоқ, қарапайым адамдардың саналы
тартыскер болу процесін де аңғартуды жазушы мақсат еткен.
М.Дәулетбаев романында 1916 жыл оқиғасы едәуір анық та, ұтымды да
айтылған. Бай балаларының параның күшімен жасы өзгертіліп, олардың орнына
кедей улдарының қара жумысқа жіберілу суреттері шыншыл. Қызылжар - 1916
жылдың стихиялық көтерілісін алғаш кең әңгімелеген шығарманың бірі.
Қызылжардың әкелген тағы бір сонылығы еңбекші бұқара тобының қимыл,
іс-әрекетін суреттеуге умтылуда. Бұл февраль революциясынан кейінгі
тұстарды баяндағанда айқын көрінеді.
Дегенмен, Қызылжар романында дараланған, жан-жақты сомдалған
қаһармандар табылмайды. Мұнда оқиғалар да, кейіпкерлер де тым үзік-үзік
көрсетіледі. Автор неше алуан көріністерді асығыс тізбектестіріп, көбінше
жалаң баяндауға түседі. Іс-әрекеттердің себебі айтылмай, нәтижесі ғана
хабарланған тұстары жиі. Бұл романда соншама көп оқиғаны қамтығысы келген
автор эпизодтан эпизодқа тез ауысып, калейдоскоппен көрсеткендей, не
характерлер тарихына, не белгілі бір байланыстарды ашуға негіздеп
тоқталмайды. Қызылжарда 1916 жыл дүрбелеңінен, окоп өмірінен,
большевиктер, меныневиктер, қазақтар, алаштар, эсерлер, митингілер
суретінен елестер ғана бар.
Сонда да болса, Қызылжар романы кезінде жазушының осы үлкен тақырыпқа
жасаған батыл қадамы деп бағалау керек. Мұнда М.Дәулетбаевтың суреткерлік
өнерін таныта аларлықтай жекелеген шебер жазылған көріністер кездеседі.
Қызылжардың бойындағы жетістіктер мен кемшіліктер кейінгі романдар үшін
белгілі саты, тәжірибедей еді. Мәселен, прозаның сол тұстағы балаңдығына
байланысты туған кейбір жасанды оралымдар (Боран аш бөрі құсап улиды,
қалың орман     өкіреді,     т.б.)     будан     былайғы     шығармаларда
кездеспейді. Кейіпкерлердің тым көптігі, әрбір іс-әрекетке дәлелдеменің
аздығы Қызылжардың да, басқа шығармалар-дың да ортақ міні болатын.
Суреттелетін дәуірі дәл Қызылжарды еске салатын екінші роман Ілияс
Жансүгіровтің Жолдастары (1935). Бул шығарма кезінде қазақ романының
елеулі жетістіктерінен саналған. Жолдастардың қазіргі әдеби талғамы өскен
оқушыны да қызықтырарлық сипаттары жоқ емес. Біріншіден, романның тіл
байлығы ерекше көз тартады. Қазақ тілінің ересен қазынасы туңғыш рет үлкен
прозаға осы Жолдастар арқылы келгендей. Екіншіден, Жолдастарда
Қазақстандағы революциядан бұрынғы, 1916 жылғы, төңкеріс, азамат соғысы
тұстарындағы ауыл, қала өмірі алғаш рет, эпопеялық көлемде көрсетілген.
Роман кейіпкерлері бірде сахарада әрекет етсе, екіншісі жерде қалада, не
өзен порттарында күн кешіп жатады. Қала мен даланың байтақ оқиғаларын бір
роман көлемінде бейнелеуге ұмтылудың өзі соны құбылыс еді. Мұнда өмірден
зайыр байқалған талай-талай тартысты түйіндер бар. Оқиғалар мен
характерлерді өзінше алу жағынан да жазушы үлкен мәдениет, талғам
байқатады. Роман алдына қойылған негізгі нысана - қазақ еліндегі таптық,
әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстардың ақиқат ағысын көрсету, күрес,
шайқас үстінде еңбекшілер өкілдерінің шынығу процесін суреттеу, халықтың
стихиялық наразылыгы-ның Октябрь революциясының жеңісіне үласу жолдарыи
суреттеу болып табылады.
Жолдастар романында бұқараның алдыңғы қвтарлы өкілдерінің тұлғалары
жасалған. Объективтік өмірдін иірімдеріне түсіп, тіршілік қазанында
қайнаған, ақырында оңы мен солын танитын дәрежеге жеткен қазақ кедейлсріищ
иегі көрінеді. Олар: Сатан, Мәмет, Мардан, Нұраділ, ЧерХСі Қали т.б.
Бұлардың қай-қайсысы да саналы түрде саяси күреске түскендер емес, өмірдің
қаттысын, ащысын Квре жүріп есейгендер,   алдағы   қатал   сындарға  
төтеп   берерлік     боп бекігендер. Мәселен, романда неғұрлым көп
көрінетін кейіпкер Сатанның өсу эволюциясы едәуір жүйелі әңгімеленген. О
баста Шалматай байдың малшысы болып жалданған, тиісті ақысын да сұрауға
бара бермейтін, тап күресі дегеннен түсінігі жоқ, момын жігіт Сатан көп
оқиғаны бастан кешіріп, ысылып шығады. Сатанның да, басқа бұқара
өкіддерінің де бойынан ұнамды сипаттар табылады.
Жазушының роман көлемінде көрсетсем деген мәселесі тіпті  көп.  
Жолдастарда  кедейлер  мен байлар  арасының момілеге келмес қайшылығы да,
ел шонжарларының өзара қырбайлық   күндестіктері    де,    күштілерден   
зәбір    көріп, сахараны мекендеп, қарақшыга айналған батыр жігіттер жайы
да,  қазақтардың жұмыс  іздеп қалаларға,  өзен порттарына бяруы да,
жұмысшылардың таптық санасының өсу жолдары да,  1916 жылғы ұлт-азаттық
қозғалысының көріністері де, февраль революциясынан кейінгі аласапыран
ахуал да орын тепкен. Мұнда үстем тап өкілдерінің қарапайым адамдарды қанау
тәсілдері де шыншыл суреттелген. Қазақ әдебиетінде бұрын көп көрсетіле
қоймаған (билер соты, т.б.) түрлі өмір қатпарларының алынуы да жазушының
халық тіршілігін терең білгендігін танытады.
Дегенмен, роман өзінің шығар биігіне шықпаған. Оның бірінші жалпы
себебі - І.Жансүгіровтың өзге жазушылар секілді, роман жанрының бүге-
шігесін жете меңгеріп болмағандығынан, роман жасау дәстүрінің, шеберліктің
аздығынан. Осыдан барып романның құрылысы тым ыдыраңқы, оқиғалық
өрістеулері жеткілікті жүйеленбей, орталық кейіпкерлері жоиді іріктелмей
қалған. Романның төрт тарауының бір-бірімен байланысы әлсіз. Өмір шындығын
тамаша көркем, ақиқат бейнелейтін тұстар мен негізгі идеяға қызмет етпейтін
қосалқы, оқшау әңгімелер де толып жатыр.
Жолдастардың әрі жүйелі, әрі көркем шыққан бөлегі -бірінші тарау
(Бастау). Мұнда революция алдындағы қазақ ауылының бірталай құбылыстары
кейіпкерлер өміріне тікелей байланысты көрсетіледі. Әсіресе, қазақ
даласының жыртқыш билеушілерінің салт-санасы, мінез-қулқы кеңінен таныстыры-
лады. Бір елді бір өзі билеп турған Шалматай ауылының көп сырлары ашылады.
Сатан секілді кедей балаларын қанап үйренген Шалматай бойында қазақ
байларына тән, юртақ ерекшеліктер жинақталған. Шалматай өзіне терезесі тең
емес кедей адамдарды қалай табындыруды үйренген, әділетке емес, күшке
сүйенген қаранғы да қатал байлардың бірі. Ол, реті келсе, кедейлерді ғана
емес, өзінен әлсіздеу байларды да жутып қойғысы келеді. Бұған оның Досай
дейтіннен барымталап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістері
Көркем шығармадағы психологизм туралы мәлімет
Психологизм - көркем шығарманың жұлын жүйесі
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙНЕЛЕУДІҢ КӨП ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Көркем шығармадағы психологизм. Тарихи тақырыптағы қазақ романдары. Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер. (эссе) көркем шығармадағы психологизм.(реферат) тарихи тақырыптағы қазақ романдары
Т. Әлімқұлов шығармашылығындағы ұлттық психологизм
Төлен Әбдіков және қазақ әдебиеті
Қазақ әңгімелерінің дамуы мен психологизмі. Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі жанрлық-көркемдік ізденістер
Ә. Қоңыратбаев зерттеулеріндегі қазақ сөз өнерінің поэтикасы мәселелері
Пәндер