Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығы



Жоспар

Кіріспе

І тарау. ХVІ . ХVІІ ғасырлардағы Қазақ мемлекеті.
1.1. ХVІ . ХVІІ ғасырлардағы Орта Азия шайбанилармен және аштарханилермен қарым . қатынасы.
1.2. Тәуекел хан тұсындағы Қазақ мемлекетінің ішкі . сыртқы саясаты.

ІІ тарау. Тәуекел хан тұсындағы қазақ мемлекетінің әлеуметтік
экономикалық жағдайы.
2.1. Әлеуметтік топтар мен категориялары.
2.2. ХVІ . ХVІІ ғасырлардағы Қазақ халқының рухани мәдениеті.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе

Қазақ хандығының нығаюы, оның құрамында этникалық аумақтың бірігуі XVI ғасырдың басында Бұрындық және Қасым хандардың билік ету кезімен байланысты. Солардың тұсында мемлекеттік аумақ оның қазақтар мекендеген этникалық шекаралармен толық дерлік сәйкес болатындай етіп кеңейтілді Одан кейінгі уақытта мемлекеттік билік айтарлықтай құлдырап, қазақ хандарына қарасты аумақ қысқарады. Қазақтардың этникалық аумағының едәуір бөлігі көрші мемлекеттер билеушілерінің — батысында өз бодандарын Сары-су мен Сырдарияға дейін қоныстандырған ноғай мырзаларының және Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысы қазақтардын, жайылымдық жерлеріне үнемі шабуыл жасап тұрған жоңғар тайшыларының қол астына түседі. Сібір хандығының билеушілерімен әсіресе, XVI ғасырдың ортасында өз иеліктерін Қазақ даласының аумағына жылжытқан Орыс мемлекетімен қатынастар күрделі болды. XVI ғасырдың екінші жартысы Қазақ мемлекеті аумағының, бұрынғысы сияқты қазақтардың этникалық аумағы шегінде тағы да ұлғаюымен сипатталады, алайда оны толық біріктірген жоқ. XVI ғасырдағы сияқты, XVII ғасырда да мемлекеттікті нығайту және қол астындағы аумақты кеңейту проблемалары негізінен Оңтүстік Қазақстанның қалалары мен Жетісу жері үшін күреспен байланысты болды. Жетісу жері XVI ғасырда Шығыс Түркістанның моғол хандарынан және XVII ғасырда Жоңғар мемлекетінен ерекше көп қысымға ұшырады. Қазақ хандарының қазақ рулары мен тайпаларының жерлерін қорғау және қосу жөніндегі бұл күш-жігерінің бағыттылығын ең алдымен экономикалық себептермен түсіндіруге болады. Қазақстан даласының көшпелі халқы үшін Орта Азияның отырықшы-егіншілік аудандарымен шаруашылық байланыстарының, Сыр өңірі қалалары арқылы жүзеге асырылған байланыстардың зор маңызы бар еді. Жетісуда қазақ билеушілері өздерінің көшпелі бодандарының жерлерін қорғады.
Қазақтардың Түркістан (Сыр өңірі) қалалары үшін әуелі Темір ұрпақтарына, содан соң Мұхаммед Шайбани хан мен оның мирасқорларына қарсы екі ғасырға созылған күресі қазақ хандары тарапынан да, Мауараннахр билеушілері тарапынан да зор табандылығымен және қаталдығымен ерекше болды. Сыр өңірі қалалары қолдан қолға көшіп отырды. Қазақ хандарына бұл қалалар Шығыс Дешті Қыпшақта өз билігін нығайту үшін олардың ішкі талас-тартыстарға қарсы күресінде тірек пункттер ретінде керек болатын, ал өз жауларынан жеңіліс тапқан кезде олар сол қалалардың дуалдарына тығылып паналайтын. Бұл қалалар оларға өз қол астындағы хандықтың экономикалық күш-қуатын нығайту үшін орталықтар ретінде керек болды: осы қалалар арқылы Орта Азия мен Шығыс Түркістаннан далаға көшпелілерге керекті қолөнер мен егіншілік өнімдері әкелінетін, олар малын және мал өнімдерін осыларға әкеліп сататын. Қалалар әміршілерінің егіншілерден, қолөнершілерден алатын салық түсімдері және керуендері осы сауда орталықтары арқылы Орта Азияға жүріп өтетін саудагерлерден алынатын баж зор рөл атқарды. Қазақтар мекендейтін жерлердің тарихи қалыптасқан жағдайлары мен географиялық ерекшеліктері мынадай болатын: Сырдария алқабы, әсіресе Сырдарияның төменгі ағысы, Қаратау баурайлары олардың қысқы қоныстары орналасқан жерлер еді, ал оларды бұл аумақтың түйінді пункттері - қалаларды қолда ұстағанда ғана иелену мүмкін болатын. Осының бәрі қазақ билеушілерінің Сырдария қалалары үшін күресте табандылық көрсетуін түсіндіріп береді.
Мауараннахрдың билеушілері үшін бекіністері бар бұл аумақ әрқашанда Шығыс Дешті Қыпшақ көшпелілерінің шапқыншылығына қарсы қорғанысты шеп болып келді. Осы шекаралық мекендерге ие болып, оларға гарнизовдарын орналастыру арқылы олар көшпелілерді Мауараннахрдың отырықшы аймақтарына өткізбеуге тырысты.
Көршілес екі мемлекеттің, бір-біріне қарсы бағытталған осы агрессиялық ниеттері табан тірескен күреске әкеп соғып, онда бір жағының сәтсіздіктері оның жеңісімен алмасып және керісінше болып отырды. Екі ғасыр бойы қазақ билеушілерінің мерейі үстем болып, Оңтүстік Қазақстанның жері мен қалаларын уақытша болса да өз қолдарына қаратып алды.
Қалаларды иеленіп алу қазақ хандарын қырда да күшейтті. XVI ғасырда, әсіресе Қасым хан, Хақназар хан мен Тәуекел хан табысқа жетті, оның тұсында Түркістан қалалары ғана емес, сонымен қатар Ташкент те Қазақ хандығының құрамына қарады, Түркістан Қазақ хандығының астанасы болды.
Қазақ хандығының XVI ғасырда Орта Азиядағы Шайбани ұрпақтарынын мемлекетімен өзара қатынастары бұрынғысынша күрделі болып қала берді. Ол қатынастарға Сыр өңірі қалаларын иелену жолындағы ұзаққа созылған күрес негіз болды. Бұл ауданның қарастырылып отырған уақыттағы тарихы жалғыз осы күреспен анықталған жоқ. Орта ғасырлардағы Қазақстан халқы көршілес Орта Азияның отырықшы-егінші халқымен бейбіт қарым-қатынастар орнатты. Тату көршілік қатынастар бейбіт экономикалық байланыстар арқылы жасалды. Көрші халықтардың экономикалық укладының мазмұны мен ерекшеліктері олардың бір-бірімен тығыз араласуын қажет етті. Қазақтар, көшпелілер көбінесе қалалық қолөнер кәсіпшілігінің бұйымдарымен және отырықшы егіншілер еңбегінің өнімдерімен жабдықтауды қажет етті, өз кезегінде олар артық малы мен көшпелі мал шаруашылықта өндірілген өнімдерін өткізуге мұқтаж болды. Қазақстан мен Орта Азияның көршілес аймақтары халықтарының шаруашылық, сауда байланыстары өзара мүдделілікке негізделген дағдылы құбылыс еді.
Шаруашылық байланыстар мәдени алмасуға, материалдық мәдени тұрмыс элементтерін, шаруашылық дағдыларын, әдет-ғұрыпты, зандарды қоғамдық өмір укладын, мемлекеттік құрылыс нысандарын, әскери өнер және т.б. алмасуға жетеледі. Қазақстан мен Орта Азияның көшпелі және отырықшы халқының орта ғасырларда шаруашылық және мәдени байланыстар жасауға өзара мүдделі болғаны сауда керуендері туралы, товарлар ал қажеттігі туралы айтылған деректемелерде көрініс тапқан. Өзінің саяси мақсаттарына бола халықтың бейбіт сауда байланыстарын үзуге ұмтылған Мұхаммед Шайбани ханның нысаналы саясаты туралы ибн Рузбихан Исфаханидің мәліметтері бірқатар деректер келтіреді. Өзбек және қазақ хандары әскерлерінің өзара шапқыншылықтары бейбіт шаруашылық байланыстарды бұзды, өз мемлекеттерінде шаруашылықтың дамуына тежеу жасап мемлекеттердің өздерінің тұрақтылығын әлсіретті. Осы толассыз соғыста сол бейбіт байланыстар жүзеге асырылған және соғыс қимылдары жүргізілге ауданның экономикалық жағдайына - Оңтүстік Қазақстанның Сырдария дағы қалалары ауданының жағдайына өте қолайсыз әсер етіп отырды.
Түркістан аймағына ие болу қазақ хандарының аймақ көшпелілері арасындағы билігінің ұлғаюы мен нығаюына да жәрдемдесті.
Кейін, қазақ хандары XVI ғасырдың аяғында Сырдария қалаларында орнығып алған кезде, олардың Сырдариядағы иеліктері - Түркістан, Сайрам, Отырар, Сығанақ қалалары мен басқалары, сондай-ақ Ташкент олардың Орта Азия билеушілерінің істеріне белсене араласуы үшін даулы мекендер болды. Ал ғасырдың бас кезінде Түркістан аймағында қазақтарға мейлінше белсенді қарсы әрекет жасаған Мауараннахрдың жаңа билеушісі Мұхаммед Шайбани хан болды. Ол қазақтардың Түркістан қалаларына ілгерілеуіне әскери және экономикалық шаралар арқылы барынша қарсы әрекет жасауға, сол арқылы осы аумақтағы өз иеліктерін қорғауға, ең бастысы — оларды Мауараннахрға өткізбеуге тырысты. Шайбани хан қазақтардың Түркістан мен Мауараннахрға өтуіне жол бермеу жөнінде қолданған шаралар өз қарсыластарын экономикалық жағынан да, саяси жағынан да әлсіретуге бағытталды. Мұхаммед Шайбани ханды осы шараларды қолдануға мәжбүр еткен экономикалық себептерді Ибн Ру збихан Исфахани өз шығармасында былай деп егжей-тегжейлі түсіндіреді: «Қазақтар әшекей заттарды, береке-байлықты, қару-жарақ заттарын, өзбектердің артықшылықтарын көзбен көргенде, осы берекені көру оларды өзбектермен соғыс және қырқыс жолына түспекші болған шешімге әкеп салып, бұл елдерді жаулап алу тілегін туғызбасын, оларды осы әшекей заттар мен тәтті тағамдарды иелену үшін қындарынан жауыздық пен қырғын-сүргін семсерлерін суырмасын, сол кезде оларды қуып шығу өте қиын болады... Демек, екі жақ арасында араласушылық пен қандай да болсын қарым-қатынастық үзіліп, олардың, қазақтардың, бұл жерлерді кезіп жүрген іздерінің мүлде жойылғаны жақсы. Аса мәртебелі ұлы хан қазақтардың Түркістан мен Мауараннахр елдеріне келіп тұруына тыйым салу жөніндегі пікірді өте даналықпен баяндады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Левшин А. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и
2. Бартольд В. В. Киргизы. Соч, М., 1963, т. 2, ч. 1,516-6.
3. Шах Махмуд Ибн Фазил Чурас. Хроника. М., 1976,267-6.
4. Юдин В. П. Встурительная статья к «Тарих-и Кашгар». - Мына кіт.: МИКХ, 406 б.
5. Акимушкин О. Ф. К вопросу о внешнеполитическихсвязях Могольского государства с узбеками и казахами в 30-х гг. XVI в. - 60-х гг. XVII вв. – Палестинский сборник. М.-Л., вып. XXI, 233-242-6.
6. Тизенгаузен В. Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды: Извлечения из персңдских сочинений. М.-Л., 1941, т. 2,212-6.
7. Велышинов-ЗерновВ. В. Исследование о Касимовских царях и
8. Хасан-бек Румлу. Ахсан ат-таварих. Рук. ГПБ им. Салтыкова-Щедрина, каталг Б.А.Дорна, №287.
9. Қазақ - Герат әміршісі Мұхаммад хан Шараф ад-дин оғлы (хижра бойынша 964 жылы — б. з. 1558 жылы өлген) ұлы. Ол өлгеннен кейін шах Тахмаси оның ұлы Қазаққа билеуші - граф лауазымын берген (қараңыз: Ахсан ат-таварих, л. 38 а).
10. Ахсан ат-таварих, № 38 а.
11. Английские путешественники в Московском государстве в XVI в. Л., 1937,135-6.
12. Махмуд ибн Вали. Бахр ал-асрар, Іndia office, № 575, л. 82 а.
13. Продолжение древней российской вивлиофики. СПб., 1793, ч. VI, 29-30-6
14. РычковЛ. И. История Оренбургская. Оренбург, 1896, 69-6.
15. РычковЛ. И. Топография Оренбургской губернии 1862. Оренбург, 1887, 225-6.
16. Продолжение древней Российской вивлиофики, XI, 186-6.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығы.

Жоспар

Кіріспе
І тарау. ХVІ – ХVІІ ғасырлардағы Қазақ мемлекеті.
1.1. ХVІ – ХVІІ ғасырлардағы Орта Азия шайбанилармен және аштарханилермен
қарым – қатынасы.
1.2. Тәуекел хан тұсындағы Қазақ мемлекетінің ішкі – сыртқы саясаты.

ІІ тарау. Тәуекел хан тұсындағы қазақ мемлекетінің әлеуметтік
экономикалық жағдайы.
2.1. Әлеуметтік топтар мен категориялары.
2.2. ХVІ – ХVІІ ғасырлардағы Қазақ халқының рухани мәдениеті.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қазақ хандығының нығаюы, оның құрамында этникалық аумақтың бірігуі XVI
ғасырдың басында Бұрындық және Қасым хандардың билік ету кезімен
байланысты. Солардың тұсында мемлекеттік аумақ оның қазақтар мекендеген
этникалық шекаралармен толық дерлік сәйкес болатындай етіп кеңейтілді Одан
кейінгі уақытта мемлекеттік билік айтарлықтай құлдырап, қазақ хандарына
қарасты аумақ қысқарады. Қазақтардың этникалық аумағының едәуір бөлігі
көрші мемлекеттер билеушілерінің — батысында өз бодандарын Сары-су мен
Сырдарияға дейін қоныстандырған ноғай мырзаларының және Қазақстанның шығысы
мен оңтүстік-шығысы қазақтардын, жайылымдық жерлеріне үнемі шабуыл жасап
тұрған жоңғар тайшыларының қол астына түседі. Сібір хандығының
билеушілерімен әсіресе, XVI ғасырдың ортасында өз иеліктерін Қазақ
даласының аумағына жылжытқан Орыс мемлекетімен қатынастар күрделі болды.
XVI ғасырдың екінші жартысы Қазақ мемлекеті аумағының, бұрынғысы сияқты
қазақтардың этникалық аумағы шегінде тағы да ұлғаюымен сипатталады, алайда
оны толық біріктірген жоқ. XVI ғасырдағы сияқты, XVII ғасырда да
мемлекеттікті нығайту және қол астындағы аумақты кеңейту проблемалары
негізінен Оңтүстік Қазақстанның қалалары мен Жетісу жері үшін күреспен
байланысты болды. Жетісу жері XVI ғасырда Шығыс Түркістанның моғол
хандарынан және XVII ғасырда Жоңғар мемлекетінен ерекше көп қысымға
ұшырады. Қазақ хандарының қазақ рулары мен тайпаларының жерлерін қорғау
және қосу жөніндегі бұл күш-жігерінің бағыттылығын ең алдымен экономикалық
себептермен түсіндіруге болады. Қазақстан даласының көшпелі халқы үшін Орта
Азияның отырықшы-егіншілік аудандарымен шаруашылық байланыстарының, Сыр
өңірі қалалары арқылы жүзеге асырылған байланыстардың зор маңызы бар еді.
Жетісуда қазақ билеушілері өздерінің көшпелі бодандарының жерлерін қорғады.
Қазақтардың Түркістан (Сыр өңірі) қалалары үшін әуелі Темір
ұрпақтарына, содан соң Мұхаммед Шайбани хан мен оның мирасқорларына қарсы
екі ғасырға созылған күресі қазақ хандары тарапынан да, Мауараннахр
билеушілері тарапынан да зор табандылығымен және қаталдығымен ерекше болды.
Сыр өңірі қалалары қолдан қолға көшіп отырды. Қазақ хандарына бұл қалалар
Шығыс Дешті Қыпшақта өз билігін нығайту үшін олардың ішкі талас-тартыстарға
қарсы күресінде тірек пункттер ретінде керек болатын, ал өз жауларынан
жеңіліс тапқан кезде олар сол қалалардың дуалдарына тығылып паналайтын. Бұл
қалалар оларға өз қол астындағы хандықтың экономикалық күш-қуатын нығайту
үшін орталықтар ретінде керек болды: осы қалалар арқылы Орта Азия мен Шығыс
Түркістаннан далаға көшпелілерге керекті қолөнер мен егіншілік өнімдері
әкелінетін, олар малын және мал өнімдерін осыларға әкеліп сататын. Қалалар
әміршілерінің егіншілерден, қолөнершілерден алатын салық түсімдері және
керуендері осы сауда орталықтары арқылы Орта Азияға жүріп өтетін
саудагерлерден алынатын баж зор рөл атқарды. Қазақтар мекендейтін жерлердің
тарихи қалыптасқан жағдайлары мен географиялық ерекшеліктері мынадай
болатын: Сырдария алқабы, әсіресе Сырдарияның төменгі ағысы, Қаратау
баурайлары олардың қысқы қоныстары орналасқан жерлер еді, ал оларды бұл
аумақтың түйінді пункттері - қалаларды қолда ұстағанда ғана иелену мүмкін
болатын. Осының бәрі қазақ билеушілерінің Сырдария қалалары үшін күресте
табандылық көрсетуін түсіндіріп береді.
Мауараннахрдың билеушілері үшін бекіністері бар бұл аумақ әрқашанда
Шығыс Дешті Қыпшақ көшпелілерінің шапқыншылығына қарсы қорғанысты шеп болып
келді. Осы шекаралық мекендерге ие болып, оларға гарнизовдарын орналастыру
арқылы олар көшпелілерді Мауараннахрдың отырықшы аймақтарына өткізбеуге
тырысты.
Көршілес екі мемлекеттің, бір-біріне қарсы бағытталған осы агрессиялық
ниеттері табан тірескен күреске әкеп соғып, онда бір жағының сәтсіздіктері
оның жеңісімен алмасып және керісінше болып отырды. Екі ғасыр бойы қазақ
билеушілерінің мерейі үстем болып, Оңтүстік Қазақстанның жері мен қалаларын
уақытша болса да өз қолдарына қаратып алды.
Қалаларды иеленіп алу қазақ хандарын қырда да күшейтті. XVI ғасырда,
әсіресе Қасым хан, Хақназар хан мен Тәуекел хан табысқа жетті, оның тұсында
Түркістан қалалары ғана емес, сонымен қатар Ташкент те Қазақ хандығының
құрамына қарады, Түркістан Қазақ хандығының астанасы болды.
Қазақ хандығының XVI ғасырда Орта Азиядағы Шайбани ұрпақтарынын
мемлекетімен өзара қатынастары бұрынғысынша күрделі болып қала берді. Ол
қатынастарға Сыр өңірі қалаларын иелену жолындағы ұзаққа созылған күрес
негіз болды. Бұл ауданның қарастырылып отырған уақыттағы тарихы жалғыз осы
күреспен анықталған жоқ. Орта ғасырлардағы Қазақстан халқы көршілес Орта
Азияның отырықшы-егінші халқымен бейбіт қарым-қатынастар орнатты. Тату
көршілік қатынастар бейбіт экономикалық байланыстар арқылы жасалды. Көрші
халықтардың экономикалық укладының мазмұны мен ерекшеліктері олардың бір-
бірімен тығыз араласуын қажет етті. Қазақтар, көшпелілер көбінесе қалалық
қолөнер кәсіпшілігінің бұйымдарымен және отырықшы егіншілер еңбегінің
өнімдерімен жабдықтауды қажет етті, өз кезегінде олар артық малы мен
көшпелі мал шаруашылықта өндірілген өнімдерін өткізуге мұқтаж болды.
Қазақстан мен Орта Азияның көршілес аймақтары халықтарының шаруашылық,
сауда байланыстары өзара мүдделілікке негізделген дағдылы құбылыс еді.
Шаруашылық байланыстар мәдени алмасуға, материалдық мәдени тұрмыс
элементтерін, шаруашылық дағдыларын, әдет-ғұрыпты, зандарды қоғамдық өмір
укладын, мемлекеттік құрылыс нысандарын, әскери өнер және т.б. алмасуға
жетеледі. Қазақстан мен Орта Азияның көшпелі және отырықшы халқының орта
ғасырларда шаруашылық және мәдени байланыстар жасауға өзара мүдделі болғаны
сауда керуендері туралы, товарлар ал қажеттігі туралы айтылған
деректемелерде көрініс тапқан. Өзінің саяси мақсаттарына бола халықтың
бейбіт сауда байланыстарын үзуге ұмтылған Мұхаммед Шайбани ханның нысаналы
саясаты туралы ибн Рузбихан Исфаханидің мәліметтері бірқатар деректер
келтіреді. Өзбек және қазақ хандары әскерлерінің өзара шапқыншылықтары
бейбіт шаруашылық байланыстарды бұзды, өз мемлекеттерінде шаруашылықтың
дамуына тежеу жасап мемлекеттердің өздерінің тұрақтылығын әлсіретті. Осы
толассыз соғыста сол бейбіт байланыстар жүзеге асырылған және соғыс
қимылдары жүргізілге ауданның экономикалық жағдайына - Оңтүстік
Қазақстанның Сырдария дағы қалалары ауданының жағдайына өте қолайсыз әсер
етіп отырды.
Түркістан аймағына ие болу қазақ хандарының аймақ көшпелілері
арасындағы билігінің ұлғаюы мен нығаюына да жәрдемдесті.
Кейін, қазақ хандары XVI ғасырдың аяғында Сырдария қалаларында орнығып
алған кезде, олардың Сырдариядағы иеліктері - Түркістан, Сайрам, Отырар,
Сығанақ қалалары мен басқалары, сондай-ақ Ташкент олардың Орта Азия
билеушілерінің істеріне белсене араласуы үшін даулы мекендер болды. Ал
ғасырдың бас кезінде Түркістан аймағында қазақтарға мейлінше белсенді қарсы
әрекет жасаған Мауараннахрдың жаңа билеушісі Мұхаммед Шайбани хан болды. Ол
қазақтардың Түркістан қалаларына ілгерілеуіне әскери және экономикалық
шаралар арқылы барынша қарсы әрекет жасауға, сол арқылы осы аумақтағы өз
иеліктерін қорғауға, ең бастысы — оларды Мауараннахрға өткізбеуге тырысты.
Шайбани хан қазақтардың Түркістан мен Мауараннахрға өтуіне жол бермеу
жөнінде қолданған шаралар өз қарсыластарын экономикалық жағынан да, саяси
жағынан да әлсіретуге бағытталды. Мұхаммед Шайбани ханды осы шараларды
қолдануға мәжбүр еткен экономикалық себептерді Ибн Ру збихан Исфахани өз
шығармасында былай деп егжей-тегжейлі түсіндіреді: Қазақтар әшекей
заттарды, береке-байлықты, қару-жарақ заттарын, өзбектердің артықшылықтарын
көзбен көргенде, осы берекені көру оларды өзбектермен соғыс және қырқыс
жолына түспекші болған шешімге әкеп салып, бұл елдерді жаулап алу тілегін
туғызбасын, оларды осы әшекей заттар мен тәтті тағамдарды иелену үшін
қындарынан жауыздық пен қырғын-сүргін семсерлерін суырмасын, сол кезде
оларды қуып шығу өте қиын болады... Демек, екі жақ арасында араласушылық
пен қандай да болсын қарым-қатынастық үзіліп, олардың, қазақтардың, бұл
жерлерді кезіп жүрген іздерінің мүлде жойылғаны жақсы. Аса мәртебелі ұлы
хан қазақтардың Түркістан мен Мауараннахр елдеріне келіп тұруына тыйым салу
жөніндегі пікірді өте даналықпен баяндады.
І тарау. ХVІ – ХVІІ ғасырлардағы Қазақ мемлекеті.

1.1. ХVІ – ХVІІ ғасырлардағы Орта Азия шайбанилармен және
аштарханилермен қарым – қатынасы.

Мұхаммед Хайдардың айтуына қарағанда, Қасым хан өлгеннен кейін таққа
оның ұлы Мамаш отырған. Бұл ханның билеу оқиғалары бізге мәлім емес. Мамаш
хан көрсоқыр, түсініксіз соғыстың құрбаны болған: ол шайқастардың бірінде
жауынгерлік жарақтарының ауыр болуы салдарынан тұншығып өлген. Оны Қамаш
хан деп атайтын, Хайдар Разидің мәліметтеріне қарағанда, бұл 9281522 жылы
болған.
Мамаш (Мумаш, Қамаш) хан өлгеннен кейін Қазақ хандығында тағы да үлкен
алауыздық басталды: Дешті Қыпшақтың қазақ ретінде белгілі сұлтандары бір-
бірімен көп соғысты. Ақыр-соңында Жәнібек ханның ұлы Әдік (Әтік, Әйтік)
сұлтанның ұлы Тахир сұлтан хан болып жарияланды. Бұл оқиға кеш дегенде
9301523-24 жылдарда болған, Тахир сол кезде-ақ хан аталған.
Тахир ханның немере ағасы Қасым сияқты ықпалы болған жоқ. Ол асқан
қатігездігімен ерекше болды және оның дипломатиялық та, әскери де таланты
жоқ еді, мұны оның талай рет соғыста жеңіліс тауып, дипломатиялық
сәтсіздікке ұшырағаны дәлелдейді. Хан қабылдаған сыртқы және ішкі саяси
бағыт хандыққа да, Тахирдың өз тағдырына да апатты әсер етті. XVI ғасырдың
басында Қазақ хандығынын, асқақтай көтерілуінің ізінше қасіретті де
аласапыран жылдар басталды.
1525-26 жылдың қысындаТахир (сірә, өзі жеңіліс тапқаннан кейін болса
керек) Моғолстанға барып, Қашқарға жақын жерге қосынын орналастырды оған
жақын маңайдағы қырғыздардың жартысы қосылды. Саидханның ұлы Рашид сұлтан
Тахирдан қауіптеніп, қыс ортасында Қошқардан Ат-Баши-ге кетіп қалды. Бұл
хабар жоғары мәртебенің құлағына тиген кезде Сұлтан Саид ханның өзі 1526
жылғы қыстың аяғында Қашғардан Ат-Баши-ге аттанды. Көктемде Тахир бастаған
қазақтар Моғолстанның шығыс жағына кетіп, Хасс пен Кункаш маңына орналасты.
Сонда Саид хан болашақтағы Тарих-и Рашиди авторы Мырза Хайдарға өтініш
жасап, оған: Моғолстанға барып, менің аса құрметті апайым Сұлтан-Нитар
ханымға (Тахир ханның өгей шешесі. —Ред.) бар, ол мені мен Тахир ханның
арамызға түсіп, істі достықпен жолға қойсын, — деді. Мен Жаркентке барып,
- деп жазады Мырза Хайдар, — ханымды өзіммен бірге Моғолстанға апардым.
Саид хан Ақсайда болатын. Бұл келіссөздің нәтижелері туралы хабарлар жоқ.
Саид хан қырғыздарды жазаламақшы болып, оларға қарсы аттанды. Көп кешікпей
Ақ-Құяшқа жетті; хан Рашид сұлтан мен Мырза Хайдар бастаған әскерді
қырғыздар орналасқан Арышларға жіберді. Сол жерге келгенде моғолдар өлі
адамдар мен көптеген аттардың өліктерін көрді, сөйтіп осыдан бірнеше күн
бұрын бұл жерде үлкен шайқас болып, қырғыздардың Құсаннан келген Бабашақ
сұлтанның қосынын талқандағанын анықтады. Одан әрі жүргенде моғолдар
қырғыздардың 100 000 - ға жуық қойын тауып, оны айдап әкетті, соның
салдарынан жорық халық арасында қой үшін жорық (қой-черики) деп аталып
кетті.
Осы оқиғалардан кейін көп ұзамай моғолдар Оңтүстік-Шығыс Қазақстан
мақаласында оларға сондаи-ақ Абд ар-Рашид хан мен оның мирасқорлары билік
еткен кездеп қазақтардың моғолдармен өзара қатынастарына талдау жасалған.
ХV-ХVIII ғасырлардағы Қазақ хандықтарының тарихы жөніндегі материалдарға
кіріспе мақала-анықтамалары мен ескертулерінде осы бағалы жинақты
құрастырушылар тобы жетекшілерінің бірі В. П. Юдин XVI ғасырдың 30-50-
жылдарындағы қазақ-моғол өзара қатынастары туралы бірқатар маңызды пікірлер
айтқан.
Қолда бар деректемелер мен зерттеулер бойынша XVI ғасырдың 30-50-
жылдарындағы қазақтардың моғолдармен өзара қатынастары мынадай түрде болып
көрінеді.
О. Ф. Акимушкин бірқатар тарихи фактілерге сүйене отырып, моғолдардың
қазақтармен және қырғыздармен бұл шайқасын 9591551—52 және 9631555-56
жылдар аралығындағы кезеңге жатқызады және барлық деректемелер хабарлары
үшін мынадай ұқсас элементтерді белгілейді: 1) Абд ар-Рашид ханның жорығы
ұлының қаза табуына байланысты жасалған; 2) шайқас Моғолстанның бір жерінде
болған; 3) моғолдар жеңіске жеткен; 4) қазақтар мен қырғыздардың біріккен
күштері жеңіліс тапқан; 5) бұл күштерді қазақ хандары (Хақназар немесе
Бұйдаш) басқарған.
Сонымен, жаңа қақтығыс болып, қазақтар моғолдардан тағы жеңілген. Айта
кетелік, Жетісуда қазақтар моғолдармен ғана емес, сонымен қатар сол кезге
қарай батысқа едәуір ілгерілеген қалмақтармен де қақтығысқа түскен. Жетісу
қазақ әміршілерінің қолына кешкенге дейінгі жалпы қазақ-қалмақ
қатынастарына келетін болсақ, олардан бізге белгілісі шамалы. Қазақ
хандығын ол құрылған алғашқы кезеңнен бастап қалмақтардан көршілес
Моғолстан қорғап тұрды және оңтүстік-шығыстан жасалған сыртқы соққылардың
бәрі моғолдарға тиіп жатты. Бірақ мұндай жағдай біршама қысқа уақытқа
созылды. Қазақ әміршілерінің қалмақтармен тікелей қақтығыстары туралы
жанама деректер, сірә XVI ғасырдың 20-жылдары біз қазақ ханы Тахирдың
қалмақтарға тойтарыс беру үшін бір таудың етегінде Жатан бекінісін
салғанын айтып отырмыз, ол жөнінде өзінің мемуарларында Зайн ад-дин Васифи
сөз арасында айта кетеді. Қалмақтар мен қазақтардың соғыс қимылдарын
неғұрлым толық суреттеуді XVI ғасырдағы шығарманың авторы Сейфиден
кездестіреміз, бірақ олар XVI ғасырдың 50-жылдарына қатысты. Бұл
мәліметтерді ешкім толық келтірген емес, В. В. Бартольдтте олар туралы
айтылып өтеді. Осыған байланысты біз В. В. Бартольдтің жазғандарын аударып
келтіріп отырмыз. Қашғар өлкесінің екінші жағында қазақ деп аталатын тайпа
орналасты. Олар көшпелілер, оларда қалалар да қыстақтар да жоқ. Олардың
саны жүз мың әулет бойынша екі есе болады. Олардың Тәуекел деген хны бар.
Қазақтар бір жолы шапқыншылық жасап қалмақтар иеліктерінің бір бөлігін
талап-тонап қайтты. Бұл жөнінде қалмақтардың жетекшісіне жеткізілді. Ол өз
уәзірлерінің біреуін қазақтарды қууға жіберіп: Қалайда Тәуекелдің басын
алып қайт немесе өз басыңды әкел - деп әмір берді. Ол қазақтардың ізімен
жүріп отырып, Тәуекелдің жұрты болған жерге келді. Тәуекел қалмақтардың көп
әскерін көріп, қандай қарсыласуды да пайдасыз деп тауып, Ташкент жағына
қашты. Қалмақтар оны өкшелей отырып, Ташкент төңірегіне дейін жетті де, оны
қуып жетіп, әскерінің жартысын қырып жіберді. Тәуекел қалған адамдарының
бірсыпырасымен бірге Ташкентке қашып барды. Жұрттың айтуынша, Ташкент
ертеде Афрасиабтың астанасы болған; бұл— өте үлкен өлке. Ол кезде
Ташкенттің билеушісі лақап аты Барақ хан деп аталатын Наурыз Ахмет хан
болатын; ол Шыңғыс ұрпақтарынан шыққан. Қысқасы, Тәуекел Ташкентке қашып
барып, қалмақтар оның елін талап-тонап, өз еліне қайтып оралған. Тәуекел
Барақ ханға былай деп адам жіберген: Мен келіп, өзімді сенің қорғауыңа
бердім. Біздің екеуіміз де Шыңғыс ұрпағымыз, туыстық жағынан байланыстымыз.
Оның үстіне біздің екеуіміз де мұсылманбыз, дініміз бір. Маған көмек
көрсет, сонда біз бірге аттанамыз да, әлгі кәпірлерден өш аламыз. Барақ
хан оған (мынадай) жауап қайтарды: Егер мені мен сен сияқты он хан бірге
біріксек те, олар қарама-қарсы тұра алады, өйткені олар - йаджудж тайпасы.
Шын мәнінде де олар бүкіл санының көптігімен йаджудж тайпасына ұқсайды, —
деп жазады Сейфи және одан әрі қалмақтардың әдет-ғұрпын сипаттайды.
Бұл әңгімеде Алтын хан мен Барақ ханның аталуын ескере отырып, бұл
оқиғаның мерзімін 1552-1556 жылдар аралығындағы кезең, яғни қалмақтардың
тумет жетекшісін бағындырғанынан Ташкент билеушісі қайтыс болғанға дейінгі
кезең деп белгілеу керек. Алайда Тәуекел 1580 жылдың өзінде, Шараф-наме-ий
шахиді шығарушының айтуынша, өзбек ханы Абдолланың қызметші сұлтандары
арасында жүрген. Ол қазақтарға ерте дегенде 1583 жылы хан болған. Бұл
жағдайда қалмақтардың талқандауына ұшыраған Тәуекел ханның ұлысы емес, жас
(шынына келгенде, тіпті жасөспірім) Тәуекел сұлтанның ұлысы. Алайда бұл
арада басқа бір ықтималдылыққа жол беруге болады. Осман авторы Сейфи
Челебидің шығармасы 1590 жылы жазылған: Сейфидің өзі жазып отырған елдеріне
саяхат жасамаған және оның мәліметтері көпестер мен саяхатшылардың тек қана
ауызекі айтқандарына негізделген деп саналады. Былай да болуы мүмкін: Сейфи
XVI ғасырдың 50-жылдарында болған оқиғаларды өз заманындағы қазақ, ханы
Тәуекелдің есімімен байланыстырған (оның мына сөздерін қараңыз: Олардың
Тәуекел деген ханы бар. Қазақтар бір жолы шапқыншылық жасап...), ал шынына
келгенде қалмақтарға қарсы әскер бастап, Барақтан әскери көмек сұраған
басқа бір қазақ ханы (Бұйдаш? Хақназар?) болуы мүмкін.
Сонымен, Жетісуға орналасып алған қазақ әміршілері қазақ тайпаларының
қырғыздармен саяси бірігуінің негізін қалаған, мұны Тахир хан әскерінін,
құрамы да, Рашид ханның қазақ әміршілеріне қарсы жорықтарының барлық дерлік
суреттемелерінде қазақтармен қатар қырғыздардың аталуы да дәлелдейді.
Жетісудың қазақ хандарының қолына көшуі мен олардың қырғыздармен одағы
қазақ және моғол билеушілерінің арасындағы одан кейінгі қатынастарды
анықтап берді. Бұрынғы дәстүрлі бейбіт қатынастар тұрақты соғыс
қақтығыстарымен алмасты: шайбанилермен одақтаса отырып, Абд ар-Рашид хан
қазақтар мен қырғыздар отырған Жетісу мең Ыстықкөл өңірінде өз билігін
нығайту үшін бірқатар жорықтар жасады. Алайда моғол ханының шайбанилермен
одағы және олардың қазақтар мен қырғыздарға қарсы бірлескен соғыс қимылдары
Жетісуда моғолдар билігін қалпына келтіруге жеткізбеді, ең жақсы дегенде
Рашид хан қазіргі Қырғызстан аумағына тікелей жапсарлас жатқан аудандарды
ғана өзінің ықпал өрісіне айналдыра алды, алайда, кейіннен олардан да
айрылды, сөйтіп онда қазақтармен бірлесе қимылдауын жалғастырған қырғыз
тайпалары біржола орнығып қалды.
Ол кезде қазақтар мен қалмақтар арасындағы соғыс қимылдары
кейінгісіндегі сияқты әлі де ұйымдасқан соғыс сипатында болған жоқ, ал
кейін қазақтардың Жетісу өлкесін иелену үшін қалмақтарға қарсы табанды да
қан төгіскен күрес жүргізуіне тура келді: алдыңғы кезендерде бұлар шынына
келгенде тонаушылық шапқыншылықтар болған еді. Алайда сол жылдардың өзінде-
ақ жоңғарлардың шабуылдары кейде қазақ әміршілерін көрші билеушілер
арасынан күшті қамқоршы іздестіруге мәжбүр етті, сайып келгенде, шайбанилер
сондай қамқоршылар болды. Сірә, күшті үш дұшпанға — моғолдарға, өзбектерге,
қалмақтарға қарсы жападан-жалғыз қалудың нақ күйінішті келешегі мен үш
майданда бірдей ұзаққа созылған күрес жүргізу қатері қазақ әміршілерін XVI
ғасырдың екінші жартысында Мауараннахрдың өзбек әміршілері жағында
қимылдауға мәжбүр еткен болса керек.
Мырза Мұхаммед Хайдар Дулаттың қазіргі Қырғызстан аумағында Шағатай
ұрпағы Абд ар-Рашидтің қазақтарды құртып жібергені, содан кейін бейнебір
бұл халықтың аты жойылып кеткені туралы хабары Қазақ одағының ХVІ ғасырдың
екінші жартысынан бастап Хақназар хан тұсында қайтадан түледі деп
пайымдауға негіз берді. Мұны XVI ғасырдың орта шеніндегі қазақтардың тарихы
жөніндегі деректемелерде еш мәліметтердің айтылмауымен түсіндіруге болады.
Сондықтан бұл кезеңдегі қазақ хандығының тарихы осы кезге дейін толық
анықталған жоқ. Осының бәрі тарихнамада Қазақ одағының қайта түлеуі
туралы мәселе қоюға түрткі болды. Біздің ойымызша, бұл одақ қайта түледі
деген пікір қате.
Қазақтар мүлдем құрып кетті дегенде, Мүхаммед Хайдар, сірә, Тахир мен
оның бауыры Бұйдаштың иеліктерін ғана айтса керек. Жами ат-таварихтың
(Шежірелер жинағы) авторы жалайыр Қадырғали бидің мәліметтеріне
қарағанда, ол елде Бұйдаштан басқа ұсақ хандар болған, олардың есімдері дәл
мәлім емес. Сол кездегі, хижра бойынша 940-944 жылдардағы (біздің
заманымыздын, 1535—1538.жж.) хан атағы болған қазақ сұлтандары арасында
деректемелерде Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар хан, Наурыз-Ахмет хан
айтылады.
Ноғайларда болып қайтқан мемлекеттік елші Данила Губиннің 1535 жылғы
хатында былай деп хабарланған: Ал қазақтар, Патша ағзам, өте күшті деседі,
Патша ағзам, Ташкентпен және Ташкент ханзадаларымен соғысты деседі, олармен
екі рет шайқасты, қазақтар оларды талқандады деседі. Данила Губин 1535
жылғы 2-мамырдағы басқа бір хатында былай деп жазған: Ал Патша ағзам,
қазақтар күшті, оларға қалмақтар да берілді деседі, ал Ших Мамай мен Жүсіп
және олармен бірге көшіп жүрген өзге де мырзалар Жайықтың арғы жағындағы
Жем өзенінде күзетте тұр, бүкіл қыс бойы қазақ ордасынан қорғанады.
Қазақтардың 1537 жылы ерекше ауыр жеңіліске ұшырағаны мәлім, онда
Тахирдің бауыры Тоғым ханмен бірге 37 сұлтан қаза тапқан еді. Олардың қаза
тапқанын Жами ат-таварих авторы Қадырғали би ғана хабарлайды. Қадырғали
бидің шайқас болған мерзімді де, қарсыластар мен жеңімпаздардың есімдерін
де келтірмейтіні себепті бұл хабар кейіннен түрліше түсініктер туғызды.
Мәселен, В. В. Вельяминов-Зернов Тоғым хан шағатпен шайқаста қаза тапқан
деген пікір айтқан; ол шағат деген сөзді шағатай деген сөздің
қысқартылған нұсқасы деп қарастырған. Сонымен, зерттеуші Тоғым хан Шағатай
ұрпақтарымен шайқаста қаза тапқан деген қорытындыға келген; ал XVI ғасырда
Шағатай ұрпақтары Шығыс Түркістанды ғана иелік еткендіктен, ол Тоғым ханның
шайқасьш 1537 жылғы қазақ-моғол шайқасы деп санаған. Бұл оқиғаны В. В.
Бартольдте 1537 жылғы қазақ-моғол шайқасынажатқызған. В. П. Юдин шағат
деп халықты түсіну керек, Тоғым хан (оның көшіп жүретін жері, тегінде,
Сібірмен шектес болса керек) солармен шайқаста қаза тапқан деп санаған.
Алайда О. Ф. Акимушкиннің пікірі бойынша, Шағат — белгілі бір жер, сөйтіп
ол Жами ат-таварих авторының мағлұматын былайша түсіндіреді: Тоғым хан
мен 37 сұлтан Шағат деген жерде қаза тапқан — бар болғаны сол. Біздің
ойымызша, Тоғым ханның бұл шайқасы қазақтар жеңіліс тапқан шайқастардың
бірі болған, бірақ оның 1537 жылғы қазақ-моғол шайқасына қатысы жоқ.
Осы оқиғадан кейін көп кешікпей деректемелерде (мезгілін дәл көрсетпей)
моғолдардың Хақназар ханмен, қазақ және қырғыз ханымен шайқаста жеңіліс
тапқаны туралы айтылады. Бірқатар парсы және түркі тілді шығармаларда: Шах
Махмұд Шорастың Хроникасында, есімі белгісіз автордың Та-рих-и
Қашғарында, Махмұд ибн Уәлидің Бахр әл-асрарында және басқаларында Абд
ар-Рашид ханның ұлы Абд әл-Латифтің қазақтар мен кырғыздарды шабуы туралы
және оның кейіннен қаза табуы туралы мағлұмат бар. Осы шығармалардан Абд ар-
Рашид хан Ақсу мен Үшке әкім етіп тағайындаған Абд әл-Латифтің кезекті
жорықтан қайтып келе жатқан кезінде қазақтармен және қырғыздармен шайқаста
толық жеңіліс тапқаны да мәлім. Алайда белгісіз автордың Шығыс Түркістандық
түркі тілді Тазкирайи Ходжа Мұхаммад Шариф деген шығармасында қазақтар
мүлде айтылмайды, онда Абд әл-Ла-тиф сұлтанға қырғыздардың шабуыл жасағаны
туралы (ал қырғыздар туралы олардың Қаратегінде мекендегені хабарланады)
және олармен шайқаста сұлтанның толық жеңіліске ұшырап, өлтірілгені туралы
сөз етіледі. Сірә, шайқас шамамен 1556 жылы болса керек.
Ұлының өлгенін білген соң Абд ар-Рашид Наурыз-Ахмет ханнан көмек сұрап,
жорықка дайындала бастады. Сол оқиғадан кейінгі шайқас болған жерді Махмұд
ибн Уәли — Ыстықкөл деп, Шах Махмұд Шорас — Емел, Тарих-и Қашғардың
беймәлім авторы Ертіс деп атайды, бұл авторлардың пікірінше, Абд ар-Рашид
қырғыздар мен қазақтарды қуып жеткен. Бұл шығармада аталған казақ
хандарының есімдері сәйкес келмейді. Шах Махмұд Шорастың айтуынша, ол кезде
қазақтардың ханы Хақназар болып, ол осы шайқаста қаза тапқан тәрізді.
Алайда бұл хабар шындыққа жанаспайтын сияқты, өйткені Хақназар ханның
есімін Хафиз Таныш көп кейін, 1580 жылы айтады, ал Емел түбінде жеңіске
жеткен Абд ар-Рашид ханның өзі 1559 жылы өлген еді. Егер Хақназар хан Абд
ар-Рашидке қарсы аталған шайқасқа қатысқан болса да, ол емес, қайта басқа
бір қазақ ханының өлтірілгені анық. Осы оқиғаларға байланысты Тарих-и
Қашғарда да қазақтардың ханы Хақназар деп аталады, бірақ сонымен қатар
қазақтардың ханы Наурыз-Ахмет болған деп қосады, ал ол Барақ болатын.
Хақназар туралы ең ертеректегі хабар (онын түрікмендермен шайқасы
туралы) 1549 жылға жатады. Ол Хасан бек Румлудың Ахсан ат-таварихында
айтылады және тегінде, түпнұсқа болар, өйткені бізге белгілі шығармалардың
басқа ешқайсысында кездеспейді. Хижра бойынша 955 жылы — біздің
заманымыздағы 15481549 жылы Хақназар (-оғлан) Әмудариядан жүзіп өтіп, Пул-
и Хатун түбінде Қазақпен шайқасты, шайқас Хақназардың жеңіліс табуымен
тынды деп хабарланған. Одан әрі нақ сонда ол бір топ өзбекпен Әмудариядан
өтті делінген, бірақ ол кездегі деректемелерде өзбек және қазақ деген
терминдердің әлі де этникалық мәнге ие болмағандығынан және жиі
араластырылғандығынан, көшпелілердің саяси жағынан қайда жататындығын
анықтаған кезде біз деректеменің контексін негізге алуға тиіспіз. Бұл
ретте, контекске қарағанда, қазақтардың тайпалық топтары жайында айтылып
отыр деп қорытуға болады.
XVI ғасырдың екінші жартысында толас таппаған соғыстарға, өзара
қырқыстарға байланысты Қазақхандығы қатты әлсіреп кетті. Хақназар хан билік
еткен кезеңде бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси өмірінде белгілі бір
өрлеу байқалып, ол кейіннен тағы да құлдыраумен алмасты.
XVI ғасырдың 50-жылдарының аяғынан бастап Қазақ хандығы ноғайларға,
Көшімнің Сібір хандығына, Орта Азия хандықтарына елеулі қауіп төндірді.
Мәселен, 1558-1559 жылдары Орта Азияда болған ағылшын көпесі А. Дженкинсон
мұсылман дініндегі қассақтар туралы өте күшті және саны көп халық деген
пікір айтқан. Ол өзі келерден бұрын қазақтар Ташкентті үш жылдан бері
тықсырып келгенін және шабуыл жасау арқылы керуендердің еркін жүріп өтуіне
кедергі жасап отырғанын хабарлаған. Бұл Ташкентке үнемі қатер төндірген
Хақназар ханның қосындары болатын.
Хасан бек Румлу Ахсан ат-таварихта 9631556 жылы Барақ (Наурыз-Ахмет)
хан өлгеннен кейін Хақназар Ташкентті шапты дейді, біздің ойымызша, бұл Шах-
Махмұд Шорастың қазақ ханы 1556 жылы Абд ар-Рашид ханмен шайқаста қаза
тапты деген пайымдауын теріске шығарады.
1560 жылы Моғолстан билеушілерімен ерекше табан тірескен күрес өріс
алды. Атап өткен жөн, Хақназар хан кезінде қазақ-моғол қатынастары
шиеленіскен күйінде қала берді де, бұл күресте могол хандарының басым түсуі
жиі болып отырды. XVI ғасырдың орта шенінде қазақтар Сырдарияның орта
ағысын ғана алып қоймай, Моғолстанда да көшіп жүрді. Моғол ханы Абд ар-
Рашидтің оларды Моғолстаннан ығыстырып шығаруға тырысуы қазақ-моғол
күресіне де себеп болды. Бұл оқиғалар Шах-Махмұд Шорастың Хроникаларында
бар. Оның айтуынша, Абд ар-Рашид ханның ұлы Абд әл-Латиф сұлтан Хақназар
ханды жеңіліске ұшыратып, көп олжа түсірген және көп тұтқындар алған деп
хабарлайды. Бірақ көп кешікпей Хақназар хан қазақтар мен қырғыздардың
біріккен күштерімен Абд әл-Латифтің әскерін тас-талқан етті. Абд әл-Латиф
сол шайқаста қаза тапты. Абд ар-Рашид хан бұл оқиғадан кейін көп әскермен
қазақтарға қарсы аттанды. Емелде Хақназар
хан талқандалды, Махмұд Шорас, сірә бұл шайқаста Хақназардың қаза тапқаны
туралы қателесіп айтқан болуы мүмкін, шынына келгенде ол, сірә Моғолстаннан
шегініп, Сарысу ауданына көшіп кеткен болуы мүмкін. Абд ар-рашидтін
мирасқоры Абд әл-Кәрім (1559-1591 жж.) бұл кезде Шайбани ұрпақтарымен
достық қарым-қатынас жасаған. Махмұд ибн Уәлидің айтуына қарағанда, ол
қазақ және қырғыз басшыларына қарсы талай рет соғыс ашып, барлық
шайқастарда жеңіске жетіп отырған.
Алайда Тәуекел хан тұсында қазақ хандары мен Моғолстанның Шағатай
ұрпақтары арасында одақтастық қатынастар жолға қойылады. Осыған байланысты
Шах-Махмұд Шорастын, Моғолстанда, атап айтқанда, Шалыш пен Турфандағы саяси
істеріне Тәуекелдің қатысуы туралы, онда Тәуекел ханның бұл иелік тағына
кімнің отыруы жөніндегі мәселені шешуі назар аударарлық еді.
Москваға қазақтар туралы ноғай мырзаларының өздері де жазған. 1537 жылы
ноғай мырзасы Жүсіп IV Иванға жолдаған грамотасында:Ал егер Қазақ
ордасымен соғысу керек болса, мен қазір де Жайықтың арғы жағындағы Елек
өзенінде көшіп жүрмін, - деп хабарлаған. Ноғай мырзалары ұлыстардың Ноғай
ордасынан бөлініп, олардың қазақтарға қосылып жатқанын хабарлап отырды.
Мысалы, 1557 жылы ноғай мырзасы Ысмайыл IV Иванға: Қазір менің немерелерім
де Жайықтың арғы жағында қалып, қазақ патшасына қосылды, сөйтіп менімен
соғысу сәтін күтіп жүр, — деп шағым айтқан. Бұл хабар Хақназар бастаған
қазақтардың саяси белсенділігінің өсе түскендігін дәлелдейді. Бұл кезде
Ноғай ордасының мырзалары арасында күрес болып, соның салдарынан екі жік
пайда болғанын атап өткен жөн. Бұл күрестің негізінде экономикалық
сипаттағы екі себеп бар еді: ноғай ұлыстарының бір бөлігінің (батыс бөлігі)
Москвамен, ал екіншісінің Орта Азиямен неғұрлым тығыз сауда байланыстары
болды. Соңғы топтың өкілдері негізінен Ноғай ордасының шығыс бөлігіндегі
Жайық өзенінің жағалауына және оның шығыс жағына топталды. Москва тобына
қарсы күресте сәтсіздікке ұшыраған жағдайда оның қарсыластарының өз
ұлыстарымен бірге шығысқа, 1557 жылғы сияқты, қазақ даласына қоныс
аударуына әрқашанда мүмкіндігі болды.
XVI ғасырдың екінші жартысында, Қазан (1552 ж.) мен Астраханды (1556
ж.) қосып алғаннан кейін, Ресейдің Орта Азия хандықтарымен байланыстары
жолға қойыла бастады, атап айтқанда, қазақ-орыс қатынастары нығайып, кеңейе
түсті. Нақ сол кезде Орта Азия-орыс саудасы орнығады. Орыстардың Бұхарамен,
Хиуамен және Персиямен сауда жасағаны туралы нақты деректер сақталған. 1569
- 1573 жылдарда орыс елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков Қазақ
хандығында болып қайтты. Москваға шетелдіктер де қазақтар туралы әр түрлі
мәліметтер жеткізді. Сол кезде Англияның жаңа рыноктар іздестіріп,
Персиямен және Азияның басқа да мемлекеттерімен сауда қатынастарын жасауға
ұмтылғаны мәлім. Ағылшын көпесі Антони Дженкинсон 1557 жылы Ресейге сол
мақсатпен де жіберілген еді. Оның Орта Азияға саяхаты Москваның Орта
Азиямен ынтымақтастығының одан әрі дамуында зор мәні болды, өйткені
Дженкинсонда IV Иванньщ арнаулы грамотасы бар еді, сөйтіп ол Москва
мемлекетінің Орта Азия хандықтарындағы алғашқы ресми өкілі болды. 1559 жылы
Дженкинсонмен бірге Бұхарадан, Балх пен Үргеніштен елшіліктер келді.
Хақназар хан тұсында Қазақ, хандығы Москвамен сауда байланыстарын
орнатып, саяси қарым-қатынас жасады. Қазақ хандығының аралық етуімен Москва
Түркістандағы өзбек хандықтарымен байланысты жолға қойды. Ресеймен
қатынастарында Хақназар хан әкесі Қасымның жолын ұстанды. Патша архивінің
тізбесінде III Иванның Қасым ханмен байланыс жасағаны тіркелген, бірақ
олардың сипаты тарих ғылымына әлі де беймәлім.
Орта Азиядағы саяси жағдай қазақтарды күшті де сенімді одақтас
іздестіруге мәжбүр етті. Олар Ресейдің осындай одақтас бола алатынына
барған сайын көз жеткізе түсті. Өз кезегінде, Ресей де Көшімге қарсы күресу
үшін одақтас іздеді, ал Көшім мен оның арасы XVI ғасырдың 70-жылдарында
ерекше шиеленісіп кеткен еді. Ол кезде Қазақ хандығы Ресейге осындай
одақтас бола алатын.
70-жылдардың аяғында-ақ Ресеймен қатынас жолға қойылды да, Хақназар хан
өзін патша әрі ұлы князьбен татумын деп санай алатын болды. Мұны
Ноғайға жіберілген орыс елшісі, бояр баласы Борис Доможиров дәлелдейді,
ол 1577 жылы Иван Грозныйға былай деп жеткізген: Иә, Патша ағзам, татар
Асан Иллибабаев осы көктемде Қазақ ордасының адамдары Ақмырза мен
Бекмырзаға келіп, олардың көп малын айдап әкетті, олардан бес адамды алып
кетті дейді. Сөйтіп олар, Патша ағзам, бесінші адамды Тинехмат князьға және
Ұрұс мырзаға жіберіп, оларға біздің патшамыз Акак Назар Патшамен әрі ұлы
князьбен тату және Таксицтермен де, Юргенцтермен де тату, ал біздің
патшамыз Акак Назар сендерді шауып алады, Жайық және Еділ бойында көшіп
жүргізбейді деп айтып баруды тапсырыпты. Бұл хабардан Хақназар ханның
көрші халықтарға беделді және ықпалды болып қана қоймағаны, сол кезге қарай-
ақ Ресей мен Қазақ хаңдығы арасында қатынастар орнатуда айтарлықтай
табыстарға қол жеткізгені көрінеді. 1573 жылы ағайынды Строгановтардың
қатты өтінуімен Хакназар ханға Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігін
жіберген кезде Иван Грозныйдың елшілердің алдына Қазақ хандығымен тікелей
байланыс орнату мақсатын ғана емес, онымен Сібір ханы Көшімге қарсы әскери
одақ жасасу мақсатын да қойғаны кездейсоқ емес.
XVI ғасырдың ортасына қарай Қазақстан аумағы арқылы сауда жолдары етті.
Орыс көпестерінің Қараған бекетіне дейін жеткені мәлім: ...Астраханнан
солға қарай Қараған бекетіне жүру керек, ал Қараған бекетінен Камен мен
Илитирге дейін жүру керек. Григорий Васильчиковтың статьялық тізімінде
Қараған бекеті Мышлақта, яғни Маңғыстау түбегінде деп көрсетілген.
Дженкинсонның айтуынша (1558 жылғы сипаттамада), Манғыстауға Астраханнан
Каспийдің солтүстік-шығыс жағасын бойлай жүзген. XVI ғасырда түбекте төрт
айлақ болған, Каспий теңізі бойынша солтүстік-шығыстан оңтүстік-батыс
бағытындағы басты жол солар арқылы өткен де, сол жерден Хиуа мен Бұхараға
баратын керуен жолдары басталған. Дженкинсон айлақтардын, біреуі
Түпкарағанның солтүстік жағалауына, шығанақ ішінде 1-лигада орналасқан
деп хабарлаған. Дженкинсон өзі тоқтамакшы болған бұл түбекті Маңғыстау деп
атаған. Сонымен бірге Түпқарағанның солтүстік жағасында тағы да екі айлақ
болған. Григорий Васильчиков өзінің статьялық тізімінде Ал Қарағанда үш
жердегі айлақтарда сауда адамдарының айналымдық көліктері тұрады деп атап
өткен. XVI ғасырдың орта шенінен бастап-ақ жылына екі рет Қараған айлағынан
Маңғыстауға желкенді кемелер барып отырған, Хиуа және Бұхара көпестері
солармен Астраханьға жүзіп барған.
Орыс үкіметі өзінің барлық елшілеріне Қазақ хандығындағы істің, жайын
анықтауға, ханның Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынастары қандай екенін
білуге тапсырма берді. Ал орыс елшілері өздерінің Статьялық тізбелерінде
қазақ даласындағы әскери жағдайға көп кеңіл бөлген. Бұл мәліметтердің бәрі
үкіметке Қазақ хандығьмен тұрақты дипломатиялық қатынастар орнату үшін
қажет болған еді.
Аталған уакытта қазақтардың Шайбани ұрпақтарымен өзара қатынастарының
сипатында XVI ғасырдың алғашқы онжылдықтарында орын алғанынан елеулі
айырмашылығы болған жоқ. Бұл байланыстар жеткілікті дәрежеде тығыз және жан-
жақты болды. Соғыс жанжалдары ынтымақтастық және достық кезеңдерімен
араласып отырды, неке одақтары жасалды. Шайбани ұрпағы II Абдаллах хан
Хақназар ханмен жақындасуға және одақ жасасуға мейлінше мүдделілік
көрсетті. 1561 жылы Абдаллах әкесі Ескендірді хан тағына көтеріп, оның
атынан өз қарсыластарына, жеке үлестердің билеушілеріне қарсы ойдағыдай
күрес жүргізді, ал 1583 жылы әкесі өлгеннен кейін оның өзі хан тағына ие
болып, онда 1598 жылы өлгенге дейін отырды. Абдаллах ханның билеуі хан
билігінің күшеюімен сипатталды, мұның өзі табысты жүргізілген жаулап
алушылық жорықтардың ғана емес, оның өзімен жауласқан барлық туыстарын
жеңіп шығуының нәтижесі болатын: олардың бәрі дерлік қырып тасталды. Осы
ханның билеп-төстеген кезеңінде өзбектердің тайпалық шонжарларының өкілдері
хан қызметінде белгілі бір салмағы болғанымен де, дербес саяси рөлден
айрылған мемлекеттік міндет атқарушы адамдар жағдайына көшуге мәжбүр
болды. Абдаллах хан қазақтарды әскери-саяси күш деп біліп, сол күшті ол,
әсіресе өзіне бақталас Шайбани ұрпақтары орнығып алған аудандарда өз
билігін нығайту үшін де пайдалануға ұмтылды. Осы мақсат-пен ол Хақназар
ханмен ант беріп одақ жасады, ол бойынша екі жақ бір-бірімен бейбіт
қатынастар жасап отыруға міндеттеңді. Шарттың дәл мазмұны беймәлім болып
қалуда, бірақ Біз өзіміз ұлы мәртебелімен жасасқан шарт пен одаққа қазір
де адалмыз деген сөздер қазақтардың Бұхара ханымен тығыз байланыстары 1579
жылға дейін де жасалып келген деп ойлауға мүмкіндік бередi.

1.2. Тәуекел хан тұсындағы Қазақ
мемлекетінің ішкі – сытқы саясаты.

XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ
хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан кетіп
қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595
жылдардағы қазақ-орыс келіссөздері, 1598-1599 жылдардағы Тәуекел
Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс
оқиғалары сияқты оқиғалармен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандғы құрамына
қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен
алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек Қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік
мемлекетгерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер
ауысуының солармен тікелей байланысы болды.
1580 жылдан кейін деректемелерде Хақназар хан туралы ешнәрсе
айтылмайды, ал оның немере інісі Шығай қазақ ханы деп аталған. Шығай ханның
тегі туралы мынадай мәлімет бар. Мәселен, қазақхандары туралы шежірелерде
ол Жәдіктің баласы деп көрсетілген. Ол Ораз-Мұхаммедтің шежіресінде де
Жәдік сұлтанның баласы деп аталған: Ұрұс хан, [оның] баласы Құйыршық хан,
[оның] баласы Барақ хан, [оның] баласы Жәнібек хан, [оның] баласы Жәдік
хан, [оның] баласы Шығай хан, [оның] баласы Ондан сұлтан, [оның] баласы
Ораз-Мұхаммед хан. Шығай ханның анасы Абайхан бикем болған. Мұхаммед
Хайдардың айтуына қарағанда, Жәдік 1503 жылдан кейін көп кешікпей өлген.
1582 жылғы оқиғаларға байланысты Шығай туралы уақыты жағынан ең кейінгі
мағлұмат Хафиз Таныштың Шараф-наме-йи шахиінде кездеседі.
Шығай хан ұзақ, 80 жылдай ғұмыр кешкен, алайда оның өмірі туралы
болмашы ғана мәліметтер сақталған.
1569 жылы ноғай мырзаларына жіберілген Семен Мальцев IV Иван патшаға
Ақназар патшаның, Шығай ханзада мен Жалым ханзаданың және олармен бірге 20
ханзаданың қазақ ордасы Ноғайға келіп соғыс болды" деп хабарлаған. Г. Ф.
Миллер Сібір ханы Көшімнің бауыры Ахметкерейлін Бұхария князі Шығайдың
қызын алғаны туралы ертедегі татар аңызын кетіреді. Алайда Шығай онымен жау
болған және бір жолы адамдар жіберіп олар Ахметкерейді алдап шақырып алған
да, оны Ертіс жағасында өлтірген. В. Вельяминов-Зернов әлгі Бұхария
князі қазақ әміршісі, Жәдіктің ұлы шығайдан басқа ешкім де емес деп
санайды. Хафиз Таныштың Шараф-наме-йи шахи және Мұхаммадийар ибн Араб
қатағанның Мусаххир әл-билад деген еңбектерінде Шығай хан туралы маңызды
мәліметтер бар Шараф-наме-йи шахиде Шығай көптеген жылдар бойы қыр мен
шөл даланың әміршісі болды деп те айтылады. Сірә, Шығай ханның хан атағын
алғанға дейін қазақтардың белгілі бір бөлігін басқаруы да мүмкін. Тегінде,
ол басқа қазақ хандарынан сырт жүрсе керек. Мәселен, Хақназар ханның Баба
сұлтанмен соғыстарын суреттегенде және басқа да соғыс қимылдарын
суреттегенде оның есімі аталмаған.
Хақназар хан өлгеннен кейін Шығай өзінің Абдаллах ханға адалдығын
дәлелдеу үшін Баба сұлтанға өз бетімен қарсы шыққан, ал ол, тегінде, өзінің
болашаққа деген үмітін Абдаллах ханмен байланысты деп санаған болуы мүмкін.
Шығай мен Абдаллах арасында әддебір байланыс болуы да ықтимал, өйткені,
Хафиз Таныштың айтуынша, Шығай хан көптен бері-ақ өзін аса мәртебелі патша
ағзамның [Абдаллах ханның] жақтаушысы ретінде көрсетіп келген.
Абдаллах ханның жаңа одақтастарына деген мүдделілігі Шығай хан мен
Тәуекел сұлтанға Мауараннахрдан сойырғалдық иелікке қыстақтарды сыйға
тартуынан көріңді. Біздің жоғарыда айтқанымыздай, Баба сұлтанмен күресте
Абдаллахқа әуелі Хақназар хан көмек көрсетті, соңғысы өлгеннен кейін
Абдаллах Шығай ханға зор үміт артты. Шынында да, Шығайдың, Тәуекелдің және
басқа қазақ сұлтандарының көмегімен ол ақырында Баба сұлтанды құртып тынды.
Атап өтелік, өз адамдарымен бірге Шығай ханның өзге де өзбек сұлтандары
арасында зор беделі болған. Мәселен, Хафиз Таныш былай дейді- Абдаллах
хан Жизаққа келген кезде, мұнда оның жеңімпаз әскеріне толып жатқан
қазақтарымен және ержүрек жауынгерлерімен бірге Шығай хан қосылды, бұл оның
ерекше ілтипатына бөленген еді. Абдаллах хан қырда, шөл далада өскен, ұлы
істерді істеген кезде қиыншылықтар көрген, көптеген жыддар бойы уақыт
дастарқанынан ащы мен тәттінің дәмін татқан қазақ сұлтандарының бірі Шығай
ханды оң қанаттағы алдыңғы қосынға тағайындады. Оның ұлы ержүректігі,
батылдығы және батырлығы жөнінен барлық [бүкіл] әлемде [ғаламда деген сөз]
бірден-бір адам және Дешті Қыпшақта даңқы шыққан Тәуекел сұлтанды да [хан
нақ соған тағайындады].
1582 жылдың басында Абдаллах хан Баба сұлтан мен оның жақтастарына
қарсы кезекті Ұлытау жорығын жасады, ол бұл жолы табыспен аяқталды. Өзі
үшін соңғы жорық болған бұл жорыққа Шығай хан да қатысты. Шығай мен
Тәуекелдің қудалауынан Баба сұлтан ноғайларға қашты. Ол сонда жүргенде
ноғай мырзаларын өлтіріп, олардың жерін тартып алу үшін қаскүнемдік
әзірледі. Бұл қаскүнемдік ашылып қалды да, Ташкентті алу жолындағы күресті
қайта бастау мақсатымен Баба"сұлтан Түркістан жағына бет алды. Мұны Тәуекел
сұлтан кездейсоқ біліп қойды: оның жауынгерлері Баба сұлтан Түркістанға
жасырын жіберген екі қалмақты ұстап алған еді, Баба сұлтан мен оның қайтып
келе жатқаны жөнінде солар айтқан болатын. Тәуекел оған қарсы тез әскер
жинады. Қақтығыс кезінде Тәуекел Баба сұлтанды өлтіріп, оның басын
Абдаллахқа апарып берді, ал Баба сұлтанның ұлы Латиф сұлтан мен кейбір
әмірлер тұтқынға алынды. Бұған сый ретінде Тәуекел мол тартулармен қоса,
Африкент уәлаятын үлеске алды.
1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вас-
салдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1583 жылдың бас
кезінде-ақ Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел
өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына
кетіп қалды.
Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде
түсіндірілмейді. Алайда бұл женінде бірсыпыра пікірлер айтуға болады. Аб-
даллахтың тақтың заңды мұрагерлігі негізінде емес, өзінін дипломатиялық
ептілігі және соғыста жолының болғыштығы арқасында ғана хан болғаны мәлім,
ол бақталастарын тайдырып қана қойған жок, сонымен бірге оларды түгелдей
қырып тастады. Үміткерлердің едәуір бөлігін Абдаллах хан Тәуекелдің қолымен
жойған еді. Ақырында, Абдаллах бүкіл Мауараннахрды Шайбани мемлекетінің қол
астына біріктіріп, бұл орайда өзіне бақталас болуы мүмкін Шайбани
ұрпақтарының бәрін қырып-жойғаннан кейін сірә, Тәуекелдің жағдайына да
қауіп төнген болса керек. Өйткені ол да Жошы ұрпағы болатын, сондықтан
Абдаллах сияқты, ол да Орта Азиядағы биліктен үміт етуі мүмкін еді (1598
жылғы окиғалар оның осыған ұмтылғанын дәлелдейді де). Сірә, Тәуекелдің
күдіктенуіне негіз болса керек. Сондай-ақ Тәуекелдің Абдаллахтан өзі күткен
нәрсесін алмаған да болуы мүмкін. Абдаллахтың қазақтарға Түркістаннан төрт
қала беруге уәде етіп, бақталастарын жойғаннан кейін өз уәдесін орындамай
қойғаны мәлім.
Тәуекел Сыр өңірінің қалалары үшін күрес бастайды. 1586 жылы ол
Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдаллах ханның әскерлері оңтүстікте
шоғырланғанын біліп, Тәуекел Мауараннахрдың солтүстік аймақтарына шабуыл
жасады. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, тіпті Самарқанд сияқты
орталықтарға қатер төндірді. Ол Ташкент жасағын талқандады бірақ өзіңе
Самарқандтан Абдаллахтың інісі Убайдаллах қарсы аттанғанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVI-XVII ғғ Қазақ хандығы
ХҮ- ХҮІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы туралы ақпарат
Тұрсын ханның өлуі
Xvi-xviіі ғғ. қазақ-орыс елдері арасындағы дәстүрлі елшілік байланыстар тарихы
Қазақ хандығы
16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығының мәдениеті
Тәуекел ханның тұсындағы қазақ мемлекетінің дамуы
Пәндер