Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Эстетикалық ой-пікірлердің даму тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің эрамызға дейінгі бірінші мың жылдықтың өзінде-ақ Көне Қытай, Үнді, Грекия ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы қабылдау барысында белгілі бір көңіл-күйлерге таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, әзілдеу, тебірену, толқу және т.с.с. бөленетіндігін әрі әлемге деген таза танымдық қатынастан оның өзіндік сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін байқаған. Осы тебіреніс толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында көне дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, «сұлулық», «әсемдік» және оған қарама-қарсы «трагедиялық» және «комедиялық» туралы алғашқы түсініктер қалыптасты.
Эстетикалық ойдың даму тарихына көз жүгіртіп өтсек, онда барлық философиялық ғылымдардың бесігі болып табылатын Грекиядан бастау заңды.
Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы тым әріде. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың “Ән кітабы”, “Құбылу кітабы”, ежелгі Мысырдағы “Ағалы-інілі екеу туралы ертегі”, байырғы Вавилон жұртының “Көрмегені жоқ кісі туралы” дастаны немесе көне үнді халқының “Ригведа”, “Махабхарата”, “Рамаяна” жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде б.з.б. 3 — 2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетикалық ұғымға көше берген. Эллада эстетикасы да бірден мектепке айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (б.з.б. 6 ғ.) өнер мәнін санға,Гераклиттің сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңғарымдарынан басталып, Платонның “сәбилик” философиясы арқылы Аристотельдің “Поэтикасына” келіп ұласады.
Антикалық эстетика ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі оның космологизмі. Космологизм деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдікті әлемнен де орын алады деген көзқарастарды айтады. Көне гректердің түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын өзіндік жарастық, үйлесімдік, гармония бар. Сол гармонияны адам өз әлемінен де, яғни өз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. Адамның өнері сол гармонияға ұқсап бағуынан, еліктеуінен туады. Эстетикалық категория тұрғысындағы «гармония» ұғымын тұнғыш Пифагор мен оның мектебінде кездестіреміз. Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан, сан тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер түрлері үшін де әсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімдікті танытады. Тіпті, онымен қоймай. өнер адам жанын да, тәнін де ауру кесел, бәлекеттерден тазартады деп білген.

1 Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б.
2 Тілешев Е. Суреткер және көркемдік әдіс. – Алматы: «Арқас», 2005.
3 Қабдолов З. Ахаң Һәм әдебиеттің әліп-биі //Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері. –Алматы: Қазақ университеті, 1993. – Б.3-8.
4. Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. Т.8. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2007. – 448 б.
5. Майтанов Б. Әдебиет теориясының қазіргі жағдайы // Қазақ әдебиеті. 2001.
6. Эко У. Имя Розы. Вып-2. – Москва: Кн. палата, 1989. -496 с.
7. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы. - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011.
8. Машанұлы А. Әл-Фараби. – Алматы, «Жазушы», 1970.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология Факультеті Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы.
СӨЖ
Тақырыбы: 1) Эстетикалық, әдеби ой- пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері.
2) Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы.
3) Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар.
4) Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері.
Орындаған: Саметкалиева А.
ФИ - 311 тобы, 3-курс.
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.
Семей - 2015
1) Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері.
Эстетикалық ой-пікірлердің даму тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің эрамызға дейінгі бірінші мың жылдықтың өзінде-ақ Көне Қытай, Үнді, Грекия ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы қабылдау барысында белгілі бір көңіл-күйлерге таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, әзілдеу, тебірену, толқу және т.с.с. бөленетіндігін әрі әлемге деген таза танымдық қатынастан оның өзіндік сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін байқаған. Осы тебіреніс толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында көне дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, сұлулық, әсемдік және оған қарама-қарсы трагедиялық және комедиялық туралы алғашқы түсініктер қалыптасты.
Эстетикалық ойдың даму тарихына көз жүгіртіп өтсек, онда барлық философиялық ғылымдардың бесігі болып табылатын Грекиядан бастау заңды.
Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы тым әріде. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың "Ән кітабы", "Құбылу кітабы", ежелгі Мысырдағы "Ағалы-інілі екеу туралы ертегі", байырғы Вавилон жұртының "Көрмегені жоқ кісі туралы" дастаны немесе көне үнді халқының "Ригведа", "Махабхарата", "Рамаяна" жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде б.з.б. 3 -- 2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетикалық ұғымға көше берген. Эллада эстетикасы да бірден мектепке айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (б.з.б. 6 ғ.) өнер мәнін санға,Гераклиттің сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңғарымдарынан басталып, Платонның "сәбилик" философиясы арқылы Аристотельдің "Поэтикасына" келіп ұласады.
Антикалық эстетика ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі оның космологизмі. Космологизм деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдікті әлемнен де орын алады деген көзқарастарды айтады. Көне гректердің түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын өзіндік жарастық, үйлесімдік, гармония бар. Сол гармонияны адам өз әлемінен де, яғни өз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. Адамның өнері сол гармонияға ұқсап бағуынан, еліктеуінен туады. Эстетикалық категория тұрғысындағы гармония ұғымын тұнғыш Пифагор мен оның мектебінде кездестіреміз. Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан, сан тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер түрлері үшін де әсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімдікті танытады. Тіпті, онымен қоймай. өнер адам жанын да, тәнін де ауру кесел, бәлекеттерден тазартады деп білген.
Осы тұста антикалық эстетиканың келесі бір категориясы катарсиске тоқталамыз. Катарсис (грек. тазарту) адам жаны мен тәнін тазарту, рухани және ағзалық сергектену дегенді білдіретін ұғым. Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. Көне гректер катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу әдістері деп қарастырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар қатар катарсис эстетикалық ұғым деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада катарсис адамға өнердің қалай әсер ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. Онда катарсис, әсіресе, музыка, поэзия мен трагедияны адамның рухы мен жанын тазарту жолындағы маңызын білдірген.
Платон катарсисті өнердің бір түріне ғана емес, жалпы өнердің өзімен байланыстырады. Оның айтуынша, катарсис жан дүниені нәпсілік, ағзалық ниеттен арылту деген мағынаға ие.
Аристотель де катарсисті өнердің эстетикалық пәрменді әсері деп танып, әсіресе трагедия жанрының адамның қорқыныш пен қайғыға ортақтасу сияқты қасиеттерінің нәтижесінде жанды бейқамдықтан, бойкүйездіктен арылтады деп қарады.
Аристотельдің Поэтикасы - өнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат. Сонымен қатар Поэтика өз кезегіндегі әжептәуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы екені де даусыз. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Көркем шығарманың көп-көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия, т.б. жайларын талдап тексеруі күні бүгінге дейінөзінің маңызын жойған жоқ. Аристотель еңбегінің ең құнды жері тарихта тұңғыш рет дұрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын анықтап ашуында деп білу керек.Әрине, қазіргі өнер мен әдебиеттің келелі мәселелерінің бәріне, әсіресе әлі күнге даулы қалыпта тұрған проблемаларға бір ғана Аристотельден жауап іздеу ағат. Бірақ Поэтика грек әдебиеті мен өнерінің классикалық дәуірінен қалған бірден-бір жүйелі байыпталған поэзия теориясы екенін жоққа шығаруға болмайды.
Поэтика деген сөз біздің бүгінгі теориялық түсінігімізде көркем творчество немесе сөз өнері туралы ғылым болса, Аристотель поэтиканы сол әдеби творчествоның, яки сөз өнерінің өзі деп түсінген. Демек, Аристотель Поэтикасы - өнер туралы ойлар.
Аристотельдің эстетикалық принциптрінің ең түйінді тұсы: өнердің мақсаты - ақиқатты тану, ал ақиқатты тану жолы - адамның мінезі мен ісін суреттеу деген даналық қағидасы. Оның Поэтикасын Лессингтің Евклид элементтеріндей мінсіз шығарма деп таңдануы да, Чернышевскийдің Аристотель эстетикасы екі мың жылдан астам уақыт үстемдік құрғанына тамсануы да әлгібір қағидалы жайларға байланысы еді.
Көркем өнер халықтың рухани қажетін өтеп, талап-талғамын қалыптастырады. Халық еш уақытта өнерсіз өмір сүрмейді, демек өнер бар жерде талғам бар. Көркем әдебиет жанрлары бірден қалыптаспайды, оның элементтері таным бесігінде ұзақ тербетіледі.
Халықтық эстетиканың негізі- әсемдікті танып-білу, сұлулықты қастерлеу, ажарсыз бен келіссізді мінеу, жақсылықты дәріптеп, жамандықпен күресу. Халықтық эстетика элементтері халықтың ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі кездеседі.
VI-IX ғасырлар - бүкіл түркі әдебиетінің тарихи- эстетикалық арнаға шығуы, өзіндік дәстүрдің қалыптастырған дәуірі. Соның ішіде Отырардан шыққан әлемнің екінші ұстазы әл-Фарабидің Ғылымды меңгеру және оның мақсатын түсіндіру, Сөз ғылымын классификациялау, Музыканың ұлы кітабы, Өлең өнерінің қағидалары, Өлең мен ұйқас т.б. шығармалары, Фарабидің әдебиеттану ғылымы жүйесімен тұжырымдаған ой-пікірлері бүгінгі таным-білікке әсері өте зор. Әл-Фарабидің ақындық, сазгерлік және ғалымдық айналасы, оның сөз өнеріне жасаған ықпалы және қазақ әдебиетіне қатынасы әдеби ой-пікірлердің туып дамуына өзінің үлкен ықпалын тигізді. Мысалы, Қаңлының Гаухарына деген өлеңінде Әл-Фараби былай дейді:
Барсам да қай тарапқа, мен - Қыпшақ,
Елім бар ежел күннен өнерге ортақ.
Семсердің қанды-жанды екі жүзі,
Мен соның кейінгісін алдым қалап.
Алғаным менің қалап - шындық жағы,
Шындықпен ашылмақшы өмір бағы.
Халқымның ой-өрісін оятпақпын,
Мойныма ауыр міндет алдым-дағы. Бұл өлең жолдарынан біз елінің келешегін ойлайтын ақынның бейнесін көреміз. Сонымен қатар ХІ ғасырда жазылған Жүсіп Хас Қажыбтың Құтты білік дастаны сол кезеңде ел өмірінде маңызды орын алғаны тарихтан белгілі. Ол адамгершілікті ардақтау, даналыққа бас ию, шешендікті қадірлеу, әділдікті насихаттаумен қатар рухани таным-білікті қалыптастырды. Мысалы, хакимдер жайында Жүсіп дастанның Білгір, ғалым адамдармен қалай қатынасу керектігі айтылады деген тарауында хакимдер халықты жақсылыққа, ізгілікке бастаушылар екенін, олардың білім үйреніп, өздерін сыйлау қажеттігін айта келе:
Тағы бір топ ғалымдар мен даналар,
Ілім беріп, халық жолын саралар.
Қатты сүйіп, қадірлесе сөз, түйгенін,
Көп пе, аз ба білімдерін үйренген.
Солар жарар-жарамасты парықтар,
Тура, таза жолды ұстанып, анықтар.
Оларден сен ілім үйрен, білім біл,
Жақсылықты жаса, тартып тіліңді.
Ілімі ғой олардағы керегің,
Айтып берсе тура жолдың дерегін.
Олар - серке, қой ішінде бастаған,
Бастаса, қой түзу жолдан қашпаған.
Бұларменен араласып, сыйлас бол,
Екі дүниеде құт дарытар, қимас бол!-дейді.
Көркем сөздің қоғамдық және әлеуметтік мәнін ашуда Абайдың рөлі қазақ әдебиетінен орнын ойып алады. Абай Құнанбаев - сыншыл реализм дәстүріндегі жаңа эстетикалық мұратты қалыптастырған, сөз өнерінің қадір-қасиетін жаңа сатыға көтерген ұлы ақын. Дарынды қадірлеу, көркем сөзді ел кәдесіне асыру, қазақтың мақал-мәтелдерінің мәні және оларды сын елегінен өткізе бағалауы, түр мен мазмұнның ажыраспас бірлігін талап етуі, оқушы мен тыңдаушыны тәрбиелеу, көркем шығарманың әлеуметтік мәнін ашу - Абай негізін қалаған жаңа эстетикалық мұраттың негіздері болып табылады. Абай - қазақтың эстетикалық таным-білігінің жаңа нормасын жасаушы. Абайдың қай сөзін алып қарасақ та қоғамға қажетті асыл қасиеттерді табамыз. Мысалы:
Бес нәрсеге асық бол...
Талап еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс көнесеңіз,-немесе:
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз.
Жүрегі - айна, көңілі - ояу,
Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез?
Жақсыға айтсаң, жаны еріп,
Ұғар көңіл шын беріп,
Дертті ішіне ем көріп,
Неге алтынды десін жез.
Қай халықтың, тарихын алсақ та бәрі-бір, оның баяғы бабалар дәуірінен басталатын ауызекі көне әдебиетінің туу, қалыптасу, даму кезеңдерінің әр тұсында сөз өнері туралы толғамдар туып, кейбір эстетикалық талғамдар белгіленген. Олар кейін әр сипатта, әр жолмен, қоғамдық таптар пайда болған тұстарда тіпті әр алуан таптық ағым мен бағытта өрбіп отырған. Әдеби толғам мен эстетикалық тұжырымдарға біз бей-жай қарай алмаймыз. Өйткені, әдебиет пен эстетика -- өз ара сыбайлас, бірі мен бірі аралас жатқан, бірге туып, қатар қалыптасып, тіпті, бірін-бірі толықтырып, тереңдетіп, дамытып келе жатқан егіз ғылым.
2) Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы
Әдебиет теориясы - әдебиеттанудың бір бөлігі. Оның мақсаты қоғамдық сананың бір көрінісі ретіндегі көркем шығармашылықтың табиғатын ашу, оның болмысты бейнелеудегі, адамның идеялық - эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудағы рөлін айқындау. Әдебиет теориясы алдымен әдіснамалық ғылым. Ол көркемдік ойлаудың тарихи тұрғыда қалыптасқан түрлерін (романтикалық, реалистік), олардың ішінде орныққан әр түрлі көркемдік әдіс-бағыттарды, тәсілдерді зерттейді.
Осы өзіне байланысты негізгі мәселелерді зерттеуде әдебиет теориясы эстетикамен үндеседі. Мұнымен қоса, әдебиет теориясының өзіне тән ерекше міндеті де бар. Ол сөз өнерін, оның тегі мен түрлерін, мазмұн мен пішіннің бірлігін, сюжет пен композицияны зерттейді. Әдебиет теориясы әр түрлі бағыттағы қаламгерлердің ортақ ұстанымдарын, әдеби шығармалардың жанрларын, тарихи даму кезеңдерін, белгілі бір эстетикалық жүйеде қарастырады.
Әдебиеттану ғылымындағы методологиялық мектептер. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа елдеріндегі капиталистік қарым-қатынастың өрістеуі. Философиядағы позитивизм бағыты. Әдебиеттанудағы ірге тасын ағайынды Якоб Гримм (1785-1863) мен Вильгелм Гримм (1786- 1859) қалаған мифологиялық мектеп. ХХ ғасырда бұл мектептің қайта жаңғыруы. Швейцар психологы К.Н.Юнгтің (1875-1961) адам психикасындағы архетип жайлы идеясы. Ж.Лакан. Адам психикасында реалды, қиялдағы символдық кабаттар. Тарихи-мәдени мектеп. Француз тарихшысы әрі өнер зерттеушісі Ипполит Тэн (1828-1893). Әдебиет пен өнер мәселелерін жаратылыстану ғылымдарындағы салқынқандылық бағдармен сараптауды ұсыну. Теодор Бенфей (1809 - 1881). Салыстырмалы-тарихи (компоративизм) мектеп. Шығыс пен Батыс арасындағы сюжет алмасу теориясы. А.Н.Веселовскийдің (1838-1906) көшпелі сюжет ілімі. Әдеби дамудың ортақ кезеңдері. Ұқсас сарындардың туу себебі. Әдеби дәстүрдің маңызы. В.Жирмунский, Н.Конрад. Қазіргі салыстырмалы әдебиеттану. Клод Пишуа мен Андре Мишель Руссо (Салыстырмалы әдебиеттану ,1951), А.Дима (Салыстырмалы әдебиеттанудың принциптері, 1972), Д.Дюришин (Әдебиетті салыстырмалы зерттеудің теориясы, 1979), т.б. Психологиялық мектеп және А.А.Потебня (1835-1891). Сана мен тілдің байланысы. Тіл мен әдебиет. Адамның рухани өмірі. Көркем туындыны қабылдау процесі. Анри Бергсон (1859-1941), Бенедетто Кроче (1866-1952) есімдерімен тығыз байланысты ағым - интуитивизм. Әр заттың дара қасиетін интуиция арқылы ғана ашу. ХХ ғасырдағы дүние жүзі эстетикасына психиатр-дәрігер Зигмунд Фрейд (1856-1939) енгізген жаңалық. Психоанализге кіріспе, Тотем мен табу, Мен және Ол еңбектері, сол сияқты Ф.Достоевский шығармашылығына қатысты мақалалардағы тұтас толымды өзгеше батыл тұғырнама. Әдебиеттің халықтығы - көп мағыналы ұғым, яғни, 1) жеке шығармашылықтың ұжымдық шығармашылыққа қатынасы: шығармашылық алмасу мен кәсіби әдебиеттің халықтық шығармашылықтағы поэтика, образ, сарындарды мұра ету деңгейі; 2) көркем шығармадағы халық бейнесі мен оның дүниеге көзқарасының өнердегі көрінісінің тереңдігі мен сәйкестігінің (адекватность) өлшемі; 3) өнердің қалың бұқараға эстетикалық жән әлеуметтік тұрғыдан түсініктілігнің өлшемі. Тарихи дамуға орай өнердің суреттеу құралдары да, автор көздеген идеялық мұрат та өзгеріске ұшырайды. Сол себепті әдебиеттің халықтығы деген ұғымның аясы да өзгеріп отырады. Әдебиеттің халықтығының ең басты өлшемі - халық үшін ең маңызды да қажетті құбылыстар мен өзгерістерді бейнелеу.
Әдебиеттің ұлы туындылары қай кезде де өз алдына халықты толғандырған сауалдарды қойып, қоғамдық өмір заңдылықтары ашылатын аса маңызды құбылыстарды бейнелеп отырған. Екінші өлшем - аталған дәуірдің ең озық идеалдарына негізделген өмірлік ақиқатты шынайы суреттеу. Алайда осы аталған екі өлшем әдебиеттің халықтығы ұғымын толығымен көрсетпейді. Себебі шығармада халық үшін маңызды да қажетті жағдайлар суреттеліп, сол дәуірдің ең озық идеалдарымен үндесіп жатуы мүмкін.Бірақ соның бәрі ешкімді қызықтырмайтын қарабайыр үлгіде баяндалуы да ықтимал. Демек,өнер туындысының халық игілігіне айналуында қаламгер шеберлігі орасан маңыз алмақ.
Әдебиет теориясында таласты-тартысты пікірлер мен қайшылықты көзқарастар болуы заңды. Теориялық ой-пікірлердегі таластар әр кезеңнің тарихи-мәдени жағдайлары мен әдебиеттанушылардың дүниетанымдық қырларына байланысты. Бұл әдебиеттің барлық дәуіріне жарай беретін қатып қалған теорияның болмайтынын көрсетеді. Әдебиет теориясы жаңа кезең бастамаларына сәйкес өзіне дейінгі теориялық қағидаларды мансұқтап та отырады. Осы уақытқа дейін әдебиет теориясының ең негізгі күші сөз өнерін бағыттағыштығында деп келдік. Ол маркстік-лениндік әдіснамамен бірге көкейкестілігін де жоғалтты. Яғни белгілі бір бағыттағы, белгілі бір тұрпаттағы шығармашылыққа лобби жасау (кеңестік тұста ол социалистік реализм болатын) қисынға келе бермейтінін өмірдің өзі дәлелдеп беріп отыр. Бүгінгі әдебиет теориясы ырықсыз бағыттаушылықтан іргесін аулақтатып, әр алуан концепцияларға жол ашуы тиіс. Бұл бірнеше ғылыми мектептердің қалыптасуына, зерттеу әдістемелерінің алуан турлілігіне бастары сөзсіз.
Ұлттық әдебиеттануда әдебиет теориясын жеке ілім ретінде қарастырған А. Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышы қазақ әдебиетінің тек өзіне тән даму ерекшеліктерінен туындатты. Байтұрсынов қисындаған теориялар мен терминдер ұлттық көркемдік таным мен қазаққа тән көркем ойлау сипаттарына негізделді. Бұл саладағы Қ. Жұмалиевтің Әдебиет теориясы (1938), Е. Ысмайыловтың Әдебиет теориясының мәселелері (1940), З. Қабдоловтың Әдебиет теориясының негіздері (1970) тәрізді теориялық еңбектер өз заманының сұранысына сай біраз уақыт қажеттілігімізді өтеген іргелі дүниелер. Алайда бұл еңбектердегі теориялық мәселелер Еуропа елдерінің әдебиеті мысалдары бойынша жасалғанын үнемі қаперден шығармауымыз керек.
Кеңестік дәуірдегі әдеби категориялар төңірегінде өрістеген теориялық ой-пікір Франция, Италия, Германия, Испания, Ұлыбритания, Ресей елдеріндегі көркемдік дамудың мысалдарына әсіре жүгініп отырды. Біле білсек, Еуропалық әдебиет теориясы образ, сюжет, стиль, әдеби ағым, бағыт т.б. ұғымдардың бізде пайда болған классикалық түрлері бар да, олардың басқа елдердің әдебиетіне таралған аналогтары немесе ұқсас құбылыстары бар деп үйретіп келді. Мысалы орыс әдебиеттанушылары әдеби бағыт мәселесіне келгенде өздеріндегі бағыттарды классикалық деп, еуропалықемес, яғни әдебиеті өзіндік, бөлек сатымен дамыған елдердегіні типологиялық ұқсас бағыттар деп шектейді.
Алайда, әлемдік әдебиеттегі белгілі бір көркемдік-эстетикалық құбылыстар ұлттық топыраққа келіп орныққанда сол ұлттың тарихи-мәдени ерекшеліктеріне, әдебиетіндегі дәстүрлік негіздерге сай синтезделеді. Біз адамзаттың көркемдік дамуы мен ұлттық әдебиет арасындағы байқалмай қалмайтын ортақ сипаттарды әдеби дамудың жалпы заңдылықтарына жатқызғанымызбен, ұлт тарихындағы, қоғамдық санадағы ерекшеліктерді, әдеби-мәдени дәстүр өзгешеліктерін үнемі естен шығармағанымыз игі.
М. Жұмабаев шығармашылығының мысалында қазақ топырағындағы романтизм әдісінің эволюциясын зерттеген әдебиеттанушы Е. Тілешовтың: ...әдебиеттану ғылымымыздың әдеби бағыт, ағым, көркемдік әдіс, стиль мәселесінде әлі де кенже қалып отырғанын айтуға тиіспіз. Осындай күрделі мәселелерді көрсете алған бірде-бір теориялық еңбектің жоқтығы, ал жоғарғы оқу орындарына арналған Әдебиет теориясы оқулықтарындағы мәліметтерге өте аз орын берілуі және олардың өзі негізінен дайын тұрған орыс әдебиетінің мысалымен түсіндірілуі мәселені шешпек түгілі, шешуге де ұмтылмайтынын жасыруға болмайды, - дегеніне келісуге тура келеді [2, 28]
Әдебиет теориясы ұлттық ерекшеліктерге сай бағамдалып, тың терминдермен пайымдау А.Байтұрсыновтан кейін тарихи-саяси ахуалға сәйкес тиылып қалғаны белгілі. Академик З.Қабдолов Ахаң жоқта біздегі әдебиет теориясы басы жоқ кеуде секілді еді. Ал басы жоқ дене бола ма? Қайтейік, болады деп келдік... дейді. Ол арнау өлеңдер туралы қисындарын саралай келіп Әдеттегі дәстүр жалғастығының заңына орай осы үш түрлі арнауды әрқайсымыз өзімізше пайымдап, қисындап, кейде тіпті қиыннан қиыстырып, біз де (Жұмалиев те, Ысмайылов та, Қабдолов та) кітаптарымызға кіргіздік. Бірақ амал не, бұл жаңалықты тапқан Ахаң екенін кезінде ашып айта алмай, Қажекеңе сілтеме жасауға мәжбүр болдық, - деп жазады [3]. Бұлай мойындау нағыз ғұламаға тән азаматтық, керек десеңіз Ахан алдындағы арылу сынды. Теориялық толғамдарды қазақ әдебиетінің өзіндік даму теориясына орайластыру Е.Ысмайыловтың жоғарыда атаған еңбегінде біршама жалғасын тапқанымен, оның да тағдыры шырғалаңға айналып кетті.
Маркстік-лениндік әдіснама тың пайымдауларға негізделген әлемдік теориялық еңбектермен танысуға толық мүмкіндік бермеді. Уоллек пен Уореннің осы саладағы еңбегі жетпісінші жылдардың аяғында ғана бізге жетті. Ал сол кезде әлем герменевтикалық, семиотикалық, фрейдистік, психо-аналитикалық, интуитивистік, структуралистік мектептердің жемісін көріп отырған еді. Қайта жылымық кезеңдегі салыстырмалы тұрғыдағы еркіндік бізге мифологиялық, әдеби-тарихи, биографиялық, компаративистік мектептердің өрістеуіне жол салды.
Көп өзгерістер әдебиетке модернистік эстетиканың келуімен байланысты. Модернизм қалыпты образды бұзып тіпті абстракцияға айналдырды, дискурсты бұзды, сюжетті тұтастығынан айырды, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz