Біліктерді есептеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІСӨЖ №4
Тақырыбы: Біліктерді есептеу
Орындаған: Тәукебаева. Б. Б.
Тобы: ТО - 311
Тексерген: Мансуров. С. М
Семей 2015 ж.
Біліктерді есептеу
Біліктер айналу моментін беруге және тісті дөңгелектерді, жұлдызшаларды, муфталарды т. б. бөлшектерді орнатуға пайдаланылады. Қарастырылатын редукторларда білікті жасауға көміртекті және қоспа болаттар қолданылады. Біліктерді есептеу екі кезеңнен тұрады: тек бұралу кернеуі бойынша алдын ала жобалап есептеу және бұралу, иілу кернеулері бойынша беріктікке есептей отырып, тексеру немесе дәлдік есептеу жүргізу. Біліктердің алдын ала жобалау есебінде біліктің әр түрлі аралығының диаметрін анықтайды:
Мұндағы Т- бұралу моменті, Нмм; мүмкіндік кернеу. аралығында алынады. Мұндағы мүкіндік кернеуінің кіші мәні тез жүрістегі, ал үлкен мәні баяу жүрістегі біліктерге қолданылады.
Алынған біліктің диаметрінің мәнін стандартқа сәйкес қабылдайды:10; 10, 5; 11; 11, 5; 12; 13; 14; 15; 19; 20; 21; 22; 24; 25; 26; 28; 30; 32; 33; 34; 36; 38; 40; 42; 45; 48; 50; 52; 55; 60; 63; 65; 70; 75; 80; 85; 90; 95; 100; 105; 110; 120; 125; 130 және ары қарай 10 мм ден алынады. Біліктің геометриялық өлшемдерін: әрбір сатысының диаметрін, ұзындықтарын анықтағаннан кейін, дәлдік есептеуін жүргізеді. Біліктердің істен шығуының негізгі себебі олардың тозуы. Айналған кезде біліктердегі иілу кернеулері симметриялық циклмен өзгереді. Иілу және бұралу моменттерінің эпюрлері арқылы біліктің қауіпті қималарын анықтайды. Дәлдік есептеудің негізгі мақсаты қауіпті қимадағы беріктік қор коэффициентін анықтау:
Алынған мән мүмкіндік беріктік қор коэффициенті мәнінен s=2, 5 кем болмауы керек. Біліктерді қатаңдыққа есептегенде s=1, 7 дейін алуға болады.
Тәжірибеден біліктер мен өстердің бұзылуы қажудың нәтижесінде екені белгілі. Сондықтан оларды қажуға беріктікке есептеу негізгі болып табылады. Егер білік пен айналатын өстердің серпімді жылжуы олардың жұмысына зиян келтіретін болса, бұл жағдайда қатаңдыққа есептейді. Біліктерді есептеудің тізбегін қарастырайық, өйткені өстердің есептеуі Т к =0 болғандағы біліктердің есептеуінің бір бөлігі.
Біліктің жобалық есептеуі. Бұндай есептеу бағдарлық болып табылады, себебі есептеуді жүргізген кезде біліктің қажу беріктігіне әсерін тигізетін өлшемдер әлі белгісіз.
Бұралуға есептеудің белгілі формуласының негізінде біліктің диаметрі
;
Мұнда есептік қимада әсер етуші және берілетін айналу моментіне тең бұралу моменті: бұралуға мүмкіншілік кернеуі, Н/ мм 2
Ст5, Ст6, 45 болаттарынан жасалған біліктер үшін: шеткі учаскенің диаметрін анықтауда аралық біліктің дөңгелек астындағы диаметрін анықтауда
Біліктің анықталған диаметрін нормаль сызықтық өлшемдердің R40 қатарынан жақын мәнге дейін дөңгелектейді, мм: 22, 24, 25, 26, 28, 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 45, 48, 50, 53, 56, 60, 63, 67, 71, 75, 80, 85, 90, 95, 100, 105, 110, 120, 125, 130, 140, 150, 160, 170, 180, 190, 200, 210, 220, 240, 250, 260, 280.
Төмендеткіштерді жобалаған кезде тез айналатын біліктің шеткі учаскесінің диаметрін d=(0, 8…1) d э деп қабылдайды, мұнда d э - төмендеткішпен муфта арқылы қосылған электрқозғалтқыштың білігінің диаметрі.
Біліктің пішіні мен дәлдік өлшемдерін ұштіректерді таңдағаннан кейін қабылдайды.
Мысал. Таспалы конвейердің жетегіндегі бір сатылы төмендеткіштің баяу айналатын біліктің жобалық есептеуін жасаңыз. Біліктегі айналу моменті T= 321 Н*м. Тісті дөңгелектің құрсауының ені b 2 = 42 мм.
Шешімі. 1 Біліктің материалы. Болат 45 қабылдаймыз. Біліктің шеткі учаскесіне бұралудан басқа шынжырлы берілістен түсетін күштерден иілу де әсер ететіндіктен, деп қабылдаймыз.
2. Т к =Т болғанда біліктің шеткі учаскесінің диаметрі
=40 мм.
3. Сызба бойынша біліктің құрылымын жасаймыз.
Жұлдызша отырғызылатын жердегі біліктің диаметрін есептеп таптық. Ұштірек отырғызылатын жердегі біліктің диаметрін =45 мм деп қабылдаймыз. Тісті дөңгелектің астында білік диаметрі =50 мм. Галтельдердің радиусын r=1, 5 мм деп қабылдаймыз. Ұзындықтарды жобалау арқылы қабылдаймыз l 1 =50мм, l 2 =l 3 = 40 мм.
Төзімділікке есептеу. Бұндай есептеу алдын ала белгілі құрылымдардың өлшемдері мен қабылданған материалдар бойынша жүргізеді. Қауіпті қималарға қауіпсіздік коэффициентін анықтап, оны мүмкіншілік мәндерімен салыстырады. Нормаль және жанама кернеулер бірге әсер еткен кезде қауіпсіздік коэффициентін (1. 16) бойынша анықтайды. Әдетте нормаль кернеулер симметриялы циклдар бойынша, ал жанама кернеулер нөлдік циклдар бойынша өзгереді деп есептейді.
Қауіпсіздік коэффициенттерін анықтау үшін иілу және бұралу моменттерінің эпюраларын салу қажет. Біліктің есептік схемасын салған кезде тісті дөңгелектің күпшегінің ұзындығы бойынша және ұштірек енінде әсер етуші күштерді қадалған күштерге, ал ұштіректердің өзін -топсалы тіректерге ауыстырамыз. Тіректердің центрлерін 14. 3, а-в -суретте көрсетілген етіп қабылдайды. Егер муфта болатын болса, одан білікке түсетін күшті ескеру қажет. Оның мәнін мөлшермен қабылдайды.
Қатаңдыққа есептеу. Біліктерді қатаңдыққа есептейді, егер олардың деформациялары біліктердегі бөлшектердің жұмысына әсер ететін болса.
Біліктің иілу және бұралу қатаңдығы бар.
Біліктің иілу қатаңдығы материалдар кедергісінің әдістерімен анықталатын көлбеу бұрышымен сипатталады. Қажетті иілу қатаңдықты 0 шартын орындау арқылы қамтамасыз етеді.
Мүмкіншілік көлбеу бұрышының мәндері білік пен өстің мақсатына байланысты. Мысалы, Тісті дөңгелек астындағы біліктің қимасының мүмкіншілік көлбеу бұрышы 2, радиалды шарикты ұштіректердің цапфасының мүмкіншілік көлбеу бұрышы 6, ал конусты роликты ұштіректердің цапфасының мүмкіншілік көлбеу бұрышы 8.
Біліктің бұралу қатаңдығын біліктің ұзындығына кететін бұралу бұрышымен сипаттайды. Берілістердің көптеген біліктер үшін бұралу қатаңдығының әсері жоқ, сондықтан бұл есептеуді жүргізбейді.
Мысал . Төмендеткіштің баяу айналатын білігін қажуға кедергіге еептеу керек. Тісті дөңгелектің бөлгіш диаметрі d 2 = 215. 906 мм; дөңгелектердегі күштер: шеңберлік F t = 2290 H, радиалды F r =1103 Н және өстік F a =496Н. Білікке шынжырлы берілістен түсетін күш F n =4114 Н жазықтыққа 38 градус бұрышында бағытталған. Білікке түсетін жүктеме реверсивті емес. Жүктеме - жайлы. Жұлдызша жағынан қарайтын болсақ, тісті дөңгелек сағат тіліне бағыттас айналады. Біліктің материалы -болат 45.
Шешімі. 1. Біліктің есептік схемасы 5. 1 мысалда қабылданған құрылымға сәйкес құрастырылған.
2. Білікке әсер етуші күштер мысалдың шарты бойынша шеңберлік F t = 2290 H, радиалды F r =1103 Н және өстік F a =496Н.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz