Тігінен және көлденеңінен еңбек бөлісу. Басқару деңгейлері



1. Басқарудың ұйымдық құрылымы, негізгі ұғымдары.
2. Басқару құрылымы элементтерінің арасындағы тік және көлденең байланыстар.
3. Басқару құрылымдарын құру принциптері.
4. Басқару деңгейлері.
«Ұйымның басқару құрылымы» немесе «басқарудың ұйымдық құрылымы» (БҰҚ) менеджменттің қызметімен тығыз байланысты. Осы құрылым шегінде басқару процесі толық жүзеге асырылады. Басқару құрылымы — бұл ұйымның бір тұтастық ретінде қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін, тұрақты түрде бір-бірімен байланысты элементтердің реттелген жиынтығы. БҰҚ шегінде басқару процесі осы ұйымның мәселелерін шешуге және мақсаттарына жетуге бағытталған функциялар бойынша жүзеге асырылады, сондықтан басқару құрылымы функционалдық міндеттерді, құқықтарды және жауапкершілікті оптималды бөлудің жүйесі ретінде беріледі.
Басқару құрылымдарының негізгі ұғымдары – элементтер, байланыстар (қатынастар), деңгейлер және өкілдіктер. БҰҚ элементтері болып дербес қызметкерлер (басшылар, мамандар), сондай-ақ белгілі функционалды міндеттерді атқаратын мамандардың белгілі санынан құралатын басқару аппаратының органдары табылады. Бұл элеметтерді екі топқа бөлуге болады:
а) маркетингті, өндіріс менеджментін және ғылыми-техникалық прогресті жүзеге асыратын басқару құрылымының түйіндері;
б) ұйымдағы барлық процестерді бақылайтын және жоспарлауды, өндірісті, еңбек әрі басқаруды ұйымдастыратын органдар.
Басқару құрылымы элементтерінің арасындағы қатынастар көлденең және тік байланыстар арқылы жүзеге асырылады. Көлденең байланыстар келісімге негізделіп, бірдеңгейлі болады. Тік байланыстар бағыну қатынастарына негізделіп, бұл қатынастар әрбір деңгейде белгілі мақсаттарға бағытталған иерархия сипаты бар басқару жүйелерінде талап етіледі.
Екі деңгейлі құрылымда басқарудың жоғарғы түйіні (жалпы ұйымды басқару) және төменгі түйіні (орындаушылардың қызметін басқаратын менеджерлер) құрылады. Үш және одан артық деңгейлері бар құрылымдарда ортаңғы түйін пайда болады, ал оның өзі бірнеше деңгейлерден құралуы мүмкін.
Ұйымның басқару құрылымында мынадай екі түрлі байланыстар болады:
1. ұйымның немесе оның құрылымдарының қызметі үшін толық жауап беру және шешімдер қабылдау, оларды жүзеге асыру және мәліметтің қозғалысын қамтамасыз ету барысында қалыптасатын қатынастар;
2. менеджменттің функцияларын жүзеге асыру барысында қалыптасатын функционалдық қатынастар.
БҰҚ элементтері арасындағы байланыстар өте күрделі: біреуінің ішінде болған өзгеріс басқаларына да қайта қарауды талап етеді. Мысалы, ұйым басшылығы құрылымға жаңа орган енгізу туралы шешім қабылдаса, мынадай сұрақтарға жауап беру қажеттілігі туындайды: Бұл орган қандай мәселелерді шешуге бағытталады? Ол кімге бағынады? Оған қажет мәліметті қандай мамандар жеткізіп тұрады? Бұл органның қызметкерлерінің өкілдіктері қандай? Осы органмен ұйымның басқа бөлімдерінің арасындағы байланыстар қандай болуы тиіс?
1. Менеджмент негіздері — Жаркенова С.Б.- Қостанай, 2000.
2. http://kazlive.com/

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкірім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Шетел тілі кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Тігінен және көлденеңінен еңбек бөлісу. Басқару деңгейлері

Орындаған: Артықбаева Ж.Ә.

ДЯ-305

Тексерген: Кушуков Г. С.

Семей қаласы, 2015 жыл.

Жоспар:

Басқарудың ұйымдық құрылымы, негізгі ұғымдары.
Басқару құрылымы элементтерінің арасындағы тік және көлденең байланыстар.
Басқару құрылымдарын құру принциптері.
Басқару деңгейлері.

Ұйымның басқару құрылымы немесе басқарудың ұйымдық құрылымы (БҰҚ)
менеджменттің қызметімен тығыз байланысты. Осы құрылым шегінде басқару
процесі толық жүзеге асырылады. Басқару құрылымы — бұл ұйымның бір тұтастық
ретінде қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін, тұрақты түрде бір-
бірімен байланысты элементтердің реттелген жиынтығы. БҰҚ шегінде басқару
процесі осы ұйымның мәселелерін шешуге және мақсаттарына жетуге
бағытталған функциялар бойынша жүзеге асырылады, сондықтан басқару құрылымы
функционалдық міндеттерді, құқықтарды және жауапкершілікті оптималды
бөлудің жүйесі ретінде беріледі.
Басқару құрылымдарының негізгі ұғымдары – элементтер, байланыстар
(қатынастар), деңгейлер және өкілдіктер. БҰҚ элементтері болып дербес
қызметкерлер (басшылар, мамандар), сондай-ақ белгілі функционалды
міндеттерді атқаратын мамандардың белгілі санынан құралатын басқару
аппаратының органдары табылады. Бұл элеметтерді екі топқа бөлуге болады:
а) маркетингті, өндіріс менеджментін және ғылыми-техникалық прогресті
жүзеге асыратын басқару құрылымының түйіндері;
б) ұйымдағы барлық процестерді бақылайтын және жоспарлауды,
өндірісті, еңбек әрі басқаруды ұйымдастыратын органдар.
Басқару құрылымы элементтерінің арасындағы қатынастар көлденең және
тік байланыстар арқылы жүзеге асырылады. Көлденең байланыстар келісімге
негізделіп, бірдеңгейлі болады. Тік байланыстар бағыну қатынастарына
негізделіп, бұл қатынастар әрбір деңгейде белгілі мақсаттарға бағытталған
иерархия сипаты бар басқару жүйелерінде талап етіледі.
Екі деңгейлі құрылымда басқарудың жоғарғы түйіні (жалпы ұйымды
басқару) және төменгі түйіні (орындаушылардың қызметін басқаратын
менеджерлер) құрылады. Үш және одан артық деңгейлері бар құрылымдарда
ортаңғы түйін пайда болады, ал оның өзі бірнеше деңгейлерден құралуы
мүмкін.
Ұйымның басқару құрылымында мынадай екі түрлі байланыстар болады:
ұйымның немесе оның құрылымдарының қызметі үшін толық жауап беру және
шешімдер қабылдау, оларды жүзеге асыру және мәліметтің қозғалысын
қамтамасыз ету барысында қалыптасатын қатынастар;
менеджменттің функцияларын жүзеге асыру барысында қалыптасатын
функционалдық қатынастар.
БҰҚ элементтері арасындағы байланыстар өте күрделі: біреуінің ішінде
болған өзгеріс басқаларына да қайта қарауды талап етеді. Мысалы, ұйым
басшылығы құрылымға жаңа орган енгізу туралы шешім қабылдаса, мынадай
сұрақтарға жауап беру қажеттілігі туындайды: Бұл орган қандай мәселелерді
шешуге бағытталады? Ол кімге бағынады? Оған қажет мәліметті қандай мамандар
жеткізіп тұрады? Бұл органның қызметкерлерінің өкілдіктері қандай? Осы
органмен ұйымның басқа бөлімдерінің арасындағы байланыстар қандай болуы
тиіс?
Басқару құрылымына көптеген талаптар қойылады, олар ұйымдық
құрылымдарды құру принциптерінің негізіне салынған. Басты принциптерінің
мағынасы мынадай:
басқарудың ұйымдық құрылымы алдымен ұйымның мақсаттарын ескеруі қажет,
демек, ол өндіріс пен оның мұқтаждарына бағынуы тиіс;
жұмыстың творчестволық сипатын, қолайлы қуатын және қажетті
мамандандырылуды қамтамасыз ететін басқару органдары мен дербес
қызметкерлер арасындағы оптималды еңбек бөлінісін алдын-ала белгілеу;
басқару құрылымын құруды әрбір қызметкер мен басқару органының
өкілдіктерін және жауапкершілігін белгілеумен олардың арасындағы тік және
көлденең байланыстар жүйесін тағайындаумен байланыстыру қажет;
функциялар мен міндеттердің, бір жағынан, және өкілдіктер мен
жауапкершіліктің, екінші жағынан, арасында сәйкестік болуы қажет, бұл
сәйкестіктің бұзылуы жалпы басқару жүйесінің дисфункциясына әкеліп
соқтырады;
БҰҚ ұйымның әлеуметтік-мәдениеттік ортасына икемделуі қажет, бұл өкілдіктер
мен жауапкершілікті бөлуге, басшылар мен менеджерлердің бақылауының көлемін
белгілеуге әсер етеді.
Бұл принциптерді жүзеге асыру басқарудың ұйымдық құрылымдарына
көптеген түрлі факторлардың әсер етуін ескеруді талап етеді. Бұл мына
факторлар: ұйымның құқықтық нысаны, басқарушылардың шешімдер қабылдау
барысындағы тәжірибесі, ақпараттық технологияның даму деңгейі және т.б.
Басқару деңгейінің қанша болуына тәуелсіз басшыларды, әдетте, үш
категорияға бөледі. Осы үш категорияны басшының ұйымда атқаратын қызметіне
қарай ажыратуға болады. Социолог Т. Парсонстың анықтамасы бойынша, өнім
өндіру мен қызмет көрсетуді үздіксіз орындап, жұмысшыларды тікелей
басқаратын адамдарды техникалық деңгейдегілерге жатқызады. Басқарушылық
деңгейдегі адамдар негізінен ұйымның ішінде басқару ісімен және
сәйкестендірумен шұғылданады, олар ұйымның түрлі бөлімшелерінің күшін және
әр түрлі әрекет түрлерін келісімге келтіреді. Институционалдық деңгейдегі
адамдар негізінен ұзақ мерзімді жоспарлауды, мақсаттарды тұжырымдауды,
ұйымның түрлі өзгерістерге бейімделуін, ұйымдар арасындағы және сыртқы
ортамен, сол сияқты осы ұйым өмір сүріп, өз қызметін атқаратын қоғаммен
қатынастарды басқаруды қолына алады.
Басқару деңгейлерін сипаттағанда, көбіне ортақ пайдаланылатын әдіс —
басшыларды (басқарушыларды) төменгі буынға немесе операциялық
басқарушыларға, орта және жоғарғы буынға бөлу.
Төмендегі 1-сурет осы үш деңгей мен Парсонстың басқару деңгейлерінің
сәйкес келетінін көрсетеді.

1-сурет. Басқару деңгейлері.

Осы суретте басқарудың екі тәсілі көрсетілген. Үш бұрышқа ұқсас
пирамиданың түрін біз әрбір келесі деңгейде кездестіреміз, алғашқысына
қарағанда басқару деңгейінде адамдар санының азая беретіні көрінеді.
Кіші бастықтарды кейде бірінші (төменгі) буын немесе операциондық
бастықтар деп атайды. Олар сол деңгейде тұрған тікелей өздеріне бағынышты
адамдардан (басқарылушылардан) жоғары тұрады. Кіші бастықтар негізінен
берілген тапсырманың орындалуы мен жүзеге асуын бақылайды және олардың
барысы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі және оның сараптамасы
Жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыру
Басқару деңгейлері. Тігінен және көлденеңінен басқару құрылымдары
Тігінен және көлденең еңбек бөлісу. Басқару деңгейлері
Ұйымдық құрылым. Сызықтық және функционалдық түрі
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары: жағдайы және даму басымдылықтары
Тігінен және көлденеңнен еңбек бөлісу. Басқару деңгейлері
Бюджеттік жоспарлау, қаржылық жоспарлаудың басым бөлігі
Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық моделі
Пәндер