Қаржы ресурстарын басқару



Кіріспе
1. Қаржы түсінігі оның пайда болу алғы шарттары.
2. Қаржы ресурстарын басқару
3. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді басқару
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін талдау мәселесі кәсіпорын үшін әрқашан өзекті мәселе, сондықтан қаржы ресурстарын пайдалануды ұйымдастырудың қазіргі іс жүзіндегі барысы жан-жақты ғылыми жолмен зерттелініп, оның ерекшеліктерімен жетіспеушіліктері айқындалады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халыққа Жолдауында: «Біз – саналы да жігерлі халықпыз. Егер ойын ережелері айқын белгіленіп, олардың орындалуы объективті негізде қамтамасыз етілсе, онда Қазақстан азаматтарының нарықтық экономикаға тез бейімделетініне менде күмән болмайды.» /1,30б./, – деп айтқандай, қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті талдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдық-таушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл қатесіз талдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, ұстауына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша айтқанда, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктерін басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдың, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
1 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Біздің Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі
2 Назарбаев Н.Ә. Президентіміздің Қазақстан халықына Жолдауы «Жаңа әлемдегі
3 Ілиясов Қ. Қ, Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. Алматы,
4 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: оқу құралы/Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов
5 О.Н. Лихачева. Финансовое планирование на предприятии. Москва, 2005
6 Ақпарат көзі - stud.kz интернет сайты
7 Нарықтық экономикадағы қаржы менеджментінің маңызы және қажеттілігі//Экономика негіздері.
8 Есенова Г.Ж. Управление финансовыми ресурсами.//Қаржы-қаражат 2007 - №2
9 С.В. Большаков. Финансы предприятий. Теория и практика. Учебник:
10 Финансы предприятий: Учебник для вузов/ под ред. Н.В.
11 Кожахметова М. Финансовый контроль как метод управления финансами//
12 Жұмағазиева А. Кәсіпорындағы экономикалық билік жүйесі және құрылым
13 Масалимов С.Ж., Зиядин С.Т., Қаржылық менеджмент: Оқу құралы.
14 Леонтьев В.Е., Бочаров В. В., Радковская Н. П.
15 Ковалев В.В. Финансовый анализ. Издание второе. Москва. «Финансы

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Қаржы ресурстарын басқару

Дайындаған: Абилкасова А.Д
ЛД-211тобы
Тексерген: доцент Тойкин С.Х

Семей
2015
Жоспар:
Кіріспе
1. Қаржы түсінігі оның пайда болу алғы шарттары.
2. Қаржы ресурстарын басқару
3. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді басқару
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін талдау мәселесі кәсіпорын үшін әрқашан өзекті мәселе, сондықтан қаржы ресурстарын пайдалануды ұйымдастырудың қазіргі іс жүзіндегі барысы жан-жақты ғылыми жолмен зерттелініп, оның ерекшеліктерімен жетіспеушіліктері айқындалады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы халыққа Жолдауында: Біз - саналы да жігерлі халықпыз. Егер ойын ережелері айқын белгіленіп, олардың орындалуы объективті негізде қамтамасыз етілсе, онда Қазақстан азаматтарының нарықтық экономикаға тез бейімделетініне менде күмән болмайды. 1,30б., - деп айтқандай, қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті талдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдық-таушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл қатесіз талдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, ұстауына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша айтқанда, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктерін басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдың, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

1.Қаржы түсінігі оның пайда болу алғы шарттары
Қаржы ақша-қаржы ресурстары мен қорларын құру және пайдалану үрдісіндегі экономикалық қатынастарды айқындайтын экономикалық категориялардың маңызды бір бөлігі болып табылады. Қаржының пайда болуы натуралды шаруашылықтан тауар-ақша айырбасына өтумен және мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарды кажететуімен тығыз байланыста қалыптасты.Қаржының маңызды нышаны болып ақша қаражаттарының нақты қозғалысындағы қаржы қатынастарының ақшалай мағынада берілуі табылады.
Қаржы түсінігі елдегі жэне қоғамдағы ақша табиғатын жэне ақша қатынастары процестерін сипаттайтын жалпылама экономикалық категорияларға жатады. Қоғамдық өмірдің қүбылысы ретінде қаржылар мемлекеттің пайда болуы жэне ақша қозғалысы- мен байланысты пайда болды. Айырбас қүралы ретінде ақша мем- лекет пайда болғанға дейін пайда болды. Қаржы термині латын сөзі finis - істің аяқталуы, төлеу мерзімі, тартыстың аяқталуын білдіреді. Германияда finans сөзі XVI -XVII ғғ парақорлық, алдау мағынасын білдірген. Бірақ XVIII ғасырда француз сөзі finance мемлекеттік мүліктің жиынтығын, мемлекеттің шаруашылығын, мемлекеттің шығыстары мен кірістерін білдіретін. XIX ғасырдың соңында қаржы термині тек ақша қүралдары ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің материалдық қүндылықтарын да білдіретін. Қаржылар екі аспектілерде қарастырылады: материалдық жэне экономикалық. Материалдық магынада қаржылар мемлекеттің қаржы ресурстарын білдіреді, яғни мемлекеттің меншігіндегі қолма-қол және қолда жоқ ақшалардың жиынтығы ретіндегі орталықтандырылған жэне орталықтандырылмаған ақша құралдарының қорларының жиынтығы. Қолма-қол ақшалар белгілі қүны көрсетілген қағаз ақша немесе тиын ақша түрінде көрініс табады. Ал, қолда жоқ ақшалар белгілі шоттардағы жазба түріндегі ақша қүралдары. Қаржы категориясын материалдық мағынада және ақша терминімен байланыстыра қарастыра отырып үш мағынасын көрсетуге болады. Кең мағынада қаржылар ақша түсінігінің синонимі ретінде қарастырылады. Ұдайы өндіріс үрдерісі бір-бірімен байланысты және өзара тәуелді өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну тәрізді кезеңдері аркылы жүзеге асады. Қаржы ғылымының теориядарының бірінде қаржының пайда болуын ұдайы өндіріс процесінің екінші кезеңімен байланыстырады, осы кезеңде қоғамдық өнімнің құнын мақсатты және субъектілерге өндірілілген өнімнен өз үлесін бөлу арқылы жузеге асады. Сондықтан, экономикалық категория ретінде қаржының маңызды нышаны болып қаржылық қатынастардың бөлгіштік сипаты танылады.
Мүнда ақшалай табыстар мен жинақтардың әр түрлі нысандарының құрылуы байқалады. Құн одан әрі қаржы негізі түрінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлініп оны мақсатты пайдалану жүзеге асырылады.

2. Қаржы ресурстарын басқару

Қаржы ресурстары - экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады. Экономикасы бір орт-тан басқарылатын елдерде басым үлесті мемлекеттің және муниципалдық құралымдардың қаржы ресурстары құрайды, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржы ресурстарының елеулі бөлігі кәсіпкерлік капиталдан тұрады. Қаржы ресурстарының көздері: белгілі бір кезеңде жаңадан жасалған таза табыс, ұлттық байлықтың бір бөлігі (бұрыннан қорланған қаражат), қарыз алу, сыртқы көздерден тартылған қаражат. Қаржы ресурстарының жұмсалу арналары алуан түрлі. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен салықтар мен алымдар, мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сатудан алынған түсімдер, елдің босалқы алтын қорын сатудан, мемлекеттік облигациялар мен бағалы қағаздарды шығару мен сатудан алынған қаражат, мемл. кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда, сыртқы және ішкі қарыз алу жолымен алынатын ақшалай қаражат, сақтық қорлары мен сақтандыру қорларын, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарын пайдалану жолымен алынған қаражат есебінен құралады. Жергілікті (муниципалдық) ресурстар елдің қаржы ресурстарының бөлек, біршама дербес бөлігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру жайлы
Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру
Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару
Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар
Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық процестердегі мемлекеттің қаржылық саясаты
Қаржы, каржы шаруашылыгы және каржы жүйесі жайлы
Халықаралық қаржылық менеджменттің мазмұны
Пәндер