Қазақстан Республикасы аймақтық интеграция процесінде



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 тарау. Қазақстан Республикасы аймақтық интеграция процесінде
1.1. Қазақстанның Орталық Азия елдерімен қатынасы ... ... ...
1.2. Халықаралық әскери ынтымақтастықты құру ... ... ... ... ...

2 тарау. Еуразиялық ынтымақтастық
2.1.Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестер ... ... ... ... ..
2.2.Индустриялды.инновациялық даму ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3 тарау. Қазақстанның халықаралық мәселелерді шешу жолдары
3.1. Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға
қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2.Қазақстанның интеграциялануы және біртұтас
Кеден Одағының құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Соңғы жылдары аймақтық интеграция, ғаламдастыру процесімен қатар, мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарда үстемдік сипаттағы тенденцияға айналды.
Бүгін өткен жылдарды еске түсіріп және біздің күш-жігеріміз бен жетістіктерімізді талдай отырып, нық сеніммен былай деуге болады: біз стратегиялық тұрғыда дұрыс жолды тандадық. Экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-саяси реформалар кейде қаншалықты қиын жүргеніне қарамастан, күткен нәтижелерге жеткізді: ел экономикасы мен демократиялық процестер серпінді даму үстінде. Қазақстан орынды түрде өңір лидері саналады және барынша бәсекеге қабілетті экономикасы бар 50 мемлекеттің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылуда.
Әлбетте, біз мінсіз экономикалық модель жасап, өте оңды қоғам құрып қойдық деп айта алмаймыз. Бұлай ету жүйенің тоқырап, іріп-шіруін білдірер еді. Реформалардың өзі де біз үшін тар өрісті мақсат болған жоқ. Біз оларды өз замандастарымызға жақсы өмір тілеп, қазақстандықтардың келесі ұрпақтарының болашақтылығын қамтамасыз   ету  үшін жүргіздік.
Біздің стратегиялық мақсатымыз ел Конституциясымен бекітілген: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары". Және айту керек, біз өз мақсатымызға қол жеткізуде дәйекті боп қалып отырмыз.
Менің дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты – бұл Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының құлуы мен оның келешектегі  дамуын  қарастырдым.
Өткен жүзжылдықтың аяғы адамзат тарихындағы ең бір ауқымды өзгерістер кезеңі болды: қоскіндікті дүниенің негіздері қиратылды. Бізге, егер тиісінше шаралар қабылдамасақ, экономикалық күйреуден де қашып құтылу мүмкін еместей көрінген. Біз экономиканы ырықтандыруға әзір едік, бірақ та бізде нарықшылар командасы болмай шықты.
Қазақстан жауапты таңдау жасады жөне бәсекелестікке, меншіктің әрқилы формаларын дамытуға негізделген экономикаға әлеуметтік  бағдарлануды белгіледі.
Алайда мақсатты жариялау және елді сапалық тұрғыда басқа жағдайға көшіру — бұл мәні бірдей емес міндеттер. Тұтас ұрпақтар тіршілік әрекетінің мүлдем басқа жағдайларына бейімделген ел үшін өздігінен икемделетін және әлеуметтік бағдарланған нарық тетігін қалыптастыру тарихи тұрғыда жүйелік көшу жөніндегі күрделі міндеттердің тұтас кешенінен тұратын айрықша, ауқымды проблемаларды шешуді өз-өзінен көздейді.
Өткен өзгерістердің басты қорытындыларын бағалай отырып, мынаны сөзсіз мойындаған жөн: біз нарық тетігін іске қосып, сұраныс пен ұсыныс бағаны реттейтін, тауар ағымдарының қозғалысын, бәсекелестіктің табиғатын, инвестиция арналарын айқындайтын ахуал жасай алдық.
Орталық Азия аймақтандыру процесін дамыту үшін қолайлы алғышарттар бар. Бұл, ең алдымен, аймақты мекендейтін халықтардың тарихи, географиялық, мәдени және тілдік бірлігі. Сондықтан Орталық Азиядағы мемлекеттермен ынтымақтастықты ұлғайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді. Орталық Азия мемлекеттерімен өзара тату көршілік, тұрақты қарым-қатынас - біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы.
Президент Н.Назрбаев Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030» жолдауында: «Ұлттық мүдделерді қорғауды, сондай-ақ таяудағы жәнре алыс перспективадағы күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етудегі біздің озық қаруымыз – интеграция саясаты, бірініші кезекте Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның арасындағы Орталық Азиялық Одақты нығайту, қарсы тұру емес, басқа мемлекеттердің істеріне араласпау, келісімге келу үстем болуы тиіс» - деп атап көрсетті.
Экономика, сөз жоқ, интеграцияның анағұрлым маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Тарихи қалыптасқан шаруашылық байланыстар, сондай-ақ геосаяси жағдайдың ерекшелігі жиынтық экспортық және транзиттік-көліктік әлеуетті тиімді пайдалану қажеттігін талап етті. Оның үстіне аймақта бірқатар елеулі проблемалар бар, оларды екі жақты негізде шешу мүмкін емес.
Менің дипломдық жұмысымның мақсаты келесі міндеттерден тұрады. Олар:
 Қазақстанның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы
 Халықаралық әскери ынтымақтастықты құру
 Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестер
 Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі
Бүгінгі таңда интеграциялық процестер мен ғаламдану процестері дүниежүзінің ең ірі проблемаларына айналуда.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Назарбаев Н. Қазақстан экономикалық-әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында // Егемен Қазақстан, 2005, 19 ақпан
2. Сергеев Н. Центральная Азия: к новой модели сотрудничества // Казахстанская правда. 2005. 23 февраля.
3. Егемен Қазақстан, 2002, 28 желтоқсан
4. Сембинов Б. Политика обеспечения региональной безопасности в Центральноазиатском регионе в контексте развития Организации Договора о колективной безопасности . Автореф. канд. дисс. А., 2004. С. 15.
5. Сборник документов по международному праву. Т.1. Алматы, 1998. С. 307.
6. Кононович Е., Прохоров И. Россия присоединяется к Цас // Казахстанская правда, 2004, 29 мая.
7. Хабаршы. «Халықаралық өмір және саясат» сериясы. А., 2004. №1 (6). 65-69 – бб.
8. Казахстанская правда, 2005, 25 марта.
9. Егемен Қазақстан, 2005, 12 қаңтар.
10. Кокурин Д., Мелкумов Г.
11. «Участники мирового рынка нефти»
12. Россискии экономическии журнал 2003 №9 123-136 б.
13. С. Сатыбалдин, О. Төлемісов, С. Мұқаев
«Табиғат байлығына егеменділік және оның құны», Алматы 1998ж.
14. К. Дүкенбаев «Қазақстан энергетикасы» Алматы 1999ж
15. Каримова З, Умирбаева Э. «Минеральные ресурсы Казахстана и мира»//Экономика и статистика 2002 №2 40-49 б.
16. Сабырова М.Е. «Көмір саласының құрылымын қайта құру тиімділігі және оның іске асырылу механизмі» Алматы. Домино 2004ж
17. Нұрғалиев Қ.Р. « Қазақстан экономикасы» Алматы, Қазақ ун-ті 1999ж
18. Сәбден О. « XXI ғасырға қандай экономикамен кіреміз» Алматы 1997ж
19. Қазақстан цифрларда 2004ж. Статистикалық жинақ, ҚР Стастистика жөніндегі агенттігі

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 тарау. Қазақстан Республикасы аймақтық интеграция процесінде
1. Қазақстанның Орталық Азия елдерімен қатынасы ... ... ...
1.2. Халықаралық әскери ынтымақтастықты құру ... ... ... ... ...

2 тарау. Еуразиялық ынтымақтастық
2.1.Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық
процестер ... ... ... ... ..
2.2.Индустриялды-инновациялық
даму ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3 тарау. Қазақстанның халықаралық мәселелерді шешу жолдары
3.1. Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға
қосқан
үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .
3.2.Қазақстанның интеграциялануы және біртұтас
Кеден Одағының
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...

Кіріспе
Соңғы жылдары аймақтық интеграция, ғаламдастыру процесімен
қатар, мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қарым-
қатынастарда үстемдік сипаттағы тенденцияға айналды.
Бүгін өткен жылдарды еске түсіріп және біздің күш-жігеріміз бен
жетістіктерімізді талдай отырып, нық сеніммен былай деуге болады: біз
стратегиялық тұрғыда дұрыс жолды тандадық. Экономикалық, құқықтық және
әлеуметтік-саяси реформалар кейде қаншалықты қиын жүргеніне қарамастан,
күткен нәтижелерге жеткізді: ел экономикасы мен демократиялық процестер
серпінді даму үстінде. Қазақстан орынды түрде өңір лидері саналады және
барынша бәсекеге қабілетті экономикасы бар 50 мемлекеттің қатарынан лайықты
орын алуға ұмтылуда.
        Әлбетте, біз мінсіз экономикалық модель жасап, өте оңды қоғам құрып
қойдық деп айта алмаймыз. Бұлай ету жүйенің тоқырап, іріп-шіруін білдірер
еді. Реформалардың өзі де біз үшін тар өрісті мақсат болған жоқ. Біз оларды
өз замандастарымызға жақсы өмір тілеп, қазақстандықтардың келесі
ұрпақтарының болашақтылығын қамтамасыз   ету  үшін жүргіздік.
        Біздің стратегиялық мақсатымыз ел Конституциясымен бекітілген:
"Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары". Және айту керек, біз өз
мақсатымызға қол жеткізуде дәйекті боп қалып отырмыз.
        Менің дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты – бұл
Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының құлуы мен оның
келешектегі  дамуын  қарастырдым.
        Өткен жүзжылдықтың аяғы адамзат тарихындағы ең бір ауқымды
өзгерістер кезеңі болды: қоскіндікті дүниенің негіздері қиратылды. Бізге,
егер тиісінше шаралар қабылдамасақ, экономикалық күйреуден де қашып құтылу
мүмкін еместей көрінген. Біз экономиканы ырықтандыруға әзір едік, бірақ та
бізде нарықшылар командасы болмай шықты.
        Қазақстан жауапты таңдау жасады жөне бәсекелестікке, меншіктің
әрқилы формаларын дамытуға негізделген экономикаға
әлеуметтік  бағдарлануды белгіледі.
        Алайда мақсатты жариялау және елді сапалық тұрғыда басқа жағдайға
көшіру — бұл мәні бірдей емес міндеттер. Тұтас ұрпақтар тіршілік әрекетінің
мүлдем басқа жағдайларына бейімделген ел үшін өздігінен икемделетін және
әлеуметтік бағдарланған нарық тетігін қалыптастыру тарихи тұрғыда жүйелік
көшу жөніндегі күрделі міндеттердің тұтас кешенінен тұратын айрықша,
ауқымды проблемаларды шешуді өз-өзінен көздейді.
        Өткен өзгерістердің басты қорытындыларын бағалай отырып, мынаны
сөзсіз мойындаған жөн: біз нарық тетігін іске қосып, сұраныс пен ұсыныс
бағаны реттейтін, тауар ағымдарының қозғалысын, бәсекелестіктің табиғатын,
инвестиция арналарын айқындайтын ахуал жасай алдық.
Орталық Азия аймақтандыру процесін дамыту үшін қолайлы
алғышарттар бар. Бұл, ең алдымен, аймақты мекендейтін
халықтардың тарихи, географиялық, мәдени және тілдік
бірлігі. Сондықтан Орталық Азиядағы мемлекеттермен
ынтымақтастықты ұлғайту Қазақстанның сыртқы саясатының
негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді. Орталық Азия
мемлекеттерімен өзара тату көршілік, тұрақты қарым-
қатынас - біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз
етудің маңызды факторы.
Президент Н.Назрбаев Қазақстан халқына Қазақстан – 2030
жолдауында: Ұлттық мүдделерді қорғауды, сондай-ақ таяудағы
жәнре алыс перспективадағы күштердің тепе-теңдігін
қамтамасыз етудегі біздің озық қаруымыз – интеграция саясаты,
бірініші кезекте Қазақстанның, Қырғызстанның және
Өзбекстанның арасындағы Орталық Азиялық Одақты нығайту, қарсы
тұру емес, басқа мемлекеттердің істеріне араласпау,
келісімге келу үстем болуы тиіс - деп атап көрсетті.
Экономика, сөз жоқ, интеграцияның анағұрлым маңызды
құрамдас бөлігі болып табылады. Тарихи қалыптасқан
шаруашылық байланыстар, сондай-ақ геосаяси жағдайдың
ерекшелігі жиынтық экспортық және транзиттік-көліктік әлеуетті
тиімді пайдалану қажеттігін талап етті. Оның үстіне аймақта
бірқатар елеулі проблемалар бар, оларды екі жақты негізде
шешу мүмкін емес.
Менің дипломдық жұмысымның мақсаты келесі міндеттерден
тұрады. Олар:
✓ Қазақстанның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы
✓ Халықаралық әскери ынтымақтастықты құру
✓ Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестер
✓ Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан
үлесі
Бүгінгі таңда интеграциялық процестер мен ғаламдану процестері
дүниежүзінің ең ірі проблемаларына айналуда.

Қазақстанның Орталық Азия елдерімен қатынасы.
Президент Н.Назарбаев 2005- жылғы 18 ақпандағы Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында
атты Қазақстан халқына жолдауында: Мен Орталық Азия елдері
Одағын құруды ұсынамын. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан арасында
жасалған мәңгілік достық туралы шарт осындай бірлесу
үшін берік негіз бола алады. Біздің экономикалық
мүделлеріміз де, мәдени-тарихи тамырымыз да, тіліміз де,
дініміз де, экологиялық проблемаларымыз да, керек десеңіз
сыртқы қатерлеріміз де ортақ деп атап көрсетті. Президент
бұл одаққа Орталық Азия мемлекеттерінің, оның ішінде барлық
Орталық Азия мемлекеттерінің, оның ішінде Тәжікстан мен
Түркіменстанның кіруін ұсынды. [1]
Интеграцияның алғашқы қадамы 1994 жылғы 30 сәуірдегі
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің Біртұтас
Экономикалық кеңістік құру жөніндегі Келісім-шартқа қол
қоюдан басталды. 1998 жылдың 26 наурызында оған Тәжікстан
енді. Ал 1998 жылы оның Орталық Азиялық экономикалық
Қауымдастық деген жаңа атауы бекітілді.
1992 жылғы 9 қазанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан,
Тәжікстан Әскери қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы келісімге
қол қойды. Онда бұл елдерге басты әскери қауіп ретінде
бірсыпыра өңірде саяси және әлеуметтік-экономикалық
тұрақсыздықтың болуы, кейбір мемлекеттер тарапынан қуатты
әскери күштердің жақын тұруы, жаппай қырып жоятын
қарулардың тарауы атап көрсетілді.[2]
1994 жылғы 8 шілдеде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан әскери-
техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.[3]
1995 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан
БҰҰ-на қарасты ұжымдық бітімгершілік батальонын құру
туралы келісімге келді.[4]
1993 жылғы 26 наурызда және 1997 жылғы 28 ақпанда
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан Арал
теңізі және Арал өңіріндегі проблеманы шешу бағытында
бірлескен іс-қимыл туралы және Арал аймағының экономикалық
дамуын, оның әлеуметтік-экономикалық өркендеуін қамтамасыз
ету туралы келісімдерге қол қойды. [5]
90 жылдарда мемлекетаралық қатынастың нормативтік-құқықтық
негіздері жасалды, Қазақстанның, Өзбекстан және Қырғызстанмен
Мәңгілік достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы
келісімге, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтық
қатынас туралы келісімге қол қоюы ірі саяси оқиға
болды. 1998 жылғы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы
Мәңгілік достық туралы келісімде тараптар экономиканың
әртүрлі салаларында тығыз ынтымақтастықты нығайтуға
жағдай жасалатындықтарына келісті. Сол сияқты аталған үш
мемлекет Бірыңғай экономикалық кеңістік құра отырып, капитал
мен жұмысшы күшінің еркін қозғалысы, экономиканың түрлі
салаларында өзара келісілген саясат жүргізу туралы да шартқа
қол қойды. [6]
2002 жылғы желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан,
Тәжікстан Алматыда Орталық Азия ынтымақтастық ұйымын құруға
келісті. [7]
2003 жылғы шілде айында ОАЫ Ұйымы мемлекет басшыларының
Бірлескен мәлімдемесі жарияланды. [8]
Алға қойған міндеттер көрсетілді, олар: өңірде
тұрақтылықты қамтамасыз ету, өңірлік қауіпсіздік пен
экономикалық интеграцияның орнықты жүйесін қалыптастыру,
есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, халықаралық
лаңкестікті қаржыландыруға кетіп жатқан есірткі трафигінің
арналарын анықтау және жабу, транс-шекаралық қылмысқа
және жасырын көші-қонға қарсы күрес, шекаралық, кеден
және салық қызметтерінің өзара ықпалдастығы. Өнірлік және
мемлекетаралық сипатқа ие болып отырған үш жоба аталды.
Олар: аймақта су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану,
коммуникациялық жобаларды жүзеге асыру және аймақтағы
мемлекеттерді азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде үш
консорциум құру. Сонымен қатар, Өзбекстан президенті Ислам
Каримовтың өңірде жалпы рынок құру ұсынысын жүзеге
асыру шешімдері қабылданды.
Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім-шарт ұйымының
Орталық Азия аймағындағы жұмысы ең алдымен осы маңда 2001
жылдаң бері жайғасқан Шұғыл әрекет ететін ұжымдық
күштерді (ШӘҰҚ) нығайта түсуге бағытталып отыр. Бұл күштерге
жиыны 1500 адам құрайтын Ресейден, Қазақстаннан,
Тәжікстаннан және Қырғызстаннан келген 4 батальон кіреді.
Бұған қоса Тәжікстанда орналасқан ресейлік 201-мотоатқыштар
дивизиясы да осы біріккен күш қатарында. Бұл аймақта оның
қауіпсіздігіне қатер төндіретін ошақ көздері көп. Бұған
аймақтың Ауғаныстанмен шектесетінін, аймаққа экстремистік
топтардың біртіндеп еніп, тіміскі әрекет жүргізуі
мүмкін екендігін, кедейшіліктің, жұмыссыздықтың және қоғамдық
өмірдегі өзге де теріс ахуалдың салдарынан жасырын
көші-қон өршіп кетуі мүмкін әлеуметтік дүрдараздықты және
басқаларды қсоуға болады.[9]
Тәжікстанның өздігімен қауіпсіздігін қатмасыз ете
алмайтындығы, соның ішінде шекарасын күзете алмайтындығы
(Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Ауғаныстанмен шекара ұзындығы
4183 км) ең маңызды фактор болып отыр.[10]
Президент Н. Назарбаевтың Орталық Азия мемлекеттері одағын
құру жөніндегі бастамасы, біріншіден, қазіргі ғаламдастыру
кезінде жалпыға бірдей қауіптің төнуіне байланысты
болып отыр. Лаңкестік, экстремизм, есірткі құралдары
мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы, жасырын көші-қон,
трансұлттық ұйымдасқан қылмыс секілді ортақ қатерлер
мен сынақтарға қарсы тұруда кеңінен ықпалдасу маңызды.
Екіншіден, Орталық Азияда 50 миллионға жуық халық бар.
бірақ бұл елдердің экономикасы біркелкі дамып оытрған
жоқ, біреулерінде - табысты, басқаларында – онша емес. Көрші
елдердің халықтарының тұрмыс жағдайы да әртүрлі,
нәтижесінде жасырын көші-қон тоқталар емес, ол –
мемлекетаралық қатынастарға да өзінің теріс әсерін
тигізуде. Сондықтан Президент Назарбаев бұдан былай
интеграцияны тереңдету, экономикалық реформаларды тиімді
жүргізу үшін еркін сауда аймағын құру, кеден одағы,
валюта одағы, қызмет көрсету, тауарлар, капитал және
жұмысшы күштерінің еркін қозғалысын ретке келтіру
қажеттігіне мкңыз берді. Президент қатысушы мемлекеттердің
тәуелсіздігін жоятын одақтық мемлекет құруды
емес, экономикалық және саяси проблемаларды бірігіп шешетін
одақ құруды мақсат етіп отыр.
Үшіншіден, аймақ елдері әлемдік күшті державалар
мен халықаралық ұйымдардың стратегиялық мүдде нысаны
болып келеді. 2003 жылғы 23 қазанда Қырғызстанның Кант
қаласында ресейлік әскери-әуе базасы ашылды. [11]
Ресей өз әскери күштері мен әуе күштерін Кантта
қайтарымсыз негізде орналастыра отырып, базаның қызметін
қаржыландыру ісін толығымен өз мойнына алып отыр. АҚШ
2002 жылдан бері Қырғызстандағы Манаста әскери база
ұстап отыр.[12]
2004 жылғы мамыр айында Ресей Орталық Азия
ынтымақтастық ұйымына мүшелікке өтті.[13]
Қытай Халық Республикасы 2002 жылғы наурыз айында
қайтарымсыз әскери-техникалық салада Қазақстанға – 3 миллион
доллар, Қырғызстанға – 1,6 миллион доллар, Тәжікстанға – 1,2 миллион
доллар көмек берді. [14]
Жапония 2004 жылдан бастап Орталық Азия – Жапонияә атты
үнқатысу жүргізудің бастамашысы болып отыр.[15]

Халықаралық әскери ынтымақтастық
Президенттің 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына
Жолдауында аймақтық және жаһандық экономикалық, саяси
проблемаларды шешуде терезесі тең әріптеске айналған
мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтағы рөлі мен беделінің
артып келе жатқандығын атап көрсетілген.
Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибе ешбір мемлекеттің
ұлттық қауіпсіздікті, сонымен бірге әскери қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мәселесін бір өзі шеше алмайтындығын анық
көруде.
Осының барлығы әскери саясатты, әскери ұйымды
өзгерген жағдайларға бейімдеу қажеттігін туғызды. Армияны
жетілдіру уақыт талабына айналды. Сондықтан да мемлекет
басшылығы еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі бірқатар шаралар қабылданды.
2001 жылмен салыстырғанда Қазақстанда тіркелген әскери-
дипломатиялық миссиялар санының үш есе өсу фактісі біздің
Қарулы Күштер беделінің өсіп келе жатқандығын дәлелдейді.
Бүгін біздің еліміздегі шетел мемлекеттері әскери
атташелерінің саны 24-ке жетті.
Президент Жолдауына сәйкес бүгінгі күннің өзінде
кәсіби әскер қалыптастыру тұрғысында нақты қадамдар
жасалды.
Оған өткен Сарыарқа – 2004 стратегиялық оқу-
жаттығуының Жетісу-2004 ірі ауқымды командолық штабтық
оқу-жаттығуының қорытындылары дәлел бола алады.
Қазіргі уақытта Иракта тұрақтандырушы күштер құрамына
біздің бітімгерші жауынгерлеріміз өз міндеттерін адал
атқаруда. Ол 3 миллионға жуық жарылғыш заттарды
залалсыздандырды. [16]
1994 жылы Қазақстан – АҚШ арасындағы Демократиялық әріптестік
Хартиясындағы Иностранное военное финансирование, Излишки
военного имущества, Центрально-Азиятская Инициатива Безопасности
бағдарламалары бойынша Қазақстанға әскери-техникалық көмек
көрсетілгендігі айтылды.
2003 жылғы 10-14 қыркүйекте екі ел арасындағы қорғаныс
министрліктері ынтымақтастығының бес жылдық жоспарына
қол қойылды.
Франциямен Қазақстан арасындағы әскери ынтымақтастық
1998 жылдың желтоқсан айынан басталды.
2003 жылғы 4 шілдеде екі ел арасындағы қорғаныс
минитрліктерінің 2003-2004 жылдарға арналған ынтымақтастық
жоспарына қол қойылды. Ұлыбритания қорғаныс министрлігі 2003
жылы әскери-техникалық ынтымақтастық орнатты. [17]
Президент Назарбаетың Жарлығымен 1992 жылғы 18 тамызда
еліміздің шекара әскері құрылды.
1993 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасының
мемлекеттік шекарасы туралы Заң қабылданды. [18]
Шекарамыздың жалпы ұзындығы – 14 мың км. Оның ішіндегі
Каспий теңізі жағалауы – 600 км, Ресей Федерациясымен – 7591 км,
Қытай Халық Республикасымен - 1740 км, Өзбекстанмен - 2350
км, Қырғызстанмен – 1050 км, Түрікменстанмен – 400 км.
Мемлекеттік шекара күзетін қамтамасыз етіп отырған Шекара
қызметінің жер-жерлердегі бөлімдерінің жұмысына бақылауды
арттыра түсу мен оны басқаруды оңталандыру үішн
Батыс, Шығыс , Оңтүстік, Солтүстік өңірлік басқармалары
құрылды.
Әуелі Қытай Халық Республикасымен шекара айқындауға
кірісті. Кеңес Одағы Қытаймен шекара мәселесінің
шиеленісуі салдарынан алпысыншы жылдары Қиыр Шығыстағы
Даманскіде, сондай-ақ осы күнгі Алматы облысының Жалаңашкөл
деген жерінде қарулы қақтығыстар болды, оның аяғы
соқысқа айналып кете жаздаған.
1994 жылы басталған бұл процесс тек 1998 жылы ғана
аяқталып, екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны айқындайтын
құжатқа қол қойылды.
Күрделі мәселенің бірі – трансшекараның өзндер
проблемасы болып табылады. Республиканың негізгі өзендері – Шу,
Талас, Ертіс, Іле, Сырдария, Орал басқа мемлекеттердің
жерлерінен бастау алады, яғни трансшекаралық өзендер болып
табылады.
Су қорларының жартысына жуығы Қытай Халық Республикасы,
Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей сияқты көршілес жатқан
мемлекеттерден келіп түседі. [19]
Еліміз Қытай Халық Республикасымен трансшекаралық өзендер
мәселесін шешу мақсатында 1999 жылы бірлескен жұмыс тобын
құрған болатын. Ертіс бассейніне жататын алты өзен,
Ілеге – жеті өзен, Эмельге – үш өзен, Барлық тау жүйесіне -
сегіз өзен анықталады. Гидрологиялық бақылау орындары
белгіленді.
2001 жылғы 23-25 маусымда бірлескен сарапшылар тобы
Ертіс – Қарамай каналына және Ертістегі плотинаға зерттеу
жүргізілді. 2001 жылғы 14 қыркүйек те екі ел арасында
трансшекаралық өзендерді пайдаланудағы ынтымақтастық принциптері
атап көрсетілді.[20]

Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестер
Экономикалық интеграция қалай басталды және оны қазіргі
кездегі жағдайы.
1994 жылғы наурызда ММУ-де (Мәскеу Мемлекеттік
Университетінде) Президент Назарбаев Еуразиялық Одақ құру
туралы идея ұсынды. Алайда ол кезде мұндай интеграцияны
Украина да, Беларуссия да, Орталық Азия да қажет етпеді,
олар енді ортақ жүгендеуден құтыламыз, біздің
әрқайсымыздағы байлығымыз жетеді, болшақ халықтарымыз
жақсы өмір сүреді деген ойда болды.
1995 жылдан бастап іс жүзінде интеграциялық даму
моделі жүзеге асырыла бастады. Сол жылы 6 қаңтарда Ресей
мен Беларусь Кеден Одағын құру туралы келісімге қол
қойды, екі аптадан кейін оған Қазақстан, бір жылдан
соң Қырғызстан, 1998 жылы Тәжікстан қосылды. Бұл елдер
арасында экспорттық және импорттық салықтарды алып тастау
зө нәжесін бере бастады.
1995 жылы Беларуссияның Кеден одағындағы елдермен
тауар айналымы 68 пайызға, Қазақстанның бұл елдермен
тауар айналымы – 40 пайызға, Ресейдікі – 12 пайызға өсуі байқалды.
Ол кезде Президент назарбаев Қарапайым адамдарға
қарай қарапайым он қадам жасауды ұсынды, онда пошта
және ақша аудару қызметін жақсарту, телефондық сөйлесулерге
салық салмау, адамдардың шекара арқылы өтуіне жеңілдік
жасау т.б. аталды.
1997 жылы көктемде ТМД елдері Экономикалық Интеграциялық
Ынтымақтастық тұжырымдамасын қабылдады.
Ал қазан айында Бішкекте ТМД лдері үкіметтері
басшыларының кеңесінде 25 құжатқа қол қойылды. Мұнда
экономикалық құжаттардан басқа, ТМД елдерінің қорғаныс
қабілетін арттырудағы ынтымақтастықты, олардың ішінде әуе
шабуылына қарсы қорғаныс корпорациясыныың пәрменділігін
арттыру, ортақ шекара қауіпсіздік күшейту мәслелері
бар.коллективтік қауіпсіздік туралы келісімге ТМД-нің тоғыз
мемлекеті қол қойды: оған Украина, Молдово, Түрікменстан
қатыспайды.
ТМД елдерінің Қазақстанға зор мән беретіндігін мынандай
дәлелмен анықтауға болады. Тек бір ғана 1997 жылдың
өзінде елімізге Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан,
Беларусь, Украина, Грузия президенттері басқарған ресми
делегациялар келіп, аса маңызды құжаттарға қол қойды.[21]
Қазақстан мен Украина, Грузия арасындағы тауар айналымы
2004 жылы бір миллиард долларға жетті. [22]
Президент Назарбаевтың 1996 жылдың қыркүйегінде
Грузияға жасаған ресми сапары барысында Қазақстан
мен Грузияның сауда-экономикалық қатынастарын реттейтін
бірқатар құжаттарға қол қойылған болатын. Олардың
ішінде Экономикалық қатынастардың негізі туралы декларация
мен инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу туралы
келісім бар.
1997 жылы екі ел басышылары ынтымақтастықты дамыту
туралы декларацияға және Көмірсутегін халықаралық рынокта
тасымалдау ынтымақтастығы жөніндегі меморандумға қол қойған
еді. Қазақстан Грузия рыногына көмір, ақ қалайы, қара
және түсті металдар прокатын, полипропилен, жеңіл және
жүк автокөліктерінің шинасын, автокөлік аккумуляторларын,
санитарлық-техникалық жабдықтар, астық пен ет экспорттайды.
Ал Грузия Қазақстанға металлургиялық өнімдер,
химиялық және тамақ өнеркәсібі тауарларын, сондай-ақ
болат құбырларын, ферроқорытпа, электрмен дәнекерлеу
жабдықтарын, жоғары қуатты трансформаторлар, шай және
шарап өнімдерін сатады.
2004 жылы мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 39,2
миллион долларды құраған. Оның 31,8 миллион доллары –
экспорт, 7,4 миллион доллары – импорт. [23]
2005 жылы 18 мамырда Астанаға Беларусь Республикасының
Президенті Александр Лукашенко ресми сапарымен келді.
Н.Назарбаев пен А. Лукашенко келіссөз барысында
халықаралық және екіжақты ынтымақтастықтын көптеген
мәселелері бойынша пікір алмасты. Соның ішінде сауда-
экономикалық қарым-қатынасты дамыту, Беларусь экономикасына
Қазақстан инвестициясын тарту, Беларусь кәсіпорындары өнімдерін
Қазақстан арқылы Орталық Азия аймағы мен Қытайға шығару
перспективалары сөз болды.
Беларусь Республикасы Қазақстанға негізінен кондитерлік
бұйымдар, дәрі-дәрмек, шиналар, тұрмыстық техника өнімдерін
шығарады. Сонымен бірге, атақты Беларусь тракторы мен
БелАЗ жүк автомобильдерінен бастап, бульдозер, жол жөндеу
мәшинелері сияқты техника сатады. Жылына 20 млн.
тонна руда қазатын біздің еліміз үшін, әсіресе, жүк
көліктерінің маңызы зор.
Ал біздің еліміз Беларусь Республикасына бидай, арпа, мақта
темекі, жүн секілді ауылшаруашылығы өнімдерімен қатар,
құрыш прокатын шығарады. Қазақстан мен Беларусь арасындағы
сауда айналымы 2004 жылы 1632,1 млн. АҚШ долларын
құрады. [24]
2005 жылғы 24 мамырда Президент Назарбаевтың
Әзірбайжанға ресми сапары болды. Басты құжат: Қазақстан
мен Әзірбайжан арасындағы стратегиялық әріптестік және
одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылды.
Екі ел арасында тауар айналымы 2004 жылы 303,2
миллион долларды құрады. Оның 287,1 миллионы экспорт,
16,1 миллионы импорт. Қазақстаннан Әзірбайжанға астық, темекі
өнімдері, электр жабдықтары, болат прокаттары, мұнай мен
көмірсутектері, табиғи химиялық қосындылар экспортталса,
Әзірбайжаннан Қазақстан рыногына мұнай өнімдері,
битум материалдары, мәшине, және механизм келеді.
Сондай-ақ Қазақстанда әзірбайжандық кәсіпкерлердің
қатысуымен 36 кәсіпорын жұмыс істеуде. Оның 13-і
бірлескен кәсіпорындар.
2004 жылы Актау-Баку маршруты бойынша Батуми портына
Қазақстаннан үш миллион тонна мұнай тасылды.
2001 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасы мен
Әзірбайжан Республикасы арасындағы Каспий теңізінің табаны
туралы келісімге екі мемлекеттің басшылары қол қойған
болатын.[25]
Президент Назарбаев: Жаһандық рыноктарға жайлап
бейімделуге өңірлік интеграция аясында әзірлену – бұл ең
бір орайлы да ақталатын жол деп көрсетті. Еуразиялық
одақ – тығыз қарым-қатынас орнатудың оңтайлы жолы деді
ол Еуразиялық одақ иедясының онжылдығына арналған
конференцияда. [26]
Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) құрамына
кіретін елдердің (Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және
Тәжікстан) ортақ сыртқы кедендік шекараларын құруға,
біртұтас сыртқы экономикалық саясатты, тарифтерді, бағаларды
және ортақ рынок қызметінің басқа да құрамдарын
қалыптастыруға байланысты функциялар жүктелген
халықаралық экономикалық ұйым. Ол 2000 жылдың 10 қазанында
Кедендік одаққа мүше мемлекеттер басшыларының ЕурАзЭҚ құру
туралы келісім шартқа қол қоюы нәтижесінде құрылды.
Еркін сауда режимін толық көлемде рәсімдеуді аяқтау
біртұтас кеден тарифі мен тарифсіз реттеудің біртұтас
шаралар жүйесін қалыптастыру. ДСҰ және өзге де халықаралық
экономикалық ұйымдармен арадағы қарым-қатынастарда мүше-
мемлекеттердің өзара келісілген ұстанымдарын қалыптастыру,
Қауымдастықтың сыртқы шекараларындағы экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету контрабандамен және кедендік
құқық бұзушылықтардың басқа да түрлерімен күрес, көлік
қызметінің ортақ рыногын және біртұтас көлік жүйесін
құру, ортақ энергетикалық рынок қалыптастыру, ұлттық
білім беру жүйелерін үйлестіру, ғылым мен мәдениетті
дамыту, Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің азаматтарына оның
барлық аумағында білім мен медициналық жәрдем
алулары үшін тең құқықтар беру басқалар ұйымның негізгі
міндеттерінің қатарына жатады.[27]
2003 жылы 27 сәуірде Душанбеде мемлекет басшылары
кездесіп, ЕурАзЭҚ аясындағы ынтымақтастықтың басты бағыттарын
бекітті, олар – кедендік одақ құру, келісілген экономикалық
саясат жүргізу, экономиканың нақты секторына өзара іс-
қимыл таныту, бірлескен энергетикалық рынок құру, көлік
одағын қалыптастыру, ЕурАзЭҚ-тің транзиттік әлеуетін жүзеге
асыру, агроөнеркәсіп секторында ынтымақтастықты арттыру, ортақ
қызмет көрсету.
Қаржы рыноктарын құру отырып, валюталық ықпалдастықты
дамыту, әлеуметтік-гуманитарлық, көші-қон саясатын жүргізу
міндеттері көрсетілді. Кездесуде 2003-2006 жылдар аралығында
ЕурАзЭҚ-ті дамытудың басым бағыттарын жүзеге асыру
жөніндегі шаралар көрсетілді.
2003 жылғы 19 қыркүйекте Белорусь, Қазақстан, Ресей, Украина
Президенттері Бірыңғай экономикалық кеңестік құру туралы
келісімге қол қойды. Онда бірыңғай сыртқы сауда, салық,
ақша-несие, валюта қаржы саясаты жүргізіледі.[28]
Бірінші кезекте төрт мемлекет аумағында қосымша құн
салығын алудың бірыңғай прициптеріне көшу мәселесі
орнықты шешімін тапты. Аталған мемлекеттерде ендігі жерде
қосымша құн салығы тауар шығарушы елден емес, тиісті
орынға жеткізілген елден алынбақ. Бұл шешім барлық
тұтыну тауарлары мен көмірсутегі өніміне қатысты
болмақ. Болшақтағы тиімді экономикалық табыстар үшін
барлық елдер әзірге бюджеттік шығындар көрмек. Соның
ішінде Ресей бюджеттік шығындар көрмек. Соның шамасында
қосымша қаржы шығындамақ..[29]
Еуразия Кеңістігіндегі елдердің этникалық құрылымының
жоғары дәрежеде қалыптасып отырғандығы ерекше назар
аударуды қажет етеді. Қазіргі кезде осы өңірде 75 млн.
адам өздерінің мемлекеттік құрылымдарынан тыс жерлерде
тұрады, миллиондаған адам ұлтаралық некеде тұрған ТМД
елдерінің әртүрлі өңірлерінде туысқандық қатынас үзілмеген.
2002 жылғы желтоқсанда Алматыда Қазақстан, Өзбекстан,
Қырғызстан, Тәжікстан мемлекет басшылары Орталық Азия
Ынтымақтастық Ұйымын құру туралы құжатқа қол қойды. Оның
бағдарламасы өңірде тұрақтылықты қамтамасыз ету,
экономикалық интеграцияның орнықты жүйесін қалыптастыру,
есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, трансшекаралық
қылмысқа және жасырын көші-қонға қарсы күрес, шекаралық , кеден
және салық қызметтерінің өзара ықпалдастығын күшейту
міндеттерін атап көрсетілді.[30]
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына 2004
жылға арналған Жолдауында: Жедел экономикалық өрлеуге біздің
мемлекетіміздің интеграциялық жаһатшілігі жәрдемдесетін
болады. Жуырда ТМД-ның ортақ экономикасының 90 пайыздан
астамын құрайтын Ресейдің Қазақстанның, Украина мен
Беларусьтің өңірлік интеграция ұйымын жасақтау туралы
мәлімдегені белгілі.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына 2005
жылға арналған Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін
бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеше қабілетті халық
үшін атты Жолдауында Қазақстан транзитті экономикасы
бар мемлекет деп көрсетілген, экономика біздің дамуымыздың
басты басымдылығы болып қала береді. Біздің ұлттық
экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік
экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе
аламыз. Сондықтан да Қазақстанның Дүниежүзілік сауда
ұйымына кіруін жеделдету аса амңызды міндет болып
табылады деп атап көрсетті.[31]
Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі көбінесе
кәсіпорындарымыздың халықаралық стандарттарға шұғыл түрде
көшуімен айқындалатын болады. Елімізде ашық экономика
қалыптасты. Біздегі сыртқы сауда көлемінің ішкі жалпы
өнімге қатынасы АҚШ және басқа дамыған елдерге қарағанда
біршама жоғары, ал мұның өзі біздің сыртқы рынокқа
көбірек тәуелді екенімізді көрсетеді.
Экономикамызды дамытуға қалыпты бюджет саясаты ықпал
етеді. Қаржы секторының міндеті – халықаралық рынокта бәсекеге
қабілеттілік танытып, шетелдік банктер мен бәсекелесу. Қазір
біздегі 36 банктің 17-сі шетелдікі (дегенмен, олардың
үлесі тұрақты түрде қысқаруда).
Қазақстанда банк секторы жақсы дмып отыр. Әлеуметтік блоктың
алдында тұрған міндеттерге келсек, дамыған
экономика болу үшін осы заманғы білім жүйесі қалыптасуы керек.
Білім саласына жұмсалған қаржының қайтарымы басқа
салалардан көп артық. Академик С. Струмилиннің айтуынша,
мектеп оқушыларына арналған қазынаның шығыны толығымен
біржарым жыл ішінде өтеледі.
Еліміздегі білім жүйесінің жағдайы жоғары талапқа сай
келмейді.
Бүгінде АҚШ білім беруге ІЖӨ-нің 11 пайызын, ал Ресей
4 пайызын жұмсайды. Қазақстан - 3,5 пайызға жуығын жұмсап
отыр. Мектеп және жоғары оқу орындары ұстазға өте
мұқтаж. Ұстаздар қауымында әлі тұрақтылық жоқ, оның
басты себебі – тұрмыс жағдайына байланысты. Сондықтан Президент
Назарбаев келешекте мұғалім мамандығы ең беделді
әрі жоғары ақы төленетін мамандықтардың бірі болуы керек
деп атап көрсетті.[32]
Халқы 20 миллионнан асатын 30 елдің ішінде
бәсекеге қабілеттілігі ең жоғары ел – Америка Құрама Штаттары,
одан кейін – Австралия, үшінші – Канада, төртінші – Малайзия, Қытай
– 12-ші, Ресей – 26-шы орында.[33]
Индустриялық – инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға
ерекше маңыз беріліп отыр. Елімізге келіп жатқан
шетелдік инвестициялардың көбісі шикізат өнідіретін
салаларға келуде, ал машина жасау, энергетика, химия,
құрылыс материалдары шығаратын өндіріс орындарына
келген инвестиция мөлшері өте аз. Индустриялық-
инновациялық бағдарламаны орындаудың негізі – шет елдерден
жаңа технология әкелу. Қазақстан шет елдерден жылына 2,3-2,5
млрд. долларға тауар әкеледі, оның құрамында негізгі
инвестициялық тауарлар өте аз (15-20 % деңгейінде).
Шетелдік жаңа, жоғары технологиялар өте қымбат. Сондықтан
шетел инвестицияларын пайдалана отырып кәсіпорындарымызды
түбегейлі жаңғырту міндеті тұр.
Дамудың инновациялық сатысына көшу дегеніміз – елде
кәсіпкерлердің біліктілігін , ақпараттық технология және
инфрақұралымның даму деңгейлерін, адам ресурсы немесе
даам қабілетін көтеру болып табылады. [34]
Ғылыми-техникалық революцияның бірінші толқыны өткен
ғасырдың қырқыншы жылдарынан бастау алды. Бұдан кейінгі
бәсеке ғарышты игеру саласында жалғасты. Осы аралықта
радиоэлектроника саласы да дамыды. Алғашқы электронды есептегіш
машиналар, роботтар дүниеге келді.
Медицина мен генетика саласында да ірі жаңалықтар
ашылып, компьютер бағдарламасын жасаушы американдық
миллиардер Билл Гейтс болды.
Ғылыми-техникалық революцияның екінші толқыны өткен
ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастау алды. Бұл кезеңде
гендік инженерияның практикалық қолданыс тәсілдерін
игеру, энергияның дәстүрден тыс көздерін іздестіру, қалдық
қалдырмайтын тұйық циклді технологиялар ойлап табу,
жасанды интеллект жасау секілді жаңалықтар өріс алды.
Ақыры осы жетістіктердің барлығы жинақтала келе ғылыми-
техникалық революцияның үшінші кезеңінде ұласып,
америкалық социолог О.Тоффлердің айтуы бойынша, әлемде
осыған дейін қалыптасқан индустриялық жүйені талқандай
бастады. Оның негізгі белгілерінің бірі ретінде
ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың жедел дамуының
нәтижесінде елдер мен мемлекеттердің ақпараттандырылу
деңгейінің барынша өсуі қалыптасты.
Ресей академигі Абел Аганбегян: Әлемде екі ел
экономикалық дамудың ең жоғары қарқынына жетіп отыр. Олар
– Қытай мен Қазақстан. Соңғы бес-алты жылда Қазақстанда
жалпы ішкі өнім – бір жарым есе, өнеркәсіп – 60 пайызға,
инвестициялар 70 пайызға ұлғайды. [35]
Президент Назарбаев: Қазақстан экономикалық, әлеуметтік
және саяси жедел жаңару жолында атты Қазақстан халқына
Жолдауында қазіргі және болашақ заман талабын айшықтап
берді: Еліміздің экономикалық және саяси дамуындағы
түбегейлі жаңа кезең, Қазақстанды одан әрі жаңарту мен
демократияландыру – біздің күн тәртібіміздегі мәселе.
Сондықтан да алдағы уақытта менің күш-жігерім:
➢ Мемлекеттілікті нығайтуға, Қазақстанды осы заманғы
демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде дамытуға;
➢ Еліміздегі және өңірдегі бекем тұрақтылықты
нығайтуға, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты
дамытуға
➢ Жаһандану талаптарына сәйкес экономиканы серпінді
дамытуға және шикізаттық емес секторларды
ілгерілетуге баса ден қоя отырып, жаңа
технологияларды дамытуға
➢ Білім беруді, кәсіптік даярлық пен әлеуметтік
саланы ХХІ ғасырдың деңгейіне көтеруге
➢ Азаматтық қоғамды дәйекті дамыта беруге,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз
етуге
➢ Қазақ халқының моральдық және рухани
құндылықтарын одан әрі дамыта беру
➢ Діни негіздегі жатсынбаушылық пен конфессиялар аралық
келісімді қатмасыз етуге
➢ Сыбайластық жетқорлыққа қарсы күреске
➢ Лаңкестікке, есірткі саудасына, кез келген түрдегі
экстремизмге қарсы жаһандық күреске бағытталады.[36]

Жаңа экономика дегеніміз не? Қысқаша айтсақ, ол терең
білім мен ғылым негізінде дамыған экономика, яғни тек өнім,
тауар шығаратын экономика емес, білімге білім қосып,
ол ғылыми жаңалыққа айналып, ғылым жаңалығы жаңа
технология туғызып, соның негізінде дамитын экономика.
Қазіргі таңда дамыған елдерде жаңа технология, жаңа
білім негізінде ұлттық ішкі өнімнің 75-80 пайызы
жасалынады. Әлемде ғылыми негізде шығарылатын өнімнің
негізгі бөлігі АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Канада
және тағы басқа осылардай дамыған елдердің еншісінде.
Шығыста Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Гонконг, жалпы
саны 10-15-тен асатын мемлекеттер де жаңа экономика құру
қамына белсене кірісті. [37]
       

Индустриялды-инновациялық даму
Дамушы    елдердің    жаңа    экономикаға интеграциялану үлгісін
Үндістан танытып отыр, оның өнеркәсібінде 280 мыңнан астам адам жұмыс
істейді. 2000 жылы бағдарламалық өнімдердің экспортынан түскен табыс 4
миллиард доллардан асса, 2008 жылға қарай ол 50
миллиардка дейін өсуі  тиіс.
        Прогресшіл өзгерістерге ұмтылған Қазақстан да осынау тым тығыз
экономикалық дүниеде өз орнын табуы керек. Оны ерікті түрде және "ұрыссыз"
ешкімнің бере қоймасы анық.
        Республиканың өзара қатынастардың соны сипатына кіру шарттары
айтарлықтай қатаң жене барынша қорғалған. Егер оның шикізат рыногына
қатысуы құрметтеліп, дамыған елдерге шикізат импорты алымнан босатылса,
дайын өнім рыногында жоғары алымнан тұратын кедергілер сакталып, дамыған
инфрақұрылымы бар, соның ішінде жаңа өнімді зерттеу, талдап жасау және
өндіру саласында қуатты трансұлттық корпорациялар әрекет етуде.
        Қазақстанға өзінің жаңа индустриялық-инновациялык бағдарламасын
іске асыруға барынша байыптылықпен және жауаптылықпен қарағаны жөн болып
көрінеді. Ең алдымен, барынша мұқият талдаудан кейін бәсекелестігі жоғары
өндіріс қалыптастыру мақсатында интеллектуалдық, ғылыми-ағартушылық,
инженерлік, өндірістік әлеуетті, жинақталған елеулі қаржы ресурстарын
біріктіру керек.
        Ел құрылымдық өзгерістердің қатаң басымдықтарына, әсіресе барынша
нақты да қол жетімді басымдықтарға ие болуы тиіс.
Қазақстанда жаңа экономика категориясына жататын салалар бар. Бұл
—түсті металлургия,уран өнеркәсібі.
        Республика бүкіл әлемде мойындалған бірқатар бірегей
технологияларға ие болып отыр. Бұл әлеует әлі де өзінің мәнділігін сақтап
отырғанын Қытайдың Қазақстаннан сульфидтік қорғасын концентраттарын қайта
өңдеу жөніндегі технологияны сатып алу ниеті дәлелдейді. Бұл технологияға
14 елден патент алынып, ГФР-да, Италияда, Канадада, Боливияда зауыттар
салынғаны белгілі.
        Жаңа материалдарды игеруде "Қазатомпром" кәсіпорындары көшбасшы
болып отыр, бүларда жаңа және аса жаңа технологиялар негізінде табиғи
уранның ұнтағы, уран таблеткалары, оксидтік керамика, бериллийлік қола
секілді бұйымдар игерілген және игеріле басталған.
        Уранды жер астында сілтісіздендіру жөніндегі жаңа технологияларды
қолдану оны өндіруді 3 700 тоннаға дейін ұлғайтуға жөне республикаға
әлемдік уран рейтингінде 3-орынды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
        Қазақстанда жоғары сапалы болат пен арнаулы қорытпалардың қуатты
саласын жасау индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыты бола алады.
Талдау көрсеткеніндей, жаңа материалдардың пайда болуына қарамастан, әлемде
болаттың беріктігі жоғары, тот баспайтын, подшипниктік, қоспалы жөне басқа
барлык. түрлерін тұтыну артып, барған сайын арнаулы қорытпалардың жаңа
түрлері жасалуда. Өткізуге байланысты кей кездері туындайтын қиындыққа
қарамастан, болат рыногы  тарылған емес.
        Болат пен қорытпалар динамикасы алдағы кезде де дамитын болады.
Оларды өндіру үшін барлық компоненттерге ие Қазақстан әлемдік рыноктың осы
сегментінде елеулі түлғаға айналуына болады, бірақ әзірше басқа елдер үшін
жеткізіп беруші ғана болып отыр. Мұқият есептеу жағдайында байыпты
ресурстық, өндірістік, кадрлық әлеуеті және дәстүрлері бар республика
әлемдік болат рейтингінде әлдеқайда лайықты орын алып, 10-15 пунктке
жоғары көтеріле алады.
        Республикада бериллийдің, ренийдің, цирконийдің, молибденнің,
кобальттің, ванадийдің, вольфрамның, бордың негізінде арнаулы қорытпалар
шығаруды ұлғайту мүмкіндігі бар. Тұтастай алғанда металлургияның дамуы,
арнаулы қорытпалар, жоғары сапалы болаттар мен олардан жасалған бұйымдар
өндірісі 13-14 миллиардтан астам доллар  келтіре  алады.
        Басқа жобалардан ерекшелігі, осы саланы дамыту жұмыс істеп түрған
кәсіпорындарға, қолда бар ғылыми-техникалық әлеуетке, инженер кадрларына
және жаңа технологиялардың берік  қорына арқа сүйейді.
        Жаһандану, әлемдік экономиканың интернационалдануы, өршіп тұрған
халықаралық бәсекелестік жағдайында өз орныңды табу өте маңызды. Егер
шикізат өндіру жөне өңдеу салаларында Қазақстанның көптеген ұстанымдар
бойынша бәсекелесі болмаса, жоғары деңгейде өңделген өнімге байланысты
жағдай мүлдем басқаша. Көптеген елдердің, соның ішінде дамушы елдердің
тәжірибесі табанды күш-жігер болса, әлемдік рынокта өз орныңды табуға
болатынын көрсетеді.
        Солай болса-дағы, жоғары әзірлік деңгейіндегі өнім шығаруды
ұйымдастыру жөніндегі біздің ниетіміз елеулі қиындықтарға тап болады,
сондықтан, мұқият дайындық жасалмаса, сәтсіздік болуы мүмкін, соның ішінде
отандық ғылымның жетістіктері де солай болмақ. Республика жоғары оқу
орындары мен ҒЗИ-лерінде өнімнің тұтынушылық сапасын айтарлықтай арттыратын
бәсекеге қабілетті талдамалар мен технологиялар бар. Әлемдік рынокқа жоғары
әзірлік деңгейіндегі өнімнің жарып өту стратегиясын талдап жасай отырып,
Қазақстан өзінің көзге айқын артықшылықтарын барынша пайдалануы тиіс.
        Республиканың жаңа экономикасы оның әлемдік шаруашылыққа қайта
интеграциялану жөніндегі белсенді күш-жігерінің нәтижесінде ашылатын
артықшылықтарға да арқа сүйеуі қажет.
        Елдің қаржы жүйесінің мүмкіндіктері, лизингтік, факторингтік
схемаларының дамуы индустриялық-инновациялық стратегия міндеттерін шешу
үшін жағдай туғызады. Инновациялық, инвестициялық қорлар, Экспортты
сақтандыру жөніндегі компания, Даму банкі сияқты дамудың жаңа институттары
осы факторлардың іс-әрекетін әлдеқайда мұқият ескеріп, оларға жәрдем
көрсетуі керек.
        Жетекші шикізат елдерінің тәжірибелері жоғары бөліністерге қаржы
салудың артықша тиімділігінің көзге түсер ақиқатын қуаттап берді. Канаданың
минералдық өнеркәсібі жалпы өнімінің көлемін 1 долларға ұлғайтқанда, елдің
жиынтық ІЖӨ-сі, мультипликативтік тиімділікті есепке алғанда, орташа
есеппен 9,3 долларға өседі екен.
        Бұл елдің минералдық өнеркәсіпте жұмыс істейтін адамдар санын 2
мыңға көбейту жұмыс орындары санын жүз есе дерлік ұлғайтуға жеткізеді.
Мүның өзі көп ретте Канадада ол табиғи монополист болып табылатын және оны
айтарлықтай тиімді пайдаланып отырған салаларда 4 жөне 5 бөліністер елеулі
дамығандығымен байланысты.
        Инновациялық процестердің айтарлықтай жеделдеуінде ақпараттық
экономика немесе ақпараттық дәуір экономикасы секілді ұғымның нақты, катаң
мәніндегі жаңа экономика процестердің интенсивті дамуы қуатты серпін болды.
Барлық салаларға ақпараттық технологияларды енгізу көлемі мен қарқыны және
олардың экономикаға ықпал ету аукымы өте елеулі болып отыр.
        Нақ ақпараттық құрамдастық жаңа экономикаға жаһандық барлык жерге
кірігушілік сипат бере отырып, оның жеделдеткішіне айналды. Интернет-
технологияларды қолдану жетекші фактор болды. Әсіресе электрондық сауда-
саттықтың өсу қарқыны айқьш сезіледі. Мысалы, соңғы жылдары БСҰ-ға мүше
елдерде оның көлемі жыл сайын бес есеге ұлғайып, 327 миллиард доллардан
асып түсті.
        Соңғы 10 жылда ғылымды көп қажет ететін өнімнің өсімі 80 миллиард
долларды құрағанына қарамастан, бұл салаға инвестициялар көлемі артуда. Осы
факторды жете бағаламаушылық келеңсіз салдарға соқтыруы мүмкін. Мәселен,
Жапония 1990-шы жылдары ақпараттық технологияларда артта қалғандықтан
әлемдік экономикалық көшбасшы жағдайынан айырылды. Әу баста үлкен
табыстарға байланысты нағыз шулыған туғызған бүл бизнес енді калыпты арнаға
түсіп отыр.
        Осы процеске кіретін Қазақстанға дамыған елдердің тәжірибесін
ескеріп, оған белсене интеграциялануы қажет. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар
жасалды да. Мәселен, 1998 жылы интернетке 885 абонент косылса, 2003 жылы
184,9 мың қосылған — 209 есе орасан қауырт артқан. Бұған қоса интернетті
пайдаланушылар көбеюіне қарай оның трафигі де ұлғайған. Мысалы, егер 2001
жылы ол 359,5 миллион минөтпен есептелсе, 2002 жылы 684,9 миллион минөтке
жеткен. Қазір бүл көрсеткіштер әлдеқайда  өскен.
        Электрондық пошта көлемі шұғыл ұлғайды. Бүл мүмкіндіктер әлі
әлдекдйда өседі. Мәселен, қазірдің өзінде "Шанхай-Франкфурт" шыны-талшықты
супермагистральдің казақстандық бөлігі жөне оның Орал арқылы Ресейге
кететін тармағы іске қосылған. Елдің барлық өңірінің интернетке жоғары
жеделдікпен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жалпы
республикалык шыны-талшықты шеңберлі желі жасалуда. НАТО-ның "Бейнелік
Жібек жолы" жобасы бойынша елдің интернетке жеңілдікпен жоғары жеделдікте
кірігетін жоғары оку орындары мен ҒЗИ-лерінің біртұтас ғылыми-ағартушылык.
желісі интенсивті түрде қалыптастырылып  жатыр.
        Қазақстанда "Электрондық Үкіметтің" негіздері қалануда, салық,
кеден қызметтерінің ақпараттық жүйесі жұмыс істеуде. Көптеген
компанияларда, ұйымдарда, оқу орындарында ішкі тұйық желі енгізілген, мұның
өзі көп ретте олардың қызметінің тиімділігін арттырады. Ақпараттык,
технологияларды талдап-жасаумен, енгізумен, компьютерлік техниканы жеткізіп
берумен, құрастырумен, дайындаумен айналысатын ондаған кәсіпорын ("Алси",
"Логиком", "Глотур", "Аstel" және басқалары) жұмыс істеуде. Өңірде бірінші
болып әлемдік сауда-саттык алаңдарына шыға алатын "Тұран-Азия" әмбебап
электрондық сауда-саттық  алаңы(биржасы)  құрыл ды.
        Жаңа ақпараттық экономика сәйкес кадрлық қызмет көрсетуді талап
етеді. Біз мұнда да мақсатты жүмыс жүргізудеміз. Мәселен, жоғары оқу
орындарында "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша оқитындар саны 19992000
оқу жылындағы 1906 адамнан 20002001 оқу жылындағы 4423 адамға дейін,
"Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша
тиісінше 1390 адамнан 7873 адамға дейін  өскен.
Республикада Алатау кентінде үндістандық Бангалорға ұқсас
ақпараттық технологиялар паркі құрылуда, Бангалорда 230 көпұлтгы
компаниялар орын теуіп, қала зертханаларында 25 мың инженер жүмыс істейді.
Мұндай парктердің кұрылуы түсімдердің елеулі көзіне айнала алады.
Үндістандык, хайтектің экспортқа шығарылатын өнімі 2005 жылға қарай 50
миллиард долларға жететінін айтудың өзі жеткілікті.
        Қазақстанда елді ақпараттандыру процесін жеделдету үшін құқықтық
негіз жасалды. Біртұтас ақпараттық кеңістік қалыптастыру туралы жарлық,
ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру бағдарламалары  қабылданды.
2003 жылдың мамырында "Ақпараттандыру туралы", "Электрондық құжат
және электрондық қол кою туралы" зандар қабылданды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы факторлары
Орталық Азия қауіпсіздігінің мазмұны мен механизмдері шеңберіндегі мемлекеттік егемендік мәселесі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ЖАЙЫНДА
Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануы: ерекшеліктері және қазіргі кездегі тенденциялары
Еуразиялық экономикалық қауымдастығының сауда қатынастары
Еуропалық Одақтағы экономикалық интеграциялық элементтері
Орталық азия аймағындағы интеграциялық процестер: мәселелері мен келешегі
Кеңес одағының ыдырауынан кейінгі ТМД елдеріндегі интеграциялық байланыстардың жүзеге асуы
Халықаралық экономикалық интеграцияның теориялық негіздері
Ортақ нарықтың басымдылықтары
Пәндер