Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу



Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі.
Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте жоғары.
Тәжірибелік сабақтардың міндеттері:
1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау.
2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту.
3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.
4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.
5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.
6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.
7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.
8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу.
9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.
1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана, 2007
2. Ықтималдық теориясы мен математикалық статистика. Алматы, Рауан, 1991, 431 б.
3. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері. Шымкент, ОҚМУ – 2003. – 112 б.
4. Пошаев Д.Қ., Пошаев М.Д. Педагогикалық зерттеулер және ғылым әдіснамасы. // ХХІ ғасыр бастауындағы мамандықтандырудың жалпы кәсіби дайындығының проблемалары. Алматы, РИК, 2000.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО
Тақырып: Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу

Орындаған : Керім Б
Тексерген: Карипбаева Ш.Т.
Топ: П-211
Семей қ.
2015ж.
Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу

Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі.
Тәжірибелік сабақтардың мақсаты - білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте жоғары.
Тәжірибелік сабақтардың міндеттері:
1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау.
2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту.
3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.
4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.
5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.
6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.
7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.
8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу.
9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.
Тәжірибелік сабақтарға даярлануда әр тақырып бойынша берілген сұрақтардың мазмұнын ашу керек. Сұрақтардың мазмұнын ашуда нақты мысалдар, фактілер, аргументтер келтіру қажет. Сабаққа даярлануда ұсынылған әдебиеттерден басқа әдебиеттерді, күнделікті баслымдардағы материалдарды қолдануға болады. Педагогикадағы ғылыми зерттеудің белгілері мен түрлері. Әдіснамалық арнайы талдау нәтижелерінде негізделіп педагогика саласындағы үдерістер мен нәтижелерді ғылым саласына жатқызатын белгілері бөлініп қарастырылады. Ондай белгілер төртеу. Олардың біріншісі - біз қоятын мақсаттар сипаты. Мақсат практикалық немесе танымдық болуы мүмкін. Мұғалім балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін практикалық мақсатпен сабақтар жүргізеді. Егер ол осы сыныпта қандай тәсілдер пайдалануға, осы жағдайларда өте жақсы нәтижеге жетуге болатыны туралы білім алса, бұл әзірге ғылым емес. Мұндай білім - эмпирикалық. Ал егер ғылыми танымдық деңгейде мақсат қойылса, яғни ғылыми негізделген оқыту әдісінің тәрбиелік қызметі түрлерінің тиімділігін анықтау сияқты мақсат қойылса, бұл танымдық мақсат болады да, алынған білім педагогика ғылымының қорына енеді.
Ғылымның екінші белгісі - зерттеудің арнайы объектісін бөліп қарастыру. Педагогика ғылымының объектісі - білім беру, яғни педагогикалық әрекеттің өзі нақты анықталған. Жеке педагогикалық зерттеу объектісі сол салаға жатады. Әр сәтте сол әрекеттің қайсыбір бөлігі зерттеледі. Үшінші белгі - танымның арнайы құралдарын қолдану. Мұғалім педагогикалық жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін, компьютерлерді, кестелерді, кинофильмдерді және тағы басқаларды қолданады. Зерттеуші ғылымның эксперимент, модельдеу, болжам жасау және т. б. әдістерін қолданады.
Тағы бір, соңғы белгі - терминологияның бір мәнділігі. Бұл ғылыми қағидаға қойылатын міндетті талап. Әрине, бүкіл ғылымды зорлықпен, зомбылықпен бір мәнділікке әкелу мүмкін емес. Оның дамуы барысында түсініктер үнемі байып отырады, бағыттарға бөлінеді. Бұл заңды үдеріс. Бір ғылыми еңбектің - дипломдық жұмыс, диссертация, монография, мақала сияқты еңбектерінде - автор басты ұғымдарды дұрыс анықтауға және зерттеудің аяқталғанына дейін соны басшылыққа алуға тиіс. Арнайы ескертпейінше, терминді әр түрлі тұрғыда қолдануға оның құқығы жоқ.
Сонымен, қайсыбір шығарманың немесе жазылымның ғылымға жататындығы, мақсаттың сипаты, зерттеудің арнайы объектісінің бөлініп қаралынуы, адамның арнайы құралдарының пайдаланылуы, терминологиялық бір мәнділік сияқты белгілері бойынша анықталады.
Педагогикалық зерттеулер түрлері. Педагогика саласындағы зерттеулер деп тәрбие үдерісінің заңдылықтары, оның құрылымы мен тетігі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру теориясы және әдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, әдістері және тәсілдері туралы жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет үдерісін және нәтижесін айтуға болады. Педагогикадағы зертеулер оқу-тәрбие үдерісінің құбылыстары мен деректерін түсіндіреді және болжайды. Ғылыми-педагогикалық зерттеу эмпирикалық тексеруге болатын нақты қойылған деректерге негізделеді, әйгілі болған теорияларға сүйенеді, мақсатты бағытталған, жүйеленген, барлық элементтердің, әдістердің өзара байланысымен ерекшеленеді. Онда эмпирикалық, логикалық және теориялық танымдық міндеттер сараланып шешіледі. Ғылыми-педагогикалық зерттеудегі түсініктеме элементтерін басқа ғылыми зерттеулерде қолдануға болады және логикалық - құрастырушылық кесте көлемінде жасалған стандарттар негізіне құрылады.
Зерттеулерді жіктелуді талдау мәселесі педагогикалық әдебиеттерде біршама қарастырылған. Типология бойынша зерттеудің жіктелуі 60-шы жылдары пайда болды. Сонымен, И. Т. Огородников жұмыстың үш түрін бөліп көрсетті: педагогика жетістігінің теориялық және практикалық қорытындысын шығаратын қорытынды зерттеу; көп қырлы тәжірибелік іс-әрекеттің заңдылықтарын ашатын, жеке жақтарын тереңдетіп зерделеуге бағытталған жұмыстар; оқу - тәрбие мекемесінің жеке типтеріндегі өскелең ұрпақтың тәрбиесі және оқыту тәжірибесіне тікелей жетекшілік ететін мақсатта құрылған нормативті және құрылымды-әдістемелік қайта өңдеулер (оқу бағдарламалары, оларға түсініктеме хат, әдістемелік құрал, оқулықтар).
Берілген жіктелуді М.А. Данилов шартты және салыстырмалы деп есептеді және жоспардағы қойылған мәселе деп қарастырды. Кейінірек ғылымтануда зерттеудің іргелі, қолданбалы және қайта жасалымдар деп жіктелу қатары пайда болды. Іргелі зерттеулер педагогикалық үдерістің заңдылықтарын ашады, ғылымның жалпы теориялық тұжырымдамасын, оның әдіснамасын, тарихын жасайды. Олар ғылыми білімді кеңейтуге бағытталған, ғылыми ізденіске жол сілтейді, қолданбалы зерттеу және жасалымға арналған база құрады. Қолданбалы зерттеулер оқыту, тәрбиелеу әдістері, білім мазмұны, оқытушыларды дайындау мәселелерімен байланысты теориялық және тәжірибелік жеке міндеттерді шешеді. Көптеген жағдайларда қолданбалы зерттеулер іргелі зерттеулерді жалғастырады. Олар ғылым және тәжірибені, іргелі зерттеулер мен жасалымдарды, теоретиктер мен практиктерді байланыстыратын аралық буын рөлін атқарады.
Педагогикалық зерттеудің әрбірі жеке сала ретінде қарастырылатын әдіснама, дидактика, тәрбие теориясы, педагогика тарихы, мектептану сияқты пәндердің шекарасында жүргізіледі. Әрбір пәннің көлемінде іргелі де, қолданбалы зерттеу де болуы мүмкін. Бұған дәлелді біз педагогикалық іс-әрекет түсінігіне талдау берілген В. В. Краевскийдің жұмысынан табамыз. Ол өзіне тәрбиешілер, мұғалімдер іс-әрекетін ғана емес, сонымен қоса, педагогика саласындағы ғылыми іс-әрекетті, мұғалімдерге педагогика ғылымындағы материалдардың берілуін, педагогика саласындағы ғылыми әрекетті бағыттайтын және реттейтін басқарушылық жұмысты да қамтиды. Бұндай кең түсінік бізге әрбір педагогикалық пәнде іргелі және қолданбалы зерттеу болуы мүмкін деген негіз береді.
Жіктелу нысандарының белгілі бір қасиеттерін сипаттайтын, зерттеудің тәуелсіз жіктелінген топтамаларға бөлінуі - ғылыми-педагогикалық зерттеу жіктелуінің негізіне фасетті әдіс лайық. Зерттеу қасиеттерінің теориялық және тәжірибелік бағытталған сипатында төрт жеке фасет ерекшеленеді. Бірінші фасет - зерттеу міндеттері - ғылыми қызметкерлердің, ғалым-педагогтердің өздерінің алдына қоятын мақсаттары, жан-жақты жоспарланған нәтижелерге бағытталып жүргізетін жұмысы сипатталады. Екінші фасет - зерттеу нәтижелері - ғылыми іс-әрекет нәтижесінде алынған өнім, білім түрлерін көрсетеді. Үшінші фасет - зерттеу мекен-жайы - ғылыми және тәжірибелік іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді пайдалануға қызығушылық тудыратын ұйым мен ортаны анықтайды. Төртінші фасет - құжат түрлері - ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижелері берілген жарияланым типтерін сипаттайды.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әртүрлі қырларын сипаттау берілген фасетке тән және көпқырлы белгілерін көрсететін фасеттің әрқайсысына көптеген терминдер енеді. Сонымен, зерттеу міндеттері: сипаттау, анықтау, негіздеу, жасау, айқындау, толықтыру, жүйелеу, жетілдіру, дамыту, нақтылау, талдау (тұжырымдаманы, болжамды, әдістемені, әдісті, білім мазмұнын және т. б.) болуы мүмкін. Зерттеу нәтижелері тұжырымдамаларды, ұстанымдарды, заңдылықтарды, болжамдарды, жіктеулерді, әдістемелік нұсқауларды, ұсыныстарды, оқу құрал-жабдықтарына талаптарды және т. б. қамтиды.
Барлық педагогикалық мәселелерді шешу әлеуметтік, этикалық нұсқауларға байланысты. Гуманитарлық әдіснама педагогикалық нысаналардың қызметінің құндылық-бағдарлы мәнін түсіну модельдерін құруға бағдарлайды. Педагогикалық білім ғылыми-педагогикалық тілде сәйкестікпен бейнеленеді, барлық зерттеу сұрақтары өзара байланысты.
Гуманитарлық әдіснамаға ерекше педагогикалық құбылыстар мен үдерістердің сапалық жақтарын зерделеу тән, өйткені педагогикалық зерттеу барысында алынған тұжырымдар мен нәтижелердің құндылық сипаты педагог әрекетімен шартты байланыста деп түсініледі. Гуманистік тәрбие - рухани құндылықтардың әдіснамалық негізі. Жоғары мектеп педагогикасы бүгінгі күні көптеген жалпы ғылымилық, әлеуметтік-философиялық; әлеуметтік-мәдени және адамгершілік-эстетикалық үдерістердің тоғысуына тап келіп отыр, өйткені қоғамдық өмірдің күрделі талаптарына сәйкес тәрбиенің құндылық сипаттарын қайта анықтау өзекті мәселе ретінде қарастырылуда. Ал оның алғышарты ретінде басты гуманистік құндылықтарды дамыту, яғни жеке тұлға бойында қайырымдылықты, шыншылдықты, әділдікті, еркіндікті қалыптастыру педагогика ғылымының прогрессивті ұстанымдарының бірі болып табылады. Олар әсіресе, тәрбие практикасында бүгінгі күні жалпыадамзаттық негізгі құндылықтарды анықтау, бекіту үшін аса қажет. Болашақ мамандарды даярлау барысында негізгі мақсат - шығармашылықпен жұмыс істей алатын, гуманистік көзқарасы мен сенімдері қалыптасқан тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Бұл үшін әуелі ғылымда әдіснамалық зерттеулер жүргізіледі.
Педагогиканың әдіснамасының заманауи түсініктерінің бірі болып әдіснамалық мәселе танылады. Зерттеушілер әдіснамалық мәселелерді үш белгісі бойынша реттеуді ұсынды - деңгейі, пәндік мазмұны мен сипаты бойынша. Әдіснамалық мәселелерді бөлудің негізі ретінде әдіснамалық білімнің төрт деңгейін бөліп көрсетеді: философиялық әдіснама, жалпы ғылымдық әдіснама, жеке ғылымдық әдіснама, нақты зерттеу техникасы мен әдістемесі; пәндік мазмұны (пәндік облысы), сипаты (аты жай шартты түрде алынған, негізінде бұл жерде әдіснамалық мәселе тар мағынада тәжірибелік әдістер мен танымдық құралдарын жетілдіру немесе іздеуге бағытталған іс әрекет; кең мағынада, әдіснамалық мәселе болып шешімдері оқиғаларды түсіндіруде жалпы сипатын беретін, соған сәйкес оларды басқару сипаттарын анықтайтын мәселелер).
Келесі түсінік - педагогика саласында әдіснамалық зерттеу. Әдіснамалық зерттеу түсінігі педагогикалық зерттеудің бір түрі ретінде 1970 жылдардан бастап қарастырыла бастады. Ғалымдар негізгі бағыттарын жасап, әдіснамалық мәселелердің, оның қызметтерін, зерттеу пәнін анықтап, әдістемелік зерттеу объектісін нақтылауға талпыныстар жасады. Әдістемелік зерттеулерді жасауға арналған еңбек ретінде біздің көзқарасымыз бойынша, М.Н.Скаткиннің монографиясын айтуға болады. Ондағы үшінші бөлім Әдіснамалық зерттеудің міндеттері мен оның педагогика ғылымының дамуындағы алатын рөлі атты бөлімі ғылым мәселелерімен айналысып жатқан маман-методологтарға ғана арналған. Автор әдістемелік зерттеудің айналымы мен пәнін, олардың деңгейлерін нақтылап, әдістемелік зерттеулерді жүргізудің өте маңыздылығын атап көрсетеді, педагогика саласындағы барлық ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін бағыт болатынын айтады.
Әдіснамалық қамтамасыз ету термині арнайы нәрсені - зерттеу тақырыбын қалай құрастыру керектігін, мәселелерді шешу жолдарын, болжамдыы құруды, зерттеу логикасының қалай болу керектігін және т.б туралы білімдерді көрсетеді. Зерттеуді әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ету - білім жиынтығын пайдалану, яғни, оған жалпы философиялық әдіснама, педагогика саласындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің сыныптарға бөлінуі
Жалпы білім беретін мектеп оқушылардың оқу-зерттеушілік іс - әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Тәрбие және мектептің пайда болуы, құлдық қоғамдағы педагогикалық ойлар
Менеджмент психологиясы
Оқушылардың білімін бақылау мен тексеру, бағалаудың инновациялық әдістері
Педагогтың өздік жұмысы
Құрылыс нысандарында қолданылатын жеке қорғаныс құралдары
Тәжірибені оңтайлы басқару режимінің технологиялық үрдісі
Жаңа педагогикалық технологияларды география сабағында қолдану
Пәндер