Қазақ - өзбек шекара мәселесі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І.тарау. Коммунистік билік. Оның мемлекеттік аумаққа тигізген әсері.

І.1. 1924.1925 ж.ж. ұлттық.мемлекеттік межелеу саясаты. Қазақстанның тұңғыш шекарасының белгіленуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

І.2. Кеңес Одағы ыдырағанға дейінгі шекарадағы ауыс.түйістер ... ... 30

ІІ.тарау. Тәуелсіздіктен кейінгі шекаралық өзгерістер

ІІ.1. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы шекараны делимитациялау және демаркациялау процестері ... ... ... ... ... ... 45

ІІ.2. Делимитациялау процесіне қоғамдық көзқарас ... ... ... ... ... ... ... ... 52

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 57

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Кіріспе
Нағыз ақиқаттың кейде тым айқын болатыны
соншалық, ол тіпті ақиқат болудан қалады.
А.Эйнштейн
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кез-келген мемлекеттің мемлекет екендігін айғақтайтын бір дәлел оның шекарасының болуы. Онсыз мемлекет болмайды.
Мемлекеттік аумақ белгілі бір мемлекеттің егемендігіне қарасты жер шарының бөлігі. Мемлекеттік аумақтың құрамдас бөлігі болып құрғақтағы, судағы, жер қойнауындағы және әуедегі кеңістіктер мен оларға теңесетін объектілер жатады /1/. Бұл аумақ шекара сызығымен белгіленеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара туралы 1993 жылғы 13 қаңтардағы заңында былай делінген: «Қазақстан Республикасының шекарасы дегеніміз- Қазақстан аумағының шегін-құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістігін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тігінен өтетін үстіңгі қабат» /2/.
Тарихқа көз жүгіртсек осы мемлекет аумағы үшін қаншама соғыстар өткен. Мақсат- жер иемдену. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жерлер дауы сонау тарих тереңіне тартады. Шыңғысхан жаулап алушылығына дейін бүкіл Дешті Қыпшақ даласы мен Орта Азияда түркі тектес мемлекеттер өмір сүріп жатты. Шыңғысханның жаулап алуымен бұл жерлерде Монғол империясының үстемдігі жүрді. XIV-XV ғасырлар тоғысында Орта Азия жері Әмір Темірдің иелігіне өтті. XV ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жерінде ыдыраған империялардың орнында ұсақ мемлекеттер бой көтерді.
XV ғасырдың ортасында құрылған Қазақ хандығы мен Шайбанилер арасындағы таласты жерлер Сыр бойы қалалары болды. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығына қараған Сыр бойы қалалары оның ізбасарлары тұсында Шайбаниліктерге (өзбектерге) тиесілі болды.
Тоқымдай жер үшін жан беріскен таластар болып жатты. Есім хан 1598 жылы Ташкентті алып, оны Қазақ хандығының астанасы етеді. 1798 жылы Уәли тұсында Ташкентті қоқандықтар басып алады. Осыдан кейін Қоқан хандығының агрессиясына Оңтүстік Қазақстан өңірі, Жетісу ұшырайды.
1864-1865 жылдары Перовский мен Веревкин бастаған орыс әскерлері Қазақстанның Оңтүстігіндегі Шымкент, Түркістан, Әулиеата, Ақмешіт секілді қалаларды қоқандық езгіден азат етеді. Көп кешікпей орыс әскерлері қоқандықтардан Хиуа, Ташкент секілді ірі қалалардағы алып қоқандықтардың үстемдігіне біржола нүкте қояды. Ендігі кезекте реформаларға толы Ресей құрамындағы өмір басталады.
1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша Қазақстан жері Генерал-губернаторлықтарға бөлінді.
1917 жылы қос бірдей революцияны өткерген Ресейде Кеңес өкіметі орнады. Елде біртұтас Совет халқын қалыптастыру шарасы қызу жүргізіле бастады. Коммунистердің көзсіз көсеміне айналған В.И.Ленин «Әр ұлт өзін-өзі билеуге құқылы» деп жариялады. Бұл сөз 1917 жылғы революциялардың жеңіске жетуіне үлес қосқан болатын. Өйткені әр аймақтағы ұлттық қозғалысты өршіту арқылы қарсыластарын жаныштауға мүмкіндік алды.
1920 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды.
1924-1925 жж. ҚазақАКСР мен Өзбек КСР-нің арасындағы шекара заң бойынша белгіленді. Бұл Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеу арқылы іске асқан болатын. Осыдан бастап біртұтас КСРО-ның аясындағы әкімшілік-аумақтық өзгерістер Қазақ КСР-ін де айналып өтпеді.
1991 жылы КСРО ыдырап ТМД құрылды. Енді тәуелсіз Республикалардың шекара делимитациясы келіп жетті. Үлкен жұмыстар жүргізу арқылы күні кеше ғана шекара мәселелеріне нүкте қойылды.
1991 жылға дейінгі 70 жылдан аса мезгілде КСРО шеңберінде цензура үстемдік етті. Тарихты тек Сталиндік-Лениндік принцип тұрғысында жазу жөнінде бұйрық шықты. Ал 1991 жылдан кейін жариялы өмір келді. Тарих қайта жазыла бастады. Бүгінгі тәуелсіз елдің тарихшыларының алдындағы мақсат өткенге сын көзбен қарап объективті шындықты жазу.
Ұлыбританиялық Дурхем университетінің зертеулері бойынша, бүгінгі таңда әлемнің құрлықтағы шекараларының 25% толық анықталмаған, соңғы кездегі қақтығыстардың 15 % шекаралық мәселелердің шешілмеуінен туындап отыр, ал шекаралық таластан шыққан қақтығыстардың жалпы саны 95 жеткен /3/.
Сондықтан да шекара мәселесі нәзік, әрі қауіпті. Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында жерге талас барысында үлкен даулар туды. Тіпті адам өлімдері де болмай қалмады. Кезінде солақай саясаттың шешімімен тұтас аудандар көрші мемлекетте «Сыйға» беріліп кеткен. Бүгінгі сол аудандар көрші мемлекетке мәселені күрделендіре түсті. Зерттеу жұмысы сол аудандардың тарихи ақиқатын ашуға жұмыс жасамақ.
Зерттеу тақырыбының тарихнамасы мен дерек көздері. Зерттеу тақырыбы бойынша ең құнды деректер тарихи процестер өткен кездегі зерттеу еңбектері мен мақалалар. Ең негізгі еңбектердің бірі Орта Азия бюросының төрағасы және Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты хатшысы И.Зеленский мен И.Верейкистің еңбектері. Бірақ бұл кітаптағы (Верейкис И. Зеленский И. Национальные –государственное размежевание Средней Азии. Ташкент, Средне-Азиатское государственное издательство, 1924) бағыт Лениндік ұлт саясатының озық үлгісін дәлелдеуге тырысады.
С.Қожанов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, С.Меңдешев, Ф.Ходжаев секілді сол кезде тірліктің басы-қасында жүрген қайраткерлердің мақалалары да зор, маңызға ие. «Советская степь», «Народная Хозяйство Средней Азии», «Туркестанская правда», «Новый Восток» секілді баспасөз материалдары межелеу саясаты туралы деректерге толы.
Межелеу саясатының тарихын ашудағы көлемді еңбектің бірі өзбекстандық ғалым Х.Турсыновтың «Национальная политика Коммунистической партии в Туркестане» атты монографиясы. Автор межелеу саясатының астарлы қажеттілігін ашып көрсеткен. Ол осы тақырыптар бойынша ұзақ зерттеулер жүргізген ғалым. Сонымен қатар Кеңестік кезеңде Ш.З.Уразев, А.Ағзамходжаев, М.Хакимов, А.Гордиенко, Т. Ағдарбеков секілді зерттеушілер осы шекара тарихына арнайы зерттеулер жүргізді.
Соңғы кездері қазақ тарихшылары да қазақ-өзбек шекара мәселелеріне арнайы зерттеулер жүргізуде. Соның бірі Бейбіт Қойшыбаевтың «Орталық Азия Кеңес Республикаларының ұлттық-территориялық жіктелуі және қазақ саяси басшылығының ұлттық-мемлекеттігі түрін орнықтыру жолындағы ізденістері мен қызметі» атты кандидаттық диссертациясын қорғау үшін дайындаған зерттеуі. Сонымен қатар Діл газетінің 2002 жылғы 12 ақпандағы «Межелеу шындықтары» атты мақаласында да мұрағат материалдары арқылы сол кез саясатын тарихи тұрғыда саралаған. Зерттеу жұмысы тек 1924-1926 жылдардағы межелеу саясатын нысанаға алған. Автор зерттеу кезінде тың деректерді молынан қолдаған. Межелеу саясаты кезіндегі зиялылардың айрықша қызметіне тоқталып, оларға өзінің жоғары бағасын береді.Сонымен қатар сталиндік қуғынның қалай қазақ зиялыларына әсер еткендігі жазылған. Бірақ зерттеу 1924 жылдағы процестерден басталғандықтан оған дейінгі өлкедегі мемлекеттік құрылым және межелеу саясатына дайындық жұмыстары арнайы қарастырылмаған.
ҚР Президенті аппаратының қызметтері Нұрлан Сейдіннің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының қалыптасу тарихы (1917-2003 жж)» тақырыбымен кандидаттық диссертация қорғағаны белгілі. 1917 жылғы төңкерістен кейінгі кезден бүгінгі таңға дейінгі аумақтық ауыс- түйістер және қазақ жері тұтастығының қалыптасуы сөз болады. Зерттеу жұмысынаң басым бөлігі Қазақстанның Шығыс шекарасының тарихына арналған. Шекара межеленуі Лениндік ұлт саясатымен байланыстыра зерттелген. Зерттеу жұмысында Қазақстан мен Ресейлік мұрағат материалдары, Ташкент пен Бішкек мұрағаттарының құжаттары жіті сараланған. Отаршыл өктем биліктің « бөліп ал да билей бер» саясатын сынайды. Жергілікті халықтың тарихи тағдырлары да назардан тыс қалмаған.
Малдыбекова Меруерттің «Түркістан Республикасының межеленуі және Қазақ КСР-нің территориялық тұтастық мәселесі» атты зерттеу жұмысы да межелеу саясатының ащы шындығын ашуға арналған.
Сонымен қатар тарих ғылымдарының кандидаты Ғаппар Маймақов «Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы» атты көлемді монографиясының ерекше атап өтуге болатын еңбек. Еңбек тарихи оқиғаның құқықтық жағын ашып көрсеткен. Автор зертеу барысында большевиктер партиясының ұлттық бағдарламасы –Орта Азия мен Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік межелеудің теориялық негізін зерттеуден бастап межелеу саясаты аяқталған 1925 жылға дейінгі аралықты қамтып қарастырған. Межелеу жұмыстары барысында туындаған өткір пікірталастардың стенографиялық көшірмелерін де талдаған. Монографияда осыған дейін жазылған осы тақырыптағы зерттеулер де автор назарынан тыс қалмаған.
Диплом жұмысын жазу барысында 1956 жылдан бүгінгі күнге дейін баспасөз беттерінде жарық көрген тарихи мақалалар қарастырылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық мұрағаттарынан да қажетті материалдар пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері.
Зерттеу жұмысында қарастырылған мәселелердің хронологиялық шеңбері ХХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтиды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті.
Осынау зерттеу жұмысының алдына қойылған мақсаты өткен тарихи процестің ақтаңдақ беттерін ашуға үлес қосу. Әрбір дерекке сын көзбен қарап, оларға ғылыми зерттеу жүргізіп, сараптама беру, оның кезеңдері мен ерекшеліктерін ашу. Өткен тарихи процестерге сипаттама беріп, одан сабақ алу қажеттілігін түсіндіру. Осыған сәйкес зерттеу жұмысы өз кезеңінде алдына мынадай міндеттер қойды:
• Тақырыпқа байланысты деректер мен мұрағат құжаттарын жинастырып, талдау;
• Қазақтар мен өзбектердің ортақ шекараларының ең алғаш заңды түрде өмірге келу тарихын зерттеу,
• Коммунистік партия органдарының қазақ жерінднгі басқару әдістерін және партияның Қазақстанда жүргізген саясатының мазмұнын ашу;
• КСРО ыдырағанға дейінгі Қазақ КСР-і мен Өзбек КСР-і арасында жүргізілген жер саясатын ашып көрсету;
• Тәуелсіз Қазақстан мен Өзбекстан Республикасының арасында жүргізілген делимитация процесіндегі қиындық туғызған жерлердің түп тарихына үңілу;
• Шекара дауларының шешілу нәтижесіне баға беру.
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі.
1. Маймақов Ғ. Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы. А., 2005. 3 б.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заңы. (1993., 13 қаңтар) Алматы., 1999. 1-бап.
3. Сейдін Нұрлан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының қалыптасу тарихы (1917-2003 жж.) Алматы., 2004., 4-б.
4. Қойшыбаев Бейбіт. «Орталық Азия кеңес республикаларының ұлттық-территориялық жіктелуі және қазақ саяси басшылығының ұлттық мемлекеттігі түрін анықтау жолындағы ізденістері мен қызметі (1924-1926жж.) Алматы., 2002., 18-б.
5. Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов қоғамдық саяси және мемлекеттік қызметі. Алматы., 1994., 339-340-б.
6.Қойшыбаев Б. Орталық Азияның кеңес республикаларының ұлттық-территорриялық жіктелуі және қазақ саяси басшылығының ұлттық мемлекеттігі түрін орнықтыру жолындағы ізденістері мен қызметі. 16-б
7. Маймақов Ғ. «Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы» 69-б.
8. Сейдін Н. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының қалыптасу тарихы. 15-б.
9.Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты (ОҚММ) 243қор, 1-тізімдеме, 33-бума, 437-іс, 1-б.
10. Маймақов Ғ. Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы 116-б
11. Бұл да сонда, 118-б
12. ОҚОММ 243-қор, 1-тізімдеме, 33-бума, 437-іс, 4-б.
13. Бұл да сонда, 4-б.
14. Маймақов Ғ. «Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы» 122-б
15. ОҚОММ 243-қор, 1-тізімдеме, 33-бума, 437-іс, 16-б.
16. Маймақов Ғ. «Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы» 124-б
17. ОҚОММ 243-қор, 1-тізімдеме, 33-бума, 437-іс, 19-б.
18. Бұл да сонда, 20-б.
19. Маймақов Ғ. Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы 126-б
20. ОҚОММ 243-қор, 1-тізімдеме, 33-бума, 437-іс, 10-б.
21. Маймақов Ғ. Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы 135-б
22. Бұл да сонда, 137-б
23. Бұл да сонда, 138-б
24. Бұл да сонда, 139-б
25. Бұл да сонда, 141-б
26. Бұл да сонда, 143-б
27. Бұл да сонда, 144-б
28. Бұл да сонда, 145-б
29. Бұл да сонда, 146-б
30. Бұл да сонда, 146-б
31. Бұл да сонда, 148-б
32. Бұл да сонда, 148-б
33. Бұл да сонда, 148-б
34. Бұл да сонда, 148-б
35. Қойшыбаев Б. «Орталық Азия Кеңес Республикаларының ұлттық-
территориялық жіктелуі және қазақ саяси басшылығының ұлттық мемлекеттігі түрін орнықтыру жолындағы ізденістері мен қызметі» 20-б.
36. Маймақов Ғ. «Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы» 150-б
37. Қазақ-өзбек шекарасы хақында. Сыртқы істер министрлігінің түсіндірмесі //Егемен Қазақстан. 2002 ж. 11 қыркүйек. 2-б.
38. Бұл да сонда, 2-б.
39. Бұл да сонда, 2-б.
40. ОҚОММ 20-қор, 1-тізімдеме, 19-бума, 214-іс, 19-б.
41. Бұл да сонда
42. Қазақ-өзбек шекарасы хақында. Сыртқы істер министрлігінің түсіндірмесі. //Егемен Қазақстан
43. Бұл да сонда
44. Бұл да сонда
45. Бұл да сонда
46. ОҚОММ 121-қор, 8-тізімдеме, , 281-іс, №49а-бума
47. Бұл да сонда
48. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы анықтамалық. Шымкент. 2001. 25-б.
49. Шонанбай Б. Біз көнбістіктен ары аса алмадық //Жас Алаш. 2002. 4 мамыр. 2-б.
50. Бұл да сонда
51. Бұл да сонда
52. Бұл да сонда
53. Бекей М. Өзбек кеден бекеттері қазақ жеріне ене бастады // Жас Алаш. 2002. №36. 26-наурыз. 3-б.
54. Шонанбай Г. Нарымбай Е. Өзбекстанға артық жер берілген жоқ // Жас Алаш. 2002. 4-мамыр.
55. Бекей М. Өзбек кеден бекеттері қазақ жеріне ене бастады // Жас Алаш.
56. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы анықтамалық., 207-б.
57. Қауымбаева А. Қазақстан жері Өзбекстанға қалай берілді? //Қазақ тарихы. 2005. №5. 102-б.
58. Гүлжанат Ш. Біз көнбістіктен аса алмадық //Жас Алаш, 2-б.
59. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Указы // Оңтүстік Қазақстан. 1963. №24. 29-қаңтар.
60. Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Указы // Оңтүстік Қазақстан. 1963. №26.(179) 30-қаңтар.
61. Халықтар достығы үшін, мемлекет мүддесі үшін // Оңтүстік Қазақстан. 1963. №17. 20-қаңтар.
62. Қауымбаева А. Қазақстан жері Өзбекстанға қалай берілді? //Қазақ тарихы.
63. Қазақ-өзбек шекарасы хақында. Сыртқы істер министрлігінің түсіндірмесі // Егемен Қазақстан.
64. Шонанбай Г. Біз көнбістіктен ары аса алмадық // Жас Алаш.
65. Айтбайұлы Ө. Қайраткер // Егемен Қазақстан. 2004. 9-қазан. 3-б.
66. Қауымбаева А. Қазақстан жері Өзбекстанға қалай берілді? // Қазақ тарихы.
67. Қазақ-өзбек шекарасы хақында. Сыртқы істер министрлігінің түсіндірмесі // Егемен Қазақстан.
68. Мұса С. Туысқандық туының тұғыры биік болғанда бауырлас елдер арасындағы шешілмейтін түйін қплмайды // Егемен Қазақстан. 2002. 10-қыркүйек.
69. Жеңісбекқызы Г. Ұрпақ үшін жасалған келісім // Түркістан. 2002. №37. 12-қыркүйек..
70. Мұса С. Туысқандық туының тұғыры биік болғанда бауырлас елдер арасындағы шешілмейтін түйін қалмайды //Егемен Қазақстан.
71. Қазақ-өзбек шекарасы хақында. Сыртқы істер министрлігінің түсіндірмесі // Етемен Қазақстан.
72. Бұл да сонда
73. Бұл да сонда
74. Жеңісбекқызы Г. Ұрпақ үшін жасалған келісім // Түркістан.
75. Бекей М. Өзбек кеден бекеттері қазақ жеріне ене бастады // Жас Алаш.
76. Бұл да сонда
77. Назарбаев Н. Сындарлы он жыл Алматы. 2003. 56-б.
78. Бекей М. Өзбек кеден бекеттері қазақ жеріне ене бастады // Жас Алаш.
79. Дәуіт О. Шекарашылар пісте шағып жүргенде // Оңтүстік Қазақстан. 2003. 11-желтоқсан. 2-б.
80. Оспани Ә. Кіші халықтарға үлкен дос керек // Оңтүстік Қазақстан. 2003. 8-қараша. №134-135. 16-б.
81. Майлыбаева А. Қазақтв қолдан өзбектендіру // Оңтүстік Қазақстан. 2001. 19-маусым. №71.
82. Басты қиындық артта қалды // Егемен Қазақстан. 2004. 16-наурыз.
83. Екі елдің шекарасы шегенделуге жақын // Шымкент келбеті. 2005. 7-қаңтар.
84. Сапаров С. Шекарадағы түйіткіл мәселелердің түйінін үкімет шеше алмайды ма? // Жаңалық. 2006. 12-қыркүйек. №35.
85. Сәрсенов Н. Шекара: халықтың төзіміне сенім артуға болмайды // Оңтүстік Қазақстан. 2004. 11-қыркүйек. №133-134. 4-б.
86. Арын ардақ тұтқан Бостандық жұрты Астанаға аманат айтады // Егемен Қазақстан. 2003. 8-қазан. №263.
87. Тоқаев Қ. «Беласу» Алматы. 2003. 225-б.
88. Назарбаев Н. «Ғасырлар тоғысында» Алматы. 1996. 217-б.
89. Омарова Г. Саяси мінбеден айтылған сөз // Түркістан. 2002. 12-қыркүйек.
90. Мұса С. Туысқандық туының тұғыры биік болғанда бауырлас елдер арасындағы шешілмейтін түйін қалмайды // Егемен Қвзвқстан.
91. Тайжан Б. Шекараға ағайынгершілік жатпайды // Егемен Қазақстан. 2006. 7-маусым. 4-б.
92. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 2005. 34-б.

Ф-ОБ-001033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақстан тарихы кафедрасы

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Қазақ-өзбек шекара мәселесі

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3

І-тарау. Коммунистік билік. Оның мемлекеттік аумаққа тигізген әсері.

І.1. 1924-1925 ж.ж. ұлттық-мемлекеттік межелеу саясаты. Қазақстанның
тұңғыш шекарасының белгіленуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
9

І.2. Кеңес Одағы ыдырағанға дейінгі шекарадағы ауыс-
түйістер ... ... 30

ІІ-тарау. Тәуелсіздіктен кейінгі шекаралық өзгерістер

ІІ.1. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы
шекараны делимитациялау және демаркациялау
процестері ... ... ... ... ... ... 45

ІІ.2. Делимитациялау процесіне қоғамдық
көзқарас ... ... ... ... ... ... ... ... 52

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 57

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .. 59

Кіріспе
Нағыз ақиқаттың кейде тым айқын болатыны
соншалық, ол тіпті ақиқат болудан қалады.
А.Эйнштейн
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кез-келген мемлекеттің
мемлекет екендігін айғақтайтын бір дәлел оның шекарасының болуы. Онсыз
мемлекет болмайды.
Мемлекеттік аумақ белгілі бір мемлекеттің егемендігіне қарасты
жер шарының бөлігі. Мемлекеттік аумақтың құрамдас бөлігі болып
құрғақтағы, судағы, жер қойнауындағы және әуедегі кеңістіктер мен оларға
теңесетін объектілер жатады 1. Бұл аумақ шекара сызығымен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара туралы 1993 жылғы 13
қаңтардағы заңында былай делінген: Қазақстан Республикасының шекарасы
дегеніміз- Қазақстан аумағының шегін-құрлығын, суын, жер қойнауын және
әуе кеңістігін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тігінен өтетін
үстіңгі қабат 2.
Тарихқа көз жүгіртсек осы мемлекет аумағы үшін қаншама соғыстар
өткен. Мақсат- жер иемдену. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жерлер дауы
сонау тарих тереңіне тартады. Шыңғысхан жаулап алушылығына дейін бүкіл
Дешті Қыпшақ даласы мен Орта Азияда түркі тектес мемлекеттер өмір сүріп
жатты. Шыңғысханның жаулап алуымен бұл жерлерде Монғол империясының
үстемдігі жүрді. XIV-XV ғасырлар тоғысында Орта Азия жері Әмір Темірдің
иелігіне өтті. XV ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жерінде ыдыраған
империялардың орнында ұсақ мемлекеттер бой көтерді.
XV ғасырдың ортасында құрылған Қазақ хандығы мен Шайбанилер арасындағы
таласты жерлер Сыр бойы қалалары болды. Қасым ханның тұсында Қазақ
хандығына қараған Сыр бойы қалалары оның ізбасарлары тұсында
Шайбаниліктерге (өзбектерге) тиесілі болды.
Тоқымдай жер үшін жан беріскен таластар болып жатты. Есім хан 1598
жылы Ташкентті алып, оны Қазақ хандығының астанасы етеді. 1798 жылы Уәли
тұсында Ташкентті қоқандықтар басып алады. Осыдан кейін Қоқан хандығының
агрессиясына Оңтүстік Қазақстан өңірі, Жетісу ұшырайды.
1864-1865 жылдары Перовский мен Веревкин бастаған орыс әскерлері
Қазақстанның Оңтүстігіндегі Шымкент, Түркістан, Әулиеата, Ақмешіт секілді
қалаларды қоқандық езгіден азат етеді. Көп кешікпей орыс әскерлері
қоқандықтардан Хиуа, Ташкент секілді ірі қалалардағы алып қоқандықтардың
үстемдігіне біржола нүкте қояды. Ендігі кезекте реформаларға толы Ресей
құрамындағы өмір басталады.
1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша Қазақстан жері Генерал-
губернаторлықтарға бөлінді.
1917 жылы қос бірдей революцияны өткерген Ресейде Кеңес өкіметі
орнады. Елде біртұтас Совет халқын қалыптастыру шарасы қызу жүргізіле
бастады. Коммунистердің көзсіз көсеміне айналған В.И.Ленин Әр ұлт өзін-
өзі билеуге құқылы деп жариялады. Бұл сөз 1917 жылғы революциялардың
жеңіске жетуіне үлес қосқан болатын. Өйткені әр аймақтағы ұлттық
қозғалысты өршіту арқылы қарсыластарын жаныштауға мүмкіндік алды.
1920 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы
құрылды.
1924-1925 жж. ҚазақАКСР мен Өзбек КСР-нің арасындағы шекара заң
бойынша белгіленді. Бұл Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеу арқылы
іске асқан болатын. Осыдан бастап біртұтас КСРО-ның аясындағы әкімшілік-
аумақтық өзгерістер Қазақ КСР-ін де айналып өтпеді.
1991 жылы КСРО ыдырап ТМД құрылды. Енді тәуелсіз Республикалардың
шекара делимитациясы келіп жетті. Үлкен жұмыстар жүргізу арқылы күні кеше
ғана шекара мәселелеріне нүкте қойылды.
1991 жылға дейінгі 70 жылдан аса мезгілде КСРО шеңберінде цензура
үстемдік етті. Тарихты тек Сталиндік-Лениндік принцип тұрғысында жазу
жөнінде бұйрық шықты. Ал 1991 жылдан кейін жариялы өмір келді. Тарих
қайта жазыла бастады. Бүгінгі тәуелсіз елдің тарихшыларының алдындағы
мақсат өткенге сын көзбен қарап объективті шындықты жазу.
Ұлыбританиялық Дурхем университетінің зертеулері бойынша, бүгінгі
таңда әлемнің құрлықтағы шекараларының 25% толық анықталмаған, соңғы
кездегі қақтығыстардың 15 % шекаралық мәселелердің шешілмеуінен туындап
отыр, ал шекаралық таластан шыққан қақтығыстардың жалпы саны 95 жеткен
3.
Сондықтан да шекара мәселесі нәзік, әрі қауіпті. Қазақстан мен
Өзбекстанның шекарасында жерге талас барысында үлкен даулар туды. Тіпті
адам өлімдері де болмай қалмады. Кезінде солақай саясаттың шешімімен
тұтас аудандар көрші мемлекетте Сыйға беріліп кеткен. Бүгінгі сол
аудандар көрші мемлекетке мәселені күрделендіре түсті. Зерттеу жұмысы сол
аудандардың тарихи ақиқатын ашуға жұмыс жасамақ.
Зерттеу тақырыбының тарихнамасы мен дерек көздері. Зерттеу тақырыбы
бойынша ең құнды деректер тарихи процестер өткен кездегі зерттеу
еңбектері мен мақалалар. Ең негізгі еңбектердің бірі Орта Азия бюросының
төрағасы және Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты хатшысы
И.Зеленский мен И.Верейкистің еңбектері. Бірақ бұл кітаптағы (Верейкис И.
Зеленский И. Национальные –государственное размежевание Средней Азии.
Ташкент, Средне-Азиатское государственное издательство, 1924) бағыт
Лениндік ұлт саясатының озық үлгісін дәлелдеуге тырысады.
С.Қожанов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, С.Меңдешев, Ф.Ходжаев секілді сол
кезде тірліктің басы-қасында жүрген қайраткерлердің мақалалары да зор,
маңызға ие. Советская степь, Народная Хозяйство Средней Азии,
Туркестанская правда, Новый Восток секілді баспасөз материалдары
межелеу саясаты туралы деректерге толы.
Межелеу саясатының тарихын ашудағы көлемді еңбектің бірі
өзбекстандық ғалым Х.Турсыновтың Национальная политика Коммунистической
партии в Туркестане атты монографиясы. Автор межелеу саясатының астарлы
қажеттілігін ашып көрсеткен. Ол осы тақырыптар бойынша ұзақ зерттеулер
жүргізген ғалым. Сонымен қатар Кеңестік кезеңде Ш.З.Уразев, А.Ағзамходжаев,
М.Хакимов, А.Гордиенко, Т. Ағдарбеков секілді зерттеушілер осы шекара
тарихына арнайы зерттеулер жүргізді.
Соңғы кездері қазақ тарихшылары да қазақ-өзбек шекара мәселелеріне
арнайы зерттеулер жүргізуде. Соның бірі Бейбіт Қойшыбаевтың Орталық Азия
Кеңес Республикаларының ұлттық-территориялық жіктелуі және қазақ саяси
басшылығының ұлттық-мемлекеттігі түрін орнықтыру жолындағы ізденістері
мен қызметі атты кандидаттық диссертациясын қорғау үшін дайындаған
зерттеуі. Сонымен қатар Діл газетінің 2002 жылғы 12 ақпандағы Межелеу
шындықтары атты мақаласында да мұрағат материалдары арқылы сол кез
саясатын тарихи тұрғыда саралаған. Зерттеу жұмысы тек 1924-1926
жылдардағы межелеу саясатын нысанаға алған. Автор зерттеу кезінде тың
деректерді молынан қолдаған. Межелеу саясаты кезіндегі зиялылардың айрықша
қызметіне тоқталып, оларға өзінің жоғары бағасын береді.Сонымен қатар
сталиндік қуғынның қалай қазақ зиялыларына әсер еткендігі жазылған.
Бірақ зерттеу 1924 жылдағы процестерден басталғандықтан оған дейінгі
өлкедегі мемлекеттік құрылым және межелеу саясатына дайындық жұмыстары
арнайы қарастырылмаған.
ҚР Президенті аппаратының қызметтері Нұрлан Сейдіннің Қазақстан
Республикасы мемлекеттік шекарасының қалыптасу тарихы (1917-2003 жж)
тақырыбымен кандидаттық диссертация қорғағаны белгілі. 1917 жылғы
төңкерістен кейінгі кезден бүгінгі таңға дейінгі аумақтық ауыс-
түйістер және қазақ жері тұтастығының қалыптасуы сөз болады. Зерттеу
жұмысынаң басым бөлігі Қазақстанның Шығыс шекарасының тарихына арналған.
Шекара межеленуі Лениндік ұлт саясатымен байланыстыра зерттелген. Зерттеу
жұмысында Қазақстан мен Ресейлік мұрағат материалдары, Ташкент пен
Бішкек мұрағаттарының құжаттары жіті сараланған. Отаршыл өктем биліктің
бөліп ал да билей бер саясатын сынайды. Жергілікті халықтың тарихи
тағдырлары да назардан тыс қалмаған.
Малдыбекова Меруерттің Түркістан Республикасының межеленуі және
Қазақ КСР-нің территориялық тұтастық мәселесі атты зерттеу жұмысы да
межелеу саясатының ащы шындығын ашуға арналған.
Сонымен қатар тарих ғылымдарының кандидаты Ғаппар Маймақов Қазақ
жері тұтастығының қалыптасуы атты көлемді монографиясының ерекше атап
өтуге болатын еңбек. Еңбек тарихи оқиғаның құқықтық жағын ашып
көрсеткен. Автор зертеу барысында большевиктер партиясының ұлттық
бағдарламасы –Орта Азия мен Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік межелеудің
теориялық негізін зерттеуден бастап межелеу саясаты аяқталған 1925 жылға
дейінгі аралықты қамтып қарастырған. Межелеу жұмыстары барысында туындаған
өткір пікірталастардың стенографиялық көшірмелерін де талдаған.
Монографияда осыған дейін жазылған осы тақырыптағы зерттеулер де автор
назарынан тыс қалмаған.
Диплом жұмысын жазу барысында 1956 жылдан бүгінгі күнге дейін
баспасөз беттерінде жарық көрген тарихи мақалалар қарастырылған. Оңтүстік
Қазақстан облыстық мұрағаттарынан да қажетті материалдар
пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері.
Зерттеу жұмысында қарастырылған мәселелердің хронологиялық шеңбері
ХХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтиды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті.
Осынау зерттеу жұмысының алдына қойылған мақсаты өткен тарихи
процестің ақтаңдақ беттерін ашуға үлес қосу. Әрбір дерекке сын көзбен
қарап, оларға ғылыми зерттеу жүргізіп, сараптама беру, оның кезеңдері
мен ерекшеліктерін ашу. Өткен тарихи процестерге сипаттама беріп, одан
сабақ алу қажеттілігін түсіндіру. Осыған сәйкес зерттеу жұмысы өз
кезеңінде алдына мынадай міндеттер қойды:
• Тақырыпқа байланысты деректер мен мұрағат құжаттарын
жинастырып, талдау;
• Қазақтар мен өзбектердің ортақ шекараларының ең алғаш заңды
түрде өмірге келу тарихын зерттеу,
• Коммунистік партия органдарының қазақ жерінднгі басқару
әдістерін және партияның Қазақстанда жүргізген саясатының
мазмұнын ашу;
• КСРО ыдырағанға дейінгі Қазақ КСР-і мен Өзбек КСР-і арасында
жүргізілген жер саясатын ашып көрсету;
• Тәуелсіз Қазақстан мен Өзбекстан Республикасының арасында
жүргізілген делимитация процесіндегі қиындық туғызған
жерлердің түп тарихына үңілу;
• Шекара дауларының шешілу нәтижесіне баға беру.

І-тарау. Коммунистік билік. Оның мемлекеттік аумаққа тигізген әсері.
І.1. 1924-1925 жж. ұлттық-мемлекеттік межелеу саясаты. Қазақстанның тұңғыш
шекарасының белгіленуі.
ХХ ғасырдың басында қазақ жеріндегі мемлекеттілік үшін күрес
күрделі сипат алды. В.И.Лениннің идеясы бойынша басталған Орта Азиядағы
ұлттық-мемлекеттік межелеуге қазақ саяси басшылығының көзқарастары үйлесе
бермеді. Мәселен Мұстафа Шоқайдың Тұтас Түркістан идеясы Орта Азиядағы
түркі мемлекеттерін біріктіруге арналған еді. Бірақ Кеңестік билік
Мұстафаның бұл идеясынан өлердей қорықты. Мұндағы саяси тіршілікке сын
көзін қадап отырған М.Шоқайдың түрлі мысалмен дәлелдеп қорытқанындай
большевизм Түркістанда ұлттық тұтастық пен ұлттық мемлекеттің құрылуынан
өлердей қорқады. Сондықтан қайткен күнде де мұндай тұтастықты болдырмауға
тырысады. Тұтастықты бұзудың жалпытүркілік тұтастықты сезіну беретін
қуатты әлсіреудің төте жолы - Орта Азиядан алдымен Қазақстанды оның Орта
Азиялық бөлігімен қоса бір бөліп алу, сөйтіп бауырлас халықтардан
қазақтарды ажыратып алшақтатып жіберу 4.
Тұрар Рысқұловтың да идеясы осы сипатта еді. Ол Түркістан
Республикасын құру үшін талмай күресті. Осыған байланысты Т.Рысқұловты 1924
жылдың аяғына таман Монғолияға елші етіп ауыстырды. Түркістан
Республикасы Кеңестерінің ХІІ съезі Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу
саясаты іс жүзіне асырыла бастаған кезде өтті. 1923 жылдың соңына таман бұл
бағыттағы шаралар тұрақты сипат ала бастаған еді. РКП (б) Орталық
Комитетінің алдында Орта Азияның үш республикасының аумағын қайта межелеп,
жеке-жеке ұлттық республикаға жіктеу міндеті тұрды. Ал РКП (б) Орта
Комитеті Т.Рысқұловты бұл процеске қарсы тұрған адам деп санады,
сондықтан да оны межелеу саясаты толық қарқынмен басталғанға дейін
республикадан тысқары алып кетуге тырысты. ХІІ съезд аяқталысымен-ақ РКП
(б) Орталық Комитеті бұл іске шұғыл кіріскені белгілі. 1924 жылы 24 және
31 қаңтар, 4-14 ақпан күндері бұл мәселе РКП (б) Орталық Комитетінде үсті-
үстіне талқыланды. Талқылауға С.И.Гусев, М.И.Калинин, В.В.Куйбышев,
И.М.Межлаук, Я.Э.Рудзутак, И.В.Сталин, Г.В.Чичерин және басқа да көптеген
адамдар қатысты. Сондықтан да Т.Рысқұловтың Түркістан Республикасынан өтуі
РКП (б) Орталық Комитетінің саясатының нәтижесі деп түсіну қажет 5.
Сұлтанбек Қожанов өз кезегінде Орта Азия Федерациясын құру жөнінде
бастама көтерді. Ол өлкеде ту тіккен республикаларды алдымен экономикалық
қауымдастыққа, содан соң Орта Азия федерациясына біріктіру, сосын
экономикалық және саяси-әкімшілік тұрғыда қалыптасқан қуатты құрылым
ретінде, Республикалар Одағына - КСРО-ға кіру бағытын ұстанды 6. Өйткені
дәл солай 1922 ж Закавказье Федерациялық Социалистік Республикасы
құрылған болатын. Оған грузиндер, армяндар, әзірбайжандар біріккен еді.
Бірақ С.Қожановтың бұл идеясын Ортаазбюро қолдамай тастайды. Ол жөнінде
И.Варейкис өз пікірін білдіріп, бұл идеяны болашақтың ісі деп
қарастырады. Менің пайымдауымша – деп жазды И.Ворейкис –Қазреспубликаның
Орта Азия бірлестігіне кіруін мына себепті уақытша тоқтата тұру керек.
Бірінші ой қорыту бойынша, Қазреспублика экономикасының қай орталыққа
таралуы әлі нақты анықталмаған (оны Қазреспубликасының өзі де дәл
білмейді), тіпті бүкіл Қазақстан үшін тартылыс орталығы болатын сондай
орталық бар ма екен? Бұл нәрсе әлі анықталмаған. Екінші ой қорыту,
Қазақстан орасан үлкен аумақты алып жатыр, ол автономиялы
республикаларын қоспағанда РКФСР аумағына тең. Қазақстанның бір шеті
Амударияға тіреліп, Өзбекстан шекарасына жетеді, екінші бөлігі Алтай,
Томскіге созылып жатыр, тағы бір бөлігі Самараға сәл жетпейді. Осы
себептерге байланысты И.Варейкис Қазақстанның Орта Азия бірлестігіне
кіруіне қарсы болды 7. Осылайша қазақ зиялыларының бірігуге бастаған
ұсыныстары қабылданбай тасталды. Сөйтіп, И.Варейкисше айтсақ енді үлкен
бір пәтердің жеке бөлмелері анықталатын болды.
Орта Азия республикалары арасында ұлттық-территориялық межелеуді
жүргізу аса күрделі мәселе еді. Мұндағы халықтардың тарихи
байланыстарының тереңде жатуы мен ұлттардың бір-бірімен аралас және
тығыз орналасуы ұлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген
қиындықтар туғызды. Сондай-ақ, экономикалық орталықтар мен елді мекендерді
бөлу мәселелері көп жағдайда тығырыққа тіреліп отырды. Экономиканың даму
деңгейі мен халықтардың ұлттық құрамы туралы статистикалық мәліметтердің
мардымсыздығы жағдайды одан әрі қиындатты 8. Болашақ шекараны анықтау
үшін КСРО тәжірибесінде қалыптасқан мынадай үш принциптің негізге алынуы
тиіс болды:
І. Ауданның табиғи-тарихи жағдайының біртектілігі;
ІІ. Экономикалық құндылықтар;
ІІІ. Халықтарының ұлтық-мәдени және тұрмыстық жағдайларының
біртектілігі 9.
Орта Азиядағы ұлттық- мемлекеттік межелеуді тікелей жүзеге асырушы
Орта Азия бюросында И.Зеленский, Я.Руздзутак, К.Бауман, Ф.Карклин секілді
азаматтар қызмет етті. Өзбектер жағынан А.Икрамов, Ф.Ходжаевтар жұмыс
жасаса, қазақтар жағынан С.Қожанов, С.Меңдешев, Т.Жүргенов секілді
азаматтар ат салысты. Ұлттық –мемлекеттік межелеудің жүргізілу барысы
және оның мәні үнемі баспасөз беттерінде жарияланып тұрды. Баспасөз
құралдары белгілі бағытта үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатты.
Ұлттық-мемлекеттік межелеу барысында Түркістан АКСР-ның Қазақ АКСР-на
қосылуының зор маңызы болды. Түркістанның Сырдария және Жетісу облыстарының
қазақтар басым өңірлері ҚазАКСР-на қосылуы тиіс болды.
1924 жылғы ақпандағы мәлімет бойынша осы екі облыстың межелеу кезінде
Қазақстанға өтетін жер көлемі 602713 кв версті құрды. Бұл аумақ Орта
Азиядағы жаңа республикалар аумағынан әлдеқайда көп. Мысалы, Түркімен КСР-
нің аумағы 380325 кв верст, Өзбек КСР-нің аумағы 158980 кв версті құрады
10. Межелеу жұмыстары барысында оны жүзеге асырушы қайраткерлердің
мақалалары мен пікір сайыстары өтіп тұрды. Сондай-ақ республиканың басшы
өкімет органдары даярлаған Түркістанның қазақ аумағын Қазақ АКСР-не
біріктіру мәселесі және Орта Азия ұлттық принцип бойынша мемлекеттік
межелеу проблемасы деген баяндама тезистері жасалды 11. Бұл
тезистердің бір нұсқасы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік
мұрағатында 243 қорда сақтаулы. Бұл тезистер межелеуді жүргізуде негізге
алынды және баяндамаларда ерекше бағыт ретінде пайдаланылды. Тезистер 4
бөлім, 30 тармақтан тұрды.
Тезистердің ІІ бөлім 9-шы тармағында 1920 жылғы статистикалық
деректердің қателіктерге толы екендігі айтылып, оны тек революцияға
дейінгі деректермен салыстыра пайдалану қажеттігі көрсетіледі. Ал 10-шы
тармағында 1911 жылғы қазақтар басым отырған елді-мекендер 1920 жылғы
Бүкілресейлік санақ бойынша керісінше қате жазылып кеткендігі айтылады.
Примеры: Зинги-Атинская, Ниязбекская и Чинасская волости Ташкентского
уезда.
В этих волостях:
а) Целый ряд сельских обществ, бывших 9 лет тому назад (1911г.)
киргизами, по данным 1920 г. значатся, как узбеки;
б) целый ряд сельских обществ киргизского населения совсем не
описаны;
в) имеются случаи, где горожане-узбеки, числясь одно время по списку
жители города, прошли перепись 1920 г. и по волостям, по месту занятия
земледелием 12. Осы қиындықтармен қоса көшпелі қазақтар да тізімге
ілінбей қалған.
Тезистердің 12-ші тармағында Мырзашөл уезінің Иіржар болыстығындағы
ежелден Қазақтар тұратын жер көлемі Түрікстатистика деректерінде
Түркістан Жер халкоматы жерге орналастыру басқармасының тексерілген
мәліметтеріне қарағанда екі есе кеміп кеткен 13деп көрсетіледі.
Тезистердің 14-ші тармағынан кейінгілері Ташкент қаласы жайында
айтылады. Ташкент қаласына және оған тартылып жатқан Ташкент және
Мырзашөл уездерін қазақ жағы да өзбек жағы да өзіне тартауға тырысты.
Қазақ жағының тезистерде келтірілген пікірінше: Кеңестік
аудандастыру жүйесі мен кеңестік ұлт саясаты жағдайында бұл
орталықтардың қай мемлекетке қатыстылығы, оның әрбір ұлттың экономикасы,
саяси және мәдени өміріне қатысты маңызы мен рөліне қарай анықталады
14. Осы тұрғыдан алып қарағанда Ташкент қаласының маңызы екі жаққа да
тиесілі еді. Тарихқа көз салсақ Ташкент қаласы жайында деректер 751
жылы атала бастайды. Яғни, өзбек пен қазақ жайында деректер болмаған
кезде саудагерлер мен көпестердің қаласы болған. Шамамен б.з.1000 жылдары
түркілер дәуірінде Ташкент қаласын сарт-көпестер мен қолөнершілер мекен
етеді. Сол кезде қала сауда және экономикалық орталыққа айналды. XV
ғасырдың І жартысында көшпелі өзбектердің өңірді жаулап алуымен қала
шайбаниліктерге өтеді. 1598-1798 жылдар аралығында Ташкент Қазақ
хандығының құрамында болған. 200 жылдай Қазақ хандығының иелігінде
болған Ташкент қаласы қоқандықтардың басып алуымен 50 жылдай Қоқан
хандығының шегінде болды. Қаланы орыс отаршылдарынан қорғағандардың
ішінде де қазақтар көп болды. Ташкенттің тәуелсіздігі үшін соңғы күресті
ұйымдастырған молда Әлімқұл мен Садық Кенесарыұлы да қазақтар болды 15.
Қаланы этикалық жағынан зерттегенде құрамалар мен сарттарға
байланысты дау шықты. Бір қызығы Құраманың ішкі түбіріне зер салар
болсақ, қазақтың үш жүзінің рулары көптеп кездеседі. Мысалы, Ұлы жүзден
дулат, үйсін, жалайыр, сіргелі, қаңлы т.б., Орта жүзден қоңырат, найман,
арғын т.б., Кіші жүзден тама, шөмекей, табын, шекті рулары кездеседі.
Бірақ ұзақ пікірталастан кейін Құрамалар жеке этикалық топ ретінде
қала берді. Даулы аймақтарда құрамалардың саны мен еркі шешуші рөл
атқарып өткен кез де аз болмады. Құрама атауы ұлттық белгі ретінде жүріп,
белгілі бір аумақтың қай республикаға қосылатынына едәуір әсер етті 16.
Ал, сарттарға келер болсақ, олар ХІ ғасырда Ташкент өңірін мекен еткен.
Тегі түркі және иран нәсілі аралас. Тілі түріктерге жақын. Шындығында
өзбек пен сарт екі халық. Бірақ Өзбек КСР-нің өкілдері сарттарды өзбекке
туыстас деп дәлеледеуге тырысты.
Сырдария Облыстық Статистика Комитетінің 1911 жылғы Ташкент уезінің
құрамы жайлы мәліметі (1920 ж табиғи өсім жағдайын есепке алған):
Қазақтар Абсолютті саны %
Құрама 166,288 50,58
Сарттар, өзбектер 17,588 5,33
және тәжіктер
қазақтар мен құрамалардың 189,876 40,82
жалпы саны
сарттар, өзбектер және
тәжіктер 134,130

Статистикалық 17 деректерден көргеніміздей Ташкент уезінде
өзбектерге тәжіктер мен сарттарды қоса есептегенде 10 %-дай есепте
қазақтардан кем. Ал Ташкент қаласының өзінде статистикалық деректер
бойынша өзбектер көпшілікті, қазақтар азшылықты құрайды екен. Бірақ
Ташкент қаласының айналасындағы елді-мекендердің барлығында қазақ халқының
саны басым болып шықты.
1920 жылғы санақ бойынша Мырзашөл уезінің (Жизақ уезінің Қазақстанға
берілетін 6 болысымен қоса) халқының құрамы мына төмендегідей болды 18
(Қазақтардың санының кемітіліп көрсетілу ықтималдығы себепті есеп дәл
болмауы мүмкін):
Қазақтар 19,878
Өзбектер, сарттар және тәжіктер 14,576
Орыстар 9,550
Қазақтар жағы ұстанған бағытында саналы түрде Ташкент және Мырзашөл
уездерінің қай мемлекетке тиесілігін шешкенде Ташкент қаласы
халқының санын назарға алмайтынын мәлімдеді. Біз,- деп мәлімдеді
Қазақстан өкімет органдары басшылары,- осы кезде аксиомаға айналған
қарапайым ақиқатты басшылыққа аламыз, ол бойынша қалалық орталықтар
тек сол қала тұрғындарының ғана жасағаны емес, ол сол қаланың
өркендеуіне атсалысқан басқа да облыс халықтарының еңбегі болып
табылады. Сондықтан да Ташкент қаласының кімге тиесілі екендігін оның
іргесіндегі облыс халқының демографиялық жағдайының ескеруіне қарай
шешілуі керек 19. Егер де Ташкент қаласы Өзбек КСР-не өткен күнде
де арал тәрізді Қазақ АКСР-ның шеңберінде қалып қояр еді. Өйткені
айналасындағы елді мекендердің бәрінде де қазақ халқы басым болып
Қазақ АКСР-не тиесілі болып тұр еді. Тағы да көптеген дәйектерді
алға тарта отырып жоғарыда айтылған тезистердің соңында мынадай
қорытындылар жасалған:
а) Қазақ халқының бірігуін тез арада қолға алып Түркістанның
қазақтар шоғырланған территориясын Қазақ АКСР-не біріктіру, сөйтіп оның
орталығы ретінде Ташкент қаласын таңдау. Даулы аймақтардың қай мемлекетке
тиесілі екендігін анықтаған кезде революцияға дейінгі статистикалық
деректерді қабылдау;
б) Қазақ АКСР-на мына аймақтар кіреді: қазіргі Қазақ АКСР-ы, Жетісу
және Сырдария облыстары, Самарқан облысының уезіндегі 6 болыстық кіреді.
в) қазақтар мен оған туыстас қарақалпақтар орналасқан Амудария
облысының Қазақ АКСР-не қосылу мәселесі Бұхар және Хорезм республикаларын
межелеу барысында түбегейлі шешілетін болады.
Самарқан облысының Ходжент уезіндегі қазақтар мекен еткен жер
Өбекстан аумағында қалады.
Жетісу облысының қара қырғыздар мекен еткен бөлігінде Қарақырғыз
Автономиялық Облысы құрылады.
г) Қазақ АКСР-ы өзінің Орта Азиялық Кеңестік көрші Республикалармен
экономикалық және жоғары деңгейде қарым-қатынас жасайды 20.
Қазақ жағы Ташкент қаласының қазақтар өміріндегі зор маңызына
тоқталып өтті. Бұл қала тарихи статистикалық деректерге көз салсақ
көшпенділер өмірі үшін сауда, экономикалық, мәдени және саяси орталық
ретінде рөл ойнаған. Әлі де сол қалпынан айнымаған. Сондықтан да Ташкент
қаласы Қазақ АКСР-ның астанасы болуға толық сәйкес келеді. Мәселен,
Ташкеннің айналасындағы халықтың басым бөлігін қазақтар құрайды деген
сықылды деректерді алға тартты.
Ташкент уезінің толығымен Қазақстанға қосылу қажеттігі жоғарыда
егжей-тегжейлі айтылды. Осы жерде Ташкент уезінің халықтары туралы да
айта кеткен жөн. Ташкент уезінің 1911 және 1920 жылдардағы халықтарының
саны туралы салыстырмалы деректер төмендегідей 21:
1911 жыл 1920 жыл
қазақтар 233583-61% 230316-56,7%
өзбектер 118974-31% 101845-25%
құрамалар 10236-5 % 47433-16,5%
тәжіктер-
басқалар 10410-3% 17087-4,2%
қорытынды 326488% 351131%
Осылайша шекараны межелеу жұмыстары күрделі ауқымды айтыс-тартыстар
арқылы жүрді. Қым-қиғаш тартыстар кезінде қулыққа негізделген астыртын
әрекеттер де болмай қалмады. Мәселен Аумақтық комиссияның төрағасы
И.Зеленскиге жазылған наразылық хаты. Наразылықта біріншіден Орта Азия
бюросының шешімімен құрылған аумақтық жағынан межеленетін әрбір халықтан
үштен мүше ену керек болса, өзбектерден алты мүше еніп кеткен. Қазақ
республикасының екі қазақ өкілі Ташкент қаласында тұратын екі европалық
адамдармен ауыстырған, мұның өзі Ташкенттің тағдырының алдын ала шешіліп,
оның Өзбектсанға өтіп кетуіне әсер еткенін жазды 22.
Наразылық хатын жазушылар Орта Азия бюросының әрекетіндегі
әділетсіз тұстарға тоқталып, оның Орта Азия Республикаларын ұлттық
–мемлекеттік межелеудің заңды принциптеріне қайшы келетіндігі айтылған.
Голодностеп каналын Қазақ АКСР-не беру мәселесінде де Аумақтық
комиссия ұлттық және экономикалық мақсаттылық принципін басшылыққа алған
болатын. Бұл ауданда 1920 жылғы мәлімет бойынша 32% қазақтар, 18% өзбектер
тұрған болатын. Бұл ауданның комиссияда алдын ала Қазақстанға тиесілі
екендігі шешілгенімен, олар Аумақтық комиссиядағы өзбектердің наразылығына
байланысты Өзбекстанға өтіп кетті 23.
Осындай қателікті шешімдерді жөнсіз санаған комиссия мүшелері оған
қарсы заңды әрекетке көшті. Аумақтық комиссияның мүшелері өзбектер жағын
көбірек қолдап отырғаны себепті Аумақтық комиссияның 9 мүшесі С.Қожанов,
Қ.Атабаев, Сахат-Мұратов, Құдайқұлов, Н.Айтақов, Ж.Абдрахманов, Зулфибаев,
С.Есқараев және Әлібеков қол қойған наразылық хаты 1924 жылы 8 қыркүйекте
Ташкент қаласында жазылып, РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросына бағытталды.
Комиссия мүшелері яғни, дәлірек айтқанда хат авторлары үш ұлт
өкілдерінен (қазақ, түркімен және қырғыз) жиналған болатын.
Бірақ бұл наразылық хаты да қанша жоғары деңгейде жазылғанымен өз
діттеген нәтижесіне қол жеткізе алмады.Бұл да нәтиже бермеген соң тек қазақ
жағының өкілдерінен тұратын Аумақтық комиссияның мүшелері өздерінің ерекше
пікірін да жариялады.Онда былай делінген болатын:
Қазақтарды тек көшпенділер деп санайтын, ал отырықшы қазақтарды
тек өзбектер деп санайтын және межелеу жұмыстары кезінде басшылыққа
алынатын принципті тұрғыдан қате және жол беруге болмайтын қате тенденция
қалыптасты.
Осындай жағдай құрамаларды (сарттанған және отырықшыланған
қазақтар) Өзбекреспубликасына жібергенде де болды.
Дәл осындай жәйт Шыршық аудандарының таза қазақтар тұратын
болыстықтарын Өзбек республикасына қосқан кезде де орын алды.
Отырықшы қазақтар мекендейтін бұл болыстарды (Қытайтөбе, Тойтөбе,
Жалалтөбе, Ғайбаты, Османата және Майдантал) Өзбек республикасына қосып
жіберуді қателік деп есептейміз.
Бұл шешімдер ұлттық межелеудің түбірлі принципін бұзғандық болады.
Себебі, осы актіге сәйкес қазақтардың неғұрлым мәдениетті және
экономикалық жағынан тұрақты бөлігінен Ташкент уезіндегі өзге қазақтар
жөнсіз бөлініп қалған. Әлі де ұлттық тұрғыда қалыптасу үстінде тұрған
тұрақсыз шаруашылық жағдайындағы қазақтардың өзінің аса маңызды отырықшы
бөлігін жоғалтуы, олардың мықты мемлекет орталығын құруына және
болашақтағы оның дамуына кедергі келтіреді деп есептейміз. Онымен қоса
Шыршық ауданының көрші қазақ аудандармен туысқандық байланыста екендінгі
бар. Олар шаруашылық байланыстары арқылы да өзара тәуелді болып келеді.
Комиссияның шешімімен бүгінгі таңдағы аталған екі аудан қазақтары межелеу
кезінде орынсыз бөлініп қалды. Олардың наразы болу себептері де осында
жатыр. Өзбектстанмен шекаралас Шыршық ауданындағы қазақтардың көптігі,
олардың ұлттық ерекшілігі жағынан Қазақстанмен орынды байланыстылығын
комиссия мүлдем ескергісі келмеген.
Комиссияның өз шешімін ирргациялық жүйені алға тарта отырып, өз
ойларын негіздемек болулары да көңілге қонымсыз, себебі бұл аудан басқа
аудандарға қарағанда Шыршықтың бас магистралды арықтары арқылы суландырылып
келеді. Егер бұл аудан Ташкент уезіндегі бай қуатты аудан болса, онда ол
болашақ Қазақ республикасының мемлекеттігі үшін зор маңызға ие. Онда
тұратын Қазақтардың мүддесін ауданның бұл байлығы Өзбекстанға керек еді деп
негізсіз аяқ асты етуге болмас 24.
Дәл осылай ерекше пікір білдірген қазақ қайраткерлері С. Меңдешев,
С.Қожанов, С.Есқараев, Әлібеков және Серғазиевтер еді.
Аумақтық комиссия бұл жерлерді өзбектер басым деп дәлелдеуге
тырысқан Өзбек қосалқы комиссиясының ықпалында кеткендіктен, Өзбекстанға
әдейі беріп жіберді. Қазақстан жағының да, оған қоса түркімен, қарақалпақ,
қырғыз жағының біріккен наразылығы да, ерекше пікірлері де менменсінген
Аумақтық комиссияға дәлірегі РК(б)П ОК Орта Азия бюросына әсер ете қоймады.
Керісінше, қазақ жағының өкілдері ұлтшылдар, бұрмалаушылар, ұлттық -
аумақтық межелеудің принциптерін түсінбеушілер, тіпті партияның ұлт
саясатына қарсы шығушылар ретінде айыптауға дейін барды 25.
Аумақтық комиссияда жеңіске қол жеткізе алмаған қазақ жағының
өкілдері өз күрестерін енді РК(б)П Қазақ обкомы, Қазақ Орталық Атқару
Комитеті және Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі арқылы жүргізе берді.
Қазақ АКСР-нің астанасы Орынбор қаласының ұлттық-мемлекеттік межелеу
шаралары жүргізіліп жатқан Орта Азиядан шалғай жатуы да қазақ жағының
өкілдері үшін жағдайды біршама ауырлата түсті.
Өйткені Орта Азияда болып жатқан процестер жайлы хабарлар Орынборға
кешігіп барып жетіп жатты. Сонымен қатар РК(б)П ОК Орта Азия бюросы және
оның Аумақтық комиссиясы Орынборда орныққан қазақ АКСР-і өкілдерімен
санаса бермеді. Межелеуді олар Қазақ АКСР-не қосылуы тиіс Түркістан АКСР-
нің қазақ өкілдерімен байланыста жүзеге асырды.
РК(б)П Қазақ обкомы төралқасының ұлттық-мемлекеттік межелеу шараларына
қатысты алғашқа мәжілісінің тек 1924 жылы 8 шілдеде өткеніне қарап-ақ,
қазақ АКСР-і билеуші органдарының межелеу шараларының соңында қалып
қойғанын байқар едік.
РК(б)П Қазақ обкомының осы мәжілісінде Түркістан Республикасының Қазақ
АКСР-не өткен жерлерін басқару жөнінде Революциялық комитет құру жөнінде
Қаулы қабылданды. Онда мынадай жолдар бар болатын:
б) Ревком төрағасы болып Меңдешев, төрағаның орынбасарлары болып
Әлібеков және Есқараев жолдастар бекітілсін;
в) Ревком мүшелеріне кандидаттар болып Қожанов, Ізбасаров және
Мыңбаев жолдастар бекітілсін;
г) Тағайындалған ревкомға Ревком туралы ережені дайындап бекітуге
ұсыну тапсырылсын;
Бұл қаулы Қазақстанның өкімет орындарының Орта Азиядағы ұлттық-
мемлекеттік межелеуге Қазақстан жағының іс жүзінде қатысуының басы болып
табылады. РК(б)П Қазақ обкомы төралқасының осы 1921 жылғы 8 шілдедегі
мәжілісінде болашақ біріккен Қазақстанның орталығы туралы да қаулы
қабылдады.
6. Қазақстанның орталығы Орынбордан қазақтардың қалың ортасына
көшірілсін. Басқа қаланы осы мақсатта лайықтап қайта құрғанша, РК(б)П ОК-
нен орталықты уақытша болса да Ташкент қаласын пәтер ретінде
пайдалануға рұқсат сұралсын26.
1924 жылдың 26 шілдесінде Қазақ ОАК төрағасы, әрі Аумақтық комиссияның
қазақ қосалқа комиссиясының төрағасы және Түркістан АКСР-нан Қазақ АКСР-на
өткен аудандарды басқару үшін құрылған революциялық комитеттің төрағасы
С.Меңдешев ресми іс сапармен Ташкентке жол тартты. Онда Меңдешев РК(б)П ОК-
нің Ортаазбюросының және оның Аумақтық комиссиясының жұмысына қатысты
және Аумақтық комиссияның қазақ қосалқы комиссиясының басшылығын атқарды.
1924 жылы 26 тамызда С.Меңдешев өзінің Ташкент іс сапары жайлы
баяндама жасады. Оның Ташкент уезі жайында айтқан мәліметтеріне сүйенсек
жалпы уездің негізгі ұлттық құрамы 4 топқа бөлінген. 1-топқа Ангрен өзені
бойындағы 8 болыс кіреді. Қазақ комиссиясы да, өзбектер жағы да оны өзіне
тиесілі деп дәлелдеуге тырысты. 2-топқа Шыршық өзенінің сол жақ
жағалауындағы 8 болыс кіреді. 3-топты ұлттық құрамы жағынан дау тудырып
келе жатқан 4 болыстық құраса, 4-шісі Ташкент уезінің Батыс жағында
орналасқан халқының басым көпшілігін қазақтар құрайтын территория болды.
С.Меңдешевтің жасаған баяндамасынан соң жарыссөзге кезек келді.
Алғашқы болып ортаға С.Қожанов көтерілді. Ол Қазобкомының ұлттық межелеу
туралы бағытын және жалпы ұлт саясатын қатты сынға алды. РК(б)П облыстық
комитеті өзінің 1924 жылғы 8 тамыздағы қаулысымен Қазақстанның орталығын
жергілікті халықтың қалың ортасына көшіру туралы шешім қабылдағанына
тоқталды. 1924 жылғы 12 қыркүйекте осы шешімді тағы да принципті түрде
қайта көтергенін, бірақ мәселе сол күйі қозғалыссыз қалғанын ешқандай
дайындық жұмысы жүргізілмегеніне шүйлікті. Обком өте-мөте жайбасарлыққа
салынып, іс жүзіне асыру жолында ешқандай практикалық қадам жасамағанына
кіжініс білдірді. Осыны айта келіп ол қазақтар мен орыстардың әлеуметтік
жағынан тең еместігіне де назар аударды. Қазақтар мен орыстардың малы
бірдей болғанымен орыстардың иемденіп отырған жері қазақтарға қарағанда
бес есе көп болып отыр, деп ашына сөйледі ол 27.
Бірақ С.Қожановқа РК(б)П Қазақ обкомы мүшелерінің ішінен де
тиісушілер табылмай қалмады. Мәселен, қазақ мемлекетін қан қақсатқан
Ф.И.Голощекиннің ең сенімді қолшоқпары және қолдаушысы бола білген
І.Құрамысов (ол кезде обком хатшысы болған) С.Қожанов айтқандай
партиядағы қазақтардың жалпы үлес салмағы 5% емес, 19%-ға жуық деп
түзеткендей болды. Мұны тапқырлықпен тауып айттым деп сенген ол одан әрі
С.Қожановтың орталықты көшірудегі жайбасарлық туралы пікірі дұрыс емес,
жолдас С.Қожанов межелеу ісінде тым асығуда деп,- айыптай түсті. Осы
плениумда С.Қожановқа тиісушілердің бірі обком мүшесі Равдель болды. Ол
С.Қожановты айыптай келе мысалға орыстардың 54%, қазақтардың 46% екендігін
келтіріп өтті. Осындай басымдық жағдайдағы орыстардың партияда да үлес
салмағының көп болуы заңды. Себебі орыстар көбірек ұйымдасқан және көбірек
революцияшыл деп өзінің ұлы орыстық шовинистік пиғылды қолдайтындығын
байқатып өтті. Мұнан кейін С.Меңдешев өз баяндамасын тереңдете түсті.
Талас бұрынғыдай Сырдария облысының Ташкент және Мырзашөл уезіне
байланысты болып тұр. Ташкент уезінде аралас халық тұрағанымен көпшілігі
қазақтар. Өзбектер (Ташкент қаласын қоспағанда) тек 25 пайызды құрай ды.
РК(б)П ОК Ташкенттің айналасында түгеледй қазақтар тұратынына қарамай
Өзбекстанға беру мәселесін шешіп қойған. Қазақ комиссиясының жобасы
бойынша бүкіл Ташкент уезі түгелдей Қазақ АКСР-не берілуі тиіс еді.
Біздің талап РК(б)П шешіміне қайшы болғандықтан,- деп жалғастырды сөзін
С.Меңдешев,- Ташкент арал күйінде қалатын болды. Біз шегінуге мәжбүр
болдық. Өзбек Республикасына Ташкентке жол ашу үшін құрамалар тұратын
Ангрен ауданын беруге және таза қазақтардан тұратын Ташкент маңындағы екі
болысты беруге келісуге тура келді. Осылайша қазақтардың жерінің ортасында
арал сияқты қалып қоюы ммүмкін Ташкент қаласына Өзбек республикасы үшін
жол ашылды.
Бірақ комиссия біздің жобаны қабылдамады,- деп жалғастырды С.Меңдешев,-
құрамалар тұратын аудан Өзбек КСР-на берілді, онан соң қазақтар
абсолютті түрде басым тұратын Шыршық өзені бойындағы 5 болыс та Өзбекстанға
өтті. Ташкенттің маңындағы 3 болысты ұлттық құрамына қарай межелеу
ұсынылды. Тек Шыназ баласы ғана комиссия шешімімен Қазақстанға берілді.
Александров және Қосқорған болыстары жөніндегі мәселе ашық күйінде
РК(б)П ОК Саяси бюросы алдында шешу үшін қалдырылды. Онан әрі С.Меңдешев
Мырзашөл уезінің тағдырына тоқталды. Бұл суармалы аудан. Ол ешқандай
кедергісіз Қазақстанға өтуге тиіс еді. Қазақстан делегациясы уездің
оңтүстігіндегі төрт болысты Өзбекстанға бергісі келді, қалғандарын
Қазақстанда қалдыруды талап етті28.
Комсиссияға берілген ұсыныстар бойынша Амудария мен Ходжейлі
облыстарын қосып Қарақалпақ автономиялы облысын құру идеясы көтерілді.
Қазақ комиссиясы тек қазақтардан тұратын Ташкент уезіндегі бес
болыстықтың Өзбек КСР-на қосылып кетуіне өз қарсылықтарын білдірді.
Бірақ Аумақтық комиссияның бұл шешімін Ресей Коммунистік (большевик)
Партиясы Орталық Комитетінің Орта Азия бюросы өзгертіп жіберді. Яғни,
қазақтар жағына тиімсіз, өзбектер жағына тиімді шешімдер шығарылды.
Мырзашөл уезіндегі барлық болыстардың тек біреуі ғана Қазақ АКСР-не өтті
де, қалғандары Өзбек КСР-нің иелігіне өтті.
С.Меңдешев өз баяндамасында Қазақ АКСР-не өтуге тиіс және өткен
жерлердің жалпы көлемі туралы деректер де келтіріп өтті. Мәселен,
алғашқы қаулы бойынша Қазақ АКСР-не өтуі тиіс жерлердің жалпы көлемі 900
мың кв версті құраса, кейінгі қаулы бойынша ол жалпы аумағы 600 мың кв
верст болып қысқарған. Сондай-ақ тиісінше алғашқа қаулы бойынша қазақ
жеріне өтуі тиіс жалпы халық саны 2,5 млн болса, соңғы қаулы бойынша 1,6
млн адам болып азайтылды.
Қазақ комиссиясы Өзбек республикасы құрамындағы Қазақ автономиялы
облысын құру туралы да РК(б)П Ок-нің және оның Орта Азия бюросының
алдында мәселе қойды. Өйткені Бұқар республикасының өзінде ғана 300 мың
санды қазақтардың тұратындығы белгілі болатын. Осындай мықты дәледермен
дәйектелген қазақтар жағының ұсынысына сәйкес РК(б)П ОК-нің Орта Азия
бюросы осы мәселені арнайы зерттеу туралы тапсырмалар берді.
Келесі кезекте өзінің Орта Азиядағы ұлттық межелеу және қазақ
облыстарының Қазақ АКСР-на бірігуі туралы деген баяндамасымен ортаға
С.Қожанов шықты. С.Қожанов өз баяндамасында: Нақты мәселелер туралы
айтпаймын. Межелеу жұмысы жөніндегі жұмыстың жағдайы мен шарттары туралы
айтамын- деді. Қазақстан Республикасы межеленіп жатқан облыстардан
батысырақ орналасқан, сондықтан да оған азырақ көңіл бөлінді. Орта Азия
бюросының әлсіз халықтарға көбірек көңіл бөлу және олардың артықшылығы
туралы принципі іс жүзіне аспай қалды. Практика принциптерден күштірек
болып шықты. Қазақтар әлсіз ұлт. Көптеген қазақ аудандары қазақтарға
бұйырмай қалды. Орта Азия бюросы дұрыс істмледі. Бізді ренжітті. Барлық
негізгі капитал Орта Азияда қалды. Бізді Қазақстан жағдайы жақсы елге
жатады деп алдаусыратқысы келеді. Әрине, жағдай бұлай емес.
Әділетті межелеуге қол жеткізуіміз керек. Экономикалық бөлістегі
үлесімізді де арттыруды сұрауымыз қажет деп көрсетті 29.
С.Қожановтан кейін пленумға Қазақ АКСР-ның Түркістан Орталық Атқару
Комитеті жанындағы өкілетті өкілі Темірбек Жүргенов шықты. Оның жарыссөзде
айтқан сөздері біраз нәрсені аңғартқандай болды.
Даулы мәселелер аумақтық және экономикалық межелеуде болып отыр, -деп
бастады сөзін Т.Жүргенов.
-Бірінші мәселе-Ташкент қаласы. Ең жоғарғы партия органының
шешіміне қарамастан Ташкент қаласы туралы шешімді қайта қарауға қол
жеткізу қажет.
Онан кейін Т.Жүргенов 6 болыстық аумағының Өзбек республикасына
жөнсіз қосылып кеткендігін сөз етті. Ташкент уезінің 29 болысының тек
екеуінде өзбектердің саны басым. Қалғандарында қазақтар тұрады. Осының бәрі
де Ташкент қаласы мен уезінің Қазақстанға қосылуы қажет екендігін
көрсетеді.
Мысалы, Ташкент уезінің Шыршық бассейнінде 100 мың қазақтар тұрса,
онда тұратын өзбектердің саны 7 мың ғана екен.
Мырзашөл уезінде тұратын халықтың 80 пайызы қазақтар. Уездің
Голодностеп суландыру ауданы Қазақстанға тиесілі еді. Мырзашөлге қатысты
өзбектердің таласарлық мықты дәлелдері жоқ, дей келе Т.Жүргенов Бұқара
республикасында тұратын қазақтардың мәселесіне ауысты.
Олардың тұрмыс халі адам төзгісіз. Оларға автономия беру мәселесіне,
Өзбек республикасы құрамындағы Қазақ автономиясын құруға қол жеткізу
қажет деп талап қойды Т.Жүргенов.
Т.Жүргенов жаңадан біріккен Қазақ республикасының КСРО-ға тікелей
келісім-шарт негізінде одақтас республика дәрежесінде кіруі мәселесін шешу
қажеттігін де атап өтті 30.
Мұнда бір айта кетерлік жай осы күнге дейін Қазақстанды РКФСР
құрамындағы автономиялы республикадан КСРО-ға тікелей енетін одақтас
республикаға айналдыру мәселесі әлі де көтеріле қоймаған тұс еді.
Т.Жүргенов Қазақ АКСР-дегі жалпы жағдайға шолу жасай келіп Қазақ АКСР-ның
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасына айналу мүмкіндігі жоғары
екендігін білген болатын. Өйткені ол барлық талаптарға сай келетін.
Мұнда тағы да баса назар аударып айта кетерлік жайт, пленумда
С.Қожановқа шүйлігіп, оның дәлелді пікірлерін жоққа шығаруға тырысқан
адамдар аз болмады. Солардың бірі РК(б)П Қазақ обкомының салалық
хатшыларының бірі, кейінірек КСРО Ішкі істер халық комиссары болған,
И.В.Сталиннің оң қолы ретінде миллиондаған адамдардың қанын мойнына
жүктеген Н.И.Ежов еді. Ол бұл кезде әккі партия қызметтері ретінде
қалыптасқан болатын. Ол межелеуді аса жоғары маңызды саяси мәселе ғана
емес жаңадан құрылушы республикалар үшін өмір мен өлім мәселесі де
болып табылады деп дұрыс бағалады. Бірақ Н.И.Ежов С.Қожановқа қарсы
шығып, ол айтқандай қазақтары басым болатын ұлт республикасына қарсы
екендігін баса айтты. Әккі саясаткер Ежов пленумдағы басым пікірді аңғарып
Ташкентті Орталық Комитет алдында қойып, сақтап қалу қажет деп тоқтады.
Н.И.Ежов тағы да: Қожановтың шыдамсыз қадамы қазақ ұлтының
шабуылдаушы ұлт екендігін көрсетеді-деп оны тағы бір сынап өтті 31.
РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросынан әділетсіздігін көрген және Қазақ
АКСР-ы Орталық өкімет органдарының жайбарақаттығына төзе алмаған
түркістандық Қазақ қайраткерлерінің бірі ашынғаннан мәселе әділ
шешілмесе, өздерінің автономиясы облысын құру туралы мәселелерін де
ортаға тастады. Бірақ оған РК(б)П Қазақ обкомының басшысы В.И.Нанейшвили
қарсы шықты. Ол Түркістандықтардың бағыты туралы айтқанда межелеудің
екінші революция екендігін құрғақ сөзге айналдырмауымыз қажет-деп айтты.
Одан кейін пленумда қарақалпақтардан өкіл ретінде қатысқан А.Досназаров сөз
сөйледі. Ол межелеу процестері кезінде қарақалпақтардың есе жіберген
тұстары көп болғанын айтып, межелеу процестеріне деген өз қынжылысын
жасыра алмады.
РК(б)П Қазақ обкомы пленумында С.Қожанов қорытынды сөз сөйлеп біраз
нәрселерді тағы да өткір қырынан қойды. Біз ылғи ұлт мәселесін ұмытып
кетеміз. Ал ұлт респубилкасында қызмет ететін европалықтар оны ұмытпауы,
керісінше оны барынша ашық қоюы тиіс. Осы тұрғыдан мен Н.И.Ежов және Бах
жолдастардың еуропалықтар ретіндегі сөздері мүлдем қанағаттандырмайды.
Қазақ коммунистері шовинистік уклондарды, ал еуропалық коммунистер
отаршылдықты тізгіндеп тұрса, осылай екеуі ұштасар еді, егер кімде-кім
мұны түсінбесе біз оған тағы да Қазақ АКСР-нан тайып тұр-деп мәлімдер
едік. (32).
Көріп отырғанымыздай өзінің батыл пікірлерімен мәселені төтесінен
қоя алды. Ол қазақ жерін басқарып тұрса да жергілікті жерге титімдей де
жаны ашымайтын Н.И.Ежов пен Бах секілді партия қызметкерлеріне өзінің
наразылығын осылай білдірді. Тіпті олар мәселені терең түсінгісі
келмесе, оларға Қазақ АКСР-нан тайып тұрыңдар!-деп бүкіл республика
басшылығы алдында жар салды.
С.Қожановтың бар мақсаты қазақ халқының біртұтас республикасын құру
болды. Ұлттық республика құру. Осы мәселе барлық өткірлігімен және
барлық қырымен қойылуға тиіс-деді ол. Осы жолда ол барынша табанды
күресті. Біз тек қажыр-қайратты ғана болған жоқпыз, біз екпінді және
тепкінді де болдық. Бәрібір Ташкентті ұстап тұра алмадық-деп өкініш
білдірді.
Өз сөзін С.Қожанов Мен Орталық Комитет алдында үшінші рет Ташкентті
бізге қосу мәселесін қолдаймын, бірақ мен бізге Ташкентті емес Шымкентті
бермей қоя ма деп қорқамын. Бізге Әулиеата немесе Қазалыға барыңдар
демесе, бізге әлі де Шымкент үшін күресуге тура келер- деп аяқтады 33.
С.Қожановтың осындай жалынды сөздері пленумға қатысушыларға оң
әсерін тигізді. Яғни жарыссөзге шыққандардың көпшілігі әділ межелеу
жүргізуді және Ташкентті Қазақ АКСР-на қосуды жақтап сөйледі. Олар
С.Садуақасов, С.Асфендияров, Ж.Мыңбаев, І.Құрамысов, Ж.Бәрібаев және тағы
басқалар еді.
РК(б)П Қазақ обкомының екінші пленумы мынадай қаулы қабылдады:
Қазақ обкомы пленумы РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросының Орта
Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуді жүргізу барысындағы өз әрекетінде
қазақ ұлтының мүдделерін жоққа шығаруына табанды түрде наразылық білдіре
отырып қаулы етеді:
1. Қазақ АКСР-ы өзінің жаңа шекарасында КСРО құрамына келісім-
шарт негізінде тәуелсіз республика ретінде кіреді деп
саналсын;
2. РК(б)П Орталық Комитетінен Ташкент туралы мәселені қайта
қарап, оны Қазақ КСР-нің орталығы етіп беру мәселесі сұралсын.
Өзбектердің ескі Ташкентке талабын әділетті деп мойындап, оны
Өзбек КСР-на беру мүмкін деп есептелсін, ал жаңа Ташкент
қаласы қазақ АКСР-на берілсін;
3. Еңбекшілердің соңғы Бүкілбұқарлық құрылтайындағы еркіне сәйкес
Бұқар қазақтарын ӨзбекКСР-і құрамындағы автономиялы облысқа
бөлу қажет деп есептелсін;
4. Қазақ АКСР-ы құрамында Амудария облысынан және Хорезм
республикасындағы Қарақалпақ болыстарынан тұратын Қарақалпақ
автономиялы облысын құру қажет деп саналсын;
5. И.Зеленский төрағалық ететін Аумақтық комиссияның шешімін
бекітуді және Ташкент уезінің алты болысы туралы шешімді
өзгерту талап етілсін;
6. Экономикалық мәселелерге байланысты қазақ өкілдерінің
ерекше пікірі құпталсын 34.
Бұл аталған алты бап Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеудегі
қазақтар жағының маңызды деген мәселелерін қамтыған болатын. Бірақ олар
іс жүзінде өз шешіміне қол жеткізе алмады. Дегенмен қазақ халқының
ұлттық тұрғыда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1924-1925 жж. ұлттық-мемлекеттік межелеу. Қазақстанның тұңғыш шекарасының белгіленуі
Екі ел арасындағы қарым-қатынас
Орта Азия Республикаларындағы ұлттық-территориялық межелеудің барысы
ҚАЗАҚ КІМНІҢ БОДАНЫ
Қазақстанның шекарасы
Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасуының проблемаларын зерттеу
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық байланыстары
Қазақ АКСР-і құрамындағы Қарақалпақ Автономиялық облысының қалыптасу тарихы (1924-1930 жж)
Босқындар барған жерлер
Мемлекеттік шекараны қорғау ел тыныштығының, ұлт қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақты дамуының кепілдігі
Пәндер