Тренингтер, іскерлік ойындарды оқыту-тәрбие процесінде қолданудың әдістемелері туралы



І Кіріспе
1.1 Тренинг туралы жалпы түсінік
1.2 Тренер дегеніміз кім?
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Семинар.тренингтің мақсат.міндеттерін айқындау.
2.2 Семинар.тренингті ұйымдастырудағы техникалық дайындық
2.3 Семинар.тренингті өткізу кезеңдері
2.4 Семинар.тренинг барысында қолданылатын кейбір интерактивті оқыту тәсілдері
2.5 Тренер нені білуі керек?
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Тренинг термині ағылшын тілінің training (тура мағынасында – «жаттығу») сөзінен алынған. Бұл күнде «тренинг» – интерактивті әдістерді қолдану арқылы жүзеге асатын, яғни оқытушы мен оқушының (дұрысын айтқанда – үйренуші мен бағыттаушының) бірлесе жұмыс атқаруына негізделетін заманауи оқыту формасын білдіреді.
Тренингті, бір жағынан, толыққанды оқыту үрдісі деп те айтуға келмейді, өзінің аты айтып тұрғандай, көп жағдайда, тренинг – бұл бар, белгілі ақпаратты адамның игеруіне ыңғайлы формада ұсынудың бір түрі. Тренинг – адамды қандай да бір қабілетті немесе машықты (навык) игеруге жаттықтырудың бір түрі десе де болады. Қалай дегенмен, тренинг әдісі – бұл күндегі ең тиімді оқыту формаларының бірі.
Семинар-тренинг – бұл тренинг әдісін пайдалану арқылы адамға жаңа ақпаратты, жаңа білімді немесе біліктілікті игертудің тиімді түрі. Семинар-тренингтің өзге оқыту түрлерінен артықшылығы да осында. Яғни ол адамға ақпаратты беріп қана қоймайды, сол ақпаратты игеріп, оны іс жүзінде қолдана білуге үйретеді.
Семинар-тренинг барысында оқытушы мен оқушы жаңа ақпаратты бірлесіп талқылайды («семинар») әрі практикалық жаттығулар негізінде алынған білімді іс жүзіне асырудың жолдарын қарастырады («тренинг»).
Семинар-тренингті жүргізуші адам – ол тек оқытушы ғана емес, ол нағыз «жаттықтырушы», өйткені ол оқушыға білім беріп қана қоймайды, сол білімді жүзеге асыру қабілетін игеруге көмектеседі. Бұл тұрғыдан тренер – әрі оқытушы әрі бапкер.
Тренер болу үшін оқытатын тақырыпты жетік білу аздық етеді. Мұндай адам аудиториямен жұмыс істеудің шебері болуы тиіс. Тренер, бір қырынан, психолог болуы керек. Өйткені ол семинарға қатысушы әрбір адамның талап-тілегі мен қажеттіліктерін дөп басып танып отыруы тиіс.
Тренер – интерактивті оқыту әдістерін меңгерген адам. Ол аудиторияны белгілі бір мақсатқа ұйыта алады, барлығын бір кісідей, бірлесе жұмыс атқаруға бағыттай біледі. Тренердің басты міндеті – семинар тақырыбын тренингке қатысушылардың өздерінің ашықтауына мүмкіндік жасау.
1.«Тренингтер мен оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу». Әдістемелік нұсқаулық («Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігі, Семей, 2006)
2.«Жаттықтырушының нұсқаулығы» (Сандрин Делаттре, NGO Management School, Швейцария, 2012)
3.«Мен жаттықтырушы боламын» жаттықтырушылар мен көшбасшыларды оқытудың әдістемелік құралы (Б.Ельчибаева, А.Имангожина, «Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті қауымдастықтар қоры» ҚҚ, Алматы, 2013)
4.«Интерактивная методика обучения: теоретические и практические вопросы применения в учебном процессе» (А. Алимов, Алматы, 2013)
5.Некоторые вопросы образования. Пер. с англ. Центр Демократического Образования, 2001)

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Тренингтер, іскерлік ойындарды оқыту-тәрбие процесінде қолданудың әдістемелері.

ОРЫНДАҒАН: Төлеубай С
Топ: Е-317
ТЕКСЕРГЕН:Тұрғанбаева Б.Ш

СЕМЕЙ 2015

Жоспар:
І Кіріспе
0.1 Тренинг туралы жалпы түсінік
0.2 Тренер дегеніміз кім?
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Семинар-тренингтің мақсат-міндеттерін айқындау.
2.2 Семинар-тренингті ұйымдастырудағы техникалық дайындық
2.3 Семинар-тренингті өткізу кезеңдері
2.4 Семинар-тренинг барысында қолданылатын кейбір интерактивті оқыту тәсілдері
2.5 Тренер нені білуі керек?
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тренинг термині ағылшын тілінің training (тура мағынасында - жаттығу) сөзінен алынған. Бұл күнде тренинг - интерактивті әдістерді қолдану арқылы жүзеге асатын, яғни оқытушы мен оқушының (дұрысын айтқанда - үйренуші мен бағыттаушының) бірлесе жұмыс атқаруына негізделетін заманауи оқыту формасын білдіреді.
Тренингті, бір жағынан, толыққанды оқыту үрдісі деп те айтуға келмейді, өзінің аты айтып тұрғандай, көп жағдайда, тренинг - бұл бар, белгілі ақпаратты адамның игеруіне ыңғайлы формада ұсынудың бір түрі. Тренинг - адамды қандай да бір қабілетті немесе машықты (навык) игеруге жаттықтырудың бір түрі десе де болады. Қалай дегенмен, тренинг әдісі - бұл күндегі ең тиімді оқыту формаларының бірі.
Семинар-тренинг - бұл тренинг әдісін пайдалану арқылы адамға жаңа ақпаратты, жаңа білімді немесе біліктілікті игертудің тиімді түрі. Семинар-тренингтің өзге оқыту түрлерінен артықшылығы да осында. Яғни ол адамға ақпаратты беріп қана қоймайды, сол ақпаратты игеріп, оны іс жүзінде қолдана білуге үйретеді.
Семинар-тренинг барысында оқытушы мен оқушы жаңа ақпаратты бірлесіп талқылайды (семинар) әрі практикалық жаттығулар негізінде алынған білімді іс жүзіне асырудың жолдарын қарастырады (тренинг).
Семинар-тренингті жүргізуші адам - ол тек оқытушы ғана емес, ол нағыз жаттықтырушы, өйткені ол оқушыға білім беріп қана қоймайды, сол білімді жүзеге асыру қабілетін игеруге көмектеседі. Бұл тұрғыдан тренер - әрі оқытушы әрі бапкер.
Тренер болу үшін оқытатын тақырыпты жетік білу аздық етеді. Мұндай адам аудиториямен жұмыс істеудің шебері болуы тиіс. Тренер, бір қырынан, психолог болуы керек. Өйткені ол семинарға қатысушы әрбір адамның талап-тілегі мен қажеттіліктерін дөп басып танып отыруы тиіс.
Тренер - интерактивті оқыту әдістерін меңгерген адам. Ол аудиторияны белгілі бір мақсатқа ұйыта алады, барлығын бір кісідей, бірлесе жұмыс атқаруға бағыттай біледі. Тренердің басты міндеті - семинар тақырыбын тренингке қатысушылардың өздерінің ашықтауына мүмкіндік жасау.

Семинар-тренингті ұйымдастыру кезеңдері
1. Семинар-тренингтің мақсат-міндеттерін айқындау.
Кез келген семинар-тренингті өткізу алдымен оны ұйымдастырудан басталады. Ал ұйымдастырудың алғашқы қадамы - бұл семинар-тренингтің мақсат-міндеттерін айқындау.
Кез келген семинар-тренингті өткізбес бұрын әлеуетті тренер, ең алдымен, алдына қоятын мақсатын айқындап алуы керек.
Кез келген істің мақсаты іспеттес, болашақ семинар-тренингтің мақсаты да айқын әрі нақты болуы тиіс.
Бұл ретте алға қоятын мақсаттарды SMART өлшемдеріне (критерийлеріне) сәйкес айқындаудың маңызы зор.

SMART өлшемдері дегеніміз не?
SMART сөзі келесідей ағылшын сөздерінің бастапқы әріптерінен құралған:
S - specific - нақты
M - measurable - өлшеуге болатын
A - areal - аймағы айқын
R - relevant - шынайы
T - time-bound - уақыты айқын

Мысалы: 2013 жылдың 25 сәуірінде Алматы қаласында семинар-тренинг өткізу арқылы 25 жасөспірімге семинар-тренингтерді жүргізу әдістемесін үйрету.
немесе: 2013 жылдың 25 мамырында Бесқарағай ауылында семинар-тренинг өткізу арқылы 20 жасөспірімге команданы жасақтау және басқару машықтарын үйрету.
Мысалда көрсетілген мақсаттар SMART өлшемдеріне сәйкес айқындалған, яғни олар шынайы (relevant) әрі нақты (specific) жазылған, көзделген мақсаттың қайда (areal) және қашан (time-bound) жүзеге асатындығын көрсетеді әрі оларды өлшеуге болады (measurable), екі жағдайда да қойылған меже, яғни оқытылатын жасөспірімдердің саны нақты көрсетілген.
Семинар-тренингтің мақсатын айқындаған соң, тренер және тренингті ұйымдастырушы сол мақсатқа жету жолындағы нақты міндеттерді айқындайды.
Мысалы:
oo Семинар-тренингке қатысушыларды іріктеудің критерийлерін айқындау.
oo Семинар-тренинг өтетін жерді белгілеу.
oo Семинар-тренингке қатысушыларды іріктеу.
oo Семинар-тренингтің сметасын жасау.
oo Семинар-тренинг өтетін жермен келісім-шарт жасасу.
oo Семинар-тренингтің модулін жасау.
oo Семинар-тренингке қатысушыларға берілетін таратпа материалдарды дайындау.
oo Семинар-тренингті өткізуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындау.
oo Семинар-тренингке қатысушылардың тамақтанатын орнын белгілеу.
oo Семинар-тренингті өткізу.
oo Семинар-тренингке қатысушылармен кері байланыс орнату.
Семинар-тренингті ұйымдастырудағы техникалық дайындық
1) Семинар-тренингке қатысатын адамдардың санын белгілеу
2) Семинар-тренингке қатысатын адамдарды іріктеу шараларын айқындау.
3) Семинар-тренинг өтетін жерді айқындау және тренингтің уақытын белгілеу.
4) Семинар-тренингке қатысушылар тамақтанатын орынды анықтау.
5) Семинар-тренингке өткізуге қажетті құрал-жабдықтардың түрлері мен көлемін анықтау.
6) Семинар-тренингке қатысушыларды жеткізуге байланысты және т.б. транспорттық шығындарды есептеу.
7) Семинар-тренингті өткізуге кететін шығындар сметасын жасау.
8) Семинар-тренингке қатысатын адамдарды іріктеу шараларын жүзеге асыру (анкета арқылы, пошталық жөнелтілімдер арқылы, т.б.)
9) Семинар-тренинг өтетін орынды жалға алу немесе келісім негізінде алу.
10) Семинар-тренингке қатысушылар тамақтанатын орынға алдын ала ақы төлеу.
11) Семинарды өткізуге қажетті құрал-жабдықтарды жасақтау (сатып алу, жалға алу).
12) Семинар-тренингке қатысатын адамдардың жеткізілуін қамтамасыз ету.
Семинар-тренингті ұйымдастырудағы шығармашылық дайындық
1) Шығармашылық міндеттер қою, яғни тренинг тақырыбына сәйкес нені оқытып, нені үйрететіндігі туралы міндеттерді айқындау.
2) Семинар-тренингтің модулін жасау.
3) Семинар-тренингке қатысушыларға берілетін таратпа материалдарын дайындау және басып шығару.
4) Көрнекілік құралдарын дайындау (слайдтағы презентация, арнайы плакаттар, т.б.)
Семинар-тренингті өткізу кезеңдері
1. Семинар-тренингтің кіріспе бөлімі.
Кез келген семинар-тренинг бірнеше бөлімде жүргізіледі. Бірінші бөлім - дәстүрлі кіріспе бөлімі. Кіріспе бөлімінде қатысушылармен танысу, тренинг ережелерін бекіту және қатысушылардың күтетін нәтижелерін айқындау шаралары жүзеге асырылады.
1. Қатысушылармен танысу.
Семинар-тренингке қатысушылармен танысуды интерактивті ойындар түрінде жүзеге асыруға болады. Мысалы, қатысушыларға шағын доп немесе алма беріледі. Допты бірінші болып алған қатысушы өзі туралы айтып береді, содан кейін қолындағы допты (алманы) келесі қатысушыға лақтырады. Допты қағып алған келесі қатысушы дәл алдындағы әріптесі сияқты өзі туралы айтып береді, сөйтіп, танысу шарасы ең соңғы қатысушыға дейін жалғаса береді.

2. Ережелерді бекіту.
Тренинг барысында ұстанатын ережелерді бекіту - кез келген семинардың маңызды бөлімі. Тренингтің бастапқы кезеңінде бекітілген ережелер қатысушылардың жұмыс күні бойындағы тәртібін айқындайтын басты құжат. Мысалы, ең қарапайым ережелердің бірі - қалта телефондарының даусын сөндіріп қою ережесі.
Ережелерді жазу шарасын ой ашар (мозговой штурм) әдісімен жүзеге асыруға болады. Әрбір қатысушы қабылдайтын ережелерге қатысты өз пікірін білдіреді.
3. Күтілетін нәтижелерді айқындау.
Семинар-тренингке қатысушылардың тренингтен күтетін нәтижелерін айқындап жазып қоюдың маңызы өте зор. Бұл жұмыс күнінің қорытындысын шығару үшін және қатысушылармен кері байланыс орнату үшін ең қажетті құрал.
Күтілетін нәтижелерді жазу шарасын да ой ашар (мозговой штурм) әдісімен жүзеге асыруға болады. Әр қатысушы өзінің семинар-тренингтен не күтетіні туралы айтады.
2. Семинар-тренингтің оқыту кезеңі
Семинар-тренингтің оқыту бөлімінде тікелей тақырыпты пысықтау жұмысы жүргізіледі. Тақырыпты тиімді меңгерту үшін тренер оқыту бөлімін бірнеше сессияға, ал семинар тақырыбын құрылымдық бөлімдерге, яғни тақырыпшаларға бөліп алғаны дұрыс.
Мысалы: Команданы жасақтау семинар-тренингі.
1-сессия. Командалық жұмыстың негіздерін үйрету.
oo Шағын топтан командаға қадам.
oo Командалық жұмыстың негізгі үш талабы.
oo Команданың тиімді құрылымы.
oo Команда басшысына қойылатын талаптар.
oo Тиімді жұмыс істейтін команда.
oo Команда жұмысына кедергі болатын жайттар.

2-сессия. Команда мүшелерін жұмылдыру мен жұмысқа жігерлендіру әдістерін үйрету.
oo Пәрменді жұмылдыру.
oo Ақшалай жігерлендіру
oo Моральді жігерлендіру
oo Натуралды түрде жігерлендіру
oo Патернализм
oo Ұйымдастыру әдісімен жігерлендіру.
oo Басқару ісіне тарту арқылы жігерлендіру.

3-сессия. Команданың өмірлік циклімен таныстыру
Өсу кезеңі. Кері кету кезеңі.
oo Балалық шақ - Тоқмейілсу.
oo Ұлғаю - Тоқырау.
oo Көркею - Тоқтау.

3. Семинар-тренингті қорытындылау бөлімі

Кез келген семинар-тренингте жұмыс күнін қорытындылау бөлімі болады. Қорытындылар жасау әдетте семинар тақырыбына сәйкес барлық сессиялар өтіп болғаннан кейін, жұмыс күнінің соңында жүргізіледі. Қорытынды бөлімде семинар-тренингке қатысушылардың жұмыс күнінің нәтижелері туралы және өздерінің семинардан күткен нәтижелерінің, үміттерінің қаншалықты ақталғаны туралы пікірлері тыңдалады. Қатысушылардың пікірін рефлексия (еркін әңгімелесу) әдісі бойынша немесе кері байланыс анкеталары арқылы білуге болады. Рефлексияның өзін әр түрлі формада ұйымдастыруға болады. Көбіне қатысушыларды шеңбер жасап отырғызып, әркімнің пікірін тыңдау әдісі қолданылады. Бұл жерде айта кететін маңызды нәрсе - рефлексия кезінде әрбір қатысушы семинар-тренинг туралы өз пікірін бұқпасыз айтуы керек, яғни тренер қатысушылардан мейлінше шынайы сөйлеуді сұрайды.
Кері байланыс анкеталарына келер болсақ, әдетте мұндай анкеталарда семинар-тренингке қатысушылардың жалпы тренингке, сондай-ақ тренерлердің жұмысына баға беруін сұрайтын сауалдар жазылады. Анкетаға жауап беретін қатысушылар тренингтің өту барысы туралы, тренерлердің жұмысы туралы, қатысушыларға жасалған жағдай жайында, т.б. мәселелерге қатысты өз пікірлерін білдіре алады.
Семинар-тренинг барысында қолданылатын
кейбір интерактивті оқыту тәсілдері
Кез келген семинар-тренингтің ажырамас бөлігі - бұл интерактивті оқыту тәсілдері. Семинар-тренингті өзге оқыту формаларынан ажырататын бірден-бір көрсеткіш те - осы интерактивті оқыту тәсілдері.
Интерактивті оқыту тәсілдері тренер мен тыңдаушы арасында өзара байланыс орнатуға және тренингке қатысушылар арасында бірлескен жұмысты ұйымдастыруға қызмет етеді.
Негізгі интерактивті оқыту тәсілдерінің түрлері:
1. Ой ашар (Мозговой штурм)
Тренингке қатысушылардан мейлінше көп идеялар мен пікірлер алу үшін қолданылады.
Артықшылықтары:
oo Ой ашарды пайдалана отырып, қатысушылардың барлығын бірдей тақырыпты талқылауға қатыстыруға болады. Бұл ретте өзіне-өзі сенімсіз қатысушылар мен үндеместер де жұмысқа араласады.
oo Көп уақытты алмайды.
oo Аудиторияны жинақыландырады.
Ой ашар барысында айтылған ойлар мен пікірлер тренер тарапынан талқыланбайды, барлық идеялар қағаз бетіне түсіріледі (флипчартқа немесе плакатқа). Тек барлық ойлар жазылып болған соң ғана, таңдау еркін қатысушылардың өздеріне беру арқылы, маңызды деген бірнеше пікірді іріктеп алуға болады.

2. Пікір алмасу.
Пікір алмасу әдісі семинар-тренингтің барлық кезеңдерінде бірдей орын алады. Әрбір тақырыпты талқылау барысында тренер қатысушылардың ой-пікірлерін сұрап отыруы тиіс, әйтпесе оқыту үрдісі тек біржақты ғана болады, бұл, өз кезегінде, ешқандай да нәтижеге әкелмейді. Сол себепті пікір алмасу әдісін жиірек қолданғанның еш сөкеттігі жоқ. Дегенмен кез келген пікір алмасу тренер тарапынан қатаң қадағалануы тиіс. Өйткені далаға қашқан пікірлер талқы барысын теріс жаққа бұрып жіберуі мүмкін.
Тренер қатысушыларға қоятын сұрақтарын алдын ала жоспарлап алуы тиіс. Әрі әрбір сұрағының мақсатын білуі керек. Сұрақтар, алдымен барлық топқа, тек содан соң ғана жеке-жеке адамдарға қойылады. Не ия, не жоқ деп қана жауап беретін сұрақтарды қоймаған жөн. Мұндай жабық сұрақтар дискуссияны тығырыққа тіреуі мүмкін. Сұрақ қойған кезде, оған жауап беріп жатқан адамды бөліп тастауға немесе оған қарсы жауап беруге болмайды. Жауап қайтарған адамдарға міндетті түрде алғыс білдіру керек. Қате, дұрыс емес жауаптар болған жағдайда, бірден олардың қате екендігін айтуға болмайды, мұндай жағдайда қосымша сұрақтар қойып, адамды пікір алмасуға шақыру керек.
Қатысушылар тарапынан қойылуы мүмкін сұрақтарды алдын ала ойластырып, оларға жауаптар дайындап қою қажет.
3. Шағын топтардағы жұмыс.
Қатысушыларды шағын топтарға бөлу практикалық тапсырмаларды жүзеге асыруға ең қолайлы әдіс.
Артықшылықтары:
oo Қатысушыларға өз ойларын шағын топтарда айтуға мүмкіндік береді.
oo Қатысушылардың өзара бірлесе жұмыс жасауына мүмкіндік туғызады.
oo Шағын топтарға бөлінген қатысушылар өз жауапкершіліктерін жақсы сезінеді.
oo Командалық жұмысты жолға қояды.
oo Қатысушылар өз беттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
oo Өзара тәжірибе алмасудың бірден-бір жолы.
Шағын топтағы адамдар саны 3-5 адамнан құралуы тиіс. Шағын топтарға берілген тапсырмалар нақты және түсінікті болуы тиіс. Тапсырманы орындауға берілетін уақыт нақты көрсетілуі тиіс.
Қатысушыларды шағын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері
Инновациялық оқыту туралы
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері.Белсенді оқыту әдістемелеріне мысал арқылы талдау
Тренингтер, іскерлік ойындарды оқыту-тәрбие процесінде қолданудың әдістемелері
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері жайлы мәлімет
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері туралы
Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласы
Психологияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал
Сәбилік шақтағы балалардың дербес әрекетіне басшылық жасаудың әдістемелері
Бастауыш сыныптарды ағылшын тілін оқытуда рөлдік ойындарды оқушыларды, коммуникативті құзыреттілігін қолдану жүйесiндегi тiл дамытудың бiрден-бiр маңызды түрi болып табылатын оқудың мағынасы ретінде, мазмұнын және рөлiн анықтау
Пәндер