Бизнес аңыздары (Әлемнің бай адамдары). Стив Джобс


қАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: « Бизнес аңыздары (Әлемнің бай адамдары) . Стив Джобс»
Орындаған: Жунусова Н.
Группа: ТК-421
Тексерген: Есенбекова З. Ж.
Семей 2015
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Стив Джобстың биографиясы
- Apple компаниясының құрылуы
- Джобс өмірінің басқа қырлары
- Стив Джобстың қанатты сөздері
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Жеті түсті алма суреті бар компьютерлер таңғажайып болудан қалды. Оны енді жалпы барлық жерлерде - баспаханалардан, жарнамалық агенттіктерден, дизайн - студиялардан кездестіруге болады. Беттеушілер мен дизайнерлердің арасындағы Apple компьютерінің жоғары мәндегі танымалдылығын көптеген себептермен түсіндеруге болады, Бірақ осы марканың жоғары сапасын, тиімді интерфейсін және техника жұмысының сенімділігін барлығы атап көрсетеді. Жаңа мыңжылдыққа компания компьютерлердің ірі өнімдерін өндірушілер арасында жоғары, беделді орынға ие бола отырып, сенімді түрде қадам басты. PowerPC 750 (G5) процессоры базасындағы жаңа жұмыстар бірден өзіне лайық танымалдылыққа ие болды, сондай - ақ Apple бірқатар сенімді және тиімді MacOs операциялық жүйесімен жабдықтандырылған компьютерлердің бұрынғысынан да жақсарған, мүлде қуатты моделін шығаруға дайындауда. Соңғы модельдерінің бірі - iMac - сатылым бойынша барлық рекордқа қол жеткізіп, маусымның (мезгілдің) хитіне айналды. Бұл компьютердің басты ерекшеліктері - жоғары есептеу қуаты, қондырғылар мен жабдықтар кеңістігі, жоғары емес бағадағы тамаша дизайн.
1 Стив Джобстың биографиясы
Стив Джобс 1955 жылы 24 ақпан күні Калифорния штатындағы Маунтин-Вью қаласында туған. Биологиялық анасы ақ нәсілді американдық Джоан Кэрол Шибле және әкесі сириялық студент Абдулфатта Джандали. Баласын асырауға дауаламаған ата-анасы өкіл ата-ана болған Пол және Клара Джобс отбасына тәрбиеленуге тапсырған болатын. Мектеп кезінде Стив электроникаға қызығушылық танытты, мектеп партасында өзінің болашақ әріптесі әрі серіктесі болатын Стив Вознякпен танысқан. Екі дос бастапқы кездері жергілікті телефондық қызмет көрсетуші компанияны алдайтын құрал ойлап табады. Кейін Стив Джобсқа мұндай құралдың табыс көзі болуы мүмкін деген ой келеді.
- 1972 жылы мектеп бітіргеннен кейін Стив Джобс Портлендте (Орегон штаты) орналасқан Рид колледжіне оқуға түседі, бірақ алғашқы семестрден өз еркімен оқудан шығып кетеді. Біраз уақыт өткен соң ол калиграфия мектебіне оқуға барып жүреді. Сол оқудың нәтижесінде кейін ол Мас ОS жүйесіне маштабталатын ғаріптерді орналастырады. 70-жылдардың соңында Стив Джобс компьютерлік ойындарды жұмысқа тұрады.
- 1976 жылы Стив Джобс өзінің мектептен бергі досы С. Вознякпен бірге Apple компаниясын құрады. Компания өзі құрастырған компьютерлерді сатумен айналысты. Apple компаниясының жаңа туындыларын негізінен С. Возняк дайындайтын, ал С. Джобс негізінен маркетолог қызметін атқаратын.
Стив Джобс пен Стив Возняк дайындаған алғашқы компьютер Apple I болды. Оның бағасы 666 доллар 66 уент болды. Apple I және кейін шыққан Apple II құрастырушы жігіттерге біраз абырой мен атақ әкелді. Компания ІРО арқылы алғашқы рет биржаға шыққаннан соң Стив Джобс мультимиллионер атанды.
1985 жылы директорлар кеңесімен арада болған қақтығыстан кейін Стив Джобс Apple компаниясындағы қызметінен босатылды. Сол кезде ол NeXT деп аталатын компанияның негізін қалады. Аталған компания негізінен білім беру саласы мен бизнес нарығында қызмет көрсететін. Дегенмен, 1997 жылы ол Apple компаниясына уақытша атқарушы директор ретінде қайтып келді және бұрынғы екі компаниясын қосты.
- 1986 жылы Стив ДжобсThe Graphics Groupкомпаниясының иесі атанды, кейін оның аты Pixar деп өзгертелді. Осы киностудия үшін 5 млн доллар төледі, ал оның нарықтағы құны 10 млн-ға бағаланған болатын. Мұндай жағдай Джордж Лукастың қаржылай қиындықтарына байланысты мүмкін болды.
Apple компаниясы Гинесс Рекордтар кітабына кірді. Стив Джобс жалақысы ең кішкентай атқарушы директор ретінде осы кітапқа тіркелген. Оның жылдық жалақысы 1 долларды құрайтын. Атқарған жұмысына сыйлық (үстемақы) ретінде Стив Джобс компания тарапынан бағасы 43, 5 млн доллар болатын Gulfstream реактивті ұшығын сыйға алды. Ұшыққа қатысты шығындардың барлығын компания өз жауапкершілігіне алды.
2003 жылы ішкі органдарды тексеру кезінде дәрігерлер Стив Джобстың өт жолдарынада онкологиялық ісіктің барын арықтады. Негізінен мұндай дертпен ауырған адамның өмір сүруі екіталай, дегенмен Стив Джобстың ісігі сирек кездесетін дерт түрі болғандықтан ота жасауға мүмкіндік берді.
- 2004 жылдың тамызында Стив Джобстың бауырын ауыстыру жөнінде операция өтті. Операция (ота) - Швейцарияда өтті. Стив Джобс жоқ кезде компанияны халақаралық сатылым бөлімінің басшысы Тим Кук басқарды[2] .
2004 жылдың қазан айында Стив Джобс операциядан кейін алғашқы рет халық алдына шығады. Калифорния штатындағы компанияның жаңа дүкенінің ашылу салтанатына қатысты. 2006 жылы Walt Disney Стив Джобстан Pixar акцияларын 7, 4 млрд долларға сатып алды. Стив Джобс Disney компаниясының директорлар кеңесіне өтті. Сонымен қатар Disney компаниясының акционерлерінің ішіндегі ең ірі жеке тұлға болды. Оның меншігіне компанияның 7 пайызы өткен еді.
- 2008 жылдың қыркүйегінде баспасөз беттерінде Стив Джобстың қатты салмақ жоғалтқаны туралы ақпарат талқылана бастады. Оның себебі дерттің қайта асқынуы деген болжамдар күйшейе түсті.
- 2009 жылдың қаңтар айында Стив Джобс компанияға қайта оралғысы келетіндігін хабарлады. Тым қатты салмақ жоғалтқаны гармондық дисбаланс әсерінен дер түсіндірді. Алайда екі апта өткен соң жарты жылдық демалысқа шығатындығын айтты. Сол жылдың маусым айында Стив Джобс бауыр ауыстуры операциясынан кейін жұмысқа шықты. Дәрігерлердің айтуы бойынша денсаулығы өте жақсы делінген.
- 2011 жылдың 17 қаңтарында Стив Джобс компания қызметкерлеріне таратқан хатында денсаулық жағдайына байланысты Apple компаниясының атқарушы директоры қызметінен кететіндігін хабарлады.
- 2011 жылдың 5 қазан күні Стив Джобс 56 жасында ауыр дерттен дүниеден озды
Қазан айының 11 күні Калифорния штатының Санта-Клара округы денсаулық департаменті Стив Джобс өлімінің себебін анықтады. Жазбада Стив Джобс өт жолындағы онкологиялық ісіктің кесірінен демала алмағандықтан өлгендігі хабарланады
Джобстың есімі 230-дан астам патенттер мен авторлық куәліктерде жазылып тұрғанмен, ол ешқандай да өнертапқыш болған емес. Оның жылт еткен кейде ақылға қона қоймайтын идеяларды танып біліп, оларды жүзеге асырудағы таланты ерекше болатын. Ол туралы Apple-ді бірге қалаған досы Стив Возняк: «ол өзінің бүкіл адамзатты соңынан ертетіндігіне үнемі сенген еді», -дейді.
2 Apple компаниясының құрылуы
Apple І
«Джобс - бұл мақсатқа талпынушылықтың және энергия дауылы. Мен осы дауылда оған ілесу (озу) үшін өмірден қатты соққы жедім, өмірден түңілдім» - деп жазды кейіннен Рон Вейн.
29 күн ішінде барлығы қол қусырмай жұмыс істеді. Террел төледі. Алғашқы кіріс Джобстың сенімділігін күшейтті және оны біршама амбициозды жоспарларда жүзеге асыру үшін Apple І сатқаннан гөрі ірі, қарқынды ақша талап етілді. Джобс өзінің жұмыс берушісі Нолан Бушнелге барды - бірақ өзара түсінісе алмады. Возняк өзінің жұмыс берушісіне (Hewlett - Packard) персоналдық компьтер шығару идеясын ұсынды - мұнда да оларды сәтсіздік күтіп тұрды. Барлығы персоналды компьютер қызықты әрі таңғажайып деп санады, алайды бұл жобаның коммерциялық табыс мүмкіндігіне қатты күмән келтірді. Әйтсе де, Atari президенті Нолан Бушнел Джобсқа кезінде мұны Армас Клиффпен таныстырған кәсіпкер Марккула «Майкы» Дон Валентиноға баруға кеңес берді, яғни бұл кәсіпкер Fairchild Semiconductor және Интел акциясы пакеттерімен жүргізілген сәтті операциясынан кейін белсенді бизнесті тастап кеткен еді.
Марккула Джобсқа бизнес - жоспар құруға көмектесті, өзінің жеке есебінен 92000 доллармен өмірге келгелі отырған компанияны қаржыландырды және Bank of America - ға 25 доллардағы несиелік сызығын қамтамасыз етті - және 1977 жылдың 3 қаңтарында Apple Computer фирмасы заңды түрде тіркелген болатын. Болашақтағы заңды мәселелерден қашуымен Рон Вейннің серіктестігі 96 цент 5308 долларға төленіп алынды және бұл қаржының үштен бір бөлігі бірден оған чек түрінде берілді. Рон мұндай қарқынды соманы күтпеген еді.
Әттең. . ! Әттең, егер Рон Вейн компанияда қалғанда, оның 10 % - ы 1991 жылы Apple Computer акциясы жалпы акция есебінде 73 долларды құраған кезде 875 миллион долларға айналатын еді - ау; тіпті, фирма үшін ең қиын кезеңнің өзінде бұл 10 % 150 миллион доллардан «кем болмайтын» еді.
Apple ІІ
Не болса да, Apple І аса шындап қабылданбады. Нағыз табыс Apple ІІ моделімен келді. Бұл адамзат тарихындағы пластикті корпусы, түрлі - түсті кескіндемесі бар ең алғашқы персоналды компьютер болды. Бұл компьютер 1298 долларға бағаланды. 1978 жылдың басында нарыққа сату көлемін одан әрі ұлғайтқан Apple Disk II - ге арналған аса қымбат емес дисковод шықты.
Bell & Howard фирмасының көмегімен қара пластиктен орындалған Apple ІІ - нің арнайы нұсқасы ұйымдастыру нарығына қойыла бастады.
Ұйымдастыру нарығы үшін орындалатын Apple ІІ
Компания жылдам өсті. Көп кешікпей, 1980 жылға таман оның ауқымында бірнеше мыңдаған адам еңбек етті, оның өнімдері АҚШ аумағы шегінде қойыла бастады. Компанияға жаңа инвесторлар және нағыз тәжірибелі менеджерлер де келе бастады. Компания бірден құбыжыққа айналды.
Оның үстіне, компания өнімі таңғаларлық болашақ үшін іргетас қалап және күшін орналастыруды өзгерте отырып, әлемге ең танымал, нағыз революция енгізді. Компьютерлік лабораторияның шырмалған корпоративті аумағынан есептеуіш техникасы еркіндікке шықты, және жүз мыңдаған армандаушылар мен прожекторлар нәтижесін айтып жеткізе алмастай ғажап құрылғыны өз қолдарына алды. Дэниел Бриклин бос уақытында нарықта «дүрліктірер» бағдарлама жасаумен айналысты. Оның бағдарламасы VisiCalc деп аталды және өзін әдеттегі кестелерден компьютерлік реализация жасау арқылы көрсетті. Даниэл өзінің жаңа өнертабысын патенттемеді. Бұл қателігі оған 100 миллион доллардан кем емес болды.
Революция жемісі: Microsoft фирмасының ірі қаржылық табысы, Oracle, Borland, Symantec секілді гигантты индустриялардың пайда болуы . . . Көптеген мыңдаған фирмалар ірі индустрияның «екінші лигасы» болды. Бағдарламалық қамтамасыз ету оның маңызды өзіндік саласына айналды. Электронды коммуникациялар жүйесінің арқасында «Әлемдік Өрмек» шатасқан әлемі мыңдаған «жойылған жұмыс орындарын» тудырды - тұлғаның еркіндік кеңістігін тағы бір өлшеу түрі.
Шын мәнінде, Apple І және Apple ІІ Стив Возняктың еңбегімен жасалған. Мүмкін әлем бойынша жүздеген талантты жұмыстар табылуы мүмкін - бірақ, дәл Стив Джобс бұл зерттемені (өз туындысын) есептеуіш техникасы тарихында айналмалы пункт етіп жасады.
Apple және компьютерлік техника тарихы Джобстың өзінің адам айтқысыз қарама - қайшы өмірімен соншалықты байланысты болды. Джобс - бұл деспотизм де, маркетингтік ғұлама да, орасан күрделі сәтсіздіктер де, қатыгез шытырман да, адасулар да және біршама қаһармандық және өндірістік шығармашылық командаларын құрушы да болды. Осы шығармашылық командаларының формальды және формальды емес көшбасшысы әр күні және әр минутта да соның өзі болды - бұл пікір көп нәрседен хабар береді.
Алғашқы сәтсіздік
1980 жылдың басына қарай фирманың жылдық айналымы 10 миллион долларға көтерілді. Гараждық компаниядан әрә өндірістік кәсіпорынға өту тым жедел түрде орындалды. Көп нәрсені үйрену қажет еді. Тағдыр сабақтары өзін күтуге мәжбүр етпеді.
1980 - 1983 Apple ІІІ
1980 жылдың 19 мамырында Калифорния, Анахеймде Apple Computer халыққа өзінің жаңа туындысы - Apple ІІІ - ті ұсынды.
Жаңа компьютер 4500 - ден 7800 долларға дейін бағаға ие болды, яғни бұл конфигурацияға қатысты 2 МГц тактылы жиіліктегі Synertek 6502А жедел (екі реттен астам) процессорымен жабдықталған. Apple ІІ қабілетін қамтыған бұл мүлде жаңа компьютер болды, фирманың сәттіліктен және жақсы сатылатын технологиясыннан шығатын алғашқы талпынысы. Қағаз жүзінде барлығы тамаша көрінді. Бірақ . . .
Apple І және Apple ІІ бір ғана адамның, Стив Возняктың еңбегі болды. Apple ІІІ Стив Джобстың үздіксіз басқаруымен болған инженерлер тобымен құрылды, яғни бұл бір күні бір нәрсені талап етсе, келесі күні инженерлердің қанағаттанарлықсыз қарама - қайшы нәрселерді талап еткен энергия күшімен орындалып шықты. 1980 жылдың мамыр айында компьютер осы жылдың шілде айында жарыққа шығатыны жөнінде жарияланды. Шілдеде шығарылым қыркүйекке дейін созылды. Қазанда компьютер жақсы түрде шығарылымға дайын еместігі белгілі болды - бірақ Джобс сатылымның желтоқсандық шыңына жету үшін қарашада нарыққа компьютерін алып шықты.
Компьютер 1980 жылдың қараша айында нарыққа шықты - және инженерлердің ең жағымсыз қауіптерінің барлығын түгелдей растады. Бұл сәтсіздік болды. 1981 жылдың наурызында ақыры массалық қойылымдарды реттеу жүзеге асырылды.
Үш драмалық жылдың ішінде Apple ІІІ түрленуді жалғастырды - бірақ бұл компьютер сол күйі сатып алушылардың мойындауына, яғни сеніміне ие бола алмады. 1983 жылдың желтоқсанында оның шығарылымының тоқтатылуы кезінде әлемде Apple ІІІ - ті қолданушылар саны 75000 болды, ал Apple ІІ - ні тұтынушылар саны 13 - ды құрады.
2011 жылдың 2 наурыз айында Стив Джобс Apple-дың iPad2 планшетін презентациялауға қатысады. Денсаулығына қарамастан Стив дербес компьютердің орнын басатын өнімді презентациясын өткізеді. 2011 жылдың 24 тамызында Стив Джобс Apple-дың бас директорлық қызметінен кететіні туралы жариялайды. Бұл орынға Тим Куктың кандидатурасын ұсынады. 2011 жылдың 5 қазанында айықпас дертінен Стив Джобс өмірден өтеді. Стив Джобс сөзсіз атақты адам болып табылады. Ол бес ірі индустрияның дамуына зор үлесін қосты: Apple ІІ дербес компьютерінде және Macintosh, iPod музыкада және iTunes, iPhone телефонында және Pixar анимациясында. Хиппи - орта шаруадан шыққан жігіт, жоғары білімі жоқ алып компьютер империясын салды, бірнеше жылда мультимиллионер атанды, өз компаниясынан қуылып, он жыл мерзімде қайта оралды, сөйтіп, әлемнің белгілі корпорациясына айналдырды. Сонымен қатар компанияның құрылуына үлкен үлесін қосты. Ол анимациялық фильм индустриясының көшбасшысы атанды. Жылдар өткен сайын оны белгілі бизнес басқарушысы және қайталанбас сиқыршы деп атады. Ол технологияны еліктіргіш және эстетикалық, қолдануда оңай етіп жасағаны миллиондаған адамдардың өмірін өзгертті
3 Джобс өмірінің басқа қырлары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz