Ежелгі Спарта мемлекетінің тарихы


Жоспар
Кіріспе
І - тарау. Б. э. д. ҮІІІ - Ү ғғ. Ежелгі Спартаның саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайы.
1. 1. Б. э. д. ҮІІІ - ҮІ ғғ. Ежелгі Спартаның әлеуметтік- экономикалық жағдайы.
2. 1. Б. э. д. ҮІІІ - ҮІ ғғ. Ежелгі Спарта қоғамының ерекшеліктері мен мемлекеттік құрылысы.
2. 3. Б. э. д. Пелопоннес Одағындағы Спартаның ролі және Пелопоннес соғысы.
ІІ - тарау. Эллинизм дәуіріндегі Спарта мемлекеті.
2. 1. Пелопоннес соғысынан кейінгі Спартаның саяси жағдайы.
2. 2. Спарта мәдениеті.
ІІІ - тарау. «Ежелгі Спарта мемлекетінің тарихы» тақырыбын мектепте оқыту әдістемесі.
3. 1. Модульдік ойын технологиясы және тірек конспектісі
қолданылған сабақ үлгісі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Қазір біз өткенді қайта қарап, қайыра зерделеу үстіндеміз. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында Отан тарихын оқыту басты назарда жүрген мәселелердің бірі. Тарих ғылымы мен тарихты оқыту қазіргі күндегі түбірлі өзгерістер жағдайында маңызы бұрынғыдан да артуда. Тарих - бұл өткен ғана емес, бүгінгіміз бен кешегіміз.
Тарих және онымен байланысты әлеуметтік ғылымдар кез келген мемлекеттің білім беру жүйесінде маңызды роль атқарады. Адамзат өзінің өткенін түсініп, болашағын жоспарлай алады.
Тарих ғылымы мен тарихты оқыту қазіргі күндегі түбірлі өзгерістер жағдайында маңызы бұрынғыдан да артуда. Тарих - бұл өткен ғана емес, бүгінгіміз бен келешегіміз.
Тарих және онымен байланысты әлеуметтік ғылымдар кез келген мемлекеттің білім беру жүйесінде маңызды роль атқарады. Адамзат өзінің өткенін түсініп, болашағын жоспарлай алады.
Қоғамда болған түбірлі өзгерістер білім беру саласында да жүріп жатыр. Білім беруде құндылық пен ізгілікті оқытып үйретуге басты басты назар аудару қажеттігі ғылымда көптеп айтылып келеген мәселе. Тарихты оқытудың басты мақсаты - оқушыларға адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениетті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету. «Білім туралы» заңда көрсетілгендей: «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен рпактика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, шығармашылық рухани, . . . әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулуға . . . » - басты назар аудару қажет[51-33] .
Қазіргі кезеңде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті - жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктерімен сусындату, өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені назарда болуы тиіс.
Өзектілігі: Болашақ тарихшыны дайындауда ғана емес, жалпы кез келеген азаматты қалыптастыруда ежелгі дүние тарихын, соның ішінде Спарта мемлекетінің тарихының ерекшеліктерін оқытушыларға үйрету және игерту үлкен маңызға ие. Жалпы адамзат мәдениетінің, ғылымының, білімінің, мемлекеттілік пен әскери өнердің сан алуан қайнар көзі, сарқылмас бұлағы, алтын бесігі болған ежелгі Грециядағы Спарта мемлекетінің тарихы бүгінгі таңда тарих сахнасында өз құнын жоймайды.
Қалай дегенмен де кейінгі кездері әлем тарихына да, көп көңіл бөлініп жүр. Себебі өз отанымыздың тарихы әлем тарихының бір бөлігі ретінде ала аламыз. Бірақ та, отан тарихымен қоса дүние жүзі тарихының да өзкеті мәселелерін оқыту, оны бала санасына сіңіру, өркениет ошақтарының қалыптасуы мен әлемдік үрдістердің, қоғамның құрылу ерекшеліктерін оқыту бүгінгі күннің талабы. Сондықтан да ежелгі дүние тарихын мектепте оқыту - жүйе бойынша танымның әуелгі сатысы болып табылады. Ежелгі грек тарихындағы орны зор мемлекет болып саналатын ежелгі Спарта мемлкетінің тарихын мектепте оқыту, бала санасына алғашқы мемлкеттерде қалыптасқан мемлкеттіліктің қалыптасуы мен ежелгі мемлекеттер арасындағы қатынастардың нығаю белгілерін тарихи тұрғыда оқушы санасына сіңіру тарихты оқытудағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
«Ежелгі Спарта мемлекетінің тарихы» Ертедегі Шығыс және Жерорта теңізі бассейні жағалауындағы таптық қоғамдар мен мемлекеттердің даму жағдайларын «Ежелгі дүние тарихының» құрамдас бөлімі болып табылады. Ежелгі Спарта тарихы Ежелгі грек мемлекеттерінң қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың пайда болуын, дамуын және құлдырауын қарастырады. Ол б. э. д. ҮІІІ ғасырлардан басталып, б. э. д. Жерорта теңізіндегі гректік және эллинистік мемлекеттерді Рим империясының жаулап алуымен аяқталады[2-11] .
Зерттеу әдісі: Тақырып бойынша зерттеулерді талдау, зерттеу, салыстыру, оқылған материалдарды синтездеу, бақылау, әңгімелеу болып табылады.
Теориялық негізі: Қоғам, тарих, әдістемелік мәселелерін зерттейтін тарихшылардың еңбектеріне негізделген.
Зерттеу объектісі: Ежелгі Греция тарихының құрамдас бөлігі болып табылатын ежелгі Спарта мемлекетінің тарихы.
Негізгі мақсат: Ежелгі дүние тарихындағы ежелгі Спарта мемлектінің қоғамдық - саяси дамуы, әлеуметтік - экономикалық жағдайы мен мәдениетінің дүниежүзі тарихында алатын орнын жете зерттеп, тарихи тұрғыда талдап қарастыру және аталған мемлекеттің тарихын мектеп курсында оқытудың ғылыми - әдістемелік ерекшеліктерін көрсету.
Міндеттері:
- Ежелгі Спарта мемлекетінің тарихы бойынша әдеби - зерттеулерді, деректер мен ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді тақырыптық талдау.
- Мектепте ежелгі дүние тарихы курсында ежелгі Спарта мемлекетінің тарихын оқыту ерекшеліктерін көрсету.
- Ежелгі Спартаның әлеуметтік- экономикалық жағдайы мен ежелгі Спарта қоғамының ерекшеліктері мен мемлекеттік құрылысын теориялық тұрғыда зерттеу.
- Тақырыпты оқытудағы Ресей және Қазақстан зерттеулеріндегі озық тәжірибелерді жинақтау.
Гипотеза: Ежелгі Спарта мемлекетінің таихын тақырыбын мектепте оқытудың ғылыми - әдістемелік талаптарын қолдану, тарихи білімдерді қалыптастыруда неғұрлым жоғары дәрежеде ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Практикалық маңызы: Мектеп мұғалімдері мен педагогикалық бағыттағы жоғарға оқу орындары студенттері үшін мемлекеттіл тілдегі оқу - әдістемелік құрал.
Зерттеу базасы : Зеттеу базасы ретінде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Сұлутал ауылының орта мектебі. 6 «А» сыныбы.
Тарихнамасы: Ертедегі Греция тарихы ХҮІІғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында еуропалық тарих ғылымында көрнекті орын ала бастады. Ертедегі Греция тарихын зерттеу барысында ғалымдар Спарта тарихына мән бермеген тарихшылар жоқтың қасы. Р. Бентали, неміс ғалымдары Ф. Вольф және Г. Б. Нибур еңбектерінде Спарта тілінің тарихы мен деректерді қортындылау, талдау жасалынған[39-19] .
Ертегрек тарихын зерттеуге үлкен қызығушылық танытқан мықты парламенттік, дәстүрлі, классиктік капитализм елі Англия да көңіл бөлді. Әртүрлі саяси ерегрек тарихының материалдарын кеңінен пайдаланды, оның ішінде ертегрек полистеріне тән сипаты бар аристократия мен демократияның күресі. ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда Англияда бірінші болып Ерте Греция тарихынан көп томдық еңбектер жинағы жарық көрді. Егер тори жақтаушысы У. Митфорд өзінің «Греция тарихы» еңбегінде консервативтік Спартаның саясаты мен ұйымын мадақтаса, ал либерал Дж. Грот өзінің «Греция тарихы» еңбегінде, керісінше, грек тарихын зерттеуде Афины мен Афины демократиясын мадақтайды.
ХІХ ғасырдың ортасында ертегрек тарихының және мәдениетінің өзіндік жүйесін К. Маркс пен Ф. Энгельс жасады. Олар ертегрек тарихы мен қоғамын материалистік тұрғыдан түсіндіру құл иеленушілік өндіріс тәсілінің классикалық өтпелі дамуы түріндегі қоғамдық - экономикалық формация деп тұжырымдады.
Ертедегі Греция тарихын маркстік - лениндік идеология негізінде зерттеу күрделі процесс болды. Марксистік антиковедтердің негізінде А. И. Тюменев, В. С. Сергеев, С. И. Ковалев еңбектері жатты[40; 12] . ХХ. Ғасырдың
Ерегрек тарихының жаңа концепциясының қалыптасуына В. Д. Блавадскийдің зерттеулері маңызды орын алды[14] . 60-70 жж. жалпыгрек тарихының мамандар ерекше назар аударған екі түбегейлі мәселесі - құлдық және полис болды. Бірінші мәселе бойынша монографиялық сериалдар жарияланды : «Антикалық әлемнің құлдық тарихын зерттеу». Осы сериалдардың шеңберінде Я. А. Ленцманның «Микендік және гомерлік Грециядағы құлдық», «Антикалық әлемнің шеткері аймағындағы құлдық», «Б. э. д. ІІІ - І ғасырларда эллиндік мемлекеттердегі құлдық», К. К. Зельин мен М. К. Трофимованың «Эллиндік дәуірдегі Шығыс Жерорта теңізіндегі тәуелділік формалары» атты монографиясы, А. И. Доватурдың «Б. э. д. Ү - ІҮ ғасырларда Аттикадағы құлдық» еңбегі жарық көрді. Көптеген деректерді асқан ұқыптылықпен зерттеу нәтижесінде бұл монографияларда Ертедегі Грециядағы құл иеленушілік пен тәуелділіктің басқа да формаларының қазіргі жаңаша баяндалуын, грек әлеміндегі құл иеленушілік өндірістің ролін ашып көрсетті. 60 - 70 жылдары зерттеулерде полис ұйымының әртүрлі жақтарына, ертегрек полистеріне үлкен орын берілді. Ю. В. Андреев, В. Н. Андреев, Л. М. Глускина, Э. Л. Казакевич - Грэйс, Г. А. Кошеленко, Л. П. Маринович, Э. Д. Фролов еңбектерінде ертегрек полистері әртүрлі қырларынан зерттеледі[30, 31, 32] . Полис алдындағы және полис ұйымының ертедегі формаларын, полистің мәні, экономика және оның ішінде аграрлық қатынастардықұлдық және полис өмірін толықтай зерттеген зерттеулер болып табылады.
В. М. Строгецкидің «Классикалық Грециядағы полис және империя» монографиясында классикалық кезеңнің түбегейлі мәселесі: грек полистерінің гүлдену жағдайларындағы полистік және полис аралық құрылымдардың арақатынастары, тәуелсіз грек қала мемлекеттерінң күрделі және қайшылықты дамуы зерттеледі.
Қазақ тілді басылымдар яғни, Спарта немесе ежелгі Греция тарихы туралы еңбектер мол деп айта алмаймыз. Тәуелсіздік алғанға дейін мәлімет алуға болатын жалғыз ғана кітап болған. Ол 1978 жылы Ю. С. Крушкол редакциясының басшылығымен жазылған «Ежелгі дүние тарихы» оқулығын айтуға болады. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін де әлемдік тарихқа назар аударып, жазылған әдебиеттер мол деп айту қиын. Ежелгі дүние тарихы жайлы еңбектер мүлдем аз. Қалай десек те Бөкетов атындағы Қарағанды универстиетінің қолдауымен С. Қ. Төлкеевтің «Ежелгі Греция тарихын» айтуға болады[41] . Аталған еңбекте Спарта тарихы мен спартандық тәрбие кеңінен зерттелген. Спарта қоғамы мен сыртқы саясатына, сондай ақ пелопеннес соғысы жіті зерттелген.
Құрылымы: Кіріспеден және үш бөлімнен тұрады. І - тарау. Б. э. д. ҮІІІ - Ү ғғ. Ежелгі Спартаның саяси, әлеуметтік және экономикалық
Жағдайы деп аталып ол өз ішінен Б. э. д. ҮІІІ - ҮІ ғғ. Ежелгі Спартаның әлеуметтік- экономикалық жағдайы және Б. э. д. ҮІІІ - ҮІ ғғ. Ежелгі Спарта қоғамының ерекшеліктері мен мемлекеттік құрылысы, сондай - ақ, Б. э. д. Пелопоннес Одағындағы Спартаның ролі және Пелопоннес соғысы деген үш бөлімшеден құралған. ІІ - тарау Эллинизм дәуіріндегі Спарта мемлекеті деп аталып, ол өз ішінен Пелопоннес соғысынан кейінгі Спартаның саяси жағдайын қарастыратын бөлімшесінен және Спарта мәдениетіне ден қойылған арнайы бөлімшеден тұрады. ІІІ - тарау. «Ежелгі Спарта мемлекетінің тарихы» тақырыбын мектепте оқыту әдістемесі, яғни ойын технологиясы және тірек конспектісі арқылы сабақ жоспары берілген. Соңы қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімімен аяқталады. Бұған қоса сабақтың белсенділігін артыру мақсатында қосымша көрнекілік құралдары ұсынылған.
І - тарау. Б. э. д. ҮІІІ - Ү ғғ. Ежелгі Спартаның саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайы.
1. 1. Б. э. д. ҮІІІ - ҮІ ғғ. Ежелгі Спартаның әлеуметтік - экономикалық жағдайы.
Спарта мемлекеті Пелопоннестің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Қала атымен мемлекет аталады. Ертедегі Лакония жерінде орналасты.
Спарта мемлекетінің тарихын Фукидидтің, Ксенофонттың, Аристотель мен Плутархтың шығармалары және спартан ақыны Титртейдің өлеңдерінен біліп танысып отырмыз. Аталған тарихшылар мен философтардың шығармаларынан Ежелгі Спартаның әлеуметтік - экономикалық жағдайын білуімізге болады[5; 10] .
Спартаның өмірі мен әлеуметтік құрылысының өзгешеліктері көбінесе табиғи жағдайларына байланысты еді. Теңізден қашық болуы спартандықтарды, бір жағынан, өз алдына томаға тұйық болуына, екінші жағынан, өздерінің көршілеріне, әсіресе Мессенияның құнарлы батыс аңғарларын басып алушылық әрекетін жасауға итермеледі[6] .
Грецияның басқа қалалары сияқты, Спартада өндіргіш күштерінің өсу, көршілес елдермен жиі - жиі шайқаса беруі және ішкі күресте ру қатынастарының ыдырап, құл иелену мемлекетінің құрылуына әкеліп соқты. Спартада мемлекет өте ертеде шықты, ол жаулап алу нәтижесінде құрылды және басқа полистерге қарағанда, онда ру құрылысының қалдықтары әлдеқайда көп сақталды. Спарта құрылысының және аздап бүкіл дорий құрылысының негізгі өзгешелігі, күшті мемелекеттілігінің ру мекемелерімен үйлесуінде еді.
Спарта полисінде көпшілік тұрғындар бір - бірін жақсы білді. Спарта экономикасының негізі жер игеру болды. Табиғи жағдайына байланысты ауыл шаруашылығ бірнеше салаға бөлінді: астық жинау, жүзім, зәйтүн, бау - бақша және мал шаруашылығы.
Ежелгі Спартада басты кәсіп егін шаруашылығы болды. Ежелгі Спартада жерге жеке меншік болған жоқ. Бүкіл жер қауымға тиісті болды. Ал қауым өзінің мүшелеріне жеке учаскелерді уақытша пайдалануға беріп отырды. Жер қауы меншігі болып саналғандықтан, олар не сата, не айырбастай алмады.
Қолөнер кәсібі Спартада өте аз өркендеді. Қолөнермен жекелеген адамдар ғана айналысты. Олар тек ең қажетті заттарды ғана жасады. Бірнеше ғасырлар бойы спарталық қолөнер өркендемей, даму сатысы төмен дәрежеде тұрды.
Спартандықтардың тәрбиесі басқа грек қала мемлекеттеріндегі тәрбиеден мүлдем бөлек болды. Плутархтың еңбегінде спартандықтардың тәрбиесін туралы былай жазады: « Асыраушылар өте сапалы тәрбиеледі. Олар баланы жөргекке орамады, тамақты талғатпады, қараңғылық пен жалғыздыққа үйретті, бұл оларға еркіндік береді деп түсінген еді. Тіпті көршілес басқа мемлекеттер Лакониядан асыраушы, яғни тәрбиешілер сатып алатын кездері де болған». Плутархтың ХҮІІІ жазбасында Ликург туралы деректерінен Спартаның қоғамындағы әлеуметтік жағдайды жақсы көруге болады[7; 18] . Онда Ликургтің бала тәрбиелеу жөнінде шығарған реформаларына да мән беруге болады. Спартада әкесі баласын өзі қалауынша тәрбиелеуге рұқсаты болмаған. Бала жалпы қоғамдық тәрбиешілер қарамағында болады. Өсіп келе жатқан баланы әскери іске баулу барысында көптеген әрекеттерге бой ұрдырған. Мысалы: Ликург ата - ансынан жеті жасқа жетер жетпестен балаларын бөліп алып, оларды отрядтарға таратқан. Балалар бірге өмір сүріп, бірге ойнап тамақ табуды бірлесіп үйренеді. Балалар ішінен ең пысық, айлакерлерін басшы етіп сайлайды. Оған қалғандары бағынуы тиісті болады. Бұл бір адамға бағынуға жастайынан үйренуге ықпалын жасаған еді. Балалларды ойын үстінде ақсақалдар бақылап отырған. Арасынан ең жау жүрек, ең мықтыларын ақсақалдар анықтаған. Көбінесе ақсақалдар төбелесті өздері әдейі ұйымдастырып ызақорлыққа баулыған[37; 59] .
Спартанаың саяси ұйымының маңызды бөлігі жас ұрпақты тәрбиелеу және оқыту болды. Ішкі және сыртқы жауға қарсы тұра алатындай жақсы жаттыққан, дене-күш жағынан жетілген жауынгерлер қажет болды. Спарта жауынгері тәртіпті, қиыншылыққа төзімді, таласқа келмей, басшыларына міндетсіз бағынуы керек. Тәрбие жүйесінде оқуға, жазуға көп маңыз берілмеген.
Спартада тәрбиелік жүйе үш бөлімнен тұрған. Бірінші сатыға 7 мен 12 жастың аралығындағы ұл балаларды әке-шешелерінен алып тәрбиелеу жатады. Агелге (табынды) бөлініп, олардың басында арнайы тәрбиешілер болмайтын. Агелдің басында ең батыл, ақылды, өзгелерден төбелеске епті балаларды тағайындаған. Басқа балалар оған бағынған. Тәрбиенің мақсаты - балаларды төзімділікке және бағыныштылыққа тәрбиелеу. Ақсақал адамдар олардың ойындарын үнемі бақылап, оларды бір-бірімен жиі төбелестіріп отырған. Ұрыста немесе төбелемте жеңіске жетуді міндет деп есептеген. Балаларды тәрбиелеудегі жалпы басшылық мемлекеттегі ерекше қызмет адамы - педономға жүктелген[37; 60] .
12 жастан бастап оқыту мен тәрбиенің жаңа кезеңі басталады. Табын балалар илдерге (отрядтарға) жасақталып ирендердің (жасы үлкен, айлакер, епті, ақылды балалар) басшылығымен жаттығулар жүргізді. Олар жыл бойы қамыс үстінде жатып, үстеріне плащ қана киді. Тәрбиенің осы сатысында жасөспірімдер әскери жаттығуларды игерді. Қаруды игеру мен қолдану, фаланга сапында тұру, бір жерден екінші жерге барудағы шапшаңдық және тактикалық айлалық. Илоттарға қарсы өздерін әлеуметтік жағынан жоғары санау. Илоттарға спартандықтар көп мөлшерде араласпаған шараптар беріп, оларды жастар алдына әкеліп, мас болу қандай жат қылық екенін көрсетіп отырған. Жасөспірімдер үшін илоттарға қарсы криптий (құпия жасырын өлтіру) ұйымдастырып отырған.
20 жастан тәрбиенің үшінші сатысы басталған. Жас спартандықтың сисситиге мүше болуларына рұқсат етіледі, ол жерге иелік етуге құқылы болды. Әрбір сисстиде - 15 адамнан тұратын бөлімше, онда өздерінің өнімдерімен, азық - түліктерімен барып отырады, бірақ белгілі мөлшерде ғана әкелінуге тиіс. Егер спартандық өз үлесін сиситиге әкеле алмаса, онда ол сисситиге мүше болудан және азаматтығынан айрылады. 30 жасқа дейін азаматтық құқығы шектеулі болды. Базарға баруларына тыйым салынды[14; 46] .
30 жасқа толғаннан кейін оларға семьяля болуға, үй салуға, командалық басшылыққа және мемлекеттік қызметке тұруларына рұқсат етіледі.
Мемлекеттің бақылауымен азаматтықтың ерекше категориясы - спартан мемлекеттілігінің негізі - әскери тәрбиеленген, тәртіпті, өз орнын жақсы білетін, өкіметке бағынатын және одан өз мүддесін сақтайтындықты талап ететін қоғам мүшелері қалыптасты.
Ксенофонт спартандықтардың күнделікті өмірлері жайлы көптеген дерктер қалдырған. Оның деректерінде спартандықтардың тұрмыс тіршілігі жақсы суреттеледі. Ол басшы болып табылатын Ликургтің өмір сүру барысын жақсы баяндаған. Ксенофонттың дерегіне сүйенсек Ликург елмен бірге тамақтанған. Себебі тамақ ішу барысында өзінің көптеген заңдарының орындалуын қадағалауға үлкен мүмкіндіктер туады деп есептеген. Сондай ақ, шарапты ішуді де қадағалап отырған. Шарапты көп ішу зиянды екенін ескеріп, тек шөлдеген уақытта бергізіп отырған. Ликургтің тағы да бір тәрбиелеу барысында ескеретін жәйті, ол қауым мүшелері қаншалықты қимылдаса соншалықты тамақтануы еді. Балалар үлкендер тамақтанған уақытында бірге тамақтанбады. Олар ересектерден қалған тамақтармен ауқаттанды. Бұл балаларды өздері тамақ тауып жеуге итермелейді деп түсінді[5; 108] .
Метепте балалар дене шынықтырумен және әскери іспен айналысты. Оларды оқуға, жазуға, санауға, өлең айтуға және билеуге, тақырыпқа патриоттық өлең айтуға үйретті.
Грецияда, тек Спартада ғана, әйелді тәрбиелеуге үлкен маңыз берілді. Әйел тәрбиесі ерлердің тәрбиесіндей қаралатын болған. Мұнда бұл мәселеге жалпы жұршылық құрметпен қарайтын. Спарталықтар денсаулығы жақсы бала тек денсаулығы жақсы анадан туады деп білген. Қыздар үй тіршілігімен айналыспайтын. Қыздар гимнастика, жүгірумен үнемі айналысқан. Жастар күні бойы әскери отрядта өткізіп, бірге тамақ ішкен. Олар әсакери бөлімдер бойынша тамақтанды. Спартада қауымдық, яғни осылайша тамақтануды фидития деп атады. Ал басқа қалалардың гректері бұндай тамақтануды сиссития деп атаған болатын[3; 88] .
Спарта тәрбиесі негізінен өмірлерінің барысы елдің әскери қуатын нығайту мақсатына бағытталды. Спартандық ең алдымен жауынгер болуы керек. Бұл сырттан келетін жаудың жақындығынан емес, қаналушы, езілуді басынан өткізіп отырған дұшпандық пиғылдағы илоттармен үнемі бірге өмір сүруден туған нәрсе.
Спарта мемлекеті қандай да болмасын сыртқы саудаға тиым салды. Сауда тек ел ішінде және жергілікті рыноктарда жүргізілді. Сыртқа өнім шығарылмады. Ел арасында натуралды айырбас жақсы дамыды. Егіннен түскен өнімді әртүлі заттарға айырбастап күн кешкен болатын. Қала ішінде арнайы сауда жасау орындары ашылып, ел өз өнімдерін орталықта айырбастай алған еді.
Спартандықтар аңшылықпен жақсы айналысқан. Тәрбие барысында олар түнде аңға шығу жақсы үйретілгендіктен олар түнде өздерне аң ұстап әкелген. Осы аңдарын басқа да таупарлдарға айырбастап отырған. Спартандықтардың кейбір бөлігі егіешілікпен айналыспаған. Егіншілікпен айналыспаған спартандықтар өздерінің ұстап әкелген аңдарын бидай өнімдеріне айырбастап отырған. Сауда көп жағдайда осылайшы жүріп отырған[2; 141] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz