Стенобионттық, эврибионттық организмдер



1.Стенобионтты және эврибионтты организмдер.
2. Негізгі абиотикалық факторлар:жарық,температура,
және т.б.
3. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні.
Белгілі бір факторға қатысты организмнің өмір сүре алатын төзімділік мәндерінің арасын организмдердің экологиялық валенттілігі (толеранттылығы) деп атайды.
Фактордың ең төменгі немесе ең жоғары мәндерінен асып, организмнің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913 жылы американдық зоолог В. Шелфорд енгізді. Бұл максимум заңында немесе толеранттық ( латынша tolerantia –шыдам, төзім) заңында көрсетілген. Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды:
организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, сол организмнің белгілі бір шыдамдылық шектері бар ортаның кешенді экологиялық факторларына байланысты. Организм тек осы минималды және максималды мәндердің аралығында ғана өмір сүре алады.
Шыдамдылық немесе төзімділік шектерін экологиялық валенттілік деп те атайды. Экологиялық валенттілік – организмдердің орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі, яғни түрлердің қоршаған ортаға бейімделуі. Организм орта жағдайының ауытқуына неғұрлым төзімділік көрсетсе, оның экологиялық валеттілігі де соғұрлым жоғары болады.
В.Шелфорд заңының практикалық маңызы зор.Түрлердің тіршілігін сақтау экологиялық факторларға шектен шығып кетуге мүмкіндік бермей,оңтайлы белдемде ұстау қажет. Бұл заңдылықты адамның тірі табиғат пен қарым-қатынаста болатын барлық шаруашылық салаларын да (өсімдік,мал,орман т.б) ұстанған өте дұрыс.Оптимум заңын қолдану кейде қиынға түседі,себебі әр фактордың ,әр фактордың әр түрдің өзіне ғана тән оңтайлы мөлшері болады. Бір түрге жасалған жақсы жағдай екінші бір түр үшін пессимум болуы немесе тіпті шектен шығып,өте қиын жағдай тудыруы мүмкін. Мысалы, +20 градуста ыстық жақтың маймылы тоңатын болса,солтүстікте тіршілік ететін түлкі керісінше ыстықтайды.Күріш суда өсетін болса,бидай мұндай сулы ортада тіршілігін жояды.Табиғатта оптимум аймақтары бірдей екі түр кездеспейді.Бұл жағдай түрлердің экологиялық жеке қажеттілік ережесін айқындайды.Жеке қабілеттілік деп индивидтің тіршілік етуіне,дамуына,ұрпағын жалғастыруға қажетті мұқтаждығы.Егер түрлердің бір факторға тұраұтылығы бірдей болса,басқа факторға олардың тұрақтылықтары міндетті түрде өзгеше болады.В.Шелфордтың толеранттылық заңын кейін американдық ғалым Ю.Одум(1979ж) бірнеше ережелермен толықтырды:
-организмдердің кейбір факторларға төзімділігі кең ауқымды жіне басқа факторларға төзімділігінің ауқымы шектеулі болуы мүмкін;
-экологиялық факторларға толеранттылығы жоғары организмдер әдетте табиғатта кең таралған;
-егер түр ұшін бір экологиялық фактордың әсері оптималды болмаса, төзімділік шектері басқа экологиялық факторларға өзгеріп төмендеуі мүмкін.Мысалы, топырақ құрамындағы азоттың мөлшері аз жағдайда астық тұқымдастардың құрғақшылыққа төмендейді,сәйкесінше топырақта азот жеткілікті жағдайға қараған да ылғалды көп қажет етеді.
1. Бродский А.К. Жалпы Экологияның қысқаша курсы (Оқу құралы). – Алматы: «Бастау», 2010. 188 б.
2. Экология және тұрақты даму: Оқулық/ М.С. Тонкопий, Г.С. Сатбаева, Н.П. Ишкулова, Н.М. Анисимова. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. - 312 бет.
3. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
4. Қуатбаев А.Т. Жалпы Экология (Оқулық). – Алматы, 2012. – 374 бет.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың - жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с. экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні.



Орындаған: Есенғалиев Д.Б.
Тексерген: Мурзалимова А.К.

Семей қаласы
2015 жыл
Жоспар:
1.Стенобионтты және эврибионтты организмдер.
2. Негізгі абиотикалық факторлар:жарық,температура,
және т.б.
3. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні.

1.Стенобионттық және эврибионттық ағзалар
Белгілі бір факторға қатысты организмнің өмір сүре алатын төзімділік мәндерінің арасын организмдердің экологиялық валенттілігі (толеранттылығы) деп атайды.
Фактордың ең төменгі немесе ең жоғары мәндерінен асып, организмнің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913 жылы американдық зоолог В. Шелфорд енгізді. Бұл максимум заңында немесе толеранттық ( латынша tolerantia - шыдам, төзім) заңында көрсетілген. Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды:
организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, сол организмнің белгілі бір шыдамдылық шектері бар ортаның кешенді экологиялық факторларына байланысты. Организм тек осы минималды және максималды мәндердің аралығында ғана өмір сүре алады.
Шыдамдылық немесе төзімділік шектерін экологиялық валенттілік деп те атайды. Экологиялық валенттілік - организмдердің орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі, яғни түрлердің қоршаған ортаға бейімделуі. Организм орта жағдайының ауытқуына неғұрлым төзімділік көрсетсе, оның экологиялық валеттілігі де соғұрлым жоғары болады.
В.Шелфорд заңының практикалық маңызы зор.Түрлердің тіршілігін сақтау экологиялық факторларға шектен шығып кетуге мүмкіндік бермей,оңтайлы белдемде ұстау қажет. Бұл заңдылықты адамның тірі табиғат пен қарым-қатынаста болатын барлық шаруашылық салаларын да (өсімдік,мал,орман т.б) ұстанған өте дұрыс.Оптимум заңын қолдану кейде қиынға түседі,себебі әр фактордың ,әр фактордың әр түрдің өзіне ғана тән оңтайлы мөлшері болады. Бір түрге жасалған жақсы жағдай екінші бір түр үшін пессимум болуы немесе тіпті шектен шығып,өте қиын жағдай тудыруы мүмкін. Мысалы, +20 градуста ыстық жақтың маймылы тоңатын болса,солтүстікте тіршілік ететін түлкі керісінше ыстықтайды.Күріш суда өсетін болса,бидай мұндай сулы ортада тіршілігін жояды.Табиғатта оптимум аймақтары бірдей екі түр кездеспейді.Бұл жағдай түрлердің экологиялық жеке қажеттілік ережесін айқындайды.Жеке қабілеттілік деп индивидтің тіршілік етуіне,дамуына,ұрпағын жалғастыруға қажетті мұқтаждығы.Егер түрлердің бір факторға тұраұтылығы бірдей болса,басқа факторға олардың тұрақтылықтары міндетті түрде өзгеше болады.В.Шелфордтың толеранттылық заңын кейін американдық ғалым Ю.Одум(1979ж) бірнеше ережелермен толықтырды:
-организмдердің кейбір факторларға төзімділігі кең ауқымды жіне басқа факторларға төзімділігінің ауқымы шектеулі болуы мүмкін;
-экологиялық факторларға толеранттылығы жоғары организмдер әдетте табиғатта кең таралған;
-егер түр ұшін бір экологиялық фактордың әсері оптималды болмаса, төзімділік шектері басқа экологиялық факторларға өзгеріп төмендеуі мүмкін.Мысалы, топырақ құрамындағы азоттың мөлшері аз жағдайда астық тұқымдастардың құрғақшылыққа төмендейді,сәйкесінше топырақта азот жеткілікті жағдайға қараған да ылғалды көп қажет етеді.
В.Шелфорд заңы ашылғаннан кейін көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп,өсімдіктер мен жануарлардың,сонымен қатар адамдардың да тіршілік ету шектері анықталды.
Экологиялық толеранттылыққа байланысты организмдер екі типке бөлінеді:
Эврибионттар - (грекше eurus - кең ) - факторлардың кең диапазонында тіршілік ететін ағзалар. Көптеген қарапайымдылар, саңырауқұлақтар эврибионттарға жатады да олар барлық мекен ету орталарында таралған. Мысалы,эвритермді түрлер-температураның үлкен ауытқуына төзімді организмдер.Эвригалинді түрлер - су тұздылығының үлкен ауытқуына төзімді организмдер,эврибатты түрлер - қысымның қатты ауытқуына төзе алатын организмдер.
Эврифагтар - әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер.эвритоптар-әртүрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер және т.б.
Стенобионттар-(грекше stenos-тар)- тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын организмдер. Мысалы:стенотермді түрлер- тек температураның аз ғана ауытқуына ғана шыдамды организмдер(теңіз маржандары,патшабалық), стеногалинді түрлер- су тұздығылығының өзгеруіне төзе алмайтын организмдер (рифтен түзетін маржандар 40-50 метр тереңдіктен төмен тіршілік ете алмайды, vitjazaster djaronovi теңіз жұлдызы тек 4500-5100 тереңдікте ғана тіршілік ете алады), стенофагтар- азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді(жұмыртқа жегіш жыландар, тек личинкамен қоректенетін құстар), стенотоптар-тек белгілі бір тіршілік орталарында ғана өмір сүре алады. (мысалы, құмды шөлдегі ақ сексеуіл, құм жыланы немесе тек тұзды топырақта өсетін қара сексеуіл) және т.б.
Мысалы, теңіздерде тіршілік ететін организмдердің көпшілігі судың жоғары тұздылығына бейімделген. Егер судағы тұздардың мөлшері аз ғана төмендейтін болса,ол организмдер үшін қауіпті жағдай туады.Ал эврибионттар тұщы суда да,ащы теңіздерде де тіршілік етеді.Тундрада тіршілік ететін қасқыр тұққымдасына жататын ақ түлкі(alepox lagopus) температураның (80 градуста +35 градустан -55 градусқа дейін) ауытқуына төзе алатын болса, жылы суларда тіршілік ететін Corilia mirabilis шаяны температура өзгеруінің 6 градусқа ғана төзе алады.Сондықтан эврибионтты организмдер стенобионттарға қарағанда жер бетінде кең таралған.
Түрдің бір факторға төзімділігі жоғары болғанымен, басқа факторларға төзімділігі нашар болуы мүмкін. Мысалы, температураның көп ауытқуына шыдайтын организмнің ылғалдылықтың немесе тұздылықтың да көп ауытқуына шыдамды болуы міндетті емес. Эвритермді түрлер стеногалинді, стенобатты немес керісінше болуы мүмкін. Әртүрлі факторға қатысты түрдің экологиялық валентілігі де дәстүрлі болуы мүмкін. Бұл табиғаттағы көптеген бейімделушілік түрлеріне алып келеді. Ортаның әртүрлі факторларына қатысты экологиялық валенттіліктердің жиынтығын түрдің спектрі деп атайды.

2.Абиотикалық факторлар - жарық, температура, ылғалдылық және т.б.
Абиотикалық факторлар дегеніміз - тірі организмге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары.Оларға климаттық (температура, ауа қысымы, жел, ылғал, жарық және т.б., атмосфералық (атмосфераның химиялық құрамы), топырақ (эдафикалық), геоморфологиялық, гидрологиялық, және басқалары жатады.
Негізгі абиотикалық факторларға - жарық,температура және ылғалдылық жатады.
Жарық - Белгілі француз астрономы К. Фламмарион (1842-1925) Біздің планетамызда жүрген, қозғалған, өмір сүретін нәрселердің барлығы күннен жаралған - деді. Биосферадагы ен маңызды процесс - фотосинтез тек жарықта гана жүзеге асырылады. Альбедо - әртүрлі денелердін бетінің шағылыстыруга қабілеті. Ол радиацияның жалпы мөлшерінен пайызбен шаққандағы мөлшері. Альбедо жарық сәулесінің түсу бұрышына және беттің шағылыстыру қасиетіне байланысты болады. Мысалы, таза қардың альбедосы -85%, лас қар 40-50% т.б. Экологиялық фактор ретінде жарыкка қатысты өсімдіктердің төмендегі топтарын бөліп көрсетуге болады: гелиофиттер сциофиттер және көлеңкеге төзімді өсімдіктер. Жарықтың мөлшері - радиация жиынтығы мен анықталады. Полюстерден экваторға қарай жарықтың мөлшері артады.Жарық режимін анықтау үшін шағылыстқан жарық мөлшерінде, яғни альбедо (латын тілінен аударғанда albus-ақ) есепке алу қажет. Альбедо дегеніміз - әртүрлі денелердің бетінің шағылыстыруға қабілеті. Ол радиацияның жалпы мөлшерінен пайызбен шаққандағы мөлшері.
Жарыққа қатысты өсімдіктердің төменгі топтарын бөліп көрсетуге болады: гелиофиттер(грек тілінен аударғанда helios-күн, phyton өсімдік), сциофиттер (грек тілінен аударғанда skia - көлеңке) және көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті өсімдіктер).
Жарық сүйгіш түрлер(гелиофиттер)- жарық жақсы түсетін ашық жерде өседі. Жарық сүйгіш өсімдіктер - оның ішінде күнбағыс, итшоған, қойжелкен тәрізділер күннің бағытымен бұрылып отырады.
Көлеңке сүйгіш өсімдіктер(сциофиттер)-күшті жарықты көтере алмайды,үнемі көлеңкеде өседі.
Көлеңкеге төзімді өсімдіктер(факультативті гелиофиттер)- жақсы жарық жағдайында өседі, бірақ көлеңкеге төзімді болып келеді.
Биолюминесценция дегеніміз- тірі ағзалардың жарық шығаруға қабілеттілігі болып табылады.Бұл қоршаған ортадан түсетін тітіркендіруге жауап ретінде катализатордың әсерінен күрделі органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде болады.
Температура. Тірі ағзалардың жер бетінде таралуын аныктайтын факторлардың бірі - температура. Жылудың тек абсолюттік мөлшері ғана емес, сондай-ақ оның уакыт бойынша таралуы, яғни жылулық режим маңызды болып табылады. Температура-күннің ұзын толқынды инфрақызыл сәулелерінен бөлінетін және ағзалар үшін өте қажетті, тіршілік иелері үшін аса маңызды экологиялық фактар болып табылады.Кез келген ағзаның тіршілігі үшін сыртқы ортаның және ағзаның өзінің ішкі температурасының маңызы ерекше. Жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлардың басым көпшілігі төменгі температурада белсенді тіршілігінен айырылып,оларға қауіп төнеді.Тірі организмдер 0оС-пен 50оС аралығын тіршілік ете ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық мектептердің қалыптасуы. Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні
Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні жайлы ақпарат
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлар туралы ақпарат
Абиотикалық факторлар
Стенобионттық және эврибионттық организмдер. Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың экологиялық мәні. Абиотикалық факторлардың сигналдық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер жайлы
Стенобионттық және эврибионттық организмдер
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Негізгі абиотикалық факторлардың – жарықтың, температураның, ылғалдылықтың, тұздылықтың және т.с.с.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.Абиотикалық фактордың сигналдық мәні туралы ақпарат
Пәндер