ҚР-дағы жұмыссыздық себептері және формалары



Кіріспе
1.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары
2.Кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатынталдау
3. Қазіргі кездегі жұмыссыздықты реттеу әдістер
4.ҚР.дағы жұмыссыздық мәселелерін шешудің жолдары
5.Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.
Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде қолдап – дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру:
біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады;
екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады;
үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.
1.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары
Қазақстан Республикасының Статистика бойынша агенттігінің мәліметтері бойынша 2008 жылы Қазақстанның халық саны 15,2 млн адамды құрады, соның ішінде 8,6 млн (56,6%) қала және 6,5 млн (42,8%) ауыл халқы. Экономиканың тұрактануы еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныстың өсуіне және халықтың жұмыспен қамтылуының артуына нақты алғышарттар жасайды. Халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 15 және одан ересек жастағы саны 2008 жылы 7,9 млн адамнан асып жығылды. Республика экономикасының әртүрлі саласында өткен жылы 7,3 млн. адам жұмыс істеді. Бұл 2007 жылғы көрсеткіштен 79,2 мың адамға немесе 1,1%-ке артық. Жұмыс істеушілердің жартысынан астамы (3,8 млн, адам) - ерлер, 48% (3,5 млн. адам) - әйелдер. Жұмыс істейтін халықтың едәуір бөлігі қалалық жерлерде шоғырланған - 4,1 млн. адам немесе жұмыс істейтіндердің жалпы санының 56,2%. Ауылдық жерлерде 3,2 млн. адам немесе 43,8% жұмыспен қамтылған.Еңбек нарығында жыл сайын жұмыссыздық деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. 2008 жылы оның деңгейі 8,1% болды, бұл алдыңғы жылға қарағанда 0,3 пайызға төмен.
Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров І.А. Экономикалық теория. Алматы, 2002 жылы, 282 – 288б.
Дорнбуш Р. Фишер С. «Макроэкономика» Алматы 1997ж.
Жумабаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы. Алматы, “Қазақ университеті”, 2003 жылы, 144 –157б.
Жүнісов Б.А. «Нарықтық экономика негіздері» Ақтөбе 2001ж.
КарГУ им. Е.А. Букетова, Современная экономика Казахстана, Караганда 2005 жылы, 14 – 16б.
Қатарбаева А.А. “ҚР – да еңбек нарығындағы істің жағдайы туралы”, Справочник кадровика Казахстан, 2006 жылы, №7, 38 – 44б.
Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамалығы. 2006 жылы, 138 – 140б.
ҚР–ның халқын жұмыспен қамтудың 2005–2007 жылдарғы арналған бағдарламасы.
ҚР – ның президенті Н. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2006 жылы 1 наурыз.
Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Алматы, “Экономика”, 2003 жылы, 59 – 80б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тексерген:Қуантқан Биболат
Орындаған: Сансызбаев Нұртай
Тақырып:ҚР-дағы жұмыссыздық себептері мен формалары

Семей 2015
ЖОСПАР
Кіріспе
1.Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары
2.Кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатын талдау
3. Қазіргі кездегі жұмыссыздықты реттеу әдістер
4.ҚР-дағы жұмыссыздық мәселелерін шешудің жолдары
5.Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.
Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде қолдап - дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру:
біріншіден, көптеген жұмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады;
екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады;
үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.
1. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары
Қазақстан Республикасының Статистика бойынша агенттігінің мәліметтері бойынша 2008 жылы Қазақстанның халық саны 15,2 млн адамды құрады, соның ішінде 8,6 млн (56,6%) қала және 6,5 млн (42,8%) ауыл халқы. Экономиканың тұрактануы еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныстың өсуіне және халықтың жұмыспен қамтылуының артуына нақты алғышарттар жасайды. Халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 15 және одан ересек жастағы саны 2008 жылы 7,9 млн адамнан асып жығылды. Республика экономикасының әртүрлі саласында өткен жылы 7,3 млн. адам жұмыс істеді. Бұл 2007 жылғы көрсеткіштен 79,2 мың адамға немесе 1,1%-ке артық. Жұмыс істеушілердің жартысынан астамы (3,8 млн, адам) - ерлер, 48% (3,5 млн. адам) - әйелдер. Жұмыс істейтін халықтың едәуір бөлігі қалалық жерлерде шоғырланған - 4,1 млн. адам немесе жұмыс істейтіндердің жалпы санының 56,2%. Ауылдық жерлерде 3,2 млн. адам немесе 43,8% жұмыспен қамтылған.Еңбек нарығында жыл сайын жұмыссыздық деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. 2008 жылы оның деңгейі 8,1% болды, бұл алдыңғы жылға қарағанда 0,3 пайызға төмен. Еуростаттың деректері бойынша Еуропада жұмыссыздық деңгейі 2007 жылы 8,4% құрады (Германияда - 9,5%, Польшада - 17,2%, Чехияда - 7,8%, Латвияда - 8,3%, Литвада - 6,8%).Жұмыссыз халықтың саны (табысты кәсібі жоқ, жұмыс іздеуші және оған дереу кірісуге дайын адамдар) өткен жылы 640,7 мың адамды құрап, 2005 жылға қарағанда 18,1 мың адамға (2,7%) қысқарды. Жұмыссыздардың жалпы көлемінен қалалық жерлерде 402,7 мың адам (62,8%), ауылдық жерлерде - 238,1 мың адам белгіленді. Қалалықтарда жұмыссыздық деңгейі - 9%, ауылдықтарда - 7% болды.Еңбек нарығында бәсекеге қабілеті төмен адамдар бұрынғысынша әйелдер мен жастар (15-24 жас) болып отыр. Әйелдердің сандық басымдығы байқалады.Жұмыссыздық деңгейі біліміне қарай ерекше көрінеді. Өткен жылы жоғарғы білімі бар жұмыссыздар 4,5%-ті, кәсіптік орта білімі барлар -7,5%-ті, жалпы орта білімі барлар- 10,4%-ті құрады. Жұмыссыздардың жалпы көлемінде кәсіптік орта және жалпы орта білімі барлар басымдық танытады - тиісінше 25%-ті және 39,8%-ті құрайды. Бұл ретте жұмыссыз әйелдерде білім алу деңгейі жоғары: жоғарғы білімі барлар жұмыссыздардың ішінде олар 60%, кәсіптік орта білімі барлары - 66% болып отыр.Жұмыссыз ерлердің қатары негізінен бұрын аграрлық секторда, құрылыста, көлік пен байланыста жұмыс істеген адамдар есебінен, ал әйелдер қатары - денсаулық сақтау, білім, сауда, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істегендер есебінен толықты.Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың теңсіздігі, тиісті біліктіліктегі жұмыстың жоқтығына байланысты жұмыссыздарға сұраныстың жоқтығы еңбек нарығындағы ахуалды күрделендіре түседі. Өткен жылы 235,6 мың жұмыссыз немесе олардың жалпы санының 36,7% "ыңғайға келетін" не кез келген жұмыстың жоқтығын атап көрсеткен. Таратылуы, штаттың қысқаруы немесе жеке еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардан жұмыстан шығып қалған адамдар биылғы жылы 138,2 мың адамды немесе бүкіл жұмыссыздардың 21,6%-ін құрады. Өз еркімен 85,3 мың адам (13,3%) жұмыстан шыққан. Оқу орнын бітіргеннен кейін 82,8 мың адам немесе 12,9% жұмыссыз қалған.Соңғы жылдары ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі байқалады. 2006 жылы оның деңгейі 4,3% болды. Бұл 2005 жылғы көрсеткішке қарағанда 0,8 пайыздық шамаға төмен. Алайда ұзақ уақыт бойы жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз адамдардың үлесі әлі де едәуір. Биылғы жылы 229,4 мыңнан аса адамның жұмысы (кәсібі) болмады. Бұл олардың жалпы санының 37,3% болады. Бір және одан ұзақ бойы жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздар ішінде әйелдер басымдық танытады - 67%. Yenзақ мерзімді жұмыссыздық ерлерде 3,1%-ке, әйелдерде - 5,6%-ке жетті.1 айдан 6 айға дейін жұмыс іздеп жүргендер 246,7 мың адам не-месе барлық жұмыссыздардың 38,5%-і болды, 6 айдан 12 айға дейін жұмыс іздеп жүргендер тиісінше 116,1 мың адамды және 18,1%-ды құрады. 114,2 мыңнан аса адам бұрын еш жерде жұмыс істемеген, бұл жұмыссыздардың жалпы санының 18,6%.Жұмыссыз халыкңың жартысына дерлігі (48,3%) жалдамалы қызметкерлер ретінде жұмыс іздестіруде. Олардың 67,5%-і мемлекеттік ұйымдарда, 24,2% - мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істеуді қалайды, 51% кез келген жұмысты істеуге дайын.Жұмыспен қамту проблемасы шағын қалалар мен тоқыраған ауылдық өңірлерде аса өткір болып отыр. Республикада еңбек нарығының жай күйінің мониторингі үшін облыстар, қалалар мен аудандар бөлінісінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың тіркелуін көрсететін деректер базасы құрылды. Сапа мен ұсыныстың кәсіптік - біліктілік құрылымының сәйкессіздігі және халықтың еңбек ұтқырлығының ттөмен болуы себепті жергілікті еңбек нарықтарындағы жұмыс күшінің бір мезгілдегі тапшылығы жағдайында қазіргі уақытта Қазақстанда оған сұраныстың жеткілікті екенін талдау дәлелдеп отыр. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдардың ай сайынғы бос орындар банкі 15-17 мың бірлікті құрайды. Бірақ кәсіптік белгісі бойынша жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігінен айына бір бос жымыс орнынан есеппен 7-10 жұмыссыз үміттенеді.

2.Кәсіпорынның жұмыссыздыққа қарсы жүргізетін әлеуметтік саясатын талдау.Жұмысбастылықты жақсарту және жұмыссыздықты төмендетудің негізгі бағыттары жұмыс күші ұсынысы мен сұранысына әсер ету жолымен жүзеге асырылады (3 сурет). Әр бағыт пен шараларды жүзеге асыру аймақтық және кәсіпорын деңгейінде сәйкес экономикалық механизмдардың құрылуын қажет етеді.Жұмыс күшіне сұраныстың қалыптасыу жұмыс берушінің қажеттіліктері мен қызығушылықтарына бағынады. Оның басты ұстанатын мақсаты - пайда табу үшін өзі басқаратын кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету.Жұмыс күшіне сұранысты қалыптастыру саясатының бірінші және негізгі бағыты - жұмыс орындарын сақтау және модернизациялау, жаңа жұмыс орындарын құру және артық және тиімсіздерін жою. Бұл шаралар аймақтық және жергілікті басқару орындарының қолдауымен әрекет ететін кәсіпорындарда жүзеге асырылады.
Екінші бағыт - кәсіпкерліктерді дамыту негізінде жаңа жұмыс орындарын құру. АҚШ тәжиребесінде шағын кәсіпорындар арқасында он жаңа жұмыс орындары ішінен сегізі құрылады. Жаңа кәсіпорындарды құрумен қатар жұмыс күшіне сұраныстың кеңейюіне әрекет ететін ірі кәсіпорындарда ішкі кәсіпкерлікті дамыту да әсер етеді.
Үшінші бағыт - ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Бұл бізге шетелдік тәжиребеден келген. Жұмыссыздарға жергілікті басқару органдарының иелігіндегі обьектілерде құрылыспен, жөндеу, жинастыру, қызмет көрсетумен байланысты уақытша жұмыс берумен түсіндіріледі. Бұл бағытты пайдалану аясы оның кәсіпорындарда таралуы есебінен кеңеюі мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорын өзінің тікелей міндеттеріне кірмейтін жұмыстар шеңберін анықтайды.
Төртінші бағыт - еңбек потенциалын пайдалану мүмкіндігі шектелген тұлғалар үшін жұмыс орындарын құру. Бұл бағыт бойынша тапсырыстарды орындау кезінде жұмыстардың мазмұны мен сипаты жеке адамның физикалық мүмкіндіктерінің шектеулігін ескеру керек.
Жұмыс күші ұсынысының қалыптасуы жұмысшының қажеттіліктері мен қызығушылықтарын көрсетеді. Оның ұстанатын басты мақсаты - мазмұны бойынша, еңбек шарты мен еңбекақы бойынша қанағаттандырылатын жұмысқа орналасу.
Жұмыс күші ұсынысын қалыптастыру саясатының бірінші және негізгі бағыты - кәсіптік - квалификациялық тұрғысынан оның сапасын жақсарту, дамыту және жетілдіру. Басты назар кәсіпкерлер, менеджерлер, маркетинг бойынша мамандар және басқа да нарықтық инфрақұрылым қызметкерлерінің дайындығына және біліктілігін жоғарлатуға аударылады.
Екінші бағыт - өзіндік жұмысбастылықты дамыту. Бұл бағыттың негізгі мүмкіндіктері тұтынушылық тауарлар мен қызмет көрсетудің әртүрлі түрлерін дайындау бойынша жеке еңбек әрекетімен байланысты. Бұл жағдай жеке кәсіпкерлік ретінде саналады, бұл жерде кәсіпкер мен жұмысшы бір тұлға болады. Үшінші бағыт - жұмыс уақыт ұзақтығын реттеу. Әлемде құрылған жұмыс уақыты ұзақтығын қысқарту тенденциясын жұмысшының қосымшы жұмыс істеуге уақыты болатынының куәсі болып табылады.Төртінші бағыт - жұмысшылар мен жұмыс берушілердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін максималды үлестіру мақсатында миграциялық үрдістерді реттеу.
Сурет 3
Жұмысбастылық жақсарту және жұмыссыздықты төмендету саясаты
Жұмысбастылық жақсарту және жұмыссыздықты төмендету саясаты

Жұмыс күшіне сұранысты қалыптастыру саясаты

Жұмыс күші ұсынысы мен сұранысына теңгерілген әсер ету саясаты

Жұмыс күші ұсынысын қалыптастыру саясаты

Әрекет ететін кәсіпорындарда жұмыс орындарын құру және сақтау

Жұмысшыларды оқыту және қайта оқыту

Кәсіпкерлікті дамыту негізінде жаңа жұмыс орындарын құру

Өзіндік жұмысбастылықты дамыту

Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

Жұмыс уақыты ұзақтығын реттеу

Еңбек потенциалын қолданудың шектелген мүмкіндігімен тұлғалар үшін жұмыс орындарын құру

Миграциялық үрдістерді реттеу
Осы үрдістермен байланысты жұмыс күшінің мобильділігі жұмысшылардың еңбек әрекетінің өзгеруіне дайындығы мен қабілетін сипаттайды.
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы 1998 жылы 12 желтоқсандағы заңына сәйкес жұмыс беруші халықты жұмыспен қамтуға белсенді қатысуы керек. Заң бойынша жұмыс берушілер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыруға:
еңбек туралы заңдарға сәйкес жеке еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
қызметкерлерді кәсіби даярлау және өндіріс ішінде оқыту жүйесін дамыту;
құрылымдық өзгерістер барысында білікті кызметкерлердің кадрлық әлеуметін сақтау және ұтымды пайдалану;
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге жәрдемдесу;
өз қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;
жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған адамдарды ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарыны сәйкес бос орынға жұмысқа қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерлерді сақтандыру арқылы қатысады.
Жұмыс беруші:
ұйымның таратылуына, адам санының немесе қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілігі және еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзімдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын уәкілетті органға толық көлемде ақпарат беруге;
бос жұмыс орындары пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы уәкілетті органға мәлімет жіберуге;
уәкілетті орган берген жалдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы дер кезінде хабарлауға;
мүгедектер үшін жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындауға;
уәкілетті органға алған мамандығы мен біліктілігін көрсете отырып, кәсіптік даярлықтан қайта даярлықтан және өндірісшілік оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәліметтер беруге міндетті.
Қазақстан жұмыссыздарды жұмыспен қамтуда шағын кәсіпорындар маңызды рөль атқарады. Қазақстан Республикасының Статистика бойынша агентігінің мәліметтері бойынша шағын кәсіпорындар қызметкерлерлінің саны 2003 жылы - 748785 адам, 2004 жылы - 768640 адам, ал 2005 жылы олардың саны 1361 адамға өскен, яғни былтырғы жылы олардың саны 770001 адамға жетті. Бұл кәсіпорындар ішінде көп үлесті өнеркәсіп - 15.2%,өңдеу - 12.6%, құрылыс - 19.1%, және сауда, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдаланатын заттарды жөндеу - 26.3% салалары алады.
Қазіргі кезде Қазақстанда 2007 жылға дейінгі кедейлікті төмендету бағдарламасы әрекет етуде. Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы жұмыссыздықтың өсуінің алдын алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және өнеркәсіптік өндірістің иновациялық дамуының, аграрлық саланың жоғары білікті кадрларға қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай - ақ заңды сектордағы халықтың жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыс күші сапасының артуы, жұмыс күші ұсынысыны мен жұмыс орындары санының теңгерімділігі, ұлттық еңбек нарығын қорғау жолымен өнімді жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында әзірленді. Бағдарламаның негізгі мақсаты өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін азайту болып табылады.
Бағдарламаның халықты жұмыспен қамту деңгейінің өсуін ынталандыратын шараларға жататындар:
Экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын құру. Жаңа жұмыс орындарын құру:
инвестициялық жобаларды, 2005 - 2007 жылдары мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламаларды іске асыру (902,1 мың жұмыс орны);нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;қоғамдық жұмыстарда жұмыспен уақытша қамтуды дамыту жолымен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы заңнамаларын, бос жұмыс орындарын жасыру және нысаналы топтарды қоса алғанда, азаматтардың еңбек құқықтары бөлігінде бұзушылықтарды анықтау жөніндегі жұмыс жандандырылады.
Кесте 2
Қазақстан Республикасында мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша 2005 - 2007 жылдар кезінднгі құрылатын жұмыс орындарының саны.

Экономикалық салалардың атауы
Жылдар
Жиыны

2005
2006
2007

1
Өнеркәсіп
3786
6585
5219
15590
2
Құрылыс
10404
18948
18948
48300
3
Көлік
11204
11451
11976
34631
4
Ауыл шаруашылығы
16012
1718
488
18218
5
Шағын және орта бизнес
100000
100000
-
200000
6
Денсаулық сақтау
52
1010
-
1062
7
Білім
397
1296
253
2446
8
Мәдениет
217
133
133
483
9
Туризм
540000
-
-
540000
10
Спорт
1529
1829
1243
4600
11
Басқа салалар
20930
15873
8
36811

Республика бойынша
705031
158843
38267
902141
Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс теңгерімділігі жөніндегі шаралар. Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс теңгерімділігі болуы үшін кәсіптік даярлауды еңбек нарығындағы қажеттіліктерге сәйкес жетілдіру, еңбек нарығындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс мониторингі қажет. Бұл ретте мыналар:
еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың және білім беру қызметтері нарығындағы мамандар даярлаудың көлемін, бейіндері мен болжамдарын болжау;
жұмыс берушілердің таяудағы 3 жылда жұмыс күшіне деген қажеттілігін айқындау және кадрлар даярлау жүйесін экономика қажеттіліктерімен сәйкес келтіру мақсатында жұмыс күшіне сұраныс мониторингінжүзеге асыру;
жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау есебінен еңбек рыногындағы бәсекелестік қабілетін арттыру;
бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім берудің кәсіптер жіктемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуде;
кәсіпорындардың әрбір есепті жылдың аяғында жыныстық жасы, кәсіптік және біліктілік белгілері бойынша кадрлар құрамын көрсететін статистикалық есептемесіне өзгерістер енгізу;
оқушылары кәсіптік бағдарлауды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары туралы
ҚР-ы жұмыссыздық себептері мен формалары
Қазақстандағы еңбек нарығы жағдайындағы жұмыспен қамту
Экономикалық теория негіздері (лекциялар)
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары
Жұмыссыздық мәні, түсінігі және түрлері
Статистика пәнінен оқу-әдістемелік жиынтық
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУ САЯСАТЫ
Виртуалдық лекция бойынша пәнің «Экономиқалық теория негіздері» мәліметтері
Пәндер