Сутегі тектес атомдар



1. Атом құрылысы, заңдылықтары
2. Сутек атомының теориясы
3. Бор теориясы
4. Қорытында
1.Қазіргі кездегі атомдық ғылымның, техниканың және энергетиканың өте зор жетістігі, атомдық және ядролық физиканың қарқынды дамуының нәтижесі болып табылады. Тек заттар ғана емес жарық, электр тағы да басқа түрлі материяның табиғаты және оның қозғалысы да атомдық физика тұрғысынан қарастырылады. Сөйтіп қазіргі физикада заттың ішкі кұрылысы мен материя қозғалысы жөніндегі басты ғылымның саласы атомдық және ядролық физика туралы ілім екендігіне көзіміз толық жетіп отыр. Сол сияқты бұл ғылым саласы дүниежүзі ғылымдарының алдына, қазіргі атомдық және ядролық физиканың негізгі философиялық мәселелерін шешуді талап етеді.
Атомдық физика бөлімінде мынадай негізгі үш мәселені ерекше атап өтуіміз керек.
1. Атомдық физика атомның электронды қабықша қүрылысын және оның негізгі химиялық, электрлік, оптикалық касиеттерін қарастырады.
2. Ядролық физикада ядро құрылысы және ядролық реакция, ядроны түзейтін бөлшектер және оларды зерттеп тіркеуші приборларды пайдалану әдістері қарастырылады. Ал атомдық ядро құрылысын оның ядролық моделі (үлгісі) арқылы зерттеу қажет.
3. «Элементар бөлшектер» бөлімінде казіргі кездегі мәлім болғaн элементар бөлшектер қасиетін, сол сияқты олардың жоғары энергиялы бөлшектерінің затқа әсері және ғарыш әлемінен жер бетіне келетін жоғары энергиялық элементар бөлшектерді қарастырады.
Атом туралы ілім сонау ерте кезден-ақ пайда болған болатын. Әсіресе грек ғалымдары, Левкин, Анаксагор, Демокрит, Эпикур, Лукрецкий дененін атомдық құрылысы туралы көзқарастарды біздің эрамызға дейінгі 500—270 жылдары дамытты. Әсіресе, бұл мәселе жөнінде Демокриттің бүкіл аспан әлемі ішінде бөлінбейтін ұсақ бөлшектер, яғни атомдар бар бос кеңістік деп түсіндіруі ерек¬ше болды. Ол атомдардан құрылған денелерді бір-бірінен сыртқы пішіні және орналасу жағынан ғана айыруға болады деді. Сонда денелер атомдардын қосылуы немесе бөлінуі нәтижесінде ғана пай¬да болады және жойылады. Сөйтіп атомдар өзінің табиғи күшінің нәтижесінде қозғалыста болады. Бұл жөнінде Демокриттің көзқарасы терең мағыналы "материалистік ілім еді. Аристотель (б. э. де-йінгі 384—322) материя үздіксіз қозғалыста болады, ал атом болса бөлінетін ұсақ бөлшек болуы керек деді.
Сөйтіп өткен ғасырдың аяғына дейін атом заттың бөлінбейтін, өзгермейтін бөлшегі деп саналса, XIX ғасырдың аяғы мен XX ға¬сырдың бас кезіндегі ғылымның жаңа жетістіктері атомның күрделі бөлшек екендігін сипаттады.
Ең алғаш көптеген тәжірибелердің корытындысына сүйене отырып атом кұрылысынын моделін 1903 жылы ағылшын ғалымы Д. Томсон (1856—1940) ұсынды. Оның болжауынша атом оң зарядын бірқалыпты зарядталған радиусы 10~10м шамасындай сфе¬ра болады да, электрондар осы сфераның ішінде орналасқан. Сфераның оң зарядынын мөлшері барлық электрондардың зарядына тең, сондықтан атом бейтарап; электрон орнынан қозғалғанда оған квазисерпімді күш әсер етіп, электрон гармоникалық тербелмелі қозғалысқа келеді. Бірақ бұл қағида шындыққа сай келмеді.
Атом құрылысы туралы пікірді дамытуда 1911 ж. ағылшын физигі Э. Резерфорд (1871 —1937) өзінің мынадай моделін ұсынды.
1. Арызханов Б. Физика курсы, Мектеп баспасы, 1988 ж.
2. Савельев И.В. Жалпы физика курсы I, II. Алматы Мектеп 77ж.(аударма)
3. Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж..
4. http://kk.wikipedia.org/wiki/Диффузия
5. Абдуллаев Ж. Физика курсы, Алматыі, Білім, 1994 ж..
6. Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ. Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан, 1998.

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Сутегі тектес атомдар

Орындаған: Мұханова М.А
Тобы:БЛ - 409
Тексерген: Рахимбердина А.Т

2015 ж

ЖОСПАР
1. Атом құрылысы, заңдылықтары
2. Сутек атомының теориясы
3. Бор теориясы
4. Қорытында

1.Қазіргі кездегі атомдық ғылымның, техниканың және энергетиканың өте зор жетістігі, атомдық және ядролық физиканың қарқынды дамуының нәтижесі болып табылады. Тек заттар ғана емес жарық, электр тағы да басқа түрлі материяның табиғаты және оның қозғалысы да атомдық физика тұрғысынан қарастырылады. Сөйтіп қазіргі физикада заттың ішкі кұрылысы мен материя қозғалысы жөніндегі басты ғылымның саласы атомдық және ядролық физика туралы ілім екендігіне көзіміз толық жетіп отыр. Сол сияқты бұл ғылым саласы дүниежүзі ғылымдарының алдына, қазіргі атомдық және ядролық физиканың негізгі философиялық мәселелерін шешуді талап етеді.
Атомдық физика бөлімінде мынадай негізгі үш мәселені ерекше атап өтуіміз керек.
1. Атомдық физика атомның электронды қабықша қүрылысын және оның негізгі химиялық, электрлік, оптикалық касиеттерін қарастырады.
2. Ядролық физикада ядро құрылысы және ядролық реакция, ядроны түзейтін бөлшектер және оларды зерттеп тіркеуші приборларды пайдалану әдістері қарастырылады. Ал атомдық ядро құрылысын оның ядролық моделі (үлгісі) арқылы зерттеу қажет.
3. Элементар бөлшектер бөлімінде казіргі кездегі мәлім болғaн элементар бөлшектер қасиетін, сол сияқты олардың жоғары энергиялы бөлшектерінің затқа әсері және ғарыш әлемінен жер бетіне келетін жоғары энергиялық элементар бөлшектерді қарастырады.
Атом туралы ілім сонау ерте кезден-ақ пайда болған болатын. Әсіресе грек ғалымдары, Левкин, Анаксагор, Демокрит, Эпикур, Лукрецкий дененін атомдық құрылысы туралы көзқарастарды біздің эрамызға дейінгі 500 -- 270 жылдары дамытты. Әсіресе, бұл мәселе жөнінде Демокриттің бүкіл аспан әлемі ішінде бөлінбейтін ұсақ бөлшектер, яғни атомдар бар бос кеңістік деп түсіндіруі ерек - ше болды. Ол атомдардан құрылған денелерді бір-бірінен сыртқы пішіні және орналасу жағынан ғана айыруға болады деді. Сонда денелер атомдардын қосылуы немесе бөлінуі нәтижесінде ғана пай - да болады және жойылады. Сөйтіп атомдар өзінің табиғи күшінің нәтижесінде қозғалыста болады. Бұл жөнінде Демокриттің көзқарасы терең мағыналы "материалистік ілім еді. Аристотель (б. э. де-йінгі 384 -- 322) материя үздіксіз қозғалыста болады, ал атом болса бөлінетін ұсақ бөлшек болуы керек деді.
Сөйтіп өткен ғасырдың аяғына дейін атом заттың бөлінбейтін, өзгермейтін бөлшегі деп саналса, XIX ғасырдың аяғы мен XX ға - сырдың бас кезіндегі ғылымның жаңа жетістіктері атомның күрделі бөлшек екендігін сипаттады.
Ең алғаш көптеген тәжірибелердің корытындысына сүйене отырып атом кұрылысынын моделін 1903 жылы ағылшын ғалымы Д. Томсон (1856 -- 1940) ұсынды. Оның болжауынша атом оң зарядын бірқалыпты зарядталған радиусы 10~10м шамасындай сфе - ра болады да, электрондар осы сфераның ішінде орналасқан. Сфераның оң зарядынын мөлшері барлық электрондардың зарядына тең, сондықтан атом бейтарап; электрон орнынан қозғалғанда оған квазисерпімді күш әсер етіп, электрон гармоникалық тербелмелі қозғалысқа келеді. Бірақ бұл қағида шындыққа сай келмеді.
Атом құрылысы туралы пікірді дамытуда 1911 ж. ағылшын физигі Э. Резерфорд (1871 -- 1937) өзінің мынадай моделін ұсынды.
Атомның барлық оң заряды түгелінен оның ортасына өте шағын көлемге шоғырланған ядро болады да, оның сыртқы жағында электрондар қозғалып жүреді. Бұл қорытынды белгілі бір затты а-бөлшектермен атқылаудың нәтижесінде пайда болды. Сөйтіп а-бөлшектер негізінен радиоактивті заттардың түрленуі кезінде пай - да болатын зарядының шамасы 2-ге тең оң зарядталған бөлшектер болып есептеледі. Оның массасы электрон массасынан 7300 есе үлкен де, қозғалыс жылдамдығы шамамен 107 мс-қа тең.
Сонымен а-бөлшектер шапшаң қозғалатын едәуір ауыр бөлшектер, демек а-бөлшектер басқа заттың атомдарымен соктығысқанда атомның ішіне енуі де мүмкін.
Э. Резерфорд атомның құрылысын осы а-бөлшектерді пайдаланып тәжірибе жасап зерттеген, яғни жұқа металл пластинадан (калыңдығы шамамен 1 мкм болатын алтын фольгадан) өткен а-бөлшектердің қозғалыс бағыттарының өзгерісін бақылаған а-бөлшектердің фольгадан өткенде шашырауының себебі, оларға атомның құрамындағы зарядтардың әсер етуінен деген қорытынды шығады. Сонда электрон соқтығысқанда оның бағыты өзгере қоймайды, өйткені а-бөлшектің массасы электронның массасынан өте ауыр. Ал а-бөлшектер атомның оң зарядталған бөлшегімен соқтығысқанда олардың бағыты едәуір өзгереді.
Сонымен ос-бөлшектер атомның барлық оң зарядтар шоғырланған ядросымен күштірек әсерлеседі. Өйткені атомның ішіне енген а-бөлшектер оң зарядты ядроның әсерінен өзінің бастапқы қозғалыс бағытын өзгертіп шашырайды. Бұдан, ядродан қашығырақ өткен сс-бөлшектер шамалы бұрышқа, ал ядроға өте жақын келген а-бөлшектер үлкен бұрышқа бұрылады деген қорытынды шығады.
Сөйтіп, Резерфорд әз зерттеулерінің нәтижесінде атомның ядролық (планетарлык) моделін жасады. Себебі теріс зарядты электрон ядроның төңірегінде электрондар қабықшасын түзіп (күн жүйесінің планеталары сияқты) үздіксіз орбита бойымен айналмалы қозғалыста болады. Сонда оң зарядталған ядроның заряды Ze де (мүндағы е -- элементарлык, заряд, Z -- элементтің Менделеев кестесіндегі реттік саны), өлшемі 10~15 м, ал массасы шамамен атом массасына тең. Электрон ядродан Ю-10 м шамасындай ара қашықтықта айналып жүреді, олай болса ядро атомнан 105 еседей кіші екендігін көреміз. Бұдан, атом центрінде он зарядталған ядросы бар, оны айнала қозғалып жүретін электрондардан құралған күрделі жүйе болып табылады.
Мысалы, сутектің (іН1) атомдық нөмірі Z=l, ядросының заряды е= \ болса, сонда ядроны айна - ла қозғалатын электронный саны біреу ғана болады.
Кейінірек заттың құрылысы жайындағы ғылым дами келе атом ядросының өзі де күрделі екендігі анықталады.
2.Атом құрылысы туралы Резерфорд моделінің елеулі кемшілігі болды. Себебі классикалық электродинамика тұрғысынан қараған - да атомның ядролық моделі орнықты болмайтындығы байқалады. Өйткені электрон ядроны айнала үдей қозғалғанда, электромагниттік теория бойынша ол жарық толқындарын шығаруы керек те, оның энергиясы кемуге тиісті. Сөйтіп, электрон мен ядроның арасы жақындай түседі. Біраз уақыттан соң, электрон ядроның үстіне құлап, одан ары атомның өмірі таусылған болар еді. Екіншіден, элек - трон ядроға жақындаған сайын айналу периоды үздіксіз кеми береді де ,айналу жиілігі үздіксіз артады, сөйтіп атомның шығарған жарығының спектрі тұтас спектр болуы тиіс. Ал шын мәнінде бұл қорытындының екеуі де дұрыс емес. Тәжірибелердің нәтижелері атом орнықты жүйе екендігін, ал оның спектрі сиретілген атомдық газ спектрі дара сызықтардан түзілетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бор теориясының триумфы
Тірі организмдердің химиялық құрамының біркелкі болуы
Атом Физикасы
Химиялық байланыс
Атом ядросының байланыс энергиясы
Полимерлеу туралы жалпы мағұлмат
Атомдық физика
Ароматты көмірсутектердің галоген туындылары
Периодтық жүйедегі орнына қарай элементті және оның қосылыстарын сипаттау
Резерфорд тәжірибелері
Пәндер