Жануарлар систематикасы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қояндар систематикасы. Құрылыс ерекшелігі. Таралуы. Көбеюі мен дамуы.
Шошқа систематикасы. Құрылыс ерекшелігі. Таралуы. Көбеюі мен дамуы.
Құндыз систематикасы. Құрылыс ерекшелігі. Таралуы. Көбеюі мен дамуы.
Соқыр систематикасы. Құрылыс ерекшелігі. Таралуы. Көбеюі мен дамуы.
Орындаған: Нургазина Г
Тексерген: Тугамбаева С. М.
2015 жыл
Жоспар:
- ҚояндарҚояндар систематикасыҚұрылыс ерекшелігі мен таралуыКөбеюі мен дамуы
- ШошқаШошқалар систематикасыҚұрылыс ерекшелігі мен таралуыКөбеюі мен дамуы
- ҚұндыздарҚұндыздар систематикасыҚұрылыс ерекшелігі мен таралуыКөбеюі мен дамуы
- СоқырларСоқырлар систематикасыҚұрылыс ерекшелігі мен таралуыКөбеюі мен дамуы
Қояндар систематикасы
Бұл отрядқа дене тұрқы 12 - 69 см болатын, ірі түрлерінің артқы аяқтары мен құлақ қалқандары ұзын, майдаларының алдыңғы және артқы аяқтарының ұзындығы бірдей, құлақ қалұандары кішкентай сүтқоректілер жатады. Құйрықтары қысқа немесе тері жамылғысынан әзер байқалады. Алдыңғы аяқтары 5, артқы аяқтары 4 не 5 башпайлы. Саусақтарында тырнақтары жақсы жетілген. Үстіңгі жағында екі жұп күрек тістері болады, оның бір жұбы екіншісінің артында орналасқан. Алдыңғы күрек тістері өте үлкен, қашау тәрізді, артқылары кішкентай. Төменгі жағында мұндай тістердің саны бір жұп. Олар өмір бойы өсіп отырады. Жыртқыш тістері болмайды. Күрек және жыртқыш тістерінің арасында «диастема» деп аталатын бос орын болады.
Тіс формуласы: І 2/1; С 0/0; Р 3/2; М 3-2/3
Ас қорту жүйесінде бүйені болады, жатыры қос тармақты, жыныс мүшесі сүйексіз.
Қоянтәрізділер шығу теі жағынан кеміргіштерге өте жақын. Шөппен қоректенеді, жылына 1-4 реткөбеюге қатысып, бірден онға дейін өсім береді.
Бұл отряд өкілдері барлық құрылықта таралған. Кейбір түрлері кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланады. Қазақстанда отрядтың 2 тұқымдасына (қояндар, шақылдақтар) жататын өкілдері мекендейді.
Құрылысы мен таралуы
Кемірушілер әр түрлі ландшфтыда өмір сүреді. Олар қилы өмір жағдайына бейімделген. Жабайы сүтқоректілердің ішіндегі кемірушілер ғана адам баласының мекенінде бірге жүреді. Олар қазіргі заманғы құрылыстарда және қалаларда жүре береді. Бұлардың қозғалу қабілеті де әр түрлі: жүгіретіндер, секіретіндер, өрмелегіштер. Кейбіреулері тіпті жоспарлап ұшады. Өсімдікпен қоректенеді. Экваторға дейін полярлы және жазықтан қарлы таулы жерге дейін таралған. Кемірушілердің таралуы өсімдік жамылғысымен байланысты, олардың қорғаныштық және азықтық маңызы бар. Әр түрлі температуралық режимдерді жақсы көтереді және соған байланысты жүнінің жыл мезгіліне қарай өзгереді. Кейбір кеміргіштер жайсыз уақытта азық жинаса, кейбірі ұйқыға кетеді. Кеміргіштердің кейбір топтары (мысалы тышқандары) кеуде алды аутотомиясы бар. Жауымен құйрығынан ұстаған жануардың терісі құйрық омыртқасынан сырғып түседі. Жаланаш қалған құйрық ұшы құрап түсіп қалады, кей түрлерінде шектеулі регенерация байқалады.
Сипаттамасы: кемірушілер негізінен орташа және ірі мөлшерлі болып келеді, дене ұзындығы 60см, салмағы 8 кг ге дейін. Ұсақ түрлері тропиктермен суптропиктерде мекендейді. Ағаш және жартылай ағаш кемірушілердің денесі мүсінді, мойны анық көрінеді, құйрығы ұзын, қалың жүнді, аяқтары әсіресе артқысы ұзын, ұзыншақ жінішке бармағында ұшталған тырнағы бар. Үйде тұратын жануарлардың мойны көрінбейді, құйрығы сәйкесінше қысқа, сәл үлпілдек. Аяғы қысқа, бармағында сәл бүгілген тырнағы бар. Бірінші түрлердің алдыңғы аяқтарының бармақтары жетілмеген, ал екіншісінікі кейде тіптен болмайды. Түкті жамылғысы өзгермелі, ағаш кемірушілердікі қалың, жұмсақ және үлпілдек. Жүн түсі сұр, кейде қара және жирен түсті. Суырлар еуразия және солтүстік Америкада санаулы таралған. Олардың жеке өкілдері Тундра және суптропиктерде кездеседі. Азияттық ұзын құйрықты саршұнақ Америкалық ұзын құйрықты саршұнаққа жақын. Қазіргі кезде Азияттық ұзын құйрықты саршұнақтардың келесі түрлері белгілі; олардың ақырғы екеуі Қазақстанда кездеседі:
- Байқал сыртындағы ұзын құйрықты саршұнақ;
- нерчиндік ұзын құйрықты саршұнақ;
- якуттық ұзын құйрықты саршұнақ;
- амурлық ұзын құйрықты саршұнақ;
- алты айлық ұзын құйрықты саршұнақ;
- моңғаол ұзын құйрықты саршұнағы.
Көбеюі мен дамуы
Олар өте өсіп-өңгіш, жылына бірнеше рет ұялайды да, әрқайсысында 5-10 көжегі болады. Балалары әлсіз болып туады. 4 қүндіктердің 7 г. салмағы бар. 3 - 4 аптада өседі, 30 күнде бұталарға шығады, 40 күндіктері азығын өзі табады, бірақ 2 айға дейін аналық сүтімен қоректенеді.
Пищуха (шақылдақ) тұқымдасында 20 түрі бар делінеді. Тұқымдасқа ұсақ (дене мөлшеі 25 см көп емес) қоян тәрізділер жатады. Үлкен құлақты, жирен түсті, дала, тибеттік, непал және қара ерінді пищуха деп ажыратылады. Құлақтары қысқа және сәйкесінше жалпақ. Терісі жұқа қоянға қарағанда мықты емес. Жүні бір түсті, жазда бурыл, сары я қошқыл түсті, қыста сұр түсті болады. Қыс мезгілінде ұйқыға кетпейді. Буаз болу уақыты 25-30 тәулік 2-6 дан туады.
Шақылдақтардың суреті
Шошқалар систематикасы
Отряд тұяқтыларды біріктіреді, үшінші, төртінші бармақтары дамып келеді, олардың арасында аяқтарының осі өтеді. Басқа жанындағы бармақтар (көп түрінде екеу) әлсіз дамыған және ортаншы бармағынан жоғары орналасқан. Барлық бармақтарының аяққы қабыршақтары тұяқпен қапталған. Күйіс қайтармайтындар 3 тұқымдасты біріктіреді: шошқа (suidae), пекарилер (tayassudae), бегемот (hippopotamidae), 8 туыс, 12 түрге біріктіреді.
Жабайы шошқа немесе доңыз
Дене бітімі икемсіздеу, салмақты, аяқтары қысқа. Қысқа рай денесін қалың да қатты қылшықты жүн басады. Ересектерінің дене тұрқы 125-175 см; шоқтығының биіктігі 80-100см; құйрығы қысқа 25 см; салмағы 95-200 кг. Мегежіндері сәл кішілеу болады. Денесінің екі бүйірі қысыңқы, конус тәрізді болып келуі ит тұмсығы өтпейтін қалың қамысты қопалардың ішінде емін-еркін жүруіне көмектеседі. Сезім мүшелері жақсы жетілген.
Құрылыс ерекшелігі мен таралуы.
Доңыздар Солтүстік африка мен Азияның біраз жерлерінде таралған. Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Әсіресе, Алматы және Қызылорда облыстарында көбірек. Жабайы шошқаның саны ауа райына және оған әсер ететін түрлі себептерге байланысты өзгеріп отырады. Кейбір жылдары қыста қардың қалыңдығы 50 сантиметрден асса, онда доңыздың тіршілік жағдайы қиындай түседі, саны азайып кетеді. Қазірде Қазақстанда доңыздың жалпы саны 10-12 мыңдай. Доңыздар қамыс-құрақты қопалар мен батпақты жерлердің тұрғыны. Денелерінде кенелер кездеседі.
Көбеюі мен дамуы.
Қазақстанда мекендейтін жабайы шошқалардың күйлеуге түсуі тамыздың ортасымен желтоқсанға дейін созылады. Азық қоры мол болған жылдары доңыздар тез семіріп, ерте күйлейді. Мегежіндерінің торайлауы наурыз айынан басталып, маусымға дейін созылады. Мегежіндер 4-6, кейде 10-ға дейін торай табады. Жаңа туған доңызыдң салмағы 500-900грамм, олар 2-3 айда сүт емумен тез өсіп, күзге дейін салмағы 20 кг-ға, ал жыл аяғында 40 кг-ға жетеді. Қазіргі кезде Қазақстанда жылына шамамен 250-300 доңыз ауланады.
Құндыздар систематикасы.
Құндыздар тұымдасы - Castoridae. Дене тұрқы 130 см-ге, салмағы 30 кг-ға жететін ірі кеміргіштер. Жартылай суда тіршілік етеді. Аяқтары қысқа, бірақ өте күшті, олар жүзу жарғақтарымен жабдықталған. Тырнақтары үлкен, жалпақ. Қоңыр түсті тері жамылғысы ұзын, жұмсақ әрі қалың. Құйрығы түксіз, қалақ тәрізді жалпақ, оның ұзындығы 30 см-дей, ал ені 13 см-ге жетеді. жақсы жүзеді, күрделі ін қазып, семьяларымен тұрады. Үйшігі маңына қысқа қарай азық қорын жинайды. Құндыздардың терісі өте бағалы кеміргіштер, олар кезде сан мөлшері біртіндеп қалпына келуде, оған уақытында қорықтар ұйымдастырылып, қолда өсіруге және аулауға толық тыйым салу өз нәтижесін көрсетуде. Оның барлық тіршілік әрекеттері өзен-көлдермен тығыз байланысты. Соған орай, халқымызда «құндыз - суда, құлан - қырда» деген мәтел сақталған. Бұл мәтел құндыздың тіршілігі тікелей сумен байланысты екендігін аңғартады.
Таралуы.
Құндыздар Еуропа, Азия және Монғолия мен Солтүстік Америкада таралған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz