Нарық шаруашылығының артықшылықтары және кемшіліктері жайлы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.
СӨЖ
Тақырыбы: Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
Орындаған: Рамазанов Каусар
Тексерген: Қуантқан Б. Қ
Семей 2015 жыл
Жоспар:
1. Нарықтық экономика
2. Нарықтық экономиканың артықшылдары
3. Нарықтық экономиканың кемшіліктері
4. Нарықтық экономиканың қызметтері
Нарық - бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.
Нарықтық экономика , рыноктық экономика, базарлы экономика - еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.
Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін - осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса - олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі жұмыс істемейді ( мыс., қорғаныс ), кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық нәтижесін көрсетпейді. Нарықтың осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде ұдайы кездесіп отырады, сондықтан “таза” нарықтық экономика, сұраным мен ұсынымның қандай үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі ұйымдар, саяси өкімет тарапынан араласу - реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады. Сонымен бірге нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап, оның орнына экономиканы толық басқару әкімш. және саяси шешімдермен шешілетін болса, онда “таза” жоспарлы экономика дейтін пайда болады.
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары
Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де - жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де - елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.
өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;
кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;
экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;
экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;
өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.
өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу;
шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану;
шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі;
әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.
Нарықтық шаруашылықтың кемшіліктері
Нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді;
қоғамда теңсіздікті туғызады;
тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды;
нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажеті қанағаттандыруа бағытталған.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек саудаларынан құралып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді.
- маржиналық (шекті) талдау
- балама таңдау шығындарына
- экономикалық рационалдыққа
Маржиналық талдау принципі негізінде нарық субъектілерінің іс қимылы жүріп отырады. Олардың әрекетіне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар. Осының нәтижесінде нақты тауарлармен толық қамтылу, нарықтық бағаның өзгеруі, т. б. Яғни бұл принцип нарықтық ортаның үздіксіз қызмет етуін, сұраныс пен ұсыныстың көлемінің тұрақты сақталуын, өндіруші мен тұтынушы арасындағы тепе - теңдіктің орнауына жол ашады.
Баламалы таңдау шығынының принциптері - бұл тікелей және ресурстарды пайдаланудың, немесе, кәсіптік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген табыстың және шығындардың жиынтығы жатады.
Ерекшелігі барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің ішінен ең тиімдісін және күмәнсіз орындай алатын вариантын таңдап алу. Экономикалық рационалды принципі - табыс пен шығындарды салыстыру негізінде қалыптасады. Рационалдық таңдау өзгеріп тұратын варианттардан тұрады, яғни ең аз көлемде пайда әкелетін варианттың жүзеге асуы. Аталған принциптер нарық болмысының тепе-теңдігіне қол жеткізуге жол ашады. Нарықтың құрамы өте күрделі, ол экономиканың барлық сфераларына әсер етеді.
Нарықтың экономикалық құрылысы мынадай жағдайлармен белгіленеді:
- меншік формалары бойынша: (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас) ;
- шаруашылық субъектілернің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағына байланысты тауар өндірушілердің құрылымы (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары) ;
- тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
- шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекелендіру дәрежесімен;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz