Дарынды мен педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Жеке оқушымен жұмыс Озық тәжірибелермен танысу, тиімділігін анықтау. Мерзімді басылымдарды шолу. Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы.

Тобы :П-309

Орындаған: СәрсенбекБ.

Тексерген: Педагогика кафедрасының доценті

п. ғ. д. Тұрғанбаева Б. Ш.

Семей 2015 ж

Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы

Жоспар:

  1. Дарынды балалармен жұмыс
  2. «Қиын бала» ұғымы.
  3. Ғалымдардың ой -пікірлері және балалардың мінез-құлқын бөлуі
  4. Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан педагогикалық тәрбиелер.
  5. Пайдаланған әдебиеттер.

ҚР Білім туралы Заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалды дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту” мәселесі қаралған.

Оқушының зерттеушілік, жобалаушылық қабілеті оның ойлауы мен іс жүзіндегі әрекеттері арқылы дамиды.

Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы.

Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады) . Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қабілет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Қабілеттілік-адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтың, тұрақтылықтың көрініс беруі.

“Қабілет” түсінігінің ғылыми үш негізгі көрсеткіші:

1. Қабілет-бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.

2. Қабілет-барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік.

3. Қабілет-нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.

«Дарынды бала -бұл белгілі бір салада айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер әулеті мол бала» Н. С. Лейтис

Дарынды баланың сипаттамасы:

1. Тілінің ерте жетілуі

2. Күрделі синтаксистік тұтастықтарды сөйлеуге қолдана білуі

3. Сұрақ қоя білуі

4. Қиялының жақсы жетілуі, ұғымға тез әрі жылдам сөздік ассоциация жасай білуі

5. Шешендік

6. Жылдам оқуы

7. Ерекше ойлау қабілеті, есте сақтауының жоғарлығы

8. Танымдық қажеттілігінің жан-жақтылығы

9. Қайсарлық

10. Тұлғалық құндылық жүйесінің кеңдігі

11. Ойлау тәуелсіздігі

« Қиын бала » мәселесі көп жағдайда ата-аналардың ғана емес, сонымен қатар мекиеп қызметкерлерінің де педагогикалық санасыздығынан, білімсіздігінен болады. Бала «қиын бала» болып дүниеге келмейді, ол жүре пайда болады. Баланың өмірге бейімделу барысында біріншіден ата-ана мен қатар баланың қалыптасып, жетілуіне қатысы бар тұлғалардың бала дамуына көңіл бөлмей, тәрбиесіне мән бермегендігінен пайда болады. Яғни, баланың бұзықтық немесе дұрыс емес іс-әрекетін, мінез-құлқының өзгерісін, өтірік айту, алдау, үйішінде кішігірім ұрлық жасау және тағы басқа жағымсыз жағдайларға дер кезінде тақтауыл жасап, тәрбие жұмысының болмауынан, бала бұл жағымсыз әрекеттерге бейімделу арқылы қиын балаға айналады. Бұл жағдай жас ерекшелігіне қарай күрделеніп, оқушы болған кезеңінде, сабақтан қашу, өзінен кіші балаларға зорлық- зомбылық көрсету, төбелеске дайын тұруы және т. б. қылықтары арқы көрініп мектептегі қиын балалар қатарына ілінеді. Бұндай балалар көбіне мектепте, сынып ішілік лидерлерге айналады да сынып оқушыларының тәртібі мен сабақ үлгірімінің нашарлауына да септігін тигізеді. Бұндай балалардың санын көбейтпеу үшін не істеу керек, қиын балалармен ата-ана, мектеп басшылары, пән оқытушылары, сынып жетекшісі және ең бірінші болып педагог-психолог маман жұмыс істеуі керек.

Қазіргі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде мінез -құлқында ауытқушылық бар балаларға бірізді анықтама берілген. «Педагогикалық тәрбиеден тыс қалған», ұғымымен қатар әдебиеттерде «қиын бала», «қиындықпен тәрбиеленуші», «әлеуметтік-педагогикалық тәрбиеден тыс қалған», «адамгершілік дамуында ауытқушылық бар балалар» анықтамалары да кездеседі.

« Қиын балаларды » сен қиынсың деп кеудесінен нұқып, жалпы балалардың тобынан бөлудің қажеті жоқ. Бұндай жағдай оларды одан ары есіртіп жібереді: «Көрдіңдер ме, бізге ерекше назар аударылады» - деп басқалардың алдында әдейі көкірек қаға түседі немесе өздері жайлы төмен бағаға үйреніп, бәрібір мені ешқашан мақтамайды деп еті үйреніп кетеді.

Олай болса, қиын балалармен жұмыс және тәртіп бұзушылықтың алдын алу мәселесі қазіргі кезеңде мектеп әрекеттерінің ішіндегі маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Осы мәселе бойынша педагогикалық-психологиялық жұмыс жасай отырып, «қиын балалармен» әртүрлі іс-шаралар жүргізу жолдарын жетілдіру, оқушыларға құқықтық білім беру, жоғарғы әлеуметтік құқықтың мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін табу және жүргізу қажет. Қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыстың алғашқысы әрбір оқушыға күнделік арнау, оны бақылап, зерттеу жұмыстар жүргізу және оның нәтижесін жазып отыру қажет. Күнделік ыңғайлы, тиімді, ұзақ уақыт пайдалануға лайықты болуы тиіс. Бесіктен белі шықпай жатып, әрбір оғаш қадамына селт етпей сергек қараған балалардың жат әрекетіне баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре түзеліп кетер деп жат қылық істеген баласының әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма? Болашақ тағдыры бейтарап қалдырмайтын кез-келген адамның осы сұраққа жауап іздеуі белгілі.

Оқушылардың есейе келе, өздерiнiң жасаған құқық бузушылықтары үшiн үлкен өкінішпен қарау жағдайы көп болып тұрады. Олай дейтініміз - кей ата-ана ойнап жүріп қасындағы баласының қолына іліккен ойыншығын алып келген баласына қайдан алдың? - не болмаса «апарып бер» деген сұрақ - бұйрықтың орынына керісінше баласына, жат әрекетін мақұлдағандығын танытса, ол баланың санасына сенім ұялатып, келесі сондай іс-әрекетті қайталауына жол ашады. Мұндай әрекеттің бірнеше рет қайталанылуы бала бойында қызығушылық туындатып, менменшілдікке, көрсеқызарлыққа, жат қылықтың бой көтеріп, досының қолындағысын тартып немесе көрсетпей алу сияқты іс-әрекетін қалыптастырады. Бұл кішкене бала бойында байқалатын алғашқы ұрлықтың белгілері деуге болады. Оқушы жастағы балалардың құқық бұзуының өмірде болып жатқан нақты жағдайларына тікелей байланысты емес. Ол белгілі бір ортаға кездейсоқ немесе жоспарланған түрде тамырлануы. Балалар құқық бұзуының көбінесе қалада болуы, әлеуметтік тұрғыдан көптеген себептерінен түсіндіреді. Баланың өзіне, қоғамда пайдалы іспен айналыспауынан уақыттың көптігі, ауылдық клубтың жабылуы, күні бойғы бос сандалыс, көше кезу, кері қадамға алғы шарт бола алады. Осындай толып жатқан себептер жасөспірімнің таңғажайып оқиға жасауға ұмтылуына, керемет көрінуге, болашақ істейтін құқық бұзушылыққа, жоспар құруына немесе топтасып қылмыс істеуге жол ашады. Көбінесе бала бойынан, санасынан мықты орын алған қиялы ойша жетіліп арманын іске асыратын не асыруға асығатын балалар айналасындағыларды таң қалдыратындай етiп істеуге талпынады.

Қазіргі таңда тәрбие нормасынан алшақ, бұзақылық қасиеттерімен ерекшеленетін балаларды қиын бала, девианттық мінез-құлықты бала, ауытқушылығы бар бала және тағы басқа топтапға жатқызамыз. Белгілі ғалым И. А. Невский еңбектерінде ауытқушылық (девианттық) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес емес мінез-құлықты-деп анықтама берген.

Ал, белгілі әлеуметтанушы И. С. Кон девиантты мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық мәдениет немесе мораль қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың концепциясына сәйкес кез-келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік психологиялық, қоғамдық) . Девианттық мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден: ол анық немесе жасырын психопотолгиялық барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншіден: бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе құқықтық қалыптарды бұзатын ассиоциалды мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса, олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса, әрі жазаланса-қылмыс деп аталады. Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы) және қылмыстық іс-әрекеттер туралы айтылып отыр.

С. А. Беличева девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік ауытқуын былайша жіктейді:

1. Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние-мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты (ұрлау, тонау, алып сату, алаяқтық, және т. б) жасаған теріс әрекеттері.

2. Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (балағаттау, бұзақылық, ұрып-соғу, өлтіру, зорлау)

3. Әлеуметтік-енжар тип: белсенді өмір сүруден қашуға, азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі кемеуге ұмтылу жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өзіне-өзі қол жұмсау) .

Оқушылардың педагогикалық тәрбиеден тыс қалуын жеңу мен одан сақтандыру жөніндегі қазіргі түсінік оның негізінде авторлар саналы немесе санасыз түрде А. С. Макаренко бекіткен «педагогикалык жұмыстың шынайы объектісін қатынастар құрайды»деген жалпы теориялық тұжырымынан бастау алатынын айырып береді.

«Педагогикалық тәрбиеден тыс қалу »ұғымын айқындау оны анықтайтын өлшемінің өзгеруіне алып келеді.

А. С. Белкин оқушылар мінез-құлқындағы ауытқушылықтың педагогикалық диагностикасы теориясы мен әдістемесінің негізгі талаптарында : «барынша танымал диагностикалық көрсеткіштер аясы оқушың негізгі қызмет түріне, адамдарға, өзіне -өзі қатынасы саласында жатыр. диагностикалық функциялар жеке алынған қатынастарды анықтамайды., олардың тіркесін, тұлға мен ұжым қатынасы матрицасын құрайтын жиынтығы қызметін атқарады»м деген тұжырымды жасайды.

Қазіргі таңда мектеп қабырғаларында жүргізіліп жатқан өнегелік тәлім-тәрбие деңгейі төмен деуге болмайды. Бірақ қадағалаудың аздығы тәрбиенің тиісті деңгейде болмауы оқушылардың тәртіпсіздікке, жат қылық жасауына, тіпті қылмыстық жолға түсуіне себепші болады.

Сондықтан, бұл тұста, оқушылар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу үшін халыққа білім беру бөлімдері мен мектеп ұжымдары біріге отырып, мынадай шараларды жүзеге асыру қажет:

Біріншіден, мектеп қабырғасында құқықтық және өнегелік тәрбиенің тиісті деңгейде жүруін және бұл мәселемен арнаулы мамандардың айналысуын қамтамасыз ету қажет.

Екіншіден, оқушылардың бойында жоғары сезімдерді, өнегелік, эстетикалық, құқықтық және саяси білімдерді ұялату және нығайту үшін әрбір мектепте педагогикалық - психологиялық қызметтер құрып, олардың типтік ережелерін жасау керек.

Үшіншіден, әрбір мектеп қабырғасында оқушылар үшін әлеуметтік қызметтер кешенін, оның ішінде әлеуметтік-психологиялық заңдық көмек беру қызметін, балалардың сабақтан кейінгі бос уақытын ұйымдастыру мақсатында демалыс орталықтарын ақысыз негізде құру қажет.

Педагогикалық және құқықтық әдебиеттерде, бос уақытты дұрыс қолдана білмеу және оның тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы кәмелетке толмағандарды қылмысқа жетелейтін басты себептердің бірі, деп ерекше атап көрсетіледі. Осыған орай жастарды өсуге ынталандыру, олардың өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру мақсатында үкімет арнайы бағдарлама қабылдап, онда жастар тәрбиесіне қатысты барлық мәселелер қарастырылуы қажет.

Оқушы жастағы балалардың бос уақытын мазмұнды етіп, өткізуін ұйымдасттырудың маңызды бағыттарының бірі ретінде ұлдар мен қыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту және оларға қоғамдық жетекші тағайындау.

Сонымен, кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын-алу барысындағы құқық бұзушылық мiнез-құлықтың алдын-алу шарасы мектептегi педагогикалық iс-әрекеттiң құрамдас бөлiгi болып табылады.

Бүгінгі таңда оқушы жастағы балалардың арасында педагогикалық тұрғыдан қараусыздық жасөспірім бойында қоғамға қарсы қажеттіліктердің туындауына, достық, борыш, абырой сияқты түсініктерінің бұрмалануына себепші болады. Олардың енді қалыптасып келе жатқан рухани, эстетикалық және танымдық қажеттіліктері деформациялана бастайды.

Оның үстіне педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған оқушылар арасында педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жасөспірімдерді мынадай 4 топқа бөлуге болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке оқушымен жұмыс Озық тәжірибелермен танысу, тиімділігін анықтау
Жеке оқушымен жұмыс. Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы
Дарынды балалармен тәрбие жұмысы. Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу
Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы туралы ақпарат
Жеке оқушымен жұмыс
Жеке оқушымен жұмыс Озық тәжірибелермен танысу, тиімділігін анықтау. Мерзімді басылымдарды шолу. Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы
Қиын балаларға психологиялық көмек
Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы
Қиын жасөспірімді тәрбиелеу
Әлеуметтік педагогтың кәсіби, адамгершілік сапалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz