Адамдарды тануға ұсынуды жүргізуді тактикалық - криминалистикалық қамтамасыз ету
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
І.Тануға ұсынудың жалпы сипаттамасын дәлелдеудің процесуальдық құралы ретінде.
1.1.Тануға ұсынудың түсінігі, мәні, маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Тануға ұсынудың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
II. Адамдарды тануға ұсынуды жүргізуді тактикалық.криминалистикалық қамтамасыз ету.
2.1. Танушы адамнан тануға ұсыну басталмастан бұрын жауап алу ... ... ... ... ...33
2.2.Адамдарды тануға ұсынуды жүргізуді қамтамасыз ету шарттары ... ... ... ... 41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
Қолданған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60

КІРІСПЕ
Криминалистиканың өзекті мәселелесінің арасында дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және бағалау процестерімен байланысты мәселелер келгенін зерттеу аса маңызды орын алады. Оларды зерттеу көптеген жылдар бойы процессуалдық-криминалистикалық сипат ала бастады.
Криминалистиканың қылмыстық процеспен сіңісіп кететіні бәріне мәлім. Криминалистика туындатқан әдіс-айлалар негізгі көрінісін қылмыстық процессуалдық іс-әрекет шеңберінде табады және қылмыстық процестің басты мақсаттарына жету құралы ретінде қызмет атқарады. Көптеген криминалистикалық рекомендация - ұсынымдар қылмыстық процессуалдық заңда көрініс тауып, заң талаптарының басты элементтеріне айналған, мысалы, сезіктіден, айыпкерден, жәбірленуші мен куәдан жауап алу, т. б .
Тануға ұсыну тергеу әрекеті бұрын қылмыстық процессуалдык заңда толық көрініс таппаған тергеу әрекеттері болатын. Сондықтан бұл тергеу әрекетін толық ашып қарастыру қазіргі криминалистика тұрғысының өзекті мәселерінің бірі болып табылады.
Тануға ұсыну тергеу әрекеті, әрине, дербес тергеу әрекеті болып табылады және оның басты мақсаты-объектінің бірдейлігін, ұқсастығын анықтау.
Бұл тергеу әрекеті өзінің түп мәні бойынша психологиялық тергеу әрекетінің бір көрінісі.
Тануға ұсыну тергеу әрекетіне арналған бұл жұмыстың негізіне В.С.Бурданованың және И.Е.Быковскийдің «Предъявление на опознания на предварительном следствии» сонымен қатар, А.Я.Гинабургтың «Опознания в следственной, оперативно-розыскной и экспертной практике» атты еңбектері алынған болатын.

Қолданған әдебиеттер тізімі
1.Нормативтік құжаттар:
1. ҚР Конституциясы. Алматы, 1997 ж.
2. ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексі. Алматы, 1997 ж.
З. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Алматы, 1998 ж.
2. Арнайы әдебиеттер және оқулықтар:
1.Андреев В.И. Сборник материалов научно-практической конференции по проблемам раскрытия, расследования и предупреждения преступности. Караганда, 1994 г.
2.Бычков.С.Ф., Гинзбург А.Я. Следственные действия (Краткий комментарий кУПК). Алматы, 1998 г.
3.Васильев В.Л. Юридическая психология. М., юрид.литература-1991 г.
4.Воробьев Г.А. Тактика и психологические особенности судебных действий: Учеб.пособие.-Краснодар: Изд-во Кубан.ун-та, 1986.-86 с.
5.Гапанович.Н.Н.Опознание в судопроизводстве: Процесс.и.психолог.пробл. Минск:Изд-во Белорус.ун-та, 1975.-175 с.
6.Гапанович Н.Н. Опознание в следственной и судебной практике: Тактика.-
Минск:Изд-во Белорус.ун-та,1978.-160 с.
7.Гинзбург А.Я. Основы оперативно-розыскной деятельности. Алматы, 1997г.
8.Гинзбург А.Я. Криминалистические основы следственных действий: По УПК РК: Учеб.пособие/А.Я.Гинзбург: Под ред.А.Ф.Аубакирова, -Алматы: Данекер, -2002.-306с.
9.Гинзбург А.Я.Тактика предъявления для опознания. М, 1971 г.
10.Глазифин Д.В. Психология следственных действий. Волгоград, 1982 г.
11.Гуценко К.Ф. Уголовный процесс. М., 1996 г.
12.Домбровский Р.Г. Совершенствование форм и методов борьбы с преступностью: -Рига:Изд-во Латвийск.ун-та, 1989.-И8 с.
13.Доспулов Т.Т. Оптимизация предварительного следствия. Алма-Ата, 1984г.
14.Еникеев В.И. Общая и юридическая психология. (в 2 частьях) М, Юр.лит. 1996 г.
15.Еркенов С.Е. Тергеу әрекеттерінің тактикасы/С.Е.Еркенов, С.И.Сұлтанов.- Алматы: Дәнекер, 2002.-228 б.
16.Зорин Г.А. Возможности криминалистического анализа в процессах предварителыюго расследования. Уч.метод.пособие. Юрлитинформ,2001.320 с.
17.Комиссаров И.В. Теоретическое проблемы следственной тактики. Саратов, 1987 г.
18.Когамов К. Краткий научно-практический комментарий к главам нового УПК РК. Алматы, 1998 г.
19.Козлов В.В. Повышение эффективности в расследовании преступлений. Тактико-психологические основы возникновения следствия в уголовном деле.-Науч.ред.Саратов. -1984. 124 -с.
20.Кондратьев И.В. Уголовно-процессуальные и криминалистические аспекты моделирования в расследовании преступлений. Уч.пособие.Караганда-2003 г. 115с.
21.Крикунов А.Е, Маевский А.Ф. Тактика и психологические основы предъявления для опознания. Киев, 1975
22.Лузгин И.М. Моделирование в расследовании преступлений. М, 1981 г.
23.Лупинская Р.А. Уголовный процесс. М.,1996 г.
24.Лукашевич В.Г. Тактика общения следователя с участниками отдельных следственных действий: Допрос, очная ставка, предъявления для опознания, проверка показаний на месте: Уч.пособие.Изд-Киев, 1989. -88с.
25.Образцов В.А. Следственные действия. Криминалист.рекомендации.
26.Образцов В.А. Криминалистика. Юрист 2001. -733 с.
27.Оновалова В.Е. Психология в расследовании преступлений. Харьков, 1978 г.
28.Пирожков В.Ф. Криминальная психология. -М,2001. -189 с.
29.Ратинов А.Р. Судебная психология для следователей. М., 1987 г.
30.Рыжков А.Л., Сергеев А.И. Субъекты уголовного процесса, Тула, 1996 г. 31.Тихонов Б. Проблемы криминалистики и доказательств при расследований преступлений. Межвуз. Науч.лит.- 149-171 с.
32.Удалов Л.Д. Вопросы тактики предъявления для опознания /Криминалистика и судебная экспертиза. 1983 г.
33.Яблоков Н.П. Криминалистика, 1995 г.
34.Якушев С.Ю. Тактические приемы расследования преступлений. Казань 1984 г.
3.Практикалық материалдар.
1.Актуальные проблемы прововедения в современный период. Томск 1991г.
2.Быховский И.Е. Глазырин Ф.В. Питерцев С.
Допустимость тактических приемов при запросе. Учебное пособие 1989г.
3.Бахин В.П, Когамов М.Ч, Карпов Н.С. Допрос на предварительном следствии:Уголовно-процессуальные и криминалистические вопросы. Алматы 1998г.
4.Ведерников Н.Т. Изучение личности обвиняемого по отдельным категориям преступлений. Правовые проблемы борьбы с преступностью. Томск 1980г.
5.Гинзбург А.Я. Опознание в следственной оперативно-розыскной и оперативной практике. Учебное пособие. Алматы 1996г
6.Криминалистическая тактика: Курс лекций под ред. Лаврова С.В, Нургалиева Б.М. Караганда 1999.
7.Копиев Д.П. Установление следователем обстоятельств преступления, имеющих психологическую структуру. М.1984г.
8.Митрохина З.И. Использование данных психологии при производстве допроса и судебно-психологической экспертизы. Текст лекций. 1982.
9.Образцов В.А. Криминалистика:Теория. Понятие и виды криминалистической техники. Тактические основы следственных действий. Общие методики расследования. Учебное пособие 1994.
10.Теория и практика использования специяльных знаний при расследовании преступлений. Сб. науч. трудов. Волгоград 1989г.
11.Тактика использования внезапности в раскрытии преступлении ОВД. Учебное пособие 1990.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
І.Тануға ұсынудың жалпы сипаттамасын дәлелдеудің процесуальдық құралы
ретінде.
1.1.Тануға ұсынудың түсінігі, мәні,
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Тануға ұсынудың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .19
II. Адамдарды тануға ұсынуды жүргізуді тактикалық-криминалистикалық
қамтамасыз ету.
2.1. Танушы адамнан тануға ұсыну басталмастан бұрын жауап
алу ... ... ... ... ...33
2.2.Адамдарды тануға ұсынуды жүргізуді қамтамасыз ету
шарттары ... ... ... ... 41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58
Қолданған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...60
КІРІСПЕ
Криминалистиканың өзекті мәселелесінің арасында дәлелдемелерді жинау,
зерттеу, бағалау және бағалау процестерімен байланысты мәселелер келгенін
зерттеу аса маңызды орын алады. Оларды зерттеу көптеген жылдар бойы
процессуалдық-криминалистикалық сипат ала бастады.
Криминалистиканың қылмыстық процеспен сіңісіп кететіні бәріне мәлім.
Криминалистика туындатқан әдіс-айлалар негізгі көрінісін қылмыстық
процессуалдық іс-әрекет шеңберінде табады және қылмыстық процестің басты
мақсаттарына жету құралы ретінде қызмет атқарады. Көптеген
криминалистикалық рекомендация - ұсынымдар қылмыстық процессуалдық заңда
көрініс тауып, заң талаптарының басты элементтеріне айналған, мысалы,
сезіктіден, айыпкерден, жәбірленуші мен куәдан жауап алу, т. б .
Тануға ұсыну тергеу әрекеті бұрын қылмыстық процессуалдык заңда толық
көрініс таппаған тергеу әрекеттері болатын. Сондықтан бұл тергеу әрекетін
толық ашып қарастыру қазіргі криминалистика тұрғысының өзекті мәселерінің
бірі болып табылады.
Тануға ұсыну тергеу әрекеті, әрине, дербес тергеу әрекеті болып
табылады және оның басты мақсаты-объектінің бірдейлігін, ұқсастығын
анықтау.
Бұл тергеу әрекеті өзінің түп мәні бойынша психологиялық тергеу
әрекетінің бір көрінісі.
Тануға ұсыну тергеу әрекетіне арналған бұл жұмыстың негізіне
В.С.Бурданованың және И.Е.Быковскийдің Предъявление на опознания на
предварительном следствии сонымен қатар, А.Я.Гинабургтың Опознания в
следственной, оперативно-розыскной и экспертной практике атты еңбектері
алынған болатын.

1.1. Тануға ұсынудың түсінігі, мәні, маңызы.
Тануға ұсыну тергеу әрекеттерінің ең күрделі түрлерінің бірі болып
табылады және оның анықтамасы туралы ғалымдар арасында біркелкілік әліге
дейін байқалмайды. В.С.Бурданова және И.Е Быковскийдің анықтауы бойынша
тануға ұсыну-бұрын белгілі объектіні көрген және оның ерешеліктеріменен
белгілері туралы жауап алынған адамға сол объект немесе оның кескіні,
суреті осы адам сол объектіні таныған-танымағандығын, таныса, қандай
белгілері бойынша танығанын анықтау үшін біртекті өзге объектілер арасында
ұсынудан тұратын тергеу әрекеті[1]. В.А.Образцов
тануға ұсыну түсінігін объектіні ойлау жолымен
идентификациялаудың процессуалдық түрі ретінде айқындайды[2].
Тануға ұсыну бұрынғы заңдылықта болмаған, жақын арада пайда болған
процессуалдық іс-әрекеттердің қатарына жатады. Тануға ұсынудың
регламентациясы 1961 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық процессуалдық кодексінде
тұңғыш рет жүзеге асырылды.
Тануға ұсыну көптеген елдердің қылмыстық-процессуалдық жүйелерінде
көптеген ғасырлардан бері белгілі болғанымен, Кеңес Одағында оны ғылыми
негіздеу үшін бірнеше ондаған жылдар қажет болды.
Шындығына келгенде, тануға ұсыну өзінің мақсаттары, психологиялық мәні,
өткізу тактикасы мен құқықтық реттелуі бойынша, әрине, дербес процессуалдық
іс-әрекет болып табылады. Тануға ұсынудың мақсаты соңғы нетижесінде
ұсынылған объектінің бірдейлігін анықтау болып табылады. Мұнда тергеуші
тануға ұсынылған объект танушы бұрын тергеліп жатқан оқиғаға байланысты
көрген және бұл туралы жауап берген объект болып табылатын-табылмайтындығын
анықтауға тырысады. Осы белгісі арқылы тануға ұсыну басты мақсаты жауап
берушіден жасалған қылмыстық мән-жайлары туралы, айыпкердің, сезіктінің,
жәберленушінің тұлғалық мінездемесі туралы, жалпы іс бойынша маңызы бар мән-
жайларды анықтау болып табылатын жауап алудан ерекшеленеді. Психологиялық
аспектіде танудың мәні танушының бұрын байқаған, көрген объектіні тануында
айқындалады.
Тануға ұсыну нәтижелерін зерттеу мен бағалауда көптеген қыйыншылықтар
кездесетін және осы нәтижелерге ықпал ететін көптеген факторларды ескеруді
қажет ететін күрделі тергеу әрекеттеріне жататындығы өзіне көңіл аударады.
Р.С.Белкин мұндай факторлардың көптігін көрсетеді және олардың қатарына
мыналарды жатқызады: танушының процессуалдық жағдайы; оның танылуға
ұсынылған объектіге, егер адам болса, танушының танулышыға қатысы; танылушы
объект тергеуді қызықтырушы мезетте байқалған мән-жайлары, жағдайлары және
тануға ұсынылғандығы жағдайлары; танушының осы 2 жағдайлардағы психикалық
және физикалық жай-күйі; оның жадының жай-күйі, тану объектісінің жеке
индивидуалдық белгілерінің өте айқын көрінуі.
Алайда, бұл қиыншылықтарға қарамастан, тануға ұсыну іс бойынша
дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтаудың бір құралы ретінде кеңінен
қолданылады. Процессуалдык талаптарды, криминалистикалық тәсілдерді
және криминалистикалық рекомендацияларды сақтау және
оларды ұстану тануға ұсыну нәтижелерінің шындығының кепілі болады.
Юридикалық әдиебеттерде тануға ұсыну мәселесін С. М.Потапов,
Н.В.Тераней, А.И.Винберг және басқалар зерттеген.
Демек, тануға ұсынудың мәні бұрын қабылданған объектіні ұқсатуда немесе
оның топтық біртектілігін анықтауда болып табылады. Тану мақсатына жету
үшін қылмыстың процессуалдық заң және криминалистикалық белгілеген
ережелерді басшылыққа ала отырып, танушы деп аталатын сезіктіге, айыпкерге,
жәбірленушіге, куәға ұсынылған объектіге осы объект тергелуші оқиғаға
байланысты ол бұрын көргенімен ұқсас екендігін анықтау үшін қабылдауға
мүмкіндік береді.
Мысалы танушылар ретінде айыпкерлер мен сезіктілер шығып отыр. Ал
өзінің жақын танысын өлтірген. Мәйітті жасыруға оған 2 жолдасы көмектескен.
Жәбірленушінің жоғалып кетуіне байланысты тергеу барысында қылмысқа
қатысушылар ұсталған. Ол екеуі қылмыс жасағанын мойындап, мәйіттің көмілген
жерін көрсеткен. Мәйіт көмілген жерінен шығарып алған соң, ол тану үшін
сезіктілерге ұсынылған, сезіктілер бұл кісі өлтіруді А. жасағандығын
көрсеткен. Жиналған дәлелдемелер негізінде А. тұтқындалған және оған кісі
өлтіргендігі туралы айып тағылған. Ол өз кінәсін толық мойындаған.
Демек, мұнда көріп тұрғанымыздай, тануға ұсыну жолымен іс бойынша
дәлелдемелер алынуы мумкін.
Өзге барлық тергеу әрекеттері сияқты тануға ұсыну тек заңда және шынайы
негіздердің бар болуында ғана бола алады.
Заңды негіздер - бұл заңда көрсетілген тергеушінің тануға ұсынуды
өндіруге құқық қабілеттігі. Қ.Р. қылмыстық процессуалдық кодексінің 228-
бабына сәйкес тергеуші бұрын байқалған адаммен немесе затпен ұқсастықты
немесе ерекшелікті аныктау мақсатында тану үшін куәға, сезіктіге,
жәбірленушіге, айыпкерге адамды немесе затты ұсына алады[3].
Шынайы (фактілі) негіздер қатарына осы тергеу әрекеттерінің қажеттілігі
мен оны өткізу мүмкіндігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін
тергеушідегі процессуалдық, сол сияқты процессуалдық емес сипаттағы
мәліметтер жатады. Шынайы негіздер болмаған жағдайда тануға ұсыну мүмкін
емес (мысалы, тергеуші ұқсас объектілер таба алмағанда, т.б). Тануға
ұсынудың міндеттері кеңірек талқыланады. Мысалы, тануға ұсыну жолымен
жәбірленушілердің, куәлардың, сезіктілердің, айыпкерлердің көрсетпелері
тексеріледі. Тергеу басында фактілердің шығу тегі және олар арасындағы
себептік байланыс сипаты көбінесе болжамды түрде түсіндіріледі. Сондықтан,
тануға ұсынудың тағы бір міндеті - тергеу тұспалдарын тексеру, тануға ұсыну
нәтижелерін қылмыстың кейбір жағдайларын анықтау үшін пайдалануға болады,
мысалы, бірнеше тонаушылардың қылмыс жасалған жердегі әрекеттерін ажырату
үшін. Алынған мәліметтер айыпкерді айкындау үшін немесе куә көрсетпелерін
жоққа шығару үшін пайдалануы мүмкін.
Тану өндірісінде тергеуші қылмыстық-процессуалдык заңға сәйкес танушыға
тану үшін объектіні ұсынады және танушыдан ол объектіні таныған-
танымағаны туралы сұрайды. Криминалистикада көрсетілгендей, бұл
процесстің мәні-танушы адам оның жадында жатталған бұрын байқалған
объектінің бейнесін оған басқа объектілермен қатар ұсынылған объектімен
ойша салыстыруда, идентификациялауда. Оның нәтижесі олардың ұқсастығы,
біркелкілігі немесе өзгешелігі туралы қорытынды болады. Мұндағы тану өте
күрделі психологиялық процесс және криминалистикадағы оның анықтамасы
өте қысқартылған, қарапайым болып саналады.
Жадының механизімі туралы сұрақ күрделі әрі бірқатар ғылымдардың -
физиологияның, биологияның, психологияның, кибернетиканың зерттеу пәні
болып табылады. Физиологтар ақпараттық сақталу процессін нервтік
байланыстардың (ассоциациялардың) қалыптаусуымен ұштастырады, ал
биохимектер - рубоноклиндік қышқылдың (РНҚ) құрамының өзгерумен
байланыстырса, психологтар жадының адам іс-әрекеті, сипаты мен тұлғаның
бағытталуына байланысты болатынына назар аударады және т.б. Осы тұрғындан
тонауға ұсынуға қатысты мүдделерді ескере отырып, танудың психологиялық
процессің қысқаша сипаттап өтейік.
Психологтардың тұжырымдауы бойынша сезімдік білім адам жадына
сақталатын дайын, қатып қалған бейне емес. Материалдық дүниенің объектілері
туралы сезімдік елестер психикалық бейнелер ретінде субъектінің іс-
әрекетінен ажырамастай өмір сүреді, оны байыта түседі. Демек, материалдық
дүниенің бұрын қабылданған объектісі жөніндегі сезімдік білім адам жадында
дайын зат, нәрсе түрінде сақталмайды, тану-объектіні қайта қабылдағандағы
бейнені қалпына келтіруді аңғартады. Психологтардың айтуы бойынша тану
қолда бар нәсерлерді жадына сақталған таныс іздермен салыстырудың ойша
операциясына негізделген. Индивидуалдық және тектік тану түрлері
ажыратады[4]. Индивидуалдық тану барысында қандай да бір жалғыз объект
танылады. Ол жадыда дәл сол бұрын қабылданған объект ретінде
фиксацияланады. Тектік тану - вариативті затта немесе құбылыста тану, яғни,
оны объектілердің белгілі класына жатқызу. Қайта келтіруде де, қалпына,
қолданылатын тәсілдердің сипаты мен мазмұнына қарамастан, тану әрқашанда
қайта қалпына келтіруден жоғары деңгейде тұрады. Психологияда дәл сол
уақытта және ізбе-іздікпен, сатылы түрде болатын тануды
ажыратады[5]. Дәл сол уақытта тану объект жақсы таныс болғанда және
оны қабылдау жағдайлары қиындатылғанда болады. Мұнда тануға ұсынудың ең
қолайлы жағдайлары жасалу салдарынан болады.
Ізбе-іздікпен тану варианттарды ұсынып, оларды қорытумен байланыста
болады (гипотизалар шығару) және сатылылығымен сипатталады. Бірінші сатыда
танысшылық сезімі ғана пайда болады, ол екінші сатысында толық тану
деңгейіне көтеріледі, бұл да тергеу жағдайының қолайлы элементі. Күрделі
танулар ерекше құбылыстарға жатады, мұнда адам тұңғыш қабылданып, жатқан
объектілерді таныс ретінде басынан кешіреді (бұрын болғандық феномені).
Тануға ұсыну процесінде тану адамдарды, заттарды басқа объектілерді зат
тануға айналуы мүмкін.
Демек, тану процесінің психологиялық негіздерін тергеушінің білуі бұл
күрделі тергеу әрекетін дұрыс үйымдастыруға, алынған нәтижелерді дұрыс
бағалауға, оларды басқа дәлелдемелердің көмегімен тексеруге ынталануға
көмектеседі.
В.С.Бурданова мен И.Е.Быковский өз еңбегінде тануға ұсынудың бірнеше
тұрғыларын атап көрсеткен: психологиялық, логикалық, процессуалдық-
криминалистикалық.
Психологиялық тұрғыдан алғанда тануға ұсынудың негізінде танудың
күрделі психикалық процесі жатыр, ол адам жадында сақталып қалған тұлғаның,
немесе заттың бейнесін ұсынылған объектілермен салыстырудан тұрады және
оның нәтижесінде олардың ұқсастығы немесе ұқсас еместігі анықталады.
Тану барысында ұқсастық, топтық біркелкілігі туралы қорытынды жасауға
негіз танушының санасындағы ойша бейне болып табылады, оның белгілерін
тергеуші де, сот та тікелей қабылдай алмайды. Танудың психологиялық
негіздерің білу процессі қатысушыларына бұл бейненің қалыптасу процесін
түсінуге мүмкіндік береді, ол тану нәтижелерін басқа дәлелдемелермен
салыстырғанда - бұл фактіні бекітілген деп санауға болатын-болмайтынын
шешуге мүмкіндік береді.
Тануға ұсыну процесіне танушы объектіні субъект сезімнің алуан түрлі
органдарымен қабылданады. Негізі жұрттық сезімдер жататын тануға ұсыну ең
көп тараған объектілердің шығаратын дыбыстары бойынша оларды тану сирек
кездеседі, мысалы, адамды дауысы және тілінің ерекшеліктері бойынша тану.
Сонымен қатар, объектіні адам санасында сипап сезу арқылы сезінулердің
нәтижесінде қалған белгілері бойынша танулар да болады. Мысалы, бір
қылмыстық істі тергеу барысында бір соқыр әйел орамалды сипап сезіну арқылы
одан осы орамал ұрланғаны туралы хабарлаған.
Тануды иіс және дәм бойынша өткізуге де ешбір юридикалық қайшылықтағы
көрсетпелер жоқ. Алайда, гигиеналық, ал кейбір жағдайларда этикалық
нормаларға бола тануға ұсынудың бұл түрлерін өткізуге шек қойлады.
Логикалық гносиологиялық тұрғыдан алғанда да тануға ұсыну объектіні
оның индивидуалдық белгілері бойынша (бет-әлпетінің белгілері бойынша)
танығанда болады. Мұндайда тергеуші тануға ұсыну нәтижесінде керекті,
қажетті объектіні айқындайды.
Ал объектінің тектік біркелкілігін анықтауда тергеуші тиісті объекті
адамдардың немесе заттардың белгілі бір түріне жататындығы туралы
дәлелдемелер алады. Практикада бұл мынадай жағдайларда орын алады: танушы
адам оған тануға ұсынылған объектінің бұрын ол көрген немесе танушы адамның
жыдында индивидуалдық белгілердің болмауына байланысты тануға ұсынылған
объектінің нақты сол объект екендігін толық айғақтай алмайды.
Процессуалдық криминалистикалық тұрғыдан алғанда тануға ұсыну мынадай
нәтижелерге мүмкіндік беретін тергеу әрекеті:
1) қолда бар дәлелдемелерді тексеру (мысалы, жауап алынған адамдардың
көрсетпелерін тексеруге);
2) жаңа дәлелдемелер алуға;
3) тергеу барысында басшылыққа алынатын тұспаларды
тексеруге мүмкіндік береді[6].
Тануға ұсыну барысында танушы адам сатылы түрде бірінен соң бірі
қалаптасушы және танушы процестерді жүзеге асырады. Қалыптасушы процесс
өзіне адамның немесе заттың бейнесін ұсынуды, түсінуді енгізеді.
Қалыптасушы және танушы процестерге ой, іс-әрекеттерінің бірқатар сатылары
тән. Танушы процесте, мысалы, танушы объектіні өз тұрғысында қабылдау,
оларды бұрын қабылдаған объектілермен ойша салыстыру, бұл объектілердің
белгілерін жадыда қайта жандандыру және ұқсастық немесе ұқсастық емес
туралы сұрақты шешу үрдістері жүреді.
Н.И.Хлюпин танудың екі түрін ажыратады: симультандық (синтетикналық)
және сукцессивті (аналитикалық) тану. Симультандық тануда адам өз
корытындысын объектіні жалпылама қабылдаудан қалыптастырады, мұнда ол осы
объектіге тән қандай да бір әлементерді ажыратпайды және оның белгілерін
талдамайды. Мұндай тану түріне жиі байқалатын объектілерді тану мысал бола
алады, (туған-туысқандарды, таныстарды, көп пайдаланатын жеке заттарды және
т.б.тану). Сукцессивті тану ең алдымен бүкіл жеке белгілерін ажыратып,
дифференциялау жолымен жүзеге асыралады, оның негізінде жалпы бейне
қалыптастырылады, өз кезеңде, оның салдарынан объектінің ұқсастығы
немесе ұқсаспайтындығы туралы қорытынды жасалады[7].
Симультандық немесе сукцессивті тануға қабілеттілік адамдардың
индивидуалдық психикалық қасиеттеріне байланысты болады.
Тергеуші, егер іс сотта қаралып жатқан болса - сот, тануға ұсыну
нәтижелеріне баға береді, себебі ол орын алған ұқсастылық немесе тектік
біркелкілік туралы сұрақты шешеді.
Кейбір авторлардың тұжырымдаулары бойынша "тануға ұсыну бұрыс
қабылданған объектінің ұқсастығы туралы жәбірленушінің, куәнің, сезіктінің
немесе айыпкердің қорытындысынан тұрады." (Р.С.Белкин, В.П.Лавров,
М.М.Лузин, т.б.). Біздің оймызша бұл жаңылысу болып табылады. Аталған
адамдар танушылар бола тұра объектіні танығандығы туралы хабарлайды,
тергеуші танушыға сұрақтар қоя отырып, тану дәрежесін анықтайды, алынған
нәтижені бағалайды, оны басқа дәлелдеулермен салыстырады және осы
арқылы идентефикациялауды жүзеге асырады.
Тану алуан түрлі дәрежедегі дәлелділікке ие болатындықтан,
тергеушіге танудың түрін аныктау қажет: тану бірдейліктен
тұрады ма әлде үқсатықтан ба? Ешуақытта тану туралы
мәлімдемемен ғана шектеліп қоймау керек.
Демек, тануға ұсынудың нәтижелері мыналар болады:
1) бірдейлігін анықтау, яғни нақты объектінің дәл сол бұрын көргені
екенін анықтау;
2) ұқсастығын анықтау (объектіні жалпы топқа жатқызу);
3) Танымау, мысалы, танушы өзіне тану үшін ұсынылған азаматтарды бұрын
көрген адамының бейнесімен ойша салыстыра отырып, ұсынылғандарың біреуін
белгілі бір белгілері бойынша бұрын өзі көрген адамы ретінде танитындығын
көрсетеді.
Егер танушы адам танылушы адам бұрын көрген адамына ұқсамайтындығы
туралы мәлемдесе, бірақ бірқатар ұқсас белгілерімен қатар ол адамда жеке
ерекшеліктері бар екендігі, сондықтан оны бұрын көрген адамы ретінде тани
алмайтындығын айтса, онда бұл тануды топтың біркелкілікі анықтау қатарына
жатқызу керек. Танудың аталған екі түрлері арасында олардың дәлелдемелік
маңыздылығы тұрғысынан ағанда үлкен ерекшелік жатыр.
Тануға ұсынылған криминалистикалық идентификациялаудың бір түрі
болып табылатын тану аркылы жүреді. Идентификациялау процесі бағынатын
заңдылықтарды қарастыра отырып, идентификацияланушы объект танылуға жататын
дәл сол объект екендігі туралы тұжырымдауға болады. Объект айқындалған
индивидуалдылыққа және салыстырмалы түрдегі тұрақты танылушы белгілерге ие
болу керек. Сонымен қатар бұл белгілер адам оларды ешбір ғылыми-техниқалық
құралдардың көмегінсіз қабылдап, жаттай алатындығы түрде айқындалған болуы
керек. Біз қарастырып отырған идентификацияның басқа формалардан ерекшелігі
ойша бейнелеу бойынша объектінің танушы адам оны бұрын тікелей қабылдағанда
ғана идентификацияланатындығында.
Тағы бір елеулі қасиеті - идентификацияланушы "объект" идеалдық
категория қатарына жататындығында. Ол адам жадында бұрын бір затты не
адамды көру нәтижесінде қалған ойша бейне. Осы тұрғында, біздің оймызша
"объект" түсінігін ойша бейнеге қатысты қолдану қате болып саналады.
Тануға ұсыну нәтижерлерінің шындыққа сәйкестігін кепілдеу үшін келесі
ерекшеліктерді сақтау қажет:
1.Кейіннен танушы болатын адаммен тануға ұсыну болмастан бұрын ол
сәйкес объектіні көрген мән жайлар туралы, тануға тиіс адамның, заттың
немесе басқа объектінің ерекшеліктері туралы жауап алынуға тиіс.
2.Тануға ұсынбастан бұрын осы тергеу әрекетін өндіруші адам танушы адам
танушымен кездеспеу үшін және танушыға әрқандай формаларды ықпал етулерді
болдырмау үшін қажетті шараларды қолдануға міндетті.
З.Адам тану үшін оған ұқсас, бірақ іске қатысы жоқ адамдар тобында
ұсынылады.
4.Ұқсас адамдар болып танушылардан сыртқы бейнелері, белгілері,
қасиеттері, ерекшеліктері бойынша ажырамайтындар саналады. Танылушы адам
тану үшін ұсынылған басқа адамдардан киімімен шашының алынғанымен және оның
тұтқында екеніне көрсететін басқа да белгілерімен ерекшеленбеуі керек.
5. танулыға ұсынылған адамдардың жалпы саны үштен кем болмауы керек.
6.Тануға ұсыну басталмастан бұрын танылушыға адамдардың арасында
қалаған орынды алуға мүмкіндігі беріледі.
7.Қажет болғанда тануға ұсыну айғақ адамдардың қатысумен танушының
ұсынылған адамдар тобынан көрінбейтін жағдайларда өткізілуі мүмкін.
8.Тануға ұсыну өндірісіне маман адам қатыса алады.
9.Егер танушы куә немесе жәберленуші болса, онда ол тану басталмастан
бұрын көрсетпе беруден бас тартақандық үшін және алдын ала жалған
көрсетпелер бергендік үшін болатын жауапкершілік туралы ескертіледі.
10.Заттар мен өзге де объектілер тану үшін іске қатысы жоқ біртекті
объектілер қатарына ұсынылады. Бұл ереже мәйітті немесе ерекше бір затты
тануға жаралмайды.
11.Тануға ұсыну туралы оның қандай нәтижелер беретініне қарамастан,
хаттама жасалады. Хаттамаға қосымша ретінде фотосуреттер,
аудио және видео жазбалар тіркелуі мүмкін[8].
Тануға ұсынуды бірқатар сипаттамалары бойынша топтастырылады, мысалы,
объектілері, әдістері бойынша.
Тануға ұсынушы объектілер саналуан түрлі болғандықтан, оларды түрлерді
бойынша топтастырады. Мұндай топтастыру әрі процессуалдық, әрі
криминалистикалық тұрғыдан алганда өте маңызды, себебі объектілердің
түрлеріне қарай оларды ұсынудың процессуалдық тәртібі мен тергеу әрекетін
жүргізудің тактикалық тәсілдері анықталады.
Осының негізінде криминалистикада тануға ұсынудың келесі түрлерін
ажыратады:
1. Тану үшін тірі адамдарды ұсыну.
2. Тану үшін мәйітті ұсыну.
3. Жылжитын заттарды немесе өзге де объектілерді тану үшін ұсыну.
Жылжитындар қатарына, мысалы, заттардың бөліктерін, жануарларды және т.б.
объектілерді оларды тергеу өндірісі орнына, сотқа әкелу мүмкіндігіне қарай
жатқызады.
4.Тануға жылжымайтын объектіні ұсыну. Олардың қатарына орнынан қозғалту
мүмкін болмайтын жер участкелерін, ғимараттарды, жеке баспаналарды және
өзге де сол сияқты объектілерді жатқызады.
5.Тануға ерекше затты, объектіні ұсыну.
6.Тануға аудиоматериалдарды, кино-фото, видео түсірмелерді ұсыну.
Мұндай түрлердің тізімдері объектілерді тану ерекшеліктерімен оларды ұсыну
жағдайларын ескере отырып, біршама кеңейтілуі мүмкін. Мысалы,
М.А.Петуховский сотталған адамдардың еңбекпен түзеу мекемелерінде жасаған
қылмыстарын тергеудегі тануға ұсыну ерекшеліктерін қарастырады. Ал,
Б.А.Салаев төтенше жағдайларда адамдардың көптеген өлгеніндегі
мәйіттерді тануға ұсынудың ерекшелігін зерттеген[9].
Одан әрі болатын жіктеу объектінің ұсынылуына карай болуы мүмкін.
Объект өз тұрғысында әлде оның фотосуреті ұсынылуы. Біздің ойымыша,
объектіні оның реконструкциясы немесе модель бойынша тану идентификация
ретінде қарастырыла алмайды, себебі, мұндай бұрын тікелей қабылдаған
объектінің өзі де ұқсас деп табылуы мүмкін. Реконструкция не болмаса модель
бойынша қабылданған объект арасындағы ұқсастықты анықтауға ғна әкеледі.
Әдістері бойынша тануға ұсыну түрлері статистикалық белгілеріне карай
(сыртқы көрінісі бойынша) және динамикалык белгілеріне қарай (дауысы,
сезінің, жүрісінің ерекшеліктері бойынша) ажыратылады.
Тану көру, сипап-сезіну және есіту сезімдері негізінде жүзеге асылылуы
мүмкін. Сонымен қатар, тану осы сезімдердің бүкіл кешенінен құралған
ақпараттардың үйлесунің нәтижесінде болуы мүмкін. Мысалы, танушы адам
қандайда бір затты тұтасымен жаттап қалған болады, ал бірақ оның сипап
сезуге болатын белгілерін де жадында ұстауы мүмкін. Мұндайда да, ол затты
көріп және оны сипап сезініп, ол затты таныған ерекше белгілеріне
көрсетеді. Танушы адам тұлғаны оның бет-әлпетімен дауыс ерекшеліктеріне
бола тануы мүмкін. Алайда, тек ғана жалғыз сипаттау немесе есітуден алған
әсерлер негізінде болатын танулар да болатын, мысалы, егер танушы адам
соқыр болса.
Тануға ұсынатын объектілер арасында белгілі бір шектелулер болады.
Мысалы, ыдырау дәрежесі өліктің сыртқы бет-бейнесін қалпына келтіру
мүмкіндігін жоққа шығаратын болса және мәйіт қалдықтарында қандайда бір
сипаттаушы белгілер болмаса, онда бұл мәйіт тануға ұсынылмайды. Белгілі бір
формасы, қалпы жоқ заттар (мысалы, ұнтақтар, сұйықтар) тек қана текті
белгілері бойынша тануға ұсыну объектілері бола алады.
Тануға ұсынудың субъектілері куәлар бұлайша бөлу танушы дамның
процессуалдық жағдайда байланысты болады.
Заң танушылар үшін ешбір жастық шектеуле қоймайды. Психологиялық
ерекшелдіктері бойынша танушыларды ересектер мен кәмелетке толмағандар,
психикалық сау және психикалық ауру адамдар деп бөлуге болады. Одан басқа,
танушыларды дені сау және анатомиялық немесе функционалдық кемшіліктері бар
адамдарға бөлуге болады, мысалы, соқырлар, құлағы естімейтіндер,
сөйлей алмайтындар, т.б.
Кейде психикалық ауруы бар адамға белгілі объектіні тануға ұсынуда
қажеттілік туындайды. Мұндай жағдайда тергеуші емдеуші дәрігерден аталған
адамның тануға ұсынуға қатыса алатын-алмайтындығы туралы анықтама қағазын
алуы керек. Мұндай анықтама қағаз, онда тергеушінің сұранысына оң не ретсіз
жауаптың болуына қарамастан, қылмыстық іске тіркеледі. Егер танушы ауру
адам болса, тергеу әрекетінде тергеуші оған аса қатты назар аудару керек.
Дау туған жағдайларда соттың психиатырлық сараптама тағайындаған жөн.
Объектіні тану үшін өзге де ауруларға душар адамға ұсынғанда, оның
сезім органдарының жай-күйі ескеріледі. Мысалы, егер адамның құлағы
естімейтін болса, онда ол адамға және сөйлеу ерекшеліктері бойынша
өткізілетін танудың субъектісі бола алмайды. Сол сияқты соқыр адам
объектіні көру органдары арқылы тани алмайды.
Егер танушы адам кәмелетке толмаған болса, онда РҚ қылмыстық
процессуалдық кодексінің 79 және 80 - бабының 2 -бөліміне сәйкес олардың
заңды өкілдері шақыртылады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, тануға ұсыну негізінде танудың психикалық
процесі жатады. Алайда мұндай танулар тек тануға ұсыну барысында ғана емес,
сонымен катар басқа да бір тергеу әрекеттерінде, жедел шараларында орын
алуы мүмкін. Мысалы оқиға болған жерді қарау барысында айғақ адам өлікті
танып, оның аты-жөнін атауы, сезіктінің пәтерінде тінту жүргізу барысында
жәбірленуші өзінің ұрланған заттарын тануы, және т.б. Мұндай жағдайларда
тану факті сәйкес тергеу әрекетінің хаттамасында орын алады.
Алайда мұндай тектегі әрекеттерді процессуалдык мағынадағы тануға ұсыну
ретінде қарастыруға болмайды, себебі мұнда танудың нақты объектісі жоқ және
осы тергеу әрекеттерінің жоғарыда келтіріген шарттары орындалмаған. Тануға
ұсыну барысында тергеуші субъектінің осы объектіні белгілі жағдайларда
қабылдағаны туралы өз болжамын тексереді. Ал жаңа келтіріген жағдайлардың
бәрінде тергеуші ұсынылған объектілердің арасында тануға тиісті объектінің
бар-жоғын білмеді. Сонымен қатар, азаматтарға өліктің аты-жөнін анықтау
үшін мәйітті көрсету де тануға ұсыну ретінде қарастырыла алмады, себебі бұл
азаматтардан мәйіті табылған адамның ерекшеліктерін білу үшін жауап
алынбайды. Мұндайда жауап тек мәйіт танылған соң ғана алынады.
Осы және басқа да әрекеттердің барысы мен нәтижелері
фиксацияланатындығына қарамастан, белгілі бір дәлелдемелік маңызға ие
болатынына қарамастан, аталған объектілер тануға ұсыну барысында танылған
жағдайда қандай да бір объектіні тану фактісінің дәлелдемелік маңызы
біршама жоғары болар еді.
Кейде тану жәбірленушінің қатысумен болған полиция қызметкелерінің
шарлау әрекеттері барысында орын алуы мүмкін.
Егер шарлау нәтижесінде жәбірленуші нақты бәр адам таныса және ол адам
ұсталса, онда бұл әрекеттер келесі құжаттарда суреттеледі:
1) шарлау әрекеттері басталмас бұрын болған және онда сезіктінің
белгілері көрсетілген жәбірленушіден жауап алу хаттамасында;
2) тергеуші, жәбірленуші, полиция қызметкерлері және ұстауда болған
басқада адамдар қол қойған ұстасу хаттамасы;
3) ұсталған адамнан ұстаудың мән жайлары жауап алу
хаттамасында;
4) жәбірленушіден ол ұсталған адамды таныған белгілерін
қөрсетумен жауап алудаң хаттамасында.
1.2. Тануға ұсынудың түрлері.
Тануға ұсынудың психологиялық маңызы болып ұсынылған объектіні тану
және бұрын қабылданған объектімен оның ұқсастығы, бірдейлігі немесе
өзгешелігі туралы ойлаудың психикалық процесі саналады.
Тану мәселесі бүгінгі таңдағы ғылымның ең күрделі мәселелерінің бірі
болып табылады. Психологияның, кибернетиканың, бионетиканың және басқа да
ғылымдардың жеке бағыттары тану механизмін зерттеумен айналысуда.
Тану процесінің қалай жүретінін жалпылама түрде сипаттап өтейік.
Қабылдау сезінуден, яғни адам санасында сезім органдарына ықпал ететін
заттардың жеке қасиеттерімен сапаларының шығарылуы салдарынан басталады.
Психологиялық сезінулерді былайша бөледі: көру, есіту, қимыл, дәм, иіс,
сипап сезінулер. Сезінулер адам денесінің және сыртқы қабаттарында
орналасқан арнайы нервті-физиологиялық аппарат-анализаторлардың жұмыс
істеу негізінде пайда болады. Сезім мүшелерінің сезімталдығы бірқатар
жағдайларға байланысты болады: сыртқы ортаға (тыныш жерде есту күшейеді,
көз жақсы сәуледе күшті көреді), сезім органдарының жай-күйіне байланысты
болады (мидың шаршауы, қорқыныш, үрейлену, абыржу, мастық бүкіл органдардың
сезімталдығын төмендетеді). Анализаторлардың жұмысына психологиялық
факторлар әсер етеді: көңіл, назар, интеллектуалдық қажеттіліктер, ниеттер,
эмоциялар. Сезімталдыққа кейбір фармакологиялық препараттар да әсер етеді.
Сезімталдық кофеинді, кофені, қантты, күшті шайды тұтынғанда жоғарылайды.
Азғана мөлшердегі алкоголь сезімталдықты қысқа уақытқа күшейтеді, бірақ
соңынан оны төмендетіп, бүкіл қыздырғыштарға реакциясын күрт төмендетеді.
Сезінушілерді минималды, төменгі шегін және максималды, жоғарғы шегін
ажыратады. Бұл шектерден төмен немесе жоғары болатын сезінулер ерекше жай-
күйлерде немесе арнайы тренировкаларда болуы мүмкін.
Қабылдау сезінумен және ойлаумен байланысты. Қабылдау ойлауға тән
процестерді қалыптастырады: талдау, синтездеу, салыстуру. Қабылдауды сезіну
мен сыйлауды байланыстыратын көпір ретінде қарастыруға болады. Алдынала
ойланған және алдынала ойланбаған қабылдауларды ажыратады. Еріктілік
күшімен байланысты болатын алдын ала ойлаған қабылдау жақсы жаттуға ықпал
етеді. Қабылдаудың ең дамыған формасы болып байқау саналады.
Қабылдау және жаттау сана белгілі бір объектге бағытталғанында болады,
яғни көнілдің, назардың бар болғанында. Назарда көптеген психикалық
процесстердің қыры ретінде қарастырылады.
Назар ырықты және ырықсыз болуы мүмкін. Бір ғана құбылыс туралы
көрсетпелердің қарама-қайшылықтары жауап берушілердің әрқайсысының
назарының өзін ғана қызықтыратын жағдайларда аударылатындығымен
түсіндіріледі. Осының салдарынан құбылыстық басқа бөлшектері толық емес
қабылданған. Бұл ырықсыз назарға тән сипат.
Ырықты назармен тергеуші азаматтар немесе жедел жұмыскерлер белгілі бір
құбылысты арнайы байқап, қабылдағандығында кездеседі. Әдетте, ырықты назар,
ырықсызға қарағанда анағұрлым толығырақ әрі терең.
Жады-бұрын қабылдағанды, ойластырылғанды, басынан көшірілгенді,
жасалғанды адам санасындағы тоқтату, сақтау және керек болғанды оларды
қайта жанғырту қасиеті. Жады бір мәліметтерді басқалармен тығыз байланысты
сақтайды. Психикалық ассоциациялар материалдық дүниенің заттары мен
құбылыстарының шынайы байланысын сипаттайды: кеңістіктік және уақыттық
қатынастар (қатарлық бойынша ассоциациялар), заттар арасындағы
ұқсастық (ұқсастықтар бойынша ассоциациялар), қарама-
қайшылықтар (контракт бойынша ассоциациялар) және т.б.
Жаттап қалу да қабылдау мен назар сияқты ырықты (алдын ала ойланған)
және ырықсыз (алдын ала ойланбаған) болады.
Ырықты жаттап қалу адамның өз алдына белгілі затты жаттау туралы
белгілі мақсат қоюмен сипатталады. Мұнда, жаттап қалудың арнайы тәсілдерін
пайдаланады. Көбіне, бұл адамның Кәсібі іс-әрекетіне байланысты болады.
Сондықтан психологияда кәсібі жадына арнайы түрде жеке қарастырады.
Жады төрт түрге жіктеледі: кимылдық (моторлық), үлгі-бейнелік, сөздік-
логикалық және эмоционалдық. Мысалы жүргізушілерде, әдетте, үлгі-бейнелік
және қимылдық жады, математикте сөздік-логикалық, суретшіде-эмоционалдық
жадының түрлері үстемдік етеді.
Қайта жандандару - бұрын қабылданған және жатталғанды қайта
өзектендіру. Қайта жаңғыртуға ағымы уақытқа, объектіге кызығушылығына, нерв
жүйесінің жай-күйіне байланысты болатын ұмыту процесі ықпал етеді.
Психикалық процесстердің ағымы субъективті және объективті шарттарға
тәуелді болады. Енді осы шарттарды қарастырып өтейік, себебі тануға ұсынуға
дайындалу және оның нәтижелерін бағалау жөніндегі сұрақты шешкенде тергеуші
және сот дәл осы шарттарды мұқият зерттеуден өткізеді.
Субъективті шарттарға нақты адамның тұлғалық құрылымы қалыптасатын
элементтер жатады: биологиялық және әлуметтік шарталған ерекшеліктер,
мысалы, сезіну, жады сияқты психикалық процесстердің индивидуалдық
ерекшеліктері. Бұларға эмоционалдық және еріктілік көріністер жатады.
Сонымен қатар, осы мезеттегі сезім органдарының жай-күйі де маңызға ие
болады.
Объективті шарттар - адамды қоршаған жағдайлардың әлементтері: жыл
уақыты, тәулік уақыты, жарықтылық, қоршаған заттардың орналасуы, фон,
байқаушының объектіге катысты орны, байқаудың ұзықтығы.
Тану процесіне бұрын қабылданған объектілердің жадыда сақталған
бейнелері қатысады. Тану процесінде бұл бейнелер жадыда өзектелінуі керек.
Алайда, адам ол қабылдаған объектінің белгілерінің санын барлық уақытта
бағалай алмайды. Белгілерді салыстыру процесі сана
деңгейде жүреді деп жорамалдау қате болып табылады.
Бас мидың қыртыс асты бөліктерінде таңдамалы қабылдаушылық
қабілеті бар нейрондар болады[10].
И.М.Сеченовтың тұжырымдауы бойынша тану процесі жадының құпия
орындарында, санадан тыс, демек, ақыл мен еріктің ешбір қатысуынсыз жүреді.
Сондықтан, кейде адамдар жауап беруде көрген затын тани алмайтындығы туралы
хабарлағанымен, соңынан осы затты таниды. Осы тұрғыда мынадай практикалық
сұрақ туындайды: объектіні алдын ала жауап алуда объектінің ешқандай
белгілерін атамаған және оны тануда күдік білдірген адамға тану үшін
ұсынуға болады ма? Аталған теориялық ережеге сүйене отырып, адам объектіні
оның ерекшеліктер мен қасиеттерін суреттемей-ақ және оны тануында күдік
білдіре тұрса да, тани алатындығы туралы болжам жасалды. Бұл болжамды
тексеру үшін СССР Ішкі істер Министрлігінің Жоғарғы мектебінде профессор
А.Р.Ратиновтың басшылығында эксперимент өткізілген болатын: оның нәтижелері
жаңылысулар проценті ерекшеліктерін суреттеумен тануда сезімділік бар
болғанда да, олар куәда болмаған жағдайда да бірдей болатының көрсетті.
Эксперимент барысында мына жағдай да анықталды: көптеген жағдайларда
тану алдынала жауап алуда суреттелген белгілер бойынша ғана емес, сонымен
қатар куә айтпаған, бірақ оның санасында қажетті түрде сақталған белгілер
бойынша да жүреді.
Тануға ұсыну туралы сұрақты танушының объектіні тануға білдірген
бекемділігінен шыға отырып шешуге болмайды. Мұндағы, тергеушіге
көрсетілетін субъективті бекемділік бұл адамның индивидуалдық мінездемесіне
байланысты болады: өзіне -өзі сенім ділігімен күдіктенушілігі, бекемділігі
немесе абайлылығы, сыншылдығы немесе сыншылдық еместігі және т.б. Егер
жауап алынбастан бұрын адам жалған көрсетпелер бергені үшін ескертілгенін
есепке алатын болсақ, онда ол адам бұл жауапкершіліктен қауіптеніп,
тергеушіге көрстеткен бекемділігінің деңгеиі шыңайы бекемділікке қарағанда
қатты азайтылған болуы мүмкін.
Практикада мұндай жағдайлар аз емес. Тануға ұсынғанда танушы адам
объектіні ол өзі алдын ала жауап алуда суреттеген белгілері бойынша
танымайды, әрі ешкімді танымағаны туралы хабарлайды. Тергеуші хаттаманы
толтырып жатқанында эмоционалдық сым бәсендейді, соның салдарынын танушы
адам қандайда бір функционалдық белгіні айқындайды: күлкісі, шаш
тарағанда адамға тән қолдың сілтемесі, бет бұлшық
беттерінің қозғалысы және т.б. Танушы бұл іс-қимылдарды есіне
түсіріп, ол бойынша адамды таниды, бұл туралы тергеу әрекетіне
қатусышылардың болуында хабарлама жасайды. Кейде мұндай ерекшелдік ретінде
функционалдық емес, бұрын куә айтпаған анатомиялық белгі болуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда жоғарыда аталған лавтік қасиеттер қөрініс табады.
Ақпаратта өндеу функциясын атқара отырып, сезілмейтін жоғары нервтік іс-
қимыл адам мінез-қылығын реттейтін тұрғылықтарға қалыптастырады және жүзеге
асырады. Мұндағы тұрғылық құбылыста немесе затта бұрын оны тікелей
қабылдаумен шартталған белгілі бейнеде қабылдауға дайындылық ретінде
түсіндіріледі. Тұрғылықтардың іс-қимылдары санасыз түрде жүреді. Сондықтан,
ізгі ниетсіз куәны табу мүмкін емес. Болып жаттанда бағалау, симпатия мен
антипатия қабылдаудың одан арғы процесін анықтайды. Іс-әрекеттері әділетті
ретінде қабылданатын адам жақсы азамат, таза киінген ретінде қабылданады.
Қабылдауға эмоционалдық процесстің ықпал етуі екіжүзділі болуы мүмкін:
қабылданушы ақпараттың көлемімен дәлділігін жоғарылата алады, ал кейде оны
төмендетіп төтеп, бұрмалауы да мүмкін. Психологтар эмоциаларды қандайда бір
мәселені шешу үшін ақпаратың жетіспегенінде әрекетке түсетін тірі жандардың
қорғаныс механизмі ретінде қарастырады. Олар мақсатқа жету үшін бұл
жетіспеушілікпен өтуге организмнің күштерін шоғырландырады. эмоциялар
организмнің белгілі бір жағдайларға үйренісуін ынтыландырады.
Психологтардың айтуы бойынша мұндайда адамның бүкіл организмі ықпал етудің
үстемдік етуші типіне ауысады. Тек осы мезетке қажет болатын ақпараттар
қабылданады және өңделеді. Мысалы, қорқынышы жайында организмге сол мезетте
қажет еместердің бүкіліне қатысты назар, сезіну, жады төмендейді. Мұндай
жағдайларда уақыт аралықтары созылады, қорқыныш тудырған заттардың көлемі
ұлғаяды, түстер күңгірттенеді, т.б. Әлсіреген уақытта белсенділік
жағдайында қабылдаудың көлемінен санасына өзінің теріс ықпалын тигізетін
қиялмен сендіру әрекетке келеді. Қабылдау дұрыстығын бұзатын факторлар
санына мастық күй де әсер етеді. Мастықтың жеңіл дәрежесінің өзі көру мен
естудің деңгейін төмендетеді. Мас болғанда адамда түс сезінушілік, әсіресе,
қызыл спектр түстерін сезіну қабілеттілігі. Есіту, көру және иістік
қоздырғыштарға реакция жасау уақытты күрт ұлғайтады. Аурулық
сезінулерде көру, есіту, иіс сезінулерінің жоғарлануы байқалады.
Мұндағы психологиялық мәліметтерді тергеушінің пайдалауына қолайландыру
үшін тергеу практикасында тануға ұсыну мәселесі шешілгенде жиі тексерілетін
және бағаланатын объект әлементтері бойынша қарастырып етуді жөн көрдік.
Уақытты қабылдау.
Тану нәтижелерін бағалау үшін тергеуші танушы адамның танылушы
объектіні қанша уақыт қабылдағанын білуі керек, себебі объектінің
белгілерін қабылдау мен жадыдаудың толықтылығы мен дәлдігі осыған
байланысты болады.
Жәбірленуші, куәгер үшін құбылыстық ұзақтылығын басынан кешіру
эмоционалдық қисымен байланысты болады. Ол жадыда жеңіл сақталады және оңай
қайта жаңғыртылады, бірак уақытты анық тандаудағы кателіктермен байланысты
болады. Тәжірибелер көрсеткендегі, кәдімгі жағдайда адам елеулі уақыт
аралықтарын жөнді бағаламайды және аз ғана уақыт аралықтарын артық
бағалайды. Жағымды эмоциалар уақытта субъективті бағалауды күрт кемітеді,
ал жағымсыз эмоциялар - оларды создырады.
Кейде тергеуші жәбірленушінің көрсетпелері негізінде жәбірленуші
қылмыскер белгілерін ұзақ бойы қабылдағандықтан, ол оларды жақсы жаттап
қалған болуы керек деген ойға келеді. Ал шындығына келгенде, жәбірленушіге
затты ауыртпалықтар келтіру оның уақытты қабылдауын бұрмалаған, жәбірленуші
қылмыскерді өте аз уақыт бойы көріп, оның белгілерің жеке тұстарын ғана
есте сақтап қалған. Кейде уақыт интервалдарын дәлдеуге адамның мамандығы
көмектеседі.
Кеңістікті қабылдау.
Тануға ұсынуда объектінің ең алдымен сыртқы түрі, пішіні және өлшемдері
туралы мәліметтер қажет. Алайда объектінің белгілері туралы көрсетпелерді
олардың бір-бірінен және байқаушыдан қашықтығын білмей тұрып бағалау мүмкін
емес. Сондықтан тергеушіге бүкіл кеңістіктік категориялар туралы кейбір
мәліметтер қажет болады.
Қабылданушы зат байқаушыдан қандай қашықтықта екенін анықту үшін заттың
шынайы өлшемдерінің белгілі болуы қажет.
Демек, бұрынғы қабылдаулардың тәжірибесі керек. Психологиялық
эксперименттер көрсеткендей, адам өзі түсініп тұрғанын ғана көреді. Біз
бұны кеңістіктік категорияларын қабылдаудың тығыз өзара байланыстылығына
назар аудару үшін атап өттік. Объектілердің өлшемдері, сыртқы түрлері мен
пішіндері және олар мен байқаушы арасындағы қашықтық тығыз байланысқан.
Мысалы, адамның бойы сырт кезге адам мен оны қоршаған заттар арасындағы
қашықтыққа және жарық көзінің орналасуына байланысты болады. Сол сияқты,
көзден қашықта орналасқан заттар көзге жақын орналасқан заттарға қарағанда
кіші көрінеді.
Қабылдаудың өзге де иллюзиялары белгілі. Алқаштарға белгілі көрінетін
заттардың сандық иллюзиясы сау, мас емес адамда да болуы мүмкін, егер ол
алыстатылған затта мұқият байқап отырса, ол көзінің жанында басқа бір зат
тұрса. Осы басқа зат екеуленеді.
Кеңістіктік қатынастарды қабылдаудағы қателіктер көрудегі ақаулықтарға
байланысты болуы мүмкін. Мұндай ақаулықтары бар адамдар саны туралы
мәліметтер мынадай қорытындыға екелдіреді. Әрбір жүз адамның 20-сы қашықта
әлсіз кереді, жүз жасөспірімнің 12-сі, ал 50-жастан асқан ересектердің 100-
нің 80-ні алыстан көре алмайды, түс аномалдар, яғни түстерді қате
ажырататын адамдар 100 еркектің шамамен 8-і, ал әйел адамдарда 250 адамның
тек біреуі ғана.
Түс қабылдау.
Түс қабылдауға бірнеше факторлар ісер етеді. Түстер қашықта тура өзінің
тондарын, жарықтылығын және қоюлылығын олар өздері қабылданып жатқан фонға,
көру бұрышына, жарықтылыққа байланысты өзгереді.
Көрудің кіші бұрышы болғанда ақ фонда бүкіл түстер "2 оң критикалық
нүктелерге" қарай бағытталу тенденциясына ие болатындығы мәлім, олардың
бірі спектрдің ең шеткі көрінетін қызыл бөлімінде, 2-шісі-спектрдің жасыл
және көк түрлері арасында орналасқан.
Осының салдарынан ақ фонда сары, қызғылт, көгілдір түстер қызарады, ал
сары жасыл, жасыл және көкшіл түстер көзгереді. Көк, көгілдір, көкшіл
түстер ақ фонда өте қатты түнереді.
Көрудің кіші бұрышы болғанында, яғни зат қашықта орналасқанда қызыл түс
қара фонда бозғылт ретінде қабылданады, ал ақ фонда өзінің негізгі түсін
сақтап қалады.
Бозғылт түс қара фонда сары немесе қызыл, ал ақ фонда қызыл түс ретінде
қабылданады. Сары түс қара фонда жасыл сияқты көрінеді, ал ақ фонда бозғылт
ретінде қабылданады. Дәл осындай жағдайларда жасыл түс сары немесе көк, ал
ақ фонда көкшіл ретінде қабылданады.
Түстік иллюзиялар 2 әртүрлі түстер бір-бірінің жанында орналасқанда
пайда болады. Физика зандылықтары бойынша бұл түстер үшінші бір түске
ұласып кетеді немесе бір түсбасқасын жауап, оны өзгертеді.
Төмендетілген жарықтылық түсті объектілерді алыс қашықтарын қабылдау
сияқты бүкіл түстерді "акроматикалық" етеді, яғни заттарды ақ және қара
түстердің алуан түрлеріне " бояйды".
Түсті қабылдаудың жылмен тәулік уақытына байланыстылығы
ажыраталады. Жаз айларында көздің спектірдің жасыл сәулелеріне
сезімталдылығы күшейеді. Күндіз көк қызыл тондарда жақсы көреді, ал түнде
жасыл және көк түстерге көздің сезімталдығы күшейеді. Сондықтан кештің
болуымен спектрдің қызыл бөлігінің бүкіл түстері салыстырмалы түрде түнере
түседі, ал жасыл-көк бөлігінің түстері біршама жарықтау бола бастайды.
Түстік жеткіліксіздік (дальтонизм) салдарынан болатын жаңылысулар
мұндай кемшілігі бар адамдардың бұл туралы білмеуімен еселеніп қауіп
төндіреді.
Жоғарыда аталған мәліметтер тергеушінің көрсетпелерді тексеруі үшін,
іздестірілуші объектінің белгілері туралы тұспалдар шығару үшін және
объектінің белгілерін суреттеудегі қателіктерді түсіндіру үшін қажет,
маңызды.
Кісі өлтіру, тонау, зорлау сияқты ауыр қылмыстар, көліктік қылмыстар
және басқалары түнгі кақытта жиі-жиі жасалады. Сондықтан нашар жағдайларда
көру мүмкіндіктері туралы мәліметтердің криминалистика үшін маңызы зор.
Түнгі уақытта адамның көріп қабылдау қабылетінің шектелуі жазықтық және
тереңдетілген көру күшінің төмендеуімен, түстік қабылдау әдәуір қысқарумен
немесе мүлдем жоғалумен, бағытталыну қабілеттілігінің нашарлауымен,
теріс эмоциялардың-корқьіныштың, абыржудың, т.б. дауымен, анализда
торлардың және бүкіл организмнің шаршаумымен түсіндірледі.
Бұл мәліметтер адам тұлғасы мен нақты жағдайдың шарттарына байланысты
өзгеріп отыруы мүмкін. Мысалы, кофеин қабылдау түнде көрудің
сезімталдылығың 30% - ке 32 жоғарылатады. Монотондық дыбыстық қоздыргыштық
әрекеті (мысалы, жұмыс істеп тұрған мотордың дыбысы) көруді төмендетеді,
куә көрсетпелерін бағалауда түнгі уақыт туралы келтірілген мәліметтер
пайдалы болуы мүмкін.
Адам сияқты объектіні қабылдау өзге объектілерді қабылдауға
қарағанда қабылдаушының индивидуалдық қасиеттерінен одан да
жоғары дәреже тәуелді болады, мысалы, оның психологиялық мінездемесінен.
Қабылдаушының санасында адамдардың сыртқы бет-бейнесін қалыптастыру
сипатына қабылдаушының қабылдаушыға қатынасын анықтайтын елеулі әсер етеді.
Бұл ереже психологиялық ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен
дәлелденген. Бір ғана адам зертелушілерге әртурлі тұрғылықтармен ұсынылған
"ол қылмыскер", "ол батыр", "ол қылмыскер" тұрғылыгы берілгенде адамды
былайша сипаттаған:
"Бұл адам ызалы, әлеуметтік сатыда төмен орналасқан. Жөнді білінбеген,
таранбаған. Қылмыскерге айналмастан бұрын ол қызметкер немесе интеллигент
болған деуге болады. Түрі өте ызалы".
Дәл осы бейне "ол батыр" тұрғылыға берілгенде: "25-30 жас аралығында
адам. Жігерлі, ерікті, дұрыс бет пішіндеріне ие. Түрі өте айқындалған.
Шаштары жалбырақтаған, қырынбаған, жағасы ашылған. Бәлкім, бұл қандай да
бір шайқастың батыры болар."
Көптеген тонаулар туралы істер бойынша айыпкер өз кұрбанымен алдынала
танысып, оны шығарып салып, соңынан шабуылдаған эпизодтарында барлық
жәбірленушілер айыпкер туралы "сүйкімді, орта бойлы мас адам" болды деп
жауап берген. Ал айыпкер дереу шабуыл жасап тонағанда, оны "сүйкімсіз,
үлкен бойлы, желбірген шашты ер адам" ретінде сипаттаған.
Адам бет әрекеттерінің әлементерін ізбе-іздікпен қабылдау туралы және
қабылдаушы үшін неғұрлым маңызды элементтер туралы сұрақтар да
криминалистика үшін елеулі қызығушылыққа ие.
Психологтардың айтуы бойынша адамның бет-әлпетінің элементтері мынадай
ізбе-іздікпен қабылданады: маңдай, қастары, көздері, құлақтары, мұрыны,
еріндері, иегі. Көздері адамды "есептейтін" сияқты болады. Сондықтан, егер
жәбірленуші қылмыскерді көзі бойынша тануына сенімділік білдірсе, тануға
ұсыну да өткізуге болады.
Ақ-қара түсті фотосурет бойынша адамды тануға ұсынғанда танушыларды
танушы адамдар басым көп жағдайларда шаштары бойынша танитындығын
психологиялық тәжірибелер дәлелдеген. Шаштың қайрылуы индивидуалдық
белгілердің негіздерінің бірі болып табылады. Мұнысымен оның тану үшін
қолайлы мәні сипатталады. Шаш ерекшілігі арқылы адамды оңай тануға болады.
Алайда, бірақ-ақ адамның шашының қайрылуы адамның еркіне байланысты және
оның еркінен тыс сан алуан пішіндерге ие болуы мүмкін. Шаштың қайрылуы
арқылы адамның бет-әлпетін танымастай етіп өзгертуге болады. Сондықтан
қылмыскер адамда қылмыс жасау сәтінде қандай шаш қайырлуы түрі болғанын
анықтап алу өте қажет.
Адамның бойы елеулі криминалистикалық маңызға ие болады. Ол
көрсетпелердің басым көпшілігінде көрсетіледі. Алайда, адам бойын
анықтаудағы қателігі де өте елеулі мөлшерде болып отыр. Адам бойымен
байланысты әлдебір түсініктер алуан түрлі көрсеткіштер үштастырылады.
Мысалы, еркек үшін 168 см бой қаттамаларда "орташадан төмен" деп
көрсетіледі (дегенмен де, қабылданған градация бойынша ол "орташа" - 167-
170 см).
Бұл әдеттегі өмірде адамның бойының, оның іс-әрекетінің нәтижесіне
ықпал етпейтінімен түсіндірледі. Іс-әрекеттері адамның бойын анықтаумен
байланысты болатын спортшылар, тігіншілер, суретшілер және басқа да
мамандар осы бағытта өз сезім органдарын машықтандырады және оны сырт
көзбен салыстырмалы түрде дәл анықтайды.
Адам бойын қабылдауға контраст құбылысы да ықпал етеді. Егер бір
мезетте екі түрлі бойдағы адамдар қабылданатың болса, онда олардың бірі
олардың шынайы бойына қарамастан, басқасына қарағанда едәуір үлкен сияқты
үлкен болып көрінеді. Адам бойы бағалауға жарықтылықта әсер етеді. Адам
байқаушылардан едәуір ұшқарырақта тұрғанда, байқаушылар оның бойын асыра
бағалайтынын экспериментер дәлелдеген.
Адам бойын дұрыс бағалауға оның киімінің конструкциясы мен түсі де әсер
етеді. Өзінің сыртқы пішінінің күтімділігіне қарайтын адамдар киімдері
арқылы да денесінің керекті жерлерін айқындатып, керексіз, жағымсыз
жерлерін жасырады. Бүкірленген арқасын жағасы арқылы жасырады, қысқа
иықтарын арнайы зат арқылы кеңейтеді және т.б. Алуан түрлі оптикалық
иллюзиялар киімнің конструкциясымен тудырылады. Жалауратылған кең
ауқымды бас киім адамның бойын кішірейтеді, ал биік бас киім оны
"ұзартады". Ашық түсті әрі жалтыр материалдар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz