Жүйелік бағдарлау


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрәм атындағы университеті
Жаратылыстану-математика факультеті
Информатика және ақпараттық технология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Жүйелік бағдарлау
Орындаған: Кулдрайханова Т. Т-241
Тексерген: Каженова Ж. С
Семей, 2015
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі білім
А) Жүйелiк программалаудың кезеңдерi
Б) Жүйелік бағдарламалау курсы
- Қорытында
Кіріспе
Информатиканы оқыту әдiстемесiнде бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк педагогикалық бiлiмдер мен тәжiрибелер жиынтығынан “Жүйелік бағдарламалау” курсы бөлiнiп шығады. Бұл оқу пәнiнiң мазмұнында информатиканы оқыту әдiстемесiнiң жалпы теориялық негiздерi, типтiк техникалық құралдар жиыны және сонымен бiрге жоғары мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдiстемесi қарастырылды. Жоғары оқу орындарында информатика мамандығының “Жүйелік бағдарламалау” курсы біраз программалық жабдықтарды қамтиды. Қазiргi кезде объекттіленген бағдарланған программалау орталарын көптеп дайындалуы және олардың түрлі нұсқаларының пайда болуы курс мазмұнының да, оны оқыту әдiстемесiнiң де өзгерiп отыруына әкелуде. Осының әсерiнен жүйелік бағдарламалау курсын оқытудың түрлi әдiстерi мен құралдары пайда болуда. Осындай әдiстердiң бiрi ретiнде, үйренушiнiң өз бетiмен жұмыс iстеуiне негiзделген компьютер көмегiмен оқыту әдiсiн алуға болады. Ал компьютерлiк оқыту жүйелерi компьютер көмегiмен оқытудың негiзгi құралы. Уақыт өте келе бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiрудiң ойдағыдай жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетiп келедi. Бұл мәселенi: компьютер, оның программалық қаматамасыз етiлуiнiң бiртiндеп жүзеге асырылуы, мамандардың дайындалу қарқыны, информатика пәнiнiң оқыту әдiстемесiнiң, оның iшiнде нақты курстарды оқытудың әдiстемесiнiң қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады. Қазіргі кезде жүйелік бағдарламалау курсының түрлi компьютерлiк оқыту программалары бар. Мұндай программаларда бiлiм берудiң курс мазмұнын игеруде дағды мен ебдейлiктi қалыптастыруға қажеттi тапсырмалар, бақылау сұрақтары мен олардың жауаптары, студенттiң бiлiмi деңгейiн бағалау, т. с. с. мақсаттар ескерiлмей қалуда. Себебi олардың көпшiлiгi тек курс мазмұнын берумен ғана шектеледi.
Жүйелiк программалаудың кезеңдерi
Компьютердің программалары қолданбалы және жүйелік болып екіге бөлінеді. Қолданбалы программанаң жүйеліктен айырмашылығы - ол компьютерге тікелей байланысты болмайды. Ал жүйелік программалар компьютердің архитектурасын және құрылымын басқарады.
Жүйелiк программалау курсы екi бөлiмнен тұрады: теориялық және тәжірибелік.
Жүйелiк программалаудың кезеңдерi:
- Ассемблеу жүйесін жасау;
- Байланысу программаларын жасау;
- Микропроцессорлар жүйесін жасау;
- Компиляторлар құру;
- Операциялық жүйелер құру;
- Драйверлер құру. Ассемблерлеу жүйесі негізгі командалық файлды жүктеушіге ауыстырады. Байланысу программалары жеке жүктелетін логикалық байланысатын программалар арасында байланыс орнатады. Микропроцессорлар жиі қайталанатын топтарды бір ғана микроқұрылыммен алмастыруға мүмкіндік береді. Компилятор кодтарды генерациялау кезінде аппараттардың сипаттамаларын санайды. Операциялық жүйелер ЭЕМ-ның жұмысын толық басқаратын және қолданушы мен интерфейс арасында диалог орнататын программа. Драйверлер перифириялық қондырғылардың жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Ассембер тiлi - машиналық кодтардың символдық аналогы. Ассемблер программасын құру келесi кезеңдерден тұрады:
- Программа текстiн редакциялау кезеңi
- Ассемблерлеу немесе трансляциялау кезеңi
- Құрастыру кезеңi
- Жүктеу кезеңi1-кезеңде Ассемблерлiк программа Windows жүйесiнiң Блокнот текстiк редакторында және MS-DOS жүйесiнiң NC. exe, FAR. exe, DN. exe программалық қабықшаларының текстiк редакторларында жазылады да, жазылған текст asm кеңейтілуімен сақталынады. 2- кезеңде ассемблерлеу кезеңi орындалады. Бұл процесс tasm. exe программасының көмегiмен жүргiзiледi. Құрылған программа мына файлда сақталу қажет C<BP<ASM. Сонан соң Ctrl+O пернесін басамыз, пайда болған командалық жолға келесі команданы енгізіемі:tasm программа аты. asm3-кезеңде ассемблерлiк программаны құрастыру үшiн tlink. exe программасы қолданылады. Яғни командалық жолға келесі команданы енгіземіз:tlink программа аты. obj4-кезеңде программаның жауабын алу үшiн командалық жолға келесi команданы енгiземiз:программа аты. exe2) ЭЕМ- ның архитектурасы. ЭЕМ - ның архитектурасы дегеніміз ЭЕМ-ның құрылымдық, схемотехникалық және логикалық ұйымдастырылуын сипаттайтын ЭЕМ-нің абстрактілі бейнесі. ЭЕМ-ның архитектурасы деген ұғым комплексті болып табылады және құрамына мыналар кіреді:
- ЭЕМ-ның құрылымды сұлбасы;
- ЭЕМ-ның құрылымдық сұлбасының элементтеріне қол жеткізу тәсілдері мен құралдары;
- ЭЕМ-ның интерфейстерін разрядталуы және ұйымдастырылуы;
- Регистрлердің жиынтығы;
- Жадыны адрестеудің тәсілдері мен ұйымдастырылуы;
- ЭЕМ-де мәліметтердің форматтары мен бейнелену тәсілдері;
- ЭЕМ-нің машиналық командаларының жиынтығы;
- Машиналық командалардың форматтары;
- Штатқа кірмейтін жағдайларды өңдеу. Қазіргі кездегі ЭЕМ-ның архитектурасы кейбір жалпы және жекелеме қасиеттерге ие. Жекелеме қаситеттер компьютердің моделіне байланысты болады. Қазіргі кездегі ЭЕМ-лар фон-неймандық архитектура деп аталатын машиналардың 4 және 5 ұрпағына жататындықтан, ЭЕМ-лардың жалпы қасиеттері осыған байланысты анықталады. Жалпы архитектуралық қаситтер мен принциптерге келесілер жатады:
- Сақталынатын программаның принципі. Осы принципке сәйкес программа коды және оның берілгендері оперативті жадыдағы бір адресті кеңістікте орналасады.
- Микропрограммалау принципі. Бұл принциптің негізі машиналық тіл машинадағы процестерді физикалық түрде қимылға келтіретін соңғы субстанция болып табылмайтындығында жатыр. Процессордың құрамына микропрограммалық басқарманың блогы кіреді. Әрбір машиналық команда үшін бұл блокта іс-әрекетті-сигналдардың жиынтығы болады, ал бұл іс-әрекетті-сигналдардың жиынтығын қажетті машиналық команданың физикалық орындалуы үшін генерациялау қажет.
- Жадының сызықты кеңістігі - номерлер (адрестер) берілетін жадының ұяшықтарының жиынтығы.
- Программалардың тізбектеле орындалуы. Процессор жадыдан командаларды қатаң тізбектелген түрде таңдайды. Программаның сызықты жұмысын өзгерту үшін немесе тармақталуын жүзеге асыру үшін арнайы командалар қажет. Мұндай командаларды шартты және шартсыз ауысулар деп атайды.
- Мәліметтердің бүтін қызметіне (назначение) деген немқұрайлылық. Машинаға өзі өңдейтін мәліметтердің қандай логикалық жүктемені арқалайтындығы бәрі бір.
Жүйелік бағдарламалау курсы
Компьютердi зерттеу объектiсi ретiнде алатын болсақ, жоғары оқу орындарында оның программалық қамсыздандырудың негiздерiн оқытатын “Жүйелік бағдарламалау” деп аталатын жаңа курс енгiзiлген. Енгiзiлген жаңа пән жаңадан дамып келе жатқан информатика ғылымының барлық мазмұнын қамти алмайды. Ол болашақ информатика мамандарының жоғары оқу орындарындағы басқа пәндердi оқуға қажеттi бiлiм, iскерлiк пен дағдылармен қаруландыруы тиiс.
Қазiргi кезде “Жүйелік бағдарламалау” курсына жоғары оқу орындарында 96 сағат бөлiнген және Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңының талаптарынa сәйкес курсты оқыту стандартына төмендегi мәселелер енгiзiлген:
- курс бойынша бiлiм беру мазмұнының минимумы;
- болашақ информатик мамандардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар;
- стандарттағы талаптардың орындалуын бағалау;
- бiлiм бағалау.
«Жүйелік бағдарламалау» курсын оқытудың мақсаттары:
- графика, математика, статистика бойынша қолданбалы программалар пакеттерiн ұсынудың маңызын, қасиеттерi мен мүмкiндiктерiн оқып бiлу;
- графиктердi, диаграммаларды, үлгiлердi, суреттердi, этикеткаларды еркiн мәтiнге не құжатқа енгiзу және дайын ортада оны құрып үйрену;
- графикалық бейнелердi құруға және модификациялауға мүмкiндiк беретiн инструментальдық құрылғыны қолдануды үйрету.
Курсты оқытудың мiндеттерi:
- берiлген графикалық және баспалық пакеттерге тән функцияларды оқып үйрену;
- ғылыми салада қолданбалы программалық ұқсас пакеттердiң мiндетi туралы түсiнiк қалыптастыру;
- web-беттердi бiрiктiретiн құрауыштардың негiзгi түсiнiктерi мен анықтамалары туралы түсiнiктердi қалыптастыру;
Кәсiби қызметте қолданбалы программалаудың дағдысын пайдалана бiлудi қалыптастыру. Информатиканы жоғары оқу орындарында оқыту жөнiнде қалыптасқан түрлi көзқарастар бар. Ендi жоғары оқу орындарындағы қолданбалы программалық қамсыздандыру курсының мазмұны мен әдiстемелiк ерекшелiктерiне тоқталайық.
- Жоғары оқу орындарындағы “Жүйелік бағдарламалау” курсының мазмұны түрлi программалық жабдықтармен жұмыс ебдейлiгiн, дағыдысын қалыптастыруға негiзделген.
- “Жүйелік бағдарламалау” курсы бiр жағынан курстың информатика пәнiмен байланысын қамтамасыз етсе, екiншi жағынан болашақ информатик мамандардың теориялық дайындық деңгейiн меңгеруi үшін берiледi.
- “Жүйелік бағдарламалау” курсының маңызды ерекшелiгi оның басқа пәндермен тығыз байланысты.
- “Жүйелік бағдарламалау” курсын оқу барысында алған бiлiм мен iскерлiктерiн басқа пәндердi оқу барысында кеңiнен қолдана алады.
Сонымен жоғары оқу орындарындаға информатика мамандығының “Жүйелік бағдарламалау” курсы дәстүрлi әдiстегi iскерлiк пен дағдыны жаңаша қалыптастырып, басқа пәндердi оқытуға өзiнiң ерекше үлесiн тигiзедi.
Жоғары оқу орындарында информатика курсының енгiзiлуiне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектiсi информатиканы оқыту әдiстемесi деп аталды.
Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңiне сай зерттеледi.
Қазiргi кезде РБАО негiзiнен бiлiм жүйесiнiң барлық сатылары үшiн электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келедi. Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы (профессор Г. Нұрғалиева жасаған) оқыту процесiнiң заңдылықтарына негiзделiп жасалып, бiр-бiрiмен тығыз байланыстағы төрт бөлiктен тұрады, олар: мотивациялы -мақсаттық, мазмұндық операциялық және нәтижелiк бақылау компоненттерi.
Электронды оқулықтың мотивациялық-мақсаттық компонентi модульдердi (микромодульдердi) құрастырудан тұрады. Модуль дегенiмiз -жергiлiктi (локальды), жүйелiк және функционалдық бiлiм жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетiн ұйымдастыратын “ түйiнi” болып саналады.
Электрондық оқулықтың мазмұндық компонентi гипермәтiн арқылы жүзеге асырылады. Гипермәтiн-терминдерден, ұғымдардан, әртүрлi концепциялардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәлiметтер базасы ретiнде берiлетiн ақпараттық оқыту ортасы. Мәтiндердi қазақ, орыс, ал кейбiрiн ағылшын тiлiндегi дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтiн бейне материалдарымен толықтырылған.
Электронды оқулықтың операциялық компонентi интерактивтi формада берiлген тапсырмаларды орындау арқылы iске асырылады. Электронды оқулықтың нәтижелiк бақылау компонентi тест алу жолымен жүргiзiледi. Электронды оқулықта тесттердiң екi түрi берiлген: бiр дұрыс жауап немесе бiрнеше дұрыс жауабы бар. Тест соңында өзi қателескен сұрақтарды тексерiп көре алады, әрбiр тестен соң сұрақтардың реттiк орны ауыстырылып отырады.
Оқушылар үшiн электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздерi толықтырып отыра алатын және нәтижелiк емтиханға дайындалуға көмектесетiн мәлiметтер базасы болып келедi. Электронды оқулықтармен жұмыс iстеу әрбiр оқушының өз мүмкiндiгiн есепке ала отырып, оқып үйрену iсiн жеке дара жүргiзу болып саналады.
Мұғалiм үшiн электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегi әдiстемелiк жүйе, оны әрбiр оқытушы өз педагогикалық тәжiрибесiндегi материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетiлдiре алады. Сол себептi электронды оқулықтарды әзiрлеп оны дамытудағы РБАО жұмысы да қайта оралып келiп түсiп жатқан ұсыныстар мен пiкiрлер арқылы тиiмдiлiгiн бiрте-бiрте арттыратынын талас тудырмаса керек.
“Электронды оқулық” - дисплей экранында көрiнетiн жай ғана мәтiн емес -дейдi Өскемен қаласындағы N10 гимназияның тарих пәнiнiң мұғалiмi И. Плотникова - ол оқушыға өз жолымен керектi материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделi, көп сатылы жүйе, оқулықтың қажеттi бөлiмдерiн қайталап, игеру тәсiлi мен логикасын да өзiне тән етiп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкiндiк бередi. Оның гипермәтiнi нақты құрлымдардан тұрады да, бiр-бiрiмен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы оқушы практикалық негiзде алгаритмдiк ойлау қабiлтiн дамыта алады. Ал өзiне қажеттi мәлiметтi компьютер жадының керектi ұясынан iздеп таба бiлу де әрбiр баланың бүгiн талап етiлетiн стратегиялық ойлау қабiлетiн қалыптастырады”.
Алматы қаласының М. Мәметова атындағы техникалық лицейiнiң директоры Т. Линшевская былай тұжырым жасайды:“Модульдерде берiлген алгаритм оқушыларға өз бетiмен жұмыс iстеу мүмкiндiгiн бередi. Мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып, бiлiм алу кезiндегi олардың белсендiлiгi арта бастайды. Электронды оқулықты пайдалану мұғалiмнiң де ғылыми- әдiстемелiк потенциялын дамытып, оның сабақ үстiндегi еңбегiн жеңiлдетедi. ”
Өскемендегi “ШЫҒЫС” аймақтық зерттеу орталығының директоры Г. Протасованың пiкiрiнде былай айтылған: “Барлық оқулықтардың материалдарын модульдiк түрде құрастыру оның мазмұнын бiрiңғай тұрғыдан қарастыруға негiзделген. Оқушылардың танымдық ерекшелiктерiмен жас өзгешелiктерiне байланысты ғылыми теориялық ұғымдар жүйесi арқылы жалпыдан жалқыға абстрактылықтан нақтылыққа көтерiлу электронды оқулықтардың кәдiмгi оқу құралдарынан, оның iшiндегi соңғы буын оқулықтарынан басты айырмашылығы екенiне күмән жоқ”.
N73 орта мектептiң мұғалiмi Л. Ким электронды оқулықтарды өз сабағында пайдалану барысында былай дейдi: “Мұғалiмнiң бұрынғы рөлi өзгередi. Ендi мұғалiм бiлiм мен ақпарат беретiн тұлға емес, ол алға қойылған мақсатқа жету жолындағы керектi мәлiметтердi әр жерден тауып алуға көмектесетiн кеңесшi әрi әрiптесiке айналып кетедi”.
Қазiргi кезде техникалық (Ж. Түсiпбаева) және агроинженерлiк (А. Қозыбай) бiлiм саласын ақпараттандырудың зерттеу жұмыстары жүргiзiлiп отыр. Жақында бiлiмдi ақпараттандырудың жаңа тәсiлi -электронды пәндiк цикл әдiстемелiк жүйесiне байланысты Ш. Құрманалиеваның докторлық диссертациясы талқыланды.
Әлi де көп жұмыстар атқарылуы тиiс, мектептiң, кәсiптiк оқу орындарының, колледждердiң, жоғары мектептiң және қосымша бiлiм беретiн курстар пәндерiне байланысты көптеген оқулықтар шығарылуы тиiс.
Қазiргi ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негiзiнде жаңа педагогикалық әдiстердi қалыптастыруға бағытталған бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыруды зерттеу iстерi оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек.
Электрондық оқулықтарды дайындаудың бiр жүйеге келтiрiлген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескру керек секiлдi.
-белгiлi бiр пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннiң типтiк бағдарламасына сәйкес болуын;
-электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектiсiн қамтитын негiзгi; зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекшi; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест ; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тiзiмдерi бөлiмдерiн қамтуын;
-электрондық оқулықтың кәдiмгi оқулықтар мазмұнын қайталамауын яғни, берiлетiн тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрi қысқа берiлуiн ескеру керек;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz