Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше - мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар



I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1.Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше . мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар .

2.2. Ет және ет өнімдері

2.3. Жылқы еті және ет өнімдері
2.4. Сойылатын ірі кара малы, қой және ешкілер
2.5.Сойылатын шошқалар
2.6. Сойылатын жылқылар
2.7.Жанурларды айдап жеткізу кезінде ветеринарлық . санитариялық бақылау

III.Қорытынды

IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде Евразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын жүктердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауiптi аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуының белең алуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауiптi ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау күн сайын жүзеге асыруда.
1. Ветеринарлық-санитарлық заңнама І том , 2005 ж.

2. А. Б. Бегенова, А. Н. Жұмақаева, Б. С. Майқанов. «Шекара және көліктердегі ветеринариялы-санитариялық бақылау». Алматы, 2014 жыл.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше - мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар .
Жануарларды айдап жеткізу кезінде ветеринариялық - санитариялық бақылау.

Орындаған: Смаилова Б. Т.
ТОП: ВС - 203
Тексерген: Сулейменов Ш. Қ.

Семей- 2015жыл

Жоспар

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1.Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше - мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар .

2.2. Ет және ет өнімдері

2.3. Жылқы еті және ет өнімдері
2.4. Сойылатын ірі кара малы, қой және ешкілер
2.5.Сойылатын шошқалар
2.6. Сойылатын жылқылар
2.7.Жанурларды айдап жеткізу кезінде ветеринарлық - санитариялық бақылау

III.Қорытынды

IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

I.Кіріспе

Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде Евразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын жүктердi тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауiптi аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуының белең алуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауiптi ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау күн сайын жүзеге асыруда.

II.Негізгі бөлім

2.1. Ет және ет өнімдері
Евразэқ елдеріне әкелуге экспорттаушы елдердің орталық мемлекеттік ветеринариялық қызметінің өнімдерді экспортқа шығару жөніндегі рұқсаты бар және оның бақылауында болатын, ет өңдеу кәсіпорындарында сойылған және өңделген сау жануарлардан алынған ет және ет өнімдері рұқсат етіледі.
Евразэқ елдеріне экспортқа шығаруға арналған жануарлар сою алдында ветеринариялык тексеруден өткізіледі, жануарлардың ет ұшасы және оның ағзалары сойғаннан кейін ветеринарлық-санитариялық сараптау жасалады, оны экспорттаушы елдердің мемлекеттік ветеринариялық қызметі аткарады. Еттің адамдар үшін тағамға пайдалануға жарамды болуы қажет.
Ет ұшасында (ұшаның жартысында, ұшаның төрттен бірінде) мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың аты немесе жануарларды сойған ет комбинатының (ет сою - мұздату орнынын нөмірі белгіленген таңбасы) болу керек. Бөлікке бөлінген еттің орамында немесе жартылай: бөлігінде маркировкасы (ветеринариялық таңбасы) болуы қажет. Этикетканы өнімнің сыртындағы буылған затты ашқанда, оның бұзылуынсыз ашуға болмайтындай етіп жапсыру қажет.
Ет және ет өнімдері жануарлардың ауруларынан ресми түрде таза шаруашылықтардан. Әкімшілік аумағынан дайындалған және сойылған сау жануарлардан болуы қажет, оның ішінде
А) ЖАНУАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ҮШІН:
Шошқаның африкалық обасынан - елдің аумағында соңғы 3 жыл бойы;
Аусыл - елдің аумағында соңғы 12 ай бойы;
Б) МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРА:
Елдің аумағында мүйізді ірі қараның кемік тәріздес энцефалопатиясы және қой скрепиінен- ХЭБ "Халықаралық ветеринариялық кодексі" талаптарына сәйкес;
Мүйізді ірі қараның обасы, контагиозды плевропневмониясы, везикулярлы стоматит ұсак күйіс малының обасынан - елдің аумағында соңғы 12 ай бойы;
Туберкулез, бруцеллез, лейкоздан - елдің аумағында соңғы 6 ай бойы;
Сібір жарасы, қарасаннан - елдің аумағында соңғы 20 күн бойы;
В) ҚОЙ ЖӘНЕ ЕШКІ:
Елдің территориясында мүйізді ірі қараның кемік тәріздес энцефалопатиясы және қой скрепиінен - ХЭБ "Халықаралық ветеринариялык кодексі" талаптарына сәйкес;
Блутанга, мүйізді ірі қараның контагиозды плевропневмониясы және обасы, ұсақ күйі; малының обасынан - елдің аумағында соңғы 12 ай бойы;
Аденоматоз, меди-висна, энцефалит артритінен - шаруашылыктың аумағында соңғы 3 жыл бойы;
Қой және ешкінің күлінен - шаруашылыктың аумағында соңғы 12 ай бойы;
Туберкулез, бруцеллезден - шаруашылықтың аумағында соңғы 6 ай бойы;
Сібір жарасынан - шаруашылықтың аумагында соңғы 20 күн бойы;
В) ШОШКА:
Шошканың визикулярлы ауруынан - елдің аумағында соңғы 12 ай бойы;
Шошқаның классикалык обасы, Ауески ауруы, шошқаның энтеровирусты энцефаломиелитінен (Тешен ауруы) - әкімшілік аумағында соңгы 12 ай бойы (штат, провинция, жер, округ және баска);
Трихинеллезден - шаруашылықтың аумағында соңғы 3 жыл бойы;
Шошканың репродуктивтік-респираторлық синдромынан - шаруашылықтын аумағында соңғы 12 ай бойы;
Сібір жарасы және шошқаның тілмесінен - шаруашылыктың аумағында соңғы 12 ай
Бойы;
Барлык ет ұшалары трихинеллёзге тексерілгенде нәтижесі теріс болуы керек.

Дайындалған қой және сиыр еттері, күйіс қайыратын жануарлардын ішкі органдары мен ұлпаларынан дайындалған азыкпен азықтандырылған малдар болмауы керек.
Гендік инженерлік әдістер пайдалану арқылы немесе басқа генетикалық өзгеріске айналған көздер арқылы алынған, құрамында шикізат өнімдері бар азыкпен азықтандырылмаған жануарлардан сойылған ет және ет өнімдері.
Ет және ет өнімдері евразэқ елдеріне тасымалдауга мынадай жағдайда рұқсат етілмейді:
1.Жануарларды сойғаннан кейін ветеринариялық- санитариялық сараптау кезінде аусыл, оба, анаэробты індеттер, туберкулез, лейкоз және баска жұқпалы аурулар, гельминттермен залалданған (цистицеркоз, трихинеллез, саркоспоридоз, онхоцеркоз, эхинококкоз) және басқа ауруларға тән өзгерістер болғанда, сонымен бірге, әр түрлі заттармен уланған жағдайда;
2.Сақталу кезінде жібітіліп кайта мұздатылған;
3.Бұзылған белгілері бар;
4.Сүйектегі еттердің қалың кабатында температурасы мұздатылған етте- Цельсия жоғары 8 градус, салқындатылған етте - Цельсия жоғары 4 градус болған жағдайда;
4.Ішкі ағзалардың калдықтары, ұлпаларындағы қанталау, сылынбаған іріңдік, оқыраның личинкаларымен, іpi қабық қоймалжыңымен немесе сылынған лимфа бездерімен, механикалық қоспалармен кездессе, сонымен катар, еттің өзіне тән түр-түсі, исі, дәмі (балық, дәрілік заттар, шөптер және басқалар) сәйкес болмаған жағдайда;
5.Құрамында консервілеу заттары бар;
6.Сальмонелламен немесе басқа да бактериалдык жұқпалы аурулардың коздырғыштарымен залалданғанда;
7.Бояулық заттармен және иондық немесе ультракүлгін сәулелермен өңделгенде;
8.Жануарларға табиғи немесе синтетикалық эстрогенді, гормональдық заттар, тиреостатистикалық препараттар, антибиотиктер, пестицидтер және басқа медикаментоздық заттар сою алдында олардың пайдалану нұсқамаларында көрсетілгеннен кеш егілген болса, онда жануарларды сойғаннан кейін алынған өнімдер.
Еттің микробиологиялық, химиялық-токсикологиялық және радиологиялық көрсеткіштері евразэқ елдері мемлекегтерінің қолданыстағы ветеринариялық және санитариялық ережелері мен талаптарына сай болуы кажет.
Ыдыстар мен орама заттар бір-ақ рет қолданылады және гигиеналық талаптарға сәйкес болуы керек.
Азық-түлік тағамдары мен оның шикізаттарын тасымалдайтын көлік түрлеріне белгіленген тәртіпте санитариялық төлқұжаты болу керек.
Экспортуаушы елдердің талаптарына сәйкес залалсыздандырылады және дайындалады.
Осы талаптарда көрсетілген талаптардың орындалуы экспортер - елдің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері кол қойған диагностикалық зерттеулер мен егулердің мерзімі көрсетілген және экспортер-елдің (немесе ағылшын тілінде) және орыс тілдерінде толтырылған ветеринариялық сертификатпен толык расталуы керек.
Импорттаушы евразэқ елдерінің орталық ветеринариялық органдарының рұқсатын алғаннан кейін ғана, евразэқ елдеріне ет және ет өнімдерін әкелуге болады.
Евразэқ елдерінің орталық ветеринариялық органы жануарларды сою алдында тексеруді және экспортердін кәсіпорындарында ұшаларды, ішкі органдарды ветеринариялық- санитариялық сараптаудың іске асыруын қадағалайтын ветеринариялық мамандарды жасақтау және евразэқ елдерінде өнімдерін сыртқа шығаратын кәсіпорындарды аттестациялау құқығын өзінде қалдырады.
2.2. Жылқы еті және ет өнімдері
Евразэқ елдеріне әкелуге экспорттаушы елдердің орталық мемлекеттік ветеринариялық қызметінің өнімдерді экспортқа шығару жөніндегі рұқсаты бар және оның бақылауында болатын, ет өңдеу кәсіпорындарында сойылған және өңделген сау жылқылардың еті рұқсат етіледі.
Евразэқ елдеріне экспортқа шығаруға арналған жануарлар сою алдында ветеринариялық тексеруден өтеді, жануарлардың ет ұшасы және оның ағзалары сойғаннан кейін ветеринариялық- санитариялық сараптауға жатады, оны экспорттаушы елдердің мемлекеттік ветеринариялык қызметі атқарады. Еттің адамдар үшін тағамға пайдалануға жарамды болуы қажет.
Жылқы еті ұшаларында мемлекеттік ветеринариялык қадағалаудың аты немесе жануарларды сойған ет комбинатының (ет сою- мұздату орнының) нөмірі белгіленген таңбасы болу керек. Бөлікке бөлінген еттің орамында немесе жартылай бөлігінде маркировкасы (ветеринариялык таңбасы) болуы қажет. Этикетканы өнімнің сыртындағы буылған затты ашқанда, оның бұзылуынсыз ашуға болмайтындай етіп жапсыру қажет.
Ет және ет өнімдері жануарлардың ауруларынан ресми түрде таза шаруашылықтардан, әкімшілік аумақтарынан дайындалған және сойылған сау жануарлардан болуы кажет, онын ішінде:
А) ЖАНУАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ҮШІН:
Жылқының африкалык обасынан, шошқаның африкалық обасынан, барлық жылқы түрлерінің жүкпалы энцефаломиелитінен - елдің аумағында соңғы 3 жыл бойы;
Аусылдан - елдің аумағында соңғы 12 ай бойы;
Жұқпалы анемиядан, киеңкіден, маңқадан, эпизоотиялық лимфангоиттен, жылқылардын жұкпалы метритінен- шаруашылыктың аумағында соңғы 12 ай бойы;
Сібір жарасынан- шаруашылықтың аумағында соңғы 20 күн бойы;
Ет сою комбинаттарында сойылатын жылқылар сою алдында клиникалық тексеруден өтеді және бір рет көзге маллеин тамызу арқылы тексеріледі. Жылқы маңқасына теріс нәтиже алған жылқылар етке союға жіберіледі.
Барлық ет ұшалары трихинеллёзге тексерілгенде нәтижесі теріс болуы керек.
Гендік инженерлік әдістер пайдалану аркылы немесе басқа генетикалық өзгеріске айналған көздер арқылы алынған, күрамында шикізат өнімдері бар азықпен азықтандырылмаған жылкы еті.
ЕВРАЗЭҚ ЕЛДЕРІНЕ МЫНАНДАЙ ЖЫЛКЫ ЕТІН ӘКЕЛУГЕ РҰКСАТ ЕТІЛМЕЙДІ:
1.Жануарларды сойғаннан кейін ветеринариялық - санитариялық сараптау кезінде жұкпалы аурулар, гельминттермен залалданған (цистицеркоз, трихинеллез, саркоспоридоз, онхоцеркоз, эхинококкоз) және басқа ауруларға тән өзгерістер болғанда, сонымен бірге әр түрлі заттармен уланған жағдайда;
2.Індеттік ауруларға тән өзгерістер болған жағдайда;
3.Ішкі ағзалардың қалдықтары, ұлпаларындағы қанталау, сылынбаған іріңдік, оқыранын личинкаларымен, сірі қабық қоймалжыңымен немесе сылынған лимфа бездерімен, механикалық қоспалармен кездессе, сонымен қатар еттің өзіне тән түр-түсі, исі, дәмі (балық, дәрілік заттар, шөптер және басқалар) сәйкес болмаған жағдайда;
4.Сүйектегі еттердің калың қабатында температурасы мұздатылған етте Цельсия жоғары 8 градус, салқындатылған етте Цельсия жоғары 4 градус болған жағдайда;
5.Сальмонелламен немесе баска да бактериалдық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен залалданғанда;
6.Бояулық заттармен өнделгенде, иондық немесе ультракүлгін сәулелермен залалданғанда;
7.Жануарларға табиғи немесе синтетикалық эстрогенді, гормональдық заттар, тиреостатистикалык препараттар, антибиотиктер, пестицидтер және басқа медикаментоздық заттар сою алдында олардың пайдалану нұсқамаларында көрсетілгеннен кеш егілген болса, онда жануарларды сойғаннан кейін алынған өнімдер.
Еттің микробиологиялық, химиялық-токсикологиялық және радиологиялық көрсеткіштері евразэқ елдері мемлекеттерінің қолданыстағы ветеринариялық және санитариялық ережелері мен талаптарына сай болуы қажет.
1) Ыдыстар мен орама заттар бір-ақ рет қолданылады және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар. Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Халықаралық қатынаста жануарларды тасымалдаудағы қауіпсіздігі туралы Евразиялық конвенция
Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық - санитарлық бақылауды ұйымдастыру
Ветеринариялық құжаттардың бланкілеріне қойылатын талаптар
Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Шекарадағы және кедендік пунктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Еуропалық конвенция жануарды халықаралық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік жайлы мәлімет
Учаскелердегі ветеринариялық қызметті ұйымдастыру
Жануарларды тасымалдау шарттары
Пәндер