Қызба немесе лихорадка жайлы ақпарат



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Қызба этиологиясы және потогенезі
2.2 Қызбаның сатылары
2.3 Қызба мен асқын қызынудың (гипертермияның) айырмашылықтары.
2.4 Қызбаның организм үшін маңызы.
III.Қорытынды бөлім
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қызба (лат. fеЬгіs) - деп жануарлардың даму сатыларында пайда болған, дене қызымының көтерілуімен көрінетін, әрі бүліндіргіш, әрі қорғаныстық-икемделістік құбылыстармен сипатталатын біртектес дерттік үрдістерді айтады. Бұл кезде пирогендік (грек. ругеtоз — ыстық, ... ген-туындататын) заттардың әсерлерінен термореттеу орталықтары әрекеттерінің өзгеруі дене қызымының көтерілуіне әкеледі. Қызба кезінде термореттеу тетіктері бұзылмай сақталып, жоғары деңгейге көтеріледі.
Қызба жануарлардың даму сатыларында қабынуға қарағанда біршама кеш пайда болатын үрдіс. Ол орталық жүйке жүйесі жақсы дамыған және термореттеу қызметі қалыптасқан жануарларда ғана дамиды.
Жаңа туған балалар мен жануарларда химиялық термореттеу немесе жылу өндіруді реттеу біршама жетілген болса да, физикалық термореттеу немесе жылуды сыртқа шығаруды реттеу көпке дейін жетілмеген болады. Сондықтан олар ересектерге қарағанда тез қыздырылады және жылдам мұздайды. Жаңа туған нәрестелерде терморетгеу толық жетілмеуінен дене қызуы біресе көтеріліп, біресе төмендеп тұрады. Өйткені оларда физикалық термореттеу немесе жылуды сыртқа шығаруды тез шектеу қабілеті жетілмеген.
Тері тамырларының тез жиырылу қабілеті онтогенезде қалыптаспай организмде жылу өндірілу көтерілгенмен қызба пайда болмайды.
Этиологиясы. Қызба пайда болу себептеріне қарай инфекциялық және бейинфекциялық болып екіге бөлінеді.
Инфекциялық қызба бактериялардың, вирустардың, қарапайым жәндіктердің, майда саңырауқұлақтардың әсерлерінен дамиды. Бейинфекциялық қызба тіндердің бүлінуіне әкелетін сыртқы және ішкі ықпалдардың әсерлерінен пайда болады. Бұларға: күйік, жарақат, инфаркт, қан қүю, ішке қан қүйылу, аллергия, өспе өсуі, цирроз т. б. жатады.
Қызбаның даму жолдарында пирогендік заттар маңызды орын алады. Олар экзогендік және эндогендік (лейкоциттік) болып екіге бөлінеді. Экзогендік пирогендер деп микробтардың тіршілігінен немесе олардың ыдырауынан пайда болатын заттарды айтады.
Әртүрлі бактериялардың мембраналарын арнайы химиялық өңдеу жолдарымен біршама пирогендер (пирогенал, пиромен, пироксаль т. б.) таза күйінде алынды. Бұл заттар химиялық құрамы бойынша нәруыздардан ажыратылған липополиқанттар болады. Бұлардың тым мардымсыз мөлшерінен (0,0001 мг/кг) адамдар мен жануарларда қызба дамиды. Экзогендік пирогендер организмде дене қызуын эндогендік пирогендердің өндірілуін күшейту арқылы көтереді.
Экзогендік пирогендер қанның түйіршікті лейкоциттерімен, моноциттерімен және тіндердің макрофагтарымен әрекеттесіп, олардың белсенділігін арттырады, жартылай фагоциттелінеді. Содан бұл жасушаларда эндогендік пирогендік заттардың түзілуі болады. Олар негізінен нейтрофильдер мен моноциттер және тіндік макрофагтарда өндіріледі.
1. 1. Мырзабекова Ш.Б. Ветеринариялық вирусология. Алматы ,2004
2. Сайдулдин Т.С Ветеринариялық індеттану,1-2 кітап.Алматы,1999
3. Булашев А Иммунология, Астана,2002

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ 
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ
Тақырыбы : Қызба немесе лихорадка

Орындаған: Сембай Асельхан ВМ-305
Тексерген: Нуркенова М.К.

Семей 2015.
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Қызба этиологиясы және потогенезі
2.2 Қызбаның сатылары
2.3 Қызба мен асқын қызынудың (гипертермияның) айырмашылықтары.
2.4 Қызбаның организм үшін маңызы.
III.Қорытынды бөлім
IV.Қолданылған  әдебиеттер тізімі
 

ҚЫЗБА
Қызба (лат. fеЬгіs) - деп жануарлардың даму сатыларында пайда болған,
дене қызымының көтерілуімен көрінетін, әрі бүліндіргіш, әрі қорғаныстық-
икемделістік құбылыстармен сипатталатын біртектес дерттік үрдістерді
айтады. Бұл кезде пирогендік (грек. ругеtоз — ыстық, ... ген-туындататын)
заттардың әсерлерінен термореттеу орталықтары әрекеттерінің өзгеруі дене
қызымының көтерілуіне әкеледі. Қызба кезінде термореттеу тетіктері бұзылмай
сақталып, жоғары деңгейге көтеріледі.
Қызба жануарлардың даму сатыларында қабынуға қарағанда
біршама кеш пайда болатын үрдіс. Ол орталық жүйке жүйесі жақсы дамыған және
термореттеу қызметі қалыптасқан жануарларда ғана дамиды.
Жаңа туған балалар мен жануарларда химиялық термореттеу немесе жылу
өндіруді реттеу біршама жетілген болса да, физикалық термореттеу немесе
жылуды сыртқа шығаруды реттеу көпке дейін жетілмеген болады. Сондықтан олар
ересектерге қарағанда тез қыздырылады және жылдам мұздайды. Жаңа туған
нәрестелерде терморетгеу толық жетілмеуінен дене қызуы біресе көтеріліп,
біресе төмендеп тұрады. Өйткені оларда физикалық термореттеу немесе жылуды
сыртқа шығаруды тез шектеу қабілеті жетілмеген.
Тері тамырларының тез жиырылу қабілеті онтогенезде қалыптаспай
организмде жылу өндірілу көтерілгенмен қызба пайда болмайды.
Этиологиясы. Қызба пайда болу себептеріне қарай инфекциялық және
бейинфекциялық болып екіге бөлінеді.
Инфекциялық қызба бактериялардың, вирустардың, қарапайым
жәндіктердің, майда саңырауқұлақтардың әсерлерінен дамиды. Бейинфекциялық
қызба тіндердің бүлінуіне әкелетін сыртқы және ішкі ықпалдардың әсерлерінен
пайда болады. Бұларға: күйік, жарақат, инфаркт, қан қүю, ішке қан қүйылу,
аллергия, өспе өсуі, цирроз т. б. жатады.
Қызбаның даму жолдарында пирогендік заттар маңызды орын алады. Олар
экзогендік және эндогендік (лейкоциттік) болып екіге бөлінеді. Экзогендік
пирогендер деп микробтардың тіршілігінен немесе олардың ыдырауынан пайда
болатын заттарды айтады.
Әртүрлі бактериялардың мембраналарын арнайы химиялық өңдеу жолдарымен
біршама пирогендер (пирогенал, пиромен, пироксаль т. б.) таза күйінде
алынды. Бұл заттар химиялық құрамы бойынша нәруыздардан ажыратылған
липополиқанттар болады. Бұлардың тым мардымсыз мөлшерінен (0,0001 мгкг)
адамдар мен жануарларда қызба дамиды. Экзогендік пирогендер организмде дене
қызуын эндогендік пирогендердің өндірілуін күшейту арқылы көтереді.
Экзогендік пирогендер қанның түйіршікті лейкоциттерімен,
моноциттерімен және тіндердің макрофагтарымен әрекеттесіп, олардың
белсенділігін арттырады, жартылай фагоциттелінеді. Содан бұл жасушаларда
эндогендік пирогендік заттардың түзілуі болады. Олар негізінен
нейтрофильдер мен моноциттер және тіндік макрофагтарда өндіріледі.
Лимфоциттер өз беттерінше пироген өндірмейді. Бірақ олар, экзогендік
пирогеннің антигендік әсеріне жауап қайтара отырып, макрофагтардың
эндогендік пироген өндіруін сергітетін цитокиндер бөліп шығарады.
Эндогендік пирогендік заттарға интерлейкин-1, өспелерді жоятын
фактор, аз мөлшерде интерлейкин-6, интерферондар, катиондық нәруыздар т. б.
жатады.
Интерлейкин-1 дене қызуын көтеруден басқа көптеген биологиялық әсер
етеді. Ол организмнің иммундық жауабына қатысады, қанда лейкоциттердің
санын көбейтеді, бұлшықеттерді сырқыратады, адамның ұйқысын келтіріп,
тәбетін азайтады т. т.
Эндогендік пирогеннің өндірілуіне энергия анаэробты гликолиздік
жолмен түзіледі. Олар кыздыруға шыдамсыз болады және жануардың түріне
қарамай дене қызымын көтереді. Жануарларға бұл пирогенді бірнеше қайталап
енгізгенде өзінің белсенділігін жоғалтпайды. Ал, экзогендік пирогендердің
белсенділігі қайталап енгізгенде азая береді және олар эндогендік
пирогендердің өндірілуін күшейту арқылы әсер етеді. Сонымен, жұқпалы
аурулар кездеріндегі ет ысуы экзогендік және эндогендік пирогендердін өзара
әсерлерімен қамтамасыз етіледі.
Қызба дамуында жоғарыда келтірілген пирогендермен бірге организмнің
даралық реактивтілігі мен иммундық жүйесінің маңызы үлкен. Кейбір аурулар
кездерінде температураның көтерілмеуі, ал кейде тым қатты көтерілуі мүмкін.
Мәселен, қарттарда және қатты жүдеген адамдарда бөліктік (крупозды)
пневмония дене қызымы көтерілмей-ақ ауыр түрде өтеді. Бұндай жағдай:
● организмнің жалпы төзімділігі төмендеуімен;
● энергая түзуге қажетті заттардың жеткіліксіздігімен;
● зат алмасу қарқынының аздығымен;
● эндогендік пирогендердің түзілуі бұзылуымен - байланысты болады.
Қызба дамуында пирогендерден басқа заттардың да, әсіресе гормондардың,
маңызы үлкен. Тиреотоксикоз кезінде жұқпалы аурулар тым қатты ет ысуымен
қабаттасады. Гипотиреоз кезінде қызба сирек дамиды. Глюкокортикоидтар ет
ысуын азайтады.
Патогенезі. Дене қызымының бір деңгейде ұсталып тұруы денеде орталық
жүйке жүйесінің әрекеттерімен қадағаланатын жылу өндіру мен оны сыртқа
шығару үрдістерінің тепе-теңдігімен қамтамасыз етіледі. Мида жылылық
орталығы алдыңгы гипоталамуста орналасқан. Бұл жерде:
● қызуды сезетін аумақ (термостат),
● қызуды орнықтыратын аумақ (орнықтыратын нүкте),
● жылу өндіру және оны сыртқа шығару орталықтары орналасқан.
Қызуды сезетін аумақтың жүйкелік жасушалары ми артерияларымен ағып
өтетін қанның қызымын қадағалайды және терімен басқа тіндердің
терморецепторларынан, орталық жүйке жүйесінің бөліктерінен үдайы серпіндер
қабылдап тұрады. Осы серпіндердің біріктірілуі мен талдануларының негізінде
дене қызымы анықталады. Бұл туралы хабар қызуды орнықтыратын нүктеге
беріледі. Ол, жылу өндіру мен оны сыртқа шығару орталықтарының қызметтерін
қадағалайды да, дене қызымын белгілі дәрежеде ұстап тұрады. Егер орнықтыру
нүктесінің нейрондары дене қызымының қалыпты деңгейден төмендеуін сезсе,
онда жылу өндіру орталығын күшейтіп, жылуды сыртқа шығаруды азайтады.
Керісінше, дене қызымы көтеріліп кетсе орнықтыру нүктесі жылу өндіруді
азайтып, жылудың сыртқа шығарылуын арттырады.
Жылу өндіру мен оны сыртқа шығару орталықтары алдыңғы және артқы
гипоталамуста бөлек орналасқанына қарамай, олар өзара тығыз байланыста
болады. Бұл орталықтар өздерінің әрекеттерін дербес (вегетативтік) жүйке
жүйесі мен эндокриндік бездердің (гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша
бездер) қатысуымен жүргізеді. Симпатикалық жүйкелердің артқы
гипоталамустағы орталығының қозуы тері қан тамырларының жиырылуына, тер
бөлінуінің азаюына, қанға және тіндерге адреналин, норадреналин, тиреиодтық
гормондардың артық түсуіне әкеліп, жылудың сыртқа шығарылуын азайтады да,
тін жасушаларында жылу өндірілуді арттырады. Парасимпатикалық жүйке
жүйесінің алдыңғы гипоталамустағы орталыгы қозғанда тері мен шырышты
қабықтардың қан тамырлары кеңіп, тер бөліну артуынан жылуды сыртқа шығару
көбейеді.
Қызба кезінде эндогендік пирогендердің әсерінен гипоталамустағы
орнықтыру нүктесі, қалыпты дене қызымын төмен деңгей деп қабылдап, жаңа
жоғары температура деңгейіне ауысады. Енді ол симпатикалық жүйке жүйесінің
орталықтарын қоздырып, парасимпатикалық жүйке жүйесін тежеп, жылу өндіруді
арттырады да, жылуды сыртқа шығаруды шектейді. Осыдан ары қарай денеде жылу
өндіру мен оны сыртқа шығарудың арасында тепе-теңдік жаңа жоғары деңгейде
қалыптасады.
Эндогендік пирогендер гипоталамустагы орнықтыру нүктесінің
нейрондарына Е1 және Е2 простагландиндердің қатысуымен әсер етеді (1-
сурет). Оған дәлел ретінде мына деректерді келтіруге болады. Егер
жануарлардың миындағы бүйірлік қарыншаларға өте аз мөлшерде простагландин
Е1 немесе Е2 енгізсе, онда оларда дене қызымы көтеріледі. Ал,
простагландиндердің түзілуін тежейтін аспирин, парацетамол т.с.с. дәрілерді
дене қызымы көтерілген жануарларға немесе адамдарға енгізгенде дене қызымы
қалыпты деңгейге түседі. Сонымен бірге, қызба кезіндегі дене қызымы
реттелуінің жаңа жоғары деңгейге көтерілуі нейрон мембраналарындағы кальций
насосының қызметі бұзылуына байланысты болады. Мәселен, тәжірибелік
жануарлардың гипоталамусындағы преоптикалық аумағын мұздатса, бұл
нейрондардан Са2+ иондарының сыртқа шығуы артады. Ал, керісінше,
көрсетілген аумақты қыздырғанда жүйке жасушаларынан Са2+ иондарының сыртқа
шығарылуы тежеледі. Қызба туындататын пирогендерді гипоталамустағы
преоптикалық аумаққа енгізсе, бұл аумақтың жасушаларынан Са2+ иондарының
жасуша сыртына шығарылуы көбейеді.
ҚЫЗБАНЫҢ САТЫЛАРЫ.
Қызба үш сатыда өтеді:
● температураның көтерілу сатысы (stаdium іnсгеmеntum);
● температураның жоғары деңгейде тұрақтану сатысы (stadium
fastigium);
● температураның қалыпты деңгейге түсу сатысы (stadium dесгеmеntum).
Қызбаның әр сатысында организмде дене қызымының реттелуі әртүрлі
болады.
Температураның көтерілу сатысы. Қызба кейде температураның жоғары
деңгейге кенет, бірнеше сағаттың ішінде, тез (бөліктік (крупозды)
пневмония, тұмау, безгек, бөртпе сүзек т. б.), кейде біртіндеп, бірнеше
күннің ішінде (іш сүзегі, қызылша т. б.) көтерілуімен басталады. Бұл кезде
организмнен жылудың сыртқа шығарылуы шектеледі де, денеде жылу өндірілу
одан басым болады. Шеткері қан тамырларының жиырылуынан және тер шығудың
тежелуінен жылудын сыртқа берілуі төмендейді. Бұлшықеттерде, бауырда және
ішкі ағзаларда тотығу-тотықсыздану үрдістерінің артуына байланысты
организмде жылу өндірілуі күшейеді. Бұлшықеттердің жиырылулары кездерінде
өндірілетін жылуды жиырылулық термогенез, бауырда өндірілетін жылуды
жиырылулық емес термогенез дейді.
Шеткері қан тамырларының қатты жиырылуы, теріге ағып келетін қанның
көлемін азайтып, онда температураның төмендеуінен рефлекстік түрде дененің
қалтырауына әкеледі. Жиырылған қылтамырларда қан айналымы баяулауына
байланысты тері бозарып, суыйды. Терінің температураны қабылдайтын
терморецепторлары қозады, содан жүйкелік серпіндер мидың торлы құрылымы
арқылы қимылдық жүйкелермен бұлшықеттерге бағытталады. Арқаның, қолдардың,
кейде жалпы қаңқа еттері талшықтарының еріксіз жиырылулары болады. Бұл
кезде жиырылған бұлшықеттер пайдалы жұмыс атқармайды және өндірілген
энергияның көпшілігі жылуға айналады. Бұлшықеттердің жиырылуы тоңу
сезімімен, дененің қалтырауымен қабаттасады. Тері мен ішкі ағзалардың
температураларының айырмашылығы неғұрлым көп болса, соғүрлым дененің
қалтырауы күшті болады. Егер дене қызуы температураның біртіндеп
көтерілуімен басталса, онда дене қалтырауы болмайды.
Жануарлардың жүндерінің түптеріндегі тегіс еттерінің жиырылуы
нәтижесінде ет ысуы кезінде олардың жүндері тікірейеді. Осының нәтижесінде
жылудың сыртқа шығарылуын азайтатын ауа жиналған қабат үлкейеді. Сонымен,
қызба кезінде дене қызымы көтерілуінде бірінші орында жылудың сыртқы ортаға
шығарылуының шектелуі тұрады. Екінші орында бұлшықеттерде зат алмасуларының
артуына байланысты жылудың артық өндірілуі болады. Сонымен бірге жылудың
өндірілуі бұл кезде басқа ағзаларда да (бауырда) артады. Оның даму жолында
пирогендердің әсерлерінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі ауру атауларының лексика-семантикалық және морфологиялық құрылымы
Бактериемиялық, септицемиялық инфекциялар. Операциядан кейінгі инфекциялар (локальді және жүйелі). Иммунологиялық бұзылысы бар науқастарда операциядан кейінгі инфекция. Негізгі қоздырғыштары
Қызба немесе лихорадка
Жылу алмасу.қызба
Қызба және оның сатылары
Қызба сатылары
Қызба патогенезі және қызба сатылары
Қызба ауруы
Жылқылардың африкалық обасы
Ішкі секрециялық бездер жайлы мәлімет
Пәндер